суббота, 2 мая 2015 г.

Кто создал Бога?

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Дискуссия с атеистами

Алексей alex Забавляет! Как только пост клерикальный, набегает толпа нездоровых и угрожает то богом, то адом! Нет бога, не было и нет, я МНОГОКРАТНО! ставил эксперимент для глуповерующих, чтобы меня наконец уничтожил Ваш трусливый боженок. Как видите, я жив, здоров, и счастлив, потому что не не занимаюсь глупостями и не отвечаю за еврейских богов, их грешки и штучки, чего и Вам всем желаю! Прозревайте! 

Александр Кухарский ответ для Алексей alex  ПРИДЁТ И ТВОЁ ВРЕМЯ УЗНАТЬ ЕСТЬ БОГ ИЛИ НЕТ, БУДЕШЬ РАЗОЧАРОВАН 100%

Алексей alex ответ для Александр Кухарский  Все пугаете? Да нет его, нет! Я не буду разочарован, потому что знаю - его нет, его придумали хитро..... попы, чтобы из Вас, людей, сделать себе больных рабов. Таскать на себе орудие убийства с висящим на нем полуразложившимся трупом еврея и называть себя рабом этого трупа? Это скорее для психиатров, с точки зрения нормального человека это психическое отклонение. Искать истину в книге еврейских сказок, из которых капает кровь и волнами исходит насилие? Ну-ну!

Құраниттер Исламы шынайылықтан ада

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

«Сүннеттің пайдасының   негізгі 6 дәлелі» («6 основных доводов в пользу Сунны») деген мақалада құранит автор сүнниттердің алты дәлелін келтіреді де, олардың әрқайсысына тоқтала отырып, оларды дәлелді түрде теріске шығаруға тырысады.

Бұл жерде мәселе оның дәлелдерінің қаншалықты көкейге қонымдылығында емес. Ол басқа әңгіме. Мәселе автордың Құран мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетіне  негізделген шынайы Исламды құртуды мақсат етуінде.  Егер мақсат дұрыс болмаған жағдайда дәлелдер қаншалықты көкейге қонымды болса да олар  қабылданбауы тиіс.

Бұл мақалаға жазылған түсіндірмелерде мен кораниттердің әуелден қате мақсатты, Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетін жою мақсатын көздегендерін көрсетуге тырыстым. Бұл түсіндірмелерді бастапқы нұсқасында сәл ғана толықтырумен ұсынып отырмын. Егер Алла қаласа бұл тақырыпқа  қайтып оралып, оған толығырақ тоқталатын боламын.

Ислам коранитов нереальный Ислам

Во имя Аллаха милостивого милосердного!

В статье  «6 основных доводов в пользу Сунны» автор коранит приводит шесть доводов суннитов, и останавливаясь каждому из них, отвергает их своими доводами. Дело не в том, насколько его доводы были убедительными. Дело в том, что он  поставил себе цель разрушит истинный Ислам, который основан на Коран и на Сунну Пророка (мир ему и благословение Аллаха).  Если цель выбран  неправильно, то насколько убедительными не были  доводы человека, они отпадают.

В  комментариях к этой статье я хотел показать, что   кораниты выбрали  изначально ошибочную  цель. Цель  уничтожения   Сунну Пророка (мир ему и благословение Аллаха).  И это были комментарий на скорую руку, и я его не стал особо дополнят. Если Аллах пожелает, я возвращусь к этим доводам коранитов подробнее. 

Комментарий к статье:

Галым Бахиткерейулы:   Если убрать сунну  из Ислама, то Ислам рухнет. Потому что Ислам опирается не только на Коран. Если Исламский шариат охватывает каждой мелочь повседневной жизни мусульманина, и дает конкретный, исчерпывающий ответ на каждый возникающий вопрос, то это благодаря Сунне Пророка (мир ему и благословение Аллаха).

Шайтаннан шипа тілеу зор адасу

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Көптеген жандар үшін  ең басты құндылық өмір. Олар үшін  бұл дүниеде өз өмірінен  қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан да олар қайтсе де ұзағырақ өмір сүруге  тырысып, қажет болса  бәрін  де қу жандары  үшін құрбан етуге дайын тұрады. Олар осынау  жарық дүниеде санаулы жылдар, тіпті санаулы күндер жүре тұру  үшін ойланбастан мәңгілік болашақтарынан да бас тартады.

Өйткені, мұндай жандар құдайға сенбейді.  Тіпті, құдайдың бар екенін мойындайтындардың  өздері де өлген соң қайта тірілетіндеріне  сенбейді. Олар үшін ертеңгі тауықтан  көрі бүгінгі жұмыртқа артық. Сол себепті де олар  неғұрлым ұзағырақ өмір сүру арқылы   дүние қызықтарын мейлінше қызықтап бақытты ғұмыр кешпек болады.  

