среда, 9 марта 2016 г.

Бала сату қылмыс па?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! 

«Қазақстан шетелге бала сатудан әлемде үшінші орынға шықты». Қазақстан шетелдіктерге бала сатудан әлем бойынша үшінші орынды алады екен. Қазақ балаларын асырап алуға азулы АҚШ азаматтары құмар. Шамамен бір бүлдіршіннің бағасы 25-30 мың доллар көрінеді. Бүгін шенділер шетел асып кетіп жатқан балдырғандардың құқықтық мәртебелерін айқындауға тырысты. ...

Бала сатудан үшінші орынға табан тіреген Қазақстан бүгінде АҚШ-қа 6 мың бүлдіршінді бере салған. Шет ел асып жатқан қаракөздеріміздің де жағдайы шенділерді алаңдатады. Бас прокуратура елімізде бала асырап алу фактісі кеміп, қайта заңсыз жолмен шарананы саудалау ісінің бірнеше есеге көбейгенін ашына айтуда.

«Баланы саудаға салу, әйелді саудаға салу барып тұрған қылмыс, адамның құқығын таптау. Практикада мұндай қылмыстар кездесіп тұрады. Жылына 2011 жылдан бастап есептегенде заңсыз адам сатқан 20-21 қылмыс тіркеледі»,- деді Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев.