пятница, 5 июня 2015 г.

Россия добровольно отказалась от огромных территорий...

Во имя Аллаха Милостивого, милосердного!
 
Дискуссия
 
«...Касательно проблем русскоязычного населения на территории бывшего Советского Союза, хотел бы отметить, что это не оно вторглось в бывшие советские республики, а советская власть. В этом смысле русские стали жертвами советской власти в той же степени, что и другие народы СССР…
 
Не забывайте, что в интересах общей безопасности и мира в Европе Россия добровольно отказалась от огромных территорий в пользу республик бывшего СССР, в том числе и от территорий, которые исторически всегда принадлежали России. Я имею в виду не только Крым и север Казахстана, но и Калининградскую область [имеется ввиду, что область географически отделена от остальной России Прибалтикой]. 
 
В результате 25 миллионов русских внезапно оказались за границей, и Россия не может допустить, чтобы эти люди оказались брошенными на произвол судьбы, что в том числе отвечает интересам безопасности в Европе...»Заместитель мэра Санкт-Петербурга, Владимир Путин. 1994 год.

Они втаптывают нашу историю в грязь...

Во имя Аллаха милостивого, милосердного! 

Елена Сабадаш Несет Лилипутина по полной программе, злой троль и маразматик!!!!!!!!!!!!!! Уже и Казахстан - не государство???!!!

Арслан Байдалинов Путлин родился в лживой стране... стране, где всегда лгали, выдавая все за чистую правду... Ложь была во всем... и в экономике, и в политике особенно...

Данил Туфэ Арслан Байдалинов Он родился в СССР! 

Арслан Байдалинов  Я тоже родился в СССР... Мне лгали о Чехословакии, что там бандиты и недобитые гитлеровцы переворот хотят сделать... Мне врали все школьные годы - десять лет, что нам постоянно угрожает «Дядя Сэм»... Нам врали всегда! В школе, на работе, в армии... И я всегда был патриотом и твердо был убежден, что ложь - это и есть та правда...

Я жил среди лжи... мы радовались каждой победе советских спортсменов над империалистическим режимом, но никогда не говорили, что у нас, у самих режим... Мы ненавидели поэта Бродского, потому что нам сказали, что он продажная тварь... И до сих пор, наши страны бывшего союза, живут во лжи... До сих пор! Вот, поэтому столько много зомбированных, радующихся захватам территорий... Это дико, варварски, но это мы, бывшие совки...

Жақынның жақсы тілегі

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Мұсылманның дінді тастауын  тілегеннен өткен жаман тілеу бар ма? Мұсылманның дінді тастауы дегеніміз оның жақсылық өзінің сыйын, ал жамандық өзінің жазасын алады деген сенімінен бас тартуы. Бұл оның ойына не келсе соны істеуге құлшынып бетімен кетуіне  әкеліп соқтырады.

Мұсылманның дінді тастауы дегеніміз оның намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау тәрізді діни парыздарын өтеуден бас тартуы. Бұл оның  жүрегін кір басып, жаны үздіксіз жұтап адамшылық қасиеттерден айрыла бастауы.

Мұсылманның дінді тастауы дегеніміз бұл оның арақ ішіп, шылым шегіп, есірткіге үйір болуы. Балағат пен ғайбатқа, арсыз сөздер мен істерге құмартуы, зина жасап, ұрлыққа, қылмысқа, дөрекілікке бейім болып, жалпы жамандық атаулыға жақын жүруі.

Егер бұлай санай берсең мұсылмандықтан кетудің бірте-бірте адамшылықтан кету екенінің  дәлелін көптеп келтіруге болады. Қаншама арсыздық, ұятсыздық, қатыгездік, зымияндықтың осы  дінсіздіктен туындап, қаншама отбасы қиян-кескі ұрыс майданына айналып, адам түгел ит байласаң да тұрмайтын тозаққа айналуда.  

