Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Адам адам болуы үшін оған жүрек қажет болса, жүрек жүрек болуы үшін оған тазалық қажет. Жүректің кірі-ол жамандық. Адамның әрбір жаман ойы мен сезімі, сөзі мен ісі міндетті түрде оның жүрегіне кір болып жұғып отырады. Ал, күнделікті тірлікте жаман сезімдер мен ойларға берілмейтін, жаман сөздер айтып, жаман істер жасамайтын адам жоқ. Сондықтан да әрбір адамның жүрегі үнемі ластанумен болады. Осылай тазалығынан айырылу барысында жүрек бірте-бірте қарая бастайды. Ал, жүрегінің ластанып қараюы болса адамның басына жамандық үйіріп, оны қайғы–қасіретке салып қояды. Өйткені, жан азабы мен тән азабын тартып қиналған кездерде, сол арқылы адамның жүрегі тазарып отырады.
Егер жүрек жамандық арқылы кірлеп, соның салдарынан да адам жан азабы мен тән азабын тартатын болса, онда ондай азаптардан құтылудың ең дұрыс жолы жақсылық жасау болып табылады. Өйткені, жамандықтың зардабын жақсылық жояды. Ал, ең дұрыс жақсылық-ол Алла Тағаланың ризалығы үшін жасалатын жақсылық. Ондай жақсылық жай ғана жақсылық емес Аллаға құлшылыққа айналады. Сондықтан да Алла Тағала ондай жақсылықтың кем-кетіктерін түзетіп, қабыл етеді де, оны еселеп арттырып адамның өзіне қайтарады.
Соның нәтижесінде адамның жүрегі еселеп тазарып, ол басын шырмаған бейнеттерінен тезірек құтылатын болады. Олай болса, бұл дүниеде де, ақиретте де жақсылықта болғысы келетін әр адам жан-жүрегін Раббысына ашып, шын ниетімен Оған құлшылық етуге тиісті. Сонда Алла Тағаланың шапағаты оның жүрегіне нұр болып құйылып, оның жүрегінің кірін шайып, оның жаны да, тәні де нұрға бөленетін болады.
Бірақ, өкінішке орай, жүректерін аяусыз ластауды білетін көптеген жандар құлшылық етіп оны тазартуды мүлде қажетсінбейді. Ондай жандар өздерінің лас сезімдерін тежемей, өздері аңсаған лас істерден тартынбай өз жанындарын үсті-үстіне ластаумен болады. Өзінің нәпсісіне құл болып, бас еркінен айрылғаны соншалықты ондай жандар тән азабын тартып, ар азабын шегіп жүрсе де азғын тірліктеріне қос қолдап жабысып алып, осынау лас тірліктерін ақтап, қор тірліктерін мақтап, оған шаң жуытпай қорғаумен болады. Сондықтан да олардың бастарынан бұл дүниеде азап пен қорлық арылмаса, ақиретте олар үшін от азабы дайын. Өйткені, кірлеген жүрек азап арқылы тазаратын болса, тәнді шарпитын от азабынан өткен қандай сұмдық азап болуы мүмкін?
Жүрегін таза ұстауды қалайтын жандар үшін бұл дүниенің тіршілігі үлкен сын. Өйткені, мұнда күна өзінің оңай келетін қызықтарымен қызықтыра арбап адамның есін алады. Ал, тазалық болса керісінше, тиымды, сабырды талап етуімен қорқытып адамдарды күнәға қарай итерумен болады. Мұндай жағдайда адам үшін Аллаға құлшылық етіп, Оған өз тағдырын сеніп тапсырғаннан басқа еш амал жоқ. Себебі, әркім бас пайдасы мен көңіл қызықтарын көбірек іздейтін күйкі тірлікте пайдасы мен қызығы аз таза ар мен адалдықтың Алладан өзге ешкімге де соншалықты қажет емес. Өйткені, тазалықтың да адалдықтың да, басқа да барлық адамшылық қасиеттердің шын иесі Алла Тағала. Және, осы қасиеттерді адамдардың бойларынан іздеп, олардың жоғын жоқтайтын да сол Алла. Және, сондай қасиеттерді қадір тұтатын жандардың еңбектерін бағалап, оларға тірлікте қолдау көрсетіп, ақиретте де жарылқайтын сол Алла!
Осынау өткінші дүниеде жүрегін тазартуға мән бермеген жанға күндердің күнінде тәнін тастап шығатын сәт те келіп жетеді. Сол кезде тірнектеп жиған байлық, барын салып көтерген бедел, әрең деп алған атақ бәрі де қараң қалады. Сол кезде бар бәлесін ішіне бүгіп, сырт көз үшін ғана жарқырап жүрген екіжүзді жандардың бет пердесі сыпырылады. Өйткені, тәнінен ажырап бақилық болған жанның ағы ақ, қарасы қара болып танылып, оның неге тұратыны жүрегінің тазалығына қарай бағаланар.
Сондықтан да осынау тірлікте жүрек тазалығын сақтап, оны одан әрі тазарта алған адам үлкен жетістікке қол жеткізген адам болып табылады. Өйткені, ақирет күні дүниенің бар байлығын жиып берсең де жүрек тазалығын сатып алу мүмкін болмас. Ол осынау қысқа ғана ғұмырда көздің жасы мен жүректің қанына дейін ағыза отырып зор еңбекпен ие болатын баға жетпес қасиет. Сондықтан да оны азғындықтың астына төсеп, жауыздықтың басына жастап қадірін кетірмеген жөн.
Жылдар бойына жүрекке жұғумен болатын сәт сайынғы қара да лас ойлар мен сезімдердің, сөздер мен істердің кірлерін бір сәтте ғана жуып, тазарынып шыға келу мүмкін емес. Жаныңды ластау, сол арқылы басыңды арылмас қайғы-қасіретке салу қашанда оңай, ал, оны тазартып игілікке қол жеткізу үшін өзіңді күштеп амал жасап, қажып талып талай сыннан өтуге тура келеді.
Адамзат адамзат болғаннан бері талай жандар игілікке қол жеткізудің оңай жолдарын іздестіріп адасып, бет-бетіне лағумен келеді. Шындығына келгенде игілікке қол жеткізудің оңай жолының болуы мүмкін емес. Ол қиындығы мол, қажып-талуды қажет ететін өте ауыр жол. Өйткені, ол өзіңді, өзіңнің пенделік табиғатыңды жеңудің жолы. Бірақ, адам баласына өз нәпсісімен күресіп, өз нәпсісін жеңіп, өз нәпсісін бағындырғаннан көрі, өзгелермен күресіп, өзгелерді жеңіп, жер-жаһанды бағындырған әлдеқайда оңай көрінеді. Сондықтан да бұл дүниеде жамандық көп, сондықтан да бұл дүниеде қасірет мол.
Maсa.кз. 20.10.2011.

Комментариев нет:
Отправить комментарий