Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
«Қыз болып туғаннан асқан бақытсыздық жоқ елдер». Біз орташа статистикалық европалық әйелдердің өз-өзіне сенімді, өзін-өзі қамтамассыз ете алатын тұлға екендігіне үйреніп кеттік. Олар сән бутиктеріне, клубтарға, спортзалдарға, әсемдік салондарына, және ресторандарға барып жүр. Бірақ, осындай жағдайда планетамыздағы әйелдердің тең жартысының тек кемсітіліп қана қоймай зорлық-зомбылыққа, қатігездікке ұшырып жатқанын да ұмытпаған жөн. Планетамызда әйелдердің тіршілігі тозаққа айналған небір сұмдық жерлер бар.
АУҒАНСТАН. Ең әуелі Ауғанстандағы әйелдердің орташа жасының ұзақтығы – 45 жас екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, олардың түгелге жуығы сауатсыз. Жартысынан көбі, дәлірек айтқанда 85% тиісті медициналық көмексіз босанады. Елде босану кезіндегі әйелдер өлімі ең жоғарғы деңгейде.
ИРАК. Әйелдер үшін Ирак - нағыз сексистік тозақ. Мұнда содырлар секс-жихад практикасын қолданады. Бұл жас, әрі әдемі қыздарды небір интимдік қызметтер көрсетуге шақыру практикасы. Одан бас тартудың арты қыздар үшін жақсылықпен аяқталмайды, соңғы есептеулер бойынша өткен жылдың аяғына дейін бас тартқаны үшін 150 қыз өлтірілген.