Қанша адам Алланың  тиым салынған жаман істерін істей жүріп сау басына сақина тілеп алып, сорлаған басын алып жүре алмай, тауға да тасқа да соғып күңіренуде. Олай болса, адамға жамандық тілеудің ең сұмдық түрі оның дін ұстанбағанын  тілеу, ал дін ұстанатын адамның діннен шыққанын тілеу болар.

Ақылдың сұрауы бар

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!                                     

Алла Тағала адамдарға ақыл берді, бірақ, Ол оны  адамдарға  не болса содан өздеріне «құдай» жасап алып, соларға  ессіз табыну үшін берген жоқ.  Алла Тағала адамдарға ақыл берді,  бірақ, Ол оны адамдарға  қулық-сұмдық арқылы өзгелердің ақысын жеп, зұлымдықпен билікке таласу  үшін де берген жоқ.

Алла Тағала адамға ақыл берді, бірақ, Ол оны адамдарға  арсыздықтары мен жауыздықтарын хайуандар мен жыртқыштардан да асырып жіберіп, содан соң оны бір-бірлерінің алдында ақтап алуы үшін  берген жоқ. Алла Тағала адамға ақыл берді, бірақ, Ол оны адамдарға  ғылыми жетістіктер арқылы   тұрмысын жайлап алып содан соң  жайлылықты көтере алмай зерігіп, азғындауы үшін  берген жоқ. Ақыл адамдарға  шырғалаңы мол осынау тірлікте адаспай жол тауып, бұл дүниенің де, ақиреттің де  азабы мен қорлығынан құтылуы үшін берілді.

Ешбір адам өзін ақылсыз санамайды. Бірақ, кейбір жандардың ақылдарының қаншалықты екендіктерін олардың істеп жүрген істеріне қарап бағалауға болады. Егер адам шын мәнінде де ақылды, тірліктің ұңғыл-шұңғылдарын жете танитын сұңғыла болса, ондай адам ең әуелі осынау тірліктің азабы мен қорлығынан басын аршып алуға мүмкіндік беретін жолды табар еді.

Біз, орыстар сендерді үйреткенбіз...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

«Біз,  орыстар сендерге түрегеліп тұрып зәр  сындырды  үйреткенбіз». Осы бір кең  тараған сөзді орыс шовинистерінен жиі естуге болады. Сол  арқылы олар орыстар мен  орыс мәдениетінің арқасында ғана адам болғандықтарын қазақтардың естеріне салуға тырысады. Олар қаншалықты дұрыс айтады? Мен сіздерге пікірталастан үзінді ұсынамын.

Андрей Стрельников Әділ Садықовқа  ...ТҮРЕГЕЛІП ТҰРЫП ЗӘР  СЫНДЫРУДЫ ДА САҒАН КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ҮЙРЕТТІ)))))

Ғалым Бақыткерейұлы Андрей Стрельниковке  Ия, орыстар, сіздер қазақтарға түрегеліп тұрып зәр  сындыруды үйреттіңіздер, және жақсы бір нәрсеге үйреткендей оны мақтан етесіздер. Бірақ, егер ақылға салатын болсақ  бұл  сіздердің бізге  жақсы нәрселерді  үйретпегендеріңіздің айқын дәлелі болып табылады. Біз, қазақтар, мұсылман халық ретінде тазалықты сүйетін халық болған едік. Өйткені, Ислам тазалықты талап етеді, өйткені, таза болмаса мұсылманның бес уақыт намазы қабыл болмайды. Сондықтан  мұсылмандар зәрінің  бір тамшысын  болса да киіміне тигізбеуге тырысады.

Күніне бес уақыт намаз оқитын әрбір мұсылманнан шариғат бойынша тазалық талап етіледі. Сондықтан олар  намаз алдында дәрет   алады. Дәреттің бір шарты бойынша мұсылман   кіші және үлкен мұқтаждықтар өтеген  соң  астын жуады.  Сондықтан олар   бірден астарын жуу үшін  жүресінен отырып зәр  сындырады. Тіпті бес уақыт намаз оқымайтын қазақтар да зәрінің бір тамшысын да киіміне тигізбеуге тырысатын еді.

Мы, русские вас научили...

 Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

«Мы, русские вас научили ссать стоя». Эту   наиболее распространенную   фразу часто можно  услышать от русских шовинистов. Этим они хотят напомнить  казахам, что они стали людьми благодаря русским. Насколько они правы? Я предлагаю вам  отрывок из дискуссии.   

Андрей Стрельников  Адил Садыкову  ...И ССАТЬ СТОЯ ТЕБЯ НАУЧИЛА СОВЕТСКАЯ ВЛАСТЬ)))))

Галым Бахиткерейулы    Андрей Стрельникову   Да, вы,  русские «научили» нас, казахов ссать  стоя, и хвастаетесь этим, что научили нас к хорошему. Но, если правильно рассуждать, то это яркий  пример того, что вы нас ничему доброму не учили. Мы, казахи, как мусульмане были чистоплотными. Потому что Ислам требует чистоты, потому что без чистоты у мусульман пятикратная молитва не будет принята Аллахом. Поэтому мусульмане стараются, чтобы даже капелька  мочи не попала  в одежду.

От каждого мусульманина который молиться пять раз в день по шариату требуется чистота, поэтому они совершают ритуальную омовению, часть которого подмывание после отправления большой и малой нужды. Поэтому мусульмане справляют даже  малую нужду сидя в корточки, чтобы сразу можно было подмываться. Даже те казахи,которые не молятся пять раз в день старались, чтобы моча не попала в одежду.

Мызғымас келісімдер болмайды

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
                            
«Украиндар мен белорустар өздерінің орыс емес екендіктеріне сенген кезде ғана біз Россияны жеңетін боламыз. Адольф Гитлер.

Ерғали Жансейітов  К. Прутков: «ТҮБІРІНЕ КӨЗ САЛ,,,»

Irina Kasyanova  АҚШ пен ЕС мұны қаперге алған сияқты!

Ерғали Жансейітов  Irina Kasyanova  Ұлт дегеніміз 1) ортақ тілде, 2) ортақ аймақта, 3) ортақ  қоғамдық өзін-өзі басқару саласында, 4)  ортақтықта көрініс табатын психикалық жүйеде, 5) мәдениетте  тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты ортақтастығы. Осы белгілердің бәрі бірге алғанда ғана ұлтты береді.  

Ерғали Жансейітов  Дүние жүзінің славяндары, бірігіңдер!

Ерғали Жансейітов  «Украиндар мен белорустар өздерінің орыс емес екендіктеріне сенген кезде ғана біз Россияны жеңетін боламыз» деген сөз  Хью Тревор-Рупердің «Гитлердің 1941-1944 жж. дастархан басында айтқандары» кітабынан алынған.

Не существует незыблемых договоров

                Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

 «Мы тогда победим  Россию, когда украинцы и белорусы поверят, что они не русские».  Адольф Гитлер.

Ергали Жансеитов  К. Прутков: "ЗРИ В КОРЕНЬ,,,"

Irina Kasyanova  Видимо США и ЕС взяли это на вооружение!

Ергали Жансеитов  Irina Kasyanova Нация есть исторически сложившаяся устойчивая общность людей, возникшая на базе:1) общности языка, 2) территории, 3) общности (единства и целостности) сферы общественного самоуправления, 4) психического склада, проявляющегося в общности 5) культуры. Только наличие всех признаков, взятых вместе, даёт нам нацию.

Ергали Жансеитов  Славяне всех стран, объединяйтесь!

Ергали Жансеитов  Изречение «Мы тогда победим  Россию, когда украинцы и белорусы поверият, что они не русские» взято из книги Хью Тревора-Рупера "Застольные разговоры Гитлера 1941-1944гг.

Қазақстанның Евразия Швейцариясы болу мүмкіндігі бар

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл  ««Тұрғылықты» қазақстандықтардың ұлы орыстық шовинизімі», және «Қазақстан жері қазақтардың жері»  тақырыптарымен жарияланған пікірталастың жалғасы.

