Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын?
Әрбір намазхан адам қандай намазға болмасын алдын ала ниет қойылатынын біледі, өйткені, оқылатын намаздың қандай намаз екенін сол ниет анықтайды. Ал, Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздары жөнінде жеткен хадистерге шолу жасап отырсаң оларда ниет жайында айтылмай тек жалпылама түрде осынша ракат оқылды деп айтылады. Мұның себебі, ол кездегі адамдардың түсінуі үшін осының өзі де жеткілікті болып табылады.
Бірақ, бұл хадистерде ниет жайында айтылмауы, сол себепті де түнгі намаздардың ара жігінің ажыратылмай барлығы бір намаз ретінде көрініс табуы кейінгілерді шатыстырып жаңсақ пікірлердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Осындай жаңсақ пікірдің бірі «түнгі намаздың барлығы да үтір намазы болып табылады» деген пікір. Мысалға, Шейх Албани өзінің «Ночной намаз в месяце Рамадан» деген еңбегінде үтір намазының уақыты жөнінде былай дейді:
«Түнгі намаздың уақыты – бұл Иша намазынан кейін Фаджр намазы басталғанға дейінгі уақыт. Бұл Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисына негізделген: «Алланың Елшісі: «Шын мәнінде, Алла сендерді тағы бір намаз арқылы мығымдады, бұл – үтір! Олай болса, оны түнгі, және таңғы намаздардың аралығында оқыңдар!»(Ахмад 6/397, Тахауи 1/250).
Әрбір намазхан адам қандай намазға болмасын алдын ала ниет қойылатынын біледі, өйткені, оқылатын намаздың қандай намаз екенін сол ниет анықтайды. Ал, Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздары жөнінде жеткен хадистерге шолу жасап отырсаң оларда ниет жайында айтылмай тек жалпылама түрде осынша ракат оқылды деп айтылады. Мұның себебі, ол кездегі адамдардың түсінуі үшін осының өзі де жеткілікті болып табылады.
Бірақ, бұл хадистерде ниет жайында айтылмауы, сол себепті де түнгі намаздардың ара жігінің ажыратылмай барлығы бір намаз ретінде көрініс табуы кейінгілерді шатыстырып жаңсақ пікірлердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Осындай жаңсақ пікірдің бірі «түнгі намаздың барлығы да үтір намазы болып табылады» деген пікір. Мысалға, Шейх Албани өзінің «Ночной намаз в месяце Рамадан» деген еңбегінде үтір намазының уақыты жөнінде былай дейді:
«Түнгі намаздың уақыты – бұл Иша намазынан кейін Фаджр намазы басталғанға дейінгі уақыт. Бұл Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисына негізделген: «Алланың Елшісі: «Шын мәнінде, Алла сендерді тағы бір намаз арқылы мығымдады, бұл – үтір! Олай болса, оны түнгі, және таңғы намаздардың аралығында оқыңдар!»(Ахмад 6/397, Тахауи 1/250).
Мұнда ол «түнгі намаздың уақыты...» деп бастап тек үтір намазы жөнінде ғана айтады да сол арқылы өзінің түнгі қосымша намаздардың барлығын да үтір намазы ретінде санайтынын байқатады. Және «Үтірде оқылатын ракаттардың санына байланысты түнгі намаз тұтастай үтір намазы деп аталады» деп түсініктеме бере отырып осы пікірін нақтылай түседі. Бұған қосымша ретінде «К Исламу» деген уахаббилік сайтта жарияланған «Молитва Тарауих» деген мақаладан да үзінді келтіре кетейін. Авторының көрсетілмеуі бұл мақаланың жалпы уахаббилік ұстанымды жария ететін білдіреді.
«...кейбір шафиғиттер Айшаның «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген сөзі тек үтір намазына қатысты ғана айтылған дейді. Бұл жөнінде имам әл Касталяни хабарлайды. «Иршад ас-сари» 5/14 Осы негізде кейбір имамдар тахаджуд пен үтірдің арасын ажыратады.
Алайда, бұлай ажыратуға ешқандай сілтеме жоқ. Және «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан кезінде қалай намаз оқыды?» деген сұраққа жалпылама түрде жауап бергендіктен мұндай түсінік сол Айшаның хадисінің ішкі мағынасына қайшы келеді. Егер үтір намазы мен түнгі қиям бөлек намаздар болғанда ол бұл жөнінде міндетті түрде айтқан болар еді. Алайда, оның жауабы «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген жалпылама түрде болды».
