четверг, 14 июля 2016 г.

Сіздер «мазхабты мойындаймыз» дейсіздер...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Murat Suleimenov Ас салям уа алейкум уа рахматулЛахи уа баракятух! Қазір ҚМДБ-ның үстімен бір өтсем бе деймін, Алла оларға игі істерде жәрдем етіп, қажетсіз істерден аулақ етсін!

Құрметті Ғалым бауырым «салафиттер мазхабтарды теріске шығарады» деген жасанды формулаға (мұны 2009 жылы ҚМДБ қолданысқа енгізді) ілесіп отыр. Бұл салафиттерге таңылған аңыз. Салафиттер, керісінше барлық төрт мазхабты да МОЙЫНДАЙДЫ, бірақ ҚМДБ мұны әдеттегідей құлаққа ілмеуде (Ораздың әдісі).
  
Одан әрі, ҚМДБ шариғатқа мүлде тән емес «тек бір мазхаб» деген жасанды қолданысты енгізді (Жолдыбай әдісі).  Жалпыға аян, мазхабтарға жүйелеу мен жинақтаудың себебі Үмметті жіктеу емес, мұсылмандарды Алланың Елшісінің с.а.с. ақидасында біріктіру болды.

Вы говорите, что признаете мазхабы...

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Murat Suleimenov Ас салям уа алейкум уа рахматулЛахи уа баракятух! Сейчас немного пройдусь по ДУМК, да поможет им Всевышний Аллах в благих делах и удалит от нежелательного! 

Уважаемый брат Галым просто следует искусственной формуле (ее ДУМК ввел в оборот в 2009 году), что якобы салафиты отрицают мазхабы. Это навязанный миф. Салафиты наоборот ПРИЗНАЮТ все четыре мазхаба, но ДУМК это привычно пропускает мимо ушей (метод Ораза).

Далее, ДУМК ввел искусственный оборот «только один мазхаб», (метод Жолдыбая), что совершенно нетипично для шариата, так как общеизвестно, что сама причина систематизации и сведения в мазхабы была в объединении мусульман на акиде Посланника Аллаха с.а.с., а не в разобщении Уммы.

вторник, 12 июля 2016 г.

«Нузул» (түсу) сөзі бойынша Иса Мәсих аспаннан түседі.

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Неше түрлі діни ағымдар көбейген қазіргі  кезеңде өздерін  ахмадилер деп атайтын топ та өз үгіт-насихатын өрістетіп халық арасына өз ықпалын тарату  әрекетін жасауда. Олар аһли сүннет мұсылмандарының  сенім бойынша  Алла Тағала көкке тірі күйінде көтеріп  ақирет күніне таман көктен қайтып түседі деп күтілетін  Иса Масихті (Иисус Мессия) (Алланың сәлемі болсын) өлді деп жариялап оның орнына масих етіп Мирза Ахмад деген кісіні ұсынуда.

Үндістанның  Қадиани қаласында  туып Лахор қаласында  қайтыс болған Мирза Ғұлам деген кісінің мұсылмандар күтіп жүрген Масихтің нақ  өзі  екендігін дәлелдеу үшін ахмади-қадианиттер  қиыннан қиыстырып небір дәлелдер ұсынуда. Төмендегі мақала да  олардың кезекті бір дәлелдері болып табылады. Әлеуметтік желі арқылы таратылған  осы бір мақаланы оқи отырып  оған қатысты өз пікірімді білдірген болатынмын. Мақаланы ықшамдап, ал өз пікірімді еш өзгеріссіз сол қалпында ұсынып отырмын.

понедельник, 11 июля 2016 г.

«Он үштегі отау иесі»

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Жолымбет Мәкіш Орыстар мына суретті «Дети, составляющие супружескую чету» деп беріпті. Жиырмасыншы ғасырдың басында Қызылорда өңірінде түсірілген екен. Қыз он үште, бала он бір жаста.

Бұл жерде зерттеушілер атастырылғандарды айтып отырған сыңайлы. «Он үштегі отау иесі» дегенімен, ерте ұзатылған қыз бала есейгенше енесінің қойнында жатып, екінші анасындай болған енесі оған өз қызындай қараған ғой.

Осылайша бұғанасы қатпаған жас келінді жат жерге әбден бауыр бастырып алған. Біреулер басқаша ойлап қалмасын деп әдейі жазып отырмын. Әйтпесе суреттегі көріністі кейбір кісілердің қаз-қалпы қабылдай салатынын да көріп жүрміз...

Динара Бахтыбай Ой рахмееет, мен осы уақытқа дейін солай ойлап келгенмін... Тух, жүк түскендей болды ғой арқамнан. Ата-бабаларымыздын даналығынан айналдым... 

Акерке Курметкызы Он жаста отау иесі деген осыдан қалған екен ғой...