понедельник, 28 ноября 2016 г.

Қазақтың сөзі Қазақстанда өтпесе басқа қай жерде өтпек?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

«Олжас Сулейменов: Большая мина заложена под Казахстаном, и часы тикают». Состоялся съезд русских, казачьих и славянских организаций Казахстана. Проблемы русского языка в Казахстане, пропорциональное представительство народов Казахстана на государственной службе, а также другие злободневные темы обсудили в Алматы на третьем отчетно-выборном съезде русских, казачьих и славянских организаций Казахстана. ...

Участник собрания из Уральска атаман Анатолий АВИЛОВ отметил, что Конституция не соблюдается – следовательно, не выполняются и наказы Елбасы. «В государственных органах, акимате, прокуратуре, больницах все написано на казахском языке. На обращения, написанные на русском, приходят ответы на казахском языке. Сам я в совершенстве владею государственным языком, отношения между казаками и казахами у нас прекрасные. Но закон есть закон, а он не выполняется»  сказал он.

среда, 16 ноября 2016 г.

Құдайға қараған жол полицейі...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!  

Жолымбет Мәкіш Кешкі кептелісте үйіне қайтып келе жатқан досым МАИ қызметкеріне ұсталып қалыпты. Шыдамы таусылып келесі көшеден бір-ақ шығайын деген оймен сары жолаққа шығып кеткен. Қырсық шалғанда алдынан ала таяқ ербең ете түсіпті.

Содан сақшыға «біратандап» жалынуды бастайды. Анау да бой бермей екеуі біразға дейін тұрса керек. Бір кезде амалы таусылған досым айлаға көшіп: «Жұма намазында атыңды дұғаға қосайын. Алла разылығы үшін жібере сал енді» деген ғой. Сөйтсе, әлгі МАИ қызметкері де құдайға қараған біреу екен: «Атым Талғат» депті ғой, құлағына ақырын ғана...

воскресенье, 13 ноября 2016 г.

Аталарымыз бізге қарағанда надандау болған ба?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Әр заманның адамдары өздерін өткен замандағыларға қарағанда ақылдырақ, білімдірек санайтыны белгілі. Олай болса келер ұрпақ үшін қазіргі «көзі ашық, көкірегі ояу» болып жүрген біздің де надан болып қалатынымызды ұмытпайық.

Меніңше, бұрынғы аталарымыз бізге қарағанда надандау болса да олардың иманы, ар-ұяты молырақ болған сияқты. Олар қанша надан болса да ата-аналық парыздарын адал орындап артында ұрпақ қалдыруды мақсат етті, некелі жарынан бала сүйіп, ұрпақ өсіріп, өндірді.

Қазіргі ақылдары толысып, жетіліп кеткен білімді ұрпақ болса ұрпақ алдындағы парыз-қарыз деген ұғымды жинап қойып, көрінгенмен ұйығып ойнас жасап күнәдан емес баладан қатты сақтануда. Еркегі өз қанынан жаралған ұрпағынан бас тартып оны өлтіруді шыбын өлтіргеннен де оңай санаса, қыз-келіншектер некесіз көтеріп қойған «жоспарда»  жоқ нәрестені дәретханаға бір отырып тастап кететін нәжіспен бірдей көруде.

пятница, 11 ноября 2016 г.

Қыз болып туғаннан асқан бақытсыздық жоқ елдер

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

«Қыз болып туғаннан асқан бақытсыздық жоқ елдер».  Біз орташа статистикалық европалық әйелдердің өз-өзіне сенімді, өзін-өзі қамтамассыз ете алатын тұлға екендігіне үйреніп кеттік. Олар сән бутиктеріне, клубтарға, спортзалдарға, әсемдік салондарына, және ресторандарға барып жүр. Бірақ, осындай жағдайда планетамыздағы әйелдердің тең жартысының тек кемсітіліп қана қоймай зорлық-зомбылыққа, қатігездікке ұшырып жатқанын да ұмытпаған жөн. Планетамызда әйелдердің тіршілігі тозаққа айналған небір сұмдық жерлер бар.

АУҒАНСТАН. Ең әуелі Ауғанстандағы әйелдердің орташа жасының ұзақтығы – 45 жас екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, олардың түгелге жуығы сауатсыз. Жартысынан көбі, дәлірек айтқанда 85% тиісті медициналық көмексіз босанады. Елде босану кезіндегі әйелдер өлімі ең жоғарғы деңгейде.

ИРАК.  Әйелдер үшін Ирак - нағыз сексистік тозақ. Мұнда содырлар секс-жихад практикасын қолданады. Бұл жас, әрі әдемі қыздарды небір интимдік қызметтер көрсетуге шақыру практикасы. Одан бас тартудың арты қыздар үшін жақсылықпен аяқталмайды, соңғы есептеулер бойынша өткен жылдың аяғына дейін бас тартқаны үшін 150 қыз өлтірілген.

воскресенье, 30 октября 2016 г.

Қазаққа ес кіргенде Абай ескіре ме?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!     

Жолымбет Мәкіш Ауладағы шал-шауқандарды аузына қаратып, әңгімені ұрып отыратын бір профессор көршім бар. Қашан көрсең де кәстүм-шалбармен жүреді. Өзін интеллигент санайтын әпенділердің осындай әдеті бар екенін білемін. Сол профессор жаман Абайшыл. Сырттай өзгелерді ақынмен салыстыра сынап жатқанын талай құлағым шалып қалып еді. Бүгін сәкіде баяғы әніне басып отыр екен.

Бұрындары бір ғұлама «құрдастарының атақ-даңқын көре алмайтын кейбір кісілер өздеріне дейінгі данышпандардың дақпыртымен олардың мысын басып отыруға тырысады» деген көрінеді. Бәрібір Абайдай бола алмайсыңдар дегенді кекесінмен меңзегендері. Қазір қайда қарасаң да осындай «данышпандар» қаптап кетті. Шіркіндер, шетінен Абайшыл.

Ұлтының жаман жақтарын ашып айтқан ұлы Абайдың қара сөздері Сәвет үкіметі кезінде өзектірек болатын. Себебі коммунистер «қараңғы» қазақтарға хат танытты емес пе?!  Бұл сол тұста шовиктерге қазақты кемсіте түсу үшін де таптырмайтын тақырып еді.

Өз басым Абайдың қара сөздерінен ұлтшылдық, отаншылдық, мәңгүрттікпен күресу, қазақ тілінің ауыр жағдайы мен полигонға айналған қазақ даласының бүгінгі кейпіне қатысты уақыт талабымен үндесетін бірде-бір өзекті сөзді оқыған емеспін. Өйткені, оның заманы өзге заман болды. Біз қазір басқа да маңызды мәселелері бастан асып жатқан дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әсірефанатизмге айналып бара жатқан осындай әпенділіктен арылу қажет па деймін.

четверг, 14 июля 2016 г.

Сіздер «мазхабты мойындаймыз» дейсіздер...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Murat Suleimenov Ас салям уа алейкум уа рахматулЛахи уа баракятух! Қазір ҚМДБ-ның үстімен бір өтсем бе деймін, Алла оларға игі істерде жәрдем етіп, қажетсіз істерден аулақ етсін!

Құрметті Ғалым бауырым «салафиттер мазхабтарды теріске шығарады» деген жасанды формулаға (мұны 2009 жылы ҚМДБ қолданысқа енгізді) ілесіп отыр. Бұл салафиттерге таңылған аңыз. Салафиттер, керісінше барлық төрт мазхабты да МОЙЫНДАЙДЫ, бірақ ҚМДБ мұны әдеттегідей құлаққа ілмеуде (Ораздың әдісі).
  
Одан әрі, ҚМДБ шариғатқа мүлде тән емес «тек бір мазхаб» деген жасанды қолданысты енгізді (Жолдыбай әдісі).  Жалпыға аян, мазхабтарға жүйелеу мен жинақтаудың себебі Үмметті жіктеу емес, мұсылмандарды Алланың Елшісінің с.а.с. ақидасында біріктіру болды.

Вы говорите, что признаете мазхабы...

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Murat Suleimenov Ас салям уа алейкум уа рахматулЛахи уа баракятух! Сейчас немного пройдусь по ДУМК, да поможет им Всевышний Аллах в благих делах и удалит от нежелательного! 

Уважаемый брат Галым просто следует искусственной формуле (ее ДУМК ввел в оборот в 2009 году), что якобы салафиты отрицают мазхабы. Это навязанный миф. Салафиты наоборот ПРИЗНАЮТ все четыре мазхаба, но ДУМК это привычно пропускает мимо ушей (метод Ораза).

Далее, ДУМК ввел искусственный оборот «только один мазхаб», (метод Жолдыбая), что совершенно нетипично для шариата, так как общеизвестно, что сама причина систематизации и сведения в мазхабы была в объединении мусульман на акиде Посланника Аллаха с.а.с., а не в разобщении Уммы.

вторник, 12 июля 2016 г.

«Нузул» (түсу) сөзі бойынша Иса Мәсих аспаннан түседі.

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Неше түрлі діни ағымдар көбейген қазіргі  кезеңде өздерін  ахмадилер деп атайтын топ та өз үгіт-насихатын өрістетіп халық арасына өз ықпалын тарату  әрекетін жасауда. Олар аһли сүннет мұсылмандарының  сенім бойынша  Алла Тағала көкке тірі күйінде көтеріп  ақирет күніне таман көктен қайтып түседі деп күтілетін  Иса Масихті (Иисус Мессия) (Алланың сәлемі болсын) өлді деп жариялап оның орнына масих етіп Мирза Ахмад деген кісіні ұсынуда.

Үндістанның  Қадиани қаласында  туып Лахор қаласында  қайтыс болған Мирза Ғұлам деген кісінің мұсылмандар күтіп жүрген Масихтің нақ  өзі  екендігін дәлелдеу үшін ахмади-қадианиттер  қиыннан қиыстырып небір дәлелдер ұсынуда. Төмендегі мақала да  олардың кезекті бір дәлелдері болып табылады. Әлеуметтік желі арқылы таратылған  осы бір мақаланы оқи отырып  оған қатысты өз пікірімді білдірген болатынмын. Мақаланы ықшамдап, ал өз пікірімді еш өзгеріссіз сол қалпында ұсынып отырмын.

понедельник, 11 июля 2016 г.

«Он үштегі отау иесі»

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Жолымбет Мәкіш Орыстар мына суретті «Дети, составляющие супружескую чету» деп беріпті. Жиырмасыншы ғасырдың басында Қызылорда өңірінде түсірілген екен. Қыз он үште, бала он бір жаста.

Бұл жерде зерттеушілер атастырылғандарды айтып отырған сыңайлы. «Он үштегі отау иесі» дегенімен, ерте ұзатылған қыз бала есейгенше енесінің қойнында жатып, екінші анасындай болған енесі оған өз қызындай қараған ғой.

Осылайша бұғанасы қатпаған жас келінді жат жерге әбден бауыр бастырып алған. Біреулер басқаша ойлап қалмасын деп әдейі жазып отырмын. Әйтпесе суреттегі көріністі кейбір кісілердің қаз-қалпы қабылдай салатынын да көріп жүрміз...

Динара Бахтыбай Ой рахмееет, мен осы уақытқа дейін солай ойлап келгенмін... Тух, жүк түскендей болды ғой арқамнан. Ата-бабаларымыздын даналығынан айналдым... 

Акерке Курметкызы Он жаста отау иесі деген осыдан қалған екен ғой...

пятница, 8 июля 2016 г.

Гомосексуалистің болашағы жоқ


Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Казакская Орда Фашистердің жақында Киевте гейлерге жасаған шабуылы мен соған байланысты туған желідегі гомофобиялық  комментарилер дауылына байланысты сауат ашу. Әрине, неше ғасырлық  қараңғылық пен 15-жылдық путиннідік үздіксіз насихатпен күресу оңай емес, бірақ жарқын,  прогрессивті  болашақ «халықтарға еркіндік, адамға еркіндік» сөздеріне негізделген.

Ересек адамдардың жеке өмірінде болып жатқан нәрселер  басқа ешкімнің де емес тек солардың өздеріне ғана қатысты нәрсе. Бұл олардың еркіндігі,  олардың  таңдауы. Өзгенің төсегіне тұмсықтарыңды сұқпаңдар. Гейлер сіздерді секспен айналысуға зорламайды, олар өздерін жайларына қалдырғандарыңды ғана қалайды.

Өз құқықтарын қорғау үшін бейбіт шерулер өткізу – бұл кез келген өркениетті елдің азаматтарының конституциялық құқығы. Сізге біржынысты неке ұнамай ма? Онда ондай  некеге тұрмаңдар. Баланың  жетімдер үйінде, немесе маскүнемдер мен нашақорлардың отбасында өмір сүргенінен көрі біржынысты болса да отбасында өмір сүргені жақсы.

четверг, 7 июля 2016 г.

У гомосексуалиста нет будущего

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!
  
Казакская Орда Немного ликбеза в связи с недавними нападениями фашистов на геев в Киеве и последовавшим шквалом гомофобских комментариев в сети. Конечно, нелегко бороться с многовековым наследием мракобесия и 15-летней непрерывной путинской пропагандой, но борьба за светлое и прогрессивное будущее базируется на словах: «Свободу народам! Свободу человеку!».

То, что происходит между взрослыми людьми в их личной жизни, касается лишь этих людей и никого кроме них. Это их свобода и их выбор. Не суйте свой нос в чужие постели. Гей не заставляют вас заниматься с ними сексом, они хотят, чтобы их не трогали.

Проводить мирные шествия в защиту своих прав – это конституционное право граждан любой цивилизованной страны. Не нравятся однополые браки? Не вступайте в них. Лучше ребенок будет жить в семье, даже однополой, чем в детдоме или в семье алкоголиков или наркоманов.

вторник, 5 июля 2016 г.

Сіз неге Ресей үшін соншалықты күйіп-пісесіз?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Manas Naizabekov Петр Порошенко: «ПАСПОРТТЫ ОРЫС ТІЛІНЕН АРЫЛТҚАН ЖӨН». Біз қашан арыламыз осындайдан?

Гаини Бейсалиев Біздің билік  сол Украин сценариін күтіп отырған сияқты!!!

Jandos O'Jorabek Олар орысшаны алып ағылшыншаны  қоймақшы. Қызық емес бізге Украиндер. Олар Ресейден алыстап Американың  қол астына кірмекші. Украинаны  жек көре бастадым соңғы кезде. Демократияны өтірік дәріптеп жүр.

Марат  Сол Петяның бір саяси билігі бар деп ойлаймысың?  Қуыршақ емес пе  ол деген. Олардың көкірегін жарып жүргені бар болғаны   біз бен мына бауырымыз Өзбектің арасындағыдай жағдай.  Өзбек қашанда бізден өзін жоғары санап, жоғары, үстем болғысы келіп әркез қыр көрсетіп жүрсе  Украиндер өздерін Орыстан жоғары санағысы, көрсеткісі келіп әр саққа ұрынып жүр.

Түбінде украиндар өз бауырымен қайта қауышады, ол тек уақыт еншісінде ғана. Сол кезде араға от тастаушылар да, жата кеп қолдаушылар да, біреудің қолымен от көсеушілер де өзгеше сайрап шыға келеді. Тебісер, тістесер, бірақ бауырынан безіп алысқа кетпейді ешкім де ешқашан...

Ашариттер аһли сүннеттен емес пе?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын?

Шейх Ибн Баз: «бидғатты ұстанушы ашариттер  әһли сүннеттен емес».Сұрақ: «ашариттер» тобы әһли-Сүннет пен құтылатын топқа жата ма?». Шейх «Не дейсіз?». Сұраушы: «Ашариттер» тобы әһли-Сүннет пен құтылатын топқа жата ма?». Шейх: «Жоқ! Ашариттер сектасы бидғатшылар.  Олардың бидғаттары өте көп, сондықтан олар Сүннетті ұстанушылардан емес. Олар тек кейбір нәрселерде ғана әһли-Сүннетпен келіседі. Ия, солай»https://www.youtube.com/watch?v=-0eWn0qnipg

Ғалым Бақыткерейұлы Қарап отырсақ салафиттердің пікірінше, ашариттер, сондай-ақ матуридиттер де әһли Сүннеттен емес екен. Осыдан бірнеше ғасыр ғана бұрын пайда болған, өздерін әһли Сүннетпіз дейтін  бұл сектанттарға  кейбір мұсылмандар ешқандай да бір  күмән келтірместен  сенуде. Маған сеніңіз, ақиретке дейін мұндай секталардың әлі  талайы пайда болады, және олардың бәрі де «тек біз ғана әһли Сүннетпіз» дейтін болады.

Осылайша мұсылмандар ақирет күніне дейін, Даджал келгенге дейін сыналатын болады. Егер мұсылмандар осындай әдеттегі жай ғана сектанттардың  фитнасына қарсы тұра алмаса  ертең олар Даджалдың өз келгенде оның  фитнасына қайтіп қарсы тұрмақ? Қазіргі салафиттер сектасына еріп кеткен  мұсылмандар тәрізді табансыз мұсылмандар  ертең Даджалдың да соңынан оңай еріп кететін болады. Олар жақында ғана пайда болып «модаға» айналған сектаны  салафтар іргесін қалаған мазхабтардан артық көріп өз мазхабтарын еш қиналмастан тастап кетуде. 

суббота, 2 июля 2016 г.

Сөзден іске көшетін кез келді

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
   
«Сәләфизм – бұл идеология. Оған жайдан жай тыйым сала алмайсын. Қоғамдық ұйым болса, жауып тастауға болатын еді. Ал идеологияға біз қалайша тыйым саламыз? Әрине, қандай да бір шешімдерді қабылдауға болады. Алайда идеологиямен күресудің ең тиімді жолы ол – оған қарсы басқа идеологияны қою. Біз оған қарсы өз идеологиямызды қарсы қоюымыз қажет. Біздің идеологиямыз – Ханафи мазхабы идеологиясы, толеранттылық идеологиясы, мәдениаралық диалог идеологиясы. Міне, біз осы тұрғыда күрес шараларын жүргізуіміз керек».  М.Әшімбаев. Baq.kz.

Салафизм-ваххабизм фитнасы соңғы жүзжылдықта мұсылман үмметінің ең үлкен бас ауруына айналған өзекті проблема екеніне дау жоқ. Қай елде болмасын ахли сүннет жамағаты арасына іріткі  салып жегідей жеп бара жатқан бұл қозғалыстың  идеологиясы қазіргі таңда діни тұрғыдан алғанда ең өтімді идеология болып тұр. Өйткені,   салафизм идеологиясының  үгіт-насихат жұмысы жақсы жолға қойылып ауқымды түрде атқарылуда.

Бұл идеологияға көптеген шейхтер мен дағуатшылар бірыңғай жұмыс жасап жатыр. Олардың айналысатын  бар істері  белгілі бір мәселелер бойынша қажетті дәлелдер іздеп тауып оны жүйелеп ұсынып отыру. Олардан басшылары тарапынан осы бағытта нақты нәтиже талап етіледі. Өйткені, олар тиісінше материалдық жағдаймен қамтамасыз етіліп олардың  алаңсыз  бірыңғай  өз істерімен айналысуларына барынша мүмкіншілік жасалған. Сондықтан  қарапайым салафиттер өздеріне қажетті ақида мен фиқһ мәселелері бойынша қажетті дәлелдер мен танымдық материалдардан еш таршылық көрмеуде.

пятница, 1 июля 2016 г.

Ұят пен күнә жайында...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Айдос Сарым Ұят, күнә, кінә. Қазақты «ұятшыл» халық дейміз. Ар-ұятты дейміз. Бірақ, осы ар, ұят, күнә, кінә деген сөздердің ара-жігін аша алмай жатамыз. Байқасам, баспасөзде «кінә» деген сөз атымен жойылып барады. Әрі кетсе сотта айтылады, одан қалса әдебиетте. Есесіне «күнә» дегенді көп айтып жүрміз. Себебі түсінікті, уахабиттер талай сайтты құрып салды, насихатын жүргізіп жатыр.

Ең мықты сөзіміз, әрине, «ұят». «Ұят болады», «ұят болмасын» дейміз. «Жұрттан ұят болмасын» дегеніміз екінші ұлттық ұранымыз. Аста-төк, малшашпақ та осы «ұят болмасыннан» туындайды. 

Біз, қазақ, шын мәнінде «ұят мәдениетінің» адамдарымыз. Бізге «кінә мәдениеті» мүлдем жақындамаған сияқты. Мысалы, адам бір қателік жасаса, оны ішінен «кінә» деп түсінсе, онда я кешірім сұрайды, я түзеледі, я күйіктен өледі. Бұл «кінә мәдениеті». «Күнә мәдениеті» де түсінікті: «қателік жасасаң, алдағы уақытта сені Құдай ұрады, тозаққа тастайды» дегеннен туындайды. Бұның да асқан жамандығы жоқ, бірақ кейбіреулер бұны өз мақсаты үшін керемет пайдаланады. 

среда, 29 июня 2016 г.

Ашариты - не из ахли-Сунна?

Во имя Аллаха милостивого, милосердного! 
    
«Шейх Ибн Баз: ашариты - приверженцы нововведений, не из ахли-Сунна». Вопрос: «Группа «ашариты» относится ли к ахли-Сунна и спасенной группе? Шейх: «Что?». Спрашивающий: «Группа «ашариты» относится ли к ахли-Сунна и спасенной группе? Шейх: «Нет! Секта ашаритов являются нововведенцами, У них очень много нововведений, Поэтому они не являются приверженцами Сунны. Они лишь согласились с ахли-Сунна в некоторых вещах. Да»https://www.youtube.com/watch?v=-0eWn0qnipg

Ғалым Бақыткерейұлы  Оказывается, по мнению салафитов ашариты, также и матуридиты не ахлю Сунна. Эти сектанты появивщийся несколько столетий назад выдают себя за ахли сунна и некоторые мусульмане поверили им без каких-либо сомнений. Поверьте, до судного дня еще будут  появляться много таких сект, и все они будут утверждать, что только они являются ахли сунна.

Этим испытываются мусульмане до судного дня, вплоть до появления Даджаль. Если сейчас мусульмане не смогли устоят перед фитной каких-то обычных сектантов, то как они будут противостоят фитне самого Даджаль? Такие мусульмане как нынешние  приверженцы секты салафитов - это будущее приверженцы Даджаль. Они легко оставили мазхабы основанные саляфами, предпочитая какую-то «модную» секту новоявленных сектантов.

вторник, 28 июня 2016 г.

Әруақты сыйлап келген қазақпыз

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Aidos Сарым Уақабиттер мынадай пəлені таратып жатыр екен уотсаппен. Сенім-нанымдары осы болса, оларды қазақ деуге де, мұсылман деуге де болмайды. Осындай бəлені таратқандарды арандатушы деп тауып, жауапқа тарту керек!

Даулеткали Асауов Алаш арыстары: «Біз бірінші қазақпыз, содан кейін ғана барып мұсылманбыз»  деген, сондықтан ұлттық құндылықтарымызды бәрінен жоғары қоюға міндеттіміз!

Нур Итжанов Қазақстан Діни Басқармасы өкілдері мешіттерде бұл нəрсені ширк дейді. Өз құлағыммен естігем. Сұрасаңдар - тек Аллаһтан сұраңдар дейді, табынсаңдар - тек Аллаһқа табыныңдар дейді, кім де кімді риза қылайын десеңдер - тек қана Аллаһты риза қылыңдар дейді, қорықсаңдар - тек қана Аллаһтан қорқыңдар дейді.

воскресенье, 26 июня 2016 г.

Біздің телеарналар кімге қызмет жасап жүр?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Қазақ елі, Алматы қаласы, 2015 ж. Шілденің 21-і күні, таңғы сағат 10.20. Хабар - орыс сериалы - орысша, КТК - орыс сериалы - орысша, НТК - орыс сериалы - орысша, СТВ - орыс сериалы - орысша, Евразия 1 - қазақ бағдарламасы, бірақ орыс титрмен. Қалған телеарналар 70% таза Ресейдікі. Газет пен радио да сондай. Қазақстанда тұратындардың 75% қазақ ұлты, 20% - орыс диаспорасы. Тəуелсіздігімізге 24 жыл. Мұхтар Тайжан, facebook. «Қамшы» сілтейді.

Ғалым Бақыткерейұлы Түрік ықпалын таратады деп түрік сериалдарын тыйды. Оған кеткен қаржыны қазақ сериалдарын түсіруге жұмсаймыз деп кәріс сериалдарын тиюға да сылтау тапты. Жат дінді насихаттайды деп үнді сериалдарына да қарсы науқан басталды. Осылайша орыс фильмдері мен сериалдары өздерінің бар конкуренттерін ысырып тастап экранымызды толықтай иеленіп алды. Ал оларды тиюға еш шара қолданылып жатқан жоқ. Мұны қалай түсінуге болады?

суббота, 25 июня 2016 г.

Миды емес рухты жетілдіру керек

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ахметбек Нұрсила Тажал миды ауыздықтау немесен Ерік жігерді қалай жетілдірі әдісі. Істеймін дегеніңді істеп (ерте тұрам, спортпен айналысам, жоспарланған нәрсені бітіремін), істемеймін деген нәрсеңді істемеу (темекіні тартпаймын, ішімдікті ішпеймін, компта тесіліп отырмаймын, ұрыспаймын, ренжімеймін), немесе Қалайтын нәрсеңді қалау үшін (Я хочу), (Өмірге нақты қажет, пайдалы нәрсені қалау үшін) адам баласын жануардан айырып тұрған мидың префорнтальная кора деген бөлшегін жетілдіру қажет екен!

Күнделікті 5 минут медитация ерік жігерді (сила воли) тәрбиелеуге орасан зор ықпал ететін көрінеді. Миды (яғни өзіңізді) қалай дегеніңе көндіріп, пайдалы істі істетудің нақты әдісін ғалымдар баяғыда тауып қойған екен, біз білмей жүріппіз)))

четверг, 23 июня 2016 г.

Алла көкте ме, әлде Аршыда ма?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

ОҚО найб имамы Қарақұлов Еркебұлан.  «Кімдерді тыңдауға болмайды?».   http://qamshy.kz/home/show/4119

Нуреке Топжар  Ақидасы бөлек болса не болыпты? Олар Алла аспанда дейді. Бұлар барлық жерде дейді. Терроризм жасауға шақырып жүрген жоқ қой. Мынау Еркебұланның уағызында қарапайым халықты алдап қарсылас оппонентке  черный пиар жасау ғана болып тұр. Ұят екен.

Менің ата-апаларым маған «Аллах ол Аспанда» - деп үйретуші еді. Атам айтушы еді «Нуріктайым Аллах аспанда барлық нәрсені көріп және естіп тұрады» деп. Барлық таныстарым, көршілерім, ағайындарым осы «Аллах аспанда» - деген тура сенімде еді... Және де аулымыздың имамдары: «Имам Ағзам Әбу Ханифаның РахимахулЛах жолын және сол кісінің түсінігімен (ақидасымен) жүруіміз қажет» - деуші еді.

Кейіннен елімізге Исламның адасқан «Матрудия» ағымы (сектасы) кіріп келді. «Аллах аспанда!» - деген қазақ халқымның тура дінін өзгертуде. Әбу Ханифаның (Аллах ол кісіге рақым етсін) көрсеткен ахлю сунна жолын Матрудия жолына өзгертуде. Ол аздай дінімізге шиизм, суфизм ақидасымен уланған кейбір кісілерді елге имам қылып, сол кісілерді пір тұтып тыңдауда.

суббота, 11 июня 2016 г.

Жат ағымдар сіз үшін жауап бере ме?


Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Дінге бет бұрыс жасалған тәуелсіздік таңынан бері біздің сөздік қорымыз  «жат ағымдар» деген жаңа сөз тіркесімен толықты. Бұл «жат ағым» ұғымы қазақ халқына  тән емес жат жерлік діни ағымдарға қатысты қолданылады. Осынау ұлтымыздың бірлігіне де, қоғамымыздың  тұрақтылығына  да қауіп төндіретін  жат ағымдардан сақтанудың қажеттілігі  жөнінде халқымызға  ақпарат құралдары арқылы жиі ескертіліп, бұл мәселе мешіттерде талай уағыздың тақырыбына айналуда.

Бірақ, «тоқпағы мықты болса киіз қазық та жерге кіреді» дегендей қолдауы мықты кейбір жат ағымдар  еліміздің бірқатар  өңірлерде қарқынды түрде таралып  кейбір жергілікті намазхандар үшін ол  ағымдар  жат болудан қалып барады. Керісінше, мұндай «қағынын жерінген»  қандастарымыз  үшін  жергілікті  ханафи мазхабы «жат ағымға» айнала бастады.  

Тарихи деректер бойынша 8-10 ғасырлардан бастап Ислам дінін қабылдаған қазақ халқын дүниежүзі халықтары мұсылман ұлт ретінде таныса  мұсылман әлемі үшін  қазақ халқы ханафи мазхабын ұстанатын ұлт ретінде белгілі. Өйткені, қазақ халқы мұсылмандықты қабылдағаннан бері осы ханафи мазхабының ақидасымен иманын түзеп, ханафи мазхабының шариғатымен дін ұстанып, құлшылық етіп келді.

среда, 6 апреля 2016 г.

Орысша білгісі келетіндер неге өздері біліп тыныш отырмайды?

Ахметбек Нұрсила ҚАЗАҚТА КЕМЕҢГЕР ЖАСТАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ. Абай атамыз  «Орыс тілін оқыңыздар. Ол сіздердің көздеріңізді ашады!»  дегеніне келісесіз бе? Осы постқа түрлі жауаптар түсті:

Berdaulet Yensye Абай олай айтпаған шығар бер жағынан айта салған да шығар?  Неге тек орысша, неге ағылшынша, неге түрікше үйренуді айтпады?...

Ерлан Касымбек  Осы біздер не болса да  «Абай атамыз айтқан»  деп  шығамыз. Абай атамыз «есектің көтін жусаңда ақша тап» дегенді де  естігем. Дәл осы сөзді Абай атам айтса, онда ол кісіге риза емеспін. Қандай ұлт болмасын, ана тілінсіз, ұлттық рухсыз, ешқандай жетістікке жете алмайды.

Айжан Албан Абай қазіргі заманда өмір сүрсе «ағылшын тілі мен қытай тілін үйреніңдер» дер еді. Өз басымен ойланатын кемеңгердің не жаманы бар?

Махсат Алпысбес Қай заманда болмасын, адам алдымен өз ұлтының тілін терең оқып білуі тиіс, шамасы келсе содан соң басқа тіл оқысын, өйтпесе өзге ұлттың қызметшісіне айналады!

четверг, 31 марта 2016 г.

Молитва пророка Лота пусть будет и нашей молитвой

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Алла Костина  В последнее время наступят времена тяжкие, вот и наступают. Молитесь за детей, за родных. Без защиты Господа - никак!!!

Boris Pavlov  Алла Костина, И придет оно незаметно, КАК ТАТЬ НОЧЬЮ, все это злые силы собираются, а мы как в театре сидим и думаем, - это не у нас...

Ғалым Бақыткерейұлы  «Вот их брат Лут (Лот) сказал им: «Неужели вы не устрашитесь? Я являюсь посланником к вам, достойным доверия. Бойтесь же Аллаха и повинуйтесь мне. Я не прошу у вас за это вознаграждения, ибо вознаградит меня только Господь миров. Неужели вы будете возлежать с мужчинами из миров, и оставлять ваших жен, которых ваш Господь создал для вас? О нет! Вы являетесь преступным народом».

понедельник, 28 марта 2016 г.

Для феминсток нет умных мужчин

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

«Сегодня в грозненском ЗАГСе был зарегистрирован брак несовершеннолетней Луизы Гойлабиевой и руководителя Ножай-Юртовского РОВД Чечни Нажуда Гучигова.

История с Луизой Гойлабиевой получила широкую огласку после того, как односельчане девушки обратились к журналисту «Новой газеты» Елене Милашиной и рассказали о готовящейся свадьбе 17-летней девушки и начальника отдела внутренних дел Ножай-Юртовского района. Сама Гойлабиева, как сообщалось ранее, отказывалась вступать в брак, однако ее вынуждали это делать.

Ранее уполномоченный по правам ребенка в России Павел Астахов сказал, что браки с несовершеннолетними в Чечне являются нормальными. Он также напомнил, что, согласно Семейному кодексу, в исключительных случаях нижний предел возраста вступающих в брак устанавливается властями региона. В Чечне порог составляет 17 лет, в Башкирии — 14 лет, в Подмосковье — 16 лет».