Осы үзінділерден Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намаздары он бір ракаттан аспаған деп пікір айтып жүрген уаххаби мұсылмандардың тахаджуд пен үтір намаздарының арасын ажыратпай оларды бір намаз ретінде санайтындары көрінеді. Бұл, шын мәнінде, қате пікір болып табылады. Негізінде, түнгі қиямға құптан намазы мен таң намазының аралығында оқылатын намаздар жатады. Бұл аралықта өз алдарына бөлек ниетпен тахаджуд пен үтір намазы оқылады.
Демек, түнгі қиям аралары ажыратылған тахаджуд пен үтір намаздарынан тұрады. Бірақ, осы бір дәлелдеудің де қажет жоқ тәрізді көрінетін анық нәрсенің өзін де басқаша түсініп, одан басқа қортынды шығаруға да болады екен. Сол себепті де тахаджуд пен үтір намаздарының бөлек намаздар екендігіне қатысты дәлелдер келтіре отырып, бұл мәселенің де басын ашып алу қажет болуда.
Біріншіден, Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намазын оқып болып үтір оқитын кезде ғана Айшаны оятатын болған.
«Айша Алланың Елшісінің белгілі бір уақыт түнгі намаз оқығанын, ал, өзінің оның алдында көлденең жатқанын жеткізеді. Тек үтір қалған кезде ғана ол оны оятып, ол (Айша) үтірді орындады.» (Муслим 744-1.)
Айшадан: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) түнде намазды бастап оқыды, ал үтірге кірісерде: «О, Айша, тұр, үтірді оқы» деді. (Муслим 512)
Бұл хадистерде «Тек үтір қалған кезде ғана ол оны оятып, ол (Айша) үтірді орындады», және «намазды бастап оқыды, ал үтірге кірісерде: «О, Айша, тұр, үтірді оқы» делінген түрде Пайғамбардың (с.ғ.с.) тахаджуд пен үтірді екі бөлек намаз ретінде оқығаны айқын көрініс тапқан.
Екіншіден, «Укба Ибн Харрис былай деді: «Алланың Елшісінің «Түнгі намаз екі ракаттық намаздардан тұруы тиіс, ал, таңның жетіп қалғанын байқасаң бір ракат үтір орында» деп айтқанын Ибн Омардан естідім. Ибн Омардан «екіракаттық намаз дегеніміз не?» деп сұрады. Ол: «Әр екі ракаттан соң сәлем бересің» деп жауап берді.(Муслим 749-1)
Бұл хадисте «таңның жетіп қалғанын байқасаң бір ракат үтір орында» делінген түрде үтір намазы бөлек айтылады. Демек, бұл үтірге дейінгі оқылған намаздардың үтір болмағанын көрсетеді. Бұл хадистің тағы бір назар аударатын жері, мұнда «Әр екі ракаттан соң сәлем бересің» делінген. Әрбір екінші ракатта сәлем беру ол екі ракаттың аяқталғанын білдіреді. Ал, екі ракатпен аяқталған намазды қалай үтір намазы деп айтуға болады?
Әрбір аяқталған екі ракат сайын келесі екі ракатқа ниет ету керек болады. Және ол екі ракатқа да үтір деп ниет қою тағы мүмкін емес. Өйткені, екі (жұп) ракатпен аяқталатын намазға үтір (тақ ракат) деп ниет қою ақылға симайды. Олай болса, әр екі ракат сайын сәлеммен аяқталып отыратын намаздардың үтір намаз болуы мүмкін емес. Шын мәнінде, ол намаздар тахаджуд ниетімен оқылған таза тахаджуд намаздары болып табылады.
Жоғарыдағы хадисте «Әр екі ракаттан соң сәлем бересің» деп екі ракаттың аяқталатыны айтылады да, келесі екі ракатқа ниет қойылатыны айтылмайды. Бірақ, ниетсіз намаз басталмайтынын, сол себепті де ол екі арада айтылмаса да ниет тұратыны әрбір намазханға да түсінікті болуы тиіс. Өйткені, екі ракатты сәлеммен аяқтаған соң ниет етілмей тек тәкбір айтып қана келесі екі ракатты бастап кете беруге болады деген дәлел жоқ. Сондықтан да әр екі ракат сайын тахаджуд намазына ниет етіліп отырылады. Басқаша мүмкін емес. Осылай екі ракат сайын сәлем етіп қалағанша тахаджуд намаз оқылған соң ғана жалпы оқылған намаз санын тақ ететін үтірге ниет етіліп үтір намазы оқылады. Бұл жағдай мына бір хадисте жақсы көрініс тапқан:
Айшадан: «Алланың Елшісі жұрт «қараңғы» деп атайтын түнгі (құптан) намазды аяқтаған соң таң атқанша он бір ракат оқыды. Әр екі ракат сайын сәлем беріп, оны бір ракаттық үтірмен аяқтады.
Үшіншіден, Айшадан жеткізілген: «Алланың Елшісі бір түнде бес ракаты үтір болып табылатын он үш ракат орындайтын...» (Бухари 737.)
Бұл хадисте он бір ракаттың бес ракаты ғана үтір екені анық айтылған. Егер он бір ракаттың бесеуі ғана үтір болса, онда қалғаны тахаджуд екеніне еш күмән жоқ.
Төртіншіден, Ибн Аббас айтты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) түнгі намазды оқыған соң қайтып келді де төрт ракат оқыды. Сонан соң ол оянды да сегіз ракатқа жеткенше екі екіден бөліп намаз оқыды. Сонан кейін арасында (ташшахудқа) отырмастан бес ракат үтір оқыды». ( Әбу Дәуд 1358. Хадисті Албани сенімді санайды.)
Тахаджуд пен үтірдің арасын ажыратпайтын Шейх Албанидің бұл хадисті сахих деп бағалай отырып оның мағынасына жіті назар аудармағаны байқалады. Өйткені, мұнда тахаджуд намазы мен үтір намазының екі бөлек намаз екені анық көрініс тапқан. Пайғамбар (с.ғ.с.) әуелі екі-екі ракаттан тахаджуд оқып, сонан соң арасын бөлместен бес ракат үтір оқыған. Егер олардың бәрі үтір болатын болса, онда әуелі екі ракаттан бөліп оқып, сонан соң бес ракатты бір деммен оқудың не қажеті бар деген орынды сауал туады?
Бесіншіден, тахаджуд пен үтір намазының бөлек намаздар екені тарауық намазын он бір ракаттан асырмауды жақтайтын уаххабилердің басты дәлелі болып табылатын мына хадисте де жақсы көрініс тапқан.
Бірде Айшадан: «Алланың Елшісі Рамазан кезінде қалай намаз оқыды?» деп сұралды. Ол (Айша) былай деп жауап берді: «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады. Ол (әуелі) төрт ракат оқыды, оның қаншалақты керемет, және ұзаққа созылғаны жөнінде (менен) сұрама. Сонан соң тағы төрт (ракат оқыды), оның қаншалақты керемет, және ұзаққа созылғаны жөнінде (менен) сұрама, содан кейін тағы үшеуін оқыды.» (Бухари 574 (1147).)
Бұл хадистегі ракаттардың оқылуын Шейх Ибн Баз былай түсіндіреді:
«Бұл хадистің сенімділігі анықталған, және оның мағынасы Пайғамбар төрт ракатты бірыңғай бір сәлеммен оқыған дегенді емес, әр екі ракаттан кейін сәлем берген дегенді білдіреді, әйтпесе олай түсіндіру Айшаның алдыңғы хадисіне қайшы келген болар еді. Мұны жоғарыдағы келтірілген түнгі намаз «екі – екіден» деген Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисі де қостайды». (Религиозно-правовое решения вопросов, касающихся поста /фатвы/).
Шейх Ибн Баздың мұндағы төрт ракат намазды екі-екіден сәлем беріліп оқылған деп түсіндіруі мүлде көкейге қонбайды. Егер ол айтатындай әр екі ракаттан кейін сәлем берілсе, онда «Ол (әуелі) төрт ракат оқыды», «Сонан соң тағы төрт (ракат оқыды)» деп төрт-төрттен бөлініп айтылар ма еді? Негізінде, бұл хадисте айтылатын төрт ракат намаз сүннет намаздың төрт ракатының тәртібімен оқылған, анықтап айтқанда бірінші, екінші ракаттан кейін ташшахудқа отырылып, сонан соң үшінші, төртінші ракат оқылғаннан кейін барып сәлем берілген. Басқаша түсіну мүмкін емес. Мұндай жағдайда төрт-төрттен сәлеммен бөлініп оқылған сегіз ракат намазды үтір намазына жатқызудың реті келмейді. Олар таза тахаджуд намаздары болып келіп, тек соңғы оқылған үш ракат қана үтір намазы болып табылады.
