Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Адам баласының жан-дүниесінде бір-бірімен арпалысқан екі табиғат бар. Олар жаман қасиеттерден тұратын пенделік табиғат пен жақсы қасиеттерден тұратын, сол себепті де жақсылықты сүйетін адамдық табиғат. Осынау пенделік табиғат пен адамдақ табиғаттың қажеттіліктері бір-бірімен мүлде қабыспайтын қарама-қарсы нәрселер. Пенделік табиғат көкірек пен құлқынның, және нәпсінің ғана қамын күйіттеп, мүмкін болса адамды хайуандық тіршіліктің ауқымынан шағармай қоюға тырысады.
Пенделік табиғаты басым жандар әдетте өзімшіл, такаппар, күншіл, қызыққұмар, ақыл-есін күйкі тірліктің ыржың-тыржыңы билеген ұсақ болып келеді. Олар өз ыңғайларымен қалыптастырып алған қатыгездікке, қулық-сұмдыққа, ластыққа толы тымырсық дүниелерінен басқа дүние болуы мүмкін деп ойламайды. Олардың түсінігінше пенделік қасиеттер адам үшін табиғи, онсыз өмір сүру мүмкін емес қажетті қасиеттер болып табылады. Өйткені, мұндай жандар үшін менмендік, күншілдік, әділетсіздік, екіжүзділік, опасыздық, арсыздық, нәпсіқұмарлық тәрізді қасиеттерсіз өмір сүру қызық та емес, мүмкін де емес.
Бірақ, мұндай пенделік қажеттіліктер мен адамдық қажеттіліктерді шатастырмау қажет. Адамдық табиғаттың имандылық, кішіпейілділік, кеңдік, әділдік, турашылдық, адалдық, ар-ұят тәрізді өзіне тән асыл қасиеттері бар. Және махаббат пен мейрімге, бауырмалдық пен жанашырлыққа, түсіністік пен силастыққа негізделген, өзін жайлы сезінетін жарқын дүниесі бар.
Бұл жалғанда пенделік табиғатқа бой алдырмаған адам жоқ. Сол себепті аз болсын, көп болсын әр адам да пендешіліктерден ада емес. Пендешілік сезімдер мен ойлардың, сөздер мен істердің адамның күнделікті тыныс-тіршілігіне сіңісті болып, тығыз астасып кеткені соншалықты көптеген адамдар өздерінің пендешілікпен күн кешіп жүргендерін аңғармайды. Тіпті, олар «осы пендешілік дегеніміз не?» деп ойланбайды да. Өйткені, олар ойланып бас қатырғаннан көрі іс істегенді жақсы көреді. Ал істейтін істерін жаман, жақсы деп сараптап жатпайды. Олар тек көңіл күй мен сезімнің ауанымен жанына жағымды, шаруасына пайдалы істермен ғана айналысып күйкі тірлік ағымымен ойсыз аға береді.
Сонымен пендешіліктер дегеннің не екеніне ой жүгіртіп көрелік. Пендешіліктер дегеніміз: шындықтан көрі бас пайдасын артық санау; қателігін көрсеткенге шамдану; қателігін мойындамай қайтсе де өзінікін жөн қылу; өзін ақтап, өзгені кінәлі етіп шығару; өз сәтсіздігі мен бақытсыздығына өзгені кінәлау; мансапқорлық, билік жүргізуге құмарлық; қайтсе де айтқанын істетіп дегенін болдыру; жағымпаздық, әлсізге әңіреңдеп, күштіге құлдық ұру; бақай есеппен жәрдем етіп онысын бұлдау; бар жақсының өзінде ғана болғанын, өзінде жоқтың ешкімде де болмағанын тілеу; өзі бай болса өзгенің жарлы болғанын, өзі жарлы болса өзгенің қайыршы болғанын тілеу; жақыныма болсын демеу; барды бағалай алмай, үнемі жоқты аңсау; бабы таптырмай барға бар, жоққа жоқ деп кею; қыбын таптырмай кіржиіп, болымшыға бұрқылдап, сәл нәрсеге тыржию; өзгелер жайында тек жаман ойлап, жаман пікірде болу; өзгелердің