Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Исламның иман жөніндегі ілімі ақида бойынша иманның басты шарты Алладан басқа құдай жоқ екенін мойындау болып табылады. Бірақ, құдай атаулы жоққа шығарылып, соның салдарынан Алланың бірлігінен бұрын оның барлығын дәлелдеу ең басты мәселеге айналған кездер де болды. Бұл мәселе әлі де өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. Әлі де болса маңайымыздан Алланың барлығына сенбейтін жандарды кездестіруге болады.
Мұндай Алланы жоқ дейтін адамдар шын мәнінде әділдікті де жоққа шығаратын адамдар болып табылады. Өйткені, Алласыз дүниеде әділдіктің де болуы мүмкін емес. Өйткені, жақсылықтың да, жамандықтың да түпкі нәтижесін шығарып, бәрін де өз орнына қоятын ешкім болмайды. Мұндай жағдайда ізгілікті ұстанып дұрыс өмір сүрудің ешқандай да мәні қалмайды. Соның нәтижесінде жамандар жамандыққа құнығып, жақсылар жақсылықтан түңіліп, берекесіздік жайлап кеткен бұл дүние нағыз тозаққа айналатын болады.
Алланы жоққа шығарушы адамдар бүткіл ізгілік атаулыны да жоққа шығарушы адамдар болып табылады. Өйткені, бүткіл жақсы қасиеттер толық мәнінде Алла Тағалаға ғана тән. Олар Оның кемел қасиеттері болып табылады. Сол себепті де Алланы бар деген адамның жүрегі Раббысына ашылып, ол өзіне Алланың Тағаланың кемел қасиеттерін жұғысты етеді. Ал, Алла Тағаланы осындай кемел қасиеттерімен пәктеп, мадақтау арқылы ол өз бойындағы сондай қасиеттерді арттырып, кемелдене түсетін болады.
Алланы жоқ дейтін жандар болса, олар сол арқылы Алланың кемел қасиеттері болып табылатын бүткіл жақсы қасиеттерді де жоққа шығарады. Сол арқылы олар ол қасиеттерді өздеріне арам етіп, өз сөздерінен өздері зиян табатын болады. Сол себепті де олардың көбісі бұл дүниеде ізгілікке қол жеткізе алмай, жақсылық атаулыдан түңіліп, қайғыдан қарайып өлетін болады.
Аллаға сенбейтін адам Аллаға сенім де артпайды. Ол тек өзіне, өзінің жақын-жуықтарына ғана сеніп, соларға ғана сенім артып, солар арқылы бұл дүниеден жақсылық таппақ болады. Бірақ, Аллаға сенім жоқ жерде адамдар арасында да сенім болмайды. Өйткені, әркім өз басының қызығы мен пайдасын көбірек ойлап, өз басының уайымы мен қайғысымен ғана әуре болып жүретін бұл тірлікте адамдардың бір-біріне көңіл бөліп, үнемі бір-бірінің көңілдерін тауып жүруге ықыластары да, мұршалары да жоқ. Сол себепті де бұл дүние адамдардың бір-бірінен көңілдері қалып, бір-бірінен көңілдері суып, бір-бірінен түңіліп жататын жатбауыр дүние. Мұндай дүниеде Аллаға сеніп, Оған сенім артпайтын, Алла Тағаланың нұры көкірегін жарық етіп, жүрегін жылытпайтын жанның күндердің күні көкірегі көрге, жүрегі мұзға айналып тынары сөзсіз.
Аллаға сенбейтін жандар қашанда Алланың барлығына, діннің хақтығына куә болар небір айқын, небір ғажайып дәлелдердің өзін де көрмеуге, білмеуге тырысады. Көріп, білсе де оны кездейсоқтық ретінде бағалап, не болмаса Алладан басқа біреулер мен бірдеңелерге теліп, солардың еңбегі, солардың құдіретінің дәлелі етіп шығарады. Олар мұндай дәлелдер ненің болса соның дәлелі болсын, тек Алланың барлығының, діннің хақтығының дәлелі болмағанын жан-тәндерімен қалайды. Сол себепті де ондай жандар небір қисынсыз тұжырымдардың өзіне де сене кетуге бейім тұрады.
Мұндай жандар қанша жерден елемеуге, қанша жерден білмеуге тырысса да ақиқаттың ақиқат күйінде қалатынын, ал өздерінің ақымақ күйінде қалатындарын түсінбейді. Олар қыңырлықтарының кесірінен өздеріне ұсынылып жүрген ақиқаттан бас тартып, сол арқылы оны өздеріне арам етіп жүргендіктерін сезбейді. Бұлай ақиқатты «қажет емес» деп, одан жалтарып, оны өзіне арам ететін адам өтіріктен көз аша алмай адасып, екіжүзді жандардың құрбаны болып, дүниеден шындық таппай күңіреніп өтетін болады.
Maсa.кз. 21.11.11.

Комментариев нет:
Отправить комментарий