Бірақ, қанша жерден бақытты болғысы келсе де адам баласының  қысқа  ғұмыры  қашанда уайым-қайғыдан арылмайды. Сол арылмас уайым-қайғының  елеулі бір бөлігі денсаулыққа байланысты туындап жатады. Өйткені,   денсаулықтың жаулары көп. Олардың қай-қайсысы болмасын тән  қорғанысының сәл де болса нашарлауын пайдаланып қалуға тырысып оны әр сәт сайын торып жүреді.

"Аңыз түбі шын, аруақ түбі жын"

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Құранда  басына түскен қиындықтарға сабыр етіп Алланың рахметіне бөленген Әйүп пайғамбардың (ғ.с.) оқиғасы баяндалады. Ол ең әуелі өзінің бар  малынан айырылса, сонан соң құлаған үйінің астында қалып әйелінен басқа бүткіл отбасы қырылады. Онымен қоймай өзі де жан баласы жуымайтын алапес ауруына шалдығып тірілей шіри бастайды.  

(Мұхаммед ғ.с.) Құлымыз Әйүпті  (ғ.с.) есіңе ал. Сол уақытта ол Раббысына: «Рас, мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты» деп жалбарынды. Құран Кәрім. Сад 38:41

Бұл аятта Әйүп пайғамбар (ғ.с.) өзінің басына келген бар бақытсыздықтың шайтан арқылы келгенін айтады. Демек, бұл адам баласы ұшырайтын  қандай болмасын бәле-жала, ауру-сырқауларға шайтандардың  қатысы бар екенін білдіреді.

Адам баласы ұшырайтын қандай болмасын бәле-жала, ауру-сырқауларға шайтандардың  қатысы бар. Бірақ, олар мұны Алланың қалауынсыз жүзеге асыра алмайды. Ал Алла Тағала болса оларға осындай мүмкіндік бере отырып оны адамдар үшін сынақ етеді. Яғни, Ол адам баласын шайтан арқылы, шайтандар арқылы келетін жамандықтар арқылы сынайды.  

«Негізінде, Ібілістің оларға еш ықпалы жоқ еді. Бірақ, ақиретке сенген кісі мен күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы». Құран Кәрім. Сәба 34:21.

Арсыз адам тірі өлік

Мейрімді, рақымды  Алланың атымен бастаймын!

Ар-ұят адам  үшін бір күндік сән емес, ол адам үшін мәңгілік мән. Ол оның адамдық бет-бейнесі. Ол оның адамдық құны. Оған уақытша  сән ретінде қарап, сол себепті  оны  арзан бағалайтын адам ақылсыз адам. Ар-ұятты көнертіп, оны сәннен қалды деп  қажетсіз ететін жан өзін қаншалықты өркениетті, озық жан санаса да оның шын бағасы хайуаннан да төмен.

Егер хайуан үшін адам болу зор  дәреже болса, өзінің адамдық ар-ұятын қолдан беріп, өзін өзі хайуан деңгейіне түсірген жан қалайша  адам болады?  Мұндай жандар түптің-түбінде адамға лайықты бар игіліктерден құр қалатын болады.  Өйткені, шын мәнінде ол игіліктер өздерін адам деп санағандарға  емес, өздерін адам етіп  ұстағандарға ғана лайық.

Адамның ар-ұятының деңгейі оның  иманының деңгейін байқатады. Адам неғұрлым арсыз, ұятсыз болған сайын ол солғұрлым имансыз болады. Немесе, керісінше, адам неғұрлым имансыз болған сайын ол солғұрлым арсыз, ұятсыз болады.

Шүкірлік еткен ризықтан кенде болмас

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Адам баласына қашанда ең әуелі ішіп-жем уайым. Бұл әрине, тек  адам баласына ғана тән уайым  емес, бұл уайым бүткіл тіршілік иелеріне де тән. Өйткені, бұл олардың ең басты табиғи қажеттіліктерінің бірі. Сол себепті мейрімді де рақымды Алла Тағала оларды ішіп-жеммен тиісінше қамтамассыз етіп отырады.

«Қаншалаған жан-жануарлар бар, қорегін көтеріп жүрмейді. Алла оларды да сендерді де қоректендіреді. Ол естуші, білуші». Құран Кәрім. Ғакәбут 29:60.