Алтыншыдан, Егер Пайғамбар (с.ғ.с.) тахаджуд пен үтірдің арасын ажыратпай оларды бір намаз ретінде оқыған деп білсек, онда ол екі намазды екі бөлек ниетпен арасын ажыратып оқу дінге кейіннен енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылған болар еді. Ал, қандай бидғат болмасын қабылданбауы тиіс деген жағдайда үтір мен тахаджуд атауының бірін ғана қолданып, түнгі қосымша намаздарды бірыңғай үтір ниетімен, немесе бірыңғай тахаджуд ниетімен оқу қажет болады.
Бірақ, үтір намазына тахаджуд намазы деп ниет қойып оқу, сондай-ақ, жұп болып оқылатын тахаджуд намазына үтір (тақ) деп ниет қою мүлде қисынсыз. Бұл, шын мәнінде, дінімізде бірауыздан бекіген, ижмағ болып табылатын «тахаджуд пен үтір екі бөлек намаз» деген талассыз жайға қарсы шығу болып табылады. Демек, «тахаджуд пен үтірдің арасын ажыратпау керек» деген пікірдің өзі бидғат. Мұндай жағдайда осы пікірді ұстанушылардың өздерінің бидғатшыларға айналып шыға келері анық.
Негізінде, үтір мен «тахаджудтың арасын ажыратпау керек» дейтіндердің өздері де ол намаздардың әрқайсысына бөлек ниет қойып, оларды тахаджуд және үтір деп араларын ажыратып оқитындары анық. Олай болса, олардың айтқандарына сену керек пе, немесе істегендеріне сену керек пе деген сауал туады?
Жалпы, тахаджуд күнде оқылмайтын намаз болғандықтан үтір мен тахаджудтың арасын ажырату, ажыратпау мәселесі мұсылмандардың көпшілігі үшін өздеріне қатысы жоқ жай тәрізді көрінуі мүмкін. Бірақ, тахаджуд намазы мен Рамазан айында күнде оқылып жүрген тарауық намазы бір намаздар деген пікір бар. Бұл жөнінде Шейх Убайдуллах әл-Мубаракфури былай дейді:
Тарауық дегеніміз – бұл Рамазан айындағы тахаджуд, өйткені, пайғамбардың (с.ғ.с.) Рамазан айында біреуі тарауық, біреуі тахаджуд болып табылатын екі намаз оқығаны жөнінде сенімді де, әлсіз де ештеңе жетпеген. Рамазаннан басқа кездегі тахаджуд – бұл Рамазандағы Тарауық деп аталатын намаз».("Миратуль- мафатих” 2/224.)
Егер осы пікір бойынша тахаджуд пен тарауық намаздарын бір намаз деп білетін болсақ, мұндай жағдайда тарауық пен үтірдің де арасы ажыратылмай олар да бір намаз ретінде оқылуы тиіс болады. Бірақ, «тахаджуд пен үтір намазы бір намаз» дейтін уаххаби мұсылмандардың өздері де Рамазан айындағы тахаджуд болып табылатын тарауық намазын сегіз ракат тарауық, және үш ракат үтір деп бөліп оқиды. Егер олар «тахаджуд пен үтір бір намаз» деген өз пікірлеріне сенімді болса онда олар он бір ракаттың бәріне де бірыңғай тарауық, немесе бірыңғай үтір деп ниет қойып оқығандары жөн болар еді. Бірақ олар сегіз ракатты тарауық, ал үш ракатты үтір ниетімен оқиды. Сол арқылы олар өз пікірлеріне өздері қиғаш іс істеп жүргендерін аңғармайды.
Жетіншіден, түнгі намаздардың ішіндегі үтір намазының дәрежесі өзгелерден жоғары.
Абу Айуб әл-Ансари айтады: «Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деді: «Тақ санды ракаттан тұратын түнгі қосымша намаз әр мұсылманға борыш болып табылады. Кім қаласа оны бес ракат етіп оқысын. Кім қаласа оны үш ракат етіп оқысын. Ал, кім қаласа оны бір ракат етіп те оқысын» (Әбу Дауд, Насаи, және Ибн Маджа. Ибн Хиббан айтуынша сахих. Насай үзілген хадис дейді.)
