пятница, 8 июля 2022 г.

Жұмақтан үй салу

                                                        الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

 

Almas Діншілдеу көршім бар. Бірде «әрбір сауапты ісің үшін Алла тағала жұмақтағы үйіңе бір кірпіштен қалап отырады екен» дейді. Оны көрген сайын «үйің бітейін деді ме?» деп сұрайтын болдым. 

 

Назира Осындағы үйді сала алмай жүргенде енді сол жақтағы үйді салайық.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Бітпей қалса Алла тағала бітіріп береді. Біреудің үйі емес жұмақтағы өз үйіңіз уайым болсын.

 

Bauka Жігіттер, ЮМОР деген бар ғой. Бəрін трагично қабылдай бермесеңдерші.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Алланың, Пайғамбардың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне әзіл жүрмейді... Әзілмен ақталып небір сұмдықтарды айтуға болады.

 

Almas Айып болмасын, просто бір сауапқа бір кірпіш болса, төбесін жабу мен чистовойға қанша екен деген ой туады да... 

 

Ғалым Бақыткерейұлы «Мешітке қарай басқан әр қадамыңа бір сауаптан жазылады» деген хадис бар. Бір километр жердегі мешітке жаяу барсаңыз сол сауапқа кемі екі мың кірпіш аласың, оның үстіне премия да жазылуым үмкін. Солай есептей беріңіз...

Сонда орысқа не қалады?

                                                     الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді,  рақымды Алланың атымен бастаймын! 

                     

Сегізбай Ертедегі орыстардағы əскери сөздердің көбінің арғы жағы «Алтын Орда» кезеңінде қабылданған қазақ сөздері. Мысалы, сол кездерде қазақтар «ұр», «ұр рə» деп шабуылдаған. Сол «ұр», «ұр рə» сөзінен ура шыққан. «Субординация» - əскери шенге қарай бағыну да аты айтып тұрғандай «ордадан» қабылданған. Шыңғысхан кезінде ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, он мыңдыққа бөлген. Оң қол, орта, сол қол деп үш жүзге болген.

 

«Жоңғар» деген сөз де «зунғар», «ұзынғар», яғни қолдың қарына байланысты шыққан сөз. Қазақтың төл сөздерін қазақтікі емес деп оттайтындар да бар. Мысалы «черный беркут» деген түрік сөзі деп жазғандар болды. Бүркіт қазақтың «бүру» сөзінен шыққан екені көрініп тұр. Қазақтың «шежіре» сөзі арабтың «шаджарат» сөзінен шықты деп қуатындар да бар. Сол арабтарың 7 атасын да білмейді ғой.

Ауызды үш рет шаю құлшылық амал

                                                        الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

 

Азамат Ауызды 3 рет шайған пайдалы ма, әлде тіс пастасымен ысқан дұрыс па?

 

Galym Baqytkereiuly Сіз дәрет алудағы үш рет ауыз шаю жайында айтып отырсаңыз, онда оның мәнісін түсіну керек. Біз Алланың ризалығы үшін дәрет алуға ниет қойып оны «Бисмиллях» деп Алланың атымен бастағанда бұл жай ғана жуыну емес, бұл құлшылық амалға айналады. Соған сәйкес сол арқылы да күнәлар өтелетін болады. Мысалы, дәрет алғанда қай мүшені жусаң, сол арқылы сол мүше арқылы жасаған күнәларың шайылады. Бұл жөнінде айтылған бірталай хадистер бар.

 

Әбу Хурайра жеткізеді: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мұсылман, немесе мүмін дәрет (тахарат) алған кезде бетін жуа отырып дәрет суымен, немесе сол судың  соңғы тамшыларымен көзі арқылы жасаған күналарын жуып тазартады. Қолын жуа отырып  дәрет суымен, немесе сол судың  соңғы тамшыларымен қолы арқылы жасаған күнәларын жуып тазартады. Аяғын жуа отырып дәрет суымен, немесе сол судың  соңғы тамшыларымен аяғы арқылы жасаған күнәларын жуып тазартады. Солай адам барлық күнәларынан тазарады. (Муслим, «Тахарат» 32; Тирмизи, «Тахарат» 2/2).

