Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Тарауық намазы сонау Халиф Омардың кезінен бері жамағатпен оқылып келеді. Бұл намаздың жамағатпен оқылуы төңірегінде екі пікір бар. Олардың бірі бойынша ол Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті, ал, екінші пікір бойынша ол Омар ибн Хаттабтың бастамасымен дінге енгізілген жақсы жаңалық (жақсы бидғат). Осындай екі пікір бұрыннан болғанмен, бұл мәселе қазіргі кезеңде ғана өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені, бұл мәселе дініміз үшін маңызы зор басқа бір мәселені шешу үшін пайдаланылуда. Сол себепті де бұл мәселенің басын түпкілікті ашып алу маңызды болып тұр.
Тарауықты жамағатпен оқуды сүннет деп санайтындар пікірлері мынадай: «Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айының түндерінде мешітте жамағат намазын өткізген. Бірақ, кейін оның парыз болып кетуінен қорқып оны жамағатпен оқуды тоқтатқан. Ал, Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болған соң оның парыз болу қауіпі жоқ, демек, оны жамағатпен оқуға болады. Сол себепті де Халиф Омар сүннетті қайта қалпына келтірген». Енді бұл пікірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтау үшін Пайғамбардың (с.ғ.с.) Рамазан айында мешітте оқыған намаздары баяндалатын хадистерге шолу жасап көрелік.

1. Айша айтады: «Бірде Пайғамбар (с.ғ.с.) түн ортасында үйден шығып мешітте намаз оқи бастады, ал кейбір адамдар (оның артына тұрып) оған еріп (намаз) оқи бастады. Ертеңіне сол кісілер (бұл жөнінде өзгелерге) айтып, олар (мешітке) көбірек жиналды, және онымен бірге намаз оқыды да, ертеңіне ол жөнінде басқаларға айтты. Үшінші түні мешітке көп адам жиналды, ал Пайғамбар (с.ғ.с.) үйден шығып намаз оқығанда олар да оған еріп намаз оқыды. Төртінші түн дегенде намаз оқығысы келетіндер мешітке симады. Пайғамбар (с.ғ.с.) таңертең таң намазына шығып, оны аяқтаған соң адамдарға бұрылып куәлік сөзін айтты да былай деді: «Сонан соң, шын мәнінде, сендердің осында болғандарыңды мен білмей қалған жоқпын, бірақ, мен бұл намаз сендерге парыз етіліп, сендер оны орындай алмайды деп қорықтым». Сонан соң Алланың Елшісі (с.ғ.с.) қайтыс болды да, бәрі өзгерместен қалды. (Бухари 903. (2012))
2. Айша айтады: «Алланың елшісі түн ортасында мешітке кіріп намаз оқыды да, ол намазы бойынша басқа ер адамдар да намаз оқи бастады. Ертеңгісін жұрт бұл жайында айта бастады. (Түнде) олар көбірек жиналды, және Алланың Елшісі шыққанда олар тағы оның намазымен намаз оқыды. Ертеңгісін жұрт (түнде қалай намаз оқығандарын) естеріне алып, үшінші түні мешітке келушілер көбейе түсті. Төртінші түн болғанда мешіт келгендердің бәрін сиғыза алмады, оның үстіне Алланың Елшісі оларға шықпай қалады. Олардың (жиналғандардың) арасынан кейбір ер кісілер «намаз» дей бастады. Бірақ, Алланың Елшісі тек таң намазында ғана оларға шығып, оны орындаған соң жұртқа бетін бұрды, және, куәлік сөзін айтты да былай деді: «Ия, мен үшін сендердің түндегі жағдайларың құпия емес, тек мен түнгі қосымша намаз сендер үшін парыз етіліп, сонда сендер оны (үнемі орындауға) әлсіздік танытар деп қорықтым» (Муслим 761-1)
3. Айшаның айтуы бойынша, бірде түн мезгілінде Алланың елшісі мешітте намаз оқыды да, оның намазымен (намазына ұйып) адамдар да намаз оқыды. Сонан соң ол келесі (түнде де) намаз оқып, адамдар көбейе түсті. Сонан кейін олар үшінші немесе, төртінші түні де жиналды, бірақ, Пайғамбар (с.ғ.с.) оларға шықпады. Ал ертеңгісін ол былай деді: «Мен сендердің не істегендеріңді көрдім. Мұның сендерге парыз етілуінен қауіптенгендіктен мен сендерге шыға алмадым». (Муслим 761-0).
4. Зайд ибн Сабит былай дейді, (бір күні) Рамазан (айы) кезінде Алланың Елшісі (с.ғ.с) өзі үшін (жеке) бөлме жасап алып, түнгі намаздарын соның ішінде оқи бастады да, сахабалардың ішінен кейбіреулер оған ілесіп намаз оқыды. Бұл жайында білген соң ол (бөлмесінде) қала бастады да, сонан соң оларға шығып былай деді: «Мен сендердің не істегендеріңді көрдім, және оны (менімен бірге намаз оқуға деген ықыластарыңды) түсіндім. О, халайық, намаздарыңды үйлеріңде оқыңдар! Шын мәнінде, парыз намаздарды есептемегендегі ең жақсы намаз - бұл адамның үйінде оқыған намазы» (Бухари 389 (731).)
5. Зайд Ибн Сабит айтады. «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) мешітте пальма жапырақтарының діңінен, немесе тоқылған шарбақтан бөлме жасап алды. Содан Алланың елшісі (с.ғ.с.) намазын сонда оқуға шықты». «Оған ер адамдар еріп, оның намазымен намаз оқуға келді». «Содан олар түнде (мешітке) келіп, (белгілі бір уақыт) сонда болды, бірақ, Алланың Елшісі (с.ғ.с.) бөгелді». «Ол ақыры бұларға шықпады да, олар дауыстарын көтеріп, (оның) есігіне тас лақтыра бастады. Алланың Елшісі (с.ғ.с.) оларға ызалы күйде шықты да, оларға былай деді: «Сендер мұны әлі істеудесіңдер, мен тіпті, мұны сендерге (үнемі орындау) міндеттеле ме деп те ойлай бастадым. Намаздарыңды өз үйлеріңде ұстаныңдар! Өйткені, парыз намаздарды айтпағанда ең артық намаз өз үйіңде орындалған намаз» (Муслим 781)
6. Зайд ибн Сабиттің айтуы бойынша Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айы кезінде мешітте шатыр құрып, сонда түнгі намаздарын оқыды. Сонан соң адамдар оның жанына жиналып, оның артында намаз оқи бастады. Содан бір түні олар оның даусын ести алмай, ол ұйықтап қалды деп ойлады да, ол өздеріне шықсын деп шулай бастады. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.) оларға шығып былай деді: «Сендерге не болған, неге сендер мен көріп тұрған істеріңді қоймайсыңдар? Мен бұл намаз сендерге парыз етіле ме деп қауіптенудемін. Егер ол сендерге парыз болса, онда сендер оны орындай алмайсыңдар. О, халайық, намаздарыңды үйлеріңде оқыңдар! Шын мәнінде, парыз намаздарды есептемегендегі ең жақсы намаз - бұл адамның үйінде оқыған намазы». (Насаи 1599. Сахих хадис).
