Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Ахметбек Нұрсила Тажал миды ауыздықтау немесен Ерік жігерді қалай жетілдірі әдісі. Істеймін дегеніңді істеп (ерте тұрам, спортпен айналысам, жоспарланған нәрсені бітіремін), істемеймін деген нәрсеңді істемеу (темекіні тартпаймын, ішімдікті ішпеймін, компта тесіліп отырмаймын, ұрыспаймын, ренжімеймін), немесе Қалайтын нәрсеңді қалау үшін (Я хочу), (Өмірге нақты қажет, пайдалы нәрсені қалау үшін) адам баласын жануардан айырып тұрған мидың префорнтальная кора деген бөлшегін жетілдіру қажет екен!
Күнделікті 5 минут медитация ерік жігерді (сила воли) тәрбиелеуге орасан зор ықпал ететін көрінеді. Миды (яғни өзіңізді) қалай дегеніңе көндіріп, пайдалы істі істетудің нақты әдісін ғалымдар баяғыда тауып қойған екен, біз білмей жүріппіз)))
«Умопомрачительный случай потери силы воли. Насколько важна префронтальная кора для самоконтроля? На этот вопрос можно ответить, если узнать, что бывает, когда ее теряют. Самый знаменитый случай повреждения префронтальной коры головного мозга – история Финеаса Гейджа. И предупреждаю: это кровавая история. Лучше отложите в сторону бутерброд.
В 1848 году Финеас Гейдж в свои 24 года командовал бригадой железнодорожных рабочих. Подчиненные считали его лучшим бригадиром, уважали и любили его. Друзья и семья описывали его как спокойного, уравновешенного человека. Личный врач, Джон Мартин Харлоу, сообщал, что подопечный был силен и телом, и духом, «обладал железной волей и стальными мускулами».
Но все переменилось в среду 13 сентября в 4:30 пополудни. Гейдж с бригадой расчищал взрывчаткой путь для строительства железной дороги между Бѐрлингтоном и Ратлендом в штате Вермонт. Гейдж закладывал заряды. Процедура повторялась уже тысячу раз, но внезапно что-то пошло не так. Взрыв произошел слишком рано, и метровая трамбовка пробила Гейджу череп. Она вошла в левую щеку, пронзила лобные доли и приземлилась в 30 метрах от него, прихватив с собой какое-то количество серого вещества.
Возможно, вы вообразили себе, что Гейджа постигла мгновенная смерть. Но нет, Гейдж не умер. По свидетельствам очевидцев, он даже не вырубился. Рабочие просто посадили его на тачку и дотолкали два километра до таверны, в которой он остановился. Врач аккуратненько залатал Гейджа, вернув на место крупные осколки черепа, собранные с места происшествия, и наложил швы.
На полное физическое выздоровление у Гейджа ушло более двух месяцев (возможно, во многом ему мешали радикальные назначения доктора Харлоу: тот прописал клизмы от грибка, что появился на открытых участках мозга Гейджа). Но к 17 ноября пациент был уже достаточно подлечен, чтобы вернуться к прежней жизни. Гейдж и сам заявлял, будто «чувствовал себя лучше во всех смыслах» и боли его не мучили.
Похоже на счастливый конец. Но Гейджу не повезло: его история на этом не заканчивается. внешние раны зажили, однако в самом мозге творилось странное. По отзывам друзей и коллег, у Гейджа изменился характер. Доктор Харлоу описал перемены в медицинском отчете о последствиях травмы:
Похоже, нарушен баланс… между умственными способностями и животными наклонностями. Он порывист, непочтителен, временами позволяет себе сквернейшие ругательства (чем прежде не отличался), неуважительно обращается с друзьями, не приемлет ограничений и советов, если те противоречат его желаниям… изобретает множество планов на будущее, но тут же теряет к ним интерес…
В этом смысле его разум в корне переменился, настолько явно, что друзья и знакомые заявляют, будто «это уже не Гейдж. Иными словами, вместе с префронтальной корой Гейдж потерял и самоконтроль: силы «Я не буду» и «Я буду». Его железная воля, которая казалась неотъемлемой частью его характера, была разрушена трамбовкой, пролетевшей сквозь череп.
Большинству из нас не приходится опасаться внезапных железнодорожных взрывов, лишающих самоконтроля, но в каждом человеке сидит маленький Финеас Гейдж. Префронтальная кора не столь надежна, как нам бы того хотелось. Некоторые состояния – когда мы пьяны, не выспались или просто рассеянны – подавляют ее и имитируют повреждение мозга, которое получил Гейдж.
