Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Көп адамдар өз басының қамы мен қызығын ғана іздеп күйкі тірлік ағымымен ойсыз ағумен болады. Ондай жандар өмірдің мәні мен сол өмірдің мәнін түсінуге жетелейтін дін жайлы ойлап бас қатырғанды ұната қоймайды. Осындай жандар арасында дін сұраныс бойынша соңғы орындарға жылжып, тіпті ешқандай да қажетсіз нәрсе ретінде ұмыт қалып та жатады.
Бірақ, біреулер қаласа да, қаламаса да дін қоғам өмірінен өз орнын алатын болады. Өйткені, адамдарда жүрек пен сана бар. Пенделік тірліктен қажып, мұңға бататын жүрек өзінің дауасын іздесе, өмірдің мәнін іздеуде пенделік қисыннан қанағат таппайтын сана өзіне кең өрісті қажет етеді. Сол себепті де көптеген адамдар жүрекке дауа, санаға өріс беретін діннің мәңгілік құндылықтарына жүгінуге мәжбүр болады. Міне, осындай жандар адам өміріндегі, қоғам өміріндегі діннің орнын түсініп, оның мәні мен маңызын ашуға ұмтылады. Адамды осындай биік құлшынысқа, рухани жетілуге жетелейтін қасиеті діннің басты бір маңызы болып табылады.
Дінсіз адам өзінің ішкі жан дүниесінің тәрбиесіне көп көңіл бөлмейді. Өйткені, ол оны өзгелердің назарынан тыс жатқан, бар құпиясы тек бір өзіне ғана аян өзінің жеке әлемі санайды. Оған сырттан ешкім де ене алмайды, демек, ол қандай жаман ойларға толып, қандай жаман сезімдермен ластанып, қаншалықты қоқсып жатса да оны ешкім біле алмайды. Сондықтан да ешқандай қысылып, қымтырылудың қажеті жоқ. Міне, осындай сенімдегі адам іштей басқа, сырттай басқа алдамшы кейіпке еніп, екіжүзділік сипатқа бой алдырады. Және бұл күйін ол ешқандай да айып санамайды. Өйткені, ішінде қанша ит өліп, олар қаншалықты шіріп жатса да оны ешкім білмейді. Ешкім білмейді, демек, оның ешқандай да айыбы жоқ.
Мұндай адам жан дүниесін тазартып, ішкі әлемін ретке келтіруге тырыспайды. «Оның қажеті не? Жүрегің таза болсын, лас болсын бәрібір бір күні өлесің де қаласың, ал одан әрі ештеңенің де қажеті жоқ. Сондықтан да соған бола күш-жігеріңді жұмсап, уақытыңды сарып етіп машақаттанудың қажеті жоқ. Онан да қайтып оралмайтын қысқа ғана ғұмырыңды мейлінше қызықты өткізіп, өмірден бар қалауыңды алу керек». Өмірге деген осындай жеңіл көзқарас ұстанатын желікпе жандар жан тазалығы, рухани байлық, ішкі сұлулық деген ұғымдарды құр әншейін құрғақ, әдемі сөздер ретінде ғана қабылдап, оларға талпынуды бос әурешілік, ақымақшылық деп біледі.
Ал, «Аллаға ашық та жасырын нәрселердің бәрі де аян, Ол адамдардың жүректерін көруші» деген сенімдегі адам болса «сырт көзге қайтсем жақсы көрінем, «жақсы» екеніме өзгелерді қайтсем сендірем» деп сырт көз үшін құбылып, сол үшін уайымға қалып жатпайды. Ол үшін басты мақсат адамның емес Алланың ықласын алу. Ал, Алла Тағала ең әуелі жүрекке қарайды. Сол себепті де діндар үшін басты мақсат жүрегін тазартып, жан дүниесін тәртіпке келтіру. Жақсы ойларды ойлап, жақсы сезімдерде болып, жақсы сөздерді сөйлеп, жақсы амалдарды жасау жүректі тазартып, жан дүниесін тәртіпке келтірудің бір кепілі. Сондықтан да ол өзін осындай жақсылықтарға тәрбиелейді.
Егер дін болмаса мұндай сенім де болмас еді, мұндай сенім болмаса өзіңді өзің тәрбиелеудің де еш қажеті болмас еді, ал егер өзіңді өзің тәрбиелемесең адамға да қоғамға да пайдаңды тигізетін ізгі ниетті, адал адам болу мүмкін емес. Міне, осындай көзқарасты ұстанып, ой-сезімдерімен де, іс-әрекеттерімен де жақсылыққа құлшынатын саналы да сапалы адамдарды тәрбиелеп шығаруы діннің аса маңызды қырларының бірі болып табылады.
Әр адамның бойында да өзімшілдік деген қасиет бар. Осы бір қасиетке бой алдырған жандар қашанда бәріне де қара басының тұрғысынан ғана карап өздеріне қатысты болмаса өзгелер үшін уайымдап, оларға қол ұшын беріп, барымен бөлісуге ықыласты болмайды. Мұндай тек өз басының ғана қамын ойлаған өзімшіл жандары көп қоғамда өзгеге жаны ашып, қиналғанға қол ұшын беруге асығатын елгезек, қайрымды жандарды табу қашанда қиын болады. Өйткені, ондай жандардың өзгелерге жақсылық жасап, барымен бөлісуі үшін оларға міндетті түрде одан белгілі бір пайда болуы шарт. Бергенінің орнына басқа бірдеңе дәметпесе, жақсы атын шығарып, беделін көтеруге тырыспаса, өзгелерді өзіне тәуелді етіп билеп-төстегісі келмесе, өзін өзгелерге пір тұтқызып көкке көтерілуді көздемесе тегіннен тегін біреуге жақсылық жасау ондай жандар үшін бос шығын, ақымақшылық әрекет болып табылады.
Мұндай жандардың өзгелерге де қарайласып, барымен бөлісуге көнуі үшін олардың қорқуы, немесе қайырымдылық істерінің арқасында зор игіліктерге қол жеткізетіндіктеріне сенуі қажет. Міне, осындай бір жағынан қорқытып, бір жағынан қызықтырып адамдарды жақсылыққа, қайрымдылыққа бейімдеп, өзгелерге қамқорлық жасауға құлшындыратын діннің маңызы қоғам өмірінде өлшеусіз.
«Алланың ризалығы үшін» деп жақсылық жасап, ол үшін қайтарым күтіп бұлданбайтын, қайта жақсылығының адамнан емес Алладан қайтқанын тілеп оны жасыруға тырысатын, «жақсылық жасадым» деп мақтанбақ түгел, олай деп ойлап көңілін марқайтудан да сақтанатын ізгі адамдарды тәрбиелеп шығаратын дінді басқа ешбір ілімнің де, құрылымның да алмастыра алмасы еш күмансыз.
Әр адам да бұл өмірде өзінің алдына қойған мақсаттарының құлы болып табылады. Және ол сол мақсаттарына қол жеткізсе де, жеткізе алмаса да өзіне зиян табумен болады. Әдетте ойға алғанын орындай алмай сәтсіздікке ұшыраған жағдайда ол қатты налып, сол үшін өзін де, өзгені де, тағдырын да кіналап, бәрін де қарғап-сілеп, бәрін де жек көре бастайды. Онымен қоймай өзгелерге соқтығып, өшін солардан алуға тырысып, оларды да шектен шығарады.
Ал, көздеген мақсатына қол жеткізген жағдайда оның көңілі марқайып, өзін ақылды да қабілетті сезініп, менмендігі еселеп арта бастайды. Оның арты көкірек керіп, өзгелердің қитығына тиюге, «сен неге менімен санаспайсың, мені неге көзге ілмей кемсітесің?» деп жек көріп, «мен саған әлі өзімнің кім екенімді танытамын!» деп өшігіп, жауығуға ұласады.
Міне, осындай дегеніне жетсе де, жетпесе де жамандық тудырып, өзіне де, өзгелерге де кесірін тигізумен болатын жандарға басты мақсат ретінде мәңгілік мекен жұмаққа қол жеткізуді ұсынатын, сол арқылы олардың «бес күндік» мақсаттарының маңызын төмендетіп, оларды солар үшін терең күйзелуден де, шалқып-тасудан да сақтандыратын, сәтсіздікті де, табысты да Алланың қалауы деп біліп, өзін қандай да болмасын ұшқарылықтардан тиып ұстайтын сабырлы да кеңпейіл жандарды тәрбиелеп шығаратын діннің адам өміріндегі де, қоғам өміріндегі де маңызын ескермеу әділетсіздік.
Бұл өмірде жеке адамның мүддесі мен адамшылықтың мүддесі үнемі қабыса бермейді. Мұндай жағдайда әркім өз мүддесін ғана қуалай беретін болса, адамшылық мүддесін кім қорғамақ? Әркімге өз басы ғана қайғы болса, адамшылық үшін кім қам жеп, басын бәйгеге тікпек? Санасын тұрмыс билеген жан пендешіліктің ғана күйін күйлеген жан. Ондай адам қоқсықтан басын көтере алмай жүріп дүниені де қоқырсытумен болады. Егер бәрінің де ойын тұрмыс қана билеп, бәрі де пендешіліктің күйін ғана күйлесе сонда кім белсеніп шығып адамшылық жүгін сүйремек? Міне, осы тұста сезімге ойын, бықсыққа бойын алдырмай, екі дүниенің қамын тең ұстайтын діндар адам ғана таразы басын теңестіретін болады.
Діннің осындай адам өміріндегі, қоғам өміріндегі маңызын жете түсінбегендіктен де көптеген жандар дін жайындағы қате, үстірт пікірлердің шылауында жүреді. Ал, кейбір жандар болса өздерінің бойларында дін талап ететін қасиеттер жеткіліксіз болғандықтан да діннен қорқады. Сондықтан да олар өздері де дін ұстанбайды, және өзгелерге де ұстатпауға тырысады. Діннің адам өміріндегі де, қоғам өміріндегі де маңызын бағалау үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Ол үшін бар болғаны парасатты да адал жан болу қажет.
Шын мәнінде, егер адам парасатты болатын болса ол ешқашанда діннен қашпайды, керісінше, дінді түсініп, оны берік ұстауға тырысады. Егер адам адал болатын болса ол ешқашанда діннен қорықпайды, керісінше, ол дінсіздіктен қорқатын болады. Егер адам діннен қашып, одан қорқатын болса, онда оның қажетті шамада парасатты, адал жан болмағаны.
Maсa.кз. 02.12.11.

Комментариев нет:
Отправить комментарий