7. Нұғман ибн Башар айтады: «Бірде біз Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге Рамазанның жиырма үшінде, түннің алғашқы үштен біріне дейін түнгі намаз оқыдық. Сонан соң Рамазанның жиырма бесінде түннің ортасына дейін намаз оқыдық. Ал, онымен Рамазанның жиырма жетісінде түнгі намаз оқығанда, сәре ішіуге үлгермейміз бе деп ойладық. (Ахмад 4/272, Насаи 1/238. Бұл хадисті Хаким, шейх Албани, және Шуғайб әл-Арнаут сахих деп санайды).
8. Әбу Зарра айтады: «Біз Алланың Елшісімен (с.ғ.с.) Рамазан айында ораза ұстадық, және ол жеті түн қалғанша бізбен бірге түнгі намаз оқымады. Сонан соң ол түннің үштен бірі өткенше бізбен намаз оқыды. Алты күн қалғанда ол қайтадан бізбен намаз оқымады. Сонан соң бес түн қалғанда ол бізбен түннің ортасына дейін намаз оқыды да, біз айттық: «О, Алланың Елшісі, бізге түннің қалған бөлігінде де неге намаз оқымасқа? Ол болса былай деді: «Шын мәнінде, қашан имам кеткенше имаммен бірге намаз оқыған адам түні бойына намаз оқыған адам тәрізді болады». (Әбу Дауд 1375, Насаи 1364. Бұл хадисті Әбу Иса әт-Тирмизи, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, және Албани сахих санайды).
Осы хадистер арқылы Пайғамбардың (с.ғ.с.) Рамазан айында мешітте оқыған түнгі намаздары жөнінде мынандай ойлар түйінделеді:
Бірінші ой, 4,5,6 хадистерде «Рамазан (айы) кезінде Алланың Елшісі (с.ғ.с) өзі үшін (жеке) бөлме жасап алып, түнгі намаздарын соның ішінде оқи бастады», «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) мешітте пальма жапырақтарының діңінен, немесе тоқылған шарбақтан бөлме жасап алды», «Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айы кезінде мешітте шатыр құрып, сонда түнгі намаздарын оқыды» делінген. Демек, Пайғамбардың (с.ғ.с.) мешітке жиналған сахабалардан оңашаланып өзінің түнгі намаздарын алаңсыз оқу үшін мешіт ішінен бөлек бөлме жасап алған. Және ол таң намазына дейін сонда болатын болған.
Екінші ой, 2,3,4,5,6 хадистерде «Алланың Елшісі оларға шықпай қалады», «бірақ, Пайғамбар (с.ғ.с.) оларға шықпады», «Ол ақыры бұларға шықпады да, олар дауыстарын көтеріп, (оның) есігіне тас лақтыра бастады», «... олар оның даусын ести алмай, ол ұйықтап қалды деп ойлады да, ол өздеріне шықсын деп шулай бастады» делінгеніне қарағанда Пайғамбар (с.ғ.с.) үш күн сахабалармен оқылған намазға үйінен емес, сол мешіт ішіндегі бөлмесінен шығып отырған.
Үшінші ой, 4 хадисте «оны (менімен бірге намаз оқуға деген ықыластарыңды) түсіндім» дегеніне қарағанда ол сахабалардың өзінің намазына ұйып бірге намаз оқығысы келетінін түсінеді, сол себепті де ол Қадір түні болуы мүмкін деген үш түнде оларға ондай мүмкіндік берген. Бұл жағдай 7,8 хадистерде көрініс тапқан.
Төртінші ой, Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалармен бірге намаз оқуға әр түн сайын емес, араға бір түннен салып күнаратпа шығып отырған. Бұлай болмаған жағдайда жоғарыдағы хадистерді бір-бірімен ұштастыру мүмкін болмай, айналып келгенде олардың бәрінен де күмәндануға тура келеді.
Бесінші ой, осылай арасына бір түннен салып үш түн бойы сахабалардың өзіне ұйып намаз оқуларына мүмкіндік бергеннен кейін Пайғамбар (с.ғ.с.) бөлмесінен шықпай қалады. Негізіне келгенде, Қадір түні болуы мүмкін үш түнде сахабалардың өз намазына ұюға мүмкіндік берген соң Пайғамбар (с.ғ.с.) қалған түндерде әдеттегідей өзінің бөлмесінде күнделікті намазын оқи берген. Ал, оның үш күн бөлмесінен шыққанына қарап бүгін тағы да шығады деп дәмеленіп қалған сахабалардың кейбіреулері оны күтуден шаршап шыдамсыздана бастаған. 6,2,5 хадистерде айтылғандай «Содан бір түні олар оның даусын ести алмай, ол ұйықтап қалды деп ойлады да, ол өздеріне шықсын деп шулай бастады», «Олардың (жиналғандардың) арасынан кейбір ер кісілер «намаз» дей бастады», «олар дауыстарын көтеріп, (оның) есігіне тас лақтыра бастады». Олардың бұл әрекеті оны алаңдатып намазын тиісінше оқуына мүмкіндік бермей ызаландырғаны анық. Мұны 5 хадистегі«Алланың Елшісі (с.ғ.с.) оларға ызалы күйде шықты» деген жолдан аңғаруға болады.
Алтыншы ой, Пайғамбар (с.ғ.с.) бар болғаны Қадір түні болуы мүмкін үш түнде ғана сахабалармен бірге намаз оқуды ойласа, мұны түсінбеген сахабалар бастау алған бұл істің онан әрі жалғаса беруін қалады. Және Пайғамбардың (с.ғ.с.) шығуын тағатсыздана күтті. Ал ол тағы шыққан жағдайда бұл іс онан әрі жалғасын тауып, жамағаттың қалауымен күнде оқыла бастаған түнгі қосымша намаз оларға парыз болып бекітілуі мүмкін еді. Және ол тек Рамазан айындағы түнгі намаз ретінде ғана емес, жалпы, жыл бойғы оқылатын түнгі намаз ретінде бекітілер еді. Өйткені, Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл жөнінде былай деді: «түнгі қосымша намаз сендер үшін парыз етіліп, сонда сендер оны (үнемі орындауға) әлсіздік танытар деп қорықтым»
Жетінші ой, жоғарыдағы хадистерге қарағанда бұл оқиға тек бір жылда, бір Рамазан айы кезінде ғана болған. Және, оның алдындағы жылдарда да, онан кейінгі жылдарда да мұндай жағдай орын алмаған. «Сонан соң Алланың Елшісі (с.ғ.с.) қайтыс болды да, бәрі өзгерместен қалды» дегенге қарағанда бұл Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болардың алдындағы соңғы Рамазан айы болуы мүмкін. Олай болса, сахабалармен бірге оқылған, қазіргі кез түгел сол кездің өзінде де түсінбестік тудырған түнгі намаз оқиғасына Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деп нүкте қойды: «О, халайық, намаздарыңды үйлеріңде оқыңдар! Шын мәнінде, парыз намаздарды есептемегендегі ең жақсы намаз - бұл адамның үйінде оқыған намазы».
Бірақ, Пайғамбар (с.ғ.с) қайтыс болған соң да сахабалардың түнгі намазды мешітте оқуды жалғастыра бергендері хадистерде көрініс тапқан. Оған Пайғамбардың (с.ғ.с.) Рамазан айындағы түнгі намаздарын мешітте оқуы себеп болуы мүмкін. Бірақ, сахабалар ол намаздарын жамағат намазы ретінде оқымады. Бұл жөнінде олардың арасында бірауызды ижмағтың болуы Пайғамбардың (с.ғ.с.) толыққанды жамағат намазын өткізбегені олар үшін анық болғандығын көрсетеді. Өйткені, олар өздерінің Пайғамбардың (с.ғ.с.) намазына ұю арқылы оны өздеріне ықтиярсыз имам еткендіктерін біледі. Негізінде, ол кезде олар тек бұл намазды ғана емес басқа да қосымша намаздарды Пайғамбарға (с.ғ.с.) ұйып оқи беретін болған. Және бұл әдет олардың арасында қалыпты саналады. Сол себепті де оларда Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айында мешітте жамағат намазын өткізді деген ой болмаған.
Бірақ, бұл оқиғаны тек хадистер бойынша зерделеуге мәжбүр болған кейінгі кейбір ғұламалар хадистердегі жұтаң, байланыссыз, әрі қарама-қайшылықтары да бар мәліметтерді дұрыс қорта алмай, сол себепті де олар Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айында мешітте жамағат намазын өткізген деген жаңсақ пікірге бой алдырды. Бұл пікірдің жаңсақ екендігіне мынадай дәлелдерді келтіруге болады.
Біріншіден, адамды ықтиярсыз имам ету шариғатта рұқсат етілген.
"Намаз оқып жатқан адамның жанына, немесе артына тұрып, ол әуелі бастан имам болуға тырыспаса да оның намазына ұйып, оны өзіңе имам етуге рұқсат етіледі". («Избранные хадисы о Рамадане» Ибрахим Мухаммад Аль-Хукайль).
Мұндай имамның ыхтиярынсыз өткен жамағат намазы жамағат намазы ретінде қабыл болса да, оны толыққанда жамағат намазы деп санауға келмейді. Толыққанды жамағат намазы болу үшін біріншіден, ол намаздың осы кезге дейін де жамағатпен оқылған, және алдағы уақытта да оқыла беретін заңдық негізі болуы тиіс. Екіншіден, имам жамағат намазына ниет қоюы тиіс. Ал, түнгі намаз хадистерде баяндалатын төрт күндік оқиғадан бұрын да жамағат намазы ретінде оқылмаған, әрі кейін де оны заңдастыру жоспарланбаған.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) жамағат намазын өткізетінін сахабаларға күнібұрын ескерпеуінің өзі оның толыққанды жамағат намазын өткізуді ойламағанын көрсетеді. Егер ол бұл түндері мешітте жамағат намазын өткізуді жоспарласа онда ол бұл жайында жамағатты күні бұрын хабардар еткен болар еді. Өйткені, жамағат намазын өткізгісі келіп, бірақ халықты күнібұрын хабардар етпей оларды алалап жамағат намазын өткізуі мүмкін емес.
Ал, хадистерге сенсек түнгі намазға сахабалар бір-бірінен естіп қана жиналған, және күн өткен сайын естушілердің қатары көбейіп соның нәтижесінде мешітке келушілердің санының артқан. Демек, Пайғамбардың (с.ғ.с.) жамағат намазын өткізу ниеті болмаған. Бұл оның «О, халайық, намаздарыңды үйлеріңде оқыңдар! Шын мәнінде, парыз намаздарды есептемегендегі ең жақсы намаз - бұл адамның үйінде оқыған намазы» деген сөзінен де аңғарылады.
Және Пайғамбардың (с.ғ.с.) жамағат намазын өткізуге ниет қойып имам болғанына нақты дәлел жоқ. Егер оның жамағат намазын өткізуді жоспарламауын, және оны заңдастыруды да ойламауын ескергенде оның имамдыққа ниет қойды деудің еш қисыны жоқ.
Екіншіден, сахабалар Пайғамбардың (с.ғ.с.) артына тұрып оны өздеріне ықтиярсыз имам еткендіктері жөніндегі дәлелді жоғарыдағы келтірілген, осы оқиға баяндалатын әр хадистен де табуға болады.
1 хадис. «Бірде Пайғамбар (с.ғ.с.) түн ортасында үйден шығып мешітте намаз оқи бастады, ал кейбір адамдар (оның артына тұрып) оған еріп (намаз) оқи бастады», «...онымен бірге намаз оқыды...», «... олар да оған еріп намаз оқыды».
2 хадис. «Алланың елшісі түн ортасында мешітке кіріп намаз оқыды да, ол намазы бойынша басқа ер адамдар да намаз оқи бастады», «...Алланың Елшісі шыққанда олар тағы оның намазымен намаз оқыды»
3 хадис. «...бірде түн мезгілінде Алланың елшісі мешітте намаз оқыды да, оның намазымен (намазына ұйып) адамдар да намаз оқыды».
4 хадис. «Рамазан (айы) кезінде Алланың Елшісі (с.ғ.с) өзі үшін (жеке) бөлме жасап алып, түнгі намаздарын соның ішінде оқи бастады да, сахабалардың ішінен кейбіреулер оған ілесіп намаз оқыды».
5 хадис. «Содан Алланың елшісі (с.ғ.с.) намазын сонда оқуға шықты». «Оған ер адамдар еріп, оның намазымен намаз оқуға келді»
6 хадис. «...Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айы кезінде мешітте шатыр құрып, сонда түнгі намаздарын оқыды. Сонан соң адамдар оның жанына жиналып, оның артында намаз оқи бастады».
7 хадис. «...біз Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге Рамазанның жиырма үшінде, түннің алғашқы үштен біріне дейін түнгі намаз оқыдық».
8 хадис. «Сонан соң ол түннің үштен бірі өткенше бізбен намаз оқыды»
Бұл хадистердің ішінде тек 7,8 хадистердегі «бірге... түнгі намаз оқыдық», «бізбен намаз оқыды» сөздерге қарап нақты бір қортынды шығару қиын. Бірақ, 1 хадисте осы сөздермен мағыналас «...онымен бірге намаз оқыды...» деген сөздің алдында «...кейбір адамдар (оның артына тұрып) оған еріп (намаз) оқи бастады» деген анық мағыналы сөздің болуы жоғарыдағы «бірге... түнгі намаз оқыдық», «бізбен намаз оқыды» деген сөздерді де имамның ықтиярынсыз ұю мағынасында айтылғанын деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Ал, алдыңғы алты хадисте сахабалардың Пайғамбардың (с.ғ.с.) артына өздері келіп тұрып оның намазымен намаз оқығандары анық айтылған. Ондағы сөздерді басқаша түсіну мүмкін емес.
Үшіншіден, егер Пайғамбарға (с.ғ.с.) ұйып, онымен бірге оқылған намаздарды жамағатпен оқу сүннет деп бекітіле берілсе, онда тахаджуд, тіпті, бекітілген сүннет намаздарын да жамағатпен оқу сүннет деп айтуға тура келер еді. Өйткені, Пайғамбардың кезінде (с.ғ.с.) сахабалар тек парыз намаздарды ғана емес, сондай-ақ сүннет, тахаджуд намаздарын да оған ұйып оқи беретін болған. Ол жағдай мына хадистерде жақсы көрініс тапқан:
Ибн Масуд айтады: «(Бірде) Пайғамбармен (с.ғ.с.) түнгі намаз оқығанда оның қиямда ұзақ тұрғаны соншалықты, тіпті, менің бір жағымсыздық істегім келіп кетті». Біз «Ол не?» деп сұрадық. Ол «Алланың Пайғамбарын (с.ғ.с.) (жалғыз) тұрған күйде қалдырып отыра кеткім келді» деп жауап берді. (Бухари 566. (1135).)
Ибн Аббастан: «Түндердің бірінде мен нағашы апам Маймунаның үйіне қондым. ...Ол (Пайғамбар с.ғ.с.) тұрды да намаз оқыды. Сол кезде оның мені оятып жібергенін білдіргім келмей керіліп мен де тұрдым. Дәрет алдым. Ол болса түрегеліп намаз оқып тұрды. Мен де барып оның сол жағына барып тұрдым, бірақ ол қолымнан ұстап өзінің оң жақ жағына қойды. Алланың Елшісінің түндегі намазы он үш ракатпен аяқталды. (Муслим 763)
Ибн Омар айтады: «Алланың Елшісімен бірге бесіннің алдында екі сәжде, және кейін екі сәжде, ақшамнан кейін екі сәжде, құптаннан кейін екі сәжде, жұмадан кейін екі сәжде оқыдым. Мен бұл кешкі, түнгі, және жұма намаздарын Пайғамбармен бірге оның үйінде оқыдым". (Муслим 729).
Бұл жерде екі адам оқыған намаз жамағат намазы болып табылмайды деген уәж айтылуы мүмкін, бірақ, мұндай уәжді басқалар айтса да бұл мәселеде дау тудырып жүрген қазіргі уаххаби мұсылмандардың айтуы мүмкін емес. Өйткені, олар екі адам оқыған намаздың да жамағат намазы болып табылатынына сенімді. Және оған дәлелдері де бар.
Пайғамбар Малик ибн Хувайрусқа, және оның нағашысының ұлына былай деді: «Егер сендер екеу болып сапарға шықсаңдар онда азан мен қамат айтып, үлкендерің имам болсын». (Бухари 2636, Муслим 1081, Тирмизи 189, Ибн Мажда 969, т.б.)
Төртіншіден, жалпы, Пайғамбар (с.ғ.с.) тек Рамазан айында ғана емес, былайғы кездерде де түнгі намаздарын мүмкіндігінше үзбей оқитын болған. Ал, Рамазан айында ол өзінің түнгі намаздарын мешітте оқығанды жөн көрген, бірақ, мешітте адамдардың көп болуына байланысты ол өзіне бөлек бөлме жасап алуына тура келген. Егер ол мешітте жамағат намазын өткізгісі келсе оған мұндай оңаша бөлменің қажеті болмас еді.
Бесіншіден, Пайғамбардың (с.ғ.с.) «Сендер мұны әлі істеудесіңдер», «...неге сендер мен көріп тұрған істеріңді қоймайсыңдар?» деген сөзі сахабалардың оны ықтиярсыз имам еткендігінің бір дәлелі болып табылады. Егер ол үш күн бойына толыққанды жамағат намазын өткізген болса, төртінші күні аяқ астынан құбылып жоғарыдағы сөздерін айтуы мүмкін емес. Бұлай деп айту үшін бір күн бұрын жамағат намазының оқылмайтынын ескертуі қажет, ал Пайғамбардың (с.ғ.с.) олай ескертпегені белгілі. Ол төртінші күні таң намазынан кейін ғана шығып«Сендер мұны әлі істеудесіңдер, мен тіпті, мұны сендерге (үнемі орындау) міндеттеле ме деп те ойлай бастадым. Намаздарыңды өз үйлеріңде ұстаныңдар! Өйткені, парыз намаздарды айтпағанда ең артық намаз өз үйіңде орындалған намазы» бірден тиып тастады. Бұл сөздеріне қарағанда Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалардың күнде мешітке жиналып өзінің намаз оқуын күтулерін қостамаған. Егер ол шын мәнінде де жамағат намазын өткізуді ойласа, және оны өткізіп те жүрген болса ол бұлай демеген болар еді.
Алтыншыдан, тарауықты жамағатпен оқу Халиф Омардың тұсында Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті ретінде емес, жақсы амал ретінде дінге енгізілген. Оған мына хадис дәлел:
Абдур-Рахман ибну Абдил-Қари: "Омармен бірге рамазанның бір түнінде мешітке бардым. Адамдар шашыраңқы. Біреуі жеке басына өзі намаз оқып жатса, енді бірде жеке намаз оқып жатқанның артына келіп басқа бір топ адамдар ұйып жатыр. Мұны көріп, Омар (р.а.): «адамдардың бәрін бір қаридың артына жинасам, жақсы болады деп ойлаймын", - деді де, Убәй ибн Кәғбті имам етіп, жамағатты оның артына ұйытты. Сосын басқа бір түні мешітке Омармен (р.а.) бірге бардым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып тұр. Мұны көрген Омар (р.а.): "бұл қандай жақсы бидғат," - деді. (Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы, Бәйрут, 1987 ж. Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 493-бет, Мәктабату Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.)
Осы хадисте тарауық намазын жамағатпен оқудың «жақсы бидғат» ретінде дінге енгізілгені айқын көрініс тапқан. Өйткені, хадисте айтылатындай мешітке адамдар көп жиналған. Және, «Адамдар шашыраңқы. Біреуі жеке басына өзі намаз оқып жатса, енді бірде жеке намаз оқып жатқанның артына келіп басқа бір топ адамдар ұйып» мешітте белгілі бір тәртіпсіздік орын алған. Сол себепті де, Алланың қалауымен Халиф Омар«адамдардың бәрін бір қаридың артына жинасам, жақсы болады» деп шешкен.
Жетіншіден, егер тарауық намазы Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті болатын болса, онда Омар Ибн Хаттаб имам болып алдыға шығып намазды өзі өткізген болар еді. Бірақ, Халиф Омар бұл намазды өзі өткізбеді. Ол Убай ибн Кағбты имам етіп қойып, жамағатты соған ұйытты. Және «басқа бір түні» мешітке қайтып келіп, тарауықты жамағатпен оқып жатқандарға қарап «бұл қандай жақсы бидғат» деді. Осы жерде егер тарауықты жамағатпен орындау, және оны имам ретінде өткізу Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті болса онда оны Омар Ибн Хаттаб білмеген бе, немесе біле тұра оны орындамаған ба деген сұрақ туады. Өйткені, Омар тарауық намазында имам да болмады, әрі оны жамағатпен бірге де оқымады. Оған жоғарыдағы сахих хадис жақсы дәлел. Және, Халиф Әбу Бәкірдің де тарауық намазын жамағат намазы ретінде өткізбегені белгілі. Өйткені, оның кезінде тарауық жамағатпен мүлде оқылмады. Және, Әли ибн Әбу Тәлибтің де тарауықты жамағатпен оқымағаны мына хадисте көрініс тапқан.
Арфаджа ас-Сакафи айтады: «Әли ибн Әбу Талиб Рамазан айындағы түнгі намазды орындауға әмір еткенде ерлер мен әйелдерге имам тағайындады. Мен сонда әйелдерге имам болдым». (Ибн Наср "Қиямул-лейл” 93).
Және, сахабалардың да бәрі бірдей тарауықты жамағатпен оқымағандары да белгілі. Мысалға, Нафиғтың айтуы бойынша Ибн Омар тарауықты үйде оқығанды артық көрген. (Ибн Әбу Шейба 2/166. Иснад сенімді). Және Имам Малик айтады: «Көптеген ғалымдар тарауықты жамағатпен оқымады, мен де соны артық көремін».
Егер тарауық намазын жамағатпен оқу шын мәнінде де Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті болатын болса, онда ол қайтыс болғаннан кейін, Халиф Әбу Бәкірдің кезінде-ақ оның жақын серіктері мен сахабалар бірауыздан сүннетті қалпына келтірген болар еді. Өйткені, олардың ненің сүннет, ал ненің сүннет емес екендігін кейінгілерден артық білетіндері сөзсіз. Бірақ, олар Омардың халифтығы тұсында, оның тікелей бастамасымен ғана тарауықты жамағатпен оқуды қалыптастырды. Сонда олар сол кезге дейін біле тұра сүннеті қалпына келтіргілері келмеген бе деген сауал туады. Және Халиф Омар сүннетті қалпына келтіргеннен кейін де тарауықты үйлерінде оқуды жалғастыра берген кейбір сахабалардың сүннетті орындағылары келмеген бе деген де сауал туады. Салафтарды бұлай деп айыптау кім үшін болса да үлкен айып болып табылар еді.

Сегізіншіден, Халиф Омардың «адамдардың бәрін бір қаридың артына жинасам, жақсы болады деп ойлаймын» деген сөзі оның тарауықты жамағатпен оқуды өз қалауымен енгізіп тұрғанын көрсетеді. Егер ол оны Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті ретінде істеп тұрса, онда міндетті түрде оны ескерткен болар еді. Бірақ, ол болса«жақсы болады деп ойлаймын» деді, демек, бұл оның өзіндік ойы, жеке бастамасы екенін білдіреді.
Тоғызыншыдан, жоғарыдағы хадисте «жеке намаз оқып жатқанның артына келіп басқа бір топ адамдар ұйып жатыр» делінген түрде сахабалардың өзге сахабалардың артына тұрып, олардың намазына ұйығандары көрініс тапқан. Демек, олар Пайғамбардың (с.ғ.с.) бар кезіндегі әдеттерімен, ол кеткен соң да беделді, Құранды жақсы білетін сахабалардың арттарына тұрып оларға ұйыйтын болған. Мұның өзі олардың кезінде Пайғамбарды (с.ғ.с.) ықтиярсыз имам еткендіктеріне дәлел болады.
Оныншыдан, «Қашан имам кеткенше имаммен бірге намаз оқыған адам түні бойына намаз оқыған адам тәрізді болады» деген хадистің «қашан имам кеткенше» деген жері кейбіреулердің Пайғамбардан (с.ғ.с.) бұрын кететіндіктерінен хабар береді. Ал, біреулердің бұлай түнгі намазды онымен бірге аяқтамауы ол намаздың толыққанды жамағат намазы ретінде оқылмағанын көрсетеді. Өйткені, әуеліден жамағат намазы ретінде басталған, Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі өткізіп жатқан намазға қатысқан адамның ол бітпей кетіп қалуы мүмкін емес. Тек Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі оқып жатқан әдеттегі түнгі намазына ұйыған адамның ғана белгілі бір ракаттан соң намазын аяқтап тастауы мүмкін. Өйткені, оның жеке оқитын түнгі намаздарының бір ракатының өзі ұзаққа созылатыны, және оған төзім етудің оңай емес екендігі Ибн Масудтың мына бір хадисінде жақсы көрініс тапқан:
Ибн Масуд айтады: «(Бірде) мен Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге түнгі намаз оқығанда оның қиямда ұзақ тұрғаны соншалықты, тіпті, менің жағымсыздық істегім келіп кетті». Біз «ол не?» деп сұрадық. Ол «Алланың Пайғамбарын (с.ғ.с.) (жалғыз) тұрған күйде қалдырып отыра кеткім келді» деп жауап берді. (Бухари 566. (1135)).
Осы жерде айта кететін жай, «Қашан имам кеткенше имаммен бірге намаз оқыған адам түні бойына намаз оқыған адам тәрізді болады» деген Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзін қазіргі имаммен бірге оқылатын жиырма ракат тарауық намазына сабыр ете алмай, сол себепті де сытылып кетуге сылтау іздейтін кейбір мұсылмандардың ескергендері жөн болар еді. «Қашайын деп тұрған балаға «тәйт!» дегесін не жорық» дегендей онсыз да намазға жалқаулық танытатын кейбір намазхандарға «тарауықты он бір ракаттан асырмау Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті» деген сөз «іздегенге сұрағандай» болатыны сөзсіз.
Он біріншіден, Пайғамбардың (с.ғ.с.) Рамазан айында түнгі намазды ұзақ оқығандығы жоғарыда келтірілген 7 хадисте көрініс тапқан: «...онымен Рамазанның жиырма жетісінде түнгі намаз оқығанда, сәре ішуге үлгермейміз бе деп ойладық» Бұл хадистегі Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнгі намазды ұзақ оқуынан оның ол намазды жамағат намазы ретінде өткізбегенінің тағы бір дәлелін байқаймыз. Өйткені, жамағат намазын ұзақ оқуға оның өзі тиым салған.
Әбу Муса әл-Ансария айтады: «Алланың Елшісіне (с.ғ.с.) бір кісі келді де: «Мен осындай бір имамның (құптан) намазын ұзақ оқуының кесірінен таң намазына кешігемін» деді. Сол күні Алланың елшісі (с.ғ.с.) құтбада ашулы болды, мен оны бұрын мұндай күйде көрмеген едім. Ол былай деді: «О, адамдар! Сендердің араларыңда өздерінің істерімен (халықты Исламнан) үркітетіндер бар. Егер сендердің іштеріңнен біреу имамның орнына тұратын болса, онда (жамағат намазын) созбайтын болсын, өйткені, оның артында қарттардың да, әлсіз жандардың да, шаруасы тығыз (жандардың да) (тұруы мүмкін). (Муслим 446)
Ал, жоғарыда айтылатын намаздардың ұзаққа созылуы оларды Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзінің әдеттегі түнгі намаздары ретінде оқығанын көрсетеді. Оның ондай намазарына ұйығысы келген адам қалаған кезде оған қосылып, қалаған кезде намаздан шыға беретін болған.
Он екіншіден, егер «Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болған соң парыз болып кету қауіпі жоқ деген уәжбен тарауық намазын жамағатпен оқу заңдастырылса, онда тахаджудты да жамағатпен оқуды заңдастыруға жол ашылады. Өйткені, Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болды, демек оның да парыз болып кетуінің қауіпі жоқ, оның үстіне өзіне ұйып тахаджуд намазын оқуға Пайғамбар (с.ғ.с.) ешқашан тиым салмаған. Олай болса, тарауықты жамағатпен оқуды заңдастыруға негіз болған жағдай тахаджудты да жамағатпен оқуды заңдастыруға негіз болар еді. Тіпті ол екеуінің бір намаз саналынуының өзі бұған жол ашады. Егер Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге оқылған Рамазан айындағы тахаджудты жамағатпен оқуға болса, онда былайғы кездегі Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге оқылған тахаджудты да неге жамағатпен оқуға болмасқа?
Мұндай бидғатқа жол бермеу үшін үш нәрсені міндетті түрде мойындауға тура келеді.
1) Пайғамбардың (с.ғ.с.) «Сендерге не болған, неге сендер мен көріп тұрған істеріңді қоймайсыңдар? Мен бұл намаз сендерге парыз етіле ме деп қауіптенудемін. Егер ол сендерге парыз болса, онда сендер оны орындай алмайсыңдар. О, халайық, намаздарыңды үйлеріңде оқыңдар! Шын мәнінде, парыз намаздарды есептемегендегі ең жақсы намаз - бұл адамның үйінде оқыған намазы» деген сөзі тек Рамазан айындағы намаздарға ғана емес, әдеттегі түнгі намаздарға да қатысты айтылған. Өйткені, келесі бір хадисте «мен түнгі қосымша намаз сендер үшін парыз етіліп, сонда сендер оны (үнемі орындауға) әлсіздік танытар деп қорықтым» деп нақтыланған.
2) Бұл тиымның күші Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болған соң да сақталды. «Ол кеткен соң ол намаздың парыз болып кету қауіпі жоқ, сондықтан тарауықты жамағатпен оқи беруге болады» деген уәж мүлде орынсыз. Егер ол қайтыс болған соң парыз болып кету қауіпінің жоқтығы заңдастыра беруге мүмкіндік беретін болса, онда басқа да көптеген нәрселерді заңдастырып алуға жол ашылар еді.
3) Халиф Омар Алланың қалауымен, өзінің Халифтық құқығымен тарауықты жақсы бидғат ретінде жамағатпен оқуды қалыптастырды да, былайғы кездегі түнгі намазға қатысты Пайғамбардың (с.ғ.с.) үкімі өз күшінде қалды.
Он үшіншіден, егер тарауық намазын жамағатпен оқу сүннет болған жағдайда да оны Рамазан айының басынан бастап аяғына дейін оқу емес, тек Қадір түні болуы мүмкін 23,25,27 түндерде ғана жамағатпен оқылуы сүннет болуы тиіс. Өйткені, Пайғамбар (с.ғ.с.) тек сол күндері ғана сахабалармен бірге намаз оқыған. Ал оған дейінгі де, олардың арасындағы да, және кейінгі де түндері сахабалармен бірге намаз оқымауы ол түндерде жамағат намазын оқуды сүннет ретінде санауға мүмкіндік бермес еді.
Сонымен, қорта келгенде тарауықты жамағатпен оқу Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті деген пікірдің қате екенін мойындаған жөн. Біріншіден, оның мешітте жамағат намазын өткізу ниеті болмады. Өйткені, түнгі жамағат намазының парыз болып кетуінен қорқатын оның мешітте жамағат намазын өткізуі қисынсыз.

Екіншіден, ол түнгі намазда имамдыққа ниеті қоймады, өйткені, жамағат намазын өткізуді қаламаған оның имамдыққа ниет қойып намаз оқыды деу де қисынсыз. Ол тек Қадір түні болуы мүмкін үш түні бөлмесінен шығып мешіттегі сахабалардың өзінің әдеттегі түнгі намазына ұйып намаз оқуларына мүмкіндік берді.
Үшіншіден, түнгі намазына ұюшылардың қарасы күннен күнге көбейіп, олардың бұл істі әдетке айналдыруға деген ыңғайларын байқаған Пайғамбар (с.ғ.с.) ақыр аяғында оларды бұл істен тиып тастады. «О, халайық, намаздарыңды үйлеріңде оқыңдар! Шын мәнінде, парыз намаздарды есептемегендегі ең жақсы намаз - бұл адамның үйінде оқыған намазы»
Бірақ, Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болған соң да сахабалардың Рамазан айындағы мешітке жиналулары жалғасын тапты.

Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болған соң, бәрі сол күйінде қалды. Әбу Бәкірдің кезінде де солай болды. Содан Омар ибн Хаттабтың кезінде, ол адамдарды Убай ибн Кағбтың артына жинады. Бұл адамдардың Рамазан айында алғашқы рет бір қаридың артына жиналуы болды. (Насаи 4/155)
Бұл хадистегі «бәрі сол күйінде қалды» деген, және 1 хадистегі «бәрі өзгерместен қалды» деген сөз сахабалардың мешітке жинала бергендерін меңзеуі мүмкін. Олардың осылай мешітке жиналып, бірінің артына бірі ұйып намаз оқи бергендіктен де Омар ибн Хаттаб өзінің Халифтық құқығымен Рамазан айындағы жамағат намазын заңдастырып берді деп болжауға болады.
Қалай дегенде де тарауықты жамағатпен оқу Халиф Омардың сүннеті екені анық. Және, оны Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетінен бөлмеген абзал. Өйткені, бұл жөнінде мынадай хадис бар:
Пайғамбар (с.ғ.с.) айтты: «Мен болмаған кезде менің сүннетімді халифа-и рашидун әлифтердің сүннеттерінен бөлмеңдер» (Әбу Дәуд, Тирмизи)
Бұл хадисте Халифтердің де сүннеттері болатындығы, және оны Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетінен бөлмей орындаудың қажеттілігі айтылған. Сол себепті де Омарға бұл істе сахабалар қарсы болмады. Және кейінгі ғұламалардың кезінде де тарауықты жамағатпен оқу өз жалғасын тапты.
Осы жерде айта кететін жай, Рамазан айы түндерінде мешіттердің намазхандарға толып, тарауық намазы жамағатпен оқылып жатуын мешіт имамдары да, және көптеген намазхандар да қалайды. Сол себепті де олар тарауық намазын жамағатпен оқу Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті емес деген пікірге тіксіне қарап, оны дін үшін зиянды пікір санайды. Бірақ, өз қалауыңды жөн қылып ақиқаттан аттауға болмайды. Шындығына келгенде, тарауықты жамағатпен оқу түгел, жалпы тарауық намазын оқудың өзі мұсылмандарға міндет етілмегенін ешқандай да естен шығармаған жөн.
Әбу Хурайрадан: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) адамдарды Рамазан айында түнгі қосымша намаздарды оқуға шақырды, бірақ, оны кесімді түрде міндеттемей, «Кім иманмен, Алланың силығынан үміттеніп Рамазан айында түнгі намазға тұрса, оның өткен күнәлары кешіріледі» деді. (Бухари 37, Муслим 759.)
Сондықтан тарауық намазын да, сондай-ақ оны жамағатпен оқуды да мұсылмандардың мойнына парыз ретінде қиып салуға тырыспаған жөн. Шын мәнінде, тарауықты мешітте жамағатпен оқуға да, оны үйде жалғыз оқуға да, сондай-ақ оны мүлде оқымауға да болады. Сондықтан да бұлардың біріне басымдық беріп бірін жоққа шығаруға болмайды. Тарауық намазына қатысты шафиғи мазхабының көрнекті ғұламасы Имам Науауи былай дейді:
«Ғұламалар тарауық намазын оқудың сүннет екеніне бірауыздан келіседі, алайда, оны қайда оқыған артық, үйде жалғыз ба, әлде мешітте жамағатпен бірге ме? деген мәселеде олардың пікірлері бөлінді. Имам Шафиғи мен оның жақтастарының басым көпшілігі, және Әбу Ханифа, Ахмад, және кейбір мәликиттер бұл намазды Омар мен басқа сахабалар (р.а.) тәрізді жамағатпен оқыған артық деп санайды. Және мұсылмандардың бұл ісі өз жалғасын тауып, мейрам айт намазы тәрізді Исламның сыртқы көрінісіне айналды. Алайда, Малик, Әбу Йусуф, және кейбір шафиғиттер, және басқа да ғұламалар Пайғамбардың (с.ғ.с.). «Парыз намаздарды есептемегендегі ең жақсы намаз - бұл адамның үйінде оқыған намазы» деген сөзіне ілесіп бұл намазды үйде оқыған артық дейді». (Шарх Сахих Муслим 5/378).
Жалпы, «үйде ме, әлде мешітте жамағатпен бірге оқыған артық па?» деген сұрақтың туындауының өзі тарауық намазын жамағат намазы ретінде оқудың Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті емес екендігін меңзейді. Егер оның сүннет екені күмәнсіз болса, онда ғұламалар арасында соншалықты пікір алшақтығы орын алмаған болар еді.
Және, бұл үзіндідегі «Омар мен басқа сахабалар тәрізді» деп олардың бәрін де жамағатпен оқыған ретінде көрсету аздап шындықтан ауытқу болып табылатынын да айта кеткен жөн. Имам Науауидің жоғарыдағы үзіндісінде Әбу Ханифа тарауықты жамағатпен бірге оқығаны айтылады. Ал, Әбу Ханифаның тарауық намазына қатысты пікірі жөнінде оның ең жақын шәкірті Әбу Йусуф былай дейді:
«Мен Әбу Ханифадан Тарауық намазы мен Омардың істегені жөнінде сұрадым да, ол маған былай деп жауап берді: «Тарауық – белгілі сүннет, және Омар оны өзінің жөн көргендігі бойынша істемеді, және оның әрекетінде ешқандай да бидғат жоқ. Ол мұны Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзінің іс-әрекетінен бұған бір негізінің болуы себепті істеді». («әл-Ибда» 80).
Бұл әрине, Әбу Ханифаның өзіндік пікірі болып табылады. Егер ол «Тарауық – белгілі сүннет, және Омар оны өзінің жөн көргендігі бойынша істемеді, және оның әрекетінде ешқандай да бидғат жоқ» деген пікіріне нақты дәлелдер келтіргенде оның бұл пікірі өтімдірек болар еді. Бірақ, ол Омар тарауықты жамағатпен оқуды «Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзінің іс-әрекетінен бұған бір негізінің болуы себепті» енгізген дейді де, оның қандай негіз екенін анықтап айтпайды.
Мұнан оның өзінің ұстаздарының бірі санайтын Омар ибн Хаттабқа деген құрметпен оның бұл мәселедегі біліктілігіне сенім артатыны, және сол себепті де тарауықты жамағатпен оқығанды жөн көретіндігін болжауға болады. Ал, оның ең жақын шәкірті болып табылатын Әбу Йусуфтің тарауықты үйде жалғыз оқығанды артық санауы Әбу Ханифаның бұл мәселеде жеткілікті түрде дәлелі болмағанын көрсеткендей. Бірақ, Әбу Ханифаның тарауықты жамағатпен оқығанының өзі, мұның өте құпталатын іс екенін көрсетеді. Және, Имам Ахмадтың да жамағат намазды артық көргені Әбу Дәудтің сөзінен белгілі.
«Мен Имам Ахмадтан «Сен Рамазан айында адамның намазды жамағатпен оқығаны мен жалғыз оқығанының қайсысын артық көресің?» деп сұрағанын естідім. Ол: «Жамағатпен оқығанын» деп жауап берді. Және былай деді: «Мен адамның түнгі намазды имаммен орындап, үтірді де имаммен оқығанын артық көрер едім, өйткені, Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Шын мәнінде, қашан имам кеткенше имаммен бірге намаз оқыған адам түні бойына намаз оқыған адам тәрізді болады». (әл-Масаиль Әбу Дауд 62).
Имам Ахмадтың бұл пікірінен тарауықты жамағатпен оқығанды артық көретіндер Пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадистеріне амал ететіндіктері көрінеді.
«Кім имам намазды аяқтағанша оның артында тұратын болса, оған түнгі намаздың сыйлығы беріледі»(Термизи 806. Албани сахих деп санайды.)
Пайғамбар (с.ғ.с.) айтады: «Шын мәнінде, қашан имам кеткенше имаммен бірге намаз оқыған адам түні бойына намаз оқыған адам тәрізді болады». (Әбу Дәуд 1375, Насай 1364. Әбу Иса әт-Тирмизи, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, және Албани хадисті сахих санайды.)
Жалпы, күндізгі жұмыстарынан шаршаған көптеген намазхандар үшін құптан намазынан кейін оқылатын тарауықтың едәуір күшке түсетіні рас. Осындай жағдайда имаммен бірге жиырма, немесе малики мазхабы бойынша отыз алты ракатты толық оқыған адамға түні бойы оқылған намаздың сауабының берілуі қисынды. Бұл жамағатпен оқылған тарауық намазының зор артықшылығы болып табылатыны сөзсіз.
Бірақ, бұл артықшылық түннің соңғы жартысында бір ұйықтап тұрған соң жалғыз оқылатын тарауық намазының құндылығын жоққа шығара алмайтынын да ескерген жөн. Мұндай намаздың артықшылығы мына бір хадистерде жақсы көрініс тапқан.
Амр ибн Абаса Пайғамбардың (с.ғ.с.) былай дегенін естіген: «Құлдың Раббысына ең жақын болатын кезі, түннің соңғы бөлігінің ортасы. Егер сендер Ұлық Алланы осы мезгілде еске алатын адамдардың арасында бола алсаңдар, онда солардың бірі болыңдар». (Хаким, Тирмизи, Насай, Ибн Хузайма ).
Әбу Хурайра Пайғамбардың былай дегенін айтады: «Ұлы да Құдіретті Раббымыз әр түнде, ол өзінің үштен бір бөлігіне жақындаған кезде төменгі көкке түсіп, былай дейді: «Кім Менің жауап бергенімді тілеп Маған жалбарынады? Кім Менің бергенімді тілеп, Менен тілек тілейді? Кім Менің кешіргенімді тілеп, Менен кешірім өтінеді?» (Бухари, Муслим) Бірде Әбу Муслим Әбу Заррадан: «Түнгі намаздың ең жақсысы қайсысы?» деп сұрады. Ол: «Мен сенің сұрағаныңды Алланың Елшісінен (с.ғ.с.) сұрадым, сонда ол: «Түн қоюланған (соңғы бөлігі) кезде оқылғаны, бірақ солай істейтіндер өте аз» деді. (Ахмад 5/179. Иснады жақсы).
