Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
«Мың өліп, мың тірілген» бұл қазақ өткен кезеңдерде өз ұлдарына қуанышынан көрі қайғысын, қызығынан көрі азабын көбірек тарттырумен келді. Сол себепті де қазақ болу қашанда ердің ісі болып келді. Өйткені, бұл қазақтың қайғысын, бұл қазақтың азабын тек ердің ері ғана көтеретін еді. Оның дәлелі «қазақ болу жұртқа мазақ болу» делініп еңсе түсіп езілген кездерде де тек сондай ерлер ғана нағыз қазақ болып қалды.
Өзгелер болса өзінің бас пайдасы мен қызметінің қамы үшін, тіпті жай озық болып көріну үшін ғана қазақтығынан бас тартып, өз халқының бір пайдасына да жарай алмады. Олар өз ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жан қинағаннан көрі оның тілін де, мүддесін де аяқ асты етіп сатқындық істегенді оңайырақ көрді.
Бұл қазақ небір қилы кезеңдерді бастан кешті. Соның ішінде соңғы үш-төрт ғасыр қазақ үшін өте ауыр болды. Сәтсіздіктен көз ашпай, шарасыздықтан сан соққан ол ғасырлар қазақтың рухын қатты жасытып, өзегіне өкініш түсірген ғасырлар болды. Сол жасыған рух еңсесін тіктеп, өзектегі өкініш оты өшуі үшін уақыт қажет. Және әрине, міндетті түрде амал ету де қажет.
«Мың өліп, мың тірілген» бұл қазақ өткен кезеңдерде өз ұлдарына қуанышынан көрі қайғысын, қызығынан көрі азабын көбірек тарттырумен келді. Сол себепті де қазақ болу қашанда ердің ісі болып келді. Өйткені, бұл қазақтың қайғысын, бұл қазақтың азабын тек ердің ері ғана көтеретін еді. Оның дәлелі «қазақ болу жұртқа мазақ болу» делініп еңсе түсіп езілген кездерде де тек сондай ерлер ғана нағыз қазақ болып қалды.
Өзгелер болса өзінің бас пайдасы мен қызметінің қамы үшін, тіпті жай озық болып көріну үшін ғана қазақтығынан бас тартып, өз халқының бір пайдасына да жарай алмады. Олар өз ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жан қинағаннан көрі оның тілін де, мүддесін де аяқ асты етіп сатқындық істегенді оңайырақ көрді.
Бұл қазақ небір қилы кезеңдерді бастан кешті. Соның ішінде соңғы үш-төрт ғасыр қазақ үшін өте ауыр болды. Сәтсіздіктен көз ашпай, шарасыздықтан сан соққан ол ғасырлар қазақтың рухын қатты жасытып, өзегіне өкініш түсірген ғасырлар болды. Сол жасыған рух еңсесін тіктеп, өзектегі өкініш оты өшуі үшін уақыт қажет. Және әрине, міндетті түрде амал ету де қажет.
Отырықшы елге отар болу көшпелі қазақ елінің ғасырлар бойына қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіндегі үлкен бір бетбұрыс кезең болды. Суы мол өзен-көлдері мен көк майса жайлым өрісін тартып алып, бас көтертпей тұқыртқан қара күш барар жері, басар тауы қалмаған қазақтың сағын сындырып, жігерін жасытып тастады.
Отарлық билік елді сыртқы жау шапқыншылығынан қамсыз етіп, жайбарақат тірлікке бейімдесе, қару асынуға тиым салынып, қылыш пен найзаны сойылға ауыстыру елдің жауынгерлік рухын әлсіретті. Осы кезге дейін қырғынға ұшырау қауіпі біріктіріп, бір-біріне арқа сүйеп, тас-түйін тұтастықта болып келген ұсақ рулар енді бейбіт тірлікке босаңсып, олардың аралары ашыла бастады.
Енді олар жер дауы, жесір дауы тәрізді ұсақ дауларды қуалап өзара жауласып, бірінің малын бірі барымталай бастады. Осылайша өз күштерін өзгеге емес бір-біріне көрсету арқылы олар өзгеден ала алмаған өштерін бірі-бірінен ала бастағандай еді. «Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ» деген сөз осы кезден қалған болуы керек.
Бейбіт тірлікке бойлары үйреніп, арқасын кеңге салған халық арасында мал көбейту бәсекесі басталды. Ал, отарлық сайлау жүйесін енгізу, ондағы дауыс сатып алу мүмкіндігі байлықтың маңызын өлшеусіз арттырып, енді малы көп байлар ел билеу ісінен сұлтандар мен билерді ығыстыра бастады.
Ел ішінде билер мен батырлардың беделі төмендеп, байлар рудың ең белді адамдарына айналды. Ал, билер мен батырлар ұсақтап, бірте-бірте байдың жыртысын жыртар даукес, сойылын соғар барымташыларға айнала бастады. Намысты ерлер отаршылдарға қарсы шығып елі үшін құрбан болып кеткен бұл кезеңде бар арыны ағайынға ақырудан артылмайтын жандайшаптардың күні туды.
Ру мүддесі байдың мүддесіне айналып, кедей ағайындар бай ағайындарының маңайына топтасып, соның қызметінде жүруге мәжбүр болды. Мал көбейтіп бай болуға ұмтылғандықтан адамдардың пиғылдары бұзылып, соның нәтижесінде біртіндеп ағайындардың да арасына кикілжің кіре бастады.
