Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Үстіміздегі 2013 жылдың қаңтар айында «Шын» сайтында Азамат Битанның «Қаңғыған тәңіршілдік қаңғытады» деген мақаласы жарияланды. Тәңіршілдікті қырына алған тұстары бар болғандықтан да бұл мақала тәңіршілдердің әжептәуір толқынысын тудырған мақала болды. Олардың тараптарынан айтылып жатқан пікірлер тікелей Ислам дініне қарсы бағытталып, Ислам дінін қаралаумен ұштасып кеткендіктен де мұсылман ретінде маған да пікірталасқа араласуға тура келді.
Бұл пікірталас барысында екі тараптан да біраз ойлар айтылып, бұл мәселеге қатысты ақиқаттың сұлбасы аз да болса айқындалғандай болды. Сол себепті де оны ықшамдап оқырмандарға ұсынғанды жөн көрдім. Бұл мақалаға қатысты ұзын саны 167 коммент жазылды. Бірақ, мақала өзге автордікі болған соң тек өз пікірлерім мен тәңіршілдердің ілкімді деген пікірлерін ғана іріктеп ұсынып отырмын. Толық нұсқасы Шын. кз сайтында.
Азамат БИТАН. Қаңғыған тәңіршілдік қаңғытады
17.01.2013. 2129. 167
#1 Қонақ. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 13:32
Мен негізі масқара білімсізбін деп өзің айтып мойындап отырсың Олай болса сәуегейсіп елге несіне ақыл айттың. Қазақстандағы Ислам дегенің Яссауидің арқасында бар жақсылықты тәңіршіліктен алған? Исламға қатыстысы тек Құран оқу, бес уақыт намаз оқу, қалғаны түгел тәңіршілдіктен. Ата бабаларымыздан қалған наным сенім салт дәстүрлер олардың несі жаман? Әйтпесе ана надан араб, парсы, ауғандар секілді өмір сүрер едік қой. Бір қазаққа 73 түрлі исламды қабылдатып жетпіс үшке бөлініп алып бір бірімізде қырып жойып жатар едік қой бүгін.
Өркениетті дін болса неге сол арабтарың, парсыларың, ауған мен пәкістаның өркениеттің артында қалып кәпір деген Европаның шаңын жұтып жүр ? Неге Алла тағала оларды қолдамаған. Олар неге өркениеттен кенже қалып сорақы өмір кешуде ? Исламда дамыған өскен ел бар ма ?
Араб, парсы, Пәкістан, Ауған елдері түгелдей терроризмнің ұясына айналды. Бейкүнә халықты жарып өлтіруде. Сол ма жақсылық Исламнан келген ? Араб, парсы, Пәкістан, Ауған елдері ең артта қалған елдердің қатарында, НАДАНДЫҚ өмірдің айнасы. Қазаққа да тілегенің осы ма ? Жетісер екенбіз !!!
Орыстың құлдығынан құтылмай жатып енді қалғаны арабтардың әлі құрылмаған болмайтын Халифатына бодандыққа сұрануымыз қалған ба ? Жетпіс үш түрлі бірін-бірі мойындамайтын бір-бірін жоққа шығарып отырған жетпіс үш Исламның қайсысы дұрыс? Қайсысына сенуіміз керек ? Ол туралы неге сәуегейлік айтпайсың ақылың тасып тұрса ?
Өз ата бабасынан мұра болып қалған салт дәстүрден наным сенімнен бас тартуға шақырасың. Олай болса ертең өз ата-бабаңның басына барып құран бағыштаудан бас тартарсың. Надан қылып қызыңды біреуге қырқыншы қатын қылып сатарсың. Телевизор мен телефоннан безіп өркениеттен мүлде бас тартып арабтардын жетінші ғасырлық өмірімен салт дәстүрімен өмір кешіп надандыққа батарсың белшеңнен. Сол ма сенің мадақтағаның ?
#6 Қонақ. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 14:21
...Дін біздің ана тіліміз үшін күрескен бе екен ? Біз геноцидке ұшырап қырылып жатқанымызда ол дін қайда болды? Неге қырғыннан аман сақтап қалмады ? Қырылып кеткен алты миллион қазақтың дін алдында не жазығы болды ?
#8 Қонақ. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 14:29
Неге Исламның ұясы Египеттің арабтары тек жетпіс пайыз мұсылман? Қалғандары неге сенбейді Исламға ? Ислам елдерінің ішінен дамыған алдыңғы қатарда қандай ел бар? Олар Малайзия, Түркия мен Қазақстан. Біздің қаншалықты озық ел екенімізді ескеріп қойсаң түсінерсің неге өркениеттің артында жүрміз ? Араб, парсы, Ауған, Пәкістан елдері неліктен артта қалған елдердің тізімін бастап отыр. Оларға дамуға кім бөгет қылыпты ? Себебі Ислам өркениеттен бас тартқызып дамудың жолына түсуден бас тартқызады. Тек бес уақыт намаз оқып Аллаға құлшылық ет. Өзгенің бәрі керек емес дейді. Мұндай сенім өркениетке ТОРМОЗ. Неге Ислам елдері дами алмайды ? Себебі олар надандықпен қараңғылықтың құшағында қалып қойған. Сондықтан дінге сенген осы екен деп естен айырылудың қажеті қанша ?
#10 Кен. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 14:45
Ата бабаңның басына барып оларды еске алып құран бағыштаудан да қаларсың ? Өйткені, арабтар нағыз мұсылман, олай етпейді, ол шайтанға сенгенді білдіреді дейді. Ата бабасына Құран бағыштауды тәңіршілдіктен алған қазақ қайтіп одан бас тартсын. Бала күнімізде әжелеріміз аталарымыз рахмет айтқылыры, алғыс айтқысы келсе ТӘҢІР ЖАРЫЛҚАСЫН деуші еді. Ол ата бабамыздан келе жатқан сенім, дәстүр еді. ТӘҢІРІМІЗ ЖАРЫЛҚАСЫН ҚАЗАҚТАР !!!
Ата бабаларымыз Тәңірге сиынғанда САҚ, ҒҰН, ТҮРКІЛЕР, АЛТЫН ОРДА, ҰЛЫ МОҒОЛДАР империяларын құрып шығыста жапон, қытай, корейлерді, батыста бүкіл Европаны Араб елдеріне шейін, Оңтүстікте Үнді еліне дейінгі шекті бағындырып жарты әлемді аузына қаратты. Арабтар қылышын сүйреп Исламды күшпен енгізбек болғанда жерімізге аяқ баса алмады.
Тек он үшінші ғасырдың аяғында Алтын Орда ханы Берке ханның бұйрығымен Ноғай молдаларынан үйреніп Исламды қабылдадық. Соның өзінде халқымыз беріліп жүрегімен жат дінді бойына сіңіре алмай келеді. Себебі, араб тілінде түсініксіз. Арабтар дүниеге өз үстемдігін орнатып барлық елдерді арабтандыруды қалап Құранды өзге тілде оқытпайды. Қазақ әлі күнге тәңіршілдіктен арыла алған жоқ. Соның арқасында Ауған, Пәкістан, Парсы, арабтар сияқты естен айырылған надан елге айналып кеткен жоқ.
Исламға кірген соң түркілер тоз-тоз болып орыс пен қытай, парсы елдерінің құлына айналып кетті. Сол құлдықтан әлі шыға алмай жүрміз. Араб елдеріне барып надандықты үйренген Исламшылар енді сол арабтың құлына айналып Халифат құрайық дейді. Тәңірден кетіп оның қолдауынан айырылған Қахарман Ұлы халқымыз тоз-тоз болып өзгелердің құлдығына түсіп одан көз аша алар емес. Бір құлдықтан шығып болмай жатып екінші құлдықты, Халифатты, надандықты аңсаған санасын құл болу сезімі жайлаған ҚАЙРАН ҚАЗАҒЫМ.
Тәңірді білмейтіндерге айтарым оқу керек. Көздеріңді ашып білімді болуың керек. Ал сендерге ондай болудың ауылы өте алыста. Сендерге түсіну қайда ? Арабтардан үлгі алып жетпіс үш түрлі Исламды қабылдап оның қайсысы шын, қайсысы жалған айыра алмай дауласып, бір-біріңді қазақ жарыңдар, қырыңдар. Солай болса жетісерміз. Жетпіс үш түрлі Исламнын нақтылы қайсысы шын, қайсы Исламды шын Ислам деп қабылдауым керек. Кім маған соны дәлелдеп береді ? Бір бірін жоққа шығарған жетпіс үш түрлі Исламның қайсысын мен қабылдайын шын жүрегіммен сеніп ? Дүмше молдалар маған авторитет емес. Мен оларға сене алмаймын.
#21 Ғалым. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 15:25
Қазақтың басындағы бар зобалаңдарға осы тәңіршілдікті ұстанушы: отқа, суға, аруаққа табынушылылар кінәлі. Осы кезге дейін солардың кәпірлік істерінің кесірінен жалпы қазақ Алланың қаһарына ұшыраумен келеді. Ислам әр нәрсеге емес бір Аллаға табынудың діні. Қаншама Пайғамбарлар келіп дінді түзеп беріп кетсе, олардың ізін ала екіжүзді пұтқа табынушылар дінді бұрмалап, бұзып, өңін айналдырып жібереді де, "міне Ислам дегеніміз осы" деп көкейге шайтани күмән салып халықты Исламнан жеріндіре бастайды.
Қазіргі мұсылман елдерінің бәрі де кезінде империалистік, христиандық езгіде болып солардың іріткілері әрекеттерінің салдарынан өздерінің Исламдық негіздерінен ажырап қалды. Жалпы, мәселе таза Исламдық мемлекеттің болуы, болмауында емес, иманы таза жеке мұсылмандардың болып, болмауында. Ақиретте тұтас елдер, немесе халықтар емес, жеке адамдар өз істерінен жауапқа тартылады. Сондықтан аузыңа келгенді шатпай тіліңе ие болып, өзіңнің істеріңді түзеген абзал.
#26 Қонақ. 17 қаңтар 2013 17.01.2013
Ғалым, сен білгіш екенсің. Түсіндірші, жетпіс үш Исламның қайсысына сенейін ? Алла біреу, ал Ислам неге жетпіс үш түрлі? Неге Ислам біреу ғана емес? Неге оны жетпіс үшке бөліп алған ? Адасу дегенің осы емес пе ?
#27 Қонақ. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 15:48
Үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-анаңды сыйла, құдайдай көр, құдаңды құдайдай сыйла деген ата- бабасының моласына барып еске алып аруаққа сиынған, жалғанды жалғыз құдай жаратқан, құдай біреу ғана, ол Көк аспанда деп үйреткен ата-бабамыздың тәңіршілдігінен не жамандық көресіңдер ? Қазақтың қошқар мүйіз оюы төрт жаққа қараған. Ол дуниенің төрт бұрышын жаратқан бір Тәңір, дүниенің төрт бұрышы бір Тәңірдің қолында, соған бағынышты дегенді білдіреді.
Ғұндар барып Рим империясын талқан еткенде Римді алғалы тұрған Еділ патша алдарынан крест ұстап шыққан Рим папасын көргенде Римді шаппай тоқтаған. Себебі, ол крестпен шыққан Рим папасы Тәңірді, дүниенің төрт бұрышын жаратқан Тәңірді мойындады деп қабылдап түсінген
Христиандар да, Ислам да Тәңіршілдіктен көп жақсы жақтарын үйреніп қабылдап алған өз діндеріне. Тәңіршілдік деген шаманизм емес. Олай ойлағандар надандар. Тарихты білмейтін саналарын надандық пен қараңғылық жайлағандар. Шаманизммен Тәңіршілдікке шатастырмаңдар.
#30 Ғалым 17 қаңтар. 2013 17.01.2013. 16:21
Ақиретке дейін Исламда жетпіс үш топ болады деген хадис бар. Ол топтардың қазір қаншасы бар екенін, және олардың нақты қандай топтар екенін ешкім де қолмен қойғандай етіп санап бере алмайды. Әрине, олардың кейбіреулері, мысалға хариджит деген топ хадистерде нақты көрініс тапқан. Ал Ислам неге жетпіс үшке бөлінеді? Өйткені, Исламды өзінше түсініп, өз Исламын насихаттап топ құрап алатын адамдар шығады. Әрі Исламды іштен ірітуге, оны бөлшектеп құртуға тырысатын діннің жаулары да ешқашан қарап жатпайды.
Қай топты ұстану керек дегенге келсек, әрине шын ұстанғысы келген адамға қиындық жоқ. Исламда сонау Пайғамбар мен оның ізбасарларының кезінен бері мұсылман үмметінінің басым көпшілігін біріктіріп келген әһли сүннет, яғни Пайғамбардың сүннетімен жүретін ханафи, малики, шафиғи, ханбали деген төрт мазхаб бар. Ислам ғұламаларының түгелдей дерлігі осы төрт мазхабтың бірін ұстанып өткен. Егер олар білмесе басқа кімдер біледі, егер олар адасса басқа кімдер тура жол табуы мүмкін? Сондықтан да мұсылман адамға осы төрт мазхабтың бірін ұстану жеткілікті. Сол төрт мазхабтың қазақтар ұстанатын мазхабы ханафи мазхабы. Осы мазхабтың имани шарттары мен, шариғи шарттарын біліп берік ұстансаң болды. Қалғаны Алланың ісі.
#34 Ғалым. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 16:42
«...Ислам ұстанған елдер мен халықтар неге осы өркениеттің артында жүр ?...» Жалпы, бұл көп қырлы мәселе. Қысқасын айтсақ, Алла Тағала Құранда былай деген: "Кім ақырет пайдасын қаласа, оған оның пайдасын арттыра түсеміз. Ал және кім дүниенің пайдасын іздесе, оған одан береміз. Оған ақыретте несібе жоқ". Құран Кәрім. Шура сүресі 20.
Демек, бұл өмірдің қызығын қалағандар қалауларын алып, шалқып жүр, бірақ оларға ақиретте несібе жоқ. Ал мұсылмандар ақиреттің пайдасын қалап бұл дүниелік істерге көп көңіл бөлмеуде. Сондықтан да сырт көрініске қарап асығыс қортынды түймеген жөн. "Тауық балапанын күзде санайды" деген бар ғой.
#36 Қонақ. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 17:37
Иә, Ғалым, дұрыс айтасың. Ақыретке дейін итшілеп өмір сүре берейік. Ақыретте Алла береді жақсы өмірді. Қазақтар ақыретті күтіп осы өмірлеріңе риза болыңдар. Ал мына арабтарды жын ұрған ба ? Ақыреттегі жақсы өмірді тоспай Алланың әміріне жаппай қарсы шығып Тунис, Египет, Иемен, Сирияда қандай қантөгістер жасады ? Сирияда әлі де соғысып жатыр халық екіге бөлініп алып. Бір жағы жақсы өмір керек, патшамыз тақтан кетсін дейді. Екінші жағы осы итшіліген өмір жарайды, ақыретті күтейік десе керек. Бірақ бір-бірлерін түсіне алар түрлері жоқ.
Келешекте бізде де жетпіс үш Исламға бөлініп алып бір қазақ неше топқа бөлініп соғысып кетпесе екен әйтеуір. Соғысқан екі жақтың ортасында өліп қап жүрерміз. Құдай сақтасын, «Ақыреттегі жақсы өмірді итшілеп өмір кешіп тосуға әзірміз» дегендермен «Жоқ, қәзір жақсы өмір сүргім келеді» дегендердің қақтығысынан сақтасын Алла!
#39 Ғалым. 17 қаңтар 2013 17.01.2013. 23:11
«... Ал мұсылмандар ақиреттің пайдасын қалап бұл дүниелік істерге көп көңіл бөлмеуде....» деген сөз бұлай істеу дұрыс деген сөз емес. Шындығында мұсылмандар екі дүние қамын да тең ойлауға тиісті. Бақара сүресінің 201 аяты болып табылатын «Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер, әрі ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта» деген Құран дұғасының мәні осында. Бірақ, өкінішке орай мұсылмандар арасында дүние істеріне деген теріс көзқарас орнығып, соның кесірінен де осы кезге дейін мұсылман елдері ғылыми-техникалық өркендеу тұрғысынан артта қалып келді. Бірақ, бұл болашақта да осылай бола береді деген сөз емес. Ислам әлі өз мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.
Жақсы өмір жайлы айтар болсақ тұрмысы қаншалықты жақсы болса да біз бақыттымыз деп жатқан европалықтар жоқ. Біздікі әншейін солардың тұрмысына сырттай көз сүзіп тамсанған есек дәме ғай. Бұл есек дәме кімдерді алдамаған. Осы есек дәменің соңында жүріп не дүниесі, не ақиреті жоқ талай адам өтіп жатыр ғой дүниеден.
#49 Қонақ. 18 қаңтар 2013 18.01.2013. 10:39
«Ақыретте несібе аламыз, ал әзірше өмірдің азабын тартып журе берейік. Байлықпен билікте шалқығандар ақыретте жазасын алады». Иә тамаша жұбату. Жоқшылықтан өмір тауқыметінен шаршап жүр едім өзімді өзім жұбаттым. Женілдеп қалдым. Несіне тыраштанамын, ақыретте Алла өзі береді емес пе?
Жақсы өмірі талап етпей өмірдің ауыртпалығына мойын сұнып өмір кешуді, жақсы өмірді ақыреттен тосып билікке қарсы сөйлемей тыныш болу жайлы біздің Елбасыға сыбырлап жіберіп Конституциямызға кіргізіп қойсақ тіптен тамаша емес пе ? Сонда ешкім өмірге, билікке наразылық етпей ақыреттен жақсылық күтіп тыныш өмір кешіп жүреді емес пе? Тыныштық пен Тұрақтылық мәңгі орнайды елімізде. Оппозиционерлер мен билікке қарсы келгендерді «Алланың әміріне қарсы болдыңдар, Конституцияға қарсы болдыңдар» деп айыптап көздерін жойып жібере аламыз емес пе ?
Тамаша табылған ақыл. Бірақ неге ана арабтар естерінен айырылып Алла жіберген, Алланың қалауымен ел билеген патшаларына қарсы шығып төңкерістер жасап жатыр екен? Осы арабтар Алланың әміріне бағынудан қалып бара ма қалай өзі?
#51 Қонақ. 18 қаңтар 2013 18.01.2013. 10:59
Неге ..... неге ....неге .... Мұндай сұрақтар туа береді. Ал оған дүмше молдалар мен діндарлар ешқашан жауап бере алмайды. Себебі сауаттары жоқ. Дінге, саясатқа араласуға жол беріп дүмше молдасымақтарды билікке әкелер болсақ, оларға ел билетсек ертең Ауған елінің қатарынан бірақ шығармыз.
#64 Қонақ. 19 қаңтар 2013 19.01.2013. 12:50
Тәңір деген кім? Ол 99 аты бар құдайдың алғашқы аты. Христиандар мен Ислам осы Түркі бабаларымыздан үйренді дүниені жаратқан жалғыз құдай екенін. Шаман, Шаманизм деген не? Ондай сөз қазақ тілінде жоқ. Бізде Бақсы, Балгер, Емші, Әулие дегендер болған. Қазақтар сол ата бабаларымыздан келе жатқан наным-сенімінен, салт дәстүрінен әлі күнге ажыраған жоқ. Мысалы, келін түсіргенде отқа май құю, адам өлгенде жетісін, қырқын, жылын беру, аруақтарға сиыну, оларды қадірлеп, қастерлеу, тағысын тағы. Өмірімізде сол тәңіршілдіктен келе жатқан қаншама жақсы салт дәстүр мен наным сенім бар. Қазақ батырлары жауға шапқанда аруақты ауызға алып шапқан, сөйтіп күшті болған.
Ал қазақта бар наным-сенімдер мен салт дәстүрлерді арабтар жоққа шығарады. Мысалы, адам өлді ме сол күні көміп тастау керек. Оның жетісін, қырқын жылын бермейді. Құран бағыштамайды аруақтарға. Адам өлді, бітті. Ал оларға құран оқу шайтаннан деп түсінеді.
Біздегі Яссауиден келе жатқан Ислам Исламның ішіндегі ең озығы. Ол Ислам тәңіршілдіктің небір жақсы жақтарымен толықтырылып байытылған. Соның арқасында біздегі Ислам араб Исламынан оқ бойы озық дін. Арабтан оқып үйренер ештеңе қалған жоқ. Жабайыланып надандықтың тұңғиығына батқан халық. Олар солай орта ғасырда өмір сүре бермек. Оларда ешқашан даму болмайды.
Тәңіршілдік дегеніміз ҚҰДАЙҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТІП БІР ҒАНА ЖАРАТУШЫ МОЙЫНДАУ. Оны кім қалай атаса да ол құдай біреу ғана. Оның несі жаман? Ата бабамыздан келе жатқан тәрбиелік мәні зор барлық құндылықтарымыздан бас тартып арабша ұзын көйлек-дамбал киіп, қаба сақал жіберсек, әйелімізге, қыздарымызға пәрәнжі кигізіп көшеге де шығармасақ, балаларымызды мектепке бермей ғылыми техникалық жетістіктерінен бас тартып шайтанның ісі деп жатсақ, екінші Ауған еліне айналып кетеріміз оп-оңай. Надандықтың апарар жері сол.
#65 Ғалым. 19 қаңтар 2013 19.01.2013. 13:51
Жарайды, тәңіршілдік дінін ұстанайық. Бірақ, оның оң мен терісті ажыратып беретін кітабы қайда? Жан-жақты талданып, мейлінше нақтыланған имани ілімі мен шариғи заңдары қайда? Құр атынан басқа нақты заты жоқ тәңіршілдік дінін қалай ұстанамыз? Соны жіліктеп түсіндіріп беретін адам бар ма? Тәңіршілдік пен шамандық бөлек дейді, көк тіңірі, от тәңірі, су тіңірі деген тәңірлерге сиынатын көпқұдайшыл тәңіршілдіктің шамандықтан кім сауатты түрде ажыратып бере алады.
Ата-бабаларымыз тәңіршілдікті ұстанғаны рас. Өйткені ол адамзаттың діни танымы әлі толыспаған кезеңдердегі толымсыз дін. Онан кейін Пайғамбарлардың соңы Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы жан-жақты жетілдіріліп, толықтастырған Ислам діні берілді. Мұндай жағдайда уақыты өткен, Алла әдейі ұмыттырып, әдейі жадыдан өшірген көне діндерге жабыса бермей уақытылы кемел дінге ауысу керек. Мұнан кеш қалсақ бәрінен кеш қаламыз.
Біз үшін Исламды тануда араб елдері, араб ұлты бағыт-бағдар түзейтін бірден-бір дұрыс үлгі емес, біз үшін Құран мен Пайғамбардың (с.ғ.с) сүннеті үлгі болуы тиіс. Құран мен сүннет ата-бабадан, ата-анадан, жақсы салт-дәстүрлерден бас тартуды қостамайды. Қазіргі туындап жатқан мәселелер Исламды қалай түсіну мен қалай түсіндіруден туындап жатыр. Егер шынымен де ақиқатты іздеген жан болса Исламды түпнұсқадан, Құран мен сүннеттен, және мазхаб ғұламаларының пікірлерінен іздеген болар еді. Ал Құран мен сүннеттен еш хабары жоқ, тек анау былай істеді, анау былай деді екен деп мәселені үстірт қамтып құр даурығу ақылды адамның ісі емес.
#66 Қонақ. 19 қаңтар 2013 19.01.2013. 14:13
Құранның да аспаннан түскен алғашқы кітабы жоқ. Оны ешкім де дәлелдеп бере алған жоқ. Жетінші ғасырда Ислам ілімін Мұхаммед пайғамбар Жәбірейл пайғамбардың аян беруі арқылы әр уақытта аят-аятымен, сүресімен қабылдап жұртқа жариялады. Ауыздан ауызға тарады. Біреуден біреуге еш өзгеріссіз алып-қосылмай жетіп жатты дегенге сену қиын. Төрт жүз жыл өткен соң Мәлік халиф сол Мұхаммедтен келе жатқан ауызша біреуден біреуге жетіп жүрген Құран сүрелерін аяттарын жиыстырып алғашқы кітабын шығарды. Сонда сол Мәлік халиф адал болды, Құранды өзгертпей жаздырып алғашқы Мұхаммед пайғамбар таратқан ауызша түріне алып қосулар жасамады ма екен ? Міне сондықтан қазір Исламды әркім әртүрлі өзінше түсініп өздерінше ілім жасап алып жетпіс үшке бөліп жүр.
Ал тәңіршілдікке келер болсақ аспаннан түскен қасиетті кітап деген төрт кітап болған сақтар арасында. Бірақ жаугершілік аумалы төкпелі замандарда сақталмаған. Бірақ дүниеде сол тәңіршілдік заманынан мағлұмат беретін кітаптар жоқ емес, бар. Олар Европада, Қытайда, Кореяда, тағы сол сияқты тарихы әріден келе жатқан елдердің кітапханаларында шаң басып жатыр. Оны да тауып, оқып, зерттеп, әлемге паш етер қазақтар табылатынына күмәнім жоқ.
Қазір қазаққа Яссауиден келе жатқан тәңіршілдікпен тамырласып біте қайнасқан Ислам дінін ұстанған пайдалы. Себебі, араб елдерінен оқып келіп адасқанын білмейтін террорист, уаххабистер мен Халифатшылардан аулақ болғанымыз жөн. Оларды саясатқа араластырмау керек. Діннің саясаттан аулақ болғаны дұрыс
#74 Ғалым. 19 қаңтар 2013 19.01.2013.21:50
Құранның Алланың кітабы екенін түсінгісі келген адам гугледен "Құранның ғажайыптары" деп жазып іздеп көрсін. Мұндай әр сүресі, әр аяты, әр әріпі де математикалық ғажап заңдылықпен үйлестірілген мұндай Кітапты адам баласы түгел жын-шайтандар да, періштелер де жаза алмайды. Бұл жайында Құранда былай делінген:
Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де со құсаған бір сүре келтіріңдер, Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса. Егер оны істемесеңдер (қәзір келтірмесеңдер, келешекте) сірә істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны адамдар, тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар! Құран Кәрім. Бақара сүресі 23,24
Олай болса, Құран жайлы дінсіздер айтатын бос сөздерді ойсыз қайталай бермей Алладан қорқайық!
#76 Тәңірқұл. 19 қаңтар 2013 19.01.2013. 22:07
Сырттай мұсылманмын. Намаз оқымаймын, бірақ түшкірсем, аузымнан "әл-хамду л-иллахи раббіл-аламин" өзінен өзі шығып кетеді, сіңіп қалған. Бірақ, адыраспанмен аластаудан, жаңа түскен келіннің бетіне май жағудан, қыз қуудан, алтыбақаннан, жалғыз талға жіп байлаудан, бейсенбіде әруақтарға жеті шелпек таратудан ешқашан бас тартпаймын. Маған дейінгілер сөйтіп келді, мен бас тартсам, ұрпағым қазақ бола ма? Жоқ, әрине. Ал бұның барлығы барып тұрған ширк, зина, күнә.
Лә илаха илла Алла - бір Құдайдан басқа құдай жоқ дегенді мойындаймын. Мұхаммад расулулланы - кешіріңіз, мойындай алмаймын. Туған қызын (Айша) туған ағасының баласына (Әли) қосақтатқан адам жеті атадан қыз алыспайтын ұлыс өкіліне пәктік шыңы бола алмайды. Сондағы Алла, христианның Әке-құдайы, иаһудидың Йеһовасы, түркінің Тәңірісі әр түрлі ізделген Бір Құдай емес пе, не керек бөлісіп.
#92 Ғалым. 20 қаңтар 2013 20.01.2013. 18:56
Мұхаммед расулуллаһты мойындамаған адам мұсылман болып табылмайды. Туған қызы Фатиманы (Айша емес, Айша Пайғамбардың әйелі) туған емес, немере ағасының баласына берсе бұл Алланың үкімі. Адам Ата кезінде өзінің егіздерін айқастырып үйлендірген. Біз бәріміз де солардан тараған ұрпақпыз. Егер жеті атаға дейін қыз бермеймін десең ол өз еркің, бірақ өзгеге тиым сала алмайсың, өйткені, Алланың рұқсат бергеніне ешкім де тиым сала алмайды.
Қазір салт дәстүрге пысқырмайтын ұрпақ өсіп келе жатыр, некесіз, тексіз балалар көбейіп жатыр, мұндай жағдайда бәлен-түген деп Исламнан бас тартсақ бара бара Европа, Америкадағы тәрізді жеті ата түгел өзінің аға-апа, іні -қарындас, әке-шешесімен төсектес болатын жағдайға да жетеміз. Оның шет жағасы келіп те жатыр. Осы ма бізге керегі? Бар бәледен бізді сақтай алатын дін жалғыз Ислам діні. Осыны түсінейікші, ағайын!
#91 Ғалым. 20 қаңтар 2013 20.01.2013. 18:50
Аты бар да заты жоқ Тәңіршілдікті дін ретінде ұстана алмайтындығымызды түсіну үшін көп ақыл керек пе? Қайда сол Тәңіршілдік? Тіпті ұстанайық деп іздесең де таба алмайсың оны! Бізге қазір нақты тұрмыс-тіршіліктің барлық саласын қамти алатын, берік заңдық негіздері бар ұлтымызды ұйыстыра алатын өміршең дін керек. Исламнан басқа ондай дін жоқ. Оны Христиандық Европаның үлкен ойшылдары да мойындап, бойұсынып отыр.
Қазақты ата-бабамыздан келе жатқан құндылықтар, наным-сенім, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сақтайды дейді. Оларға пысқырып та қарамайтын жаңа ұрпақ өсіп келеді, сақтайтын болса қайда сол ұлттық құндылықтар? Ауылда, таза қазақы ортада, қазақы салт-дәстүрде тәрбиеленген жастар қалаға келген бір жылдан кейін-ақ орысша сөйлеп, орыстарға еліктеп өз тілінен, өз дәстүрлерінен жерініп шыға келеді. Осы ма сақтағаны? Шындықты көре білу, оны мойындай да білу керек қой? Ал Исламды бізден берік ұстанатын көрші ұлттар болса өз тіліне, өз діліне беріктік танытуда. "Орыс болу үшін әуелі қазақ болу керек" деген сөзде шындық бар. Егер қазақтың мұсылмандығы берік болғанда тіліміз, діліміз қазіргі аянышты күйге түскен болар ма еді?
