среда, 29 апреля 2015 г.

Пүліш пайғамбар

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл Құраниттердің «Пүліш пайғамбар» деген мақаласына жазылған жауап.   Мақаланың авторы Гермиона Грейнджер.

Мақаладан үзінді: «ExplainedIslam» каналында шейх Әл-Кувейнидің Мұхаммед пайғамбардың тәбәрігі жайында бұрынғы имаммен сөз таластырған видеосы бар. Солардың ішінде пайғамбардың зәрі мен сіңбірігі, және дәрет алған суынан  қалған су арқылы тәбәрікті  болу жайында айтылады. Әзілі жоқ, сунниттер шын мәнінде де соларға ие болған  адамдарды тәбәрікті  болған адамдар санайды!.. Міне, сол хадистердің бірі: 

«Бірде Алланың Елшісі түс кезінде бізге шықты да, оған дәрет алуға су әкелінді, ал ол дәрет алып болған соң онан қалған сумен адамдар (беттерін) сүрте бастады». (Бұхари. Ішінара дәрет кітабы.)

Ғалым Бақыткерейұлы: Барлық діндерде де өз ұстаздарына табынатын адамдар болады. Егер осындай жандар Ислам дінінен де табылып жатса, бұл жерде сунниттердің қандай кінәсі бар? Ислам дініне, оның «Алладан басқа құдай жоқтығына куәлік етемін, және Мұхаммед  Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін» деген кәлима шахадатынан көрініс табатын бірқұдайшылық  іліміне пайғамбарларға табынушылық  түбірімен жат болып табылады.

Бірақ, сахабалардың  кезінде  Исламды жаңа қабылдаған кейбір мүшіріктердің өздерінің бұрынғы көзқарастары мен әдеттерінен құтыла алмай  Пайғамбарға (с.ғ.с.) табынғандарын   жоққа шығаруға болмайды. Исламда төртінші халиф Алиді (р.а.) де  құдай санау жағдайлары да көрініс берді. Мұндай көпқұдайшылыққа тән  табынушылықты тоқтату үшін Әли (р.а.) өзінің жақтастарының  кейбірін отқа  өртеген. 

Ал жоғарыдағы үзіндіде айтылатын жағдайлардың  табынушылыққа еш қатысы жоқ. Жалпы, кейбір  сахабалар  Пайғамбардың  (с.ғ.с.) заттарын тәбәрік ретінде алуға тырысқан. Ал  зәр жайына келер болсақ, тек бір хадисте ғана қызметші әйелдің Пайғамбардың (с.ғ.с.) зәрін ішкені айтылады. Онда да егер  мен қателеспесем, ол әйел мұсылман болмаған.

Жалпы, белгілі  хадистанушылардың  пікірлері бойынша бұл хадис  әлсіз болып табылады. Егер бұл хадис сахих  болғанның өзінде де бұл іс мұсылман болып табылмайтын  бір ғана әйелдің  ісі. Тіпті,  ол әйел мұсылман болды дегеннің өзінде де  оның бұл ісі бүткіл сахабаларға тән іс емес. Сондықтан да барлық сахабалар Пайғамбардың (с.ғ.с.) зәрін ішкендей етіп көрсетудің қажеті жоқ.

Енді сіңбірік жайын келер болсақ, бұл жерде сіз тағы қателестіңіз. Хадистерде сіңбірік емес түкірік жайында ғана айтылады.  Негізінде, Пайғамбардың (с.ғ.с) кейбір ауруларды өзінің түкірігі арқылы емдегені рас. Жалпы, түкіріктің, соның ішінде де қасиетті адамдардың  түкірігінің емдік қасиеті бар екені белгілі. Сондықтан кейбір сахабалар Пайғамбардың (с.ғ.с.) түкірігін де тәбәрік ретінде санаса, бұл олардың өз пікірлері болып табылады.

