среда, 6 апреля 2016 г.

Орысша білгісі келетіндер неге өздері біліп тыныш отырмайды?

Ахметбек Нұрсила ҚАЗАҚТА КЕМЕҢГЕР ЖАСТАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ. Абай атамыз  «Орыс тілін оқыңыздар. Ол сіздердің көздеріңізді ашады!»  дегеніне келісесіз бе? Осы постқа түрлі жауаптар түсті:

Berdaulet Yensye Абай олай айтпаған шығар бер жағынан айта салған да шығар?  Неге тек орысша, неге ағылшынша, неге түрікше үйренуді айтпады?...

Ерлан Касымбек  Осы біздер не болса да  «Абай атамыз айтқан»  деп  шығамыз. Абай атамыз «есектің көтін жусаңда ақша тап» дегенді де  естігем. Дәл осы сөзді Абай атам айтса, онда ол кісіге риза емеспін. Қандай ұлт болмасын, ана тілінсіз, ұлттық рухсыз, ешқандай жетістікке жете алмайды.

Айжан Албан Абай қазіргі заманда өмір сүрсе «ағылшын тілі мен қытай тілін үйреніңдер» дер еді. Өз басымен ойланатын кемеңгердің не жаманы бар?

Махсат Алпысбес Қай заманда болмасын, адам алдымен өз ұлтының тілін терең оқып білуі тиіс, шамасы келсе содан соң басқа тіл оқысын, өйтпесе өзге ұлттың қызметшісіне айналады!