Исламда жетпіс үш топ бола берсін, оның бізге не қатысы бар? Ата-бабаларымыздың неше ғасырдан бері ұстанып, халқымыздың санасына салт-дәстүріне сіңісті болып кеткен Ханафи мазхабы ешқайда кеткен жоқ. Сол мазхабты ұстанатын діни басшылық Муфтиат бар, жергілікті жерлерде сол мазхабтың тәртібімен жүретін мешіттер бар, ол мешіттерде мазхаб ұстанатын жамағат бар. Дін ұстанам деген адамға мұнан артық не керек? Біреу сені қалған жетпіс екі топқа күштеп кіргізіп жатыр ма? Олай болса жетпіс үш топ деп босқа даурығудың не қажеті бар? Егер бас басына би болған өңшең қиқымдар білгішсініп жан-жаққа тартып кергімесе бізде дін жағыннан басқа қиындық жоқ.
Жалпы түрде Ислам елдері деп сөйлеудің қажеті жоқ, өйткені Исламның шариғатымен жүретін елдер саусақпен санарлық, олардың өздері де таза Исламның үлгісі бола алмайды. Олар жайлы айту үшін әрқайсысына нақты тоқталып, ондағы халықтың нақты жай-күйімен таныс болып, нақты деректермен сөйлеу керек. Әйтпесе, "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп беталды сөйлеу абыройсыз іс. Христиандық елдердің беретін "лайлы ақпараттарымен" сусындап алып жалпылама топырақ шашу дұрыс емес.
#95 Қонақ. 21 қаңтар 2013 21.01.2013. 10:02
Исламшылар алдымен саясаттан аулақ болыңдар. Өз іштеріңнен жетпіс жеті Исламға бөлінгендеріңді тоқтатып қай Ислам шындық соны дәлелдеп алыңдар өзара. Ол мүмкін емес нәрсе, Сондықтан Исламның келешегі де жоқ деген сөз. Ол сөйтіп өз ішінен іріп-шіріген күйінде дін болудан бір жолата қалады.
Ислам шындық деп өзеурейсіңдер Қайда, қайсы Исламда сол шындық? Сауаты төмен адамдардан надан террористер дайындауды доғарыңдар. Бейкүнә адамдарды жарып, қыру Алланың бұйрығы десеңдер адасқандарыңды сол-ақ дәлелдеп тұр емес пе? Ислам неше ғасыр өтті неге өркениеттің көгіне жетіп шындықты шырқыратып өзін озық дін ретінде әлі күнге көрсете алған жоқ ?
Сендер де тәңіршілдерге ешқандай дәлел айта алған жоқсыңдар бір баяғы сандырақтарыңнан өзге. Надандардың жаттанды сөздері. Өзге дәйекті не тауып айта аласыңдар ? Оған ақылдарың да, білімдерің де жоқ, дүмшелер!
#110 Ғалым Бақыткерейұлы. 22 қаңтар 2013 22.01.2013. 14:07
Бізге қазір қазақты ұлт етіп ұйыстыратын, бір мемлекет етіп тұтастыратын өміршең дін керек. Тәңіршілдік, тәңіршілдік деп сөз таластырып отырған, тіпті өздерінің шын есімдерімен де көрінуге жарамай отырған екі-үш адамнан басқа тәңіршілдікті қажет етіп отырған адамдар бар ма екен?
Бұлардың өздерінің де тәңіршілдіктің не екендігін түсініп, оны өзгелерге түсіндіріп беретіндіктеріне күмәнім бар? Өйткені, Тәңіршілдік деген дін бұрын болса да қазір ондай дін жоқ.Тәңіршілдік дінін ұстану дегеніміз шын мәнінде мүлде дін ұстанбау деген сөз. Мұндай аты бар да заты жоқ, құрғақ сөзді санаулы адамнан басқа жоқтаушысы да жоқ мұндай дін қалайша қазақты ұлт етіп, мемлекетке тірек болар қуатты дін болмақ?
Ислам болса өзінің өміршеңдігі соншалықты Христиандық Европаның өзінен христиан дінін ығыстырып, Европаны Исламдандарып жатыр. Мұндай төрт аяғын тең басқан кемел дінмен ешкім біліп жарытпайтын тәңіршілдік түгел Христиандық тәрізді дүниежүзілік қуатты дін де бәсекелесе алмауда. Мұны түсіну соншалықты қиын ба екен?
#111 Тәңіршіл қазақ. 22 қаңтар 2013 22.01.2013. 16:59
Европада бір екі адам Исламды қабылдапты мыс деген қауесетпен бүкіл Европа Исламға жаппай өтіп жатырды қою керек. Бұл информациялық соғыстың әсері. Ал сен мұнда қара анау бірінші Алматыда бұрынғы Темір Жолшылар сарайына барғайсың, сөйтіп өз көзіңмен көргейсің, қаншама мың қазақ Христианды қабылдап ән салып Иса пайғамбарды дәріптеп жатқанын. Мұндайды әлемнің кез келген елінен. жерінен көресің. Мыңдап, миллиондап өтіп жатыр сол құрып жатқан Христиандыққа
КТО НЕ С НАМИ ТОТ ПРОТИВ НАС деген агрессиялы саясаттарыңның кесірінен бүкіл дүние жүзіне жексұрын болып барасыңдар. Терроризмнің фабрикасына жаппай айналдыңдар емес пе? АЛДЫМЕН ӨЗДЕРІҢ ӨЗГЕНІ СЫЙЛАУДЫ ҚҰРМЕТТЕУДІ ӨЗГЕНІНІҢ ПІКІРІМЕН САНАСУДЫ ҮЙРЕНІҢДЕР. КІМ КЕЛІСПЕЙДІ ЕКЕН ПІКІР ТАЛАСТЫРА БІЛІҢДЕР. СОҒЫС АШЫП ҚОҚАН ЛОҚЫМЕН ҚОРҚЫТЫП БОС АЙҚАЙ ШУМЕН ҚОРЛАҒАНША ҚАРСЫЛАСТАРЫҢДЫ.
ӨЗГЕ ДІНДЕРДІ ДЕ СЫЙЛАП ҚҰРМЕТТЕЙ БІЛІҢДЕР, ТЕК БІЗДІКІ ЖӨН ДЕЙ БЕРМЕЙ. ЕЛГЕ АҚЫЛ АЙТҚАНША ИСЛАМ ІШІНДЕГІ ҚАЙШЫЛЫҚТАР, АЛАУЫЗДЫҚТАРЫҢДЫ РЕТТЕП АЛСАҢДАРШЫ. ЖЕТПІС ЖЕТІГЕ БӨЛІНГЕН ҚАЙШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ӨРКЕНИЕТТІҢ АРТЫНДА ҚАЛҒАН ДІНГЕ КІМ СЕНЕДІ, ЖӘНЕ КІМ ОДАН ҮЛГІ АЛАДЫ ? АЛДЫМЕН ИСЛАМДЫ ЖӨНГЕ САЛЫП АЛЫҢДАР, ӨЗГЕЛЕРДІ СЫНҒА АЛМАСТАН БҰРЫН.
#115 Ғалым Бақыткерейұлы. 22 қаңтар 2013 22.01.2013. 18:22
Егер қазақ неше ғасыр ұстанып келе жатқан ата-баба діні Исламға берік болғанда қазіргі кейбір қандастарымыз христиан дініне мойын бұрмас еді. Христиан миссионерлерінің өздері Исламды берік ұстанатын ұлттардың алдында өздерінің дәрменсіз екендіктерін мойындауда. Жетпіс жыл дінсіздіктен кейінгі кезеңде батыстың майлы шелпегімен келген христиан діні қазір белгілі бір жетістіктерге жетіп жатса бұл Исламның нашарлығының дәлелі бола алмайды. Егер қазақ тәңіршілдік дінін ұстанғанда Патша үкіметінің кезінде-ақ жаппай шоқынып кеткен болар еді.
Европаның өзінде түк беделі қалмаған Христиан секталарына кейбір қазақтар қызығушылық танытса бұл олардың "күні батып бара жатқан" батыс өркениетіне тамсанып жүрген көрсоқырлығының жемісі. Бар жақсылық, жоғары өркениет батыста деген сенім осындағы тәңіршілдердің де пікірлеріндегі өзекті ой. Демек, бұл олардың да батысқа "батуға" бейім екендіктерін байқатады. "Біреудің қаңсығы біреуге таңсық" дегендей өзгенің қаңсықтарына қызығып жұтынуды қашан қояр екенбіз?
Алла қаласа қазақтың өз ата-бабасының діні Исламға толықтай бет бұратын күндер де келеді. Өйткені, Ислам жеңімпаз дін. Өйткені, ол Алланың Хақ Діні. Және бұл дүние де, ақирет те Алланыкі. Түптің-түбінде бәріміздің де баратын жеріміз Алла Тағаланың алды. Сондықтан да "адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң" дегендей Ислам дініне, оның Ханафи мазхабына ұйысып жатқан ұлтымызға қосылып, өз үйірімізді табалық!!!!!
#112 Тәңіршіл мұсылман қазақ. 22 қаңтар 2013 22.01.2013. 17:07
БІЗДЕР УАХХАБИСТЕР, ТАЛИБШІЛДЕР СЕКІЛДІ ЭКСТРЕМИСТЕР ЖАЙЛАҒАН ЕЛДЕ ЕМЕС, ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРУДІ ҚАЛАЙМЫЗ. ҚАЗАҚТЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ ОСЫНЫ ҚАЛАЙДЫ. КЕЗ КЕЛГЕН ДІНДЕР МЕН АҒЫМДАР СЕКІЛДІ ТӘҢІРШІЛДІК ТЕ ӨМІРДЕ ОРНЫ БАР. ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚ БОЛЫП ӨЗ ӨРКЕНИЕТІН МӘДЕНИЕТІН, САЛТ- ДӘСТҮРІН, ӘДЕТ- ҒҰРПЫН, ТӘҢІРШІЛДІКПЕН БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМ СЕНІМДЕРІН САҚТАП ҚАЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ.
ҚАЗАҚТАР ОРЫСТАНУҒА НЕМЕСЕ АРАБҚА АЙНАЛУҒА МІНДЕТТІ ЕМЕС ЕШКІМНІҢ АЛДЫНДА. УАХАБИСТІГІҢДІ, ТАЛИБШІЛІГІҢДІ, АРАБШЫЛЫҒЫҢДЫ ҚАЗАҚҚА КҮШТЕП ЕНГІЗЕ АЛМАЙСЫҢДАР. СОНЫ ҰҒЫҢДАР НАДАН, ЖЕТЕСІЗДЕР! ОНДАЙ ӨМІР ҰНАСА ТАЯУ АУҒАН ЕЛІНЕ КӨШІП КЕТІҢДЕР ДЕ РАХАТ ӨМІРГЕ КЕНЕЛГЕЙСІҢДЕР. ТЕК БІЗДІ, ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАЙЫМЫЗҒА ҚАЛДЫРҒАЙСЫҢДАР.
#113 Ғалым Бақыткерейұлы. 22 қаңтар 2013 22.01.2013. 17:46
Ислам дінінің, соның ішінде де Ханафи мазхабының қазақтың ата діні болып кеткеніне талас жоқ. Неше атадан бері халқымыз осы дінді, осы мазхабты ұстанып қазақ болып келді. Бүткіл дүние жүзі қазақты Ислам дінін ұстанатын мұсылман халық деп біледі. Енді келіп оны тәңіршілдік дінін ұстанатын халық етіп көрсету тіпті де мүмкін емес. Бұл ешкімге де абырой әпермейтін іс.
Ислам дінін ұстансақ араб болып кетеміз деген сөз мүлде қисынға симайды. Неше ғасыр мұсылман болған қазақ араб емес қазақ болып келді. Қайта мұсылмандықтан айырылған жетпіс жыл ішінде орыс болып кетуге шақ қалдық. Ислам дінін ұстанатын басқа халықтар да, алысқа бармай-ақ көрші халықтарды алайық, олардың ешқайсысының араб болып кеткендері шамалы. Бәрі де ұлт болып ұйысып, мемлекет болып ірге бекітіп отыр.
Исламды ұстансақ өркениет көшінің соңында қалып қоямыз деп те қорқудың жөні жоқ. Ол қандай өркениет, Америкалық, Европалық мәдениетке негізделген "адам адамға қасқыр" деген жабайы өркениет пе? Рухани азғындап, халқының өсімі тоқтап күні батып бара жатқан Европалық өркениетке ілесеміз деп ұлтымыз да азғындап ұлтсызданып, өсімі азайып кетті. Тек Исламға бет бұрған соңғы жиырма жылда ғана халқымыз еңсе тіктеп келе жатыр.
Жарайды, Ислам кертартпа дін болсын, сонда қазақты жаҺандану үрдісінен, жаппай ұлтсыздану, рухани азғындаудан құтқарып қалатын, қазақты өркениеттің шыңына шығарып, өркендетіп жіберетін дін тәңіршілдік діні болғаны ма? Бұған кім сенеді?
Жетпіс үш топ бұл бір кезеңде пайда болатын топтар емес. Бұлар Исламның бастауы мен ақиретке дейінгі аралықта Исламның өзегі болып табылатын әһли сүннет төрт мазхабпен тіресіп жүретін әрқайсысы әр кезеңде пайда болатын топтар. Қазіргі Исламды алып қарасақ тәңіршілдер жұртты шошытып отырған қаптаған жетпіс екі топ жоқ.
Шындығында қазір өздерін салафилер деп атайтын, өзара ондаған топтарға бөлініп кеткен уаххабилер деген топтың бел алып жүрген уақыты. Солардың шығарып жүрген шулары Исламның жаулары үшін халықты Исламнан үркітетін жақсы бір себеп болып тұр. Алла қаласа олардың да күндері өтеді, соларға бола Алланың хақ діні Исламнан бас тартуға бола ма? "Битке өкпелеп тоныңды отқа тастама" деп қазақ атамыз айтқан емес пе?
#114 Тәңіршіл мұсылман қазақ. 22 қаңтар 2013 22.01.2013. 18:11
Дүниені кезген небір діндер мен ағымдарды секталардың өкілдеріне төрімізден орын беріп тайраңдатып қоямыз. Оларды қаңғыған деп тілдемейміз Азамат Битанның оған өресі жетпей қалыпты. Ал өз халқымыздың өткенінен көз, әлі күнге Қазақ еліндегі Қазақ ұлты ұстанып отырған, сол өткеннен келе жатқан халқымыздың наным-сенімдері араласқан Исламды ұстана отырып сол Исламға араласқан бойымызда жүрген ата-бабалар наным-сенімі тәңіршілдікті ТІЛДЕЙМІЗ келіп.
Өркениетті жапон халқы кәзір өткеннен қалған өзінің СИТОИЗМ дінін қадірлеп, қастерлеп, құрметтеп, өткен ата-бабалар жолына бас иеді. Өткен өркениетіміз деп бағалайды. Ал біз болсақ олардан үлгі алмай битке өкпелеген тонын отқа салғандар секілді ӨТКЕН ӨРКЕНИЕТІМІЗДЕН ЖЕРІП ЖИІРКЕНЕМІЗ, ОНЫ ТІЛДЕЙМІЗ. Міне мәселе қайда жатыр Менің келісе алмайтыным осында. Оны ұғар діндарлар бар ма ?
Тәңіршілдіктің қазаққа бергені мол. Одан жиіркеніп безінуден гөрі өткен өркениетіміз деп қадірлеп, қастерлеп, ата бабаларымызға құрмет етіп ұрпақ тәрбиелеу керек жапондар секілді. Сонда өркендейміз. Озық халық боламыз. Исламның жақсысымен тәңіршілдіктің жақсылығынан ажырамай екеуін де қатар ұстау керек жапондар секілді. Қараңдаршы, жапондар қандай өркениетке жетіп отыр. Өткені мен қазіргесін ұштастыра үйлестіре алғандықтан.
Тәңіршілдіктің жақсы жақтарының Исламға, ия, нағыз Исламға еш қайшылығы жоқ. Олар бірін-тек толықтырып байытады. Сондықтан Яссауи бабамыз солай үйлестіре уағыздады Исламды. Сол нақтылы жол қазақ үшін. Ал Уаххабистер? Талибшілдер тағысын тағы толып жатқан ағымдар бір қазақты бөлшектеп қырқыстырып бітіреді. Содан аулақ болуымыз керек.
#116 Ғалым Бақыткерейұлы. 22 қаңтар 2013 22.01.2013. 18:46
Жапония, әрине дәстүріне мықты халық ретінде көрінеді. Және олардың жетістіктері де қызығарлықтай. Бірақ, ол олардың ұстанатын діндерінің мықтылығы емес. Шын мәнінде олар ұлтарақтай жерде иін тіресіп тоқсан тоғыз пайыз жапон ұлты болып өмір сүріп жатқан ел. Және олар басшыға бой ұсынғыш, өте тәртіпті халық. Және олар жұмыстан бас алмайтын өте еңбекқор халық. Бұл айтылған ерекшеліктердің ешқайсысы да қазаққа тән емес. Мұны мойындау керек.
Жапон ұлты ешбір елге бодан болған жоқ. Мұны да ескеру керек. Өйткені, өзге ұлтқа бағынышты болу адамны бойында қожайынына құлдық ұратын құл мінезді қалыптастырады. Мысалға, орысқа бодан болған қазақ әлі күнге дейін орыстарға бас ұрып, оларды өздерінің қожайындары ретінде сезінетін құлдық бойұсынушылықтан әлі де арыла алмай жүр.
Жапон халқына ұқсайтын кәрис халқының бодандықта болған Оңтістік Кореясындағы халық тұтастай дерлік христианданып кетті. Демек, олардың ұстанған ата-баба діндері де, дәстүрлері де, бірыңғай тұтаса мекендеуі де, еңбекқорлықтары да олардың христианданып кетулеріне еш бөгет бола алған жоқ. Бұл мысал жапондардың да айтарлықтай дініне, дәстүрлеріне мықты халық емес екендіктеріне дәлел бола алады. Қазіргі кезде оларды жастарының батыстың ықпалына түсе бастағандары жөнінде де деректер бар. Сондықтан жапондарды әсіре әспеттеу орынсыз деп білемін.
#120 Қонақ. 23 қаңтар 2013 23.01.2013. 10:03
Тәңіршілдік қазақ ұстанып отырған Яссауи ілімінен тұратын Исламға нұқсан келтірген емес. Қайта ол қазақ Исламын толықтырып, байытты, оны озық Исламға айналдырып отыр. Ислам дінін бұзып жүргендер ол діннің өз ішінде. Сонымен күресу керек. Тәңіршілдікпен емес. Бір Исламды жетпіс үшке бөліп алып жетпіс үш Ислам бір-бірімен бітіспес жауға айналған. Міне сол Ислам үшін қауіпті жауларың өз іштеріңде. Сырттан жау іздегенді қойып, тәңірді тілдегенді қойып, яғни құдайдың бірінші аты Тәңір болғандықтан Алланы тілдегенді қойыңдар.
Тәңіршіліктен бас тарт дегенің ата-бабаларымыздың өткен көшпенді өркениетінен, мәдениетінен, әдет-ғұрпынан, салт дәстүрлерінен, НАНЫМ-СЕНІМІМІНЕН бас тарту деген сөз, яғни ҚАЗАҚШЫЛЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДАН бас тарту дегенмен бірдей ұғым.
Мен жалпы ҚАЗАҚШЫЛЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДАН БЕЗІНГЕНГЕ ҚАРСЫМЫН.
Ұлттық болмысымыздың айнасындай болған ұлттық киімдеріміз тұрғанда АРАБША киініп алған қазақтардың надандығына қарап жиіркенемін. Ұлттық әдет ғұрып салт дәстүрлеріміз мәдениетеміз тұрғанда одан жиреніп безінгендерді көргенде де солай оларды жақтыра алмаймын. ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚ БОЛЫП ҚАЛАЙЫҚ ТА АЛДЫМЕН. ОРЫСТАНУ МЕН АРАБТАНУДАН АУЛАҚ БОЛСАҚ СОЛ ИГІ ҚАЗАҚ ҮШІН.
#124 Қонақ. 23 қаңтар 2013 23.01.2013. 14:29
Тәңіршілдікті яғни жаратушы құдай біреу ғана деп таныған тек бір құдайды танып сыйынуды ата бабамыздан мыңдаған жылдар бойы халқымызбен біге жасап келе жатқан өркениетімізді мәдениетімізді салт дәстүрлерімізді әдет ғұрпымызды оларға қатысты наным сенімдерімізді ШАМАНИЗМ деп қабылдап түсінетіндердің надандығы мені таң қалдырады.
Шаман Шаманизм сөзі қазақ тілінде жоқ, Қазақта ондай ұғым да жоқ, Ол буряттар секілді Сібір халықтарына қатысты ұғым, Бақсылықты түсіндіреді. Шаманизмнің Тәңіршілдікке қатысы да байланысы жоқ. Қазақта оған ұқсас Бақсылық Емші Балгер деген ұғымдар бар Шаманизм соны білдіретіні анық....
Тәңіршілдік дегенің қазақтың көне заманнан өзге халықтардан бұрын бір жаратушы бар, Құдай біреу, Ол көктегі Тәңір деп Құдайдың алғашқы атын айтып табынғаны бір құдайға. Онда тұрған не бар ? Исламда бір ғана құдай бар ол Алла деп құдайдың соңғы атын айтады. Мұнан Ислам мен тәңіршілдік арасынан қандай қайшылық тауып жүрсіңдер ? Соны түсіне алмаймын. ШАИПГТЗИДІ ТӘҢІРШІЛДІККЕ ЖАПСЫРЫП ШАТЫСҚАНДЫ ҚОЙСАҢДАРШЫ. ОЛ НАДАНДЫҚТЫ БІЛДІРЕРІ АНЫҚ.
#126 Ғалым Бақыткерейұлы. 23 қаңтар 2013 23.01.2013. 15:20
Тәңіршілдік ата-бабаларымыз ұстанған дін екеніне еш талас жоқ. Бірақ, оның кезінде қандай дін болғаны жөнінде, оның сенім ілімі, құлшылық ғұрыптары жөнінде жеткілікті түрде деректер жоқ. Оның шамандық ғұрыптармен мидай араласып кеткені соншалықты ол бірқұдайға табынушылық дін болды ма, әлде көпқұдайға табынушылық дін болды ма оны да қазір ешкім ажырата алмайды.
Әрине, ол жақсы болсын, жаман болсын біздің өткеніміз, ал қаншалықты жаман болса да өткенінен безіну дұрыс емес. Ол мүмкін де емес. Бірақ, өткенді болашаққа сүйреу де дұрыс емес. Алла Тағала әдейі Тәңіршілдікті біздің жадымыздан өшіріп, оның орнына онан да жақсы, біздің қазіргі сұраныстарымызға толық жауап беретін кемел дінін нәсіп етті. Бізге қазір Исламға арабтың да, парсының да, немесе өзбектің де көзімен қарамай оған өз көзімізбен қарап, өзіміздің ұлттық санамыз арқылы зерделеп, өзіміздің бай тәжірибемізге сүйеніп оны өз мұратымыз үшін мейлінше тиімді пайдалану қажет. Сол арқылы біз Исламды да дін ретінде мейлінше терең аша алатын боламыз.
Ислам әлі де тиісінше ашылмаған, сол себепті де әлі тиісінше қолданыс таппаған дін. Ол ғасыр өткен сайын өз кемелдігін паш ете беретін, қай кезеңде де болмасын адамзаттың рухани сұранысын толық қанағаттандырып отыратын бірден-бір ақиқи дін. Олай болса оны тануда, оны ашуда, оны қолдануда өз ұлттық санамызды, өз ұлттық өремізді мейлінше пайдалана отырып ұлт ретінде биіктен көріне білейік. Оған біздің сан ғасырдан бірі жинақтаған өзіндік бай өмірлік тәжірибеміз, сол негізде қалыптасқан кең дүниетанымымыз, және сезімге бай жан дүниеміз де мүмкіндік береді. Тек бізге қазір жетіспей жатқаны өз жолымызды дұрыс айқындап, сол жолда жұмыла әрекет ету. Бірақ, қазақ бұл қиындықты да еңсеретін болады. Өйткені, Алла Тағаланың бізге деген қабағы түзу.
#127 Қонақ. 23 қаңтар 2013 23.01.2013. 16:40
Ғалым айтқаныңмен ішінара келісуге болар. Бірақ мәселе Азамат Битанның ЖОҚ жерден БАЙБАЛАМ салып өз халқының өткеніне құндылықтарына от шашқан надандығы себеп болып тұр ғой. Кім сол тәңіршілдікпен Исламға НҰҚСАН КЕЛТІРІПТІ ? Жоқ жерден құр бос байбалам не үшін қажет болды екен оған ? Исламға НҰҚСАН келтіріп жатқандар болса ол бірінші өзге діндер мен түрлі секталардан елімізге келіп ойларына келгендерін істеп жатқандар. Екіншіден, Исламға нұқсан келтіріп жатқандар олар. Исламның өз ішіндегі жетпіс үш түрлі ағымдардың қайшылықтары. Ал тәңіршілдіктен Исламға тиіп жатқан НҰҚСАНДЫ МЕН КӨРЕ АЛМАДЫМ
СОНДА МҰНДАЙ ТӘҢІРШІЛДІКТІ ТІЛДЕГЕН БАЙБАЛАМ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ БОЛДЫ ЖӘНЕ ОЛ КІМДЕРГЕ ТИІМДІ БОЛҒАНЫ ? ӨЗІҢДЕ СОЛ АЗАМАТ БИТАННЫҢ НАДАНДЫҒЫ ЖАЙЛЫ АУЫЗ АШПАДЫҢ ҒОЙ НЕЛІКТЕН ? АЗАМАТТЫҢ ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ӨТКЕНІНЕ СОНДАЙ ШҮЙЛІГІП ТІЛДЕЙТІНДЕЙ ҚАНДАЙ ӨШПЕНДІЛІГІ БАР ӨЗ ХАЛҚЫНА ?
ИСЛАМҒА ҚАРСЫЛАРМЕН КҮРЕСЕМІН ДЕСЕ ТОЛЫП ЖАТЫР ЕМЕС ПЕ ОНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖАУЛАРЫ. ӨЗГЕ ДІН МЕН СЕКТАЛАРМЕН КҮРЕСЕМІН ДЕСЕ КІМ ҚОЙ ДЕП ТҰР ОҒАН ?
АЛ МЕН ЖАЛПЫ ҚАЗАҚШЫЛЫҚҚА ҚАЗАҚТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗҒА ҚАРСЫЛАРҒА ҚАРСЫМЫН. ОНДАЙЛАР ҚАЗАҚТЫҢ НАҒЫЗ ЖАУЛАРЫ МЕН АЛДЫМЕН ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЛАРЫМЕН ЖАУЛАСУҒА ДАЯРМЫН. ҚАЗАҚТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ САҚТАЙ АЛАР БОЛСАҚ ҚАНА ҚАЗАҚ БОЛЫП ҚАЛА АЛАМЫЗ.
#133 Ғалым Бақыткерейұлы. 23 қаңтар 2013 23.01.2013. 19:50
Ислам мен пұтқа табынушылар арасында бітіспес дұшпандық бар. Бұл Құранда былай көрініс тапқан:
«Расында сендерге Ыбырайым (Ғ.С.) және онымен бірге болғандар, бір көркем өнеге болды. Сол уақытта олар елдеріне: «Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызға мәңгі дұшпандық, өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз» деген». Құран. Мүмтахина сүресі 4 .
Мұсылмандар бірқұдайшыл саналатын йаһудилер мен христиандардың діндеріне, олардың есімдері басқа құдайларына шүйлікпейді. Сол сияқты тәңіршілдік те егер бірқұдайшылық діні болса онда мұсылмандар тарапынан төзімділік күтуіне болар еді. Бірақ, тәңіршілдер оны жеткілікті түрде дәлелдей алмай жүр. Олардың тәңіршілдіктері шамандықпен, яғни жынға табынушылықпен, және аруаққа табынушылақпен астасып кеткен. Сол себепті де мұсылмандар тәңіршілдікті таза пұтқа табынушылық, Алладан өзгелерге табынушылық ретінде қарастырады. Сол себепті де олар оған дұшпандық танытады.
Мүмкін, Тәңіршілдік негізінде Адам пайғамбардың (с.ғ.с) кезінен бері қауымдарға насихатталып келе жатқан бірқұдайшылық ілімі жатқан болар. Бірақ, уақыт өте келе адамдар бұл сенімге өздерінің пұтқа табынушылық сенімдерін араластырып бұзып жіберген болулары мүмкін. Мұндай жағдайлар Құранда жақсы баяндалған.
Егер тәңіршілдік бірқұдайшылдықты насихаттайтын дін болғанның өзінде де оның кітабы жоқ. Тіпті кітабы болғанның өзінде де ол Алла Тағаланың соңғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы жіберілген соңғы дін Ислам дінімен алмастырылуы тиіс. Өйткені, кітаптар түсірілген йаһуди мен христиандардың да толықтастырылған соңғы дін Исламды қабылдаулары қосталады. Сондықтан да бұрын тәңіршілдік дінін ұстанған қазақтардың тәңіршілдіктен Исламға өтуі, онда да Исламды жатырқамай өз еріктерімен жаппай қабылдаулары Ислам дінінің оларға жат көрінбегенін байқатады. Бұл жауынгер, азат халықтың өз таңдауы болды. Олай болса сол қазақтың қазіргі ұрпақтарына ата-бабаларының бұл таңдауларын жоққа шығаруға болмайды.
#134 Қонақ. 24 қаңтар 2013 24.01.2013. 10:34
Тәңіршілдіктің кітәбі сақталмады. Ал Құранды да құдай аспаннан жазылған кітәб түрінде берген жоқ. Мұхаммед пайғамбар айтыпты-мыс, аян түрінде қабылдапты-мыс, аян кылып оған беріпті-мыс деген ауыздан-ауызға ауызша айтылып келген сөздерді ол өлген соң төрт ғасыр өткенде Мәлік халифтың бұйрығымен діндарлар құрастырған жиынтық аяндар. Құранды да халифтер мен діндарлар біздің Конституциямыз секілді өздеріне ыңғайлап неше көшіріп бұрмалап жаздыртты. Бұл Исламның шығу, тарау тарихы. Ол белгілі нәрсе.
Менің түсінгенім барлық діндер, олардың түрлі ағымдары адамдардың өздері шығарып алған ІЛІМДЕР. Сондықтан олар неше мың түрлі. Сондықтан бір Ислам жетпіс үшке бөлініп жүр. Қазіргі заманның өзінде толып жүр емес пе өз-өзін құдай жариялап жүргендер. Ерте заманда да ондайлар қаптап жүрген ғой.
Арабша киініп қаба сақал қойып әйел қыздарыңды пәрәнжі жаптырып уйде қамап ұстау, ғылым білімнен безіну ӨРКЕНИЕТТІҢ ШЫҢЫ деп білсеңдер өздерің біліңдер. Сондай өмірмен өмір сүре беріңдер. Бірақ өзгелерге ондай өмірді күшпен жапсырмаңдар. Саясаттан аулақ болыңдаршы. Сендер секілді көр соқыр надандар ел билесе жетісерміз!
#142 Қонақ. 24 қаңтар 2013 24.01.2013. 15:00
Исламды бұзып жатқандар тәңіршілдік емес, Тәңіршілдік баяғыда құрып жоғалған дейсіңдер де тәңіршілдікке шүйлігесіңдер кеп. Соны түсіне алмадым. Сонда ол не істеп қойыпты осы сендерге ? Исламды өз ішіндегі жетпіс үшке бөлінген дін бұзарлар бұзып жатыр. Ол анық. Сонымен неге күреспейсіңдер. Кім сендерге кедергі жасап қолдарыңнан қағыпты ? Оған келгенде сендердің үндерің де шықпас. Себебі, әлсіз бейшара боп қаласыңдар. Жетпіс үш түрлі бірі бірін мойындамайтын Исламмен айтысуға шамаларың жетпесі анық. Содан «қаз ашуын тырнадан алады» дегендей жоқ тәңіршілдікпен шайқаспақсыңдар, яғни Дон Кихоттың жел диірменімен алысқаны секілді.
Алдымен елді Исламға шақырмас бұрын Исламның өз ішін түзеп реттеп алған жөн емес пе ? Сондай маңызды іс тұрғанда жоқ тәңіршілдікпен айқасып не керек болды сендерге ? Исламға нақты қауіп қайдан, кімнен екенін анық екені белгілі емес пе? Ол Исламның бөлінуі, және Ислам өркениетінің артта қалып үлгі бола алмауында. Алға суырылып шығып әлемге Исламның артықшылығын дәлелдеп дамудың өркендеудің үлгісін көрсете алып жатсаңдар кім сендерге қой депті ?
#145 Қонақ. 25 қаңтар 2013 25.01.2013. 14:36
Исламшылар арасында БІЗ МҰСЫЛМАНБЫЗ БІР БІРІМІЗГЕ ТУЫСҚАН БАУЫРМЫЗ МҰСЫЛМАНДЫҚТА ҰЛТ ЖОҚ деген ұғым идея белең алып барады. Ол не ? Ол Исламды қабылдаған адам мұсылман, ал мұсылманда ұлт жоқ, өз ұлтыңнан оның құндылықтарынан бас тартып өзіңді тек мұсылман деп мойында деген сөз. Ислам немесе мұсылмандық АРАБ деген ұғым. Мысалы орыстар Евразия атаулы заты Орыс империясын құрып бізді қайта отарламақшы. Орыс деген атау болмағанмен заты орыс империясын құруды көздейді. Сол сияқты арабтар да Ислам, мұсылман атағанымен заты араб империясын құрып дүниеге үстемдік орнатуды көздейді.
Исламшыларға салсақ олар Қазақ қазақтығынан, ұлтынан, өркениеті мен мәдениетінен, әдет ғұрпы мен салт дәстүрлерінен бас тартып қазақ ұлты деген ұғымнан арылуы керек. Бұл алғашқы сатысы. Кейін Алланың тілі, Құран тілі араб тілі сондықтан мұсылман баласы бір ғана араб тілінде сөйлеуі керек дегенге көшетіні анық. Сонымен бірге жаппай араб киіміне көшеміз. Арабша сөйлеп Қазақ екенімізден бас тартып өзімізді мұсылман деп қана танып білетін боламыз. Мінеки, осы исламшылдардың көксегені. Қазақты Қазақтығынан, Ұлттық болмысынан, өркениетінен мәдениетінен, әдет ғұрпынан, салт дәстүрінен, наным сенімінен, тіпті тілінен айыру, сөйтіп жалпы мұсылман аталған арабқа айналдыруды көксейді.
АЛ МЕН ҚАЗАҚТЫ ҚАЗАҚТЫҒЫНАН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫНАН АЙЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЗАҚТЫ ҰЛТ РЕТІНДЕ ЖОЙЫП ЖІБЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ӘРЕКЕТТЕРДІҢ БӘРІНЕ, СОНЫ КӨКСЕГЕНДЕРГЕ ҚАРСЫМЫН. ОЛАР ҚАЗАҚТЫҢ, ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ, ТАУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ, ТІЛІМІЗДІҢ, ӨРКЕНИЕТІМІЗДІҢ, МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ, ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫҢ ҚАС ЖАУЛАРЫ.
ЖАСАСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ, ҚАЗАҚ ҰЛТЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ, ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ! АЛҒА ҚАЗАҚСТАН! ҚАЗАҚТАР МЫҚТЫ БОЛАЙЫҚ!
#148 Ғалым Бақыткерейұлы. 25 қаңтар 2013 25.01.2013. 22:25
...МЕН ҚАЗАҚТЫ ҚАЗАҚТЫҒЫНАН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫНАН АЙЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЗАҚТЫ ҰЛТ РЕТІНДЕ ЖОЙЫП ЖІБЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ӘРЕКЕТТЕРДІҢ БӘРІНЕ СОНЫ КӨКСЕГЕНДЕРГЕ ҚАРСЫМЫН...
Біреу қазақты қазақтығынан, ұлттық болмысынан айыруға бағытталған, қазақты ұлт ретінде жойып жіберуге бағытталған әрекеттердің бәріне, соны көксегендерге қарсы екен. Және жалындаған отты ұран сөздері де бар. Бірақ, оның кім екені белгісіз. Мұндай да қисынсыздық болады екен.
#149 Қонақ. 26 қаңтар 2013 26.01.2013. 10:06
Қисынсыздық өздеріңде Исламның ішкі және сыртқы жауларымен күресіп аларсыңдар алдымен. Қазақтың қазақтығын білдірер өткеннен келе жатқан өркениетімен, мәдениетімен, әдет ғұрпымен, салт дәстүрімен баяғыда жоғалған тәңіршілдігімен арпалысып қайтесіңдер. Одан Исламға келіп жатқан зиян бар ма ? Қайта Яссауи бабаңнан келе жатқан қазақ жеріндегі Исламды толықтырып байытқаннан өзге не зияны болыпты безінетіндей. Одан айырылу қазақ болудан қалу деген сөз.
Қазақты қазақ болудан айыруға шақырғандардыкі надандық емей немене ? Күресер болсаңдар алдымен анау Азамат Битан секілді аузына келгенін айтып көкігендермен, өз халқының құндылықтарынан жиіркеніп безінгендердермен күресерсіңдер. АЛ МЕН ҚАЗАҚПЫН. ПАРТРИОТПЫН. СОНДЫҚТАН ҚАЗАҚ БОЛЫП САҚТАЛУ МЕН ҮШІН БӘРІНЕН ДЕ ЖОҒАРЫ.
#152 Қонақ. 26 қаңтар 2013 26.01.2013. 12:06
Тәңіршілдік дін емес - ол философия. онда адам Тәңірдің баласы. Исламда адам құдайдың құлы. Енді таңдап алыңдар, кім болғыларың келеді
#156 Ғалым Бақыткерейұлы. 26 қаңтар 2013 26.01.2013. 16:12
Тасада тұрып Исламға тас атқан адам өзінің кім екенін Алла білмейді дей ме екен? Адамдардан жасырынғанша Алладан жасырынсайшы, мықты болсаң. Ислам дегеніміз Алланың адамдарға берген тура жолы. Оны түсіне алмаған, немесе түсінгісі келмейтін адамдар оны бұрмалап, оны теріс түсіндіріп, оған кір келтіріп жүрсе оған Ислам кінәлі ме? Жалпы, тырнақтың астынан кір іздеген адам оны қашанда табады. Сондықтан да адам кірді емес ақиқатты іздеуі керек, әрине ол егер таза адам болса.
Исламды адамдардың істеріне қарап емес, оның кітабы Құранға қарап бағалау керек. Ал
Құран жайлы тағы да айтар болсақ, Құран Жебірейіл періштеге (с.ғ.с) тұтас кітап күйінде түсті. Ал Жәбірейіл (с.ғ.с) оны адамдардың түсінулеріне оңайлатып, және әр оқиғаларға орайластырылып жеке-жеке сүрелер ретінде жиырма жыл бойына жеткізумен болды. Құран Пайғамбардың (с.ғ.с) аузынан жеке сүрелер ретінде жазылынып алынды. Және жады мықты сахабалар Оның әр әріпіне дейін мұқият жаттап алды, және ондай сахабалар ондап емес жүздеп саналған.
