Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Біздің қоғам дінді өлім-жітім торыған дүмше молдалар мен надан шал-кемпірлер ұстанатын кертартпа қараңғылық деп білетін кеңестік кезеңнен қалған қасаң түсініктен әлі де толық арылып болған жоқ. Сол себепті де өздерін көзі ашық, озық ойлы, өркениетті адам санайтын кейбір кісілер намаз оқып, ораза ұстамақ түгел мешітке баруға да арланады.
Өйткені, олардың ойларынша мешітке барып құлшылық етіп жүрген жандар, солардың ішінде де әсіресе, сақал қойғандар мен хиджаб кигендер бұлардың білгендерін біліп, бұлардың түсінгендерін түсініп, бұлардың деңгейіне жете алмай жүрген өресіз жандар. Сондықтан да олар надандыққа салынып, ескіліктің шырмауынан шыға алмай жүр. Осылай деп ойлағандықтан да мұндай жандар діндарларды ашықтан-ашық менсінбей, оларды өзара келеке етіп, өздерінің солар сияқты надандардан болмағандықтарына іштей қуанады.
Шын мәнінде, мешітке барып, қиыншылығы көп намаз бен ораза тәрізді құлшылық амалдарын мұқият атқарып жүрген, діннің талаптарына бой ұсыну арқылы көптеген дүние қызықтарынан саналы түрде бас тартып жүрген жандарды тек қана соқыр сенімді алданыш етіп, қиял кеміріп жүрген ақылсыз жандар деп санауға бола ма? Олардың да сүйенетін бір мықты білімдері, нақты дәлелдері, және көздері анық жеткен ақиқаттары бар деп неге ойламасқа?
Шындығына келгенде, егер қысылған кезінде қолдау көріп, тілеген кезінде қалауын алып, құлшылықтары арқылы жанына да, тәніне де шипа тауып жүрмесе ешкім де дінді, құлшылықты қажетсінбес еді. Өйткені, құр соқыр сеніммен ешкімнің де алысқа бара алмасы анық. Сондықтан да діндарларды ақымақ, ал өзіңді ақылды санап астамсудың қажеті жоқ.
Мұндай астамшылықтың астарында адамның өзін білгіш санау пендешілігі жатады. Әдетте, артып бара жатқан білімі жоқ жандардың өздері де өздерін білгіш санап, өзгелерді өз білген қарапайым нәрсенің өзін де түсінбейтін ақымақ санауға бейім тұрады. Мұндай пендешілікті жоғары оқу орнындарын бітіру, жақсы қызметке ие болу, зиялы қауымның қатарына ену тәрізді артықшылықтар арттырған үстіне арттырып жібереді.
Өйткені, олар адамға өзін қоғамның бетке ұстар азаматы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бірақ, шындығына келгенде қандай болмасын жоғары оқу орнын бітіру, біліктілікті қажет ететін лауазымды қызметке ие болу, қоғамның озық ойлылары саналатын зиялы қауымның қатарына ену тәрізді артықшылықтар адамның көп нәрсені біліп, көп нәрсені түсіне алғанын көрсете бермейді. Өйткені, ондай артықшылықтар бар болғаны тар ауқымдағы дүниелік, кәсіптік білімдер арқылы ғана қамтамасыз етіледі.
Білім негізінен екі тармаққа бөлінеді. Біріншісі, адам өмірінің мәнін түсіндіретін діни білім болса, екіншісі, белгілі бір кәсіпке, қызметке мамандандыратын дүниелік білім болып табылады. Кейбір жандар тайыздықпен осындай діни білім мен дүниелік білімнің бірімен ғана қанағаттанып, екіншісіне өте немқұрайлылық танытады. Шындығына келгенде, дүниелік оқу беретін білімді діни оқу арқылы ала алмайсың. Және, керісінше, діни оқу арқылы алатын білімді дүниелік оқу орындары бермейді. Сол себепті де жоғары деңгейдегі дүниелік білім ала отырып рухани надан болып қалуға болады. Және, діни білімді едәуір дәрежеде игерген адам да белгілі бір дүниелік білімді меңгеріп алмаса оның жақсы жұмысқа орналасып, қоғамнан өзінің лайықты орнын таба алмайтыны рас.
Бұл дүниеде осынау екі білімнің алатын өз орындары бар, және олар бірінің орындарын бірі толтыра алмайды. Бұл екі білім де адамның толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін қажетті білімдер болып табылады. Сондықтан да білімді діннің білімі, дүниенің білімі деп оларды бір-біріне қарсы қойып, бірін таңдап, біріне немқұрайлы қарау дұрыс болмайды.
Дүниелік білім арқылы белгілі бір мамандықты, қызметті жетік меңгеріп, сол арқылы абыройлы да білікті маман болуға болады. Сол арқылы адам ел игілігі үшін табысты қызмет етіп, өз мемлекеттің өркендеуіне де қомақты үлес қоса алады. Және де дүниелік білім арқылы адам табысы жоғары жақсы жұмыс орындарына орналаса отырып өз отбасын тиісінше қамтамасыз етіп, қолды байлап, көптеген қиындықтар тудыратын жоқшылық тауқіметінен де құтылады. Дүниелік білімнің осындай пайдалары арқылы адам өзінің азаматтық, ата-аналық міндетін тиісінше атқаруға мүмкіндік алады.
Бірақ өз ісінің білікті маманы болу өз алдына адамға ақирет пайдасын бермейді Ақирет пайдасы үшін адамға ең әуелі діни білім қажет. Діни білім арқылы адам оң мен терісті, жақсы мен жаманды, халал мен харамды ажыратып, өзін де, өмірді де, және өмірдегі өзінің орынын да жақсы ұғынады. Діни білім арқылы ол дінді тереңірек түсініп, дұрыс құлшылық етуді үйренеді. Және кәсібі арқылы тапқан табысын да дұрыс жұмсауды біледі. Сол арқылы ол бұл дүниеде дұрыс өмір сүреді, және өзіне сауап жинай отырып, ақиретттің де пайдасын табатын болады.
Дүниелік, кәсіптік білімі болуы үшін адамға міндетті түрде белгілі бір оқу орнын бітіріп, сол жөнінде тиісті қағаз алу қажет болса, діни білім алу үшін әр адамға арнайы діни оқу орнын бітіру міндетті емес. Ол үшін оған білуге талаптанып, іздену ғана қажет. Және, мұндай ізденістермен ол өзіне қолайлы бос уақыттарында айналыса отырып та өзіне қажетті деңгейде білім ала алады.
Осы екі білімді де мейлінше меңгеріп, екеуін де қатар алып жүре алған адамның өзінің отбасына ғана емес, дінге де, еліне де берері көп болады. Ондай адам бұл дүниеде де толыққанды, өнегелі өмір сүруге мүмкіндік алып, ақиретте де қайғырмайтын болады. Бұл оның дүниеде де жақсылықта болып, ақиретте де жақсылықта болып, оттың азабынан да құтылуының жақсы бір кепілі болып табылады.
Maсa.кз 04.05.12

Комментариев нет:
Отправить комментарий