Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Әлбетте, қиямет келеді. Оған күмән жоқ. Құран Кәрім. Хаж 22:7
Адамдар оған сенсе де, сенбесе де, қаласа да, қаламаса да қиямет күні сөзсіз келеді. Өйткені, бұл Алланың уәдесі.
«Алла пайғамбарларына берген уәдесінен таяды деп ойлама. Шәксіз, Алла өте үстем, өш алу күшіне ие. Құран Кәрім. Ибрахим 14:47.
Біреулер «құдай жоқ» деп Алланы мойындағылары келмейді. Онымен қоймай олар құдайдың жоқ екендігін дәлелдеуге тырысып адамдарды Аллаға сенбеуге шақыруда. Енді біреулер Аллаға ғана құлшылық етуден бас тартып періштелер мен жындарға, аруақтар мен адамдарға, басқа да небір жансыз пұттарға құлшылық етіп қыңырлық танытуда.
Адамдар оған сенсе де, сенбесе де, қаласа да, қаламаса да қиямет күні сөзсіз келеді. Өйткені, бұл Алланың уәдесі.
«Алла пайғамбарларына берген уәдесінен таяды деп ойлама. Шәксіз, Алла өте үстем, өш алу күшіне ие. Құран Кәрім. Ибрахим 14:47.
Біреулер «құдай жоқ» деп Алланы мойындағылары келмейді. Онымен қоймай олар құдайдың жоқ екендігін дәлелдеуге тырысып адамдарды Аллаға сенбеуге шақыруда. Енді біреулер Аллаға ғана құлшылық етуден бас тартып періштелер мен жындарға, аруақтар мен адамдарға, басқа да небір жансыз пұттарға құлшылық етіп қыңырлық танытуда.
Біреулер Алла парыз еткен амалдарды орындағылары келмейді. Онымен қоймай олар Алла Тағала тиым салған істерге құлшынып Оның үкімдеріне қарсы келуде. Енді біреулер жазықсыз жандардың қандарын төгіп небір жауыздықтарды жасап жүрсе, енді біреулер өздерінің азғындағандарымен қоймай өзгелерді де азғырып халықты бұзуда.
Біреулер Алла тарапынан түскен Кітаптар мен пайғамбарларды мазақ етіп, қастерленуге тиісті діни құндылықтарды әдейі қорлауда. Енді біреулер болса ақиқатты бұрмап дінді бұзып, халықты одан жеріндіру үшін неше түрлі айла-шарғылар жасап бағуда.
Осындай Алланың шектерінен шығып небір жаман істерге бас қойып жүрген жандар өздерінің Алланың қаһарына ұшырап жүргендерін түсінбей ме? Олар өздерінің бұл дүние де, ақиретте де Алла уәде еткен азабтан қашып құтыла алмайтындықтарын білмей ме?
«...жамандық істегендер бізден қашып құтыламыз дей ме? Олар недей жаман үкім береді». Құран Кәрім. Ғанкабут 29:4.
Қияметке сенбейтін, сол себепті де Алладан емес адамдардан ғана қорқатын мұндай жандар жұмыр басты пенделерге жағынып, солардың қамқорлықтары арқылы қауіпсіз тірлік кешпек болады. Және олар денсаулықтарын барынша күтіп, медицина жетістіктерін пайдалану арқылы неғұрлым ұзақ өмір сүруге тырысады.
Олар осылайша дүние азабынан құтылудың қамын жасайды. Олар қартайып ажал жеткенше амалдай тұрсақ болды тиесілі жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. Олар өлген соң топырақты тас бүркеніп бәрінен де құтылған, бәрін де ұмытқан түрде мәңгілікке жоғалмақ болады. Әрине, олар қалағандарынша қиялдауға ерікті. Және сол қиялдарына сеніп ойларына келгендерін істеулеріне де олардың толық мүмкіндіктері бар. Бірақ, уақыт жеткенде кезде олар шындықты шындық күйінде табатын болады.
«Сүр үрілсе, сонда олар қабірлерінен (тұрып) Раббыларына қарай жүгіреді. «Әттең-ай! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» дейді». Құран Кәрім. Ясин 36: 51,52.
Олар жер басып жүргенде еркіндікті қалап сол үшін де Алланың шектеулері мен тиымдарын жек көрген болатын. Және олар ойларына келгендерін істеп әбден еркінсіген де болатын. Енді олардың бұл еркіндіктері осымен бітті. Енді олар қабірлерінен еріксіз тұрып, жиналатын жерге еріксіз дедектеп жүгіретін болады.
