среда, 29 апреля 2015 г.

Әйеліңді ұруға бола ма?

Мейрімді, қамқор Алланың атымен бастаймын!

Әйеліңді ұру тақырыбында пікірталас.

Svaha Сваха:   Кім  әйелді ұрған болса – оның еркек ретінде өлгені!

Алла Пилипчук,  Svaha Свахаға жауап:  Толық келісемін....

Шарипа Шайхова:   Ия, солай!

Оксана Гамидова:  ӘЙЕЛГЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕН ЕРКЕК – ҚОРҚАҚ, ӘРІ ӘЛСІЗ ЕРКЕК. ӨЗІНЕН КҮШТІГЕ ҚОЛ КӨТЕРСЕ ҚАРЫМТАСЫН КӨТЕРЕ АЛМАЙДЫ, СОНДЫҚТАН ДА КҮШІН ӨЗІНЕН ӘЛСІЗДЕРГЕ, ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨРСЕТЕДІ.  

Тахмина Рахманова: Ондайдан Алла сақтасын!

Дилфуза Уразбаева:  Сондайларды жек көремін!

Хисматулина Файруза: Қымбатты әйелдер, бастарыңнан тәждеріңді шешіңдер де тілдеріңді аздап тиыңдар. Сонда сендер бақытты боласыңдар. Неліктен сүйіспеншілік күйзеліске  ауысады? Өйткені, оны такаппарлық алмастырады.

Ғалым Бақыткерейұлы: Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені, Алла бірінің алдына біріне артықшылық берді. Сондай-ақ, олар мал-мүлкінен де пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал  бағынбауларынан қорқатын әйелдерді үгіттеңдер, және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар, (онда да болмаса)  ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда оларға қарсы  жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі.Құран Кәрім. Ниса 4:34

Джарулла Гаджиев:  Ғалым Бақыткерейұлына сұрақ. Барлық тіршілік иелері Құдайдың жаратылысы,  олар Раббылары Алланың алдында тең дегенді қалай түсінуге болады?

Ғалым Бақыткерейұлы: Олар Құдай алдында тең, бірақ бұл дүниеде жамандық бар, сол себепті де Құдай адамдардың игіліктері үшін заң беріп олардан осы заң бойынша жүріп-тұрып, оның шегінен шықпауды  талап етеді. Барлық қамқор ата-аналар  балаларының өздеріне бой ұсынғандарын қалайды. Және бойұсынбаушылықтары  үшін оларды жазалайды. Сол сияқты Алланың  да Өзіне бойұсынбағандарды жазалауға құқығы бар.

Жер бетіндегі барлық жаратылыс Алла алдында тең, бірақ бұл теңдік оларды өз істерінің жазасынан құтқармайды. Бәрі де  істері үшін Алла алдында жауапты. Әділдік деп осыны айтамыз.

Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері Алланың жаратылысы, және олар Раббылары Алланың алдында тең. Бірақ, олар өзара тең емес.

Джарулла Гаджиев: Істің мәні де осында, барлық жаратылыс жұбымен, олардың алғашқылары АДАМ мен ХАУА. Діни догматизм өз ойларын Құдайдың атынан соқырлықпен түсініреді. Онда да Құдаймен бірге отырып Онымен тілдесіп отырғандай етіп ұсынады. Және барлық пайғамбарлар Құдай алдында тең болмады. Әділдікке қатысты айтар  болсақ, мистикада ол өте аз болып табылады.

Демек, сіз анаңызды, немесе басқа әйелді ұрып жатқанда қарап тұратын болдыңыз ғой? Исламның қатігездігі дегеніміз осы. Ғалым, сіз Құран мен қылыш деген сөзбен таныс боларсыз   деп ойлаймын.

Ғалым Бақыткерейұлы: Егер сіз мұсылман болсаңыз, онда Алланың адам баласы үшін ненің жақсы екенін олардың өздерінен де  артық білетініне сенуге тиіссіз. Егер ол әйелді ұруға рұқсат берсе, демек оның  да тәрбиелік мәні болғаны. Аятта айтылған: «Ал  бағынбауларынан қорқатын әйелдерді үгіттеңдер, және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар, (онда да болмаса)  ұрыңдар». Бұл жерде «ұрыңдар» сөзі ең соңында айтылады, демек, қол жұмсау, бұл үгіттеу мен төсекте тастап қою әсер етпеген кездегі тәрбиенің соңғы әсілі.