вторник, 22 марта 2016 г.

Вы хотите фитну?

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Ғалым Бақыткерейұлы  Вы мыслите своим ограниченным умом об Аллахе, который никак не постижим для этого ума. И на двести процент уверены, что вы правы. Вы считаете,  что вам все ясно, а  другие эту истину никак не могут  понять. Этим вы возвеличиваете себя. 

Истину сущности Аллаха может понять только сам Аллах. А когда слушаешь вас такое ошушение, что вы уже познали всю истину об Аллахе, и осталось только донести, объяснить эту истину другим. Да простить вас Аллах!

Обычно объвиняя кого-то в чем-то люди не замечают что сами они такие. Мне кажется, что объвиняющие в глупости и упертости Нурлана имеют те же качество, даже в большей мере. Уровень понимание Нурлана выше. Он мыслит с знанием и логикой. Он сравним студентом, который ведет спор с учениками. Но беда в том, что эти ученики не считают себя учениками, а считают себя профессорами. И упрекают, даже оскорбляют студента  как  профессора.

пятница, 18 марта 2016 г.

Тіл үшін күрес - дін үшін күрес

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ғалым Бақыткерейұлы  Негізі,  «орыстар шовинист» деп тұтас халықты айыптағанымыз дұрыс емес те сияқты, Алланың өзі кешірсін!

Ruza Beisenbai Tegi Орыстардың 80-90 пайызы сондай! Өмір-бақи  2 пайыздан 15 пайызға ғана жететін қандастарымыз тұрған жерде тұрып, олар туралы түйіндеген ойым осы. (Өскемен, соның маңайындағы Алтай кенті). Соңғы  15 жылда ғана қазағы көбірек жерде, Керекуде тұрамын.  Қалада 50 пайызға жетіп қалармыз. Арасында  дұрыстары бар. Бірақ олар сол әрі кетсе 20 пайыз бола ма, жоқ па, күмәнім мол.

Ғалым Бақыткерейұлы «Аққа құдай жақ» деген ғой аталарымыз. Өзіміз ақ болсақ бізге кім не істей алар дейсің. Азсынып жүргенде сол 20 пайызды да қарсы қойып алмасақ екен.

среда, 16 марта 2016 г.

Қазақ әлемінің бір тұғыры – Ислам

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Интернет кеңістігіндегі қазақ тілді бірнеше сайттарда жарияланған  «Олар — Қазақстанды Ресейге қосқысы келетін «қазақтар» деген мақаланы оқу барысында орыс әлемінің «жыртысын жыртып жүрген» Қайрат Байгереевтің  мына бір пікірі ерекше назар аудартты.  

«Орыс әлемінің идеологиясы бірінші кезекте – православия. Яғни, дін.  Кеңес үкіметі православты болатын… Сондықтан да біз - бір кездегі КСРО азаматтары, ұлттық немесе діни ерекшелігімізге қарамастан болмысымыз бір. Біз христиандық құндылықтар жүйесінің өкіліміз».

Орыстар мен  орыс тілді орысшыл өзге ұлттарды біріктіретін орыс әлемі концепциясы  дін, тіл мен мәдениет, және ортақ тарихи жадқа негізделген. Бұлар ғасырлар бойына бірін бірі толықтырып, бірінен бірі өрбіп отыратын  құндылықтар болып келді. Рас, қазір Ресейлік қоғамда  православие дінінің беделі айтарлықтай  төмендеп кетті. Бірақ орыс әлемі концепциясын басшылыққа алған  ұлы орыстық  сана-сезімнің  күш алу барысында православие діні қайта  сұранысқа ие болып үкімет тарапынан да, жалпы халық тарапынан да қолдау көретін болады.

воскресенье, 13 марта 2016 г.

Хиджаб - әйелдік ар-ұяттың қорғаны

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ерганат Алданов‎ BOITUMAR Мұсылман болуды араб болумен шатастырмайық. Біздің қыздарға осылай киінсе жарасып кетер еді. Шынайы дін - ол жүректе.

Нурхан Ибадуллаев Проста красавица...

Лайла Ахан Нағыз қазақ, осылай орамал тағып қамзол кисе, қандай күшті!

Гулара Халмурадова Маңғыстаудың келіндері осылай киінеді.

Бекжамал Ахметова Тіл көзден сақтасын, хордың қызындай қандай сұлу. Осындай жастарды көргенде өмірге сүйсініп кетесің. Менің де келінім осындай болса. Алла тек сендей келіндерге баянды бақыт пен жақсылықты нәсіп еткей!

Ғалым Бақыткерейұлы Ал жабыла сұқтандық, тамсандық, нәпсіміз қозды. Тапқан пайдамыз көздің зинасы ма? Әйелдер өздерінің әурет болып саналатын жерлерін жасырса оның несі жаман? Мен өз қызым мен жұбайыма өзге еркектердің сілекейін шұбыртып сұқтанғанын қаламас едім. Сондықтан олардың шариғатқа сай жабық киінгенін жөн көремін. Менікі дұрыс емес пе сонда? Негізінде дұрыс пен бұрысты ажыратуға көп жағдайда нәпсіміз жібермей қалып жатады... сұқтанып, тамсанып, нәпсімізді қоздырғымыз келіп тұрса дұрыстықты қайтейік...

среда, 9 марта 2016 г.

Бала сату қылмыс па?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! 

