воскресенье, 3 мая 2015 г.

Мәмбеттік кімге болса да тән

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Бір мақалаға жазылып толықтырылған  түсіндірме  

Мәмбеттік – адам баласына тән кемелсіздіктің қазақ стиліндегі бір көрінісі. Жан кемелсіздігі кімге  болса да тән, олай болса әрбір адам да белгілі бір шамада мәмбет болып табылады. Сол себепті    мәмбеттіктің өз стилінде, өз бояуымен, және өз атауымен  әр ұлтта да көрініс табатыны  еш күмәнсіз.

Біз қашанда өзгелерді кіналауға дайын тұрамыз да өз кінамызды байқай бермейміз. Сіз «қазақ-мәмбеттер» дейсіз, бұл болса шын мәнінде жеккөрушілік сөзі. Бұл сөз арқылы іштегі жеккөрініш сезімі көрініс табады. Сол себепті де ол мәмбеттер сіздің  жеккөрінішіңізді  ішкі түйсікпен сезініп сізге де сондай жеккөрушілікпен  жауап қайтарды.

Жеккөрушілікке жауап әрекет қандай да бір дөрекі сөз, немесе қорлаушылық қылық арқылы көрініс табуы мүмкін. Негізінде,  егер белгілі бір кісілер маған қатысты жағымсыз әрекеттер жасайтын болса, онда оған ең әуелі менің өзім кінәлі боламын. Өйткені, бұл ішкі дүниемде менің де  солар тәрізді екендігімді  білдіреді. Өзгелердің саған деген қарым-қатынасы қашанда сенің жан дүниеңнің  сол сәттегі шынай күйін білдіреді. Сондықтан да ақылды адамдар қашанда кінәні өзгеден емес өзінен іздейді.

Егер мен біреуді жеккөрінішпен мәмбет, немесе  басқа атаумен атасам, бұл менің ішкі дүниемде өзімнің де сондай екендігімді білдіреді. Және жан дүниемде мұндай мәмбеттік неғұрлым  көп болған сайын мен де солғұрлым өзге мәмбеттерге қаттырақ қарайтын боламын. Өйткені, Ньютонның үшінші заңы бойынша әрекет қарсы әрекетке тең болады.

Сондықтан да біреулерді жеккөрінішпен  мәмбет деп атамаған жөн. Оның үстіне оларды түзетуге тырысудың да қажеті жоқ. Бұл дұрыс жол емес. Адам бірінші кезекте өзін түзетуге тырысуы қажет. Өйткені, біздің өзімізде негатив деген жетіп артылады, тек біз оны байқай бермейміз, немесе  оны өзге түгел өзіміздің алдымызды да  мойындағымыз келмейді.

Жан дүниеңдегі негатив өзгелердің кемшіліктеріне деген жеккөрініш пен өшпенділік түрінде көрініс табады. Сіздің жағдайыңызда ол өзгелердің мәмбеттіктеріне қатысты көрініс табуда. Негатив қашанда негативті тартады. Сол себепті де сіздегі негатив сізді сондай жандармен қақтығысуға әкеледі. Сондықтан да ондай адамдардан жапа шеккіңіз келмесе бірінші кезекте өз жан дүниеңіздегі негативтен  құтылыңыз.

Сіз қашан көргенсіз мәмбеттерге қатысты негативтен  құтылмайынша, ондай мәмбеттерден ешқашан да құтыла алмайсыз. Ондай  мәмбеттер өмір бойына соңыңыздан қалмайтын болады.  Сіз тіпті, мұхит асып кетсеңіз де сізге олардан құтылу мүмкін емес. Олар барлық жерде де, барлық халықтардың арасында да  бар. Ол мәмбеттерді сіздің жан дүниеңіздегі   негатив  магнит  тәрізді тартатын болады. Оларды мәмбет ретінде сіздің өзіңіз тартасыз.

Егер сіз жан дүниеңізде позитивтің  көп болғанын, маңайыңызда мәмбеттердің аз болғанын қаласаңыз, онда сізге жан дүниеңізді тазарту қажет болады.  Сонда сіздің айналаңыздағы адамдар да тазара бастайды. Бірінші кезекте сізге жақын адамдар тазаратын болады. Сіздің жағдайыңызда егер сіз тазара бастасаңыз сіздің туғандарыңыз, солардың ішінде қандастарыңыз  «қазақ-мәмбеттер» де тазарына бастайды.

Сіз ол «қазақ-мәмбеттерден» бойыңызды қанша аулақ салуға тырыссаңыз да бәрібір олармен бір қосақтасыз. Өйткені, сіз де қазақсыз. Ал геніңізді өзгерту мүмкін емес. Өзге түр, өзге стиль,  өзге бетперде арқылы   бүркемеленуге болады. Бірақ, ол бар болғаны  алдау болады, ол бірінші кезекте өзіңді-өзің алдау.

Сондықтан да сіз егер қандас мәмбет бауырларыңа жақсылық тілесеңіз, онда өз жан дүниеңізді тазартыңыз. Тіпті, оларға ешқандай  жақсылық қаламасаңыз да, өзіңіз үшін тырысыңыз. Өйткені, жан дүниеңізді тазартпайынша сіз ондай мәмбеттерден ешқайда қашып құтыла алмайсыз. Олай болса, ең болмағанда өзіңізді аяңыз!

31.10.13. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий