среда, 29 апреля 2015 г.

Құраниттерге жауап. "Ойлыларға үндеу"

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл Құраниттердің  «Ойлыларға үндеу» деген мақаласына жауап. Мақаланың авторы Гермиона Грейнджер.

Мақаладан үзінді: «Бүгінгі біз  куә болып отырған  танту, бұл уаххабилердің шейхі Ибн Усайминнің Ислам әдебіне қатысты мақаласы. Білмей жүрсек, адамға жұмақ қақпасының  ашылуы үшін оның жай ғана «адам» болуы аздық етеді екен. Шейхтің айтуыша ол сонымен қатар Ислам әдебінің  барлық  ережелерін  де ұстануы тиіс екен...». 

Ғалым Бақыткерейұлы: Адамдар әртүрлі болып келеді, солардың ішінде барлық жағдайда да  өздеріне белгілі бір нұсқаулықты қажет ететіндер   бар. Олар  ұсақ-түйекке дейін мән беріп, қандай  жағдайда да айқын нұсқаулықты басшылыққа алуға  тырысады. Олар бірдеңеден қателесіп өздеріне зиян етуден қорқады. Сондықтан  олар мамандардың түрлі ұсыныстарымен, кеңестерімен, тәртіптерімен  жүруге тырысады. Мұндай жандарды иландыру да, қайта тәрбиелеу де мүмкін емес. Олар қашанда өздеріне белгілі бір ережелерді іздеп, тауып алумен болады. Мұндай жандар мұсылмандар арасында  да бар. Міне, осындай мұсылмандар үшін Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетінде түрлі нұсқаулықтар бар.

Мақаладан үзінді: «... тек оң жақ бүйірде  ұйықтау. Шейх бұған мына аятты келтіреді: «Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады (жандарыңды алады). Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады (тірілтеді) [6;60]. Демек,  Аллаға оң жақ бүйірде  жатқан адамның жанын алу оңайырақ екен. Солай емес пе?

Ғалым Бақыткерейұлы: Адамның жанын Алла емес, Әзрейіл періште алады. Және оған адамның қай жамбаста ұйықтағанының ешқандай да айырмашылығы жоқ. Бірақ мұсылман үшін қай жақ бүйірде  ұйықтаудың айырмашалағы бар. Өйткені, оң жамбаста ұйықтау, бұл Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті. Ал сүннеті орындаған адамға сауап бар. 

Мақаладан үзінді: «...Ал егер оң жамбасқа аунауға адамның  шамасы келмесе  ше? Өкінішке орай, шейхтің жұтаң  ақылы бұл сұраққа жауап беруге мүмкіндік бермейді..»

Ғалым Бақыткерейұлы: «Егер адамның оң жақ бүйірге  аунауға шамасы келмеген жағдайда оның ниеті жеткілікті болады. Егер ол оң жақ бүйіріне  жатып ұйқтағысы келсе, бірақ белгілі бір себептермен олай ете  алмаса, онда Алла оның ниетін есепке алады.

Мақаладан үзінді: «...көптеген нұсқаулардың ішіндегі ең бастысы – ол дәретханаға сол аяқпен кіріп Алладан қорғаныш тілеу, сонан соң оң аяқпен шығып кешірім өтіну. Сонда табиғи қажеттілігін өтегені үшін кешірім өтіне ме? Онда неге Алладан адамды осындай қажеттілікпен жаратқанын сұрамасқа?

Ғалым Бақыткерейұлы: Мұсылман Алладан кешірімді өзінің табиғи қажеттілігін өтегені үшін емес, осы бір лас жерге кіруге мәжбүр болғаны үшін сұрайды.

Мақаладан үзінді: «Жалпы, шейх Ибн Усайминнің бар айтпағы Алладан қорқу, және Ислам әдебін ұстанумен тұйықталады. Сондай-ақ, дін ғұламасы Вагди Гонеин осы жайында айтады. Ол тақырыпты былай өрбітеді: «...дәретханада ұзақ отырмаңдар», өйткені, ДӘРЕТХАНА –  ШАЙТАННЫҢ ҮЙІ!».

Ғалым Бақыткерейұлы: Егер шайтан адамды жаман, лас істерге тартатын азғырушы болса, онда дәретхана оның ең сүйікті орны  екені анық. Оған таңғалатын не бар? Ол осы бір лас орынды діндарларды түрлі бейәдеп, күналы ойлар мен істерге тартуға пайдаланатыны сөзсіз.

Мақаладан үзінді: «...тіпті байқамай болса да аузыңызды ашып есінемеңіз, өйткені ШАЙТАН АУЗЫҢЫЗҒА ЗӘР СЫНДЫРЫП кетеді.

Ғалым Бақыткерейұлы: Егер шайтан көрінбейтін, рухани тіршілік иесі болса оның  зәрі де сондай болары анық. Сондықтан да оның қолайлы сәтті пайдаланып қалуын жоққа шығаруға болмайды. Олай болмаған жағдайда да бұл хадис адамды есінеген кезде ауызын қалқалауға  үйретеді. Өйткені, ол жақсы қылықтың әдебі болып табылады.

Мақаладан үзінді: «...Стақандағы суға тыныстамаңыз!..». Термизидің бұл хадисінде бұл әрекет адамды түйеге ұқсататына айтылады! [1884;1885] Қызық, жер бетінде осындай түйелердің қаншасы жүр екен?

Ғалым Бақыткерейұлы: Бұл жай ғана жақсы қылықтың әдебі болып табылады. Қандай мәдениетті, тәрбиелі адам су ішкенде пысылдап стақандағы суға тыныстайды? Міне, Пайғамбар (с.ғ.с.) да осындай өсиет арқылы мұсылмандарды мәдениеттілікке үйретеді. Және түйеге ұқсату арқылы оларды мұндай қылықтан қайтарады.

Мақаладан үзінді: «ОЙЛЫЛАРҒА  үндеу – мұндай ЖАЛҒАН сенімнен өздерің де арылыңдар, өзгелердің де құтылуларына көмектесіңдер. Өйткені, СЕНІМ – БҰЛ ТУАЛЕТКЕ КІРУ, ЖӘНЕ ТАМАҚ ІШУ  ӨНЕРІ ЕМЕС! Соның ішінде де әсіресе,  ШАЙТАННЫҢ ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖАСЫРЫНҒАНЫН ЗЕРІТТЕУ ЕМЕС!

Ғалым Бақыткерейұлы: Пайғамбар (с.ғ.с.) біздің білмеген нәрселерімізді үйретеді. Бұл жайында мына аятта айтылған:

«Өз іштеріңнен аяттарымды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды,  әpi даналықты үйрететін, сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін Елші жібердік…». Құран Кәрім. Бақара 2:151

Сүннет нұсқауларында белгілі бір пайда бар, дегенмен біз  оның қандай пайда екенін  көп жағдайда түсіне бермейміз. Бірақ,  Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетінен бір істі ниет қойып істеген адамға сауап жазылатынына еш күмән жоқ. Өйткені, Алла Тағала Өзінің ризалығы үшін жақсы амалдар жасаған әрбір адамға силық береді.

Мақаладан үзінді: «Жоғарыдағы шейх пен дін ғұламасының айтқандарының еш қайсысының  да Құранда жоқ екендігін ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ!

Ғалым Бақыткерейұлы: Ия, жоғарыдағы шейх пен дін ғұламасының айтқандарының еш қайсысы  да Құранда жоқ.  Және Құранда  күнделікті өмірде, құлшылық пен тұрмыста  басшылыққа алатын басқа да көптеген нәрселер   жоқ. Сондықтан да бізге, мұсылмандарға Пайғамбардың (с.ғ.с.) Сүннеті қажет!

20 тамыз 2013 г.

Комментариев нет:

Отправить комментарий