«Қазақстан шетелге бала сатудан әлемде үшінші орынға шықты». Қазақстан шетелдіктерге бала сатудан әлем бойынша үшінші орынды алады екен. Қазақ балаларын асырап алуға азулы АҚШ азаматтары құмар. Шамамен бір бүлдіршіннің бағасы 25-30 мың доллар көрінеді. Бүгін шенділер шетел асып кетіп жатқан балдырғандардың құқықтық мәртебелерін айқындауға тырысты. ...

Бала сатудан үшінші орынға табан тіреген Қазақстан бүгінде АҚШ-қа 6 мың бүлдіршінді бере салған. Шет ел асып жатқан қаракөздеріміздің де жағдайы шенділерді алаңдатады. Бас прокуратура елімізде бала асырап алу фактісі кеміп, қайта заңсыз жолмен шарананы саудалау ісінің бірнеше есеге көбейгенін ашына айтуда.

«Баланы саудаға салу, әйелді саудаға салу барып тұрған қылмыс, адамның құқығын таптау. Практикада мұндай қылмыстар кездесіп тұрады. Жылына 2011 жылдан бастап есептегенде заңсыз адам сатқан 20-21 қылмыс тіркеледі»,- деді Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев.

пятница, 4 марта 2016 г.

Егер қазақ жігіттері жаман болса...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! 

Cerjan Husain Қазақтың қыздары Азия бойынша ең сұлу дейді. Демек, жарнаманың ең ұшында қазақ қызы тұр екен. Жапон, кәріс, қытай сияқты елдердегі байлардың ең сұлу қазақ қызыдарынан тоқал алу ойлары бар екен. Әуелі бір мақаласында қазақ қызы өте ақкөңіл деп суреттеген. Үңіле қарасақ қазақ қызы тез сынады деп отыр. Адамның ашуы келеді...

Ғалым Бақыткерейұлы «Мен қазақпын» деп өз ұлтын жанындай сүйген талай қазақ қыздары өзге ұлт жігіттерінің етегінен ұстап кетіп жатыр. Осы жай мені таңғалдырады? Неге??????

«Міндетті түрде елге ораламын».  Бибігүл (кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан қыз): Мен Кореяға мұғалім болып барған қазақтың бір қызымын. Ол жақта қазақ тілін үйрететін университетте жұмыс жасадым. ... Шетелдік студенттерге қазақ тілінен сабақ бердім. ... Мен тек сабақ қана беріп қоймай, қолымнан келгенше  қазақтың салт-дәстүрлерін танытуға тырыстым. Әр сабақ сайын күй, музыка тыңдаттым.  Сенбі, жексенбі күндері үйге қонаққа шақырған кездерім болды.  Бауырсақ, самса пісірдім (Күліп алды). Қазақтың қонақжайлығын таныттым.

вторник, 1 марта 2016 г.

Қасірет шексең өзіңнен...

 Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бұл дүниеде адам баласы пайда мен қызық  іздеп жүріп жүрегін үздіксіз ластаумен болады. Жүректі ластайтын нәрселер дінде күнә деп аталса, күнәлармен  ластанған жүрек ең әуелі күнәларды кешіруші Алла Тағаланың рақымымен тазарады. Солай десек те, жүрек негізінен адамның  құлшылық етуі арқылы ерікті түрде және қасірет арқылы   еріксіз тазартылады.

Күнә жүректің  дерті болса  қасірет сол дерттің бетке шыққан көрінісі. Дертке шалдыққан жүрек қалайда дертінен айығуы тиіс. Сол үшін  Алла Тағала адамнан өзіне құлшылық етуді талап етеді. Құлшылық арқылы  адам өз жүрегін ерікті түрде еселеп тазартатын болады. Ал Аллаға бойұсынбай құлшылықтан бас тартқан адамның да жүрегі  тазарынуы тиіс болса оның жүрегі қасірет шегіп қиналу арқылы еріксіз  тазарынуға мәжбүр болады.

Жанын қинаған қасіреттен құтылар жол іздемейтін адам жоқ. Бірақ көп адамдар қасіреттен құтылудың бірден-бір жолы құлшылық екенін түсінгілері келмейді. Сол себепті де олар  Аллаға бой ұсынудан бас тартып  күнә үстіне күнә жасап, жүректерін   үсті-үстіне ластап, қасірет үстіне қасірет жамай береді  де  тауқыметтен көзі ашпай  жүріп бір күні бұл дүниеден де өтеді. Ал оның әбден ластанған жүрегі қалайда тазарынуы тиіс десек, оны ақиретте күтіп тұрған оттың азабынан артық не тазартуы мүмкін?

воскресенье, 21 февраля 2016 г.

Назарбаев – амир салафитов?

Во имя Аллаха милостивого, милосердного!

Видеоролик:  Шейх Усаймин (да смилуется над ни Аллах) сказал: «Мусульманин должен говорит о хороших поступках своего правителя, и распространят его среди людей, так как это приводит тому, что люди начинают любит своего правителя. Когда же люди любять своего правителя, они с легкостью подчиняются ему.
Однако, некоторые люди поступают наоборот, говорят и распростаняют недостатки правителей и скрывают их положительные качества. Такое поведение являются большой несправедливостью. К примеру, человек распространяет один недостаток правителя, однако забывает о множестве его хороших поступков. Такое поведение есть сама справедливость». («Шарх арбаин ан-нававия»).
Умра президента Казахстана (да хранит его Аллах).
«Мы мусульмане придерживающиеся сунны, т.е. следующие примеру Пророка (мир ему и благословение) и мы не должны сходит с этого пути». Из высказываний президента РК Н.Назарбаева об Исламе.