Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Ахмадилермен (қадианиттер) пікірталас
Бірінші бөлім
Самат Ақылұлы Әбу Хурайра (Алланың ризалығы болсын) Алланың Елшісінің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дегенін жеткізеді: «(Уа, мұсылмандар!) Өз араларыңнан Мариамның ұлы көктен түскенде (келгенде) және өз араларыңнан (шыққан) имамдарың болған кезде сендерге қандай қиын болады». (Бухари. Китабул-әнбийа. Баб нузули ‘Иса бни Марйама).
Бұл хадистен Уәде етілген Масих (Мессия) келген кезде мұсылмандардың жағдайлары ауыр болып, олардың өте қиын кезеңді бастан кешіріп жататындары түсінікті болады. Хадистің екінші мағынасы бойынша Уәде етілген Масих олардың өз араларынан (яһудилердің емес, мұсылмандардың арасынан) шығады, яғни сендерді басқаратын имам өз араларыңнан, өз қауымдарыңнан шыққан адам болады – «Имаамукум-минкум».
Ғалым Бақыткерейұлы Егер Иса Мариам ұлы (Алланың сәлемі болсын) көктен түспей Мирза Ғұлам болып туылса, онда оны қалайша Мариамның ұлы деп атауға болады. Өйткені, ол кезде оның анасы бөтен болады, оның үстіне әкесі де болады. Демек, ол мүлде бөтен адам болғаны. Исаның (Алланың сәлемі болсын) бұлай келуі оның атын жамылушыларға кеңінен жол ашады. Сондай ат жамылушылардың бірі Қадианилық Мирза Ғулам.
Самат Ақылұлы Ас-Саламу алейкум! Хазрат Исаның (Алланың сәлемі болсын) көктен түсуі жайында сұрамастан бұрын оның көкке денесімен көтеріліп кетіп әлі күнге дейін сонда тұрып жатқанын Құран мен хадистер арқылы дәлелдеңіз.
Ғалым Бақыткерейұлы Уағалайкум ассалам! Ал сіз Иисустің креске керіліп одан тірі қалғанын, жарасынан жазылып Кашмирге (Үндістан) қашқанын, онда 120 жыл өмір сүргенін, және сонда өліп, сонда жерленгенін Құран арқылы дәлелдеңіз. Ал Мирза Ғұлам Ахмадтың айтқан сөздері дәлел емес. Жалған махди не демейді.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Біріншіден, Хазрат Исаның (Алланың сәлемі болсын) өлгені, оның тірілердің арасында жоқ екені Құран арқылы дәлелденген факт. Бұл жайында тікелей, әрі жанама түрдегі ондаған Құран аяттары айғақтайды. Хазрат Иса (Алланың сәлемі болсын) Құдайдың басқа да ізгі құлдары тәрізді өлген соң ғана Құдай (тарапына) көтерілді. Мысалға:
«Сол уақытта Алла: «Әй, Ғиса! Сені Мен өлімге Әкелушімін (мутаваффика)! Сондай-ақ, сені Өзіме көтерушімін (рафиъука), әрі қарсы болғандардың айыптауларынан тазартушымын, саған ілескендерді қияметке дейін қарсы болғандарға үстем қыламын...». Құран Кәрім 3:55.
Хазрат Имам Бухари (Алланың ризалығы болсын) өзінің «Ас-Сахих әл-Бухари» жинағында Хазрат Ибн Аббастан (Алланың ризалығы болсын) мындай дәйексөз келтіреді: «Каала Ибна Аббасин мутаваффика мумитука», яғни «Ибн Аббас Тауаффаның мағынасы – өлім деді».
Демек, Құранның тәртібін ұстансақ, Хазрат Иса (Алланың сәлемі болсын) Құдайдың басқа да ізгі құлдары тәрізді өлген соң ғана Құдай (тарапына) көтерілді. «Сені Өзіме көтерушімін» сөзі «Сені өлімге әкелушімін», яғни «өлген соң» деген сөзден кейін келеді. Қалай бұрмаласаң да факт факт болып қалады. Сіз Исаны (Алланың сәлемі болсын) өлгенге дейін көкке көтере алмайсыз. Тіпті денесімен көкке көтерілді деп қоймайтын болсаңыз, өлген соң өлі денені көкке көтерудің не мәні бар?
Ғалым Бақыткерейұлы ...«йаһудилер айтты: «Шын мәнінде, біз Алланың елшісі, Мәриям ұлы Ғиса Мәсихты өлтірдік». Дегенмен, олар оны өлтірмеді де, аспады. Бірақ оларға ұқсатылды. Расында, ол жайында қайшылықтағылар, әрине одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді (немесе өлтіргендеріне сенімді болмады). Олай емес, Алла оны өз тарапына көтерді. Алла (Т.) өте үстем, хикмет иесі. Құран Кәрім 4:157,158.
Бұл аятта кейбір яһудилердің Мариам ұлы Исаның (Алланың сәлемі болсын) Масих екеніне сенгендіктері айтылады. Сондықтан олар «Шын мәнінде де біз Масих Мариам ұлы Исаны, Алланың Елшісін өлтірдік» деген. Және бұл аятта олардың шындығында оны өлтірмегендіктері айтылады. Бұған, әрине, сіздер, ахмадилер күмән келтірмейсіздер.
Бірақ, одан әрі аятта Мариам ұлы Исаны (Алланың сәлемі болсын) «аспады» делінеді. Ал сіздер болсаңыздар оны айқышқа асты, бірақ ол өлмеді дейсіздер. Құранда оны мүлде «аспады» деп тұрғанда «оны асты» дейтіндей сіздердікі қайдан шыққан сенімділік?
«Олар оны анық өлтірмеді (немесе өлтіргендеріне сенімді болмады)». «Өлтіргендеріне сенімді болмады» деген екінші түсінік бойынша кейбір яһудидердің басқаны емес Масихты өлтіргендеріне өздерінің де сенімді болмағандықтары айтылады. Демек, яһудилердің өздерінде де нақ Исаны өлтіргендіктеріне деген күмән болған. Сондықтан да Иса (Алланың сәлемі болсын) өлтірілмеді, тіпті ол айқышқа да асылмады деген мұсылмандардың сенімі ақиқат.
Орыс тіліне «өлтіру» деп аударылып отырған араб сөзі «тауаффа» «өлтіру» емес «жанды алу» деген мағынаны береді. Және Құранда адамның жанын алу барлық жағдайда да оны өлтіру деген мағынаны бермейді. Мысалға, осы «тауаффа» сөзі Зумар аятында «жанды ұйқыда алу» деген мағынада қолданылады.
«Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің жанын ұйқыда алады. Өлуіне үкім берілгендердікін тоқтатады да басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін жібереді. Сөз жоқ, мұнда түсінетін елге ғибраттар бар». Құран Кәрім 39:42
Адамның көкке көтерілуі оның тірі кезінде де жүзеге асуы мүмкін. Мысалға, Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) көкке көтерілуі (миғраж) тірі кезіде орын алды. Егер «тауаффа» сөзі «жанды ұйқыда алу» мағынасында қолданылса, онда Исаның (Алланың сәлемі болсын) жаны көкке көтеріліп, денесі ұйқыдағы адамның денесі тәрізді жерде қалды деп болжауға болады. Мысалға, Кеһф сүресінде үңгірге тығылған жігіттер жайында айтылады.
«Сонау заманда жігіттер үңгірге бекінді де: «Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле» деді. Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық. ... Олар, ояу деп ойлайсың; негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға, солға аунататын едік. Иттері, екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер оларды көрсең, олардан ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің. Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. ... Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (жыл) арттырды». Құран Кәрім 18:10,11,18,19,25.
Егер Мариам ұлы Иса (Алланың сәлемі болсын) өлмесе, бірақ сонда да көкке көтерілгені рас болса, онда осы «жанды ұйқыда алу» нұсқасы қабылдауға келеді. Мұндай жағдайда денесімен көкке көтерілудің қажеті жоқ. Әрі денесі де өлілердің денесі тәрізді шіріп топыраққа айналмайды. Тек ұйқыдағы күйде жанын күтеді. Ал ұйқының ұзақтығы бір түн бе, әлде мың жыл ма, оның Алла үшін еш маңызы жоқ. Алла үшін ол қиын іс емес.
Бұл жағдайда Иса пайғамбарға (Алланың сәлемі болсын) Мирза Ахмад болып бөтен тәнде қайта туудың да қажеті болмайды. Оның үстіне оның бөтен анасы мен Исаға (Алланың сәлемі болсын) тән емес әке де болмайды. Және оның көктен түсуі де оның көкке көтерілуі тәрізді ерекше оқиға болады. Әрине, бұл тек болжам ғана. Анығын Алла біледі.
Сіздер, ахмадилер Иисус айқышқа асылды, бірақ онан тірі қалып, жарасынан жазылған соң Кашмирге (Үндістан) қашты, онда 120 жыл өмір сүрген соң сонда өліп, сонда жерленді дейсіздер. Жарасынан оңалған соң оның Үндістанға қашуы мүмкін бе? Оның апостолдары қудалауға қарамай оның ілімін таратып жатқанда оның Үндістанда балалы-шағалы болып алаңсыз өмір сүруі мүмкін бе? Алланың пайғамбарлары солай істейтін бе еді?
Және қандай пайғамбар Үндістанда, көпқұдайшылар арасында өмір сүріп бірқұдайшылық ілімін насихаттамайды. Әрі артында жарқын із қалдырмайды. Қалайша ол көпқұдайшылар арасында соншама ұзақ, 120 жыл өмір сүрді? Сендердің бұл нұсқаларың мүлде сын көтермейді. Бірақ, осындай өтірікке де сенетін жандар бар екен!
Тіпті, Иса (Алланың сәлемі болсын) өлді, енді ол тек басқа тәнде, бөтен бейнеде ғана қайтып оралады дегеннің өзінде де оны тап осы қадиандық Мирза Ғұлам деп білудің еш реті жоқ. Өйткені, Иса пайғамбар (Алланың сәлемі болсын) өте жарқын тұлға. Сол себепті де оның қайтып оралуы да соншалықты жарқын болмақ. Ал Мирза Ғұлам болса ешқандай да танымал емес. Тіпті, мұсылмандардың арасында да ол ешқандай қызығушылық тудырмайды. Оның өзге жалған махдилардан ешқандай да айырмашылығы жоқ.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Исаның (Алланың сәлемі болсын) денесімен көкке көтерілуіне қатысты өз ұстанымызды түсіндірейін. Сіз бірнеше тақырыпты қозғадыңыз (мысалға, Миғраж, Кеһф сүресінің түсіндірмесі). Бұларға қатысты біздің де өз ұстанымдарымыз бар, бірақ оларға тереңдеп баратын болсақ, онда басты тақырыптан алысқа ауытқып кетеміз. Егер Алла қаласа біз әлі бұл тақырыптарға да қайтып оралатын боламыз...
Мен жай тақырыптан тақырыпқа секкірмей бірізді болуды ұсынамын... Әйтпесе, бір, немесе екі, тіпті үшінші нәрселер жайында сөз болған кезде басты тақырыпқа қатысты бөлісіп отырған негізгі ойларымыз назардан тыс қалып әңгіме жемісті болмайды...
ЕНДІ «ТАУАФФА» СӨЗІНЕ ҚАТЫСТЫ. Біз бұл сөздің «ажал жіберу» және «жанды алу» деген мағынасына тұрақтаймыз. Сіз еш жерден де «тауаффа» сөзінің «денемен көкке көтерілу» деген аудармасын таба алмайсыз. «Тауаффа» сөзі Қасиетті Құранда түрлі контексте жиырма бес рет қолданылады. Екі жағдайда ол Хазрат Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты қолданылған, екі-үш жағдайда Қасиетті пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қатысты, ал қалған жағдайларда өзге контекстерде қолданылған.
Ғалым аға, сіз мына сілтемелер бойынша тексеріп шыға аласыз: 2:234, 240; 3:55,193; 4:15, 97; 5:117; 6:60,61; 7:37,126; 8:50; 10:46,104; 12:101; 13:40; 16:28,32,70; 22:5; 32:11; 39:42; 40:67,77; 47:27. Мысалға, «Ал сіздердің іштеріңізден өліп (тауаффауна) әйелдерін қалдырғандар...» (2:234). Ақыр елшілеріміз (періштелер) олардың жандарын алуға (тауаффаунахум) келіп...» (7:37) «Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізді Мұсылман болған күйде өлтір! (тауаффана)...» 7:126 және т.б.
Басқа жерлердің бәрінде де бұл сөз тек бір ғана мағынада, «ажал жіберу», «өлтіру» деген мағынада ғана аударылатынын көріп сіз таңғалар едіңіз. Тек екі жерде ғана ол дінде «уақытша жанды алу» саналатын «ұйқы» мағынасында аударылған. Бірақ ол ешқандай да «тәнді көкке көтеру» жайында емес.
«Тауаффа» сөзі «жанды ұйқыда алу» мағынасында болу үшін араб тілінің заңдылығы бойынша сөйлемде «Ләйл» (түн) немесе Наум (ұйқы) сөздері болуы тиіс. Мысалға: 1) «Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады» Құран 6:60. 2) «Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің жанын ұйқыда алады. Құран 39:42.
Ал басқа жағдайлардың бәрінде де (тауаффа) сөзі «ажал жіберу», «өлтіру» мағынасын береді. Егер Құраннан келтірілген мысал біреуді қанағаттандыра қоймаса, онда ол кез келген араб сөздігінен «тауаффа» сөзінің басқаша аударылуын, мысалға, «денені көкке көтеру» деп аударылуының ең болмағанда бір мысалын тауып берсін. Бірақ, ол мүлде мүмкін емес, өйткені, ол сөздің ондай аудармасы жоқ.
Сондай (бізге қарсылас) ғұламалардың барлық жерде де, тіпті Қасиетті Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қатысты да «тауаффа» сөзін тек «жанды алу», «ажал жіберу», «өлтіру» деп аударатындары, және одан басқа мағынаны білмейтіндері таңғалдырады. Олай болса Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты болған кезде ғана бұл сөз неге, қандай құқықпен «денемен көкке көтеру» деп аударылады деген сұрақ туындайды.
Yalcin Nazarov (Сол уақта) Алла: «Әй, Мәриям ұлы Ғиса! Адамдарға, Алланы қойып, мені әрі анамды екі құдай етіп алыңдар деп сен айттың ба?»,- дейді. (Ғиса Ғ.С.): «О, Алла! Сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен, оны анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толық білушісің» дейді.
Оларға: «Сен, маған бұйырғанды ғана; Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің әрі сендердің Раббыларың дегеннен басқаны айтпадым. Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені (жанымды) алған шақта, оларға өзін бақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің. Егер оларды азаптасаң да олар құлдарың, егер оларды жарылқасаң да күдіксіз Сен аса үстем, хикмет иесісің». Құран Кәрім 5:116-118.
Ғалым Бақыткерейұлы Физикалық өлім сипатталғанда Құранда әдеттегі қағида бойынша «өлтіруді» білдіретін «қатала» сөзі қолданылады. Пайғамбарлардың өлімін білдіретін Құранда қолданылған келесі сөз «әлмаутә» сөзі. «Матә» сөзі аяттарда «өлу» болып аударылады. Егер Иса (Алланың сәлемі болсын) шынында да өлген болса, онда оған қатысты осы сөздер қолданылған болар еді. Ал «тауаффа» сөзі болса өлудің тура мағынасын бермейді.
«Тауаффа» сөзі «ажал жіберу», «жанды алу», және «жанды ұйқыда алу» деген мағыналарды беретіндігімен өзіңіз де келісудесіз. Бұл жердегі жалпы мағына жанды «алу». Ал жан уақытша немесе біржола алынады. Жан уақытша алынған кезде, яғни ұйқы кезінде адам өлмейді. Ал жан біржола алынса ол кезде адам өледі. Исаға (Алланың сәлемі болсын) жанның уақытша алынуы қатысты болып келеді.
Егер ол өліп, сонан соң басқа кейіпте, басқа есіммен қайтып оралатын болса, онда оның қайтып оралуының не мәні қалады? Мұндай жағдайда ол өзіне ғана тән пәк жаратылысы, (непорочное зачатие), әкесіз болуы, және басқа да барлық ерекшеліктерінен айырылады. Көкке өлген соң емес, тірі кезінде көтерілгендіктен де оған «көкке көтерілу» мағынасы тән болып келеді.
Сіз қателесіп тұрсыз, біз Иса (Алланың сәлемі болсын) көкке денесімен көтерілді деп білмейміз. Көкке тек адамның жаны ғана көтеріле алады. Мариам ұлы Исаның (Алланың сәлемі болсын) тәні өлмейді, және шіріп топыраққа да айналмайды. Бірақ, оның жаны қайтып оралғанша оның тәні қайда болады, оны бір Алла ғана біледі.
Егер жындардың кәдімгі физикалық дене кейпінде материалданып қайта жоғалып кететін мүмкіндіктерін ескерсек, онда сол тәрізді Исаның (Алланың сәлемі болсын) тәні де басқа өлшемдікте көзден тасаланған, және Исаның қайтып оралуы кезінде қайта материалданады деп болжауға болады.
Иса (Алланың сәлемі болсын) Масих (Мессия) ретінде екі рет өлуге тиісті емес. Ол физикалық табиғи өліммен өзінің миссиясын толық орындаған соң ғана өледі. Хадистер бойынша ол Мұхаммадтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қасына жерленеді.
Иса (Алланың сәлемі болсын) Мессия (Масих) болып туылды, бірақ ол әлі Дажалды өлтірген жоқ, және жер бетінде мұсылман үмметіне басшылық та жасаған жоқ. Сондықтан оған өлуге әлі ерте. Егер өзінің Мессия ретіндегі миссиясын аяғына дейін орындамаса онда Мессия болып дүниеге келудің не мәні бар?
Сіз «...барлық жерде де, тіпті Қасиетті Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қатысты да «тауаффа» сөзін тек «жанды алу», «ажал жіберу», «өлтіру» деп аударады, және одан басқа мағынаны білмейді. Олай болса Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты болған кезде ғана бұл сөз неге, қандай құқықпен «денемен көкке көтеру» деп аударылады?...» деп сұрайсыз.
Өйткені, Мұхаммад (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) ақиретке дейін қайтып оралмайды. Ал Исаның (Алланың сәлемі болсын) Мессия (Масих) екенін білесіз, сол себепті де ол сол кейіпте, сол есімімен қайтып оралуға тиісті.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Сіз айтасыз «...Мариам ұлы Исаның (Алланың сәлемі болсын) денесі өлмейді, және шіріп топыраққа да айналмайды». Бұл бар болғаны сіздің негізсіз долбарыңыз. Бұл биоматериалдық барлық нәрселердің шіруі тәрізді табиғат заңына ғана қайшы емес, бұл Құранға да қайшы келеді.
«Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. ... Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ, олар мәңгі қалушы да емес». Құран Кәрім. Әнбия 21:7,8.
Бұл аятта анық айтылған, ешбір пайғамбар (соның ішінде Иса да) тамақ жемей өмір сүрмеген. Ал тамақ жейтін пайғамбарларға адамдардың бәріне де ортақ болып келетін табиғат заңына қайшы шексіз ұзақ өмір берілмейді...
Хазрат Исаның (Алланың сәлемі болсын) рекордтық өмірін жақтаушылардың бір-біріне қайшы пікір айтатындары таңғалдырады. «Оның денесі жерде қалды «онда бірдеңе болды», сонан соң ол (дене) кейін қайта материалданады» дегенді мен сізден естіп тұрмын. Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке көтерілуінің басқа күрескерлері болса «ол көкке денесімен көтерілген» дейді. Мұның бәрі де сіздердің бұл жайында нақты білімдерің болмай Алла Тағала Құранда айтатындай тек қана жорамалға сүйенетіндіктеріңді анық байқатады... Сіз менің жазғандарымды мұқият оқыңыз.
Сіз айтасыз «...Иса (Алланың сәлемі болсын) Масих (Мессия) ретінде екі рет өлуге тиісті емес. Ол физикалық табиғи өліммен өзінің миссиясын толық орындаған соң ғана өледі. Хадистер бойынша ол Мұхаммадтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қасына жерленеді...». Мұны мен оқыдым, және сіздің позицияңызды түсіндім. Бірақ сіз мына аятты қайтер екенсіз:
«Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. ... Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ, олар мәңгі қалушы да емес». Құран Кәрім. Әнбия 21:7,8.
Ғалым Бақыткерейұлы Исаның (Алланың сәлемі болсын) денесінің нақты қай жерде, және оның қандай күйде екені бір Аллаға ғана аян. Біз тек жорамалдаймыз. Сол себепті де бізде пікір алшақтығы бар. Бірақ, біздің анық білетініміз, ол өлген жоқ. Және ол тек көктен түскен соң ғана өлетін болады.
Самат Ақылұлы Алла Тағала Қасиетті Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай деді: (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма? Құран Кәрім. Әнбия 21:34.
Бұл аят Қасиетті Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) дейін өмір сүрген барлық адамдар сияқты Исаның (Алланың сәлемі болсын) да өлгенінің айқын дәлелі емес пе?
Ғалым Бақыткерейұлы Мен сізге Иса (Алланың сәлемі болсын) мәңгі өлмейтін адам деп пе едім? Сондықтан да бұл жерде бұл аятты келтіру орынсыз. Бұл аятта мәңгілік өмір жайында айтылады. Ал Иса (Алланың сәлемі болсын) болса өледі. Бірақ, сәл кейінірек. Өз миссиясын толық орындап болмайынша ол қалай өледі?
Мирза Ғұламды Масих ету үшін Исаны (Алланың сәлемі болсын) өлтірудің қажеті жоқ. Сіздерге оның өлімі бізге Мирза Ғұламды Масих етіп таңу үшін ғана қажет. Тек сол үшін ғана Исаны (Алланың сәлемі болсын) өлтіруге соншама тырысудың қажеті жоқ!
Самат Ақылұлы СубханАллаһ! Барлық пайғамбарлардың материалды тән берілген қарапайым адамдар екені жайында Алланың Өзі айтты. Ол тән тамақ түріндегі материалды нәрленуге мұқтаж тән... Мұндай тәнде шексіз ұзақ өмір сүру мүмкін емес... олар ерекше адамдар болған емес... және Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) дейін өмір сүрген адамдардың бәрі де өлген... егер бұл аяттар сізге Исаның (Алланың сәлемі болсын) өлгенін дәлелдей алмаса, онда тағы біреу тұрып бұл аяттар тек Исаның (Алланың сәлемі болсын) ғана емес, Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) дейін өмір сүрген адамдардың барлығының да өлгендерінің дәлелі емес деуі мүмкін.
Ғалым Бақыткерейұлы «...Сондай-ақ, олар мәңгі қалушы да емес...». Құран Кәрім. Әнбия 21:8. «...(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік...» Құран Кәрім. Әнбия 21:34.
Бұл аяттарда жалпы ажалсыздық жайында айтылады. Мұхаммадқа (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) дейін, және онан кейін де ешкім мәңгі өмір сүрмейді. Сондай-ақ, Иса (Алланың сәлемі болсын) да ажалсыз емес. Ол да өледі, тек өзінің миссиясын соңына дейін орындаған соң ғана.
Ол Дажалдаң бүлігі кезінде көктен түсіп оны өлтіруі тиіс. Және сонан соң патшалық құруы тиіс. Мұның ешқайсысы әлі жүзеге асқан жоқ, сондықтан оның миссиясы әлі орындалған жоқ. Сондықтан оған өлу әлі ерте. Егер ол бұған дейін өліп, сонан соң қарапайым жолмен, әйел мен еркектің ұрығынан жаратылып дүниеге келетін болса, онда оны Мариам ұлы Иса деп атаудың не мәні бар? Кім оған сенеді?
Мұндай қарапайым жолмен тек жалған масихтер, атжамылушылар ғана келеді. Исаның (Алланың сәлемі болсын) өлгені осындай оның атын жамылушылар үшін ғана пайдалы, сондықтан да олар қандай жолмен болмасын оның өлгенін дәлелдеуге тырысады. Сол үшін де Құран аяттары мен Мұхаммад пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) хадистеріне қайшы келетін шындыққа ұқсас «ертегілерді» ойлап табады. 09.02.14.
Екінші бөлім
Самат Ақылұлы Егер сізді «Өзінің миссиясын толық орындамайынша ол қалай өледі» деген сұрақ уайымдатса, онда Алла куә, осыдан 2000 жылдан астам уақыт бұрын Израилдіктерге келген Иса (Алланың сәлемі болсын) өзінің миссиясын толық орындап бұл жалған дүниеден біржола кеткен. Қасиетті Құранда айтылады: Алла Тағала «...оны (Исаны) Израил ұрпақтарына елші қылды». Құран 3:49. Бұл аятты Інжіл (Евангелие) де Иисустің өзінің сөздері арқылы қостайды: «мен тек Израилдің өлген қойларына ғана жіберілдім». Матв. 15:24.
Ежелгі Израилдің он екі руының он руы Израил патшалығы талқандалғаннан кейін Вавилонға тұтқынға әкетілгені, және олардың көпшілігінің кері қайтып оралмай одан әрі қарай кеткеніне тарих куә. Осы жоғалған он буын, немесе Бани Исраил қазіргі кашмирліктер, пуштундер, және басқа да солармен туыстас ұлттар мен халықтар.
Қасиетті Құран мен Інжілде пайғамбарлық миссия тек Израил ұрпақтарымен ғана шектелетіні айтылады. Енді шығыс елдерінде өмір сүріп жатқан басқа да еврейлердің бар екенін білгеннен кейін Хазрат Иса (Алланың сәлемі болсын) өзінің аянын Палестина жеріндегі екі руға ғана жеткізіп, сонан соң көкке көтеріліп кетті деп ойлау ақылға симас еді. Сонда ол қалған он руды Құдайдың аянынсыз қалдырғаны ма???
Пуштундер мен кашмирліктердің Израилдің он руының ұрпақтары екендігін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Тұтқында жергілікті пұтқа табынушылық діндерді қабылдаған осы он руды Мұсаның (Алланың сәлемі болсын) бірқұдайшылдық дініне қайтару үшін уағыздауға баратынын Исаның өзі (Алланың сәлемі болсын) күнілгері айтқан. «Менің бұл ауладан емес басқа да қойларым бар, маған соларды да әкелу керек...» (Иоанның Інжілі 10:16).
Тап осы руларға жасаған уағызы оның сәтті миссиясы болды. Жүздеген тарихи құжаттар осы тарихи шындықты түбегейлі дәлелдейді. Сондай-ақ, Иса (Алланың сәлемі болсын) Исламның пайда болатыны жайында осы йудейлерге күнілгері айтып, олардың ұрпақтарына осы дінді қабылдауды әмір еткен. Сондықтан Израилдің он екі руының осы он руы ұзақ уақыттан бері мұсылман.
Иисустің (Алланың сәлемі болсын) өзі болса Срингар қаласындағы (Кашмир, Үндістан) атақты «Розабал» кесенесінде «Йүз (Иса) Асаф (Израил тайпаларын жинаушы) есімімен жерленген... Міне, осылайша Иса (Алланың сәлемі болсын) жоғалған («өлген») Израил руларын жинау үшін, және оларға өзінен кейін келетін адамдардың Көсемі, пайғамбарлардың Мөрі (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) жайындағы ізгі хабарды жеткізу үшін Үндістанға аттануға тиісті болды.
Ғалым Бақыткерейұлы Қазіргі кашмирліктер мен пуштундар, және солармен туыстас басқа да ұлттар мен халықтар жоғалған он екі буын, немесе Бани Исраил емес. Өйткені, генетикалық зеріттеулер бойынша олар йудейлердің маңайына да жоламайды.
Оның үстіне йудейлердің өз тамырларын ұмытулары мүмкін бе? Жоқ! Олар сол өңірлерде өмір сүруде, бірақ, олар өздерін пуштун деп те, кашмирлік деп те деп санамайды. Олар Ислам дінін қабылдаса да өздерін тек йудей санайды. Және Мұхаммад пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) хадистері бойынша Хорасан, Исфахан йудейлерінің арасынан Иса (Алланың сәлемі болсын) емес Дажал шығатын болады.
Егер айқыштан тірі қалған Иса (Алланың сәлемі болсын) осы йудейлердің арасында өмір сүріп, уағыз жасаған болса, онда Қасиетті Жердегі йудейлер, соның ішінде оның шәкірттері бұл жайында міндетті түрде білген болар еді. Өйткені, йудейлер жыл сайын дүниенің төрт бұрышынан Иерусалим Храмына ағылады. Сондықтан қаншалықты шынайы болып көрінсе де сендердің бұл пікірлерің жалған.
Срингар қаласындағы «Розабал» кесенесінде жерленген Йүз Асаф - Иса пайғамбар (Алланың сәлемі болсын) емес. Ол осындағы йудейлерге Иисус Христостың ілімін уағыздауға келген христиандардың бірі болуы мүмкін. Йүз Асафтың құлпытасындағы терең жарақаты бар үлкен табанның ойылған таңбасы тәрізді болып көрінетін кескіндеме христиандық сенімнен хабар береді.
Шындығына келгенде Иса (Алланың сәлемі болсын) айқышқа асылған жоқ. Оған Құранның мына аяты дәлел: «...Дегенмен, олар оны өлтірмеді де, аспады. Бірақ оларға ұқсатылды...». Құран Кәрім 4:157. Сондықтан сіз қаншалықты сенгіңіз келсе де Йүз Асаф Мариам ұлы Иса (Алланың сәлемі болсын) емес. Бұл ахмадилердің сенімдері негізделген көп өтіріктің бір бөлігі ғана.
Самат Ақылұлы Кашмирліктер – еврейлер. Кашмирліктер мен пуштундердің – Израилдің жоғалған он руының ұрпақтары, этникалық еврейлер екені факт. Олардың өздері де Бани Исраил (Израилдің ұлдары) екендіктерін айтады... Сондай-ақ, олардың сыртқы пішіндерінің ұқсастықтары мен еврейлерге тән кейбір салт-дәстүрлері де бұған дәлел... Бұл Шығыста да, Батыста да кеңінен талқыланып жатқан тақырып. Интернет те осы тақырыптағы материалдарға толы...
ПУШТУНДЕР МЕН КАШМИРЛІКТЕРДІҢ еврей екендіктері тіпті еврей сайттарында да кеңінен талқылануда. Егер еврейлердің өздерінің этникалық шығу тектеріне өте мұқият қарайтындарын ескерсек, демек, «мұнда бірдеңе бар...!». Мысал ретінде: «За рекой Самбатион» мақаласын алуға болады.
Ғалым Бақыткерейұлы Бұл мәліметтердің бәрі де аңызға негізделген. Ал ғылыми фактілер бойынша басқаша. Мынау «Поиски пропавших колен израилевых с помощью ДНК-генеалогии (Часть IV-Конец)» мақаласынан үзінді:
«718 адамның ішінде 106-нің гаплотипі он екі буынның (он екі рудың гаплотипінен) 1-2-3 қадам қиыс тұрған туыстас гаплотипті көрсетті. Олардың ішінде тек алтауы, яғни «туыстас» гаплотиптің шамамен алғанда 6 пайызы ғана он екі буынның гаплотипі болды. Мұның өзі-ақ бұл гаплотиптің ортақ бабаға тән базалық гаплотиптің жанама, мутивацияға ұшыраған гаплотипі екендігін көрсетеді.
«Туыстастардың» ішіндегі ең кең тарағандары мыналар: 15-15-23-10-11-12 (13 адам), 14-14-23-10-11-12 (8 адам), 14-15-22-10-11-12 (7 адам), 15-15-24-10-11-12 (7 адам), 15-16-25-10-11-12 (7 адам). Бұлардың бәрі де он екі буынның гаплотипінен екі-үш қадам алшақ тұр. Және мутивацияға ұшыраған араб гаплотипіне жақынырақ. Ал он екі буынның (йудейлердің) гаплотипі мынадай екенін естеріңізге салайық: 14-16-23-10-11-12.
Пакистандықтардың ішінен алты жағдайда ғана осындай гаплотип табылғанын қайталап айтамыз. Бұлар кімдер? Олардың төртеуі Браху, біреуі Белуджи, және бір қара нәсілді Макрани. Жоғарыда айтылғандай он екі буынның гаплотипіне олардың тікелей қатыстары жоқ. Тестіден өткен пуштун және кашмир группасының өкілдерінде бұл гаплотип (йудейлердің гаплотипі) мүлде жоқ. (Анатолия Клёсов. «Поиски пропавших колен израилевых с помощью ДНК-генеалогии).
Тарихтан өзге халықтардың йудейлікті қабылдағандары белгілі. Мысалы, хазарлықтар өздері йудейлер болмаса да билеуші рудың басшылығымен йудей дініне өтті. Сол сияқты кашмирліктердің де кезінде йудейлікті қабылдаулары мүмкін.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Сіз айтасыз: «Шындығына келгенде Иса (Алланың сәлемі болсын) айқышқа асылған жоқ». Біз де бұған сенеміз, ӘлхамдулиЛлаһ! Және біз өз сеніміміздің растығын қиялшыл молдалардың жорамалдарымен емес фактілермен, тарихи куәліктермен дәлелдейміз...
«САЛАБА» сөзі орыс тіліне «(АЙҚЫШҚА) АСУ» деп аударылған. Айқышқа асу – қылмыскерлерді жазалаудың белгілі тәсілі. Асу кезінде қылмыскерді айқыш формасында жасалған бағанаға шегелеп оны ас-сусыз ұстайды. Сонда ол азап пен әлсіреуден бірте-бірте өлетін болады.
Бірақ, айқышқа асып қойылған, бірақ онда өлмеген адамды «асылған» деп атауға болмайды, өйткені, оны асудағы мақсат – ӨЛТІРУ (мақсаты) – орындалмады. Араб сөзі «Maa Салабуху» Хазрат Исаның (Алланың сәлемі болсын) айқышқа шегелену фактісін жоққа шығармайды. Бірақ, ол оның айқышта өлгенін жоққа шығарады. Өйткені, оны асудағы мақсат - оны өлтіру - орындалмады.
Мұны араб тілінің лексиконы аңғартады. Мысалға, «Салаба Аш-Шайа» деп айтады, яғни, «ол заттарын өртеді». «Салабал Изама» - «ол сүйек майын сүйектен алды» дегенді білдірсе, «Салабал Лиса» - «ол ұрыны асты» дегенді білдіреді... Және Ниса сүресінің 157 аятының «ОЛАР ОНЫ ӨЛТІРМЕДІ» деген соңы да «өлтірмеу» деген мағынаға сілтейді.