Pavlal  Коментарийлерді аяғына дейін оқып шықтым... Бұл бір ұлтшылдық пен исламға иленген насихаттық рахат-лукум екен. Міне, өз миллиардер отандастарына төзіммен жұмыс жасаулары үшін қарапайым қазақтардың бастары немен толтырылуда! «Глобализация» терминімен автор анық таныс емес, және ол дүниежүзілік капитализмнің доктриналары мен коцепцияларын да түсінбейді. Ерік бостандығына деген құлдың сенімі күлкі тудырады.

Автор байлаулы көзбен жүргендей, жемқорлық пен басқа да экономикалық қылмыстардың кесірінен қазіргі Қазақстанның 50-ші жылдардағы Уругвайға ұқсайтынын байқамайды. Сондай-ақ, автор геополитикаға да қызығушылық танытпайды екен, онысы дұрыс емес. Сонда ол орысша сөйлеудің қытайшаға қарағанда жеңіл  екеніндігін түсінер еді - үйреншікті ғой.

У Казахстана есть шанс стать Евразийской Швейцарией

Во имя Аллаха милостивого,  милосердного!
  
Это продолжения дискуссий под заголовками «Великорусский шовинизм «коренных» казахстанцев» и «Земля Казахстана принадлежит казахам».

Pavlal  Прочитал комментарий до конца... Это какой-то пропагандистский  рахат-лукум, замешанный на национализме и исламе. Вот чем забивается голова простых казахов, чтобы они терпеливо работали на своих-же миллиардеров-соотечественников! Автор явно не знаком с термином "глобализация", не понимает доктрины и концепции мирового капитализма. Вера в свободу выбора, у раба, смешна.

Автор будто живёт с завязанными глазами и не замечает коррупции и прочей экономической преступности из-за которой нынешний Казахстан похож на Уругвай 50-х годов. Геополитикой автор также не интересуется, а зря. Тогда бы он понял, что по русски говорить легче, чем по китайски - привычнее как-то.

четверг, 4 июня 2015 г.

Қазақстан жері - қазақтардың жері

Рақымды, мейрімді Алланың атымен бастаймын!      
      
«Великорусский шовинизм «коренных казахстанцев»  деген орысша  пікірталасты өз блогыма қойған соң  бірінші комменттер де пайда болды. Ол комменттерге жауап берген соң мен ол жауаптарды біртұтас пікірталастың бір бөлігі ретінде жаңа тақырыппен ұсынғанды жөн көрдім.

Shpak   gbaqytkereiulyның барлық комменттерін оқып шықтым... Ақылы көп емес  жолдас екен.. Не айтқысы келді?

gbaqytkereiuly  Өз пікіріңді білдіру үшін міндетті түрде ақылды болу қажет  емес. Мысалға, сіз де пікір білдірдіңіз, бірақ ақылды ештеңе де айтпағансыз! Менің не айтқым келіп еді? Меніңше, ұлы орыстық шовинизміңіз  ақыл-есіңізді тұмшалап тастағаны соншалықты сіз қазіргі уақытта сын қабылдайтын күйде  емессіз. Олай болса сізге бірдеңе түсіндіруден еш пайда жоқ.

Pavlal  Ұлттардың «өз» жерлеріндегі басымдығы жөніндегі дау желінген жұмыртқаға да тұрмайды.  Ең әуелі «өзімдікі» деген ұғымның нені білдіретіндігін анықтап  алайықшы.  Ол өзіңдікі саналатын нәрселерді басқару құқығы,  онан да зоры оны жүзеге асыру құқығы мен қорғау мүмкіндігі дегенді білдіреді. Қысқаша айтар болсақ, егер сен бір нәрсені өзімдікі деп атасаң, демек,  сен оны толық иемденесің, және иемдену  құқығыңды қорғай аласың.

Осы жерде  gbaqytkereiulyға сұрақ, неге сіз, және сіз тәрізді қарапайым қазақтар өздеріне тиесілі емес нәрсені өзімдікі деп есептейді? Қазақ жері қарапайым қазақтарға тіпті де тиесілі емес, қарапайым қазақстандықтар қазақстан жеріне иелік етпейді. Россиядағы  жерлерін өзіміздікі деп есептейтін қарапайым  россиялықтар жөнінде де осыны айтуға болады. Бұл  олардың жері емес, олардікі  болған да емес, болмайды да.

Земля Казахстана принадлежит казахам

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Как я поместил дискуссию под заголовком «Великорусский шовинизм «коренных казахстанцев» в своем блоге появились и первые комменты. И я ответил на эти комменты и решил его выложить под новым заголовком как часть целой дискуссий.

Shpak  Прочитал все комменты gbaqytkereiuly.... Не большого ума товарищ.. Что хотел сказать?

gbaqytkereiuly Чтобы высказать свое мнение не обязательно быть умным. Например, вы тоже высказались, и ничего умного! Что я хотел сказать? Мне кажется, что в данное время вы не в состояний принимать критику, так как ваш великорусский шовинизм застилает упрямством ваш разум. Если так, то вам бесполезно что-то объяснить.

Pavlal Все эти споры о главенстве наций на "своих" землях, яйца выеденного не стоят. Давайте сперва разберемся с понятием "своё", что оно означает. А означает оно право на управление тем, что, собственно, считается своим, более того возможностью это право реализовать и способностью защитить эту возможность. Проще говоря - если ты называешь что-то своим, то это значит что ты этим полностью владеешь и можешь защитить свое право на владение.

Отсюда вопрос, gbaqytkereiuly: почему вы и подобные вам простые казахи, считают своим то, что вам по большому счёту и не принадлежит. Простым казахам казахская земля не принадлежит вовсе, простые казахстанцы не владеют казахстанской землёй. То же самое можно сказать про простых россиян, считающих землю в россии своей. Это не их земля и никогда их не была и не будет.

"Тұрғылықты" қазақстандықтардың ұлы орыстық шовинизмі

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бірде мен Николай Фолькманның блогындағы ""Квасной" патриотизм и "1984"" деген тақырыптағы мақаланы оқи отырып оған коммент жазған болатынмын. Комменттің соңы пікірталасқа ұласып ол едәуір көлемді болып шықты. Бұл пікірталаста өзімді толғандырып жүрген нәрселер жайында сөз болғандықтан мен оны жаңа тақырыппен оқырмандарға ұсынғанды жөн көрдім. Және оны қателерін еш түзетпестен бастапқы нұсқасында беріп отырмын. Өйткені, онда осы грамматикалық қателер жайында да сөз болған еді.

gbaqytkereiuly «Қазақстанда тұрып жатса да РаССеяндықты алып жүруші барлық қазақстандықтардың (олардың ұлттарына қарамастан) өзімен тек орыс тілінде ғана тілдесулерін талап етеді. Олай болмаған жағдайда оның маңайындағылардың барлығы «қазақ ұлтшылдығында», оның басын кемсітушілікте айыпты болып іштей «мәмбет» аталынады».

Тура айтылған! Егер Қазақстанда, өзінің атамекенінде тұрып жатқан қазақ раССеяндықты алып жүрушіден өзімен тек қазақ тілінде ғана тілдесуді талап етсе, онда ол мұны өз құқығын шектеушіліктің сорақы көрінісі деп санайтын болады. Және ол Путиннен өзін мұндай «қысым жасаушылардан» қорғауын сұрайтын болады. Шындығына келгенде кімге кім қысым жасауда?

Великорусский шовинизм "коренных" казахстанцев.