Әли ибн Әбу Талиб айтады. «Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деді: «О, Құранның адамдары! Ракаттары тақ санды түнгі намаз оқыңдар! Шын мәнінде, Алла – біреу, және тақ санды жақсы көреді». (Ахмад, Әбу Дәуд, Тирмизи, Насай, жән Ибн Мадж. Ибн Хузейма сахих деген.)
Үтір намазы құптан намазының парызы мен сүннетінен кейін тахаджуд-тарауық намазы оқылса да, оқылмаса да орындалуға тиісті уәжіп намаз. Өйткені, түнгі намаздарды (бөлінбейтін, тақ ракат) үтірмен аяқтау Пайғамбардың (с.ғ.с.) үкімі. Ол жөнінде көптеген хадистер бар. Солардың бірі мынау:
Ибн Омар айтты: «Кім түнде намаз оқыса, таң атардың алдында өзінің соңғы намазын үтір етсін. Оларға Алланың Елшісі тап осылай әмір етті. (Муслим 751-0.)
Осындай себеппен де түнгі намаздар болып табылатын құптанның парызы мен сүннетінен кейін оларды үтір намазы арқылы тақ санды етіп аяқтау уәджіб болып табылады. Ал, тахаджуд, тарауық намаздарының оқылуы соншалықты маңызды емес. Өйткені, олардың дәрежелері бекітілген сүннеттен әрі аспайды. Осындай дәрежелерінің әртүрлі болуының өзі олардың екі бөлек намаздар екендігінің дәлелі.
Сегізіншіден, ғұламалардың бірауызды келісімі (ижмағ) бойынша күнделікті үтір намазын оқып жүрген адам күнде тахаджуд намазын оқып жүрген адам ретінде саналмайды. Егер тахаджуд пен үтір бір намаз болса, онда күнде үтір оқып жүрген адам күнде тахаджуд намазын да оқып жүрген адам болып саналар еді.
Тоғызыншыдан, кейбір ғұламалардың пікірі бойынша тахаджуд намазы тек ұйықтап тұрып оқылғанда ғана тахаджуд намазы болып саналады. Әл-Хаджадж ибн Омар әл-Ансари айтады:
«Біреулер таң атқанша намаз оқиды да тахаджуд оқыдым деп санайды. Бірақ, шын мәнінде, тахаджуд – бұл ұйқыдан кейінгі намаз, тағы да айтамын – ұйқыдан кейінгі намаз. Алланың елшісінің намазы сондай болған.
Мұндай жағдайда әдетте құптанның сүннетінен кейін оқылып жүрген үтір намазын тахаджуд намазына жатқызу тіпті де мүмкін болмайды. Оны тахаджуд ету үшін бір ұйықтап тұру қажет болады. Осындай қисынсыздық та тахаджуд пен үтірді бір намаз ретінде санауға мүмкіндік бермейді.
Осыншама дәлелдерден кейін тахаджуд пен үтір намазының арасын ажыратпайтын уаххаби мұсылмандардың бұл мәселеде қателесіп бидғат пікірге бой ұрғандары кімге болса түсінікті болған шығар.
Енді оларға тахаджуд пен үтір намаздарын бір намаз ретінде көрсету не үшін қажет болғанын да болжап көрелік.
Егер тахаждуд пен үтір намаздарының бөлек намаздар екені дәлелденсе, онда түнгі намаздағы жалпы ракат санын он бір ракаттың аясында ұстап тұру мүлде мүмкін болмайды. Өйткені, тахаджудты айтпағанда үтір намазының өзін де он бір ракаттан артық оқуға болады. Ол жөнінде мынадай хадистер бар.
Бірде Курайб Ибн Аббасқа, Муауияның иша намазын оқып, үтірді бір рәкәт қылып, одан әрі артттырмағаны жайлы хабарлады. Сонда Ибн Аббас былай деді: «Әй, балам, ол дұрыс істеді! Біздің арамызда, Муауиядан артық білетін адам жоқ. Үтірді бір рәкәт қылып та, бес, жеті рәкәт қылып та, және одан да көп рәкәт қылып оқыса болады. Үтірды қанша қаласан, сонша оқи аласың!» (Абдур-Раззақ 4641, әл-Бәйхақи 4572. Иснады сахих, әрі бұл хабардың негізі әл-Бухари де келтірілген 3784).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Үтір намазын, мағриб намазына ұқсатып үш рәкәт оқымаңдар. Алайда, үтірді бес, жеті, тоғыз, он бір немесе одан көбірек рәкәт қылып оқыңдар!» (Бәйхақи 4594, Ибн Хиббән 2729, Хаким 1/403. Хадис сахих. Қараңыз: "Китәб әл-уитр” 54, "Иләмул-мууәққиин” 2/373, "әл-Бадр әл-мунир” 4/302, "Тахқиқ Нәйлюль-әутар” 5/123).
Бірақ, Шейх Албани бұл хадистерді емес, екінші хадистің үтірді он бір ракатпен ғана шектейтін басқа нұсқасын таңдап соны сахих деп бағалайды.
«Үтір намазын, мағриб (ақшам) намазына ұқсатып үш рәкәт оқымаңдар. Алайда, үтірді бес, жеті, тоғыз, немесе он бір рәкәт қылып оқыңдар!» (Хаким 1/314, Тахауи 1/292. Хаким, хафиз әл-Иракъи, хафиз Ибн әл-Муляккъин, және шейх Албани сахих деп есептейді).
Мұның себебін де болжауға болады. Бұл хадис арқылы түнгі намазды он бір ракаттың аясында ұстап тұру мүмкін болар еді. Бірақ, шындығына келгенде түнгі намаздарды он бір ракат аясында ұстап тұруға бұл хадис те айтарлықтай септігін тигізе алмайды. Өйткені, үтірдің өзін он бір ракат оқуға болса, онда тахаджуд намазы оқылған жағдайда жалпы ракат саны он бірден асып кететін болады. Ал, он бір ракат үтірдің алдында тахаджуд оқуға болмайды деген дәлел жоқ.
Көрнекті хадисші болып табылатын Шейх Албанидің жоғарыдағы үтір ракаттарының саны жөнінде айтылатын хадистердің ішінен үтір намазын он бір ракатпен ғана шектейтін нұсқаны сахих ретінде бағалайтыны жоғарыда айтылды. Егер бұл хадис шейх Албанидің өзі ұстанатын «түнгі намаздар он бір ракаттан аспауы тиіс» дейтін пікірді дәлелдеу үшін ғана таңдап алынса, онда бұл пікірді дәлелге емес, керісінше, дәлелді пікірге бағындыру болып табылмай ма?» деген сауал туады. Осы жерде бидғат пен оны ұстанушыларға қарсы күресіп жүрген уаххабилік сайтта жарияланған авторы белгісіз мақаладан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдім.
«Әрбір мұсылман белгілі бір пікірге ілеспес бұрын, бұл мәселені зеріттеуге тиісті, және ол бірдеңені дәлелдемес бұрын бұл мәселенің діндегі ақиқат жағдайын білуге міндетті. Пайғамбардың (с.ғ.с.), және оның сахабаларының жолын ұстанушылар пікірді алмастан бұрын дәлелге қарайды, ал бидғат пен құштарлықтарын ұстанушылар әуелі пікірді алады да, тек сонан соң ғана сол пікірлерін қостайтын дәлел іздейді. Имам Уаки ибн әл-Джаррах былай деді: « Кім өз пікірін қостау үшін хадис іздесе – сол бидғатты ұстанушы» («Замул-калям» 337)». (Доводы приверженцев нововведений не принимаются. «К Исламу» сайты).
Шындығына келгенде, өздерін бидғатпен, және бидғатшылармен күресіп жүрген турашыл мұсылмандар ретінде жарнамалайтын уаххабилердің «Рамазан айында да, бөтен айларда да Алланың Елшісі (с.ғ.с.) (түнде) он бір ракаттан артық намаз оқымады» деген бұрмаланған хадиске мықтап жабысып жүргендері, және сол жалғыз хадистің негізінде «тарауық намазы он бір ракаттан аспауы тиіс» деген бидғат пікір тудырып жүргендері рас.
Және сол бидғат болып табылатын пікірлерін дәлелдеу мақсатында олардың «тахаджуд пен үтірдің арасы ажыратылмайды» деген екінші бір қате пікір тудырып, оны бекіту үшін де дәлелдер іздеп жүргендері байқалады. Олардың осы бір істеріне қарасаң жоғарыдағы «бидғат пен құштарлықтарын ұстанушылар әуелі пікірді алады да, тек сонан соң ғана сол пікірлерін қостайтын дәлел іздейді» деген үзінді тура солардың өздері жайында айтылғандай әсер қалдырады.
Маса.кз. 02.11.11.
Комментариев нет:
Отправить комментарий