Атап көрсетілгендей «САЛАБА» сөзінің тағы бір мағынасы «сүйек майы». Қылмыскерлерді айқыштан тірілей алғанда олардың балтырларын сындыратын болған. Соның нәтижесінде олардың сүйек майлары ағып..., қылмыскер азаппен өлетін болған. Біздің тарихтан білетініміздей, Хазрат Исаны (Алланың сәлемі болсын) өлді деп ойлағандықтан солдаттар оның балтырын сындырмады... Сол арқылы Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты «салаба» сөзінің мағынасы бірінші нұсқада да, сондай-ақ екінші нұсқада да орындалмады...
Ғалым Бақыткерейұлы Иса (Алланың сәлемі болсын) айқышта өлді ме, өлмеді ме, ол басқа мәселе. Біздің жағдайымызда сөз Исаның (Алланың сәлемі болсын) мүлде асылмағаны жайында болуда. Сіз қызық ойлайсыз, егер адам айшықта өлмесе, демек, ол асылмаған болады. Сіздің бұл пікіріңіз, тіпті күлкі тудырады.
Сіз неге Алла Тағала өзінің пайғамбарын дұшпандарының талауына беріп, оны соншалықты қорлық тәсілмен азаптады деп ойлайсыз. Сіздің пікіріңізше оның тартқан азабының мәні неде? Мысалға, христиандар азап шегу арқылы Иисус адамзаттың күнәсін өтеді дейді. Ал сіздердің версияларыңыз қандай?
Сіздердің осы «сенімді» ертегілеріңнің түпкі мақсаты бізге Мирза Ғұламды Масих, яғни қайтып оралған Мессия Иса (Алланың сәлемі болсын) ретінде қабылдатуға келіп тіреледі. Бірақ, сенімді хадистер бойынша Иса (Алланың сәлемі болсын) қайтып оралған соң Дажалды өлтіріп, қырық жыл патшалық құрады. Және 70-75 жасында өліп Мұхаммад пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қасына жерленеді.
Ал сіздердің Мирза Ғұламдарың болса Мессия ретінде қырық жыл патшалық құрмады. Әрине, ол 73 жасында өлген, бірақ ол сахих хадистерде айтылатындай Мұхаммад пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қасына жерленбеді. Оған тіпті, Қасиетті қала Меккеден де топырақ бұйырмады.
Осылайша Исаның (Алланың сәлемі болсын) қайтып оралуы жөнінде Мұхаммад пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) айтқандары орындалмады. Бірақ, сіздер үшін бастысы ақиқат емес, сіздер үшін ең бастысы сенімді (сахих) хадистер мен фактілерге қарамастан Қадиандық Мирза Ғұламды мессия ретінде көрсету.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Христиандардың версиясы бойынша Хазрат Иса (Алланың сәлемі болсын) қарғыс өлімімен өлді, сонан соң тозаққа барды да үшінші күні қайта тірілді. Сол арқылы ол бүткіл адамдарзаттың күнәсін (басқаша айтқанда христиандардың күналарын) өтеді. Бүгінгі христиан сенімінің құрылымы (алғашқы күнә, троица, өтеу) «айқыштағы өлім» сеніміне негізделген. Егер Иса (Алланың сәлемі болсын) шынында да өлмеген болса, онда бұл құрылым сөзсіз күйрейді.
Хазрат Ахмад Библиядан бұлтартпас дәлелдер келтіре отырып Хазрат Исаны (Алланың сәлемі болсын) айқышқа шегелесе де оның онда өлмегенін, сол арқылы оның қарғыс атқан (асылған) болмағанын, және біреулердің күнәларын де өтемегенін, және көкке де көтерілмегенін, Израил халқына жіберілген пайғамбар ретінде өзінің бар міндетін атқарып қарапайым адамдардың өлгені сияқты өлгенін дәлелдеді.
Сол арқылы ол (Мирза Ахмад) Қасиетті Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) болжап айтып кеткеніндей «айқышты (кресті) сындырды». Яғни, крестік сенімнің идеологиялық омыртқасын сындырды.
Сіздің соқыр жорамалдарыңыздан айырмашылығымыз, біз Қасиетті Құранды негізге ала отырып аят сөздерінің ақиқат мағыналарын дәлел ретінде келтіре сөйлейміз... Мысалға, Ниса сүресінің 157 аятындағы «Шуббиха», «Шуббиха лахум» сөздері Исаның (Алланың сәлемі болсын) «бірдеңеге ұқсады», «бірдеңе болып көрінді», немесе «оған бірдеңе болған адамға ұқсап көрінді» дегенді білдіреді. Енді осы «асылған» адамға ұқсап көрінген адам кім деген сұрақ туындайды???
Әлбетте, ол адам йудейлер асу арқылы өлтіруге тырысқан Хазрат Иса (Алланың сәлемі болсын) болатын. Бұл жерде БАСҚА ЕШКІМ жайында сөз болуы мүмкін емес, бұл контекстің басқа ешкімге ешқандай да қатысы жоқ. Бұл аяттың контексі аятта мүлде аталмаған тағы біреуге ОРЫН БОСАТУ үшін бұрмаланбайды...
Сонда Хазрат Иса (Алланың сәлемі болсын) кімге ұқсады? Йудейлердің оны айқышта өлтірмегені, оның асылған тәрізді болып көрінгені, сонда олардың қателесіп оны өлгенге санағандарына аяттың контексті жауап береді.
Осы түсіндірме контекспен толық үйлесіп қана қоймайды, сондай-ақ, ол жайында барлық елеулі тарихи фактілер де анық куәлендіреді. Мысалға, Ибн Синаның (Авецина) ережесінде «Мархам Иса» (Исаның жақпамайы) деген жақпамай бар. Ережеде Исаны (Алланың сәлемі болсын) айқыштан түсіріп алған соң оның жарақатын емдеуге осы жақпамайдың қолданылғаны айтылады...
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз өзіңіздің не айтып тұрғаныңызды түсінесіз бе: «...Йудейлердің оны айқышта өлтірмегені, оның асылған тәрізді болып көрінгені, сонда олардың қателесіп оны өлгенге санағандарына аяттың контексті жауап береді...». Егер шынымен де айқышта асулы тұрған болса, онда Исаға (Алланың сәлемі болсын) асулы тұрған сияқты болып көрінудің қажеті не? Сіз сөз мағынасында шатасып өзгелердің басын қатырып тұрсыз.
Сіз оның соншалықты азап шегуінің мәні не деген сұраққа жауап бермедіңіз. Не үшін ол солдаттардың барлық кемсітулеріне шыдады, не үшін айқышта азап шегіп, су орнына сіркесу ішті? Алла Тағала неге оны осыншама қорлықтар мен айшықтағы азаптан құтқармады?
Сіз: «...айқышқа шегеленсе де ол онда өлмеді, сол арқылы ол қарғыс атқан (асылған) болмады, және біреулердің күнәларын де өтемеді...» дейсіз. Сонда сіздің «...ол қарғыс атқан (асылған) болмады...» деген сөзіңізді қалай түсінуге болады? Егер асылу қарғыс атқандық болса, онда оның айқышқа асылғаны анық. Демек, ол шын мәнінде де қарғыс атқан болды.
Исаның (Алланың сәлемі болсын) адамзаттың күнәсін өтеуінің ең басты сәті оның көрген қорлықтары мен айқышта шеккен азабы. Ол мұның бәрін де өткерді. Ал өлім болса мұндай жағдайда ол үшін зор жақсылық, өйткені, өлім – ол үшін қорлық пен азаптан құтылудың мүмкіндігі.
Және, сіздер тек табанның жарақаты жайында ғана айтасыздар. Бұл, әрине, Йүз Асафтың құлпытасында терең жарақаты бар табанның таңбасы бар болғандықтан. Ал қолындағы жарақат пен найзамен шаншылған бүйірдегі жарақат қайда? Осындай жарақаттардан соң ол қалай тірі қалды? Христиандардың версиясы бойынша ол, әрине, өлді. Және Інжілде оның молаға қойылып, онда оның толық екі тәулік жатқаны айтылады. Сондай-ақ, оны солдаттар күзетіп оған ешкімді де жолатпайды.
Ал сіздердің айтуларыңыз бойынша оны айқыштан түсірген бойда бірден емдеуге кіріскен. Және қайдан шыққаны белгісіз өлген адамды да сауықтыратын керемет жақпамай да пайда болған. Егер оның айқышқа асылғаны рас болса, онда «ол айқышта өліп сонан соң қайта тірілді» дейтін христиандардың версиясының дұрыс болғаны. Өйткені, айқыштағы азаптан, ішкен сіркесудан, және найза сұғылған бүйіріндегі терең жарақаттан соң оның тірі қалуы мүмкін емес.
Және оның осыдан кейін де екі тәулік ешқандай емсіз молада (гробницада) жатқанын ұмытпаған жөн. Егер осыдан кейін де ол тағы да қырық жыл өмір сүрсе, онда оның айқышта өлген соң қайта тірілгеніне сенуден басқа жол қалмайды. Демек, ол екі рет, айқышта, және кәріліктен өлген болып шығады. Қандай жағдайда да сіздердің версияларыңыз жалған.
Және оның Үндістандағы өмірінің мәні не деген сұрақ туындайды. Егер ол «Йуз (Иса) Асаф (Израил руларын жинаушы)» ретінде еврейлерді жинауға тиісті болса, ол жинаған еврейлер қайда? Ілім де жоқ, еврейлер де жоқ, тек аңыздардан басқа ештеңе де қалмаған!
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Қайталап айтамын , «уа ма салабуху» сөзі йудейлер Исаны (Алланың сәлемі болсын) асып өлтірмеді, яғни айқышқа асса да өлтірмеді деген мағынаны білдіреді. Өйткені, асудағы мақсат – ОНЫ ӨЛТІРУ – ЖҮЗЕГЕ АСПАДЫ. Бұл мағына Құран және көптеген сөздіктер арқылы дәлелденген. Мысаға, «Йусуф» сүресінде мынадай жолдар бар: «Бірі қожайынына шарап құяды, ал екіншісі болса, ол асылады» Құран Кәрім 12:41. Бұл аятта «асылады» сөзі оның айқышта өлетінін білдіреді.
«Тадж-уль-Урус» деп аталатын түсіндірме сөздіктің бірінші томында былай деп жазылған: «Салиб – майлы нәрсе деген мағынаны береді». «Сихахта» «салиб» - сүйек майы, және асылған адамды (маслуб) оның сүйек майы ағып кететіндіктен ғана «маслуб» деп атайды. Соған байланысты «салаба» - бұл жоғарыда келтірілген үдерістен (процесс) бастау алатын өлтірудің кең танымал әдісі. Өйткені, асылған адамнан сүйек майы мен ірің еселеп аға бастайды».
Қысқасы, Құран Хазрат Исаның (Алланың сәлемі болсын) айқышта, немесе басқа да бір зорлық өліммен өлгенін жоққа шығарады. Қасиетті Құранда йудейлер мен христиандардың тек жорамалға ғана ілесетіндері айтылады. Иса (Алланың сәлемі болсын) олардың көз алдарында өлтірілген, және асылғанға ұқсады. Шындығына келгенде олардың ешқандай да дәлелдері жоқ. Басқаша айтқанда, йудейлер Исаны (Алланың сәлемі болсын) өлтіруге әрекет жасады, бірақ олардың бұл істерінен түк шықпады...
Егер сіз Құран сөздері мен түсіндірме сөздіктердің осындай түсіндірулерімен келіспесеңіз, онда ұстанымызды өз «дәлелдеріңіз» арқылы түсіндіріңіз. Сіз болса жай ғана қол сілтейсіз, немесе жалаң сөзді боласыз. Сіздің «ол айқышта өлді» дейтін христиандардың «дәлелдеріне» сілтеме жасауыңыз бос әурешілік, өйткені, Құранда айтылған: «Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында». Құран Кәрім 4:157.
Шындығында олардың дәлелдері дәлел емес. Мысалға, «найзамен шанышу» жайында, ол «тексере өлтіру» емес, «ауырсынуды тексеру» болды. Өйткені, Иса (Алланың сәлемі болсын) өлген сиқты болып көрінген еді... Інжілде былай делінген: «Солдаттардың бірі найзасын Оның қабырғасына (бүйіріне) сұқты да, СОЛ СӘТТЕ қан мен су аға бастады. Иоанн 19:39.
Солдаттың бұл ісі Исаның (Алланың сәлемі болсын) өлгеніне оның күмәні болғанын анық байқатады... Сол себепті ол оның бүйірін шанышты да ол жерден сол сәтте-ақ қан мен су ақты. Жарақаттан бірден қан мен судың ағуы тірі ағза мен күре тамырдың жұмысын анық байқатады... Демек, оның жүрегі өлі емес, тірі адамның тамырларымен қанды айдап соғып тұрды.
Ал медицинадан білуіміз бойынша мүрденің қаны бірден ұйып қалатындықтан ол ақпайды. Қандай жағдайда да солдаттың істеген ісінен Исаның (Алланың сәлемі болсын) іс жүзінде комада болып, әлі де өле қоймағаны анық болады... Және солдаттар оның моласын күзеткен жоқ, бұл да сіздің жалаң сөзді пікіріңіз. Өйткені, Пилат кіре беріске күзетші қоюын өтінген йудейлердің өтініштерін қабылдамады...
Ғалым Бақыткерейұлы Мен «...егер Исаның (Алланың сәлемі болсын) айқышқа асылғаны рас болса, онда «ол айқышта өліп сонан соң қайта тірілді» дейтін христиандардың версиясының дұрыс болғаны» деген едім. Сіз болса «айқышқа асылғаны рас болса» деген сөзімді ескермей «...христиандардың «дәлелдеріне» сілтеме жасауыңыз бос әурешілік...» деп мені христиандармен пікірлес етіп қойдыңыз.
Сіз найзамен шанышу» жайында, «...ол «тексере өлтіру» емес, «ауырсынуды тексеру» болды...» дейсіз. Онсыз да жан төзгісіз азаптан естен танып өзіңіз айтқандай комаға түскен адамды найзамен түйреп оның «ауырсынуын тексерудің» не қажеті бар? Сол себепті де найзамен шанышудың «тексере өлтіру» болғаны анық. Інжілде бұл жайында анық айтылған.
«... (солдаттар) Иисусқа келіп Оның өліп қалғанын көрген соң оның балтырын сындырмады. Бірақ, солдаттардың бірі найзасын Оның қабырғасына (бүйіріне) сұқты да, сол сәтте қан мен су аға бастады». Иоанн 19:33,34.
Сіз «...солдаттың істеген ісінен Исаның (Алланың сәлемі болсын) іс жүзінде комада болып, әлі де өлмегені анық болады...» дейсіз. Әрине, ол кезде оның әлі де өле қоймағанымен келісуге болады. Бірақ, онсыз да комаға түсіп өліп бара жатқан адамның бүйіріне найза шанышылып ол жерінен қан мен су саулап аққан кезде мұндай жарақаттан оның тірі қалмасы анық.
Сіз «...солдаттар оның моласын күзеткен жоқ, бұл да сіздің жалаң сөзді пікіріңіз. Өйткені, Пилат кіре беріске күзетші қоюын өтінген йудейлердің өтініштерін қабылдамады...» дейсіз. Сіз шамасы Інжілдің өзін оқымағансыз. Сіз Мирза Ғұламның айтқанындарына ғана сенудесіз. Ал ол болса бұл жерде де шындықты белден басқан. Сенбесеңіз Інжілде не жазылғанын оқыңыз. Онда Иисустің (Алланың сәлемі болсын) моласының күзетілгені айтылады.
«Жұмадан кейінгі келесі күні первосвященниктер мен фарисейлер жиналып Пилатқа келді де былай деді: «Мырза! Бұл өтірікшінің тірі кезінде айтқан «үш күннен кейін қайта тірілемін» деген сөзі есімізге түсті. Моласын үш күнге дейін күзетуге әмір етіңіз. Оның шәкірттері түнде Оны ұрлап кетіп, кейін халыққа: «тіріліп кетті» деп айтпасын. Сонда бұл соңғы өтірік алғашқы өтіріктен де жаман болады». Пилат оларға: «күзетшілерің бар, барыңдар да қалауларыңша күзетіңдер» деді. Олар барды да молаға күзет қойып, тасқа мөр басты». Матвейдің Інжілі 27:62-66. 22.02.14.
Үшінші бөлім.
Самат Ақылұлы Исаға (Алланың сәлемі болсын) бір-екі күн бойы ем жасады. «Оны емдемеді» деген сөз – ол да жалаң сөзді пікір... Сіздің тақуалығыңыз қайда? Білетін сияқты сөйлейсіз, ал іс жүзінде ештеңе де білмейсіз... Шындығында Исаның (Алланың сәлемі болсын) Иосиф пен Никодим есімді серіктері осы уақыттың ішінде оған күтім жасады. Айқыштан түсіргеннен кейін олар «жүз литрдей смирна мен алоэ емдік құрамын» әкелді. Иоанн 19:39.
Бұл құрамның (мүрдені) бальзамдайтын май емес, емдік май екендігін ескеру керек. Мира мен алоэнің емдік, антисептикалық қасиеттері бар екенін, сондықтан оларды әлі күнге дейін жарақат пен күйікті жазу үшін қолданатынын сізге түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын... Олар оны ақ матаға (плащаницаға) орай отырып осы құраммен сылады...
Осының бәрінен соң оған өз-өзіне келіп далаға өз аяғымен шығуға мүмкіндігі болды... Ал оны қиын кезде тастап кеткен оның шәкірттері болса алдарынан шыққан кезде оны тіріліп келді деп ойлады.
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз «...Иосиф пен Никодим есімді серіктері осы уақыттың ішінде оған күтім жасады. Айқыштан түсіргеннен кейін олар «жүз литрдей смирна мен алоэ емдік құрамын» әкелді...» деп Інжілден де үзінді келтіресіз. Бірақ сіз осы үзіндінің жалғасын оқитын болсаңыз, онда сіз бұл жерде тірі Иисус емес өлі Иисус жайында сөз болып жатқанын білер едіңіз.
«... Никодим де келіп жүз литрдей смирна мен алоэ емдік құрамын әкелді. Содан олар Иисустің денесін алып әдетте Йудейлерді қалай жерлейтін болса солай етіп оны хош иісті нәрселермен жамылғыға (плащаницаға) орады. Ол асылған жерде бақ бар еді, сол бақта әлі ешкім жерленбеген жаңа мола болды. Иисусты Йудей жұмасы үшін сонда қойды (жерледі), өйткені, мола жақын еді. Иоанн Інжілі 19:39-42.
Самат Ақылұлы Айқышта үш күннің орнына үш сағат қана асылып тұрған, (мұндай қысқа ғана уақытта соншалықты тез өлу мүмкін емес, бұл Пилаттың өзін таңғалдырды), сондай-ақ, сүйектерін сындырмаған, найзамен түрткен бүйірінен қан аққан, және бірнеше күннен кейін денесіндегі жарақаттарымен аяғын басып тұрған адам жайында ол айқышта өлген жоқ деп еш күмәнсіз айтуға болады.
Ол өліп тірілді деп қортынды жасаудың дұрыс болуы мүмкін емес... Бұл жерде христиандар (ақиқаттан) қиыс кетті, өйткені, «айқыштағы өлімсіз» олардың сенімдері бос сенім. Христиан әлемінің теологтарының өздері де Исаның (Алланың сәлемі болсын) айқышта өлмегендігіне қатысты дәлелдерді қарастыра отырып «өлім жайындағы» сенімді жоққа шығара бастады...
Hayat Ismatulla Ғалым Бақыткерейұлына Сіз: «Алла Тағала неге оны барлық қорлықтар мен азаптан құтқармады?» дейсіз. Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Ухуд шайқасында бірнеше жерінен жараланды. Тіпті бір жебе оның бетіне қадалып оны сахабалар шаққа дегенде суырып алған. Және Ол Таиф қаласына уағыз айта барғанда ондағы көше тобыры Оны таспен атқылап Оның бүткіл денесі қанға боялды.
Ғалым Бақыткерейұлы Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) шайқаста жарақат алуы мен таспен атқылануы - ол оның жиһады. Қаншама пайғамбарлар бірқұдайшылық дініне шақыру жолында өлтірілді. Бірақ, Алла Тағала оларды оңбағандар тәрізді қорлатып, масқаралық жолмен азаптауға жол бермеді. Олар пайғамбарларға лайықты өліммен өлді.
Рустам . Ғалым Бақыткерейұлына !!!
Ғалым Бақыткерейұлы Самат Ақылұлына Асылу дегеннің айқышта шегеленіп тұру екендігін қалайша түсінбейсіз? Иса (Алланың сәлемі болсын) болса айқышта болған жоқ, ол мүлде асылмады! Сіз болсаңыз сөздің мағынасымен ойнап айқын мағынаны бұрмалайсыз. Құранда Исаның (Алланың сәлемі болсын) асылмағаны айтылады. Бұл анық нәрсе! Сондықтан да бұл өтірікті талқылай отырып басты нәрседен ауытқып кетпеген жөн.
Мұсылман ғұламаларының арасында бұл мәселе жөнінде ешқандай да келіспеушілік жоқ. Және бұл мәселе мұсылмандар арасында мүлде талқыланбайды. Мұсылмандар арасынан қаншама адасқан топтар шықты, бірақ қаншалықты адасып жатса да олардың ешқайсысы бұл мәселені талқыға салған емес еді. Сендер, ахмадилер олардың бәрінен де асып түстіңдер.
Егер Исаны (Алланың сәлемі болсын) айқышқа асқан болса, ол сонда да өлмей тірі қалып тағы қырық жыл өмір сүрсе, онда бұл жайында Пайғамбарымыздан (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) көптеген хадистер қалған болар еді. Бірақ, бұл тақырыпта ең болмағанда бір хадис те жоқ. Сонда Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен рахметі болсын), оның сахабалары, және Исламның барлық ғұламалары қателесіп тек мирза Ғұлам ғана шындықты білген бе?
Қазақ айтады ғой «қырық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» деп. Бұл мәселеде де солай болып тұр. Біз кімге сенуге тиіспіз? Пайғамбарымызға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын), оның сахабаларына, және Исламның барлық ғұламаларына ма, әлде өзін Иса (Алланың сәлемі болсын) Масих санап асқақтаған Мирза Ғұламға ма? Бұлай мұсылмандарды ақымақ етудің қажеті жоқ!
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Айналайын, ағатай, сіз, және сіздің пікірлестеріңіз «асу» сөзіне қадалып қалдыңыздар, бұл болса бар болғаны орыс тілінің сөздік қорында басқа сөз болмағандықтан азды-көпті келіңкірейтін сөз еді. Оның үстіне бұл тілде христиандар суреттейтін «асу» оқиғасы да бар.
Бірақ, Аллаға мадақ, Оның уәдесіне орай мұсылмандарда аудармадан қиындық туындап жатқан кездерде сүйенетін таза, әрі бұрмаланбаған күйдегі Құранның түпнұсқа мәтіні сақталған. «Асу» деген орыс сөзі болса жоғарыда айтылғандай «салаба» сөзінің толық мағынасын аша алмайды! Сіз болсаңыз «асу» сөзінің үстірт мағынасымен ойнай отырып түпнұсқаға немқұралы қарайсыз..., көптеген халықтар осылай істейміз деп адасып кеткен болатын... Алладан қорқыңыз!
«Мұсылман ғұламалары арасында бұл мәселеге қатысты ешқандай да келіспеушілік жоқ» екендігіне қатысты, және олардың бәрі күні бүгінге дейін Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкте тірі екендігіне, айқышқа оның орнына басқа адамның асылғаны жөніндегі көзқарасты ұстанатындығына қатысты, және тек біз, ахмадилер ғана бәрінен де жаман екендігімізге қатысты сіздің сөзіңізге тоқтала кеткім келеді. Өйткені, бұлар жалаң сөздер ғана!
Керісінше, Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) да, сахабалар мен бұрынғы өткен ізгілердің, барлық мойындалған ғұламалар мен ағартушылардың да пікірлері сіздің пікірлеріңізге (яғни, бүгінгі молдалар кастасы мен олардың жақтастарының пікірлеріне) қайшы келеді!
Ал ахмади – мұсылмандардың пікірлері болса жоғарыда аталған бедел иелерінің пікірлеріне сай келеді. Жалаң сөзді болмас үшін осы бедел иелерінің пікірлері қызықтыратын жандарды қарастырылып отырған мәселеге қатысты олардың пікірлерімен танысуды ұсынамын:
«Сахабалар дәуірі өткен соң үммет ішінде Хазрат Исаның (Алланың сәлемі болсын) тірі, және ол өзінің физикалық тәнімен көкте екендігі жөнінде, және соңғы дәуірде сол израил пайғамбары Иисустің (Алланың сәлемі болсын) көктен түсіп дінге қызмет ететіндігі жөніндегі сенім тарала бастады.
Алайда үммет ішінде Иисус (Алланың сәлемі болсын) өлген деген сенімді ұстанған теологтар мен бедел иелері де қашанда табылып отырды. Солай болғандықтан қазір біз Иисустің (Алланың сәлемі болсын) өлгенін дәлелдейтін кейбір бедел иелері мен әлімдердің пікірлерін келтіреміз.
1). Белгілі фикһ имамы (хиджраның 179 ж. қайтыс болған) Хазрат Имам Малик жайында (Алланың ризалығы болсын) былай деп жазылған. «Көптеген кісілер Хазрат Иисус (Алланың сәлемі болсын) өлген жоқ десе де Имам Малик (Алланың ризалығы болсын) оны өлген деп санайды». («Маджм'а-и-бихар-ул-ануар», №1 том, 286 бет)
2). Белгілі шешен, әрі түсіндірмеші Аллама Мұхаммад бин Абдул Уахаб Әл-Джибаи (Хижраның 235-303 ж.). Аллама Тибриси Әли Имран сүресінің 55 аятына былай деп жазады: Джибай (Алланың ризалығы болсын) бұл аятта Алла Тағаланың Иисусқа (Алланың ризалығы болсын) әуелі ажал жіберіп, сонан соң оны Өзіне тарапына көкке көтергені жөніндегі айқын дәлел бар дейді». («Маджма'а-л-айан», Алламы Тибриси, №3 бөлімі, 269 бет, Бейрут).
3). Белгілі шиит хадис жинаушысы, әрі факих Аллам Куми (хижраның 381 ж. қайтқан) былай дейді: «Алла Тағала Иисусқа (Алланың ризалығы болсын) ажал жіберіп, сонан соң оны Өзіне көтерді». («Икмал-уд-дин», Аллама Әл-Куми, 219 бет, Хайдарийде басылған, Неджеф)
4). Бесінші ғасырдың реформаторы Әбу Мұхаммад Әли бин Хазм Андши ( 456 ж. қайтқан) жазады: «Иисус (Алланың ризалығы болсын) өлтірілмеді де, айқышқа асылмады, Алла Тағала оған (табиғи) ажал жіберіп, сонан соң ғана көкке көтерді». («Әл-Махали», Аллама бин Хазмнан, №1 бөлім, 23 бет, Египетте басып шығарылған)
5). Хазрет Әли Хаджуери Дата Ганджбахш (хижраның 399-465 ж.) жазады: «Алланың Елшісі (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Миғраж кезінде Адамды (Алланың ризалығы болсын), Шыншыл Жүсіпті (Алланың ризалығы болсын) , Алламен тілдесуші Мұсаны (Алланың ризалығы болсын), Жұмсақ Харұнды (Алланың ризалығы болсын), Алланың Рухы Исаны (Алланың ризалығы болсын) көкте көргенін айтады. Бұл олардың жандары екендігіне еш күмән жоқ». («Кашфу-л-махджуб», урдудан аударма, №6 бөлім, 294 бет, Азизиде басылып шығарылған, Лахор, хижраның 1322 ж.).
6). Раис-ул-мухаддисин (яғни, хадистердің Басты түсіндірушісі) Хафиз Ибн Қаийм (Алла риза болсын) жазады: «Иисустің (Алланың ризалығы болсын) отыз үш жасында көкке көтерілгені жайында айтылған бірде бір сахих хадис жоқ». («Зад-ул-маъад», 19 бет).
7). Шейху-л-Акбар Аллама Махмуддин ибн Араби (хижраның 485-560 ж.) жазады: «Хазрет Исаның (Алланың ризалығы болсын) көкке көтерілуі деп іс жүзінде оның жанының төменгі әлемді тастап шыққаннан кейінгі жоғарғы әлемде тыным табуы айтылады». («Тафсиру-л-Құран», Аллама ибни Арабиден, №1 бөлім, 296 бет, Бейрут).
8). Сэр Саид Ахмад Хан (хижраның 1233-1316 ж.) айтады: «Хазрет Иисустің табиғи өлімі анық, әрі айқын». («Тафсиру-л-Құран», №2 том, .43 бет,Әл-Карим Маркет, урду базар, Лахор).
9). Чанчра Шарифтік Хваджа Ғұлам Фарид (хижраның 1257-1319 ж.) жайында жазылады: «жиналысқа қатысып отырғандардың арасынан біреу: «Қадірменді! Хазрет Иисус (Алланың ризалығы болсын) көкке өзінің тәнімен көтерілді ме, әлде табиғи өлімінен соң оның қасиетті жаны ғана көтерілді ме?» деп сұрады. Сонда Хваджа сахиб: «Иисус (Алланың ризалығы болсын) басқа пайғамбарлар мен қасиетті адамдар тәрізді көтерілді» деп жауап берді. («Ишарат-и-фариди», №4 бөлім, 136 бет, хижраның 1346 жылы Рафик-и-ашта, Лахор басылып шығарылған).
10). Ең танымал Әл-Азхар Ислам Университетінің Ректоры (Раис-ул-ұстаз), Египеттің бұрынғы муфтиі Аламма Шейх Махмуд Аш-Шалтут пәтуа шығарып, онда былай деп жазды: «Қасиетті Құранда да, сүннетте де Иисустің (Алланың ризалығы болсын) көкке физикалық түрде көтеріліп, әлі күнге дейін сонда тұрып жатқанына деген сенімділік беріп қанағаттандыратын сенімді негіз жоқ.
Иисус пайғамбар (Алланың ризалығы болсын) жайында Қасиетті Құранның аяттарында хабарланатындай Алла Тағала Иисуске (Алланың ризалығы болсын) ажал жіберіп, «раф'а» етуге (яғни, көкке көтеруге), және кәпірлердің қастықтарынан қорғауға уәде етті. Және бұл уәде сөзсіз орындалды. Хазрет Иисустің (Алланың ризалығы болсын) дұшпандары оны өлтіре алмады, айқышқа да аса алмады. Бірақ, Алла Тағала оның өмірінің күндерін санап, оған ажал жіберді де, оны «раф'а» етті». («Әр-Рисала», №1 том, 642 бет, 15 мая 1942 ж.)
Сондай-ақ, Аллама Шейх Махмуд Аш-Шалтут былай деп жазды: «Алла Тағала Иисуске (Алланың ризалығы болсын) ажал жіберді, абырой беріп кәпірлердің айыптауларынан босатты. Шүбәсіз, өлгенен кейін көкке тән емес жан көтеріледі. «Илайхи» (Өзіне) сөзі «көкке» деп түсіндірілетіні белгілі. Бұл анық Құран мағынасына қатысты қатігездік екені сөзсіз. («Әл-фатауа» Аллам Махмуд Шалтутадан. 56 бет, хижраның 1379 ж.).
11). Құранды түсіндіруші, әрі Каирдің бұрынғы муфтиі Аллама Мухаммад Абда (хижраның 126-1354 ж.) жазады: ««Инни мутаваффика ва рафи’ука Илайиа» (3:55) аятының түсіндірмесіне: «Сені Мен өлімге Әкелушімін! Сондай-ақ, сені Өзіме (дәрежемен) көтерушімін». («Тафсиру-л-Құран», ұстаз Мұхаммад Әбдіден, №3 бөлім, 316 бет, бірінші басылым, Египет, хижраның 1325 ж.)
12). Египеттің бұрынғы муфтиі, ғұлама, профессор Аллама Рашид Раза (хижраның 1282-1354 ж.)
«инни мутаваффика…(3:55) аятын түсіндіре отырып былай деп жазады: «таваффи» сөзінің тура, әрі табиғи мағынасы - бұл табиғи өлім. Ал өлгеннен соң көкке көтерілу дегеніміз жанның көкке көтерілуін білдіреді». («Тафсиру-л-Құран», №3 бөлім, 317 бет, Мұхаммад Рашид Разадан, екінші басылым, Каир, хижраның 1366 ж.).
Сондай-ақ, Аллама Рашид Раза «Әл-Минар» 15-ші том, 900-901-ші беттегі «Иисустің Үндістанға саяхаты, және оның Срингардағы (Кашмир) өлімі» деген тақырыптағы мақаласында былай деп жазады: «Ақыл мен сенімді көздердің негізінде Хазрат Иисус (Алланың ризалығы болсын) Үндістанға (Жоғалған Израил руларын іздеп) саяхат жасап Срингар қаласында қайтыс болды деуге болады»
13). Құранның түсіндірушісі Аллама Ахмад Мустафа Әл-Мараги былай деп жазады: «Әрине, «Инни мутаваффика ва рафи’ука Илайиа» (3:55) аятының тура мағнасы жөнінде айтылуда. «Таваффи» сөзінің мағынасы – табиғи өлімді, ал осы «таваффи» сөзінен кейінгі «рафа'а» сөзі – бұл жанның көкке көтерілуі». («Тафсир-ул-Мараги», ұстаз Ахмад Мұстафа Марагиден, №1 бөлім, 169 бет, Мустафа-л-Балиде басылған, Египет).
14). Аллама доктор Мұхаммад Махмұд Хиджази, Аль-Азхар университетінің профессоры, Египет.
«Инни мутаваффика…» (3:55) аятына түсіндірме жасай отырып ол былай деп жазады: «О, Иисус! Мен сені толық өмір сүретін етемін, әрі сені жоғары сатыға көтеремін. Бұл көтеру физикалық тәннің емес дәреженің көтерілуі деп түсініледі...
«Рафи'ука» - Иисустің көкке (тәнімен) көтерілуін, және қайтадан жерге түсіп, онда белгілі бір уақыт өмір сүрген соң қайтадан өлуін білдірмейді (анығын Алла біледі)». («Әт-Тафсиру-л-уадих» доктор Мұхаммада Махмуди Хиджазиден, №1 бөлім, 64 бет, Әл-Истиклалда басылған, Каир).
15). Ислам тарихшысы Әбдул Уахаб Әл-Наджар жазады: «Инни мутаваффика…» аяты арқылы : «мен саған толық өмір сүргіземін, және табиғи өліммен өлтіремін» деген мағына түсініледі. («Қасасу-л-әнбийа», 423 бет, Әбдул Уахаб Наджардан, үшінші баслым дару-ль-ахйа, Ат-тараху-л-араби).