Ал, жайбарақат тірлікке бойлары үйреніп, бос уақыты көбейген халық енді жалқаулыққа бой алдырып, ойын-сауық, той-думан іздеп, қыдырыспен күн өткізе бастады. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» әдетке айналып, осылайша қазақ тосылған судай бұзылып, іштей іри бастады. Бұл Абай атамызды күңірентіп, зар жылатқан заман еді.
Егер сол кездердегі халқының кемшіліктеріне төзім ете алмай оны ашу-ызамен аяусыз сынаған Абай атамыз сол халқының қазіргі халін көрсе өзінің шүкірсіздігіне қатты өкініп, тәубеге келген болар ма еді. Өйткені, ол кейбір қазақтардың өзге тілді қабылдап, тіл арқылы жат мәдениетті қабылдап іштей іріп жатқанын көрер еді. Тәй-тәй басқан сәби мен таяқ таянған кәрі де жат тілде сөйлесіп, жат халықтың жырын жырлап, жат халықтың мұңын мұңдап жүргенін көрер еді.
Арақ бермесең әкесін өлтіргендей ренжіп, алдына арақ қойсаң айды алып бергендей қуанатындарды, ішерге асы, киерге киімі болмаса да бар малын араққа салып, бар тапқанын арақ етіп ішетіндерді көрген болар еді. Әкесі мен баласы, ағасы мен інісі, енесі мен келіні болып стакан түйістіріп арақ ішетіндерді, үй мен күйден, бала мен шағадан безініп, арақ берген әркімге құл болып тентіреп жүрген қаңғыларды көрген болар еді.
Аш-жалаңаш балаларын сыртқа қуып, өз үйінде жын-ойнақ жасап сауық құрған әйелдерді, көрінгенмен кез келген қуыста ұйығып, тапқан баласын қоқысқа тастайтын жас қыздарды көрген болар еді. Әйелдердің арсыздықтан емес баладан қатты сақтанып, оны туғаннан көрі өлтіргенді жөн санайтынын да көрген болар еді.
Абыройын ашып көзге тосу сәнге айналып, ұятты қойып көшеде аймаласу мақтаныш болғанын, көңілдес ұстап, тән сату әдет болып, жақындарымен де ашына болу үйреншікке айналғанын көрер еді. Еркек пен еркектің "ерлі-зайыпты" болып, әйел мен әйелдің "отау" құрып, «түтін түтете» бастағанын да көрген болар еді.
Осы тәріздес сұмдықтарды Абай атамыз өңі түгел түсінде де көріп пе екен? Енді міне, ол көрмегенді біз көріп жатырмыз. Егер біз де сол кездердегі Абай атамыз тәрізді күйініп, күңіреніп тілімізден зәр төге берсек, Алла Тағала бізге мұнан да зор сұмдықтарды көрсетпесіне кім кепіл? Өйткені, Ол Қасиетті Құранда былай дейді:
Алла сендерді қолдарыңнан кеткенге де, бастарыңа келгенге де кейімеулерің үшін қайғы үстіне қайғыға ұшыратты. Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі. Құран Кәрім. Әли Имран 3:153
Шын мәнінде дініміздің де, тіліміздің де жағдайы қаншалықты мүшкіл болса да, ұлт ретіндегі болашағымыз да қаншалықты күңгірт болса да біздің Алла Тағаланың мәрхаматынан күдер үзетін еш жөніміз жоқ. Біз өйткені, мұсылман халықпыз.
«...Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен қарсы болған қауым ғана күдер үзеді…» Құран Кәрім. Йусуф 12:87
Біз, әлһамдулиллаһ, мұсылман халықпыз, сондықтан да Алла Тағаланың бізге деген кеңшілігі мол. Бірақ, біз сонда да кей кездері жақсылықтан түңіліп, сарыуайымға салынамыз. Біз не істесек екен деп дағдарып, әр істің басын бір шалып дал боламыз. Біз өзімізше бәрін де істеп, бәрін де көрген сияқтымыз, бірақ, біз шын мәнінде ең басты нәрсені істемедік. Біз Алланы естен шығарып, Одан тілек тілеуді ұмыттық.
«... қиналғандар өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын, және сендерді жерге мұрагер қылатын кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер. Құран Кәрім. Нәміл 27:62
Біз байлық тұнған жерден де, қазақы сана елден де айырылып, ұлт ретінде құрымаудың жолдарын іздеудеміз. Бірақ, біз осы жерге мұрагер, осы елге қожайын етер Раббымыз Алланы еске алдық па? Оның бірлігіне иман келтіріп, күнәларымыз үшін тәубе еттік пе? Ізгі істерге құлшынып, құлшылық етіп тырыстық па? Шын мәнінде бізді қинап жүрген бар мәселенің шешімі ең әуелі осында!
«...кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді». Құран Кәрім. Фурқан 25:70
Алла Тағала өз құлдарының жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырушы. Сондықтан да «қалың елім қазағым, қайран жұртым» дейтін әрбір қазақ бос күйзеліп жаси бергенше сәждеге бас қойып бес уақыт намаз оқысын. Сол бес уақыт намазында Мұса пайғамбардың (с.ғ.с.) өз қауымы үшін еткен мына бір дұғасы арқылы халқы үшін дұға етсін:
«Раббым! Егер қаласаң оларды да, мені де бұдан бұрын жоқ етер едің. Ішіміздегі ақымақтардың қылықтарының салдарынан бізді жоқ етесің бе? Бұл Сенің бір сынауың ғана. Сонымен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен біздің Иемізсің. Енді бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен жарылқаушылардың ең жақсысың!». Құран Кәрім. Ағраф 7:155
15.09.13.
Комментариев нет:
Отправить комментарий