Жапон солдаттарының қайсарлықтары

                                                        الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Жауынгер. Хироо Онода (суретте оң жақта) – Жапон империясы қарулы күштерінің әскери барлауының кіші лейтенанты. Ол 1944 жылдың желтоқсан айында жау тылында диверсиялық операцияларды жасау үшін арнайы топтың командирі ретінде Филиппин аралдары Лубангке жіберілді. Аттанар  алдында жас офицер өзінің командирі, генерал-лейтенант  Сидзуо Ёкоямадан мынадай  бұйырық алды:

«Өзіңді өзің өлтіруге қатаң тиым салынады! 3-5 жыл шыдауға тырыс. Мен міндетті түрде сені іздеп барамын. Жалғыз солдатың тірі қалса да күресті тоқтатпа, тіпті пальма жемісімен қоректенуге тура келсе де. Қайталап айтамын, өзіңді өзің өлтіруге қатаң тиым салынады!».

Лубанг аралына жеткен соң Онода аралдың жапон басшылығына  ұзақ қорғанысқа дайындықты бастауға ұсыныс жасады. Алайда оның бұл ұсынысы назарға алынбады. Соның салдарынан АҚШ әскері жапондарды еш қиындықсыз талқандап жас барлаушы өз отрядымен тауға қашуға мәжбүр болды. Онода джунглиде база құрып өзінің қарамағындағылар: бірінші сыныпты қатардағы жауынгер Юити Акацу, жоғарғы сыныпты қатардағы жауынгер Кинсити Кодзука, және капрал Сёити Симадамен жау тылында партизандық соғыс жүргізе бастады.

91 тобы несімен қауіпті?

                                                               الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ғалым Бақыткерейұлы Менің байқауымша біраз қыздарымыз әйелдерге еліктейтін 91 тобының жігіттеріне естері кетіп жүр екен... Бұл несімен қауіпті? Ертең олардан туған балалар да солар сияқты әйел кейіптес болып туылуы мүмкін. Өйткені, осындай жігіттерді ұнату арқылы қыздар балаларым солар сияқты болса екен деген түйсік деңгейіндегі күшті тілекте болады. Ал бізде мұндай қыздар өте көп екен. Ертең осы қыздардан туған балалар еркек сияқты емес, қыз сияқты болып туылып, гей болуға бейім тұратын болса бұл сұмдық емес пе?

Дүниежүзілік үрдіс бойынша бұлардың ұстанатын бағыттары сатанизм, ЛБГТ, гей жарнамасының бағыты. Қазір Қазақстандағы мұндай бағытты ұстанушылар өз бет-бейнелерін ашықтан ашық көрсетуге қоғамдық пікірден қорқады. Бірақ шетелдегі осы бағыттағылардың іс-әрекеттеріне қарасаң бұлардың сатанизм, гей насихаты бағытындағы топ екендігіне көзің жетеді.

Хиджаб киген қыз қытайға қатын болмайды

                                                       الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

     

«Қазақстандық бойжеткендерге жылдық табысы 90 мың доллардан кем емес қытай ер-азаматтарына тұрмысқа шығу ұсынылды! ... Он бес қытай кеп кілең 18 жасар қазақ қыздарын іздейді екен. Сосын шертіп жүріп, ішінен ең сұлуын таңдайды екен. ...Агенттік өкілінің хабарлауынша, ақпан айында 15 қытай күйеу жігіті Астанаға төрт күнге келмек, олар болашақ қалыңдықтармен көзбе-көз кездесу үшін келе жатыр екен. «Іріктеуге» қатысудың құны – агенттік клиенттері үшін 15 000 теңге, ал клиенттері еместерге – 25 мың теңге». «Қазақ үні».

 

Galym Baqytkereiuly Дін, мешіт, намаз, хиджаб десе шошынатын қазақтар бір нәрсені түсінбей-ақ қойды. Намаз оқитын мұсылманның хиджаб киген бір де бір қызы қытайдың бай жігіттеріне ақша үшін қатын болмақ түгел өзге мұсылман ұлтының жігіттеріне қолын да ұстатпайды. Егер қазақтың бәрі Аллаға бой ұсынып мұсылмандықты ұстанғанда кім көрінген қыздарымызды тауар ретінде өзгелерге ұсынып сол арқылы ақша тауып баюды ойламас еді.

Орысшыл болудың да шегі бар...