16). Аллама Абдулла Синдхи (хижраның 1290-1363 ж.) жазады: «Мутавваффика» «Мумитука» дегенді білдіреді, яғни Мен Саған ажал жіберушімін. Ал Иисустің (Алланың ризалығы болсын) ұзақ өміріне келетін болсақ, ол – йудей ертегілері мен сабийлердің ойдан шығарған тарихтары. Мұсылмандар арасында бұл сенімді османның бүлігінен кейін йудей, әрі сабийлік болып табылатын Ансар Бани Хашим енгізді». («Ильхамур-рахман, фи-т-тафсиру-л-Құран», №1 том, Аллама Абдулла Синдхиден, 240 бет, байту-ль-хикма, кабирвала Мультан).
17). Мауләна Әбдул Калам Азад (хижраның 1305-1377 ж.) былай деген: «Иисустің (Алланың ризалығы болсын) өлімі жайында Құранның өзінде айтылып өтіледі». («Мальфузат-и-азад», Мәулана Мухаммад Аджмаль, 130 бет).
18) «Хаксар» қозғалысының негізін қалаушы Аллама Инаятулла Машрики (хижраның 1306-1382 ж.). «Хазрет Иисустің (Алланың сәлемі болсын) өлімі де «Сені Мен өлімге Әкелушімін! Сондай-ақ, сені Өзіме көтерушімін...» деп Құранда айтылғандай Алланың мәңгілік сүннетіне сәйкес болды». (Тазкира, №1 том, 117 бет, Аллама Машрикиден, «Вакилде» басылған, Амритсар, 1924 ж.).
19). Ұлы набоб Йарджанг Мухаммад Чираг Али Хан былай деп жазады: «Хазрат Иисус (Алланың сәлемі болсын) еш күмәнсіз өлді, ол жөнінде Қасиетті Құран екінші рет хабар береді». («Тазхибу-л-ахлак», №3 том, 184 бет, Мазамин-и-науб-и-а'зам Йарджанг Навлакшвар пресс, Лахор).
20). Основатель движения «Ахл-и-Құран» қозғалысының негізін қалаушы Гулам Ахмед Парвез (хижра 1330-1405 ж.) айтты: «Ол өзіне белгіленген мерзімде өмір сүріп өзге пайғамбарлар тәрізді өлді». (Силсила-и-му'арифу-л-Құран, ш'ола-и-мастур, 180 бет, үшінші басылым).
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден Хазрет Иисустің (Алланың сәлемі болсын) өзіне белгіленген ғұмырын жасаған соң өзге адамдар сияқты қайтыс болғаны белгілі болады. Оның көкке тірілей жасаған «жорығы» бар болғаны иуда-христиандық тарих.
Осылайша біз көптеген ірі мұсылман ғұламаларының бұрын да, қазір де Иисустің өлгендігіне сенетіндігін оқырмандардың білулері үшін мысал ретінде бұрынғы өткен, сондай-ақ қазіргі заманғы мұсылман әлімдерінің Иисустің өліміне қатысты пікірлерін келтірдік. Олар ешқашан Иисустің (Алланың сәлемі болсын) «рекордтық» ұзақ өміріне қатысты пікірді бөліскен емес. («СМЕРТЬ ИСЫ (а.с.) И АВТОРИТЕТЫ И УЛЕМЫ УММЫ»).
Сіздің: «...Пайғамбарымыздан (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) бұл тақырыпқа қатысты көптеген хадистер қалған болар еді. Бірақ, бұл тақырыпта ең болмағанда бір хадис те жоқ» деген сөздеріңіз де жалаң сөздер. Өйткені, Хазрет Исаның (Алланың сәлемі болсын) қартайып табиғи өліммен өлгеніне куәлік ететін Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) хадистері бар.
1). Қасиетті Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) дұғасының нәтижесінде Хазрет Абдулла Ибн Аббасқа (Алла риза болсын) Құранды түсінудің ерекше қабілеті берілді. Ол Әли Имран сүресінің 55 аятындағы «мутаваффика» сөзін «мумтика», яғни «өлім» деп түсіндірді. Соған орай аят «О, Иисус! Шын мәнінде, Мен - сені өлімге Әкелушімін, ...» деп оқылады. («Ас-Сахих әл-Бұхари», «Китаб-ут-Тафсир, Әли-Имран сүресі.)
2). Қасиетті Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) немересі Хазрет Имам Хасан бин Али (Алла риза болсын) Хазрет Әлидің (Алла риза болсын) өлген сәтінде былай деді: «Хазрет Әлидің (Алла риза болсын) жаны Хазрет Исаның (Алла риза болсын) жаны алынған түні, яғни 27 Рамаданға қараған түні алынды». (Табкату-л-кубра Лабен Саад, №3 том, 39 бет, Бейрут).
3). Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) сахабасы Джаруд бин Муъала Хазрет (Алла риза болсын) Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қайтыс болғаннан кейін оның Иисустің (Алланың сәлемі болсын) өлімі жайында айтқан уағызын жеткізді:
«О, адамдар! Мойсей (Алланың сәлемі болсын) жайында қалай куәлік етесіңдер?». Олар: «Ол Алланың Елшісі болды» деп жауап берді. Сонан соң ол: «Иисус (Алланың сәлемі болсын) жайында қалай куәлік етесіңдер?» деді. Олар: «Ол Алланың Елшісі болды» деп жауап берді. Бұған ол былай деді: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммад (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) оның елшісі, әрі құлы...», яғни ол өзіне дейінгі пайғамбарлар тәрізді өмір сүріп, өзге пайғамбарлардың барлығы тәрізді өлді. (Мухтасар Сирату-р-Расул, Аллама Мұхаммад бин Абдул Вахабтан, 187 бет, Бейрут). («СМЕРТЬ ИИСУСА (ас) И ВЫСКАЗЫВАНИЯ СПОДВИЖНИКОВ»).
Сіз Исаның (Алланың сәлемі болсын) орнына басқа адамның асылғаны, және оны Алланың көкке көтеріп оның әлі күнге дейін сонда аман-сау тұрып жатқаны айтылатын бір аят та, бір хадис те келтіре алмайсыз. Өйткені, сіздің айтатындарыңыз мұсылман әдебиеттерінде кейбір ғұламалардың түсіндірмелері түрінде хижраның 7-9 ғасырынан кейін пайда болды. Яғни, бұл әңгімелер Пайғамбардан (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) кейін 700-900 жылдардан соң ғана айтылып, сонан соң ғана тарала бастады.
Ғалым Бақыткерейұлы Сіздің келтірген мақалаңыздағы тізімде ірі муджтахид ғұламалар бір-екеу ғана. Қалғандары жай ғана әлімдер, оның өзінде де санаулы ғана. Ислам тарихында мұндай әлімдердің миллионы болды. Олардың жоғарыдағы пікірлері олардың жеке пікірлері ретінде ғана қабылданады, және ол пікірлер мұндай маңызды мәселеде ешқандай да салмаққа ие емес. Оның үстіне олардың біразы аһли сүннет жамағатына жатпайтын адасқандар.
Енді муджтахидтердің пікірлеріне келсек, ол пікірлер оларға сыртынан таңылған деп ойлаймын. Мысалға, мақалада «...Имам Малик (Алланың ризалығы болсын) оны өлген деп санайды» деп жазылған. Бірақ, «санайды» деген сөз дәлел емес. Бұл жерде Имам Маликтің (Алланың ризалығы болсын) өз сөзін келтірген жөн болар еді.
Енді Хазрет Абдулла Ибн Аббастың (Алла риза болсын) Әли Имран сүресінің 55 аятындағы «мутаваффика» сөзін «мумтика», яғни «өлім» деп түсіндіруіне келсек, сіз айтатындай оған «Құранды түсінудің ерекше қабілеті» берілсе де оның пайғамбар емес екенін ескеру керек. Ол бар болғаны жай сахаба ғана. Демек, оның қателесуге құқығы бар. Сол себепті де оның бұл пікірі оның жеке пікір ретінде ғана қабылдануы тиіс.
Енді Хазрет Имам Хасан бин Алидің (Алла риза болсын) «Хазрет Әлидің (Алла риза болсын) жаны Хазрет Исаның (Алла риза болсын) жаны алынған түні, яғни 27 Рамаданға қараған түні алынды» деген сөзіне келер болсақ, мұнда тікелей «өлім» сөзі емес «жаны алынды» деген сөз қолданылған. Біз жоғарыда жанның біржола, және уақытша алынатынын талқылап өткенбіз. Соған орай біз бұл жерде Хазрет Әлидің (Алла риза болсын) жаны біржола, ал Хазрет Исаның (Алла риза болсын) жаны уақытша алынды деп түсінеміз.
Енді сахаба Джаруд бин Муъала Хазрет (Алла риза болсын) келтірген хадис жайында айтар болсақ, біріншіден оның қай хадис жинағынан екендігі белгісіз, демек, оның сенімділігіне күмәндануға болады. Екіншіден, мен бұл хадистен Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Иисустің (Алланың сәлемі болсын) өлімі жайында айтқан нақты пікірін байқап тұрған жоқпын. Мұнда ол «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммад (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) оның елшісі, әрі құлы...» деген де қойған.
Ал «...яғни ол өзіне дейінгі пайғамбарлар тәрізді өмір сүріп, өзге пайғамбарлардың барлығы тәрізді өлді» деген сөздер болса, меніңше Аллама Мұхаммад бин Абдул Вахабтың түсіндірме ретінде келтірілген жеке пікірі ғана. Егер солай болса оның бұл жеке пікірі мұндай маңызды мәселеде дәлел бола алмайды.
Сіз маған «...сіздің айтатындарыңыз мұсылман әдебиеттерінде кейбір ғұламалардың түсіндірмелері түрінде хижраның 7-9 ғасырынан кейін пайда болды. Яғни, бұл әңгімелер Пайғамбардан (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) кейін 700-900 жылдардан соң ғана айтылып, сонан соң ғана тарала бастады...» дейсіз. Сонда сіз хижраның 7-9 ғасырына дейінгі барлық мұсылмандар Исаның (Алланың сәлемі болсын) өлгендігіне сенді деп білесіз бе? Сонда сіздіңше олар қайта тууға сенген бе?
Егер Иса (Алланың сәлемі болсын) өлсе, онда ол тек бөтен тәнде, бөтен адам болып қана қайтып оралуы мүмкін. Бұл дегеніміз - қайта туу. Бірақ, Мұхаммед Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) да, сахабалар да, және барлық мұсылман ғұламалары да қайта тууға сенбейді.
Мұндай жағдайда егер Иса (Алланың сәлемі болсын) өлген болса, онда оған қайтып оралуға еш мүмкіндік жоқ. Өйткені, оған қайта туу, немесе, ақирет күніне дейін қайта тірілу қажет болар еді. Ал мұсылмандар қайта тууға сенбейтінін жоғарыда айттым. Сондай-ақ, Исаның (Алланың сәлемі болсын) ақирет күніне дейін өліп қайта тірілетіні жөнінде еш жерде айтылмайды.
Сондықтан оның көкке тірі кезінде көтерілгені жөніндегі версияны қабылдауға тура келеді. Тіпті, ол өліп қайта тіріледі дегеннің өзінде де Мирза Ғұламның масих болуы емес. Өйткені, ол кезде масих (мессия) болуы үшін оған Қадияндық Мирза Ғұлам болып туу емес, Иса (Алланың сәлемі болсын) болып тіріліп келу керек болар еді.
Қалай десек те Мирза Ғұламның мессия болуына еш мүмкіндік жоқ. Ал ахмадилердің бар әрекеттері бізге оны масих, яғни қайтып оралған Иса (Алланың сәлемі болсын) ретінде қабылдату үшін жасалып жатқанын ескерсек, онда олардың бұл істеріне әуел бастан күйреу нәсіп етілген. Сондықтан сіз уақытыңызды да, күш-жігеріңізді де босқа сарып етпеңіз!
Самат Ақылұлы Бiрден көрi көп жақсы деп келтiрген мақалыңызға жауап ретiнде, Абай бабамыздың (раа) қара сөзiнен үзiндi: «…көппен бiрге болсақ болады да деген сөздi жұбаныш қылады. Оған Құдай Тағала айтып па, көптен қалмасаң болады деп. Көпке қахарым жүрмейдi деп. Көпке тұзағым жетпейдi деп пе? Ғылым көпке келiп пе? Бiреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бiрден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме?
Жер бiлмеген көп адам адасып жүрсе, бiр жер бiлетұғын кiсiнiң керегi жоқ па екен? Осы көп ақымақтың бiр ақымаққа несi жұбаныш? Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы едi деген жаман күйеу калыңдығын жеңiп пе? Көңiлiн сол сөзi разы кылуға жетiп пе? Ендеше, көбiннен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе?! (Абай. 23 қара сөз)
Сондай-ақ, Абай былай дейді: «Сократқа у iшкiзген, Иоанна Арктi отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенiң жемтiгiне көмген кiм? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жок. Ебiн тап та, жөнге сал. (Абай. 37 қара сөз)».
Абайдың бұл сөздерінен оның да ахмади-мұсылмандар тәрізді басқаны емес Исаның (Алланың сәлемі болсын) өзін креске шегелеген деп санайтынын түсінетін адам түсіне алады. Демек, Абайдың пікірі ахмади мұсылмандарының пікірлерімен сәйкес келеді. Және оның пікірі тірісінде қабілетсіз, надан деп аяусыз сынаған молдалар кастасының пікірлеріне қайшы келеді. Олай болса сізге момын сұрақ, сіз де молдаларға көзсіз сене отырып ұлы ағартушы Абайды да (Алла риза болсын) «бәрінен де жамандардың» қатарына қосасыз ба?
Ғалым Бақыткерейұлы «...Сократқа у iшкiзген, Иоанна Арктi отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенiң жемтiгiне көмген кiм? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жок. Ебiн тап та, жөнге сал...».
Мұндағы Сократ, Иоанна Арк, Ғайса деп келтірген сөздеріне қарағанда Абай атамыздың европалық ой - пікірдің ықпалына түскені байқалады. Сондықтан да ол солардың, яғни христиандардың Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты пікірлерін келтіріп отыр. Негізінде, Абай атамыздың муджтахид (шариғи үкім шығаруға құқылы ғұлама) емес екенін ескерген жөн. 25.02.14.
Төртінші бөлім.
Самат Ақылұлы Онда бірінші кезекте Алланың пікірі, сонан соң Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын), сонан соң сахабалардың пікірі тұр. Егер сіз үшін осынау маңызды мәселеде ол пікірлердің ешқандай салмағы жоқ болса сіздің тақулығыңыз қайда? Аятта ақирет күні Исадан (Алланың сәлемі болсын) ол ширк (Аллаға серік қосушылық) таратты ма деп сұралатыны айтылады. Ол сонда «жоқ, мен олардың араларында болғанда оларға өзім куә болдым, олар оны жасамады, ал мені Өзің «өлтірген» соң оларға Сен Өзің Куәсің. Менен кейін не болғанын мен білмеймін» жауап береді.
Егер соңғы дәуірде сол Исаның (Алланың сәлемі болсын) өзі қайтып оралатын болса, онда ол христиандар арасында ширктің жаппай тарағанын білген болар еді. Сонда ол оған өзінің куә болмағанын, оған тек Алланың ғана куә екенін айтар ма еді...?
Сіз «Естественный смерть Хазрата Исы (ас) сына Мариьм» мақаласынан мынадай хадисті табасыз: «Егер Мұса (Алланың сәлемі болсын) мен Иса (Алланың сәлемі болсын) тірі болғанда олар маған сеніп, менің соңымнан ерген болар еді». (Зургани, VI Бөлім, 54 бет, Тибрани Кабир, Алийауақит Уәл Джавахир, II Бөлім, 23 бет; сондай-ақ, Ибн Касир II том, 245 бет т.с.с.)
Ғалым Бақыткерейұлы Біз жоғарыда бұл жайды талқыладық емес пе. Келтірілген аяттағы «тауаффа» сөзінің мағынасы «жанды алу». Ал жан уақытша, немесе біржола (біздің жағдайымызда ақиретке дейін) алынады. Жан уақытша алынғанда, яғни ұйқы кезінде адам өлмейді. Ал жан біржола алынған кезде адам өлетін болады. Исаға (Алланың сәлемі болсын) жанның уақытша алынуы тән. Сондықтан бұл аят сіздердің пайдаларыңызға дәлел бола алмайды.
(Сол уақта) Алла: «Әй Мәриям ұлы Ғиса! Сен адамдарға Алланы қойып, мені, әрі анамды екі құдай етіп алыңдар деп айттың ба?» дейді. (Ғиса Ғ.С.): «О, Алла! Сені пәктеймін! Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер айтқан болсам онда Сен оны анық білесің. Сондай-ақ, Сен менің ішімдегіні білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толық білушісің» дейді.
Оларға: «Сен маған бұйырғанды ғана, «Аллаға, менің, әрі сендердің Раббыларыңа құлшылық қылыңдар» дегеннен басқаны айтпадым. Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы (куә) болдым. Сен мені алған шақта, оларға өзін бақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің». Құран Кәрім. Маида 5: 116,117.
