Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Жалғыз Жаратушы неге Алла аталуы тиіс? Біріншіден, адамзаттың түп атасы Адам Ата пайғамбардан бастап барлық пайғамбарлар насихаттап келе жатқан дін Жаратушы Жалғыз Құдайға табынушылық дін - Ислам діні.
Алланың қасындағы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші. (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенімен сөз таластыруға кіріссе: «Өзімді, әрі маған ергендерді де Аллаға тапсырдым» де. Сондай-ақ кітап берілгендерге де, надандарға да: «Исламды қабыл еттіңдер ме?» де. Егер олар Исламды қабыл етсе тура жол табады. Ал егер олар бет бұрса саған жеткізу ғана міндет. Алла құлдарын нақ көруші. Құран Кәрім. Әли Имран 3: 19,20
Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады. Құран Кәрім. Әли Имран 3:85

Алланың қасындағы дін Ислам болса, Исламның құдайы Алла болып табылады. Өйткені, Исламда ең маңызды істердің бастауында тек Алла есімі ғана тұрады. Мысалға, мұсылманның бірінші парызы куәлік сөз кәлима шаһаданы айту болса, кәлима шаһада «Алладан басқа құдай жоқтығына куәлік беремін, және Мұхаммед с.ғ.с. Алланың құлы, әрі елшісі екендігіне куәлік беремін» деген түрде Алла есімімен айтылады. Және Құран оқудан бастап барлық құлшылық амалдар, сондай-ақ барлық жақсы істер де «аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын» деген түрде Алланың есімімен басталады. Және барлық мадақтау, пәктеу, зікірлердің барлығы да Алла есімі арқылы айтылады.
Екіншіден, адамзатқа Жаратушы тарапынан берілген Кітаптардың ішінде тек Құран ғана түпнұсқада оқылатын жалғыз Кітап. Сол себепті де ондағы Жаратушы Құдайдың есімі الله (Аллаһ) жазылуы да, оқылуы да еш өзгеріссіз түпнұсқада сақталған есім. Басқа діндер мен олардың кітаптарында келтірілетін есімдерді Жаратушының түпнұсқадағы есімдері деп айту қиын.
Мысалға, Еврейлердің Яхве атауына келсек, шын мәнінде ол дұрыс дыбысталуы ұмытылған יהוה (ЙХВХ) деген төрт әріптің долбармен айтылатын нұсқасы ғана. Сол себепті де ол Жаратушы Жалғыз Құдайдың шын есімі бола алмайды. Сондай-ақ, Элохим атауының айтылуында да шәксіз қабылданатын бірізділік жоқ. Және ол көпше түрде айтылатын есім ретінде де келтіріледі.
Ал орыс тіліндегі Бог атауына келсек, ол ежелгі славяндардың пұт құдайларының христиан дініне ауысқан атауы. Мысалға, славяндарда Даждьбог, Стрибог деген пұт құдайлар болған. Сол себепті де Бог атауы Жаратушының есімі болып табылмайды. Ал ежелгі гректердің жаратушы құдайдың есімі санайтын Демиург атауына келсек, ол әуел баста белгілі бір мамандық атауынан туындаған жасанды атау.
Демиу́рг (др.-греч. δημιουργός — «мастер, ремесленник, творец» от др.-греч. δῆμος — «народ» и ἔργον — «дело, ремесло, промысел») — изначально название класса ремесленников в античном греческом обществе. Впоследствии это слово стало обозначать Бога-творца, создателя мира. Первым в таком значении его использовал Платон. (Википедия)
Үшіншіден, Ислам бірқұдайшылық ілімі жан-жақты жүйеленіп, Бір Құдайдан өзге құдайлардың жоқтығы діннің басты шарты түрде бекітілген дін. Мұнда кейбір дүниежүзілік діндердегі тәрізді құдай ұғымы үшке жіктелмейді. Мысалға, Христиан дінінде құдай ұғымы жаратушы Әке құдай, Ұл құдай, Қасиетті Рух құдай болып бөлінеді.
«Никео-Цареградский Символ веры, представляющий собой догмат о Пресвятой Троице, занимает центральное место в богослужебной практике многих христианских церквей и является основой христианского вероучения. Согласно Никео-Цареградскому Символу Веры:
Бог Отец является творцом всего сущего (видимого и невидимого)
Бог Сын предвечно рождается от Бога Отца
Бог Святой Дух предвечно исходит от Бога Отца
По учению церкви, Бог, единый в трёх лицах...» (Википедия)
Мұнда «Никео- Цареградтық Сенім Символы бойынша: Әке Құдай (көрінетін де көрінбейтін) барлық нәрсені жаратушы болып табылады» деп анық айтылған. Және Библияның еш жерінде де Иисус пен Қасиетті Рух жаратушы ретінде аталмайды. Егер олар жаратушы болса сәт сайын жаңа жаратылыстар пайда болып, сәт сайын жаңарып жатқан әлемнің ісіне араласып жаратушылық қызметтерін үздіксіз атқарып отырулары тиіс еді. Бірақ, олар жарату істерімен айналыспақ түгел жаратушы ретінде де аталмайды. Демек олар жаратушылық қызметі жоқ жай құдайлар болып табылады.
Ал Индуизм дінінде құдай ұғымы Брахма-Жаратушы, Вишну-Сақтаушы, Шива-Қиратушы құдайлар болып үшке бөлінеді.
Триму́рти (санскр. त्रिमूर्ति, trimūrti IAST «три лика») — так называемая «индуистская троица» — триада, объединяющая трёх главных богов индуистского пантеона (Брахму-Создателя, Вишну-Хранителя и Шиву-Разрушителя) в единое целое, представляющее собой духовное начало — брахмана. (Википедия)
Бұл діндерге тән атап өтетін жай, бұларда үштіктің бір бөлігіне ғана жаратушылық қасиет тән. Және олардың үшеуіне де жеке құдай ретінде құлшылық ету тиым салынбайды. Демек, оларда Жаратушыдан да өзге құдайлар болады деген сенім негізінде Жаратушы мен құдай ұғымы ажыратылып бірқұдайшылық ілімнің шарты бұзылған.

Сол себепті де Жаратушы есімі олардың үш кейіптегі, бірақ бір құдай саналатын құдайларының біріне ғана тән есім. Яғни, оларда Жаратушы Бог пен Жаратушы Брахма есімдері бір құдай есімнің үштен бірі ретінде ғана қабылданады. Сондықтан да христиандық Бог есімі мен индуистік Брахма есімдерінің Жалғыз Жаратушының есімі ретінде аталуға еш мүмкіндіктері жоқ.
Осылайша сараптай келгенде Ислам дінінде жаратушы құдайдың есімі ретінде аталатын Алла есімінен өзге ешқандай есім Жалғыз Жаратушының есімі болуға жарамайды. Өйткені, Алла есімі түпнұсқада сақталған жалғыз Кітап Құранда келтірілген, дыбысталу дәлдігі жағынан еш күмән тудырмайтын, жекеше түрде ғана айтылатын, үштің де бірі болып табылмайтын Жаратушының жалғыз есімі. Сондықтан да Жалғыз Жаратушының есімі Алла деп қабылдауға тура келеді.

Комментариев нет:
Отправить комментарий