Ал Құранды бір кітапқа жинақтау барысында жазбалар мен Құранды жатқа білетін сахабалардың келтіретін сүрелері бір бірімен салыстырылып мұқият сараптаудан өткізілді. Оның жіті сарапталғаны соншалықты Құранды жинақтау барысында тіпті бір әріптің оқылуына байланысты да талас туындап отырған. Ең бастысы Алла Тағала оның кемел Кітап болуын қалады, сондықтан да солай болды да.
Құран сүрелері бір Кітапқа жинақталып бекітілгеннен кейін оған еш өзгерту енгізілмеді. Оны бұл тұрғыда конституциямен салыстыру мүлде орынсыз. Құранның кереметтігі сонда оның әр сүресіндегі аяттардың саны мен әріптерінің саны да қатаң заңдылық бойынша орналасқан. Ол жайында ізденген адам қажетті мағлұмат ала алады.
Құран сүрелерінің аяттары мен оның орналасу тәртібінің ешқандай да кездейсоқтық емес екендігіне дәлел келтірсек, Фатихадан басталып, Нәс сүресімен аяқталатын сүрелерді көлденең орналастырып, ал ондағы аяттардың санын тігінен орналастырып график сызғанда Аллаһ сөзі шығады. Егер Құран жай ғана конституция жинағы тәрізді кітап болғанда онда мұндай керемет болған болар ма еді?
Қонақтың Ислам жөніндегі білімі қатардағы атеистің білімінен сәл ғана артық тәрізді. Өйткені, ол шариғатқа қайшы келмейтін салт-дәстүрлерді қабылдайтын мазхаби Исламның бар екенінінен хабарсыз. Осы мазхаби Ислам арқылы қазақтың да басқа ұлттардың да неше ғасырдан бері өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап келгені жөнінде жеткілікті түрде айтылса да қонақ Ислам діні қазақты жойып жібереді деп қайталаудан бір тынбайды. Қазақты құртса тек уаххабизм тәрізді әсіре топтар құртады, бірақ Ислам тек уаххабизм емес. Исламның негізгі ұйытқысы әһли сүннет төрт мазхаб. Бұл дінтану пәнінен сабақ алып жүрген мектеп оқушысына да аян.
Арабша киім, сақал жайында да қанша айтуға болады. Ата-бабаларымыз қазіргі қазақтар тәрізді сақалдарын күнде қырып қатынбет болып жылмиып жүрді дегенге кім сенеді? Қазақтың қай хан-сұлтандары, би-батырлары, ақын-жыраулары сақалсыз болыпты? Қазақ қай кезде де сақалсыз болмаған, сонда нағыз қазақтыққа кімдер жақын? Сақал қойғандар ма, әле оны қырып тастайтындар ма?
Қазақтың әйелдері қазіргідей ашық-шашық киінбеген. Осы тұрғыдан алғанда хиджаб кигендер қазіргі жартылай жалаңаш әйелдерден көрі қазақтыққа әлдеқайда жақын. Өздері де, әйелдері де қазақтың ұлттық киімін кимейтін жандардың қазақшыл болып көрінуге тырысатындары қызық. Нағыз қазақшыл болсаң өзің де, әйелдерің де қазақы киімдерді кисін, олай істемейтін болсаң өзгелерде шаруаң болмасын. Адам әуелі өзіне қарап, өзінен бастауы керек. Қалғаны бос сөз.
#157 Ой. 26 қаңтар 2013 26.01.2013. 20:57
Алладан басқа Тәңірі жоқ дейсіздер. Ендеше Алла деп жүргендеріңіз Тәңірі ғой.
#158 Күнтуды. 26 қаңтар 2013 26.01.2013. 21:14
Тәңіршілдік дегеніміз ол дін емес, жеке адамның ұстанымы. Мынау дүниеде бір жаратушы бар, бірақ ол біз ойлағандай емес. Ол бізге өмір сүруді жазды. Ендеше өмірді адам секілді сүр. Тәңіріні медет ет, Қара жерге құрмет ет, екеуінің арасында адам секілді табыскер, жеңімпаз болу. Ал о дүние белгісіз, оны ешкім де дәлелдеген жоқ. Сондықтан о дүние Тәңіршілдік ұстанымы үшін белгісіз, бәлкім жоқ болуы да мүмкін.
Бірақ, рух мәңгілік. Адам өлгенде оның жеке рухы әлем рухына қосылады. Бірақ жеке адам ретінде өзі өледі. Оған догма кітап керек емес, адамзаттың осыған дейінгі мәдени қазынасы оның кітабы. Ол даналық, ой жүгірту, парасаттылық, іздену, жаңалық ашу, зерттеу, тт. арқылы дүние, өмір туралы пікір қалыптастырады. Ол сенім ретінде мәлім бір айтылымға нану емес, өзіне сену, өмірге сену, ізгілікке сену және Тәңіріге сенуді көрсетеді. Діндерге түсіністікпен қарайды. Бірақ ешбір дінге берілмейді. Бірақ, олар Атеистер емес, өйткені олардың өмірі Тәңіріні құрметтеу, медет ету, және Тәңірі сыйлаған өмірін мән-мағынаға ие ету! Ол Көктүркілердің Тәңірі. Ол Білге Қағанның ТӘңірі, ол Күлтегіннің Тәңірі. Ол Шыңғысханның Тәңірі, Ол Жошының Тәңірі! Ол Әрбір жеке дара қазақтың мәңгілік медеті.
Қазіргі заманның шетел ғалымдары да Бір жаратушы бар екеніне сенеді, бірақ оның Бұдда, христиан, ислам, еврей діндерінде айтылғандай болғанына сенбейді. Қайта бұл діндердегі о дүние бөгде ғаламшарлықтардың мекені деп түсінідіреді. АЛ Тәңірі ғаламның, өмірдің иесі. Ол жарық! ОЛ күн секілді қиелі! ОЛ дегеніміз өмір тіршілік бастауы!
#160 Ғалым Бақыткерейұлы. 26 қаңтар 2013 26.01.2013. 23:47
"Алладан басқа тәңірі жоқ" дегенде тәңірі құдай мағынасында алынады. Мысалы, құдайды бог дейтін орыстар үшін "нет бога кроме Аллаха" деп жеткізіледі. осылайша қай халықтың тілінде құдай қалай аталады, соған байланысты " Алладан басқа (...) жоқ" деп түсіндіріледі. Сол сияқты құдайды тәңірі деп білетін түркілер үшін де Алланың жалғыз, нағыз құдай екендігі "Алладан басқа тәңір жоқ" деп түсіндіріледі.
Күнтуды "адамға догма кітап керек емес" деген пікір айтады. Жарайды, онда мектеп оқушысына білім алуға мүмкіндік беретін әліппе болмасын, өйткені ол да догма кітап. Және түрлі пән оқулықтары да болмасын, өйткені олар да догма кітаптар. Және жоғары оқу орындарында да түрлі мамандыққа баулитын оқулықтар болмасын, өйткені олар да догма кітаптар, сонда олар қажетті білімді қайдан алады? Сол сияқты рухани салада да ақиқатты тануға, оң мен терісті, жаман мен жақсыны, адал мен арамды ажыратуға мүмкіндік беретін кітаптың болуы заңды.
Догмалық пән оқулықтарын сол саланың білікті мамандары жазса, ақиқатты танытатын діни догма кітапты бүткіл дүниені жаратқан, соның ішінде ақыл иелерін де жаратқан, сол себепті де өзі жаратқан ақыл иелеріне ақиқатты жеткізуді өз міндетіне алған Жаратушы жазады. Өйткені, Жаратушыдан артық ондай Кітапты кім жаза алуы мүмкін?
"...адамзаттың осыған дейінгі мәдени қазынасы оның кітабы. Ол даналық. ой жүгірту, парасаттылық, іздену, жаңалық ашу, зерттеу, тт. арқылы дүние өмір туралы пікір қалыптастырады..." Күнтуды.
--------
Мұндағы айтылатын мәдени қазынаны жазғандар жұмыр басты пенделер. Олардың не біліп жарытуы мүмкін? Олар ой жүгірту, жаңалық ашу, зеріттеу арқылы өзіндік догмаларын қалыптастырады. Олардың шала догмаларын даналық деп қабылдап, соларды ұстанған талай адамдар бастарын тауға да, тасқа да соғып адасып жүр. Өйткені, олар "соқырдың етегінен ұстаған соқырлар".
... о дүние белгісіз, оны ешкім де дәлелдеген жоқ. Сондықтан о дүние Тәңіршілдік ұстанымы үшін белгісіз, бәлкім жоқ болуы да мүмкін. Күнтуды,
-------
Егер о дүние тәңіршілдік ұстаным үшін белгісіз болса, онда құдай саналатын тәңірдің адам баласынан артып кетіп тұрғаны шамалы. Егер ол шынымен де жаратушы болса, ол үшін о дүниенің бар жоғы қалайша белгісіз болуы мүмкін? Демек, тәңірі дегеніміз жаратушы емес. Ал егер ол жаратушы болмаса адамға қалай өмір силауы мүмкін? Демек, адам баласы өзіне өмір силағаны үшін тәңірге емес басқа құдайға қарыздар болып шығады. Ол құдай, әрине Алла Тағала. Демек, Алла Тағала ғана Күнтуды айтатындай "Әрбір жеке дара қазақтың мәңгілік медеті".
Қазіргі заманның шетел ғалымдары да Бір жаратушы бар екеніне сенеді, бірақ оның Бұдда, христиан, ислам, еврей діндерінде айтылғандай болғанына сенбейді. Қайта бұл діндердегі о дүние бөгде ғаламшарлықтардың мекені деп түсінідіреді. Күнтуды.
-------
Адам баласы үшін жаратушы, білуші Алла түсірген Кітабы Құран тұрғанда әлдебір шетел ғалымдарының қияли долбарлары "дәрі" емес.
Қазақ атамыздың айтуы бойынша қарғыстың ең жаманы "өзің білме, білгеннің тілін алма" деген қарғыс екен. Осылай Алланың қарғысын алған дінсіздерді "ұйып" тыңдап, олардың қисынсыз долбарларын дәлел етіп тықпалағанша білуші Алланы тыңдап, Соның тілін алалық та, ағайын!

Комментариев нет:
Отправить комментарий