Бірақ, Оның кеңшілігін пайдаланып жүрген кейбір пенделердің  молшылыққа бойлары үйреніп кететіндері соншалықты, олар келіп жатқан  ризық-несібелерін Алланың  кеңшілігі деп тіпті де ойламайды. Олар ризық-несібелерінің үзілмеуін  қашанда осылай болуы тиіс қалыпты нәрсе ретінде қабылдай бастады. Бірақ, шын мәнінде олай емес. Алла Тағала Құран арқылы  былай деп ескертеді:

Жер жұтқан Қарун бай

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Жер бетіндегі  тіршілік иелерінің қай-қайсысы болмасын өз тіршілігіне қажетті көптеген нәрселерге мұқтаж.  Солардың  ішінде де адам баласының сұранысының өте жоғары екені белгілі. Сонда да Алла Тағала олардың бар  сұранысын  толық қанағаттандырып, қалауынша ризық-несібе бере алады.

Бірақ, көп нәрсе айналып келгенде адамдардың өздеріне байланысты. Алланың өзіне бергенін көтере алмай көкірегімен көк тіреп шіренбейтін, қолда барын нәпсінің қалауына жұмсап азғындамайтын адам қайда? Байлығын еселеу үшін  ел билеп өзгелерді езбейтін, үстемдік үшін күресіп, қолын қанға малмайтын да адам қайда? Мұндай жандар соншалықты көп емес. Сол себепті де Алла Тағала адам баласына несібені шектеп береді.

Егер Алла құлдарына несібені кеңітіп жіберсе,  олар жер бетінде бүліншілік шығарған болар еді. Бірақ, Ол қалауынша мөлшерлеп  береді. Құран Кәрім. Шура 42:27

Алла адамды маймылдан жаратты ма?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ғаламдардың Раббысы Алла Тағала адам баласын жаратты. Ол оны топырақтан жаратты. Бұл, әрине, ғылым мен техника қарыштап дамыған, халық жаппай сауатты, көзі ашық саналатын осынау заман тұрғысынан алып қарағанда баяғы надан адамдарға арналған ертегі тәрізді естілетіні анық. Бірақ, бұл шындық.

«Расында Біз адамды саз балшықтың сыңғырлаған құрғағынан бейнелеп жараттық». Құран Кәрім.  Хыжыр 15:26

«Шын мәнінде оларды (Мекке мүшіріктерін де) бір жабысқақ  саз балшықтан жараттық». Құран Кәрім. Саффат 37:12.

Соңғы  аят өздерінің ақирет күні қайта тірілетіндеріне сенбеген Мекке мүшіріктеріне байланысты түскен. Бұл аят сол мүшіріктердің  әуел баста топырақтан жаратылғандарын,  өлген соң қайтадан топыраққа айналатындарын, және ақирет күні олардың тәндері топырақтан қайта жиналып, қайта тірілетіндерін ұқтырады.

Алладан басқалар адам үшін дұшпан

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Кейбір жандар Алланы Тағаланы мейрімді, рақымды деп біледі. Бірақ, сөйте тұра олар осы сөздердің мағынасында Алланың өздеріне деген қандай мейрімі мен рақымы жатқанын ұғына бермейді.

«Ғаламдардың  Раббысынан басқалар мен үшін дұшпандар. Ол мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді. Ол маған жегізеді де ішкізеді. Ол қашан ауырсам маған шипа береді. Ол мені өлтіреді де, сонан соң тірілтеді. Ол сондай Алла, қиямет күні қателерімді кешіруінен үміт етемін».  Құран Кәрім. Шуғара 26:77-82.

Ибрайым Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөздері ретінде келтірілетін осы аяттарда  Алла Тағаланың адамдарға деген мейрімі мен рақымы көрініс тапқан. Енді осы аяттарға аз-кем тоқталып өтсек мұнда ғаламдардың Раббысынан басқа құдайлар адам баласы үшін  дұшпандар екені айтылады.

четверг, 30 апреля 2015 г.

Ібіліс пен оның мақсаты жайындағы ақиқат

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл дүниеде адам баласының дұрыс өмір сүруіне сол адам баласын жаратқан Жаратушыдан артық ешкім де мүдделі емес. Және Жаратушы Алладан артық ешкім де ақиқатты біліп, оны жан-жақты түсіндіріп бере алмайды. Өйткені, көктегі сансыз періштелердің өздері де Жаратушы Алланың үйреткенінен артық ештеңені де біле алмайтындарын мойындайды:

Періштелер: «Сен пәксің! Сенің үйреткеніңнен басқа біздің білеріміз жоқ. Әрине, Сен толық білуші, өте данасың» деді.
 Құран Кәрім. Бақара 2:32

Сондықтан да бізге ақиқи білімді іздеу барысында Жаратушы Жалғыз Құдай тарапынан түсірілген Қасиетті Кітаптарға жүгінуден басқа амал қалмайды. Ал мұсылмандар ұстанатын Қасиетті Кітап - Құран Кәрім болып табылады. Оның ең алғашқы түсірілген аяттарының өзі оның танымдық сипатын білдіріп «оқы» деген сөздермен басталады, және онда Жаратушының адамзаттың білмегенін үйретуші екендігіне назар аудартады:

Алла Тағала тура жол көрсетеді

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Алла Тағала адамдарға тура жол көрсетеді. Ол  жақсылық пен жамандықтың арасын ажыратып таңдау жасаулары  үшін адам баласын  әуел бастан саналы етіп жаратты. Және  Пайғамбарларын (ғ.с.) бірінен соң бірін жібере отырып, олар арқылы ақ пе қараны айыратын Кітаптарды  да түсірді.  Сол арқылы Алла Тағала адамдарға Өзінің тура жолын табуларына мүмкіндік беруде.

Ғаламдардың Раббысы жіберген Пайғамбарлар (ғ.с.)  қашанда өз  қауымдары тарапынан  қарсылыққа тап болып, олардың кейбіреулері тіпті жауыздықпен өлтіріліп те отырды. Сондай-ақ,  олар  жеткізген ақиқат  та  залымдар тарапынан бұрмаланып, өзгертілумен болды. Ол Пайғамбарлар (ғ.с.)  қауымдарына  Алладан басқа құдайдың жоқтығын жеткізіп, оларды тек бір Аллаға ғана құлшылық етуге шақыратын еді.

«(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: «Күдіксіз Менен басқа ешбір құдай жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар» деп қана уахи етіп жібердік».  Құран Кәрім 21:25.

Аруақ деп шайтанға табынбайық

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

(Мұхаммед ғ.с.) «Әй, Кітап иелері, бізге де, сендерге де ортақ  бір сөзге келіңдер, жалғыз Алладан басқаға құлшылық етпейік, Оған ешқандай да  серік қоспайық, сондай-ақ, Алладан өзге бір-бірімізді құдай етіп алмайық» деп айт. Егер олар теріс айналса «біздің  мұсылман екендігімізге куә болыңдар» деңдер.  Құран Кәрім. Әли Ғимран 3:64.

Бұл аятта Ислам дінінің ең басты негіздері атап көрсетілген. Тек  Аллаға  ғана құлшылық ету, ешкімді де, ештеңені де Алламен теңестіріп, оларға сиынып-жалбарынбау, және адамдарды өздеріне құдай етіп алып оларға табынбау. Міне, осы талаптарды берік ұстану әрбір мұсылман үшін басты шарт. Жоғарыдағы аят бойынша осы талаптарға бой ұсынғанда ғана адам мұсылман болып саналады.

Олай болса, о дүниелік болған әулие-әнбиелер мен  ата-бабалардың рухтарына   сиынуды өздеріне міндет етіп алған, онымен қоймай халықты да соған шақырып  Аллаға серік қосу күнәсіне жұмылдырып жүрген «аруақты» жандардың «мұсылмандықтарын» қалай түсінуге болады?  Қалайша олар Исламның басты талабын өрескел түрде бұза тұра өздерін мұсылман етіп көрсетуге тырысады.

Ғаламдардың Раббысы Аллаға мадақ!

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Алладан өзгелерді өздеріне құдай етіп алған мүшіріктер бүткіл ғаламдардың Раббысы деген сөздің мағынасында қандай ұлылық пен құдірет жатқанын ұғуға тырыспайды. Олар тек жындар, аруақтар, қасиет қонған адамдар тәрізді  өз «құдайлары» көрсететін кереметтерге ғана қатты таңғалып, солардың ғана ұлылықтары мен құдыреттерін ғана мойындайды. Шын мәнінде ғаламдардың раббысы Алла Тағаланың ұлылығы мен құдіретінде шек бар ма?

Ол ешкімді бала қылып алмады да, Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ.  Құран Кәрім. Фурқан 25:2.

Ғаламдардың Раббысы Алла Тағала Өзіне мұрагер болып, тұқымын өрбітетін, қолын ұзартып жәрдемші болатын балаға ешқандай да мұқтаж емес. Өйткені, Оның Өзі ешқашан, ешкімнен де туылған жоқ, және Ол ешқашанда қартаймайды да, өлмейді. Сондықтан да Оған мұрагер де, үрім-бұтақ та қажет емес.

Қожайын мен қызметшілер

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бір жер иесі қожайынның меншігіндегі жерді көптеген адамдар қоныстанып тұрып жатыр екен. Олар сол қожайынның жеріне егін егіп, оның орманынан жеміс теріп, аң аулап, қожайынның меншігіндегі судан балық аулап, сол сумен егістіктерін суарады. Бірақ олар қожайынды өздеріне қожайын ретінде мойындап оған бой ұсынудан бас тартады.

Олар шын мәнінде өздері пайдаланып отырған  жер мен оның игіліктері  үшін қожайынға зор қарыздар, бірақ олардың өздері  олай деп тіпті де ойламайды. Өйткені, олар оның бұл жердің қожайыны екеніне сенбейді, сол себепті де олар оны қожайын ретінде мүлде мойындамайды. 

Олар қожайынның жерін пайдаланғаны үшін оған ақы төлеп  қожайынға қызмет етіп жүрген  кейбір адамдарды бостан-босқа  әуреге қалып жүрген ақылсыз жандар деп біледі.  Және оларды пайдаланып отырған жерлерінің иесіз  екендігіне сендіріп, олардың қожайынға қызмет етулерінің бекер екендіктерін түсіндіруге тырысады. Кейбіреулері болса сол үшін солармен  қастасып, оларға қысым көрсетіп, оларды қожайынға қызмет етуден тиюға да тырысады.

Аллаға дұға етейік қазақ үшін!

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

«Мың өліп, мың тірілген» бұл қазақ өткен кезеңдерде өз ұлдарына қуанышынан көрі қайғысын, қызығынан көрі азабын көбірек тарттырумен келді. Сол себепті де қазақ болу қашанда ердің ісі болып келді. Өйткені, бұл қазақтың қайғысын, бұл қазақтың азабын тек ердің ері ғана көтеретін еді. Оның дәлелі «қазақ болу жұртқа мазақ болу» делініп еңсе түсіп езілген кездерде де тек сондай ерлер ғана нағыз қазақ болып қалды.

Өзгелер болса өзінің бас пайдасы мен қызметінің қамы үшін, тіпті жай озық болып көріну үшін ғана қазақтығынан бас тартып, өз халқының бір пайдасына да жарай алмады. Олар өз ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жан қинағаннан көрі оның тілін де, мүддесін де аяқ асты етіп сатқындық істегенді оңайырақ көрді.

Бұл қазақ небір қилы кезеңдерді бастан кешті. Соның ішінде соңғы үш-төрт ғасыр қазақ үшін өте ауыр болды. Сәтсіздіктен көз ашпай, шарасыздықтан сан соққан ол ғасырлар қазақтың рухын қатты жасытып, өзегіне өкініш түсірген ғасырлар болды. Сол жасыған рух еңсесін тіктеп, өзектегі өкініш оты өшуі үшін уақыт қажет. Және әрине, міндетті түрде амал ету де қажет.

Гомосексуализм - шайтанның ізі.

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл дүниеде жамандық пен жақсылық бар. Бұған ешкім де  күмәнданбайды, сондықтан да  бұл тақырыпта ешкім сөз таластырмайды. Өйткені, ол өзгелерге  ақымақ адам болып көрінген болар еді. Бірақ, көптеген жандар «жақсылық дегеніміз не, ал жамандық дегеніміз не» деген тақырыпта, және  соған сәйкес «жақсы деген не, жаман деген не»  деген тақырыпта  құлшына таласады.

Бұл ретте олардың кейбірінің лағып кететіні  соншалықты, олар жақсыны жаман деп, ал жаманды жақсы деп алжаса бастайды. Соған орай жақсылықты жамандық, ал жамандықты жақсылық  санай бастайды.

Жақсы деген немене, жаман деген немене? Бұл өте қарапайым сұрақ, соған орай жауабы да қарапайым болуы тиіс. Бірақ, таңғаларлығы сол, кейбір өздерін ақылды, парасатты, білімді санайтын адамдардың  өздері осы бір қарапайым, балаға тән  сұрақта шатасады. Сонымен, жақсы деген немене, жаман деген немене? Бұған баланың түсінігімен қарап көрелік.

Гомосексуализм -это зло!

Во имя Аллаха милостивого милосердного!
                 
В этом мир существует добро и зло. В этом никто не сомневается, и никто об этом не спорит. Потому что он будет выглядит  дураком. Но многие  люди охотно спорят на   тему  что такое добро, и что такое зло, и соответственно на тему что такое хорошо, а что такое плохо. При этом некоторые из них  до того заблуждаются, что считают  хорошее плохим, а плохое  хорошим. И соответственно они считают добро злом, а зло добром. 

Что такое хорошо, что такое плохо? Это очень простой  вопрос, и вроде ответ тоже должен быть очень простым. Но как ни странно,  некоторые  взрослые люди, те, которые  считают себя   умными, здравомыслящими, образованными  людьми запутались в этом простом, как бы в детском  вопросе. Что такое хорошо, что такое плохо? Давайте попробуем взглянут  на него детскими понятиями.

Қазақ қазақ тілімен ғана ел болады

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл орыс тіліндегі бір мақалаға  жазылған орысша жауаптың аудармасы. Бір қазақ әйелінің блогінде жарияланған бұл мақала көптен бері көкейде жүрген ойлардың тиегін ағытқан мақала болды. Бір сәтте жазылған қысқаша жауаптың қолжазба түрінде өзімде қалған  нұсқасын қайта қарап, оны толықтыра отырып қайта жазып шығып оқырмандар назарына ұсынып отырмын. 

«Сіз ата-анаңыздың өзіңізді, қазақша білмейтін кішкентай  қазақ қызын қазақ мектебіне бергенін айтасыз. Әрине, сіз ана тілін білсін деген ниетпен. Бірақ, сізге қиын болып, сабақ үлгерімізге теріс  әсер еткен соң сіз оны өзіңізге жасалған зор қиянат деп білесіз.

Егер бұл қиянат болатын болса, онда орысша білмейтін қазақ баласын орыс мектебіне беру де қиянат. Өйткені, оның түбі қазақ, ділі қазақ, тіпті, ет пен сүйегіне дейін қазақ, бірақ оны ата-анасы орыс мектебіне береді. Нағыз қиянат дегеніміз осы емес пе? Бірақ, көптеген қазақтар ол жайлы ойламайды. Сіз неге оларға ой салмайсыз?

Казахский язык – это будущее казахов

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Это ответ, который был написан  к одной статье. Копия этого ответа у меня  остался в черновике.   Я не знаю какой статье  был написан этот ответ,  но это не имеет значения,  по тексту ответа можно определит,  что было написана в этой  статье. Я дополнил его,  даже можно сказать что его заново переписал.  И получился он вот таким.

«Вы пишете, что вас, маленькую казашку, которую не знала казахского языка родители отдали в казахскую школу. Чтоб вы знали родной язык. Но вам тогда  было трудно, и с успеваемостью было очень  плохо, поэтому вы считаете, что это было  настоящим извращением!

Если так, то когда ребенка казаха, незнающего русского  языка отдают в русскую школу,  это тоже является извращением.  Потому что у этого ребенка  чисто казахские корни, у него менталитет казахский, поэтому он до костей мозга казах, а его  родители  отдают в русскую школу.  Вот это надо считать настоящим  извращением. Но, многие казахи об этом не думают. Почему вам не подсказать им об этом?

среда, 29 апреля 2015 г.

«Құдай жоқ» деген сенім де соқыр сенім

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!   


Қалыптасқан пікір бойынша діндарлар құдайға көзсіз сенеді, яғни олардың сенімдер соқыр сенім делінеді.Негізінде, сенім шындыққа байланысты ұғым болып табылады. Адам өзінің белгілі бір танымын, көзқарасын, пікірін шындық деп сенеді. Тіпті ол бір нәрсені өтірік дегеннің өзінде де оның өтірік екендігінің шын екендігіне сенеді. Сондықтан да адамға тән сенім ұғымын тек дінге қатысты тар ауқымда алуға болмайды.

Сондай-ақ, адамның дінге қатысты сенімін ғана көзсіз, яғни еш дәлелге негізделмеген соқыр сенім деуге болмайды. Өйткені, адамның шын деп сенетін, шындық деп білетін нәрселерінің барлығы да, олар қаншалықты дәлелді болып көрінсе де, шын мәнінде тап ол ойлағандай шындық болмай шығуы мүмкін. Бірақ, ол оған сенумен болады, демек ол өзі қаншалықты сенімді болса да шын мәнінде оның ол сенімі көзсіз, яғни соқыр сенім болғаны.

Бұл дүниеде адам баласының тек дінге қатысты сенімдері ғана емес оның барлық сенімдері де соқыр десек еш қателеспейіз. Өйткені, адам баласының өзінің күнделікті көзбен көріп, қолмен ұстайтын нәрселерінің өзі жөнінде де ақиқи білімі жоқ.

Алла - Жаратушының есімі

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Жалғыз Жаратушы неге Алла аталуы тиіс? Біріншіден, адамзаттың түп атасы Адам Ата пайғамбардан бастап барлық пайғамбарлар насихаттап келе жатқан дін Жаратушы Жалғыз Құдайға табынушылық дін - Ислам діні.

Алланың қасындағы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші. (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенімен сөз таластыруға кіріссе: «Өзімді, әрі маған ергендерді де Аллаға тапсырдым» де. Сондай-ақ кітап берілгендерге де, надандарға да: «Исламды қабыл еттіңдер ме?» де. Егер олар Исламды қабыл етсе тура жол табады. Ал егер олар бет бұрса саған жеткізу ғана міндет. Алла құлдарын нақ көруші. Құран Кәрім. Әли Имран 3: 19,20

Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады. Құран Кәрім. Әли Имран 3:85

Әйеліңді ұруға бола ма?