Онан әрі былай делінеді: «Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда оларға қарсы  жол іздемеңдер». Мұнда еркектердің шектен шығып кетпеулеріне ескерту бар. Егер ұрған соң да әйел бой ұсынбаса, онда онан ажырасуға рұқсат етіледі. Сіздіңше қалай еткен дұрыс болады,  бір рет қолыңды батырып оны ақылға салған ба, әлде жүз күн  босқа ұрысып, керіскен бе? Әлде үгіттеп, төсекте тастап қойғаннан кейін бірден ажырасып кеткен дұрыс па? Сонда балалардың халі не болмақ?

Сондықтан да некені сақтау үшін жөнге салудың  соңғы тәсілі ретінде қол жұмсау да дұрыс болады. Таяқ – Адам Ата мен Хауа Ананың кезінен бері келе жатқан  жөнге салудың сынақтан өткен тәсілі болып табылады.  Өйткені, таяқ жемейінше тынышталмайтын адамдар бар. Әдетте, «әйелді ұру» деген сөздің өзіне әйелдердің  зығырданы қайнайды, және олар күйеулерінің қолдарына ие болғандарын қалайды. Бірақ, бір қызығы сол әйелдер өз балаларын ұрып жатады. Және оны тәрбиенің әдеттегі  тәсілі санайды. Тіпті кейбір әйелдер күйеуін түйгіштеуден де  тартынбайды.

Ақылды әйел ешқашанда күйеуін қол жұмсайтын жағдайға жеткізбейді. Мұндай әйелді күйеулері бағалайды, және жақсы көреді. Егер әйелі осындай ақылды бола алмаса еркектер не істемек?

Алла әйелді ісіне орай ұруға рұқсат берді. Егер әйелді қол жұмсау арқылы жөнге салуға конституция арқылы тиым салынар болса, одан әйелдерге одан жақсылық болады деп ойлайсыз ба? Егер Алла әйелді күйеуінің жұдырығы арқылы жөнге салмаса, онда оны  одан да жаман тағдырдың  «ауыр жұдырығы»  арқылы  жөнге салатын болады.  

Джарулла Гаджиев:  Демек, Алла еркектерге тәрбиесіз болуға рұқсат берген екен ғой, өйткені, тәрбиесіз еркек қана әйелге қол көтереді. Бұл да Исламның қатігездігінің мысалы.

Ғалым Бақыткерейұлы:  Тәрбиелі адамның көрінісін жасап «сыпайы» түрде  күле жүріп қыңыр қатыныңды күнде іштей қарғаған  жақсы ма, әлде еркек ретінде   оны бір  ұрып біраз  уақытқа дейін   тәубесіне түсіріп қойған   жақсы ма? Жазасыздық адамды бетімен кетіреді. Сондықтан да орнымен жұдырық жұмсау кейбір әйелді  жөнге салудың бірден-бір жолы.

Ислам бойынша әйелді ұруға рұқсат бар, бірақ оны аяусыз соққыға жығуға болмайды. Сондықтан да Исламды қатігездікте айыптаудың қажеті жоқ. Ислам өмірдің қандай жағдайына қатысты болмасын парасатты шешім ұсынатын ең парасатты дін. Шектен тыс көңілшек болмаңыз.

Джарулла Гаджиев: Сіздің айтқандарыңыз бойынша мынадай қортынды жасауға болады, ТӘРБИЕДЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ  ҚАЖЕТІ ЖОҚ, ҚАМШЫ МЕН ЖҰДЫРЫҚ БОЛСА ЖЕТІП ЖАТЫП.

МААРРЫДАН ШЫҚҚАН ҰЛЫ СОҚЫР ӘБУ-Л-ӘЛЯ БЫЛАЙ ЖАЗАДЫ: МЕШІТТЕ СӘЖДЕ ЕТІП ЖАТҚАН АДАМНЫҢ  ҚҰЛШЫНЫСЫ  ҚҰДАЙҒА ҚАЖЕТ  ДЕП ОЙЛАЙСЫЗ БА?

ӘЛХАМДУЛИЛЛАҺ!  МІНЕ, ОСЫНДАЙ ҚАМШЫ МЕН ҚЫЛЫШ ӘДІСІМЕН МҰХАММЕД (С.Ғ.С.) СИНАЙ ТҮБЕГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ӨЗІНЕ БАҒЫНДЫРЫП, ОЛАРДЫ ӨЗІНІҢ ДІНІН ҚАБЫЛДАУҒА МӘЖБҮРЛЕДІ.

Нұрлан Көшімов: Құрметті Джарулла Гаджиев, сіз әуелі Әлхамдулиллаһсөзінің не мағынаны білдіретінін біліп алыңыз. Бұл біріншіден, екіншіден, Исламда ежелден зорлық жоқ.

Ғалым Бақыткерейұлы: «...МЕШІТТЕ СӘЖДЕ ЕТІП ЖАТҚАН АДАМНЫҢ  ҚҰЛШЫНЫСЫ  ҚҰДАЙҒА ҚАЖЕТ ДЕП ОЙЛАЙСЫЗ БА?...». --- Сіз күніне бес мезгіл дәрет алып сәждеге жығылып намаз оқып көріңіз. Сонда ғана сіз құлшылық бұл түрінің қаншалықты ерік күшін қажет етенінін түсінер едіңіз. Егер мұсылман жалқаулық пен ұйқының қысып тұрғанына қарамастан намазға тұрып Алланың талап ететін құлшылығын атқаратын болса, оның құлшынысының Аллаға қажет емес екенін сіз қайдан білесіз? Құлшылық етушінің құлшынысының  қаншалықты қажеттігін  Бір Алла ғана біледі.

Сіздің Әлхамдулиллаһ (Аллаға мадақ) деген сөзіңіз бен қалған  сөздеріңіз бір-біріне қайшы келуде. Сондықтан да надан болмай саналы түрде  екеуінің бірін таңдаңыз.

Егер Синай түбегінің тұрғындары Исламды қаламаса, Мұхаммед Пайғамбардың(с.ғ.с.) жалғыз өзі ол түбекті  жаулап алар ма еді? Егер тұрғындардың өздері Исламды қабылдауды қаласа, сіздің онда шаруаңыз қанша, сіз ол түбектің тұрғыны емессіз ғой? Егер  түбектің тұрғындары өз таңдауларына риза болса, олар үшін сіз несіне қам жейсіз?

Ешкім де өзінің анасын, апа-қарындастарын, және қыздарын күйеулерінің ұрғанын жақсы көрмейді. Сол сияқты мен де оны қаламаймын. Бірақ, өз қалауымызды дін ісіне араластырмаған жөн. Алла әйелді жөнге салудың бұл әдісіне рұқсат берді, демек,  біз оны қабылдауға тиіспіз.

Онсыз да еркектердің халі мүшкілге айналды.  Еркіндік алып бетімен кеткен әйелді  ұрысып сөзбен жеңе алмайсың, құр кіжінумен де қорқыта  алмайсың, қол жұмсасаң он бес күндік  қамау дайын. Жұбайлық міндетін талап етсең саудаласа бастайды, күшке салсаң зорлады деп шағымданады, ажырассаң үйді өзіне қалдырып, қаңғытып жібереді. Онымен қоймай мойынға алимент іліп қояды. Осылайша мемлекет те, Ата Заң да толықтай әйелдердің жағында. Еркектерге тек әйелдердің табаны астына тапалуға, немесе бомж болып қаңғып кетуге, болмаса асылып өлуге тура келеді.

Сол себепті де  жұбайлардың  ақылын, психологиясын, мінезін, тәрбиесін, және олардың арасындағы басқа да түрлі жағдайларды ескере отырып қамқор да дана Алла Тағала әйелді ұруға тиым салмады. Таяқ пен тоқаш әдісі жаратылыстың екіжақтылығынан бастау алады. Олардың бірін жою тепе-теңдіктің  бұзылуына әкеліп соқтырады.  Сондықтан да ол  қиратушылық сипатқа ие.

Джарулла Гаджиев:  Ғалым Бақыткерейұлы, сіздікі өте дұрыс, мұндай дәлелді ой-пікірді сирек оқып,  естисің. Рахмет!!! Адал болыңыз, сонда сізде бәрі жақсы болады. Құранның ой тереңдігін жақсы түсіндіңіз деп ойлаймын.

Ғалым Бақыткерейұлы:  «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың»  Құран Кәрім. Бақара 2:32

Қамқор Алла. Құранды үйретті. Адамзатты жаратты. Оған сөйлеуді үйретті. Құран Кәрім. Рахман 55:1-4

Мамыр-маусым. 2013 ж.

Комментариев нет:

Отправить комментарий