Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Тарауық намазы Ислам дінінде түрлі пікірлер туындатып жүрген мәселелердің бірі. Осы тарауық намазын қалай оқу, қанша ракат оқу қажет деген мәселеде Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздарын қалай, және қанша ракат оқығаны басшылыққа алынады. Және, осы түнгі намаздар жөнінде сахабалар да, және олардан кейінгілер де бірауыздан ортақ шешімге келіп, бұл мәселеге нүкте қойылған болатын. Бұл жөнінде Хафиз ибн Абдул-Барр былай дейді:
«Түнгі намазда ешқандай шектеу, әрі нақтылау жоқ, және ол қосымша намаз екеніне ғалымдар бірауыздан келіскен. Әрі кім қаласа, қиямды (тұруды Құран оқумен) ұзартсын да, рәкәт сандарын қысқартсын, ал кім қаласа, сәжде мен рәкәттар санын арттырсын!» ( "әл-Истизкәр” 5/244).
Бірақ, «сәлафи» атауын басыбайлы иемденіп алған уаххаби мұсылмандар бұл жабылған мәселені қайта көтеріп, тарауық намазы он бір ракаттан аспауы тиіс деп жаңалық ашуда. Олар бұл бидғаттарын өздерінің сүннетпен жүретін турашыл мұсылмандар екендігінің бұлтартпас дәлелдерінің бірі ретінде санайды. Және, тарауық намазын он бір ракаттан артық етіп оқитын мұсылмандарды Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетімен жүрмейтін, дінге жаңалық енгізген бидғатшылар ретінде қатаң айыптауда. Олардың бұл мәселе бойынша сайлап алған өзіндік «мықты» дәлелдері бар. Сол дәлелдердің ішіндегі ең бастысы Бухаридың «Сахихында» келтірілетін Айшаның мына бір хадисі болып табылады.

Бірде Айшадан (р.а.): «Алланың Елшісі Рамазан кезінде қалай намаз оқыды?» деп сұралды. Ол (Айша) былай деп жауап берді: «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады. Ол (әуелі) төрт ракат оқыды, оның қаншалақты керемет, және ұзаққа созылғаны жөнінде (менен) сұрама. Сонан соң тағы төрт (ракат оқыды), оның қаншалақты керемет, және ұзаққа созылғаны жөнінде (менен) сұрама, содан кейін тағы үшеуін оқыды.» (Мұнан соң) Айша былай деді: «О, Алланың Елшісі, үтірді оқыр алдында ұйықтамайтын ба едің?» деп сұрадым. Ол «О, Айша, шын мәнінде, менің көздерім ұйықтағанмен жүрегім ұйықтамайды» деп жауап берді. (Бухари 574 (1147).)
Осы жерде айта кететін жай, Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті оның айтқан сөздері мен істеген істері баяндалатын хадистер арқылы анықталатыны белгілі. Бірақ, жеткізуші адамдардың есте сақтау қабілетіне, түсінуіне байланысты ол хадистердің белгілі бір шамада өзгеріске ұшырайтыны, және хадис мәтіні әдейі бұрмаланып, тіпті жалған хадистердің де ойлап табылатыны ешқандай да талас тудырмайтын жай. Сол себепті де хадистердің сенімділік дәрежесін анықтайтын үлкен сала хадистану ілімі пайда болды.
Солай болса да бұл мәселе түпкілікті шешімін тапты деп айту қиын. Сондықтан да жалпы хадис атаулыға сақтықпен қарауға ешқандай тиым жоқ. Тек Құран аяттары ғана қандай болмасын күманнан атаулыдан тыс тұрады. Ал, хадис жайына келгенде мейлі, ол кімнің «Сахихы» болса да күманнан тыс деп айту артық болады. Осы тұрғыдан алғанда жоғардағы Бухаридің «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген хадисінің дәлел ретінде «мықтылығына» күмән тудыратын бірнеше жағдайлар бар.
Біріші күмән ретінде Муслимнің «Сахихында» келтірілетін мана бір хадис алуға болады:
Әбу Сәлам Ибн Әбдуррахман Айшадан: «Алланың Елшісінің Рамазан айындағы намазы қандай болды?» деп сұрады. Ол (Айша) «Алланың елшісі басқа ешбір айда емес, тек Рамазан (айында) ғана он бір (ракатқа) тағы төртеуін қосты» деп жауап берді. «Бірақ, оларды оның қалай ұзақ, және қаншалықты кемелдікпен орындағанын сұрама. Сонан соң ол (қосылған) төрт (ракатты) оқыды. Бірақ, оларды оның қалай ұзақ, және қаншалықты кемелдікпен орындағанын сұрама. Сонан соң ол үш (ракат) оқыды». Осы жерде ол (Айша) былай деді: «Алланың Елшісі, үтірді оқығанша ұйықтайсың ба?» деп сұрадым. Ол «Айша, менің көзім ұйықтағанмен жүрегім ұйықтамайды» деді.(Муслим 738-0)
Бұл хадис Бухаридің хадисімен тегі бір болғанмен, бірақ, мағынасы жағынан қарама-қарсы хадис ретінде көрініс тапқан. Бұл хадис бойынша Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айында өзінің әдетте оқитын он бір ракат намазына тағы төрт ракат қосып, түнгі намазын он бес ракат етіп оқитын болған.
«Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген Бухаридің хадисіне қатысты екінші күмән. Бұл хадистің соңғы жағындағы: «(Мұнан соң) Айша былай деді: «О, Алланың Елшісі, үтірді оқыр алдында ұйықтамайтын ба едің?» деп сұрадым. Ол «О, Айша, шын мәнінде, менің көздерім ұйықтағанмен жүрегім ұйықтамайды» деп жауап берді» деген сөйлемдер бұл жерге орынсыз кірігіп тұрғандай әсер қалдырады.
Егер хадистерге шолу жасасақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) құптанның екі ракат сүннетіннен кейін ұйықтап тұратыны айтылады:
Айшадан: «...Түнгі намазды көпшілікпен орындаған соң ол маған кіріп, менің үйімде екі ракат оқыды. Түнде ол ішінде үтірі бар тоғыз ракат орындады. ... ». (Муслим 730-0.)
Ибн Аббас айтты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намазды оқыған соң қайтып келді де төрт ракат оқыды. Сонан соң ол оянды да сегіз ракатқа жеткенше екі екіден бөліп намаз оқыды. Сонан кейін арасында (ташшахудқа) отырмастан бес ракат үтір оқыды». ( Әбу Дәуд 1358. Хадисті Әлбани сенімді санайды.)
Және оның үтірден кейін таң намазына дейін де ұйықтайтыны жайында хадис бар:
Айшадан «Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намазды қалай оқыды?» деп сұрады. Ол былай деді: «Әдетте, түннің басында ол ұйықтады, ал аяғында намаз оқу үшін тұрып, сонан соң қайтадан төсегіне жатты. Ал, азаншы азан шақыра бастағанда (қайта) тұрды. Кейбір кездерде қажет болса ғұсыл, ал басқа жағдайда дәрет алды, (содан кейін) (намазға) шықты». (Бухари 559.(1146).)