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Однажды читая статью под заголовком ««Квасной» патриотизм и «1984»» в блоге Николая Фолькмана я написал туда коммент. И этот коммент превратился в дисскусию и вышел он достаточно объемным. Так как я туда вложил свой мысли о наболевшем хочу эту дискуссию предложить читателям с новым заголовком. И его оставляю в изначальном виде без изменения со всеми ошибками. Потому что там есть напоминание об этих грамматических ошибках.

gbaqytkereiuly Живя в Казахстане, носитель раССеянства требует от всех казахстанцев (вне зависимости от национальности) обращения к себе исключительно на русском языке. В противном же случае все окружающие будут немедленно обвинены в проявлении «казахского национализма», унижении его персоны и мысленно названы «мамбетами».

Точно сказано! Если живя в Казахстане, на своей исконной земле казах требует от носителя раССеянства обращения к себе исключительно на казахском языке, то этот носитель раССеянства считает это вопиющим ущемлением его прав. И он обращается Путину, чтобы он защитил его от таких "притеснителей". Кто кого притесняет?

Мирза Ғұлам - жалған масих. Қателерді талдау.

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бірінші бөлім.

Ахмадилермен арада болған «Мирза Ғұлам – жалған масих (мессия)» деген орысша пікірталастың қазақша нұсқасын сайтымда жариялаған соң Самат Ақылұлыдан бұл аудармадағы менің қателерім атап көрсетілген файл келіп түсті. Оларды жалпы қате деп алғанмен, оның арасында менің кейінгі енгізген толықтыруларым мен түзетулерім, және қысқартуларым да бар еді. Бұл әрине, Самат Ақылұлы тарапынан әділетсіздік ретінде бағаланып, оның наразылығын тудырды.

Мен «Мирза Ғұлам – жалған масих. Тақырыпқа қайта оралу» деген жауап хатымда пікірталастың аудармасына не себепті толықтырулар мен түзетулер енгізгенімнің себебін түсіндіріп өткен едім. Енді файлда атап көрсетілген «қателердің» әрқайсысына жеке тоқталып оларға кеңінен түсінік беріп отырмын.

1). Аудармадан табылған бірінші «қате»: «Самат Ақылұлы Әбу Хурайра (Алланың ризалығы болсын) Алланың Елшісінің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дегенін жеткізеді: «(Уа, мұсылмандар!) Өз араларыңнан Мариамның ұлы көктентүскенде (келгенде) және өз араларыңнан (шыққан) имамдарың болған кезде сендерге қандай қиын болады». (Бухари. Китабул-әнбийа. Баб нузули ‘Иса бни Марйама)».

Мирза Ғұлам - жалған масих. Тақырыпқа қайта оралу.

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Өткен 2013 жылдың күз айында ахмади жамағатының мүшесі Самат Ақылұлымен арада болған орысша пікірталасты қазақ тіліне аударып өз сайтыма орналастырған болатынмын. Содан көп ұзамай маған Самат Ақылұлынан қателерім атап көрсетілген хат пен файл келіп түсті. Бұл хаттың жауабының бастапқы нұсқасын жазып негізгі файлды қарастырып жатқанда бірінен соң бірі түскен бірнеше хаттар да жиналып қалды. Осы хаттарды жазылған уақыты бойынша орналастыра отырып, жауап берілмеген хаттардағы кейбір жайларға тоқтала кетуді жөн көрдім.

Бірінші хат. Ас-Салам алейкум Ғалым аға! Хал-ахуалыңыз қалай? ... Сіздің сайтыңызға кіріп көрдім, арамызда орыналған пікір-таласты қазақшаға аударып көпшіліктің назарына шығарыпсыз. Негізінде жалпылай қарағанда, шыны керек, үлкен жұмыс атқарған екенсіз. Алайда кей жерлерде аудармадағы қателіктерді байқадым, сіз өз түсінігіңіздегі ойды маған жапсырып қойған екенсіз, бәлкім байқамастан болған шығар. Яғни, мен айтпаған сөздерді айтқандай болып көрсетіпсіз.

Ойлап қалмаңыз, мен өз сөздерімнен жаңылдым деп. Жоқ, олай емес, егер айтқан болсам айттым деймін. Алайда сіздің сайтыңыздағы мен айтты деген сөздер - аударма. Ал аудару кезінде кішкене қателіктер кеткен екен. Соны түзетсеңіз дұрыс болады. Егер пікір-таластын орыс тіліндегі түп нұсқасын сайтыңызға қойсаңыз, мүмкін ондай қателіктер орын алмас еді. Мысалға, ең басында мен келтірген хадисте былай делінген:

Әркім өз орнынан табылса...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Қажет болған кезде әркім өз орнынан табылса бұл дүниеде шешілмеген мәселе қалмаған болар еді. Негізінде, қандай орнының болмасын атқаруға тиісті өз міндеттері болады. Және, ол орындағы адамдардың ол міндеттерді тиісінше алып жүрулері де қажет. Бірақ, өкінішке орай кейбір орындар өз адамдарын таппауда, немесе, ол орындардағы адамдар өз орындарынан табылмауда.

Соның салдарынан да шешімі оңай небір өзекті мәселелер өз шешімдерін таппай қаңтарылуда. Керісінше, сондай тиісті орындардың құзырымен қажетсіз істер атқарылып, тіпті, зиянды істер де өрге басуда. Себебі, ол орындағы кісілер өздерінен талап етілетін міндеттерді емес, өздеріне қажет істерді көбірек атқарып, істің жайын емес, өздерінің қамдарын көбірек ойластыруда.

Мұндай жандар қандай жақсы бастамаларға да тек өз пайдасы, немесе, қызығушылығы тұрғысынан ғана қарап, өзіне пайда әкелмесе, немесе, ұнамаса ол бастамаларды кейінге ысырып қояды. Кейде олар ондай бастамалар мен сол бастамаларды көтерген адамдардан қауіп ойлап оларды әдейі өткізбеуге де тырысады. Өйткені, солардың кесірінен олардың қалыпты тіршілік ырғағы бұзылып, қосымша қиындықтар туындап, жаңа уайымдар мен мазасыздықтар пайда бола бастар еді.

Екіжүзділік имандыға жат қасиет

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Діни жікшілдік негізінен, дінді түсінудегі белгілі бір пікір алшақтықтарынан туындайды. Мысалға, Исламдағы жікшілдік Құран аяттары мен Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) сүннетін түрлі ғұламалардың түрліше түсінуі салдарынан орын алуда. Ғұламалардың ой-өрелері мен білім деңгейлерінің түрлі болуы, сондай-ақ, олардың түрлі аяттар мен хадистерді басшылыққа алатындарын ескерсек мұндай пікір алшақтықтарының болуы заңды да.

Егер дін ғұламалары мен діндарлар мәселенің ақиқат мәнісін түсінуге тырысқан шынайы ізденістердің иесі болса онда мұндай пікір алшақтықтары мейлінше азайып діни жікшілдік үрдісі айтарлықтай қауіпті сипат алмаған болар еді. Бірақ, жалпы адам баласына тән пендешілік қасиеттер діндарлардың да бойларынан көрініс тауып, осынау қасиеттер кей жағдайларда олардың дұрыс пікірдің дұрыс екендігін ашық мойындауларына кедергі болып жатады.

Көптеген діндарлар, әсіресе, діни ұстаздар өздерінің ұстанып жүрген діни бағыттарының шикі тұстарын байқап, кейбір маңызды мәселелерде өздерінің ақиқаттан мүлде алшақ кеткендерін жақсы түсінеді. Бірақ олар өздері түсінген осынау ақиқатты өзге жақтастарынан, топтас бауырларынан мейлінше жасыруға тырысып бағады.

Алланы жоқ дегенмен іс бітпейді

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Алланың аты аталып, дін жайында сөз қозғала бастаса, әсіресе, оның тиымдары мен шектеулері жайлы айтыла бастаса, жақтырмаушылық танытып іштей жиырылатын жандар бар. Олар Алла жайында да, дін жайында да естіп-білуді мүлде қаламайды. Егер бұл дүниеде Алла да, Оның діні де атымен құрып кетсе, олар бұған еш қайғырмастан, көңілдері жай болған күйде еш алаңсыз күна істермен айналысып жүре берген болар еді.

Мұндай жандар өздерінің қандай сұмдық пиғылдың құлы болып жүргендерін ойлап шошынса еді. Шын мәнінде, өзі аңсайтын, жан-тәнімен қалайтын небір күна істерге тиым салғандығы үшін ғана Алланы жеккөріп, сол күнәларға алаңсыз берілуі үшін ғана Алланың жоқ болғанын тілеуден өткен қандай қараниеттілік болуы мүмкін.

Адамдар қанша жерден Алла жоқ деп сенсе де одан бар Алла жоғалып кетпейді. Өйткені, Ол адамдардың санасындағы ойдан шығарылған құр ұғым емес. Оның мәңгілік болмысы әлдебіреулердің сеніп, сенбеуіне ешқандай да тәуелді емес. Олар сенсе де, сенбесе де Алла бар, және қашанда бола береді. Бірақ, мұны түсіне алмайтын кейбір жандар Алланы жоқ деумен іс бітті деп ойлап надандыққа салынады.

Жақындарын сүймеген Раббысын да сүйе алмас

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Дүниені сезінуді адам ең әуелі өзін сезінуден бастайды. Ол әуелі өзін, өзінің қажеттіліктерін, өзінің мұң-мұқтаждықтарын сезінеді, содан соң «өзімдікі» дей отырып әкесі мен шешесін, туғандарын, әйелі мен балаларын, туыстарын, қандастарын түсініп, олардың да мұң-мұқтаждықтарын сезіне бастайды.

Осылардың ең жақынынан бастап өзім деп сезініп, өзім деп түсініп, өзім деп қам жей жүріп сана-сезімі жетілген адам бірте-бірте бүткіл адамзатты өзім деп сезініп, жалпы адамзат үшін жаны ауырып, қам жеп, қайғыра бастайтын болады.

Біреудің қамын ойлауы үшін адамға ең әуелі оны өзімдікі деп сезінуі қажет. Олай болса туысшылдықтың, рушылдықтың, ұлтшылдықтың астарында адамның оларды өзім деп сезініп, солар үшін күйініп, солар үшін күюі жатады. Бұл да адамның адамшылығының бір белгісі. Не бәленің бәрі де қара басының қамы мен қызығынан басқаны уайымдап қайғырма алмайтын тасбауыр жандардан шығады.

Аллаға табынбайтын ел ақшаға табынады

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Аллаға табынбайтын ел ақшаға табынады. Ал, ақшаға табынатын елде бәрі де сатылады. Жан мен қан да, ар мен тән де, тақ пен заң да сатылады. Билікке әкім болып ақша отырады, ол ақшаны ақша қолдап, ол ақшаны бәсекелес болып ақша аңдиды.

Ақшалылар қам жасап ақша үшін заң қабылдайды, ол заң ақшаға қызмет етіп, ақшалының ғана құқығын қорғайды. Адамдар ар-ұяты мен адалдығын ақшаға сатады, ақшаға сатылмаған жанды ақшаға жалдап атады. Ақша үшін қылмыстар жасалып, ақша үшін қылмыскер ұсталады. Ақша үшін сол қылмыскер қорғалып, ақшаны көп беріп ақталып шығады.

Мұндай елде жақсылықтың не екенін ақша анықтап, адамгершіліктің не екенін ақша белгілейді. Ақша үшін жақсылық жасалып, қайырымдылығы үшін де ақша дәметіледі. Адамдар ар-ұятының аздығынан емес, ақшасының аздығынан ғана арланады. Адамның ақылы ақшасымен ғана өлшеніп, өмірі ақшасына қарап бағаланады. Ақшасы жоқ адам адам емес, ақшасы көп ит пен мысық адамға айналады.