Мейрімді, қамқор Алланың атымен бастаймын!

Әйеліңді ұру тақырыбында пікірталас.

Svaha Сваха:   Кім  әйелді ұрған болса – оның еркек ретінде өлгені!

Алла Пилипчук,  Svaha Свахаға жауап:  Толық келісемін....

Шарипа Шайхова:   Ия, солай!

Оксана Гамидова:  ӘЙЕЛГЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕН ЕРКЕК – ҚОРҚАҚ, ӘРІ ӘЛСІЗ ЕРКЕК. ӨЗІНЕН КҮШТІГЕ ҚОЛ КӨТЕРСЕ ҚАРЫМТАСЫН КӨТЕРЕ АЛМАЙДЫ, СОНДЫҚТАН ДА КҮШІН ӨЗІНЕН ӘЛСІЗДЕРГЕ, ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨРСЕТЕДІ.  

Тахмина Рахманова: Ондайдан Алла сақтасын!

Дилфуза Уразбаева:  Сондайларды жек көремін!

Хисматулина Файруза: Қымбатты әйелдер, бастарыңнан тәждеріңді шешіңдер де тілдеріңді аздап тиыңдар. Сонда сендер бақытты боласыңдар. Неліктен сүйіспеншілік күйзеліске  ауысады? Өйткені, оны такаппарлық алмастырады.

Ғалым Бақыткерейұлы: Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені, Алла бірінің алдына біріне артықшылық берді. Сондай-ақ, олар мал-мүлкінен де пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал  бағынбауларынан қорқатын әйелдерді үгіттеңдер, және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар, (онда да болмаса)  ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда оларға қарсы  жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі.Құран Кәрім. Ниса 4:34

Можно ли побивать свою жену?

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!
            
Это дискуссия на тему  побивание   жены

Cvaha Сваха: Кто однажды ударил женщину - навсегда убил в себе мужчину!

Алла Пилипчук: Полностью согласна....

Шайхова: Да, это так!

Оксана Гамидова:  МУЖЧИНА, КОТОРЫЙ ПОДНИМАЕТ РУКУ НА ЖЕНЩИНУ - СЛАБЫЙ МУЖЧИНА И ТРУС. ПРОСТО ПОДНЯВ РУКУ НА ТОГО КТО СИЛЬНЕЕ ОН НЕ ПЕРЕЖИВЕТ СДАЧИ, ПОЭТОМУ ПОКАЗЫВАЕТ СИЛУ НА ТОМ, КТО СЛАБЕЕ, ТО - ЕСТЬ ЖЕНЩИНА.

Тахмина Рахманова:  Упаси Аллах от такого.

Дилфуза Уразбаева:  Ненавижу таких!

Хисматулина Файруза: Дорогие женщины снимите короны с головы, и придержите языки немного. Вот тогда вы будете счастливы.  Почему любовь переходит в стресс? Потому что ее заменяет гордыня.

Галым Бахиткерейулы:  «Мужчины являются попечителями женщин, потому что Аллах дал одним из них преимущество перед другими, и потому что они расходуют из своего имущества. Праведные женщины покорны и хранят то, что положено хранить, в отсутствие мужей, благодаря заботе Аллаха. А тех женщин, непокорности которых вы опасаетесь, увещевайте, избегайте на супружеском ложе и побивайте. Если же они будут покорны вам, то не ищите пути против них. Воистину, Аллах — Возвышенный, Большой». Коран. Сура Ниса 4:36

Пүліш пайғамбар

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл Құраниттердің «Пүліш пайғамбар» деген мақаласына жазылған жауап.   Мақаланың авторы Гермиона Грейнджер.

Мақаладан үзінді: «ExplainedIslam» каналында шейх Әл-Кувейнидің Мұхаммед пайғамбардың тәбәрігі жайында бұрынғы имаммен сөз таластырған видеосы бар. Солардың ішінде пайғамбардың зәрі мен сіңбірігі, және дәрет алған суынан  қалған су арқылы тәбәрікті  болу жайында айтылады. Әзілі жоқ, сунниттер шын мәнінде де соларға ие болған  адамдарды тәбәрікті  болған адамдар санайды!.. Міне, сол хадистердің бірі: 

«Бірде Алланың Елшісі түс кезінде бізге шықты да, оған дәрет алуға су әкелінді, ал ол дәрет алып болған соң онан қалған сумен адамдар (беттерін) сүрте бастады». (Бұхари. Ішінара дәрет кітабы.)

Ответ к Коранитам. "Плюшевый Пророк"

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Это ответ на статью Коранитов «Плющевый пророк». Автор статьи Гермиона Грейнджер.

Цитата из статьи: «На Канале пользователя «ExplainedIslam» есть видео, где шейх Аль-Кувейни спорит с бывшим имамом про благословения пророка Мухаммада. Среди них — благословения мочой и соплями пророка, а также водой после его омовения. Никаких шуток, сунниты действительно считают, что люди, заставшие это — были благословенны!..  Вот один из хадисов:

- «Однажды Посланник Аллаха вышел к нам в полдень, ему принесли воду для омовения, а после того как он совершил его, люди стали брать оставшуюся после его омовения воду и обтираться ею…» [Аль-Бухари. Книга частичного омовения; 187]»

Ответ к Коранитам. "Обращение к думающим"

Во имя Аллаха милостивого, милосердного! 

Это  ответ  на  статью Коранитов  «Обращение к думающим». Автор статьи Гермиона Грейнджер.

Цитата из статьи: «Сегодняшний абсурд, который удалось увидеть: это статья, в которой ваххабитский шейх Ибн Усеймин говорит об исламском этикете. Оказывается, что для того, чтобы человеку открылись врата Рая, он не просто должен быть «человеком». Он также должен соблюдать все нормы, как сказал шейх, именно исламского этикета...».

Галым Бахиткерейулы: Люди бывают разные. Некоторым нужно руководство во всем. Они обращают внимание на всякую мелочь, и хотят во всех случаях соблюдать четкого руководства. Они боятся в чем то допустит ошибку, чем то навредит себе, поэтому будут строго следовать разным рекомендациям, советам, правилам специалистов. Таких людей не переубедит и не перевоспитать. Они всегда будут искать и находят для себя какие то правила. Такие люди есть и в Исламе. Вот таким мусульманам есть в Сунне Пророка (да благословит его Аллах и приветствует) разные руководство.

Құраниттерге жауап. "Ойлыларға үндеу"

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл Құраниттердің  «Ойлыларға үндеу» деген мақаласына жауап. Мақаланың авторы Гермиона Грейнджер.

Мақаладан үзінді: «Бүгінгі біз  куә болып отырған  танту, бұл уаххабилердің шейхі Ибн Усайминнің Ислам әдебіне қатысты мақаласы. Білмей жүрсек, адамға жұмақ қақпасының  ашылуы үшін оның жай ғана «адам» болуы аздық етеді екен. Шейхтің айтуыша ол сонымен қатар Ислам әдебінің  барлық  ережелерін  де ұстануы тиіс екен...». 

Ғалым Бақыткерейұлы: Адамдар әртүрлі болып келеді, солардың ішінде барлық жағдайда да  өздеріне белгілі бір нұсқаулықты қажет ететіндер   бар. Олар  ұсақ-түйекке дейін мән беріп, қандай  жағдайда да айқын нұсқаулықты басшылыққа алуға  тырысады. Олар бірдеңеден қателесіп өздеріне зиян етуден қорқады. Сондықтан  олар мамандардың түрлі ұсыныстарымен, кеңестерімен, тәртіптерімен  жүруге тырысады. Мұндай жандарды иландыру да, қайта тәрбиелеу де мүмкін емес. Олар қашанда өздеріне белгілі бір ережелерді іздеп, тауып алумен болады. Мұндай жандар мұсылмандар арасында  да бар. Міне, осындай мұсылмандар үшін Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетінде түрлі нұсқаулықтар бар.

Жалған діндер - Ібілістен

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
                                     
Адам баласын  жолдан тайдырып, оны аздыруға өте мүдделі Ібілістің шынайы бейнесі жалған діндерде көрініс таппайды. Оның себебі  өте қарапайым, өйткені мұндай діндердің артында адамдарды ақиқатқа жолатпай, оларды адасқан үстіне адастыра отырып мүлде зиянда қалдыруды мақсат еткен  сол Ібілістің  өзі тұрады. Сол себепті де мұндай діндерде Ібіліс, және оның азғырушы әскері шайтандар жайында  ақиқат танымның болуы мүмкін емес. 

Ібіліс адам баласының қас дұшпаны ретінде  оның тура жол табуына ешқандай да мүдделі емес. Ол адам баласының  адасқан үстіне адасып мүлде зиянда қалғанын қалайды. Сол себепті де ол Алладан өзгелерге, яғни перішелерге, жындарға, аруақтарға, қасиетті адамдарға, және өзге де жанды да жансыз пұттарға  табынушылықтың қандайына болмасын жол ашып, тек бір Аллаға табынушылықтың  тура жолын ғана  адам баласы үшін жауып тастауға тырысады. Бұған оның Құранда келтірілетін мынадай сөздері дәлел:

«... мені қаңғыртқаның себепті, әлбетте, мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді.Құран Кәрім Ағраф 7:16.