суббота, 19 августа 2017 г.

Тіл мәселесін күн тәртібінен түсірмейік...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Андрей Беляков Наглеют, однако. Вижу казахи против Россий, и всего русского. Собака лает, однако, русский караван рулит в Казахстане, пока Назарбаев жив! Скоро всем вам капец настанет, Путин не дремлет, Назарбаеву скажем и поставим на место наглецов, нациков ... . Против кого прете, эй!? Вы под русским шаныраком, и точка! Прошу здесь не базарит по казахски, если это увидет Путин, нагнет вас как Украину. О будущем подумай, казах и казашка. Рессея твой брат, который может и наказать, будет больно...

Азамат Хайсин Провакация! Арандату! Тіл мәселелерін байыппен шешу керек. Үндемей-ақ күнделікті өмірде қазақша сөйлеп, қазақ тілінің дамуына атсалысып, қазақ тілінде әлемдік деңгейдегі ән, кино тағы басқа  туындылар жасау керек. Ютуб тағы да басқа ақпарат беретін желілерден қазақша қарағанда бәрі табылып тұру керек... Ол деген қыруар жұмыс.

Мұны М.Шаханов, Асылы Осман тағы басқа да жүздеген тіл жанашырлары 25 жыл бойы айтып жүр. Сөзден байсалды іске көшу керек. Қазақ тілінің жанашыры болу, Қазақстанда тұратын қазақ тілін білмейтіндермен бетжыртысу деген сөз емес.

среда, 16 августа 2017 г.

Білуге тиісті нәрселерді ғана білейік...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Адамзат заты адам болып жаратылғаннан бері қашанда түрлі құбылыстардың сыры  мен қызықты оқиғалардың егжей-тегжейін білуге құмарлықтың құлы болып келеді. Қазіргі ғылым дамып, небір ғылыми жаңалықтар ашылып, білім көкжиегі толассыз кеңейген сайын адамның білгісі келетін құпия сырлары да көбейген үстіне көбейіп оны өзінің шетсіз шексіз қиырымен баурауда.

Мысалға, қызық іздеген жандар ұшатын тарелка, жат планеталықтар, полтергейст, аруақ-елестер, және басқа да түрлі беймәлім құбылыстарға  қызығушылық танытады. Олар Мысыр пирамидаларын кімдердің, және қалай салғандарын білгілері келіп  оларды тіпті  жат планеталықтар, жындар, немесе  алып адамдар салған деген сияқты түрлі болжамдар да жасап жатады.

Олар тіпті Құран аяттарының «біз» деп үшінші жақпен айтылуына дейін назар аударып, мұндағы «біз» деп отырғандар бізді сырттан қадағалап, бізді сырттай тәрбиелеп, бағыт-бағдар беріп  отырған ғарыштық жоғарғы сана иелері, жат планеталықтар емес пе деген болжам айтып, сол арқылы  діннің құзырына жататын мәселелерге де  қол сұғып, ақиқатқа иелік еткісі келеді.