Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Шыр етіп дүниеге келген әр адамның бұл өмірдегі басты мақсаты бақытты болу. Бірақ, бақыт деп білгендерінің ешқайсысы да, шын мәнінде оның тойымсыз жанын толық қанағаттандыра алмайды. Қашанда адамның бақыт деп біліп аңсаған нәрсесі қол жеткен кезде қадірі кетіп бақыт болудан қалады. Ал, қанағат әкелмеген сол жетістігінен айырылып қалған жағдайда ол бақыт деген сол екен ғой деп санын соғып өкініп жатады.
Осылайша адамның бақыт жайындағы ұғымы үнемі өзгеріп, құбылып отырады. Сол себепті де адамдардың арасында бақыт жайында сан түрлі ұғымдар бар. Және, нағыз бақыт осы деген бірауызды келісім жоқ. Сондықтан да әрбір адам өзінің жанына жақын бақыт ұғымын таңдап алады да, сол арманына қол жеткізудің қолайлы жолдарын анықтап, сол бойынша шамасы жеткенінше әрекет жасайды.
Егер арманына қол жеткізу мүмкін болмай жатса, онда ол адам өзін бақытсыз сезініп, «Әттең, шіркін! Арманым орындалғанда ғой!» деген өкініштен көңілі құлазып, мұңаюмен жүреді. Бірақ, аңсаған арманына қол жеткізген жағдайда да ондай жанның қуанышы ұзаққа созыла қоймайды. Және оның өзін бақытты сезінуі де сол қуанышпен бірге кетеді. Сонан соң бақыт оған басқа жерден, басқа бір кейіпте көрінеді де, ол енді соған жетіп шын бақытты болмақ болады.
Осылайша дәмесі жетелеген адам сағым қуып жүре берер ме еді, бірақ, өмір шіркін өте қысқа. Сондықтан да ол бір күні бақытты болудан мүлде күдерін үзіп, енді жарық дүниеде тірі жүрудің өзін бақыт санап, арайлап атқан әрбір таңына қуанатын күйге жетеді. Ал, ажалы жеткен сәтте осы бір азғантай бақытынан да қол үзе бастаған байғұс «дүние жалған!» деп күрсініп, өкінішпен өмірден өтеді.
* * *
Адам үшін бақыттың түрлі ұғымдары мен оларға қол жеткізудің сансыз жолдары болғанмен айналып келгенде олардың бәрі де қуаныш сезініп, шаттыққа бөленумен анықталады. Осындай сәттерді басынан өткерген жан өзін бақытты сезінеді. Және, осындай жарқын шақтарының көбірек болуы үшін қам жасап, бүткіл іс-әрекеттерін осы мақсатқа бағындырады. Осы бір сезімдер қайдан, және неден көрінсе ол соған ұмтылып, жақсы мен жаманды, адал мен арамды айырмай небір сұмдық істерге де бой ұрып жатады. Соның салдарынан да ол небір сұмдық жағдайларға тап болып, бақытты болмақ түгел басын бәледен аршып алудың өзі оған үлкен мұңға айналып жатады.
Кейбіреулер шынайы махаббатты бақыт деп біледі. Ғашық болып біреуді сағынатын, аңсайтын, толқитын, үміттенетін, және сәл нәрсенің өзіне әсерленіп бақыттан басы айналатын мұндай жандар махаббаттың тағатсыздану, қызғану, қорқу, күмандану тәрізді мазаны алып, жанды қоярға жер таптырмайтын азаптарының да қоса жүретінін біледі. Және, көбіне бір жақты болып келетін баянсыз махаббаттан, сүйіктісін өзге жанға қия алмаған шарасыздықтан жүректе өкініш, мұң тәрізді өмірлік жара қалып жатады. Тіпті, жүректері жарасып бір тілекпен бас қосқан жағдайда да күнделікті күйбең тірлікте туындап жататын кикілжіңдерден бір-біріне деген сезімдері суып, махаббат деп білетін өз бақыттарын жоғалтып алатын жандар да аз емес.
Шын мәнінде, махаббатты бақыт ретінде сезіну үшін оны суытпай сақтай алатын таза да нұрлы жүрек керек. Және оны тазарған үстіне тазартып, нұрланған үстіне нұрландыра беретін имани құлшылық қажет. Бірақ ондай жүрек те, ондай амал да көп адамдарға тән емес. Сондықтан да махаббаттың қызығынан көрі шыжығын көп көріп жүректері әбден күйіп қалған кейбір жандар махаббатты бақыт демек түгел, оны енгізбеу үшін жүректерін тарс жауып алып бұл өмірде ешқандай да махаббат жоқ деп дәлелдеуге шығады.
Біреулер болса төсек ләззатын нағыз бақыт деп біледі. Мұндай жандар бір сәттіктен бастарын ала алмай, бүткіл ғұмырларын соған бағыштайды. Бар мақсат-мұраты ләззат алудан әрі аспайтын, нәпсіге құл болған мұндай жандар өмірге тек ләззат алу тұрғысынан ғана қарай бастайды. Соның нәтижесінде олардың кейбіреулері бірте-бірте таза мен ласты, адал мен арамды талғамайтын, туған-туыс, дос-жаран деп айырмайтын, бәріне де тек ләззат алудың құралы ретінде ғана қарайтын, адамгершіліктен жұрдай болған арсалаңдаған арсызға айналып тынады. Соның салдарынан да ондай жандардың бастары небір қиындықтарға шырмалып, тәндері небір жаман дерттерге шалдығып, олар азап пен қорлықтан көз ашудан қалады. Бірте-бірте ләззат алып өзін бақытты сезіну мүмкіндігінен де айрылып қалған мұндай жандар дүниедегі ең бақытсыз жандардың бірі болып дүниеден де өтеді.
Кейбіреулер тән сұлулығын бақыт деп біліп, көрікті де сымбатты болуды армандайды, және қайтсе де соған қол жеткізбек те болады. Бірақ, сұлулық бар жерде қашанда қызғаныштың да қоса жүретіні белгілі. Қызғаныш болса сұлулық иесінің әр басқан ізінен де, әр айтқан сөзінен де, әр салған көзінен де күмән қоздатумен болады. Мұндай күмәнмен уланған екеуара өмірде біреуді біреудің бақытты ете қоюы неғайбіл.
Сұлулық көп жағдайда қалаған адамның жүрегін жаулап, оның сүйіктісі болуға, оның еркін билеп-төстеп, одан қалауыңды алуға мүмкіндік береді. Осылайша тән сұлулығы арқылы көп қиындықсыз байлыққа ие болып, биліктің де дәмін татып, атақ-даңқын да шығарған жандар баршылық. Бірақ, қол жеткізген жетістіктері адамның бақыттылығының көрсеткіші бола бермейді. Сұлулығы арқылы көпті алдына жүгіндіре алса да, жанына сая болар жалғызын таба алмай жаны құлазыған жандар бұл өмірде өте көп. Өйткені, сұлулыққа бәрі де құмар келеді, сол себепті де ол өзіне небір зұлымдар мен зымияндарды да еріксіз тартады. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін ештеңеден де тайынбайтын, жолына тұрғандарды күшпен де, айлакерлікпен де ығыстырып тастайтын небір арсыз да азғын жандар қаумалағанда өмірден бақыт түгел, жақсылықтың өзін де күту артық болар.
Кейбір жандар байлық пен билік, атақ-даңқ тәрізді дүние игіліктері бақытқа қол жеткізеді деп есептейді. Өйткені, олар адамға қалауын орындатып қуануға, ұнатқанын алып рахаттануға мүмкіндік береді. Бірақ, мұндай артықшылықтар жұрттың бәріне бірдей жете бермейді. Өйткені, біреу бай болса, біреу кедей болуы керек, біреу бастық болса, біреу оған бағынышты болуы керек, біреудің атақ-даңқы болса, біреу оның көлеңкесінде қалуы керек. Ал, адамдардың бәрі де бақытты болуды жан-тәндерімен қалайды. Сол себепті де, олар байлық пен билікті, атақ-даңқты бөлісе алмай, әрқайсысы өз жолында тұрған біреуді тауып алады да, сонымен жауласып, бір-біріне қастық жасап, бірін-бірі аяусыз қайғы-қасіретке сала бастайды.
Бұл дүниенің бақыты қашанда өзге біреулерге тәуелді болып, өзгелердің қас-қабағы, өзгелердің еңбегі, өзгелердің көз жасы, тіпті, өзгелердің қаны арқылы да келеді. Сондықтан да адамның азғантай ғана бақытына көп адамдар ортақтасқысы келіп, өз еңбектерін пұлдап, өздеріне де одан үлес дәметеді. Және «берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» деп тартып алуға, болмаса ұрлап кетуге тырысады. Сондай жандардан өз бақытын қорғап, сол үшін де қорқып, мазасы кетіп жүргенде бақытының бақыт емес азабына айналғанын адамның өзі де аңғармай қалады.
Адамдардың бақыт деп білетін онсыз да аз қызықтары көбіне ұзақ тостырып, көп қиындықпен қолға түседі де, аз ғана уақыт жанды баурап барып із-түзсіз жоқ болып кетеді. Осы бір ұйытқыған өткінші сезімді неғұрлым ұзағырақ ұстап тұру үшін адамдар небір амалдар жасап, түрлі әдістерді қолданып, сол арқылы оны өз бастарына мүлде байлап қоюды дәме етеді. Және, осындай дәмемен өле-өлгенше әрекет етіп, ақырында ол мақсатына жете алмай бар еңбектері зая кетеді.
Осыдан келіп «адам шын мәнінде де бақытты бола ала ма?» деген сауал туады. Және, бұл сауалдың ақиқат түрінде берілген нақты жауабы да бар. Солай бола тұра бұл сауал адамзат жаратылғаннан бері ақжем болған басты сауал. Бұл сауалдың төңірегінде ақиқат бір жақ, қасарысқан қыңырлық пен надандық бір жақ болып арпалысқан адамзат тарихы құралады. Осы сауал өзінің дайын жауабымен әр ұрпақтың алдына тосылып, әрбір адам сол арқылы сыналып келеді. Сол арқылы біреулер бақытқа барар жол тауып жатса, енді біреулердің жолдары мәңгілікке кесілуде.
* * *
Бұл пәниде уақытша ғана ғұмыр кешіп жатқан жандар үшін бақыт деген жүректі мекен еткен, жүрек тазарған сайын ұлғая беретін нұрлы сезім. Бірақ, жүректерін пендешілік кірі басып кеткен көптеген жандар ол сезімді сезіне алмайды. Сол себепті де олар оны сыртқы дүниеден іздеп, көңіл мен тәннің бір сәттік қызықтарын ғана талғажау етіп күн көреді. Ал, ондай қызықтарының көбісі күна болып келеді. Сондықтан да ол қызықтар адамды өзінің алдамшы рахаттарымен алдарқата отырып оның басын арылмас қайғы-қасіретпен шырмай береді.
Егер адамдар нағыз бақыттың қандай болатынын, және оны қайдан іздеп, қалай қол жеткізуге болатынын білсе, онда олар сол білімдері арқылы небір ауыр қайғы-қасіреттерден сақтанған болар еді. Қайғы-қасірет көп жерде ешқашанда бақытқа орын қалмайды. Егер тірлігі тауқыметтен арылмаса, қабағы қайғыдан ашылмаса адам өзін қаншалықты бақытты сезіне алар? Сондықтан да бақытты болу үшін адам ең әуелі қайғы-қасіреттен сақтана білуі қажет. Ол үшін оған міндетті түрде ненің жаман, ненің жақсы, ненің пайдалы, ненің зиянды екенін білу қажет болады.
Алла Тағала адамдардың қайғы-қасіреттен құтылып, бұл дүниеде де, ақиретте де бақытты болулары үшін оларға ең жақсы істерді парыз етіп, жаман, істердің бәріне де тиым салды. Өйткені, білуші Алла адамдарға ненің пайдалы, ненің зиян екенін, қандай істердің бақыт, ал қандай істердің азап әкелетінін жақсы біледі. Және, Ол бақытқа апаратын жолды көрсетіп, оны жан-жақты түсіндіруді де Өз міндетіне алды. Бірақ, Алланың Өзіне сенбейтін, Өзіне сенсе де Оның сөзіне сенбейтін кейбір жандар «өздері де білмей, Білгеннің де тілін алмай» қатты адасуда.
Дені сау, ісі табысты болып бақытқа кенелу үшін небір бас қатырар білімдерді оқып үйреніп, небір төзім мен күш-жігерді талап ететін ілімдермен айналысатын, басын небір қауіп-қатерлерге тігіп, отқа да, суға да түсуге дайын кейбір жандар бақытты болудың төте жолы Аллаға құлшылық етуге келгенде алға баспай, төрт тағандап қатып қалады. Ондай жандар, әдетте, «бақыттың не екенін, және оған қол жеткізудің құлшылықтан да өзге оңай жолдарын да жақсы білемін» деп ойлайды. Бірақ, сол білгендері оларды бұл дүниеде бейнеттен, ақиретте азаптан арашалай алмаса, шын мәнінде, олар үміттері алдап, бар еңбектері зая кеткен жандар емес пе?
«Өз білгендері» бойынша бетімен кетіп, небір жаман істермен айналысатын мұндай жандардың жүректерін кірлетіп алатындықтары соншалықты, олар жандарын баурап, шуақ болып төгілетін нұрлы махаббатты сезінбек түгел, қарапайым қуаныштың өзіне де қол жеткізе алмай қалады. Олар әр күннен қуаныш күтіп, әрбір істен қызық іздеп, болымшы нәрсенің өзіне де қуанып, күлуге тырысады. Бірақ, жүректерін тұмшалап алған уайым мен қайғы, қорқыныш пен өкініш оңайлықпен сейілмей жандарын жабырқатып, мұңайта береді.
Олар қызық пен қуаныш силайтын ерекше сәттер мен оқиғаларды тағатсыздана күтіп күндер мен айларды, тіпті жылдарды да өткізеді. Бірақ, «тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей асыға күткен ондай сәттер де көңілдегідей болмай өте шығады. Осылайша үміті алдаған ондай жандар қайтадан келер күнге көз тігіп, тағы да үміттене бастайды.
Жалпы, кім де болса болашақтан үміт күтумен өмір сүреді. Бір сәттік қызығы үшін бүткіл өмірін де ойланбастан ойран етіп тастайтын адам баласы үшін бақытты болу үміті болмаса өмір сүрудің ешқандай да мәні жоқ. Сол себепті де армандары күйреп, үміттері үзіле бастаған кездерде көптеген адамдар өмірден де қол үзіп жатады.
Шын мәнінде, адам баласы үшін үміт етуге тұратын бірден-бір бақыт болатын болса - ол жұмақ бақыты болып табылады. Жұмақ бақыты ғана адамның үмітін алдамай оған толық қанағат әкеліп, шалқыған мәңгілік шаттық силайды. Сондықтан да әрбір иманды адам жұмақтан үміт етіп, сол мәңгілік бақытқа қол жеткізуді өзіне басты мақсат етіп алады.
* * *
Бұл дүниеде адамның бақытты болуы оның құбылмалы көңіл күйіне тікелей тәуелді болып келеді. Қуанышқа бөленіп, шаттанған сәттерінде оған күн күлімдеп, бүткіл әлем нұрланып, құлпырып кетеді. Және адамдардың бәрі де жарқын жүзді дос-бауыр сезіліп, бұл дүниеде онан асқан бақытты адам жоқ тәрізді көрінеді. Бірақ, көп жағдайда оның осыншама көл-көсір бақытын тас-талқан етуге болымшы нәрсенің өзі де жетіп жатады. Сонда оған күліп тұрған күн бір-ақ сәтте тұнжыр тартып, құлпырған әлем күрт суытып, ызғар шаша бастағандай болып көрінеді. Және жұрттың бәрі де оған мейрімсіз жат адамдар сезіліп, жаны жабырқап жалғызсыраған ол өзін шексіз бақытсыз жан ретінде сезіне бастайды.
Егер адамның бақытты, немесе бақытсыз болмағы оның күніне мың құбылатын көңіл күйіне тәуелді болса, ал осынау көңілдің көтерілуіне де, бұзылуына да сәл нәрсенің өзі жеткілікті болатын болса оның мұндай бақытының қандай баяны болуы мүмкін? Сонда адам жүрегінің түкпірінде «бақытты болсам» деген қоздап жатқан тәтті үміті, асыл арманы ешқандай негізсіз, қол жетпес қиялдан туғаны ма? Сонда адамның мәңгілік жанының еншісі мәңгілік аңсау, мәңгілік іздеу, және мәңгілік таппау болғаны ма?
Шын мәнінде, Алла Тағала түп атамыз болып табылатын Адам ата мен түп анамыз Хауа ананы жұмақ үшін жаратты, және олар жұмақ бақытының дәмін де татты. Сол себепті де Адам ата мен Хауа ананың ұрпағы болып табылатын әрбір адам олардың сезінген жұмақ бақытын олардан еншіге алып жүрек түкпіріне сақтауда. Және сонау жұмақты мәңгілікке еншілеуге тиісті адам баласы үшін қуаныш, шаттық сезімдері оның мәнгілік жанының төл сезімдері болып табылады. Олай болса оның рухының бұл дүниеден қуаныш, шаттық іздеуі оның өзінің уақытша айрылып қалған мәңгілік күйімен қайта табысу қажеттілігінен туындаған талпынысы болып табылады. Осы уақытша жоғалтқан мәңгілік күйі адамзат санасында елес беріп, әрбір адам өз өмірінің мәні етіп алған бақыт ұғымын тудыруда.
* * *
Кейбір адамдар ойлайтындай байлық пен билік, атақ-даңқ, және басқа да осы тәрізді дүние игіліктері ғана оны шын бақытты ететін болса, онда бұл адамзаттың басым көпшілігі үшін үлкен әділетсіздік болып табылар еді. Өйткені, көптеген жандардың ондай нәрселерге ешқашанда қолы жетпейді. Сол себепті де олар үшін шын бақытты болудың ешқандай мүмкіндігі қалмаған болар еді. Бірақ, бұл дүниенің жаратушысы Алла Тағала әділ. Сондықтан да Ол бай мен кедейге де, бастық пен бағыныштыға да, даңқты мен қарапайым пендеге де бақытты болудың тең мүмкіндігін беріп, оларға силық ретінде жұмақ деген ғажайып орынды дайындап қойды.
Осынау жұмақ деген ғажайып орынға ену үшін адамға бай, немесе бастық, немесе даңқ иесі болу міндетті емес. Ол үшін адамға Алла Тағалаға иман келтіріп, Оған бой ұсынып, құлшылық ету ғана қажет. Сонда осынау өткінші дүниеде елеусіз ғана ғұмыр кешіп жатқан әрбір қарапайым адамның да Алла Тағаланың жанындағы дәрежесі еселеп өсе отырып, ол ақиретте ешбір бай мен патшаның да, ешбір даңқ иесінің де өңі түгел түсіне де енбеген мәңгілік бақытқа ие болады.
Билік пен байлық, атақ-даңқ, және басқа да осы тәріздес біреуге жетсе біреуге жетпей жататын, сол себепті де адамдардың күншілдігін қоздырып, оларды өзара бәсекелестіріп, бір-біріне өшіктіріп қоятын, сол себепті де артынан азабы мен қорлығы ілесе жүретін дүниелік нәрселер ешкімге де баянды бақыт әкелмейді. Сондықтан да ондай нәрселер адам үшін шын бақыт болып табылмайды. Шын бақыт жұрттың бәріне де бірдей жетіп, бәріне де толық қанағат әкелуі тиіс. Ол әр адамның да көңілін уайым мен қорқыныштан арылтып, қайғы–қасірет шекпейтін етуі тиіс. Міне, осындай барлық жанға бәрі жететін, көңілден қайғы кетіп бәрі де өзін шексіз бақытты сезінетін бірден-бір орын жұмақ болып табылады.
Бірақ, өкінішке орай, көптеген жандар жұмақ деген ғажайып орын бар дегенге тіпті де сене алмайды. Олар үшін жұмақ ұғымы өмір шындығынан тыс жатқан, кейбір қияли адамдар ғана жұбаныш ететін ертегілік ұғым болып қабылданады. Сол себепті де олар жұмақты бақыт ұғымымен байланыстырып, өмірлік мұрат ретінде қарастырмайды.
Бірақ, шындығына келгенде, жұмақ жоқ деген сөз адам баласы үшін бақыт жоқ деген сөзбен парапар. Өйткені, жұмақ пен бақыт бір мағыналас сөздер. Жұмақ дегеніміз адам өзін мәңгі бақытты сезінетін жер болса, бақыт - жұмақтан басқа еш жерде де өзінің толық табиғатында көрініс таппайды. Бұл дүниедегі адамдар бақыт деп білетін өткінші ғана сезімді бір сәтке болса да адам жанын босатпай мәңгі баурайтын нағыз бақытқа айналдыру Алла Тағала үшін еш қиын емес. Міне, осындай бақыт адам баласын жұмақ деп аталатын ғажайып орында ғана күтуде.
Адам баласы жұмақ бақытынан артық бақытты өзіне тілей алмайды. Оның бұл дүниедегі бақыт деп білетін барлық жағымды сезімдері жұмақ бақытымен салыстырғанда тоңып отырып қолын ғана жылытқан, онда да анда-санда бір жылытып қана отырған адамның әсеріндей болатын шығар. Бірақ, көптеген жандар нағыз бақыттың қандай болатынын білмегендіктен де бұл дүниенің бір сәттігіне ғана алданып мәңгілік бақыттарын жоғалтуда. Адам үшін мұнан өткен зор қателік, мұнан өткен зор өкініш болар ма?
Maсa.кз. 05.03.12.

Комментариев нет:
Отправить комментарий