Дәреттен қалған су жайында да осыны айтуға болады. Жалпы, бұл кәдімгі таза су. Өйткені,  дәрет иіссіз, әрі түссіз таза сумен алынады. Дәрет алғанда ниет етіледі де  қол шынтаққа дейін, бет, аяқ тобықпен қоса жуылады. Және ауыз бен мұрын шайылып, бас пен құлақ сулы қолмен сипалады. Мұның бәрі де белгілі бір реттілікпен атқарылады.

Судың  адамның ниетімен зарядталу қасиеті бар екені белгілі. Олай болса Пайғамбардың (с.ғ.с.) дәрет алған суы оның ниетімен зарядталғаны анық. Егер осы сумен  кейбір сахабалар тәбәрік ретінде беттерін шайса оны айып санап  тиым салудың  қажеті не?

Мақаладан үзінді: «Кезінде мені қатты таңғалдырған «пүліш пайғамбар» оқиғасын еске алайық.
Бұл оқиға была болған,  Суданда британдық мұғалимаДжиллиан Гиббонс өз оқушыларына  пүліш қонжыққа  Мұхаммед деп ат қоюға рұқсат бергені үшін сотталды. Оқушылар үшін бұл қонжық сыныптың символы болып жануарлар әлемін зеріттеуге көмектесетін. Мұғалима оған ат қоюды сұрады да  балалар ойыншықты Мұхаммед деп атады.
                                                       
Джиллиан Гиббонстың онан арғы тағдыры белгілі. Сот оны 15 тәулікке  түрмеге  отырғызып, сонан соң елден аластауға үкім  шығарды. Бірақ, 2007 жылдың қараша айынан бастап Хартумде (Суданның астанасы) суннит манифестанттар мұғалиманы өлім жазасына кесуді, немесе 40 дүре соғуды талап етті. Сол жылдың желтоқсанында Судан президенті британдыққа кешірім жариялады».

Ғалым Бақыткерейұлы: Меніңше сіз Джиллиан Гиббонстің ісін қостайтын сияқтысыз. Қалайша балалардың ойыншық қонжықты  «Мұхаммед» деп атауға жол беруге болады. Бұл Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) қонжық деп атағанмен бірдей. Бүгін оның есімімен қонжықты атаса, ертең итті солай атайтын болады, ал мұсылмандар болса үндемеулері керек пе?

Бала дегеніміз  бұл болашақ. Сондықтан  оларды кішкентайынан Пайғамбарды (с.ғ.с.) құрметтеуді үйрету қажет. Егер мұсылмандардың балаларын жастайынан    әуелі қонжықты, сонан соң итті Пайғамбардың (с.ғ.с.) есімімен атауға үйрететін болса, онда  олар қандай мұсылман  болып ержетеді? Сондықтан  Джиллиан Гиббонстың ісі салдары алысқа  кететін іс болып табылады. Сол себепті ол жергілікті жердің заңы бойынша ол тиісті жазасын алды.

Егер сіз шынайы мұсылман болсаңыз қалайша  британдықтың ісін қостап, мұсылмандарды айыптайсыз?  Негізінде, сізді Джиллиан Гиббонстың  оқушыларға пүліш қонжықты «Мұхаммед» деп атауға рұқсат бергені қатты таңғалдыруы тиіс еді. Ол өз елі Британияда оқушыларына пүліш қонжықты «Иисус» деп атауға рұқсат  бермес еді. Оның үстіне христиандар  бұған жол бермеген болар еді.

Сондықтан да мұсылмандарды айыптаудың жөні жоқ.  Бұл қонжық балалар үшін сыныптың символы болып оларға табиғатты зеріттеуге  көмектессе де оны Мұхаммед деп атауға   ешқандай да жол беруге болмайды. Мұхаммед - пүліш қонжық бейнесіндегі сыныптың символы болуы тиіс емес. Мұхаммед – иман мен тақуалықтың символы, Исламның символы  болуы тиіс!   

Комментариев нет:

Отправить комментарий