«...сол күні адамзат түсінеді. (Бірақ), ол түсінуден оларға не пайда?». Құран Кәрім. Фәжір 89:23.
Олар Алла тарапына еш күтпеген нәрселерді көреді. Құран Кәрім. Зумар 39:47.
Адамдар қолда бар кезде ештеңенің де қадірін біле бермейді. Тек жоғалтқан кезде ғана олар өздерінің не жоғалтқанын түсініп қатты өкініп жатады. Бірақ, бұл түсінулер мен өкінулердің бәрі де қиямет күнгі нағыз түсіну мен нағыз өкінудің қасында түкке де тұрмас. Олар нағыз түсіну мен нағыз өкінудің қандай болатынын біле ме екен?
«Оларды сұмдық бір өкініш қысып өзектері өртенеді. «Әттең! Бізге не болды? Аллаға бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді» дейді». Құран Кәрім. Ахзап 33:66.
Бұл дүниеде адамдар талай рет тығырыққа тіреліп, талай рет шарасыздыққа салынады. Бірақ, олар нағыз тығырық пен нағыз шарасыздықтың қандай болатынын біле ме екен?
«Күнәһарлар тозақ отын көріп өздерінің соған түсетіндіктерін сезеді. Бірақ, одан бұрылар жер таба алмайды». Құран Кәрім. Кеһф 18:53.
Бұл дүниеде жүргенде олар талай рет қорқыныштан естен танып, талай рет қатты шошынған да болар. Бірақ, олар нағыз қорқыныш пен нағыз шошынудың қандай болатынын біле ме екен?
«Залымдардың қылмыстарының жазасын тартудан қорқып шошынғандарын көресің» Құран Кәрім. Шура 42:22.
«Сол уақытта жүректер жұтқыншаққа келіп қылғынып, лоқсумен болады. Құран Кәрім. Ғафыр 40:18.
Өздерін күтіп тұрған жан түршігерлік азапты көріп қатты шошыған, одан құтылар жол таппай шарасыздықтан жандары ышқынған, өзектерін өртеген сұмдық өкініштен естері шыққан мұндай жандардың бір ғана тілектері болады.
««Әттең! Топырақ болып кеткен болсам еді» - дейді». Құран Кәрім. Нәба 78:40.
Бірақ, енді олардың ешқандай да тілектері орындалмайды. Тіпті, осы кезге дейін мекен болған қараңғы, сызды суық көр де оларды жатсынып сыртқа шығарып тастайды. Енді оларға тозақ отынанан басқа мекен жоқ. Енді олар өздері үшін өмірдегі ең жағымсыз нәрсе болған өлімнің өзін аңсап өздеріне тынбастан өлім тілейтін болады. Бірақ, енді оларға өлім де арам.
«Оларға өлім үкімі берілмейді» Құран Кәрім. Ахзап 33:36.
«Оған әр тараптан өлім келеді. Бірақ, ол өле алмайды». Құран Кәрім. Ибрахим 14:17.
«Онда ол өлмейді, өмір де сүрмейді» Құран Кәрім. Таһа 20:24.
Тозақтың жан түршігерлік сұмдығын көріп одан қатты шошыған күнаһар өзінің ең қасиетті, ең қымбат дегендерінің бәрін де беріп тек өз басын ғана от азабынан құтқармақ болып жанұшырады.
«Қылмысты сол күні ұлдарын да сол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді. Әйелін де, туысын да. Сондай-ақ, өзін мәпелеген елін де. Тіпті, жер жүзіндегі бүткіл адамдарды да беріп өзін құтқарғысы келеді». Құран Кәрім. Мағариж 70:11-14.
Мүмкін, кезінде ол зор байлықты иемденіп, халық тағдырын өз уысында ұстаған сондай бір билік иесі болған шығар. Бірақ, ол енді бір түйір тозаңға да иелік етіп, қара басына да билік жүргізе алмайтын болады. Оған енді өз істерінің жазасын тартып, уәде етілген тозақ азабын шегуден басқа ешбір амал қалмайды.
«...олардың терілері жанған сайын азапты тартулары үшін оны басқа терілерге ауыстырамыз». Құран Кәрім. Ниса 4:56.
«...қарсы болғандарға оттан киім пішілген, төбелерінің үстінен қайнап тұрған су құйылады. Онымен олардың ішкі құрылыстары мен терілері ерітіледі. Олар үшін темірден күрзілер болады». Құран Кәрім. Хаж 22:19-21.
«...сорлылар тозақта ыңыранып, шыңғырады». Құран Кәрім. Һуд 11:106.
«Шынында заққұм ағашы. Күнаһарлардың тамағы. Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды. Қайнаған су тәрізді. «Оны ұстаңдар да сүйретіп тозақтың ортасына тастаңдар. Сонан соң басының үстінен қайнаған су құйыңдар! (Азапты) тат! Расында сен өзіңше үстем, құрметті едің. Шынында, күмәнданған нәрселерің осы» (делінеді). Құран Кәрім. Духан 44:43-50.
«Олар тозақта: «Бізді тозақтан шығар! Істеген істерімізден басқа жақсы істер істейік» деп шыңғырады. «Сендерден үгіт алғысы келген кісі үшін үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескетуші келген еді. Енді татыңдар (азапты). Залымдар үшін ешбір жәрдемші жоқ» (делінеді). Құран Кәрім. Фатыр 35: 37,38.
Көкірегі көк тіреп алшаң басқан небір өркөкіректердің сағын сындырып, оларды ышқына шыңғыртып зар еңірететін тозақ оты әлдекім ойлап тапқан өтірік емес. Ол – көзбен көріп, санамен танып, тәнмен сезінетін ақиқат.
«...Жоқ, олай емес, тез білесіңдер. Тағы олай емес, жақында білесіңдер. Жоқ, олай емес, анық білген болсаңдар. Сендер сөзсіз, тозақты көресіңдер. Сендер оны көзбен анық көресіңдер. ...». Құран Кәрім. Тәкәсур 102:3-7.
Қиямет – бұл бір өте сұмдық күн. Бірақ, ол тек шектен шыққан күнаһар жандар үшін ғана сұмдық күн. Ал, иман келтіріп ізгі істер істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескен жандар үшін ол күн сондай бір шексіз қуаныш күні. Өйткені, бұл күн олар үшін Алла Тағала уәде еткен жұмақпен қауышатын аңсарлы күн.
Әрине, бұл күнге олар оңайлықпен жетпеді. Өйткені, жұмақ жолы өте ауыр жол. Ол - нәпсімен, шайтани күмәнмен арпалыстың жолы. Ол - небір азғырушылықтар мен қысымдарға төтеп берудің жолы. Ол - төзімді сарқыған небір қиындықтарға сабыр етудің жолы. Ол әр сәт сайын бетпе-бет келіп еңсеріп отыруға тура келген үлкенді – кішілі сынақтардың жолы. Бұл жолдан тек Алладан қорыққан тақуа жандар ғана сүрінбей өткен болатын.
«Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқады, әрі олар қияметтен үрейленеді». Құран Кәрім. Әнбия 21:49.
Көрмесе де Алладан қорқып, қиямет күнін ойлап үрейленген, сол себепті де Алланың ризалығын іздеп шамалары жеткендерінше тырысқан жандар ғана сондай қорқынышты қиямет күні қабірлерінен ешқандай да қорқынышсыз, ешқандай да өкінішсіз қуанып тұратын болады.
«Ол күні кейбір жүздер жарқырайды. Күлген, қуанышты. Құран Кәрім. Ғабасә 80:38,39.
«Расында, «Раббымыз Алла» деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де «Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер!» дейді. Біз дүние тіршілігінде де, ақиретте де достарыңбыз. Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай –ақ, сендерге не тілесеңдер сол бар. Бұл жарылқаушы, мейрімді Алла тарапынан бір силық». Құран Кәрім. Фуссилат 41:30-32.
Осынау жұмаққа қол жеткізген жандарда ешқандай да арман, орындалмаған тілек қалмайды. Олар тек бақытты бір күй кешіп, сол үшін де Раббыларына сансыз шүкірліктерін білдіріп, пәктеумен болады.
«Олардың ондағы дұғалары «Алла! Пәксің!» Әрі олардың ондағы амандасулары «Сәлем!», және олардың дұғаларының соңы «Мадақ ғаламдардың Раббысы Аллаға тән!» деу болады». Құран Кәрім. Йунус 10: 9,10.
«Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан танисың». Құран Кәрім. Мутаффифин 83:24.
«Алла оларға разы. Олар Аллаға разы. Бұл силық Раббыларынан қорыққан кісілер үшін». Құран Кәрім. Бәййина 98:8.
Комментариев нет:
Отправить комментарий