кемшілігін теріп айызы қана сөз ету; өзгенің сырын жұртқа жаю; арада сөз тасып жұртты шағыстыру; өсек, өтірікке құмарлық; жамандық атаулыны естуге, білуге, істеуге құмарту; сырт көз үшін тыраштану; басынан сөз асырмай шарпысып, сәл нәрсеге салғыласу; өзгелерден ерекшелену үшін сорақы кейіптерге еніп, өзгелерге қыр көрсету үшін сорақы істер жасау; өзінде жоқ қасиет пен әдеттерді өзгеден талап ету; өзіне қарамай өзгені сынап-мінеу; өзгенің кемшіліктері мен қателіктеріне төзімсіздік таныту; болымшыға кек сақтап, сәл нәрсеге бола өшігу; өзі білетін нәрсені өзге білмейтіндей көріп ақылдымсу; өзі білмейтін нәрсе жайында білгішсініп сөз таластыру; арзан күлкі, бос ермек қуу; өзгелерді келекелеп кемсітіп, кекетіп-мұқату; дөрекілік көрсетіп ақырып-жекіру; өзгені тілдеп жер-жеберіне жету; үстемдігін көрсетпек болып жөн-жосықсыз соқтығу; барын көзге тосып, не істесе де мақтан, даңқ үшін істеу; жан қинамай жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүру; өзгеге көзсіз еліктеу; өзгенің арсыздығына, сорлылығына да қызығу; өзгенің қайғысына күліп, сәтсіздігіне айызы қану; өзі түскен орға өзгені де құлатпақ болу; бергенін ғана біліп, алғанын ұмыту; пайда үшін ұяттан безіп, ақша үшін арын сату; көрінгенге көз сүзіп, әркімге абыройын ашу; өз тәніне өзі сүйсініп, көрінгеннің көзіне тосу; өзінің ұятсыздығын, арсыздығын, сорлылығын да мақтан ету; өзгенің жақсысын да жақтырмай, өзінің жаманын да ыстық көру; өз бойындағы мінін өзгеден тауып мәз болу; ысырапшылдық, дүние-мүлік, атақ-абырой бәсекесіне түсіп сол үшін шашылу...
Пендешіліктердің бұл тізімі әрине, мұнымен біте қоймас, және біреулердің оған өз қосарының болары да анық. Егер сондай адам ол қасиеттерді өзгелердің емес өз бойынан тани алса онда бұл оның адамдық табиғатының көзі ашық екендігін байқатар еді. Өйткені, пенделік табиғаты басым жанның өз мінін өзі тануы қиын. Тіпті, танып жатқан жағдайда да оны мойындау оған күшке түседі. Ал мойындағанның өзінде де оны жеңуі өте қиын. Өйткені, ондай жан үшін пендешілікпен күресу дегеніміз өзімен өзі күресу болып табылады. Ал өзімен өзі күресуге, өз нәпсісімен күресуге ондай жанның еш ықыласы болмайды.
Бұл тірлікте адамға өз міндерін қолға алып өзін-өзі тәрбиелеу оңай шаруа емес. Өйткені, өзі пенде адамға өзгелердің пендешіліктеріне төзім ету өте қиын. Ал маңайыңдағы жандардың пендешіліктеріне көңіл бөлмей, оларға сабыр ету қандай қиын болса, өзгенің есебінен өз шаруасын түгендеуге тырысатын, жайына жүрмей соқтығып, «жеп» қойғысы келіп жалаңдап жүретін жандардан қорғанбау тіпті де мүмкін емес. Осылайша тіршілік үшін күреске жұмылған адамның өз пенделіктерімен күресуіне еш мұршасы қалмай жатады.
Бұл тірлікте пендешілік күрестің майданын қыздырып жүрген іші бықсыққа толы пенделер жеткілікті. Мұндай жан өзгелер жайлы тек жаман ойлайды, олардан тек жамандық қана күтеді, сол себепті де өзгелердің әрбір сөзінен, әрбір ісінен астар іздеп, болымшыға мән беріп, соған орай өзіне жасалынар қастықтың алдын алып, қарымта қайтарудың да тәсілдерін ойлап ширығып жүреді.
Мұндай жан маңайындағы адамдар бір-бірімен тіл табысып, тіпті бір-біріне күле қарап жатса да өзіне қарсы одақ құрып жатқандай іштей қауіп ойлайды. Және олар өзін сырт қалдырып, тиесілі бақытын ұрлап жатқандай қызғаныш сезініп мазасы да кете бастайды. Сол себепті де олардың арасына от салып араларын ашу үшін жанталаса амал іздеп, қашан оларды бір-бірімен жауықтырып, жауластырып қойғанша көңілі еш тыншымайды. Маңайындағылар бір-бірімен қас болған кезде ғана ол өзін шат сезініп, көңілі жай болады.
Ешкіммен де шын силасып, бас сиыстыра алмайтын мұндай жан шын мәнінде ешкімге де қажет емес. Сол себепті де ол өзгелерді бір-біріне қас ету арқылы олардың өзіне деген мұқтажығын тудыруға тырысады. Өйткені, бір-біріне жауыққан жандар одан жақтастық іздеп, оның ықласына таласып, оған жағынуға тырысатын болады. Сол арқылы мұндай жаның өзгелердің алдындағы бағасы өсетін болады.
Ол үшін маңайымен силасып тату-тәтті өмір сүру мүлде жат. Ол үшін өмір аңдасып арбасудан тұратын, өліспей беріспейтін қиян-кескі күрес. Егер жанында екі адам болса ол міндетті түрде біреуін жақтас етіп алып екіншісіне тыным бермей түрткілеп, тұқыртып, төмпештеумен болады. Ал қасында бір адам ғана қалса бар «өнерін» соны тұқыртып, езіп жаныштауға пайдаланады.
Сондықтан да мұндай жанның маңайына адам шыдамайды. Бірақ, оның да жалғыз қалғысы келмейді. Өйткені, оның жанында, немесе маңайында күресетін бір адам болуы шарт. Онсыз оған өмір қызықсыз. Өйткені, олар өзгелердің қайғы-қасіретінен ләззат алады. Сол үшін де олар өзгелердің жүрегін түйреп, жанын жаралап, ауыртуға тырысумен болады. Өзгелер ашу-ызаға булығып шарасынан шыққан сайын рахаттанып, өзгелердің өзіне деген жеккөрінішінен, жиркенішінен қуат алып жаны семіреді.
Мұндай жан үшін адамшылық қасиеттер тек өзгелерді өзіне тартып, көңілдерін баурап, оларды өзіне жақтас ету үшін ғана қажет. Сондықтан да ол іштей жеккөріп, жиырылып, тіксініп тұрса да бауырмал, қамқор адамның кейпіне еніп өтірік мүләйімсіп, жылмиюмен болады. Ал біреу өзіне іш тарта қарап ықылас білдіре бастаса, ол оның бұл ықыласын үшінші біреуге қарсы пайдаланып, оған қыр көрсетіп тұқыртып қалуға асығады.
Мұндай жандар үшін өмір күрес. Бұл күресте жеңіліс таппау үшін олар ештеңеден де тайынбайды. Қажет болса атады, қажет болса сатады, қажет болса еш қорланбастан төсеніш болып та жатады. Олар үшін ең басты құндылық жеңіс. Ал жеңіс дегеніміз олар үшін өзгелерді жер етіп тапап тастау. Шын мәнінде маңайына тек қасірет шашып, өзгелердің бақытсыздығы үшін ғана өмір сүретін мұндай жандары бар бұл дүниеде өз пендешіліктеріңмен күресесің бе, әлде өзге пенделермен күресесің бе?
Мұндай пенделік күреске түсіп, үнемі өзгелермен аңдасып-арбасып, ширығып жүруден қажитын көптеген жандар өзгелерден неғұрлым аулақ жүріп, мейлінше оқшаулануға тырысады. Бірте-бірте адамдардан көңілі қалып тірі жанның бет-жүзін көруді қаламайтын жағдайға жететін мұндай көңіл-күйдің астарында адамды жеккөрушілік жатады. Мұндай адамды жеккөрушілік бірте-бірте адамның өзін-өзі жеккөрушілікке ұласса, оның арты өмірді, жарық дүниені жеккөрушілікке айналады.
Бұл дүние адам үшін түрме деген сөзде шындық бар. Өйткені, бұл дүние адамның өзінің пенделік қасиеттерімен күреске түсуге тиісті майдан алаңы. Сол себепті де бұл дүниеде пенделер көп. Сол себепті де бұл дүние пенделердің дүниесі. Мұндай дүниеде адамдық табиғаты басым, сол себепті де өмірге ойлы көзбен қарайтын ойлы жандар үшін өмір сүру өте қиын. Сол себепті де Абай атамыз айтқандай «ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда».
Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.
Пендешіліктер дегеніміз адам жанын, жүрегін ластайтын жаман сезімдер мен ойлар, сөздер мен істер. Бұлар үсті-үстіне үстелген сайын пенделік қасиеттер ұлғайып, пендешіліктің тоңы да қалыңдай береді. Ал пенделік қасиеттер неғұрлым ұлғайған сайын адам да солғұрлым жан төзгісіз ит мінезге ие бола бастайды.
Пенделік қасиеттер жаман сезімдер мен ойлардан, сөздер мен істерден нәр алып, күннен-күнге күш қосып, қуаттанады. Олай болса олардан тиылу арқылы пендешіліктің бой алып кетуін тежеуге болады. Бірақ, әрине, пендешіліктерден тиылу үшін адамға ең әуелі олардың не екенін білу қажет. Білу арқылы адам күнделікті жасайтын әр пендешіліктерін тани отырып, сол пендешіліктері үшін тәубе етіп отыруға мүмкіндік алады. Ал тәубе ету дегеніміз не десек, бұл өз қателігіңді мойындап, сол үшін өкініп, Алла Тағаладан кешірім өтіну.
Адам баласы өз пендешіліктері үшін неге Алладан кешірім тілеуге тиісті? Өйткені, пендешілік қасиеттер дегеніміз жүректі тұмшалайтын рухани кір. Ал жүректің шын Иесі оны жаратқан Алла Тағала болып табылады. Сол себепті де тәубе Аллаға бағытталады. Аллаға бағытталмаған тәубе тәубе ретінде тиісті нәтиже бермейді. Өйткені, адам өз жүрегінің шын Иесі Алланы мойындамаса, сол себепті Алла оның тәубесін қабыл етпесе ол тәубеден қаншалықты нәтиже болуы мүмкін?
Жалпы, жүректердің Иесі Алла Тағаланың ризалығы үшін жасалатын қандай болмасын амал пенделік табиғат үшін үлкен соққы болып табылады. Өйткені, басқадай ниетпен жасалған істер жүрекке ене алмайды. Жүрекке ене алмаған соң ол істер жүректен пендешілік қасиеттерді аластай алмайды. Сол себепті де өз жүрегінің Иесі Алла Тағалаға жүгінбей-ақ пендешіліктерімен күресіп, өз нәпсісін тәрбиелемек болған жандар бар күш-жігері мен уақытын босқа сарып еткен болады.
Осынау пенделік қасиеттер деп аталатын рухани кірдің адамның жүрегіне кірігіп, сіңісті болып кеткені соншалықты адамзаттың небір данышпандары мен дарындылары ақыл-ойларымен, ғажайып туындыларымен небір биіктерді шарлауға қабілетті бола тұра осынау пендешіліктердің кесірінен өмірлерін күрсінумен, өксумен өткізген.
Бұл дүниедегі адам баласы аяғынан қазыққа байланған құс тәрізді. Оның да қара жер – қасіреті, оған қағылған қазығы – надандығы, және көкке жібермей аяқтан тартқан пенделік қасиеттер деп аталатын тұзағы бар.
Әрине, жер жорғалап, көң қопарып жүрген құс құс емес, көкте еркін самғап қанатын күнге сүйдірген құс - нағыз құс. Сол сияқты адам атанып жүрген біздің де қасиетті адам атын иемденіп алып пендешіліктің құлы болып жүрген пенделер екеніміз ащы да болса шындық.

Комментариев нет:
Отправить комментарий