четверг, 28 сентября 2017 г.

Қазақтың «ордасы» орыстың «городы»...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
                        
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық өркендеу мен дүниежүзілік мәдениеттің  жоғарғы талаптарына жауап беретін жан-жақты дамыған қай тіл болмасын мұндай дәрежеге өзге тілдердің сөздерін өздерінің сөздік қорларына қосып алу арқылы қол жеткізген. Кейбір сөздердің сондай сәтті сіңірілгендіктері соншалықты ол сөздердің түбірі қай тілден ауысқанын анықтау қазір мүмкін де емес.

Солай десек те егер орыс тіліндегі сөз түбірлеріне жіті талдау жасасақ ондағы көп сөздердің қазақ-түркі тілінен алынғандығын байқауға болады. Мысалға, орыстың «смех» сөзін алайық. «Смех» сөзі «смеяться» сөзінің қасқарған түрі, ал «смеяться» - «смияться» сөзінің «сми» түбірі мен қазақтың «жыми» - «жми» түбірінің ұқсастығы күмән тудырмайды.

Бұл әрине, орыстарды дүниенің кіндігі санап, бар жақсының бәрі тек орыстардан таралуға тиісті деп білетін біздің орысшыл қазақтардың санасына симайтын қисынсыз нәрсе. Сол себепті де олар «әлдебір кездейсоқ ұқсастықты әлдеқандай етіп айтып отырғанын-ай мынаның» деуі де мүмкін. Бірақ мұндай ұқсастық өте жиі кездесетіндігі соншалықты бұл адамды ойландырмай қоймайды.

понедельник, 25 сентября 2017 г.

«Кімге күлсең басыңа сол келеді»

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

«Кімге күлсең  басыңа сол келеді» деп дана  халықымыз айтқандай жамандықтың жұқпалы, ауыспалы қасиеті бар. Кейбіреулер астамшылықпен өзгелердің жаман қасиеттерін келеке етіп, оларды жиркенішпен  кемсітіп, сондай бір жеккөрінішпен айыптап жатады. Және өзгелер ұшыраған масқаралықтарға рахаттана отырып күліп оны тездетіп жұртқа таратуға да асығады. 

Сондай-ақ, ол өзгелер тап болған қиыншылықтарға қуанып, «өзіңе де сол керек» деп оларды тап бір күндесі сияқты айызы қана табалайды. Сондай сәттерде ол өзі ешқашан олай масқара болып жұрттың мазағына қалмайтындай сезінеді. Және өзі ешқашан өзгелер ұшыраған  қиындықтарға ұшырамайтын жолы болғыш жандай болып асып-тасып лепіреді.

Содан белгілі бір уақыт өткен соң  сол өзі мысқылдап күлген, жиіркене кемсітіп жеккөрінішпен  айыптаған жаман қасиеттер оның өз бойынан, өз бойынан болмаса балаларының бойынан көрініс бере бастайды. Кезінде өзгелерді айызы қана табалаған масқаралықтар мен бақытсыздықтар  оның  өз басына келіп кеудесі жер, көңілі пәс болып өзгелердің күлкісі  мен табасына қала бастайды.