Және, оның таң намазының екі ракат сүннетінен кейін де жатып көз іліндіріп алатыны айтылады:
Айшаның (р.а.): «...ол әрқашан таң намазының парызының алдында (қосымша) екі ракат намаз оқыды. Сонан кейін оған намазға (шақырған) азаншы келгенше оң жақ қырына жатты». деп айтқаны хабарланады. (Бухари 511.(994.)
Айшадан: «Азаншы таң намазына шақырған азанды орындап болған соң, таң намазының уақытының болғанына көзі жетіп, оған азаншы келген соң, ол орнынан тұрды да жеңіл екі ракат орындады. Сонан соң ол оң жақ бүйіріне жатты да, содан азаншы келіп (қамат шақыру ниетін ескерткенше) (жатты). (Муслим 736-1)
Ал, Пайғамбардың (с.ғ.с.) тахаджуд ракаттары мен үтірдің арасында ұйықтайтыны жөнінде айтылатын хадис жоқ. Әдетте, Пайғамбар (с.ғ.с.) құптан намазынан кейін ұйықтап, сонан соң тұрып таң атқанша намаз оқып оны бірден үтірмен аяқтайтын болған. Сонан кейін таң намазының сүннетіне дейін, немесе одан кейін аз-кем мызғып алған.
Ал, Бухаридің хадисіндегі Айшаның «үтірдің алдында да ұйықтайсың ба?» деген сұрауына бұл екі намаз арасында ұйықтамайтын Пайғамбардың (с.ғ.с.) «көздерім ұйықтағанмен» деп өзінің жатып демалатынын айтуы сенімсіздік тудырады. Оның бұл сөзі рас болған жағдайда бұл жөнінде әдейі сұрап отырған Айшадан Пайғамбардың (с.ғ.с.) үтірдің алдында да жатып демалатыны жөнінде көптеген хабарлар қалған болар еді.
Егер «көздерім ұйықтағанмен жүрегім ұйықтамайды» деген сөзді Пайғамбардың (с.ғ.с.) ұйықтамағаны деп түсінсек, онда мызғып алғаны жөнінде айтылатын басқа жерлердің бәрінде де оны ұйықтамаған деп санауға тура келер еді.
Хадистің «О, Айша, шын мәнінде, менің көздерім ұйықтағанмен жүрегім ұйықтамайды» деген жері Джабир ибн Абдуллахтың хадисінде келтіріледі: (Бірде) Пайғамбар (с.ғ.с.) ұйықтап жатқанда оған екі періште келді де, біреуі былай деді: «Шын мәнінде, ол ұйықтап жатыр». Екіншісі, «Шын мәнінде, (оның) көзі ұйқыда, ал жүрегі ояу» деді ... . (Бухари 1829. (7281).)
Негізінде, «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген хадистегі «жүректің ұйықтамауы», және әр ракаттың «қаншалақты керемет, және ұзаққа созылғаны жөнінде (менен) сұрама»деген әсерлі, әспетті жерлер хадистегі негізгі пікір «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген пікірді өткізу үшін әдейі қолданылған тәсіл тәрізді әсер қалдырады.
Айшадан жеткен басқа хадистерге шолу жасай бастағанда «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады" деген Бухаридің хадисіне байланысты үшінші күмән пайда болады:
Айшаның (р.а.) былай дегені хабарланады: «Әдетте, Пайғамбар (с.ғ.с.) түнде он үш ракат, атап айтқанда үтір (кезінде оқыған он бір ракаты), және таң намазының (парызының алдындағы) екі ракат оқыды. (Бухари 568.(1140).)
Айшадан жеткен: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) бір түнде он үш ракат оқыған кездері болды, ол әуелі сегіз ракат оқып, оған тағы бір ракат үтірді қосты, одан кейін сәлем беріп, және екі ракатты отырып оқыды, сонан соң азан мен қаматтың арасында екі ракат таң намазының сүннетін оқыды». (Бухари 1159, Муслим 738-1)
Айшадан жеткен: «Алланың Елшісінің түнгі намазы бір ракат (үтір) орындау арқылы тақ сан етіп аяқталатын он бір ракаттан (тұрды). Сондай-ақ, ол екі ракат таң намазын оқыды. Барлығы он үш ракат.(Муслим 738-3)
Айша айтады: «... Алла қалаған кезде, ол түнде оянып, тісін тазалап, дәретін алды да тоғыз ракат оқып, оның тек сегізіншісінде ғана отырды. (Осы сегізінші ракатты оқыған соң) ол Алланы ұлықтап, Оны мадақтап, Оған жалбарынды, сонан соң сәлем берместен орнынан тұрып тоғызыншыны орындады. Сонан соң ол Алланы ұлықтап, Оны мадақтап, Оған жалбарынды, содан кейін бізге естілетін шамада сәлем берді. Сәлемнен кейін ол отырып екі ракат орындады. Барлығы он бір ракат. Балам! Алланың Елшісі жасы келіп, толысқан кездерінде үтірді жеті (ракат) етіп орындады, және екі ракатты тап бұрынғыдай істеді. Барлығы тоғыз, балам...» (Муслим 746-0)
Айшадан жеткен: «Алланың Елшісінің түнгі намазы бір ракат (үтір) орындау арқылы тақ сан етіп аяқталатын он бір ракаттан (тұрды). Сондай-ақ, ол екі ракат таң намазын оқыды. Барлығы он үш ракат. (Муслим 738-3) Айшаның (р.а.): «Әдетте, Алланың Елшісі (с.ғ.с.) түнгі намазы болып табылатын он бір ракат оқыды. Сонда оның (әр) сәждесі сендердің кез келгендеріңнің елу аят оқуға жететін уақытқа дейін созылып, сонан соң барып ол басын көтереді. Оның үстіне ол әрқашан таң намазының парызының алдында (қосымша) екі ракат намаз оқыды. Сонан кейін оған намазға (шақырған) азаншы келгенше оң жақ қырына жатты». деп айтқаны хабарланады.(Бухари 511.(994.)
Айшадан: «Алланың Елшісі жұрт «қараңғы» деп атайтын түнгі (құптан) намазды аяқтаған соң таң атқанша он бір ракат оқыды. Әр екі ракат сайын сәлем беріп, оны бір ракаттық үтірмен аяқтады. Азаншы таң намазына шақырған азанды орындап болған соң, таң намазының уақытының болғанына көзі жетіп, оған азаншы келген соң, ол орнынан тұрды да жеңіл екі ракат орындады. Сонан соң ол оң жақ бүйіріне жатты да, содан азаншы келіп (қамат шақыру ниетін ескерткенше)(жатты). (Муслим 736-1)
Абдулла Ибн Шакык айтады: «Мен Айшадан Алланың Елшісінің намаздары, атап айтқанда ерікті түрде орындаған намаздары жөнінде сұрадым да, ол былай деп жауап берді: «...Түнгі намазды көпшілікпен орындаған соң ол маған кіріп, менің үйімде екі ракат оқыды. Түнде ол ішінде үтірі бар тоғыз ракат орындады. ... Таң атқанда ол екі ракат орындады». (Муслим 730-0.)
Әбу Сәлама былай деді: «Мен Айшаға келдім де: «Ана! Алланың Елшісінің намазы жөнінде айтшы!» деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді: «Рамазан айында, өзге (айларда да) оның намазы он бір ракаттан (тұрды). Оның ішінде екі ракат таң намазы да бар». (Муслим 738-2.)
Айшадан жеткізілген: «Алланың Елшісі бір түнде бес ракаты үтір болып табылатын он үш ракат орындайтын. Осы (бес) ракаттың барысында ол соңғы ракатта ғана отырды». (Муслим 737.)
Бұл хадистерде Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намаздарды былайша түрлендіріп оқыған:
1). Түнгі намаздарын тахаджуд, үтір деп бөлмей он бір ракаттың бәрін де үтір етіп оқыған;
2). Түнгі намазын тоғыз ракат үтір етіп орындап, үтірден кейін екі ракат тахаджудты отырып оқыған;
3). Түнгі намазын жеті ракат үтір етіп бастап үтірден кейін екі ракат тахаджудты отырып оқыған;
4). Он ракат тахаджуд пен бір ракаттық үтір оқыған;
5). Сегіз ракат тахаджуд намазы мен бес ракаттық үтір оқыған;
6). Сегіз ракат тахаджуд пен үш ракат үтір оқыған;
7). Секіз ракаттық тахаджудты арасында отырып бөлместен бір деммен оқыған;
8. Тахаджуд намазын екі ракаттан бөліп оқыған;
9). Тахаджуд намазын төрт ракаттан бөліп оқыған;
Осыдан байқайтынымыз Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздарын орындауында қатып қалған белгілі бір тәртіптің жоқ екені көрінеді. Ол оны жағдайына, мүмкіндігіне қарай түрліше оқыған. Олай болса, түнгі намаздың ракат санында да қатып қалған белгілі бір шама жоқ деген орынды пікір туындайды.
Жоғарыдағы Айшаның хадистеріне қатысты атап өтер бір жай, таң намазының екі ракат сүннеті түнгі намаз есебіне кірмейтін болса да Айша сол екі ракатты қосып түнгі намаздың жалпы санын он үш қылып көрсетіп отырған. Осы жерде түнгі намаздарындағы ракат санына байланысты түсінбестік тумас үшін осы екі ракатқа тоқталып өту қажет. Негізінде, түнгі намаздар мен таң намазының екі ракат сүннеті екі бөлек намаздар болып табылады. Өйткені, түнгі намаздар таң намазының уақытына дейін ғана оқылатын намаздар. Бұл жағдай мына хадистерден жақсы көрініс тапқан:
Ибн Омар айтады: «Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деді: «Таңның басталуымен түнгі намаз бен тақ санды ракат намазының (үтір) уақыты өтеді. Сондықтан да ол намазды таң атқанша оқыңдар» (Тирмизи)
Хариджа ибн Хузафа Алланың Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін айтады: «Алла сендерге қызғылт түйеден де артық болған қосымша намаз сыйлады». Адамдар: «О, Алланың Елшісі! Ол қандай намаз?» деп сұрады. Ол: «Бұл – тақ саннан тұратын, кешкі намаздан кейін таң атқанша орындалатын түнгі қосымша намаз» деді.(Ахмад, Әбу Дәуд, Тирмизи, және Ибн Маджа.)
Айша: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) түнгі (құптан) намаз аяқталғаннан таң намазы кіргенге дейінгі аралықта он бір ракат түнгі намаз оқыды. (Муслим 736)
Жалпы, таң намазының уақыты кіргенде азан шақырылатыны белгілі. Және, таң намазының сүннеті азаннан кейін ғана оқылатыны да белгілі. Бұл жағдай мына хадистерде көрініс тапқан:
Айшадан жеткен басқа хадисте былай делінеді: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) бір түнде он үш ракат оқыған кездері болды, ол әуелі сегіз ракат оқып, оған тағы бір ракат үтірді қосты, одан кейін сәлем беріп, және екі ракатты отырып оқыды, сонан соң азан мен қаматтың арасында екі ракат таң намазының сүннетін оқыды». (Бухари 1159, Муслим 738)
Иман келтіргендердің анасы Хафса, Алланың Елшісінің азаншы таң намазына шақырып, таң қылаң бере бастағанда намаз басталмастан бұрын қысқа екі ракат оқығанын хабарлайды. (Муслим 723-0)
Айшаның «Азанды естіген соң Алланың Елшісі екі ракат оқыды, және оны созбады» деп айтқаны жеткізіледі. (Муслим 724)
Жалпы, азанға дейін оқылған намаздың таң намазының сүннеті ретінде саналмайтынын, және керісінше, азаннан кейін оқылған намаздың түнгі намаз болып саналмайтынын ешқандай дәлелдеудің қажеті жоқ. Түнгі намаз бен таң намазының арасын қашанда азан бөліп тұрады. Сондықтан да таң намазының екі ракат сүннетін түнгі намаз есебіне кіргізетін хадистер кездескен кезде осы жайды ескеріп отыру қажет.
«Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген Бухаридің хадисіне қатысты төртінші күмән. Жоғарыда келтірілген Айшаның хадистерінің ешқайсысында да «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген артық намаз атаулыға тиым салатын кесімді пікір айтылмайды. Керісінше, екі хадисте артық намаз оқыған деген пікірге де мүмкіндік ашатын «әдетте» сөзі қолданылады. Мысалға:
«Әдетте, Алланың Елшісі (с.ғ.с.) түнгі намазы болып табылатын он бір ракат оқыды. (Бухари 511.(994.),«Әдетте, Пайғамбар (с.ғ.с.) түнде он үш ракат, атап айтқанда үтір (кезінде оқыған он бір ракаты), және таң намазының (парызының алдындағы) екі ракат оқыды. (Бухари 568.(1140).)
«Әдетте» деген сөздің «үнемі» деген мағынаны бермейтіні, керісінше, «әдеттенің» артында «бірақ, кейде» деген сөздің сұранып тұратыны белгілі. Олай болса, жоғарыдағы хадистердің түгелдей дерлігі Бухаридің хадисіндегі «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады»деген пікірді қостамайды. Айшаның хадистерінің ішіндегі мына бір хадис мағынасы жағынан Бухаридің хадисіне жақынырақ келеді:
Әбу Сәлама былай деді: «Мен Айшаға келдім де: «Ана! Алланың Елшісінің намазы жөнінде айтшы!» деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді: «Рамазан айында, өзге (айларда да) оның намазы он бір ракаттан (тұрды). Оның ішінде екі ракат таң намазы да бар». (Муслим 738-2.1)
Бұл хадистегі он бір ракаттан екі ракат таң намазының сүннетін алып тастағанда Пайғамбардың (с.ғ.с.)«Рамазан айында, өзге (айларда да)» түнгі намазды тоғыз ракат етіп қана оқыған болып шығады. Ал, бұл тоғыз ракаттың мәнісі Муслимде келтірілетін басқа хадистен белгілі болады
«Балам! Алланың Елшісі жасы келіп, толысқан кездерінде үтірді жеті (ракат) етіп орындады, және екі ракатты тап бұрынғыдай істеді. Барлығы тоғыз, балам...» (Муслим 746-0)
Осы хадистен көрініп тұрғандай тоғыз ракаттық түнгі намазды, соның ішінде отырып оқитын екі ракатты Пайғамбардың (с.ғ.с.) жасына, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеле бастаған кездерінде оқыған намазы деп түсінген жөн. Олай болса, түнгі намазды тоғыз ракат етіп оқу Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздарының соңғы нұсқасы болып табылады. Демек, егер шектеу қажет болса осы тоғыз ракатпен шектелген жөн болар еді. Бірақ, Пайғамбардың (с.ғ.с.) мүмкіндігінің азаюына байланысты оқыған түнгі намаздарына соқыр еліктеп, оны тоғыз ракатпен қатаң шектеп, онда да соңғы екі ракатын отырып оқу біз үшін ақымақтық болар еді.
Жалпы, он бір ракат, тоғыз ракат түнгі намаздар Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінің соңына қарай, жасы мен денсаулығына байланысты оқыған намаздары, сондықтан да осы ракат сандары Айшаның хадистерінен көбірек көрініс табады. Сондықтан да ол хадистерді көзсіз ұстанып, соқыр еліктеп, тоғыз, не он бір ракатпен қатаң шектелу қателікке ұрындырады.
«Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады»деген хадиске қатысты бесінші күмән. Егер қателеспесем он бір ракат жөніндегі хадистер Айшадан басқалардың тарапынан айтылмайды. Керісінше, басқалар тарапынан Пайғамбардың (с.ғ.с.) он бір ракаттан артық намаз оқығандығы жөніндегі хадистер келеді. Бұл жерде Айша мен өзгелер арасында қайшылық жоқ. Айша өз хадистерінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) жасы келіп мүмкіндігінің шектеле бастаған кездерінде әдет еткен, сол кездерде көбірек оқыған он бір ракат намазы жөнінде айтады.
Жалпы, Пайғамбардың (с.ғ.с.) он бір ракатпен ғана шектеліп қалмағанына дәлел болатын хадистер Айшаның өзінде де бар. Мысалға, жоғарыдағы «Алланың елшісі басқа ешбір айда емес, тек Рамазан (айында) ғана он бір (ракатқа) тағы төртеуін қосты» деген Муслим келтіретін хадистен басқа тағы да мынадай хадис бар:
Айшадан жеткізілген: «Алланың Елшісі бір түнде бес ракаты үтір болып табылатын он үш ракат орындайтын. Осы (бес) ракаттың барысында ол соңғы ракатта ғана отырды». (Бухари 737.)
Егер жоғарыдағы хадистегі он үш ракаттың бес ракатын үтір етіп алып, қалған сегіз ракатын әдетте оқылатын тахаджуд намазы деп есептесек, сонда жалпы саны он үш ракаттық түнгі намаз шығады. Бұл нұсқа Ибн Аббастың мына хадисінде көрініс тапқан:
«Пайғамбар (с.ғ.с.) ...сегіз ракатқа жеткенше екі екіден бөліп намаз оқыды. Сонан кейін арасында (ташшахудқа) отырмастан бес ракат үтір оқыды». ( Әбу Дәуд 1358.)
Алтыншы күман үтір намазына байланысты хадистерге талдау жасағанда пайда болады.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «... үтірді бес, жеті, тоғыз, он бір немесе одан көбірек рәкәт қылып оқыңдар!» (Бәйхақи 4594, Ибн Хиббән 2729, Хаким 1/403. Хадис сахих. Қараңыз: "Китәб әл-уитр” 54, "Иләмул-мууәққиин” 2/373, "әл-Бадр әл-мунир” 4/302, "Тахқиқ Нәйлюль-әутар” 5/123).
Бірде Курайб Ибн Аббасқа, Муауияның иша намазын оқып, үтірді бір рәкәт қылып, одан әрі артттырмағаны жайлы хабарлады. Сонда Ибн Аббас былай деді: «Әй, балам, ол дұрыс істеді! Біздің арамызда, Муауиядан артық білетін адам жоқ. Үтірді бір рәкәт қылып та, бес, жеті рәкәт қылып та, және одан да көп рәкәт қылып оқыса болады. Үтірды қанша қаласан, сонша оқи аласың!» (Абдур-Раззақ 4641, әл-Бәйхақи 4572. Иснады сахих, әрі бұл хабардың негізі әл-Бухари де келтірілген 3784).
Бұл хадистерде үтірді қанша қаласаң сонша оқуға болатыны айтылған. Егер үтірдің өзін он бір ракатпен шектемей, қалауыңша оқуға болатын болса, онда түнгі намаздың жалпы саны он бір ракатпен шектелуі тиіс деген пікірдің мүлде қисыны жоқ екені көрінеді.
Жетінші күман түнгі намаз, сол негізде тарауық намазының да он бір ракаттан аспауы тиіс деп санайтын Шейх Албанидің Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздарының түрлерін келтірген мәтінді оқығанда туындайды.
"Бірінші түрі: екі қысқа ракатпен басталатын он үш ракаттан тұрады. Бұл екі ракат ең дұрыс пікір бойынша Иша (Құптан) намазынан кейін оқылатын екі ракат сүннет, немесе, алдына айтылғандай түнгі намазды бастайтын әдейілеген екі ракат". (Шейх Албани. «Ночной намаз в месяце Рамадан»)
Бұл мәтінде Шейх Албанидің өзі бастапқы екі ракатты икемге көндіктіре алмай тұрғанын байқалады. Ол «ең дұрыс пікірдің» «бірі» бойынша бұл екі ракат құптан намазының екі ракаты болуы мүмкін" деп нақты шешімге келе алмай өзінде де сенімсіздік барын байқатады. Негізінде, құптанның парызынын кейін оқылатын екі ракат сүннетінің тахаджуд намазға да, үтір намазға да жатуы мүмкін емес. Ол екі ракат намаз бекітілген сүннет болып есептелінеді.
Ибн Омар: «Мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) он қосымша ракат, бесін намаз алдында екі ракат, және онан кейін екі ракат, ақшамнан кейін үйіне барып екі ракат, құптаннан кейін үйіне барып екі ракат, және таң намазына дейін екі ракат оқығанын есіме сақтадым» деді. (Бухари, Муслим)
Егер бұл екі ракат тахаджуд намаздың есебіне кіретін болса, онда ол екі ракатты халифтер мен сахабалар тарауық намазының ішіне енгізген болар еді. Бірақ, бұл екі ракат сүннетті тарауықтың он бір ракаттан аспауын жақтаушылар да, жиырма ракат оқитындар да тарауық намазына қоспай бөлек оқиды. Демек, бұл екі ракаттың тахаджуд намаз ретінде саналмайтыны жөнінде бірауызды келісім (ижмағ) бар екендігін көрсетеді. Олай болса, бұл екі ракат тахаджуд-тарауық намазының ракат сандарын анықтауға пайдаланылмайды. Сондықтан да ол екі ракат сүннетті түнгі намазды бастайтын «екі қысқа ракатпен» шатастыру дұрыс емес.
Әдетте, бұл екі ракат сүннеттен соң Пайғамбар (с.ғ.с.) ұйықтайтын болған. Бұл жағдай мына хадистерде көрініс тапқан:
Айшадан: «...Түнгі намазды көпшілікпен орындаған соң ол маған кіріп, менің үйімде екі ракат оқыды. Түнде ол ішінде үтірі бар тоғыз ракат орындады. ... ». (Муслим 730-0.)
Ибн Аббас айтты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намазды оқыған соң қайтып келді де төрт ракат оқыды. Сонан соң ол оянды да сегіз ракатқа жеткенше екі екіден бөліп намаз оқыды. Сонан кейін арасында (ташшахудқа) отырмастан бес ракат үтір оқыды». ( Әбу Дәуд 1358. Хадисті Әлбани сенімді санайды.)
Демек, құптанның парызы мен сүннетін оқып алып ұйқыға жатқан Пайғамбар (с.ғ.с.) ұйқыдан тұрған соң ғана түнгі намазын «екі қысқа ракатпен» бастайтын болған. Олай болса, Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намазын бастайтын қысқа екі ракаты тахаджуд намазының екі ракаты болып табылады. Олай болса, Шейх Албанидың жоғарыдағы мәтінінен «Иша (Құптан) намазынан кейін оқылатын екі ракат сүннет» деген жолды алып тастауға тура келеді. Өйткені, құптанның екі ракат сүннеті тахаджуд намазға жатпайтыны жеткілікті түрде дәлелденді. Сонда ол мәтін былай оқылатын болады:
Бірінші түрі: (түнгі намаз) екі қысқа ракатпен басталатын он үш ракаттан тұрады. Бұл екі ракат ең дұрыс пікір бойынша, (...) алдына айтылғандай түнгі намазды бастайтын әдейілеген екі ракат.
Демек, Шейх Албанидің бұл мәтіні бойынша да Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намазын он үш ракат етіп орындаған болып шығады.
Егер жоғарыдағы келтірілген жеті күманның барлығы да орынсыз, ал Айшаның он бір ракаттан аспау жөніндегі хадисі еш кінаратсыз деп санағанның өзінде де, мұнда Айшаның өзіндік жеке пікірінің көрініс тапқанын ескеру қажет. Жеке пікір ретінде оның қате болуы да мүмкін. Өйткені, Айшаның да адам ретінде қателесуге құқығы бар. Бірақ, түнгі намаздың, сол негізде Тарауықтың да он бір ракаттан аспауын талап етушілер Айшаның бұл мәселедегі біліктілігін асыра бағалайды. Мысалға, Ибн Хаджар былай дейді:
«Айша Пайғамбардың «с.ғ.с) түнгі намаздарын басқалардан көрі жақсы біледі» (Фатхул-Бари 4/206)
Бірақ, шындығына келгенде, бұл негізсіз пікір болып табылады. Өйткені, Айшаның күнде-күнде түн ортасында, қараңғы бөлмеде ұйықтамай бір ракатынының өзін ұзақ оқитын Пайғамбардың (с.ғ.с.) неше ракат оқығанын санап отырды деу тіпті де ақылға симайды. Әдетте, Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намаз оқығанда Айша ұйықтап, тек үтір оқылатын кезде ғана Пайғамбар (с.ғ.с.) оны оятатын болған. Бұған мына хадистер дәлел бола алады:
«Айша Алланың Елшісінің белгілі бір уақыт түнгі намаз оқығанын, ал, өзінің оның алдында көлденең жатқанын жеткізеді. Тек үтір қалған кезде ғана ол оны оятып, ол (Айша) үтірді орындады.» (Муслим 744-1.)
Айшадан: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) түнде намазды бастап оқыды, ал үтірге кірісерде: «О, Айша, тұр, үтірді оқы» деді. (Муслим 512)
Және, бірнеше әйелі бар Пайғамбардың (с.ғ.с.) жеті-сегіз күнді жағалатып барып Айшаның үйіне келіп қонатынын ескерсек онда Айшаның Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздары жөнінде өзгелерден жақсы білетіндігі жөніндегі пікірдің сенімділігі азая береді. Жалпы, «Айша Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздарын басқалардан көрі жақсы біледі» деген пікір басқа аналарымызға да, басқа сахабаларға да көлеңке түсіретін орынсыз пікір болып табылады. Айша тек өз үйінде оқылған намаздар бойынша ғана қортынды жасай алады, ал Пайғамбардың (с.ғ.с.) басқа әйелдерінің үйлерінде, және мешітте оқыған намаздарын ол біле бермеуі мүмкін. Мысалға, Аббас Пайғамбардың (с.ғ.с.) Маймуна анамыздың үйінде он үш ракат оқығанын айтады:
«Түндердің бірінде мен нағашы апам Маймунаның үйіне қондым. ...Ол (Пайғамбар с.ғ.с.) тұрды да намаз оқыды. Сол кезде оның мені оятып жібергенін білдіргім келмей керіліп мен де тұрдым. Дәрет алдым. Ол болса түрегеліп намаз оқып тұрды. Мен де барып оның сол жағына барып тұрдым, бірақ ол қолымнан ұстап өзінің оң жақ жағына қойды. Алланың Елшісінің түндегі намазы он үш ракатпен аяқталды. Сонан соң ол жатты да, ұйқыға кеткен кезде пысылдай бастады. Ол пысылдап ұйықтады. Сонан соң оған намаз жайында хабар айтып Биләл келді. Ол тұрды да, дәрет алмастан намаз оқыды.» (Муслим 763)
«...Ол екі ракат, сонан соң екі ракат, сонан соң тағы екі ракат, сонан соң тағы екі ракат, сонан соң тағы екі ракат, сонан соң тағы екі ракат, сонан кейін орындалған ракаттарын тақ сан еткен (бір ракат) намаз оқыды. Сонан кейін ұйықтауға жатты. Ал, азаншы келгенде тұрып жеңіл екі ракат оқыды да, шығып таң намазын өткізді.» (Муслим 763-1)
Зейд Ибн Халид әл- Джухани: «Мен бұл түнде міндетті түрде Алланың Елшісінің намазды қалай оқитынын аңдимын» деді. «Ол жеңіл екі ракат, сонан соң ұзақ-ұзақ-ұзақ екі ракат орындады. Сонан соң алдыңғы екі ракаттан қысқалау екі ракат оқыды. Сонан соң ол алдындағыдан қысқа тағы екі ракат орындады. Сонан кейін алдыңғыдан қысқа екі ракат оқыды. Сонан соң ол алдыңғылардан қысқа болып келген тағы екі ракат орындады. Сонан соң ол тақ (ракат, үтір намазын) орындады. Барлығы он үш ракат болды». (Муслим 765.)
Олай болса, «Пайғамбар с.ғ.с.) бір түнде он бір ракаттан артық намаз оқымады» деп келетін Бухаридің хадисін еш кінаратсіз хадис ретінде қабылдағанның өзінде де бұл хадистегі пікірдің Айшаның өзіндік ұйғарымына ғана негізделген жеке пікірі болып табылатынын ескерген жөн. Сол себепті де оның бұл пікірін бірден-бір бұлтартпас дәлел ретінде қолдану артық болады.
Осылай сараптай келгенде Бухаридің «Сахихінде» келтірілетін «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген хадистің Айшаның хадистерінің ішінде де өзгелермен үйлеспей оқшау тұрған ерекше хадис екені аңғарылады. Осы бір өзінің кесімді үкімімен ешқандай ымыраға көнбейтін бұл хадистің тағдыры «Пайғамбар (с.ғ.с.) он бір ракаттан артық намаз оқыған ба?» деген шешуші маңызы бар мәселе бойынша анықталады. Егер Пайғамбардың (с.ғ.с.) он бір ракаттан артық түнгі намаз оқығаны нақты түрде анықталса онда Бухаридің «Сахихындағы» «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген хадисі дәлел ретінде өз күшін түпкілікті жоюы тиіс. Өйткені, он бір ракаттан артық намаздың оқылғаны жөніндегі басқа да сахих хадистердің болуы Бухаридің жоғарыдағы хадисіне дәлел ретінде еш мүмкіндік қалдырмайды. Ал, Пайғамбардың (с.ғ.с.) он бір ракаттан артық намазды өзінің де оқығаны, және өзгелерге де нұсқау еткені жөнінде бұлтартпас дәлелдер өте көп. Олардың қатарында мына хадистер бар:
Тауустан жеткен: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) бір түнде он жеті ракат оқыған кездері болды». (Әбдур-Раззақ 4710. Иснады сенімді.)
Әли ибн Әбу Тәлибтен жеткен: «Пайғамбар (с.ғ.с.) парыз намаздарды санамағанда бір түнде он алты ракат оқыды». (Абдуллаһ ибн Ахмад «әз-Зиядат». Хафиз әл-Хайсами бұл хадистың барлық жеткізушілерін шыншыл деген).
Бұл хадисте «парыз намаздарды санамағанда» делінгендіктен түнгі намаз болып есептелетін құптаннан кейінгі екі ракат сүннет он алты ракаттың ішіне еніп тұр. Осы екі ракатты шегергенде тахаджуд намазындағы ракат саны он төрт болады. Енді бұл жұп ракаттарды тақ ету үшін оқылатын үтір намазын кем дегенде бір ракат етіп алсақ та жалпы ракат саны он бес болады.
Зейд Ибн Халид әл- Джухани: «Мен бұл түнде міндетті түрде Алланың Елшісінің намазды қалай оқитынын аңдимын» деді. «Ол жеңіл екі ракат, сонан соң ұзақ-ұзақ-ұзақ екі ракат орындады. Сонан соң алдыңғы екі ракаттан қысқалау екі ракат оқыды. Сонан соң ол алдындағыдан қысқа тағы екі ракат орындады. Сонан кейін алдыңғыдан қысқа екі ракат оқыды. Сонан соң ол алдыңғылардан қысқа болып келген тағы екі ракат орындады. Сонан соң ол тақ (ракат, үтір намазын) орындады. Барлығы он үш ракат болды». (Муслим 765.)
Ибн Аббастан: «Түндердің бірінде мен нағашы апам Маймунаның үйіне қондым. ...Ол (Пайғамбар с.ғ.с.) тұрды да намаз оқыды. Сол кезде оның мені оятып жібергенін білдіргім келмей керіліп мен де тұрдым. Дәрет алдым. Ол болса түрегеліп намаз оқып тұрды. Мен де барып оның сол жағына барып тұрдым, бірақ ол қолымнан ұстап өзінің оң жақ жағына қойды. Алланың Елшісінің түндегі намазы он үш ракатпен аяқталды. (Муслим 763)
Ибн Аббастан: «...Ол екі ракат, сонан соң екі ракат, сонан соң тағы екі ракат, сонан соң тағы екі ракат, сонан соң тағы екі ракат, сонан соң тағы екі ракат, сонан кейін орындалған ракаттарын тақ сан еткен (бір ракат) намаз оқыды. Сонан кейін ұйықтауға жатты. Ал, азаншы келгенде тұрып жеңіл екі ракат оқыды да, шығып таң намазын өткізді.» (Муслим 763-1)
Ибн Аббас айтты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намазды оқыған соң қайтып келді де төрт ракат оқыды. Сонан соң ол оянды да сегіз ракатқа жеткенше екі екіден бөліп намаз оқыды. Сонан кейін арасында (ташшахудқа) отырмастан бес ракат үтір оқыды». ( Әбу Дәуд 1358. Хадисті Әлбани сенімді санайды.)
Бұл хадисте түнгі намаздың парызынан кейінгі сүннет намаз төрт ракат етіліп көрсетілген. Осы төрт ракат сүннетті алып тастағанның өзінде де бұл хадис бойынша бір түнде он үш ракат оқылған болып шығады. Ибн Аббастан жеткен мынадай хадистер де бар:
«Пайғамбар (с.ғ.с.) кей кезде бір түнде он үш ракат намаз оқыды» (Бухари 695, Тирмизи 442)
Әбу Джамраның сөзінен жеткізіледі: «Аббастың «Алланың Елшісі түнде он үш ракат оқыды» дегенін естідім.» (Муслим 764.)
Бұл хадистер Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздарын он бір ракатпен қатаң шектемей онан да көбірек оқығанына бұлтартпас дәлел бола алады. Ол оқыған ракат санынан хабар беретін жоғарыдағы хадистерден басқа оның түнгі намазда ракат санының шектелмейтіні жөнінде айтқан нұсқаулары бар хадистер де көптеп жеткен:
Ибн Омардың сөзінен жеткізеді, бірде бір кісі Алланың Елшісіне (с.ғ.с.) түнгі намаз жөнінде сұрақ қойды. (Оған жауап ретінде) Алланың Елшісі (с.ғ.с.) былай деді: «Түнгі намаз (кезінде) (әуелі) екі ракат, (сонан соң) екі, (және әрі қарай да осылай) оқылады. Егер сіздерден әлдекім таң (атып кетуінен) қорықса, (оқылған ракаттардың жалпы санын) тақ сан ететін бір ракат оқысын». (Бухари 510. (990), Муслим 749-0,749-1.).
Абдулла Ибн Омар бір кісінің Пайғамбардан: «Алланың Елшісі, түнгі намазды қалай оқу керек» деп сұрағанда екеуінің арасында отырғанын айтады. Ол (Пайғамбар) «Екі екіден. Егер жақын арада таң атады деп қауіптенсең, онда бір ракат орында. Қашанда соңғы намазың үтір болатын болсын» деді. Бұдан кейін келесі жылдың басында бір кісі тағы да осы сұрақты қойғанда мен сол пайғамбардың қасындағы баяғы орнымда отырдым. Сол кісі ме, әлде басқа болды ма, білмедім, бірақ, ол оған да сондай жауап қайтарды. (Муслим 749-2, 749-0)
Укба Ибн Харрис былай деді: «Алланың Елшісінің «Түнгі намаз екі ракаттық намаздардан тұруы тиіс, ал, таңның жетіп қалғанын байқасаң бір ракат үтір орында» деп айтқанын Ибн Омардан естідім. Ибн Омардан «екіракаттық намаз дегеніміз не?» деп сұрады. Ол: «Әр екі ракаттан соң сәлем бересің» деп жауап берді. (Муслим 749-1)
Амр ибн Абаса былай айтқан: «Бір күні мен пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Түннің қай бөлігінде намаз жақсырақ қабыл болады?”, - деп сұрадым. Ол былай жауап қатты: "Түннің соңғы бөлігінде (жеті қараңғы түнде)! Намазды таң атқанша, қанша қаласаң, сонша оқы. Расында намаздың куәгері (періштесі) бар, әрі ол жазылады...”» (Әбу Дәуд 1277, Ибн Мәджах 1251, Ибн Хузайма 260, Хаким 584. Хадистің сенімділігін имам Шәукани "Нәйлюл-әутарда” және шейх Албани "Сахих Сунан Ибн Мәджахта” растаған).
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір күні былай деді: «Шынында, Абдуллах (Ибн Умар) – ізгі адам, бірақ егер де ол түнгі намаздарды көбірек оқыса еді!». Осы хадисті жеткізген әз-Зухри: «Осыдан кейін, Абдуллаһ түнгі намаздарды көп оқитын болған», - деп айтты. (әл-Бухари 7030).
Пайғабарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Расында, Аллаһ үшін ең сүйікті намаз – бұл Дәуд пайғамбардың намазы. Ол түннің жартысын ұйықтап, оның үштен бірінде намаз оқып, алтыдан бір бөлігінде ұйықтаған» (әл-Бухари 3238, Муслим 1159).
Бұл хадистерде түнгі намаздардың он бір ракатпен ғана шектелмей таң атқанша қанша қаласаң сонша оқылатыны жөнінде айтылады. Егер он бір ракаттан артық оқуға болмайтын болса, онда Пайғамбар (с.ғ.с.) ол жөнінде нақты нұсқау берген болар еді. Ал, ондай нұсқауы бар хадистер жоқ. Және үтір намазының өзінің еш шектеусіз оқылатыны жөнінде де хадистер бар:
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «... үтірді бес, жеті, тоғыз, он бір немесе одан көбірек рәкәт қылып оқыңдар!» (Бәйхақи 4594, Ибн Хиббән 2729, Хаким 1/403. Хадис сахих. Қараңыз: "Китәб әл-уитр” 54, "Иләмул-мууәққиин” 2/373, "әл-Бадр әл-мунир” 4/302, "Тахқиқ Нәйлюль-әутар” 5/123).
Бірде Курайб Ибн Аббасқа, Муауияның иша намазын оқып, үтірді бір рәкәт қылып, одан әрі артттырмағаны жайлы хабарлады. Сонда Ибн Аббас былай деді: «Әй, балам, ол дұрыс істеді! Біздің арамызда, Муауиядан артық білетін адам жоқ. Үтірді бір рәкәт қылып та, бес, жеті рәкәт қылып та, және одан да көп рәкәт қылып оқыса болады. Үтірды қанша қаласан, сонша оқи аласың!» (Абдур-Раззақ 4641, әл-Бәйхақи 4572. Иснады сахих, әрі бұл хабардың негізі әл-Бухари де келтірілген 3784).
Бұл хадистерден өзге жалпы, намазды көбірек оқығанның дұрыс екені айтылған хадистер де бар. Бұл хадистердегі үкімнің түнгі намаздарға да қатысты екеніне ешкімнің де таласы болмауы тиіс.
Рабиа ибн Кабаның Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), бірге жәннатта болғысы келетінін хабарлаған. Ал Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Маған осыда көптеген сәжделерің (яғни намаздарың) арқылы жәрдемдес», - деп жауап берген хадисін келтіреді. (Муслим 2/53).
Сондай-ақ, Әбу Зураның хадисінде, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Намаз – бұл ең жақсы амал, әрі кім қаласа, оны көбейтсін, ал кім қаласа – азайтсын!» (Ахмад 5/178, Ибн Хиббан 361, Хаким 2/652. Имам Ибн Хиббан және имам Шәукани хадистің сенімділігін растаған).
Түнгі намаздың санына қатысты мәселеде ешқандай шектеу жоқ екендігі жөнінде дін ғалымдары арасында бірауызды келісім (ижмағ) та бар. Оған мына имамдардың пікірлері дәлел болады:
Ибн Умар былай деген: «Мен намазды, сахабалар оқығандай оқимын! Әрі мен, күннің шығып жатқан әрі батып жатқан кезеңдерден басқа уақытта, түнгі және күндізгі намаздарды қалағанынша оқуды, ешкімге тыйым салмаймын» (Бухари 589).
Хафиз ибн Абдул-Барр былай деген: «Түнгі намазында ешқандай шектеу, әрі нақтылау жоқ, және ол қосымша намаз екенінде, ғалымдар бірауыздан келіскен. Әрі кім қаласа, қиямды (тұруды Құран оқумен) ұзартсын да, рәкәт сандарын қысқартсын, ал кім қаласа, сәжде мен рәкәттар санын арттырсын!» ( "әл-Истизкәр” 5/244).
Қади Ийяд айтқан: «Түнгі намаздың, артыруға да болмайтын, кемітуге де болмайтын шектеулері жоқ екенінде, ғалымдар бірауыздан келіскен. Түнгі намаз, оны көбейткен сайын, сауабы да көбейе беретін игі істерге жатады. Ал келіспеушік туралы айтар болсақ, онда ол түнгі намазын пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлеміболсын) оқыған, әрі өзіне не таңдағаны жөнінде болған» (Қараңыз: "Шарх Сахих Муслим” 6/19).
Хафиз әл-Ирақи: «Түнгі намаздың шектеуі жоқ екенінде, ғалымдар бірауыздан келіскен!», - деген ("Тарх «т-тасриб” 3/50).
Ибн Хузейма: «... Сондықтан да (түнгі) намазды Пайғамбардың (с.ғ.с.) істегеніне, және мәнеріне сай әркімнің қалаған ракат санында оқуға рұқсат етілген. Бұлардан бір нәрсені істеу ешкімге де тиым салынбайды. (Сахих 2/194).
Міне, Пайғамбардың (с.ғ.с.) осыншама сахих хадистері мен дін ғалымдарының бірауызды келісімі (ижмағ) түнгі намаздың он бір ракаттан артық, қандай да бір шектеусіз таң атқанша оқылатынына бұлтартпас дәлел бола алады. Егер түнгі намаз он бір ракаттан артық, қандай да болмасын шектеусіз оқылатын болса, онда сол негізде тарауық намазын да он бір ракаттан артық, шектеусіз оқуға болады.
Бұл жерде ескерілетін нәрсе тарауық намазының ракат саны жеке оқылғанда әр адамның қалауы бойынша оқылады. Ал, жамағатпен оқылған кезде оның ракат санының нақты белгіленгені дұрыс. Бұл имамның тарауық намазын бастар кезде белгілі бір ракат санына ниеттеніп тұруы үшін қажет. Өйткені, артындағы жамағат оған ұйыйтын болғандықтан ол тарауық намазын өз қалауынша оқуға ерікті бола алмайды. Және ол артындағы жамағатқа намаздың қанша ракат оқылатынын айтып, оларды хабардар етуге де тиісті болады.
Осындай себептермен де күнделікті жамағатпен оқылатын тарауық намазының ракат санының нақты белгіленіп қойылғаны дұрыс болады. Мұндай жағдайда мешітке келіп жамағатпен намаз оқығысы келетін әрбір адам мешітте неше ракат тарауық оқылатынын біліп, үйінен соған ниеттеніп шығады. Осындай нақтылықтың қажет болуы да тарауық намазының жиырма ракат болып қалыптасуына ықпал еткен болуы мүмкін. Шын мәнінде жиырма ракат намаз сауабы көп қасиетті Рамазан айында жамағатпен оқылатын намаз үшін өте көп те емес, өте аз да емес орташа бір мөлшер болып табылады. Сол себепті де бұрынғы өткен халифтер де, салаф ғұламалар мен олардан кейінгі халаф ғұламалардың көпшілігі осы мөлшерге тоқтаған.
Енді Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздарына қайтып оралсақ, он бір ракаттық намаз оның өмірінің соңына қарай жиі оқыған намазы екеніне күман жоқ. Және, мұның себебін де түсінуге болады.
«...Ол кейде түнде намазды тұрып ұзақ оқиды, ал, кейде намазды отырып ұзақ оқиды. (Муслим 730-0)

«...Егер оны ұйқыға тартса, немесе түнгі қиямды жалғастыру оны ауыртса, онда ол күндіз он екі ракат оқыды» (Муслим 746-0)
Бұл хадистерде Пайғамбардың (с.ғ.с.) қиямда тұруы қиындап намазды отырып оқығаны, тіпті, ауырып түнгі намазды қалауынша оқи алмаған кездері де болғаны көрініс тапқан. Оның соңғы кездерде ракат санын он бірден тоғызға дейін азайтқаны мына хадисте айтылған:
«Балам! Алланың Елшісі жасы келіп, толысқан кездерінде үтірді жеті (ракат) етіп орындады, және екі ракатты тап бұрынғыдай істеді. Барлығы тоғыз, балам...» (Муслим 746-0)
Олай болса, жасы келіп, денсаулығы нашарлап отырып-тұруы қиынға айналған Пайғамбардың (с.ғ.с.) ракат санын азайтып, бірақ қиямдағы тұрысын, сәждедегі уақыттарын көбейту арқылы оның есесін толтыра отырып, өзіне қолайлы намаздың тәртібін таңдағанын болжауға болады. Айша айтады:
«Әдетте, Алланың Елшісі (с.ғ.с.) түнгі намазы болып табылатын он бір ракат оқыды. Сонда оның (әр) сәждесі сендердің кез келгендеріңнің елу аят оқуға жететін уақытқа дейін созылып, сонан соң барып ол басын көтереді». (Бухари 511. (994).
Егер Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздарына шолу жасасақ оның өз мүмкіндігіне байланысты түнде оқитын намаздарын он үш, он бір, тоғыз ракат етіп бірте-бірте азайта бергені байқалады. Және, кейбір кездерде намазын отырып та оқыған. Тіпті, оның жамағат намазын да отырып өткізгені жөнінде хадистер бар. Демек, Пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің денсаулығына қарай ракат санын көбейтіп те, азайтып та отырған. Және, ол ешкімге де он бір ракаттан артық намаз оқуға тиым салмаған. Ондай хадис атымен жоқ. Керісінше, Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намазды қалай оқу қажеттігін сұралғанда оны әркімнің қалауы бойынша оқуға, тіпті таң намазына дейін оқи беруге де болатынын айтып отырған. Оған дәлел болатын біраз хадистер жоғарыда келтірілді. Соның бірі мынау:
«...Намазды таң атқанша, қанша қаласаң, сонша оқы. Расында намаздың куәгері (періштесі) бар, әрі ол жазылады...”» (Әбу Дәуд 1277, Ибн Мәджах 1251, Ибн Хузайма 260, Хаким 584. Хадистің сенімділігін имам Шәукани "Нәйлюл-әутарда” және шейх Албани "Сахих Сунан Ибн Мәджахта” растаған).
Егер Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі де он бір ракаттан артық түнгі намаз оқыған болса, және өзгелерге де қалауынша оқуға рұқсат берсе, онда өздері де он бір ракатпен ғана шектеліп, өзгелерге де артық намаз оқуға тиым салатындардың істерін қалай түсінуге болады. Сонда олар Пайғамбардың (с.ғ.с.) істегенін өздері де істемей, өзгелерге де тиым сала ма? Олар «он бір ракаттан асырмау Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетті» дейді. Сонда он бір ракаттан артық намаздардан хабар баретін қаншама сахих хадистердің үкімі олар үшін сүннет емес пе?
Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намазының он бір ракатпен ғана шектелмегеніне дәлел болар қаншама сахих хадистер бола тұра, және салаф, халаф имамдардың түгелге жуығының пікірлері бір жерге тоғысса да Айшаның бұрмаланып кеткен жалғыз хадисіне қатты жабысып, оны бұлтартпас дәлел етіп алдыға тоса беретіндердің көзсіздігі таңғалдырады.
Бухаридің «Сахихында» келтірілетін бұл хадис өзінің бірбеткейлігімен өзге дәлелдердің бәрін де жоққа шығарып тастайтын «қыңыр» хадис болып табылады. Сол себепті де, оны ұстанушылар да бірбеткейленіп «қырық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» дегендей қыңырлыққа салынуда. Мұның бір себебі, әрине, олардың Бухаридің беделіне деген, оның «Сахихының» сенімділігіне деген көзсіз сенімдерінде жатыр. Бұл пікірге мына бір үзінді жақсы дәлел бола алады:
О, мұсылмандар, егер сендерге имамдардың кітаптарынан сілтеме жасалып жатса да бәрін бірдей қабылдай бермеңдер, өйткені, оларда келтірілетін хадистердің барлығы сахих емес. Тек имам Бухари мен Муслимнің «Джами’у-Ссахих» жинақтарында енгізілген хадистер ғана бұл қатарға жатпайды. («Доводы приверженцев нововведений не принимаются». «К Исламу» сайты.)
Бұл үзіндіден түсінгеніміз мұсылмандар бүткіл хадистердің ішінен тек Бухари мен Муслимнің хадистерін ғана еш күмәнсіз қабылдауы тиіс. Бұл уаххаби мұсылмандар үшін екі «Сахихтегі» хадистердің Құранның аяты тәрізді ешқандай талқылауға жатпайтын қастерлі нәрсе екенін байқататын бір ғана мысал. Олардың Бухари мен Муслимнің хадистері тұрғанда басқа ешбір хадистерді дәлел ретінде мойындамайтындықтары олармен пікірлесіп жүрген әркімге де жақсы аян.
Шын мәнінде, бұл уаххабилердің Бухари мен Муслимге көзсіз ілесетіндіктеріне (тақлид), және еш қателеспейді деген көзсіз сенім арқылы оларды Аллаға теңестіретіндіктеріне (ширк) нақты дәлел. Бұл мазхаб ұстанушы мұсылмандарды «имамдарына көзсіз тақлид етушілер, Аллаға серік қосушылар» деп қатаң айыптап жүрген уәххабилердің өздері қазған орларына өздерінің түсіп жатқандықтарын көрсетеді.
Мaсa.кз. 13.08.2011.

Комментариев нет:
Отправить комментарий