Из-за них нам труднее справляться со своими порывами, даже если наше серое вещество все еще благополучно скрыто черепной коробкой. Да, все мы способны делать то, что сложнее, но у нас есть еще и желание поступать с точностью до наоборот. Это побуждение надо сдерживать, но, как мы убедимся, оно живет своим умом». Келли Макгонигал: Сила воли. Как развить и укрепить
Ахметбек Нұрсила Кеше уәде беріп едім, миды қалай қалағыныңша жұмыс істетуге болатыны жайлы жазамын деп. Мынау бастамасы, ары қарай игергенімше материалдарды жариялап отыруға тырысамын. Осы саланы мықты меңгерген Ерлес деген бауырыммен бірге Мастер класстар да өткізсек пе деген ойымыз да бар..
Ержан Хахарманов Рахмет, Ахметбек аға.
Зейнегуль Абдуллаева Рахмет кеңесіңізге, Ахметбек мырза! Халыққа берері өте көп дүние екен.
Ахметбек Нұрсила Бұл постың атын «Тажал ми» емес, «Жалқау ми» деп жазу керек еді. Негізі жалқаулықтың да, еңбекқорлықтың да құпиясы мида жатыр ғой...
Назым Сатиева Ахметбек аға, Даниел Аменнин кітабы жақсы ми жайлы.
Сымбат Хамзина Хамзина Аллах разы болсын сізге!
Ахметбек Нұрсила Рахмет!
Ғалым Бақыткерейұлы Ерік жігерді шыңдаудың ең қарапайым әрі зор сауапты жолы намаз оқу. Бес уақыт намазды өтеп отыру үшін қаншалықты ерік күші керек екенін намаз оқитын адам ғана біледі. Бір ғана таң намазын алайық. Жазғы күні таңғы сағат 3-те кіретін таң намазын оқу үшін жұмыстан қаншалықты шаршап келіп төсекке құлап өліп тұрып ұйықтап жатсаң да ұйқыны жеңіп төсектен тұрасың. «Жат-жатсайшы» деп жалынып тұрған нәпсіңді жеңіп көп жағдайда салқын сумен дәрет аласың.
Сонан соң ұйқымен арпалысып жайнамазда тіке тұрып Құран аяттарын оқисың. Оқығанда да ұйқы басып не оқып тұрғаныңнан жаңылмас үшін барынша зейін қойып оқуға тырысасың. Ұйқының қатты қысатын кездерінде тұрған жеріңде құлай кеткің келеді. Бірақ сен сәждеге барған кезде де қалғып кетпеуге тырысып ширығып сәждеден басыңды көтертпеуге тырысатын ұйқыны жеңе отырып қайта басыңды жерден күшпен аласың. Осылайша таң намазында төрт рет тіке тұрып сегіз рет маңдайыңды жерге тигізіп, кем дегенде бес-он минут ұйқымен арпалысумен боласың. Және бұл тек бір-ақ рет емес күнде-күнде қайталанатын жай.
Ал мешітке барып намаз оқитын жандардың жайы мүлде қиын. Жұрт тәтті ұйқыда жатып тіпті үй ішіндегі дәретханаға баруға да ерініп жатқан кезде түн қараңғысында мешітке барып онда отырып жамағаттың жиналғанын күтіп, намазыңды бітіріп үйге қайтқанша кем дегенде 1 сағат өтеді.
Бұл тек таң намазында болатын жай. Ал қарбаласы көп күндіз бар шаруаңды ысырып қойып, қызықтап отырған нәрселеріңді тастап, қымбат уақытыңды қиып жайнамазға тұрып асықпай алаңдамай намаз оқу үшін қаншалықты күш жігер керек. Өз нәпсіңді, тәтті ұйқыңды жеңе отырып кем дегенде бес уақытта атқарылатын осы амалдар ерік жігерді қаншалықты шыңдайтынын бағамдай бер.
Оны үстіне осы амалдарың үшін Алла тағала қанша сауап жазатынын ескерсек намаздың адам үшін қаншалықты пайдалы екенін ойлай бер. Білуші де қамқор Алла Тағала есепсіз пайданы бір намаздың ішіне ғана сидырып оны адамға парыз етіп ұсынғанда одан артық пайдалы әдіс амал іздеудің қажеті не? Бар жақсылық Алладан, және амал ниетке байланысты. Ниет басқа болған амалдарды Алла Тағала қабылдамаса олардан не пайда. Бар еңбек зая кетті деген сол емес пе?
Назгул Толеген Жақсы болды жалқау миды істету керек маған. Сіздей батыл ағалардан.
Ғалым Бақыткерейұлы Ойлау қабілеті адамның миының қызметі емес, оның рухының қызметі. Адам өліп оның рухы тәннен бөлінген соң да ойлау қабілетінің жойылмауы осының дәлелі. Рухқа тән ойлау қабілеті ми арқылы өткен кезде оған тұсауға түседі. Өйткені, мидың міндеті рухтың қабілетін материальдық әлемге лайықтап оны сөйлеу, көру, есту, сезіну тәрізді түрлі функцияларға айналдыру.
Материальдық әлемнің заңдылықтарына сай рухтың қызметін ми арқылы толық жеткізу мүмкін емес. Сондықтан ми рухқа тиесілі түрлі қасиеттерді, ауқымды ойлау қабілетін тежеушілік, шектеушілік қызмет атқарады. Және ол әр адамның ерекшеліктеріне сай түрлі деңгейде болады. Миды жаттықтыру арқылы, түрлі тәсілдер арқылы оның мүмкіншілігін белгілі бір шамада арттыруға болады. Ол кезде ми рухқа тән ойлау қабілетін, рухқа тән түрлі қасиеттерді өзі арқылы көбірік өткізе бастайтын болады. Бірақ, оның да өз шегі бар. Өйткені, физикалық әлемнің заңдылықтары қатаң шектелген.
Адам рухтың қабілетін толық сезіну үшін оған тәннен ажырап шығу қажет болады. Осы бағытта адамзат көне замандардан бері тәннен ажыраудың небір техникаларын дамытуға тырысып бағуда. Өмірдің мәнін дұрыс түсінбеген небір адамдар Алла нәсіп еткен қысқа ғана сынақ ғұмырларын қажетсіз нәрселерге сарып етіп өздерінің адасқандарымен қоймай өзгелерді де адастырып жіберді
.
Енді Гейдждің жағдайына келер болсақ оның миының белгілі бір аудандарына зақым келгендіктен сол аудандар арқылы көрініс табатын рухтың қасиеттері тежеліп қалды. Сол себепті де ол өзінде бұрын болған кейбір қасиеттерінен айрылып қалды. Адамның ойлау қабілетін, оның басқа да қасиеттерін тек мидың қызметімен ғана шектейтін материалистік көзқарасты ұстанатын адамдарды керемет таңғалдырып, оларды тұйыққа тіреп тастайтын мидың бар «құпиясы» осы ғана.
Ахметбек Нұрсила Ғалым сізбен келісе алмаймын. Әлемдегі жүздеген ғалымдардың еңбегін жоққа шығара алмаймын өз басым. Ғылымға сенбесек, космосты та меңгере алмас едік, адамдарды да қазірге деңгейде емдей алмас едік...
Назгул Толеген Ахметбек аға, мен сізге қосыламын...
Ғалым Бақыткерейұлы Мәселе қандай ғалымдарды таңдауда ғой...
«...Можно было бы привести множество примеров, связанных с внетелесным опытом и людьми, пытающимися его постичь, но хочу закончить одним конкретным, весьма весомым примером, который, возможно, заставит поверить в бессмертие души тех, кто способен и внутренне готов в него поверить. Тех же, кто не готов, возможно, может переубедить только их собственный опыт, как это случилось с Эбеном Александером (Dr. Eben Alexander).
Его история вызвала в научных кругах много споров и дискуссий, поскольку околосмертный опыт, неожиданно для себя самого, испытал не простой обыватель, а профессор, преподававший на медицинском факультете Гарвардского университета (Harvard Medical School) и в других университетах, нейрохирург с 25-летним стажем, имеющий дело с человеческим мозгом, убежденный материалист, «по долгу профессии» напрочь не веривший в саму возможность существования жизни после смерти...
Тяжелая болезнь мозга привела его к коме. Он пролежал в ней 7 дней. Все это время его мозг не функционировал — энцефалограф вычерчивал прямую линию. Следовательно, о галлюцинациях, якобы возникающих в таких ситуациях, на которые пытаются списать «видения» умирающих, не могло быть и речи.
Из комы он вышел совсем другой личностью и счел нужным сообщить об этом во всеуслышание. «Я по-прежнему врач и человек науки. Но на глубинном уровне я очень отличаюсь от того человека, которым был раньше, потому что я увидел новую реальность», — говорит Александер.
О том, что именно он увидел и где побывал, находясь между жизнью и смертью, и как после этого буквально перевернулись все его представления о себе и о мире, Александер написал книгу, вышедшую в США несколько месяцев назад с красноречивым названием: «Доказательство рая: путешествие нейрохирурга в загробную жизнь» (Eben Alexander “Proof of Heaven: A Neurosurgeon’s Journey into the Afterlife”).
Александер уверен, что побывал в другой Вселенной, еще более необъятной, чем наша, где ему дали понять, что человек — много большее, чем то, что мы о себе знаем, что смерть — не конец сознательного существования, а лишь звено в бесконечной цепи.
— Как нейрохирург, я не верил в феномен «послесмертного» опыта, — описывая свое путешествие в «загробный мир», рассказывал Александер в интервью журналу Newsweek. — Будучи сыном нейрохирурга, я рос в научном мире. Я последовал примеру отца и стал академическим нейрохирургом...
Я понимаю, что происходит с мозгом, когда люди находятся на грани смерти, и я всегда считал, что путешествия за границами собственного тела, которые описывают те, кому удалось избежать смерти, имеют вполне научное объяснение...
Я глубоко сочувствовал тем, кто верил, что где-то там есть Бог, который истинно любит нас. На самом деле, я завидовал тому чувству безопасности, которое давала этим людям их вера, ведь сам-то я, как ученый, не верил, а просто знал. Тем не менее, после семи дней в коме, в течение которых кора моего головного мозга не функционировала, я испытал нечто настолько глубокое, что оно дало мне научные основания уверовать в жизнь после смерти». «Жизнь после смерти – научные исследования». Элеонора Мандалян.
Ғалым Бақыткерейұлы Әрине, әркім де өзі қалаған миды ауыздықтау немесе ерік жігерді жетілдіру әдістерімен әуестеніп көреді. Бірақ, олардың 99 пайызы тез арада-ақ одан жалығып, оның бос әурешілік екеніне көздері жетіп ондай әдістерді жайына қалдырады. Ал белгілі бір жетістіктерге қол жеткізіп оны мықтап қолға алған 1 пайызының өздері да ерте ме кеш пе ондай әдістерден көңілдері қалатын болады.
Өйткені, миды емес рухты жетілдіру керек. Такаппарлықпен, пендешіліктермен уланған рух техникалық әдістермен емес тәубемен, құлшылықпен ғана тазарады, яғни жетіледі. Осы бір қарапайым ғана шындықты түсіну үшін жеті қыр асып келу керек пе екен?
Бакытжан Кадыракынов Негізі ми жалқау болмайды, керісінше ең жүйрік, ең пысық бөлігі деген дұрыс, ал жалқаулық геннен, ішімдіктен жұғатын шығар,,,,
Ахметбек Нұрсила Бақытжан, жалқау адамдар бар ма? Олар неге жалқау? Адамның қай мүшесі оған жауапты? Аяғы ма? Шашы ма? Көзі ме? Құлағы ма? Барлық пәле мида! Сол миды зерттеу керек. Неге екенін білу керек те оны тәрбиелеу керек. Все элементарно, Ватсон!
Ахметбек Нұрсила Ғалым, сіздің айтуыңыз бойынша әлемде қаншама техникалық, медициналық, адам ағзасын, болмысын зерттейтін институттар, оларда жүздеген мың оқымысты ғалымдар бар. Солардың бәрін жауып қою керек ау... Адамның саналы не санасыз болмағы мидан. Адамның басқа тірі жан иелерінен артық болмағы мидан. Тәубешіл болуы не қорқау болуы мидан. Мидың құрылысын, табиғатын зертейтін ғалымдар. Миға операция да жасайтын, түзейтін ғалымдар Медик ғалымдар.
Ғалым Бақыткерейұлы Сізге қарапайым ғана мысал келтірейін, аруаққа сенбейтін қазақ аз. Егер адамның ойлау қабілеті, бар қасиеті тек қана мидың қызметі болса сонда адамның рухына не қалады? Сонда сіз адамның рухы жоқ демексіз бе? Негізінде, адам өлген соң оның миы топыраққа айналады, бірақ оның бар қабілет-қасиеті оның рухында сақталады. Демек, адамның ойлау қабілеті мен қасиеттері мисыз да жүзеге асады.
Ми қазір бар да ертең жоқ болатын топырақ, ал ой қабілеті мен басқа рухани қасиеттер жаратылыс жойылмай жойылмайды. Осы қарапайым ғана шындықты мойындамайтын әлемдегі жүздеген мың оқымысты ғалымдар сан-салалы жалған ғылым-білім тудырып соларды дамытып әуреге қалып жүрсе оларға не деуге болады? Ақиқат жолы біреу болса, адасудың жолдары сансыз. Ал ақиқатты Алла біле ме әлде ақиретті мойындамайтын материалист жүздеген мың оқымысты ғалым-медиктер біле ме?
Адамның ой қабілеті мидың қызметіне баланысты деген пікір рухты жоққа шығарады. Рухты жоққа шығару болса ақиретті жоққа шығарады. Ал ақиретті жоққа шығару Алланы жоққа шығарады. Мәселенің мәнісін түсініңіз. Миды дәріптеу арқылы материалистік-атеистік дүниетаным насихатталуда.
30 шілде – 13 тамыз 2015 жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий