суббота, 16 сентября 2017 г.

Адамдар тек АР сотынан қорқу керек пе?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Дос керек пе? Алла бар!
Сырлас керек пе? Құран бар!
Байлық керек пе? Қанағат бар!
Дұшпан керек пе? Нәпсі бар!
Насихат керек пе? Өлім бар!

Алмас Аманбаев Жаратқанды «Дос» деу жараса ма?

Ғалым Бақыткерейұлы Бұл жерде Жаратқан - мұңыңды шағып, сырыңмен бөлісетін, қиындықта қол ұшын беретін дос мағынасында айтылған деп білемін. Құранда Алла тағала Өзінің достығы жөнінде айтқан.

«Алла дұшпандарыңды жақсы біледі. Сондай-ақ, Алла достықта жетіп асады, әрі жәрдемшілікте де жеткілікті». Құран. Ниса сүресі 45-аят.

«Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды». Құран, Йунус сүресі 62-аят.

среда, 13 сентября 2017 г.

Дін мемлекеттен бөліне ме?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Беркин Садыков Ғұламаларға бір сұрақ: дін соншама құдірет болатын болса неге адам баласымен бірге жаратылмаған? Шындығында дін атаулы мемлекет пайда болған соң жарыққа шыққан. Неге? Себебі мемлекет басындағыларға керек болған да. Бұл - менің жеке пікірім. Ал сіздер не дейсіздер?

Марат Борықбай Әрине. Дін - әу бастан адамның адамды бағынышты етіп ұстап отыруы үшін ойдан шығарылған саяси астары үлкен  бағдарлама ғой. Тіпті, осы бүгінгі белгілі конфессиялар шықпай тұрғанның өзінде де қараңғы елге көсемдердің жанында сөзін өткізуі үшін ұстаған тікелей Көкпен тілдесуші жандары - жрецтері болды емес пе?

Ғалым Бақыткерейұлы Адам адам болып жаратылғаннан бері тылсым күш болып табылатын Құдайға сеніп соған қатысты белгілі бір тиымдарды ұстанып келе жатыр. Мұны тіпті атеистер де жоққа шығара алмайды... Олар маймылдан адамға айналу барысында найзағайдың өзінен қатты қорыққан жабайы адамдар өздеріне қорғаушы іздеп не болса соған табынған дейді. Дін дегеніміз міне осы... Демек, дін адаммен бірге жаратылған.

воскресенье, 10 сентября 2017 г.

Намазды қазақша оқыған дұрыс бола ма?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Абдрашит Бакирулы Біраз жерде «Намазды қазақша оқыңдаршы» деп айтқанымыз үшін молдадан да, басқадан да «таяқ» жеп жүргенімізде тәжіктер оны қолға алып үлгеріпті... Одан олардың мұсылмандығы да кеміп қалмапты!

Азамат Хайсин Қазақша сыйыну қазақтілділерді құдайға жақындата түсетін сияқты. Ал өзі не айтып тұрғанын білмесе ол қандай сыйыну?

Ертай Касимбаев Бірінші мемлекетті қазақшалап алайықшы, қалғаны өз кезегімен орнына келеді. Ұлт қазақ болмай ісі қазақ болуы екіталай.

Ғалым Бақыткерейұлы Бұлай болмайды. Құран арабша түскен, онда ауыспалы мәні бар сөздер арқылы келген аяттар бар. Олардың нені меңзейтіні Алла болмаса адамдарға аян емес. Ондай аяттарды қалай түсінуге болатыны жөнінде тек болжам ғана жасалады. Осындай болжам бойынша аударылып өзге тілде оқылған аяттың мағынасы бұзылуы мүмкін.