Абдуллах ибн Амр Пайғамбардың (с.ғ.с.) былай дегенін айтады: «Алла үшін ең ұнамды ораза Дәуідтің оразасы, және Алла үшін ең ұнамды намаз Дәуідтің намазы. Ол түннің жартысын ұйықтап, сонан соң үштен бірінде намаз оқыды, сонан соң түннің алтыдан бір бөлігінде ұйықтады, ал оразаны күнаратпа тұтты. (Бухари, Муслим)
Міне осындай хадистердің болуы себепті де көптеген салафтар мен олардан кейінгілер түннің соңғы жартысында тұрып, тарауықты жалғыз оқығанды жөн көрген. Бірақ, бұлай түннің аяғына таман ұйқыдан тұрып намаз оқуға көп адамдардың шамасы да, мүмкіндігі де келе бермейді. Мұндай жандар үшін әрине, мешітте жамағатпен бірге жиырма ракат оқып түні бойғы намаздың сауабын алған өте тиімді екені сөзсіз. Және, тарауық намазын құптаннан кейін өз үйінде жалғыз оқығысы келетіндердің де амал ететін хадисі бар. Ол Пайғамбардың (с.ғ.с) мына бір хадисі:
О, халайық, намаздарыңды үйлеріңде оқыңдар! Шын мәнінде, парыз намаздарды есептемегендегі ең жақсы намаз - бұл адамның үйінде оқыған намазы» (Насай 1599, Бухари 389 (731).)
Осылай санамалап келгенде тарауық намазын оқудың үш жолы бар екені белгілі болды. Біріншісі, құптан намазынан кейін жамағатпен мешітте оқу, екіншісі, құптан намазынан кейін ұйықтап тұрып, түннің соңғы бөлігінде жалғыз оқу, және, үшіншісі, құптан намазынан кейін үйде жалғыз оқу. Тарауық намазын қайда оқудың дұрыстығына қатысты Хасан әл-Басридің мына бір пікірі көңілге қонымды болып табылады.
«О Әбу Са’ид, Рамазан айы келді, намазды қайда оқуға кеңес бересің, жалғыз ба, әлде, мұсылман жамағатымен бе?». Ол былай деп жауап берді: «Шын мәнінде, сен таңдау құқығы бар адамсың! Екі нұсқасына қара да жүрегің тартқанына, және қайда жақсырақ оқи алатыныңа қарай таңдау жаса!» (Ибн Насыр «Қияму-лләйл» 231).
Ал, тарауық намазын мүлде оқымайтын адам үшін де ешқандай айып жоқ екені белгілі. Бірақ, сауабы көп Рамазан айында Алланың ризалығын іздеп намазға құлшынбау адам үшін қаншалықты қателік екенін мына хадистен аңғаруға болады:
Әмр ибн Мурра әл-Джухан айтады: «Бірде Пайғамбарға (с.ғ.с.) бір адам келді де, былай деді: «О, Алланың Елшісі! Сен менің Алладан басқа құлшылық етуге лайық құдайдың жоқ екеніне, және сенің Алланың елшісі екендігіңе куәлік ететінімді, және намаз оқып, зекет беріп, ораза тұтып, Рамазанның түндерінде намазға тұратынымды білесің» деді. (Сонда) Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деді: «Кім осы күйде қайтыс болса, ол Жұмақта шыншылдар мен шахидтердің арасында болады». (әл-Баззар, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан. Сахих хадис. "Сахих ат-таргъиб” 1/419.)
Егер тұз-дәмі біткенше Қасиетті Рамазан айының түндерінде намаз оқуды әдет еткен адамға шыншылдар мен шахидтердің сауабын берілетін болса, онда оған немқұрайлы қарау кім үшін болса да орны толмас қателік болары сөзсіз.
Сонымен, бұл мақалада тарауық намазын жамағатпен оқу Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті емес, Омар Халифтің сүннеті деген пікір айтылып, оған дәлелдер де келтірілді. Осы пікірдің кесірінен мешіттерде жамағат намазының оқылуы тоқтатылады деп қауіптенудің жөні жоқ. Мазхаб ұстанатын мұсылмандар бұрыннан да тарауықты жамағатпен оқуды Омар Халифтың сүннеті ретінде, жақсы бидғат ретінде қабылдап оны жамағатпен оқып келеді. Өйткені, олар Халифтердің де сүннеті болатынын, және дінде жақсы бидғаттың болатынын мойындайды. Сол себепті де олардың тарауықты жамағатпен оқуға деген ықыластарына ешқандай да нұқсан келмейді.
Сонымен қатар «мазхаб ұстанбайтын» мұсылмандар үшін де тарауықты жамағатпен оқи беруге тура келеді. Өйткені, олар да «Мен болмаған кезде менің сүннетімді халифа-и рашидун әлифтердің сүннеттерінен бөлмеңдер» деген хадиске амал етіп, Халиф Омардың жақсы бидғатын мойындап, оның сүннетін Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетінен бөлмеуге тиісті. Пайғамбар (с.ғ.с.):
«Менің үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді, әрбір топ тозақта, тек біреуінен басқа», – деді. Одан: «Ей Аллаһтың елшісі, ол құтылған топ кімдер?», – деп сұрады. Сонда ол: «Бұл менің және менің сахабаларымның жолын ұстанғандар», – деп жауап қатты. (Тирмизи 2641, Хаким 1/128. Ибн Тәймия, Ибн Қайим, имам Шатыб, хафиз Ирақи, және шейх Албани хадистің сенімділігін растады).
«Мазхаб ұстанбайтын» мұсылмандар осы хадиске де амал етіп, Омар ибн Хаттабтың жақсы бидғатына қолдау көрсеткен сахабалардың таңдауына бой ұсынып, олардың осы жолын ұстануға тиісті. Шын мәнінде де олар Пайғамбардың (с.ғ.с.), және халифтер мен сахабалардың (салафтардың) жолын берік ұстанатын нағыз салафилер болатын болса олар үшін басқа таңдау жоқ.
Енді «тарауықты жамағатпен оқу Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті» деп дәлелдеу не үшін керек болды екен деген сауалға жауап іздеп көрелік. Егер ол сүннет болатын болса, онда Омар Халиф сүннетті қалпына келтірген болып шығады. Демек, оның бұл ісі ешқандай да бидғат болып табылмайды. Егер «жақсы бидғат деген болады» деп жүрген мазхаб ұстанатын мұсылмандар үшін Омардың «бұл қандай жақсы бидғат» деген сөзі мықты дәлел екендігін ескеретін болсақ, онда ол дәлелді жоққа шығару «жақсы бидғат болмайды» деген пікірден дау өршітіп, сол арқылы өздеріне бедел жинап жүрген уахабби мұсылмандар үшін қаншалықты маңызды екендігі түсінікті. Сондықтан да олар тарауықты жамағатпен оқудың бидғат емес, Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті екендігін барынша дәлелдеуге тырысуда.
Егер дінде «жақсы бидғат болмайды» деген пікірді сенімді түрде дәлелдеп, оны біржола бекітіп алатын болса, онда уахаббилер үшін «бидғатшылардың мазхабтары» болып табылатын төрт мазхабты тұқыртудың жақсы бір мүмкіндігі ашылар еді.
Жалпы, «жақсы бидғат болмайды» деген пікір дініміздің жаулары үшін де Исламды орта ғасырлық тар аядан шығармай тұншықтырып ұстау үшін таптырмайтын бір мүмкіндік. Осы тұрғыдан алғанда, «жақсы бидғат болмайды» деген пікірді дәлелдеу қателік болып табылады. Уахаббилер болса оны дәлелдеу мақсатында «тарауықты жамағатпен оқу Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті» деген екінші бір қате пікірді таңдап алып, өз қателіктеріне өздері де шырмалып, өзгелерді де шырмауда.
Masa.kz. 15.09.11.

Комментариев нет:
Отправить комментарий