                                                              الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
 
Азимбай  Орысшыл қазаққа күштің бәрі орыста, әділдіктің бәрі орыста болып көрінер, бірақ Ресейдің дәп қазір Украинаға шамасы жетпейді. Украина Батыстан көмек алып жатыр. Енді Ресей Украинадағы соғыстан абыроймен шыға алмас... Ресей Батыс қауымдастықтан экомикалық және финанстық шектеу санкциялар алды.
 
Ғалым Бақыткерейұлы Украина оңтүстік шығысындағы Луганск мен Донецк деген екі облыста Ресей агрессиясына тойтарыс беру арқылы Ресейдің де, орыстардың да, соның ішінде қазақстандық орыстардың да сепаратизмге деген көңілдерін су сепкендей басып тастады. Осы екі облыстың соғыстан күйзелген жай-күйіне қараған біздің орыстар да ақылға келіп бүлік шығарудан өздеріне түк пайда жоқ екендігін бағамдай бастады.

Бұл дүниеде есепсіз жатқан рахат жоқ

 

                                                                   الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ


Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ғалым Бақыткерейұлы Адал еңбек, маңдай терімен нанын тауып жүрген қыз... Қыз балаға лайықты емес ауыр жұмыс істеп жатса да бұл қыз Алла тағаланың алдында тәнін сатып арам табыс тауып жүрген сылқымдардан қадірлі болады. Ақирет тұрғысынан алғанда қабырғасы қайысып қара жұмыс істеп жатқан мына қызды емес, бойын күтіп сыланып, сипанып «клиент» қабылдап, одан он есе артық ақша тауып жүрген қыздарды аяған дұрыс...
 
Даяна Менің бала кезімнен санамда қалған түсінік «қыз бала келешек ана». Бұлай бекер айтылмаса керек, жер бетіндегі бар тіршілік Күннің Шуағынан таралса Адамзат Ананың махаббатынан жаралған!. Сондықтан ерлерді күшті, ал қыздарды әлсіз деп қарайтын болсақ, онда қателесеміз.

четверг, 7 июля 2022 г.

Орамал - қыздарымыз үшін тақуалықтың шыңы

                                             الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ   
                                
Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

 
Биылғы оқу жылы да басталды, сонымен бірге былтырғы оқу жылында біраз шу болған орамал дауы жаңа қарқынмен қайта басталды. Былтыр Ақтөбе облысы бойынша 22 оқушы қыз Ата заңымызды аяққа басқан Білім министірлігінің жеке дара шешімі бойынша мектепке кіре алмай өздерінің Ата заң бойынша бекітілген білім алуға деген азаматтық құқығын пайдалана алмады.
 
Осы орайда орамал таққаны үшін соншалықты қысым көріп білім ордаларынан шеттетіліп, тіпті кейбір жағдайда мектептен тәртіп сақшылары арқылы шығарылатындай  бұл қыздарымыз кімдердің «егініне түсті» екен деген таңғалыс туындайды. Бұл сұраққа жауап іздей отырып мына бір Ресейлік Балалар денсаулығы ғылыми орталығының (Научный центр здоровья детей, НЦЗД) келтірген деректеріне назар аударалық.

Біздің де айтар өз сөзіміз болуы тиіс

                                    الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ                 

Мейрімді рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ғалым Бақыткерейұлы Осы қазақта бір мінез бар, біреуден көңілі қалса оның қарсыластарын мақтап соның «ыстық құшағын»  аңсап тұрады. Мысалға, түріктерді жамандаймын деп орыстардың жарнамасын қатырып жібереді. Түріктердің дін ұстанғанына қарап діннен түңілу біржақтылық. Бізге түріктік таным да, арабтық таным да қажет емес. Біз, қазақтар, дінді өз түсінігімізбен сараптап, дін ақиқатын өз танымымызбен, өз үлгімізбен танытуға қабілеттіміз.
 
Біз Құран мен Сүннетті басшылыққа ала отырып салафиттік те емес, сопылық та емес осы екіортадан шынайы Ислами таным қалыптастыруға тиіспіз. Бұл жолда бізге түріктердің де, орыстардың да империялық ықпалы қажет емес. Біздің де дін тақырыбында айтар өз сөзіміз, өз жолымыз, өз үлгіміз болуы тиіс. Ин шаа Аллаһ! Болады да!