Бұл аятта Иса (Алланың сәлемі болсын) «...Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы (куә) болдым...» дейді. Бұл жерде ол «олардың араларында болған кезде олардың не істегендерін білдім, ал олардың араларынан кеткеннен кейін олардың істегендерін білмеймін» дегендей біліп, білмеу жайында сөз болып отырған жоқ. Өйткені, Иса (Алланың сәлемі болсын) өзі кеткеннен кейін христиандардың Аллаға серік қосып адасатындықтары жайында білмеуі мүмкін емес.
Бұл жерде, меніңше, «мен араларында болғанда олардың істерін бақылап, қадағаладым, ал олардың араларынан кеткеннен кейінгі істеріне жауап бермеймін» деген жауапкершілік жайында сөз болып отыр. Яғни, Иса (Алланың сәлемі болсын) Алланы қойып, оны, әрі оның анасын екі құдай етіп алған христиандардың істеріне қиямет күніне дейін де, сондай-ақ, қиямет күні де Алланың алдында жауапты емес.
Самат Ақылұлы «Тауаффа» сөзін түрлі мағынада қолданудың белгілі бір ережесі бар. Оны өз қалауыңша ретсіз қолдана беруге болмайды. Олай болғанада жұрттың бәрі түнді күн, күнді түн дей бастар еді... бұлай хаос орнамай ма?
Ғалым Бақыткерейұлы «Егер Мұса (Алланың сәлемі болсын) мен Иса (Алланың сәлемі болсын) тірі болғанда олар маған сеніп, менің соңымнан ерген болар еді». Бұл хадис сахих па? Белгілі хадис жинаушы Бухаридің 700 мың хадистің ішінен тек 7400 хадисті ғана сахих деп санағаны белгілі. Тіпті бұл хадис сахих (сенімді) болғанның өзінде де ол «Егер Мұса (Алланың сәлемі болсын) мен Иса (Алланың сәлемі болсын) қазіргі кезде болғанда олар маған сеніп, менің соңымнан ерген болар еді» деген мағынада айтылған.
Самат Ақылұлы Қасиетті Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Исаның (Алланың сәлемі болсын) «тауаффасына» қатысты оның сол сөзінің өзін қолдануы Исаның (Алланың сәлемі болсын) өз өлімі жайында айтқан сөзінің шын мағынасын көрсетпей ме?... Бұл Исаның (Алланың сәлемі болсын) сөзін Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) өзінің тәпсірлеуі (түсіндіруі). Осының өзі де сіз үшін ешқандай салмаққа ие емес пе?
«Бұл хадис сахих па?» дейсіз. Жарайды, онда сіз Исаның (Алланың сәлемі болсын) абақтының төбесінен көкке тірілей көтеріліп, әлі күнге дейін сонда тірі жүргені айтылатын сахихті былай қойғанда әлсіз хадистің өзін келтіріңіз.
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз ахмадилік әдебиеттерді азырақ оқыңыз, ақиқат онда емес. Алла Тағала көкірек көзіңізді ашсын!
Самат Ақылұлы «Лау каана Муусаа уа Иисаа хиина лимаа уасиъахума иллят-тибааъии» - «Егер Мұса (Алланың сәлемі болсын) мен Иса (Алланың сәлемі болсын) тірі болғанда олар маған сеніп, менің соңымнан ерген болар еді». Қасиетті Мұхаммад Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) үкімі осындай!
Рустам . Толықтай сандырақ! Өзіне қатысы жоқ нәрседен бас тарту адамның Исламды ұстанудың жақсы белгісі.
Самат Ақылұлы «Алла Тағала көкірек көзіңізді ашсын!» Әмин! Ciзге де соны тiлеймiн! Хазрат Ахмад надан молдалардың арасында өршеленген түсінбестік, өшпенділік, қарсылық тудырды Кезінде йудей фарисейлері де (яғни, сол кездің молдалары) Исаны (Алланың сәлемі болсын) солай қарсы алып оған қарапайым халықты айдап салған болатын. Бұл да олардың ұқсастықтары. Мұсылман үмметіне Мариам ұлы Исаның (Алланың сәлемі болсын) келуі дегеніміз осы. Өйткені, олардың тағдырларында, жағдайларында, және оларды қалай қабылдауларында ұқсастық болады... Сіз ойлағандай емес...
Бұл тіке емес ауыспалы мағына. Өйткені, тек дін тақырыптарында ғана емес, өмірде де адамдар теңеулер қолданып жатады. Мысалға, қатігез адамды Сталин деп атаса, физика - математикаға алғыр адамды Эйнштейн, ал ержүрек адамды арыстан дейді. Бірақ, ешкім де оларды Сталин, немесе Эйнштейн деп ойламайды. Сондай-ақ, ержүрек адамның арыстан тәрізді азулары мен құйрығы бар демейді. Бірақ, Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) сөздерінде осындай теңеулер кезескен кезде сіздерде қиындық туындайды... Осы жайында ойланып, Аллаға тәуекел етіп, Одан сұрап көріңіз!
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз сондай қыңыр екенсіз. Осы уақытқа дейін қанша жалған масихтер келді. Сіздің Мирза Ғұламдарыңыздың олардан қай жері артық? Кезекті жалған Масих келген сайын сіз тәрізді көзсіз ілесушілер табылады. Олар оның уәделенген Масих екендігіне көзсіз сенеді, бірақ, ол келгенмен ештеңе де өзгермейді. Дажал өлтірілмейді, жалған масих патшалық құрмайды, жер жүзінде бейбітшілік пен тыныштық орнамайды, және олар Мұхаммад Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) жанына Меккеде жерленбейді.
Нағыз Масихтің келуінің осындай белгілері мен нәтижесі болмайды. Жалған масихтердің бәрі де осылай елеусіз ғана келіп, елеусіз ғана кетеді де адамзаттың 99 пайызы олар жайында білмей қалады. Ұрылар сияқты ұрланып келіп, ұрланып қана кететін, жай ғана кетпей адасқан жандарды өзімен бірге тозаққа ала кететін бұл неғылған масихтер? Сіздің ойыңызша егер біз осынау жалған масих Мирза Ғұламды қабылдамасақ, онда біздің тозаққа лайық адасқандар болғанымыз ба? Қалайша осыншама адасасыздар!
Исаның өзі (Алланың сәлемі болсын) былай деп ескерткен: «Сол кезде сендерге біреу келіп Христос мында, немесе анда десе – сенбеңдер. Өйткені, жалған христостар мен жалған пайғамбарлар шығып мүмкін болса таңдаулылардың өздерін де еліктіру үшін үлкен белгілер мен кереметтер көрсететін болады. Міне, Мен сендерге күнібұрын айттым. (Матвейдің Інжілі 24:23-25).
Осы кезге дейін жалған масихтердің қаншасы келді, әлі де осы Мирза Ғұлам тәрізділердің қаншасы «тұнықты лайлау» үшін келетін болады. Және әрбірі келген сайын оның соңынан тозаққа еріп кететіндер табылып отырады. Алла бізді осындай жалған масихтердің бүлігінен сақтасын! Әмин!
Сіз «...соңғы дәуірде тап сол Исаның (Алланың сәлемі болсын) өзі қайтып оралатын болса...» дейсіз. Сонда тап сол Исаның (Алланың сәлемі болсын) өзі қайтып оралмайтын болғаны ма? Сонда ол өлді де бәрі бітті ме? Сонда ол тек ақирет күні бір-ақ тіріле ме? Сіз не айтып тұрсыз?
Сонда, сіздіңше, Исаның (Алланың сәлемі болсын) қайтып оралуы жайындағы хабарлардың бәрі жалған болғаны ма? Сонда ол Дажалды өлтірілмей ме, патшалық құрмай ма, және Мұхаммад Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) жанына Меккеде жерленбей ме? Сонда мұның бәрі кімге қатысты орындалады? Бұл айтылғандардың Мирза Ғұламға қатысты орындалмағаны анық. Сонда сіздердің бар сандырақтарыңыздың мәні неде?
Сіз «Егер Мұса (Алланың сәлемі болсын) мен Иса (Алланың сәлемі болсын) тірі болғанда олар маған сеніп, менің соңымнан ерген болар еді» деген хадисті келтірдіңіз. Бірақ, бұл хадистің басқа версиясы да бар. Оны Имам Ахмад (Алла риза болсын) өзінің «Муснадында» келтірген.
«Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай деді: «Жаным Алақанында Тұрғанмен ант етемін, егер Мұса (Алла риза болсын) тірі болғанда менің соңымнан ілескенен басқа амалы қалмаған болар еді».
Бұл хадисте өзіңіз көріп отырғандай Иса (Алланың сәлемі болсын) жоқ. Бұл хадис Имам Ахмадтан (Алла риза болсын). Демек, хадистің осы версиясы сахих. Бұл мысал да сіздердің барлық дәлелдеріңіздің өтірікке негізделгендігін көрсетеді.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Біздің қыңырлығымыз Алланың сөздері мен істері болып табылатын Құран, хадистер, бұрынғы Құдай Кітаптары, ғылым, табиғат заңдары, парасатты мағына деп аталатын берік тұғырға орныққан! Алланың сөздері мен істері бір-біріне қайшы келуі мүмкін бе?
Сізден байқалатын қыңырлық болса Құран мен хадистерде анық айтылғандарға көзді тұмшалап қана қоймайды, ғылым мен табиғат заңдарын да жоққа шығарып ой-сананы улайды...
Сіз Құран мен хадистерді артыңызға тастап ақыл-ойлары орта ғасырлық қараңғылық шытырманында қалып қойған сығыр көз молдаларға ілесесіз. Және Исаның (Алланың сәлемі болсын) қайтып оралуы жайындағы талқыланып жүрген сәуегейліктің тікелей мағынада орындалуын бос тілейсіздер, тіпті оның солай болуын Алладан талап етесіздер.
Кезінде йудей схоластары да сіздер тәрізді Исадан (Алланың сәлемі болсын) Илия пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) қайтып оралуы жайындағы сәуегейліктің тікелей мағынада орындалуын талап еткен болатын. Бірақ, Иса (Алланың сәлемі болсын) оларға бұл сәуегейліктің тіке емес ауыспалы мағынада екенін айтты...
Бірақ, саңыр, әрі соқыр тіке түсінушілер Құдай тағайындағанды қабылдамай сол қыңырлықтары мен қарсылықтары үшін жазаланды... Қазір де Исаның (Алланың сәлемі болсын) қайтып оралуының барлық белгілері орындалды, бірақ, саналары уланған, оның үстіне саңыр, әрі соқыр тіке түсінушілер ол белгілерді көрмеді де, білмеді...
Сіз Інжілден Исаның (Алланың сәлемі болсын) сөзін келтіргенде ақиқатты ашуды емес ахмади-мұсылмандардан дауыссыңызды асыруды мақсат еттіңіз деп ойлаймын. Сізге ақиқаттың қажет емес екені көрініп тұр, парасатты мағынадағы дәлелдерге құлақ түрмей бәрін де өзі үшін шешіп қойған адаммен сөйлесу қиын. Сіз осындай Інжіл аяттарын аңқаулықпен Пайғамбарымызға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қарсы дәлел ретінде келтіретін христиандарға ұқсайсыз.
Сол Інжілде Иса (Алланың сәлемі болсын) өзінің екінші келуін ұрының келуіне ұқсатып былай дейді: «...егер қожайын ұрының қай күзетте келетінін білсе онда ол сергек отырып оған үйінің астын қазуға жол бермейтінін сіздер білесіздер. Сол сияқты сендер де дайын болыңдар, өйткені, Адамның Ұлы сендер ойламаған уақытта келеді». (Матвейдің Інжілі 24:43-44
«Құдайдың күні сол (ұры) сияқты түнде келеді». (2 Пет. 3:10). Бұл оның (келуі) белгісіздік түнегімен тұмшаланатынын білдіреді. Егер сәуегейлік тіке мағынасында түсінілетін болса, онда көктен түсіп келе жатқан, және көктің екі аралығында тұрған біреудің мұндай елеусіздігі мүмкін емес...
Соңына ілесушілердің тұтас армиясымен қарсы алынған адамды сақ ұрыға ұқсата алмас едің. Қараңғыда келгені өз алдына ұры өзге кейіпке еніп келеді. Исаның (Алланың сәлемі болсын) солай келуі тиіс. Оның үстіне рухани сол адам болғандықтан (рухани мағынасында Илия болған Иоанн тәрізді) ол бөтен адамның пішінінде болады. Оның осы кейіпке енуіне орай оны сондай ұрыға ұқсатуға болады.
Құдайдың тағайындалушылары келген кезде шайтан қол қусырып отырмайды, ол оларға адамдарды қарсы қойып өшпенділіктің жынойнағын көтереді. Сіз көрсоқырлықтары үшін йудейлердің Исаның аузымен (Алланың сәлемі болсын) қалай айыпталғанын естідіңіз. Ал енді Хазрат Ахмадтың (Алланың сәлемі болсын) өз уақытының көрсоқырлары жайында айтқанын да естіңіз. «Қасиетті Құранда айтылады: «Өздеріне келген елшілердің ешқайсысын да мазақсыз қалдырмайтын құлдарға қандай өкініш» Құран Кәрім 36:30.
Уәделі Мессия Хазрат (Алланың сәлемі болсын) мұнан әрі былай дейді: «Осылайша Алланың Өзі әрбір пайғамбардың күлкі етілетіні жайында айтты. Енді, күтіп тұрған жұртқа қасындағы періштелерімен көктен тәнімен түсіп келе жатқан пайғамбарды кім күлкі етуі мүмкін? Сондықтан дана кісілер уәделі Мессияның физикалық түрде көктен түсуінің жалған таным екенін түсінеді.
Есіңізде сақтаңыз! Ешкім де көктен түспейді. Менімен келіспейтін замандастарымның бәрі де Мариам ұлы Исаның көктен түскенін көре алмай дүниеден өтеді. Сонан соң олардың балалары, және олардың балаларыда өледі... ал Мариам ұлы болса көктен түсе қоймайды. Сонан соң Құдай мұндай күтушілердің жүректерін Крест билігінің мерзімінің өтсе де Мариам ұлы Исаның әлі көктен түспегенін түсінуден туған үрейге толтырады.
Сонда дана кісілер күтуден шаршап өз сенімдерін жоғалтады. Осы күннен бастап үш ғасыр да өтпей жатып мұсылмандар да, христиандар да бұл жалған танымды жиркенішпен лақтырып тастайтын болады. Мен тек тұқым себу үшін келдім. Бұл тұқым менің қолыммен себілді де. Енді ол өсіп, жемісін бере бастайды. Жер бетінде оған бөгет болар күш жоқ».(«Тазкират-уш-шахадатайн» Хазрат Мирза Тахир Ахмад).
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз айтасыз «...Біздің қыңырлығымыз Алланың сөздері мен істері болып табылатын Құран, хадистер, бұрынғы Құдай Кітаптары, ғылым, табиғат заңдары, парасатты мағына деп аталатын берік тұғырға орныққан!...».
Бұл енді әбден сілікпесі шыққан сөз! Сектанттардың бәрі де осылай дейді. Басқа не айтсын? Оларға аяттар мен хадистерді өздерінше бұрмалап түсіндіріп оны ақиқат ретінде ұсынудан басқа не жол бар? Сектанттардың қай-қайсысын тыңдасаң да бәрінің де айтатындары бір сөз, тек солар ғана ақиқатты біледі, тек солар ғана тура жолда! Өкінішке орай, олардың осы қармақтарына түсіп қалатындар бар.
Сіз айтасыз «...Кезінде йудей схоластары да сіздер тәрізді Исадан (Алланың сәлемі болсын) Илия пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) қайтып оралуы жайындағы сәуегейліктің тіке мағынада орындалуын талап еткен болатын. Бірақ, Иса (Алланың сәлемі болсын) оларға бұл сәуегейліктің тіке емес ауыспалы мағынада екенін айтты...». Сіз бұлайша басқа пайғамбарларды Исамен (Алланың сәлемі болсын) салыстырмаңыз. Өйткені, ол әкесіз туылған, сондықтан да ол бөтен адам болып орала алмайды. Оның әкесі де, Мариамнан басқа анасы да болуы тиіс емес. Өйткені, мұндай жағдайда ол Мариам ұлы Иса болмас еді.
Егер қайта туу жайындағы сіздердің сенімдеріңізді қабылдаған жағдайда да оның Исаға (Алланың сәлемі болсын) еш қатысы жоқ. Бұл жағынан алғанда да ол бір рет туылушы. Ол жер бетінде бұрын туылған жоқ, және екінші рет те туылмайды. Оның бір туылымда ғана орындалатын бір ғана миссиясы бар. Ол Мариамнан әкесіз туылды, және ол осы кейіпте ғана өз миссиясын аяқтайды. Мирза Ғұламды бізге «өткізу» үшін ғана бұл шындықты жоққа шығаруға болмайды. Мирза Ғұлам қай өлшеммен алсаң да Исаға (Алланың сәлемі болсын) мүлде маңайламайды.
Мирза Ғұлам Қадиани Иса (Алланың сәлемі болсын) тәрізді өзін туғаннан мессия санаған жоқ. Бұл идея оған кейінен келді. 1881 жылы Суданда өзін «Махдимін» деп жариялаған жалған махди Мұхаммед Ахмед пайда болғаннан кейін ғана оның да махди болғысы келген болуы мүмкін. Оның несі бар? Одан мұның қай жері кем? Оған да неге көрмеске? Содан жалған махди Мұхаммед Ахмедтен кейін тоғыз жылдан кейін, 1890 жылы ол да өзін «Махди» деп жариялады.
Бірақ, оған тек қана махди болу аздық етіп, ол өзін уәделі масих (мессия) етіп жариялады. Бұл да аз көрініп Мұхаммедтен (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) кейін пайғамбар келмейтін болса да ол өзін пайғамбар етіп те жариялады. Оның үстіне ол өзін Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) бурузы етіп ұсынды. Яғни, ахмадилердің түсіндірулері бойынша ол Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) бар қасиеттерін өз бойына қабылдады. Демек, ол сол арқылы Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) өзіне айналды. Бұл аз болса ол өзін Кришнамын деп те жариялады.
Міне, Мирза Ғұлам Қадианидің даңққұмарлығының ауқымы қандай! Болған соң болу керек қой! Осылайша ол бәрінен де, Исадан да (Алланың сәлемі болсын), Мұхаммедтен де (Алланың сәлемі мен рахметі болсын), Махди мен Кришнадан да артық болып шықты.
Өйткені, Иса (Алланың сәлемі болсын) тек Иса (Алланың сәлемі болсын) ғана болды, Мұхаммед те (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) тек Мұхаммед (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қана болды. Махди да тек Махди болса, Кришна да тек Кришна ғана болды. Ал Мирза Ғұлам болса жалғыз өзі әрі Иса (Алланың сәлемі болсын), әрі Мұхаммед (Алланың сәлемі мен рахметі болсын), әрі Махди мен Кришна болды. Демек, ол бәрінен де артық.
Ол неге өзін Алла деп жарияламады екен? Болған соң болу керек қой! Кім білсін, тағы да бес жыл өмір сүргенде ол солай істеген болар ма еді. Оған Мессия болу аздық етті, Мұхаммед (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) болу да оған аз, және Махди мен Кришна болу да оған аз, ол бірден осылардың бәрі болғысы келеді. Міне оның даңққұмарлығы қандай!
Сіз айтасыз «...Ал енді Хазрат Ахмадтың (Алланың сәлемі болсын) өз уақытының көрсоқырлары жайында айтқанын да естіңіз. «Қасиетті Құранда айтылады: «Өздеріне келген елшілердің ешқайсысын да мазақсыз қалдырмайтын құлдарға қандай өкініш» Құран Кәрім 36:30».
Бұл жерде Мирза Ғұлам өзін мүшіріктердің мазағына ұшыраған пайғамбар сезінеді. Бұл өте орынсыз салыстыру. Шын мәнінде ол пайғамбар емес, және оны қабылдамай жатқан мұсылмандар мүшіріктер емес. Өз бағаңды бұлай жасанды түрде көтерудің қажеті жоқ.
Самат Ақылұлы Хазрат Ахмад өзін Қожайынына (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қызмет етіп жүрген Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қызметшісі деп есептеді. Ол өзін ешқашанда онымен тең, немесе артық санаған емес. Сіз оған жала жабудасыз. Мұхаммед (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Хатаман-Набиййн, адамзат үшін эталон, ол кемел жан. Оны шын жүрегімен сүйетін жан, оның әрбір шынайы ізбасары ешқашан ол сияқты бола алмаса да оның дархандығын өзіне қабылдауға тырысады. Егер сіздің жаныңыз мұндай нәзік түсініктен ада болса ол сіздің қасіретіңіз!
Бұрынғы Хазрат Иса (Алланың сәлемі болсын) енді қайтып келмейді, өйткені, ол барлық адамдардың өлгендері тәрізді өлген. Бұл жайында Құран мен хадистерде айтылған, бірақ, сіз оны көзсіз жоққа шығарудасыз. Сіз оны (христиандар тәрізді) құдай санамасаңыз да, оны құдайлық қасиеттермен сипаттаудасыз.
Өйткені, бір адамның ішпей, жемей, баянсыз тәнінің физиологиялық қажеттіліктерін өтемей екі мың жыл бойына тірі жүр деген сенім, бұл - Бірқұдайшылдықтың (Таухид) іргесін қазып жатқан пұтқа табынушылық пен серік қосушылық болып табылады.
Және бұл біздің сүйікті Пайғамбарымыздың, адамзаттың Көсемінің, бүткіл пайғамбарлардың Басшысы - Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) дәрежесін төмендету. Өйткені, мәңгілік өмір сүруге лайықты бір жан болған болса, ол біздің пайғамбар.
Айта кетер жай, христиан миссионерлері Иса (Алланың сәлемі болсын) осы кезге дейін тірі дейтін мұсылмандардың осы бір қате сенімін ептілікпен пайдалануда. Олар «сендердің пайғамбарларың өліп жерге көмілген, ал біздікі болса әлі тірі, құдайдың жанында» деу арқылы Исаның (Алланың сәлемі болсын) дәрежесі Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) дәрежесінен жоғары екендігін дәлелдеуге тырысуда. Бірақ, олардың бұл сенімдері сіздердікі тәрізді бекер.
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз айтасыз «...Хазрат Ахмад өзін Қожайынына (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қызмет етіп жүрген Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қызметшісі деп есептеді. Ол өзін ешқашанда онымен тең, немесе артық санаған емес...». Бірақ, менің бұған күмәнім бар. Шындығында ол өзін одан әлдеқайда жоғары бағалайды.
Өйткені, ол буруз арқылы Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) бар қасиетін бойына қабылдады. Бұл онымен теңесу деген сөз. Оның үстіне ол мессия, әрі махди, және пайғамбарлық дәрежеге де ие. Мұндай жағдайда ол Мұхаммедтен (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) әлдеқайда артық болады. Бұл факт!
Сіз «...бұрынғы Хазрат Иса (Алланың сәлемі болсын) енді қайтып келмейді, өйткені, ол барлық адамдардың өлгендері тәрізді өлген...» дейсіз, егер өлген болса, және енді қайтып оралмайтын болса онда оны неге Мессия (Масих) деп атайды? Ақирет күніне дейін қайтып келетін болғандықтан оны Мессия деп атайды. Сіз болсаңыз ол енді қайтып келмейді дейсіз. Демек, сіздің пікіріңізше Мариам ұлы Иса (Алланың сәлемі болсын) Мессия емес болғаны. Сіз өзіңіздің не айтып тұрғаныңызды түсінесіз бе? Сіз өз өтірігіңізде тым артыққа кеттіңіз.
Сіз айтасыз «...бір адамның ішпей, жемей, баянсыз тәнінің физиологиялық қажеттіліктерін өтемей екі мың жыл бойына тірі жүр деген сенім, бұл - Бірқұдайшылдықтың (Таухид) іргесін қазып жатқан пұтқа табынушылық пен серік қосушылық болып табылады...».
Кеһф сүресінде қашқындардың үңгірде 309 жыл бойына ұйықтағандары айтылады. Олар сіз айтатындай «...ішпеді, жемеді, баянсыз тәндерінің физиологиялық қажеттіліктерін өтемеді...». Бірақ, сонда да олардың өлі емес тірі болғандықтарына біз сенеміз. Сіздіңше сонда біз Аллаға серік қосып Бірқұдайшылдықтың (Таухид) іргесін қазып жатқан боламыз ба?
Сіз «...бұл біздің сүйікті Пайғамбарымыздың, адамзаттың Көсемінің, бүткіл пайғамбарлардың Басшысы - Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) дәрежесін төмендетеді...» дейсіз. Бұлай Мұхаммед пен (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Исаны (Алланың сәлемі болсын) бір-біріне қарсы қоюдың қажеті жоқ.
Олардың әрқайсысының Алланың жанында өз дәрежелері бар. Оларды біздің дінаралық бәсекемізге араластырудың қажеті жоқ. Біз кімнің пайғамбары артық деп таласып олардың дәрежелерін салыстыратын, сол үшін уайымдап, сол үшін ашуланатын бала емеспіз. Біз үшін, мұсылмандар үшін олардың екеуі де қымбат. Біз олар бірдей сүйіп, бірдей құрмет тұтамыз!
Егер Мұхаммед Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) өліп жерге көмілсе, ал Иса Пайғамбар (Алланың сәлемі болсын) көкте тірі болса оның біз үшін несі қорлық? Олардың екеуі де біздің пайғамбарларымыз. Олардың әрқайсысы да өздеріне Алла жүктеген миссияларын орындады.
Негізінде олардың екеуі де қазіргі кезеңде көкте, яғни Алланың жанында. Олар өлді, өлмеді деген сөздер тек олардың тәндеріне ғана қатысты айтылатын сөздер. Демек, «сендердің пайғамбарларың өліп жерге көмілген, ал біздікі болса әлі тірі, құдайдың жанында» деген сөздер бекер сөздер.
Егер Иса (Алланың сәлемі болсын) қазір Алланың жанында деген христиандардың сөздері сіздерді қап-қара қызғанышпен ызаландырады екен, демек, сіздер мұсылман емессіздер. Өйткені, мұсылмандар Иса Пайғамбарға (Алланың сәлемі болсын) олай қарамайды. Өйткені, ол да Алланың Пайғамбары, және Масих (Мессия). 03.03.14.
Бесінші бөлім.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Қасиетті Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дейді: «Ля Махди илла Иса», яғни, «Исадан басқа Махди жоқ». (Ибн Маджа). Яғни, олар бір адам. Ол әрі Махди (Алла Жетелеуші), әрі Масих (пайғамбар мәртебесіне Таңдалған). Бұл атаулар олардың тұлғалық емес, символдық атаулары. Бір адамдарды басқа бір есімдермен атаудың мысалдары дінде жеткілікті. Біздің Пайғамбарымыз да (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) солай еткен. Ол Муслимнің «Сахихінде» болашақ Масихті «НабиУллах» деп атаған. Яғни, ол Алланың Пайғамбары болып келеді.
Ал сол баяғы Назареттік Иса (Алланың сәлемі болсын) болса қарапайым адамдар тәрізді өлген. Құранда мұны бірнеше рет қайталайды, бірақ сіз Құранның бұл үгітіне соқырлық танытасыз. Исаның (Алланың сәлемі болсын) ОСЫ КЕЗГЕ ДЕЙІН ТІРІ екендігіне сену – бұл пұтқа табынушылық. Өйткені, сіз оны ерекше адам етіп, сол арқылы христиандық ширкті қолдап, оның «отына май құюдасыз».
Христиандардың сендердің бұл пұтқа табынушылық сенімдеріңізді ептілікпен пайдаланулары үшін осы да жеткілікті. Өкінішке орай, көптеген ақкөңіл мұсылмандар христиандардың осындай қулықтарына арбалып христиан дінін қабылдады.
«Үңгір адамдары» сіз үшін дәлел бола алмайды. Өйткені, христиандардың 300 жыл бойына өздерінің Бірқұдайшылық сенімдері үшін рим императорлары мен мүшіріктер тарапынан қаталдықпен қудаланғандары белгілі тарихи факт. Бұл қудалау үзілістермен император Константиннің кезіне дейін жалғасты.
Осынау жан төзгісіз қатыгез, адамшылыққа жат қудалаудан қашқан шарасыз христиандар Рим, Александрия маңынан, және басқа да жерлерден табылған катакомбаларды паналады. Олар сыртқы дүниеден қол үзіп осыншама (300 жылдай) уақыт осы катакомбаларда өмір сүрді. Міне, осы жай Құранда идеоматикалық стилде баяндалған.
Hayat Ismatulla Ғалым Бақыткерейұлына Тайфтың тұрғындарының Пайғамбарды (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) таспен атқылап Оны қаладан қуулары қорлау емес пе? Немесе, Қағбада сәжде жасап жатқан Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) үстіне мүшіріктердің түйенің ішек-қарынынын қоюлары қорлау емес пе? Сол кезде Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) ішек-қарынның салмағынан тұра алмай жатқанда, бақытына орай, жақын жерде оның қызы болып ол әкесінің ішек-қарыннан құтылуына көмектесті.
Ғалым Бақыткерейұлы Hayat Ismatullaға Тайфтың тұрғындарының Пайғамбарды (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) таспен атқылап қаладан қууын қорлаудан көрі қауіп төндіру деген дұрысырақ болар. Ал мүшіріктердің сәжде жасап жатқан Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) үстіне түйенің ішек-қарынынын қоюлары, әрине, қорлау болды. Бірақ ол қорлықты христиандар мен ахмадилер Исаға (Алланың сәлемі болсын) таңатын «айқышқа асылу» масқаралығымен еш салыстыруға келмейді.
Сәжде жасап жатқан Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) үстіне түйенің ішек-қарынынын қойған кезде, меніңше мүшіріктер оның намазын бұзғылары келді. Бірақ, Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) сонда да намазын үзбестен Аллаға құлшылық ете берді. Ол үсіндегі ішек-қарынды оп-оңай ғана лақтырып тастай алатын еді, бірақ ол ештеңеге де қарамастан сәждеге барған қалыпында қала берді. Осылайша ол бұл жағдайда да жеңімпаз болып шықты!
Ғалым Бақыткерейұлы Самат Ақылұлына Уағалайкум ассалам! Сіз ««Исадан басқа Махди жоқ» дейсіз. Тіпті, солай болғанның өзінде де оның Мирза Ғұлам Қадиани үшін еш пайдасы жоқ. Өйткені, сахих хадистерде Махдидің Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) ұрпағынан болатыны айтылады. Және ол жеті жыл билік құрады.
Абу Са'ид Әл-Худри (Алла риза болсын) Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дегенін хабарлайды: «Менің Үмметімнің соңғы күндерінде Махди келеді. Алла оған жаңбыр жіберіп, жер өз жемістерін береді. Ол көп ақша таратып, үй малдары көбейеді... Ол жеті, немесе сегіз жыл билік құрады». (Әл-Хаким).
Абу Са'ид Әл-Худри (Алла риза болсын): «Алланың Елшісі (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай деді: «Махди Менің ұрпағымнан болады. Биік маңдайлы, ұзын, жұқа, дөңес мұрынды. Ол жер бетін (бұрын) езгі мен әділетсіздік қалай толтырған болса, солай адалдық пен әділдікке толтырады. Және ол жеті жыл бойына билік құрады»». (Әбу Дәуд; Әл-Хаким).
Әли (Алла риза болсын) айтады: «Алланың Елшісі (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай деді: «Махди - біздің біріміз, менің отбасымның мүшесі. Алла оны түндердің бірінде әкеледі»». («Муснад». Ахмад)
Умм Сәлама (Алла риза болсын) айтады: «Алланың Елшісі (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай деді: «Махди менің отбасымнан, Фатиманың балаларынан болады»». (Әбу Дәуд, Ибн Маджа).
Ал Мирза Ғұламның Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) ұрпағынан емес екені белгілі. Және ол өзін уәделі масих етіп жариялағаннан кейін он сегіз жыл өмір сүрді. Әрі ол мұсылмандаға билік те жүргізген жоқ. бұл жерде ештеңе де сәйкеспейді, бірақ сіздер сонда да оның Махди екендігіне сенімдісіздер.
Сіз «Исадан басқа Махди жоқ» дейсіз. Бірақ, сахих хадистер бойынша Иса (Алланың сәлемі болсын) мен Махдидің айырмашылықтары бар. Иса (Алланың сәлемі болсын) Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) ұрпағынан болмайды, ол көктен түседі. Және Махди сияқты жеті жыл емес, қырық жыл билік құрады.
Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дейді: «Менімен оның (Исаның (Алланың сәлемі болсын)) арасында басқа пайғамбар болмайды. Шын мәнінде ол келеді. Ол келгенде оны танитын болыңдар! Ол орта бойлы, аздап қоңырқайлау келген ақ өңді. Оның үстінде сарыға боялған екі киімі болады. Тіпті, жауын жаумаса да оның шашынан су тамшылап тұрады. Ол адамдармен Ислам үшін шайқасады. Ол Дажалды (Антихрист) өлтіріп жер бетінде қырық жыл тұрады. Сонан соң ол өліп, оны мұсылмандар жерлейтін болады». (Бұхари, Муслим, Әбу Дәуд, және Тирмизи).
Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дейді: «Менің өміріме билік ететін Алланың атымен ант етемін, Мариам ұлының әділ билеуші болып сендерге түсетін уақыты таяу. Ол сенімдегі дінбұзушылықтарды түзетеді, шошқаны өлтіреді, христиандар мен мұсылмандарды ортақ сенімде біріктіреді, жизиені (мұсылман еместерге салынатын салық) алып тастайды, оның уақытында байлықтың молаятыны соншалықты оған ешкім де ұмтылмайтын болады». (Сахих Муслим, 6/532)
Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дейді: «Менің жаным билігінде тұрған Раббымның атымен ант етемін, Мариам ұлы Исаның (Алланың сәлемі болсын) адамдарға әділ билеуші ретінде (көктен) түсетін уақыт жақын...». (Бұхари, Муслим, Әбу Дәуд, Тирмизи).
Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дейді: «Иса (Алланың сәлемі болсын) көктен түседі; олардың (мұсылмандардың) басшысы оған былай дейді: «Кел, біздің Имамымыз бол, біздің намазымызды басқар!». Сонда Иса: «Сіздердің араларыңызда өз Имамдарың (Махди) бар. Бұл осы үмметке деген Алланың Мейрімі» дейді. (Муслим)
Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дейді: «Раббымның атымен ақиқатты айтамын, Мариам ұлы Иса (Алланың сәлемі болсын) (көктен) түседі, игі қазы, әділ билеуші болып түседі...». (Муслим).
Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) былай дейді: «Егер қазір араларыңда өз іштеріңнен шыққан Имамдарың болып, жақсылықта өмір сүріп жатсаңдар, Мариам ұлы (Алланың сәлемі болсын) сендерге (көктен) түскен кезде өмірлерің қандай болады?». (Бұхари, Муслим, Байхақи).
Міне, Иса (Алланың сәлемі болсын) жайында қанша сахих хадис бар. Және барлық хадистерде де Иса (Алланың сәлемі болсын) мен Махди (Алла риза болсын) екі бөлек адамдар. Енді, біз кімге сенуіміз керек? Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) ма, әлде Мирза Ғұламға ма?
Құранда Исаның (Алланың сәлемі болсын) өлгеніне дәлел жоқ. Мирза Ғұлам Қадиани аяттарды өз тарапынан өрескел түрде бұрмалап түсіндіреді. Сіздер болсаңыздар оның түсіндірмелеріне көзсіз сенудесіңдер. Енді, Мирза Ахмад неліктен Исаны (Алланың сәлемі болсын) айқышқа асты деген сауалға жауап іздеп көрелік.
Біріншіден, ол сол арқылы христиандардың назарын өзіне аударғысы келеді. Егер ол «Иса (Алланың сәлемі болсын) айқышқа асылмаған» десе, онда христиандар оны мүлде тыңдамаған болар еді. Ол болса «ия, сендер дұрыс айтасыңдар, Иисус айқышқа асылды» деп қулыққа жүгіне отырып олардың іш-бауырларына енеді.
Екіншіден, Үндістанның Кашмир штатындағы Срингар қаласында, атақты «Розабал» кесенесінде «Йүз Асаф» деген кісі жерленген. Міне, осы Йүз Асафты Мирза Ғұлам Иса (Алланың сәлемі болсын) ретінде ұсынады. Өйткені, оның құлпытасында терең жарақаты бар табанның таңбасы бар. Сол себепті де ол кезінде айқышқа асылған деген болжам жасалады.
Міне, осы Йүз Асафты Иса (Алланың сәлемі болсын) деп жариялау үшін Мирза Ғұламға Исаны (Алланың сәлемі болсын) айқышқа асуға тура келді. Өйткені, оның жарақаты Йүз Асафтың құлпытасындағы жарақатпен сәйкес келуі тиіс. Сол себепті Мырза Ғұлам солай істеді. Ол аяттың «оны аспады» деген айқын мағынасына қарамастан Исаны (Алланың сәлемі болсын) айқышқа асып қойды.
Ал Мирза Ғұлам Исаны (Алланың сәлемі болсын) неге айқышта өлтірмеді, оны неге басқа жерге емес Үндістанға жіберіп «Розабал» кесенесіне жерледі? Бұл оған өзін қайта туылған Иса (Алланың сәлемі болсын) ретінде жариялау үшін қажет болды. Өйткені, Уәделі Мессия Исаның (Алланың сәлемі болсын) қайтыс болған жерінде туылса бұл өте сенімді көрінер еді. Сонымен, Иса (Алланың сәлемі болсын) Үндістанға барып сонда өлді де, осы жерде Мирза Ғұлам Қадиани болып қайта дүниеге келді.
Ал Мирза Ғұламға Исаны (Алланың сәлемі болсын) өлтіру не үшін қажет болды? Егер ол өлмеген жағдайда Мирза Ғұламға мессия болудың еш мүмкіндігі қалмас еді. Өйткені, ол кезде Исаның (Алланың сәлемі болсын) өзі көктен түсетін болады. Ол осылайша көктен өзі түспес үшін Мирза Ғұлам оны «өлтірді» де біржола жерлеп тастады. Қазақ айтады ғой «біреу өлмей біреуге күнкөріс жоқ» деп. Міне, Мирза Ғұлам жұртқа өзін мессия ретінде қабылдату үшін осындай қулықтарға жүгінді. Және бұл тұрғыдан алғанда оның жолы болды. Оның ертегілеріне сенетін адамдар табылуды.
Енді, үңгірді паналаған қашқындар жайында айталық. Сіз Мирза Ғұламның ертегілерін емес Құранның өзін оқыңыз. Онда ол қашқындардың үңгірде ұйықтап 309 жылдан кейін оянғандары анық айтылады. Егер олар сіз айтатындай жай ғана тығылған болса осыншама ұзақ өмір сүрмеген болар еді.
Сіз тек өз әдебиеттеріңізді ғана оқисыз, және ондағы тәлімгерлеріңнің ұсынғандарын ақиқат ретінде еш күмәнсіз қабылдай бересіз. Ал олар болса шындықтың өңін айналдырып ұсынуды жақсы меңгерген. Менің оған көзім жетті. Мен Мирза Ғұламды жете бағаламаған екенмін. Ол адамдардың ақыл-естерін жаулауды жақсы меңгерген.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум уа Рахматуллах! Болашақ Мессияға қатысты хадистерге біз әлі қайтып ораламыз. Бұл хадистердің бәрі Мирза Ғұлам Ахмадиге (Алла риза болсын) де сәйкес келеді. Бізге бәрі жан-жақты түсіндірілген сілтемелерді тастауға да болар еді, бірақ ең дұрысы әрбір хадисті туындайтын ұсақ-түйектерімен қоса кезекпе-кезек талдап, түбегейлі түсіну. Әйтпесе, хадистерді үстірт көзқараспен шашқылау Қасиетті Пайғамбарды (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) силамағанмен бірдей болар еді.
Ақылға қонбайтын қисынсыз нәрселерге сенбе, ақымақ болма - деп едi Шәкәрiм бабамыз (Алла риза болсын). Адам өзінің жер бетілік ғұмырын өткізіп, қайтыс болып, Құдайдың барлық ізгі құлдары тәрізді жанымен Өзінің Құдайына көтерілуі ертегі ме? Әлде барлық адамдар тәрізді өлу мен оның өлімі жайындағы Алланың аяттарын айналып өту ертегі ме? Ол аяттарды сіздердің өздеріңіз ешқандай негізсіз өңін айналдырып түсіндіресіздер! Егер мұнымен келіспесеңіз (сөздіктер мен тіл грамматикасында бұл сөзді қолдануға қатысты қандай ережелердің бар екені арқылы) өз дәлелдеріңізді келтіріңіз.
Сіздер неге бір сөзді Иса (Алланың сәлемі болсын) мен басқа адамдарға қатысты әртүрлі мағынада түсіндіресіздер? Сіз сонда басқа тақырыпқа секкіріп қашып кеттіңіз де мен сізді түсінігі бар адам санап тақақтамаған едім. Өз сөздеріңізде жалаңсөзді емес орнықты болыңыз.
Екіншіден, ол табиғаттың барлық заңдарын айналып өтіп баянсыз тәнімен көкке ұшып кетті, міне 2000 жыл өтсе де ол әлі тірі, ішпей, жемей, баянсыз тәнінің физиологиялық қажеттіліктерін өтемей Алланың жанында отыр. Және ол антикалық мифтердің кейіпкері тәрізді көптеген періштелердің қоршауында (тікелей мағынасында) көктен түседі. Ал сіздер болсаңыздар бәріңіз «ақыры түсті-ау!» деп қуанып, оны қол шапалақтап «уралап» қарсы аласыздар. Кез келген түсінігі бар адамға осы екі түсініктің қайсысының шындық, ал қайсысының ертегі екендігі түсінікті. Сіздер оны ЕРЕКШЕ АДАМ еттіңіздер.
Сіздер оны ЕРЕКШЕ АДАМ еттіңіздер. Өйткені, оны ешбір адам ие болмаған сипаттарға ие еттіңіздер. Бұл сипаттар Құдайлық болмысының тіректерінің бірі ретінде тек Аллада ғана бар. ОЛ ТІРІ – деген сенімнің ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛЫҚ түсінік екенін сіз қалай ұқпайсыз? Бұл ШИРК, аз да болса Алладан қорықсаңызшы! Ең болмаса дұға етіп бұл жайында Алланың Өзінен сұраңыз..., Ол Өзінің ықыласты құлдарының сұрақтарын жауапсыз қалдырмайды!
Ғалым Бақыткерейұлы «...Сіз сонда басқа тақырыпқа секкіріп қашып кеттіңіз де мен сізді түсінігі бар адам санап тақақтамаған едім. Өз сөздеріңізде жалаңсөзді емес орнықты болыңыз...» дейсіз. Мен қай жерде қашып кетіп едім? Есіме салыңыз, Алланың жәрдемімен жауап беруге тырысып көрейін.
Және сіз айтасыз «...Иса (Алланың сәлемі болсын) табиғаттың барлық заңдарын айналып өтіп баянсыз тәнімен көкке ұшып кетті де, міне 2000 жыл өтсе де ол әлі тірі, ішпей, жемей, баянсыз тәнінің физиологиялық қажеттіліктерін өтемей Алланың жанында отыр...». Мұның таңғалатын несі бар? Сонда сіз Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Миғражына сенбейсіз бе? Ол көкке тірі кезінде ме, әлде өлген соң көтерілді ме?
Егер ол көкке тірі кезінде көтерілсе, онда Исаның да (Алланың сәлемі болсын) көкке тірілей көтерілгеніне неге сенбеске? Алла үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Сіз мұндай нәрселер жайында адамның ақылы мен адамның өлшеміне салып ойламаңыз. Егер біз Исаның да (Алланың сәлемі болсын) Мұхаммед Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) тәрізді көкке тірі кезінде көтерілгеніне сенетін болсақ оның несі ширк? Мұнда ерекше адамға тән ештеңе де жоқ.
Hayat Ismatulla Ғалым Бақыткерейұлына Сіз «...Егер Мариам ұлы Иса көктен түспей Мирза Ғұлам болып туылса, онда оны қалайша Мариамның ұлы деп атауға болады...» дейсіз. Меніңше, сіз Ахмадилік сенімді дұрыс түсінбегенсіз. Ахмадилік сенім бойынша Иисус шамамен алғанда 120 жасында табиғи өліммен өлген (оның жасы жайындағы хадисті төменде келтіремін). Және ол ешқашан Мирза Ғұлам болып та, немесе басқа біреу болып та қайта тумайды. Ол Иисус Мирза Ахмадтың кейіпінде қайта туған жоқ. Ол өзінің жер бетіндегі миссиясын аяқтаған.
Бірақ, Алланың Елшісі (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) имам Махдиге - Масих ибн Мариам деген лақап есім берді. Мариам – күнәсіздік символы. Осы күнәсіздік имам Махдиді Масих деңгейіне көтерді. Ибн Мариам деген сөз міндетті түрде ол Мариамның ұлы болады дегенді білдірмейді.
Өзінің дұшпандарының бірін Пайғамбар Әбу Джахл (надандықтың әкесі) деп атады. Яғни, бұл оның ұлы «надандықтың өзі» деген сөз, бірақ Әбу Джахлдың ұлы - Икрама ибн Әбу Джахл Ислам дінін қабылдады. Егер Әбу Джахлге Пайғамбардың берген лақап есімін тіке мағынасында түсінсек, онда Әбу Джахлдың ұлының Исламды қалай қабылдағаны түсініксіз!
Бұл кісіні Әбу Джахл деп атай отырып Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) оның ұлының емес өзінің қасиетін меңзегені анық. Сол сияқты, имам Махдиді Мариам ұлы дей отырып Пайғамбар Махдидің анасының есімін емес, оның өз қасиеттерін меңзеді.
Енді Исаның (Алланың сәлемі болсын) жасы жайындағы хадисті келтірейік. Қайтыс болар алдында Мұхаммед Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Жебрейілдің Өзіне мынаны жеткізгенін айтады: «Пайғамбар өзінен бұрынғы Пайғамбардың жарты жасын жасайды».
Мұнда Жебрейіл мысал түрінде Пайғамбарға Оның қайтыс болар күні таяу екенін ұқтырады. Және мұнан Иисустің 120 жыл жасағаны белгілі болады. Сондай-ақ, бұл хадисте тек Мұхаммед пен Иса жайында ғана айтылғанын түсіну қажет. Исаға дейінгі Пайғамбарларға бұл мысалдың қатысы жоқ. 06.03.14.
Алтыншы бөлім.
Ғалым Бақыткерейұлы Hayat Ismatullaға Исаның (Алланың сәлемі болсын) өз миссиясын аяқтамай тұрып өлуі мүмкін бе? Оның миссиясы – ақирет күні келер алдында патшалық құру. Сондықтан да ол мессия аталады. Мессия – патшалыққа таңдалған (помазанный) дегенді білдіреді. Сіздер болсаңыздар оны өлтіріп патшалығынан біржола айырдыңыздар да оның мессиялығын Мирза Ғұлам Ахмадиге алып бердіңіздер. Ал ол болса мүлде патшалық құрмады. Мирза Ғұлам – (патшалыққа таңдалған) Мессия, бірақ патшалық құрмаған Мессия. Бұл ақылға қонбайтын нәрсе. Мұның өтірік екені анық көрініп тұр. Бірақ, сіздер оны көрмейсіздер! Мүмкін, көргілеріңіз келмейтін болар?
«Пайғамбар өзінен бұрынғы Пайғамбардың жарты жасын жасайды». Бұл хадистің жалған хадис екені анық. Сіз бұл хадистің қайдан екенін, және оның сенімділік дәрежесінің қаншалықты екендігін көрсеткеніңіз дұрыс болар еді. Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) 63 жыл өмір сүргені белгілі. Олай болса, Иса (Алланың сәлемі болсын) 120 жыл емес, 126 жыл өмір сүрген болады. Бұл санды дөңгелектеп алсақ 130 жыл болады. Демек, Иса (Алланың сәлемі болсын) 120 емес, 130 жыл өмір сүрген болып шығады.
Егер Иса (Алланың сәлемі болсын) көкке көтерілмей бір жерде 120 жыл өмір сүрген болса, және ол енді қайтып оралмайтын болса, онда бұл жай Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) көптеген хадистерінде көрініс тапқан болар еді. Бірақ, ондай хадистер мүлде жоқ! Демек, Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) олай деп санамаған. Демек, мұның бәрі де өтірік!
Hayat Ismatulla Сіз «...Мұның таңғалатын несі бар? Сонда сіз Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Миғражына сенбейсіз бе?...» дейсіз. Миғраж да Исаның (Алланың сәлемі болсын) өлгендігін дәлелдейді. Өйткені, Мұхаммед (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Миғражда Исаны (Алланың сәлемі болсын) қайтыс болған Пайғамбарлардың арасынан көрген. Және Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Миғражда басқа Пайғамбарлардың тәні жоқ та тек Исаның (Алланың сәлемі болсын) ғана тәні бар деп те айтқан емес. Оның үстіне тәнсіз адамдарға арналған орында (көкте) тәні бар адамның қалай өмір сүруі мүмкін?
Исраға, және Миғражға біздің Пайғамбарымыздың тек жаны ғана көтерілді, ал тәні болса жерде қалды. Яғни, ол тек көрініс болды. Бұл жайында Құранда, және Бухаридің Хадисінде айтылған. Құранда, Исра сүресінде былай делінген: «(Мұхаммед Ғ.С. ) бір кезде саған: «Негізінде, Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткен көріністі адамдарға бір сынақ қылдық...» Құран Кәрім 17:60.
Көрініс дегенде Исра оқиғасы меңзеледі дегенді қайдан алдыңыз деп сұрайтын болсаңыз, Бұхариде осы аятты түсіндіретін хадис бар. «(Мұхаммед Ғ.С. ) бір кезде саған: «Негізінде, Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткен көріністі адамдарға бір сынақ қылдық...»». Алла Тағаланың осы сөзі жайында Ибн Аббас (Алла риза болсын) былай деді: «Бұл Алланың Елшісі (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) түнде Иерусалимге апарылғанда оның көзіне көрсетілген көрініс болды». (Бұхари 1514 (3888).
Сондай-ақ, мұның тәнмен емес жанмен орындалған оқиға екендігі Миғраж жайындағы хадистен анық белгілі. Мысалға, Жебрейіл Пайғамбардың жүрегін алып оны білім суымен толтырғаны айтылады. Ол жүректің рухани жүрек екені анық. Өйткені, материалдық жүрек тек қан айдайды. Оның ішінде білім болмайды.
Миғраж оқиғасына назар аударыңыз, оның бәрі жан арқылы жүзеге асқан көрініс, тән арқылы мұндай істердің орындалуы мүмкін емес. Мысалға, Пайғамбардың Өзі «қарапайым діндар жеті қабат көкте» деп айтқан, сонда Ол бір көктен екінші көкке қалай өтті? Өйткені, діндардың тәні осында қалған болатын!
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке тәнімен көтерілуі табиғат заңына да, сау ой-санаға да қайшы келеді. Табиғат заңдарын Алла жаратты, бұл Оның Ісі. Сондай-ақ, Қасиетті Кітаптар мен Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) аузынан шыққан сәуегейліктер де – Алланың Сөздері болып табылады. Алланың Істері Оның Сөздерінен алшақ кетуі мүмкін емес! Бұл бұлжымас Аксиома! Мұсылман ретінде сізден өтінеріміз, Алланы жақсы емес кейіпте көрсетудің қажеті жоқ!
Иса (Алланың сәлемі болсын) осы кезге дейін тірі, әрі аман-сау деп есептеу – ол ширк (яғни, сіз оны құдайлық қасиеттерге ие етудесіз). Алла Тағаланың Өзі былай деген: «Сондай Алладан басқа жалбарғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олардың өздері жаратылғандар. Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ, қашан тірілтіле тіндерін білмейді». Құран Кәрім. Нахыл. 16:20,21.
Хазрат Иса да (Алланың сәлемі болсын) христиандардың Алладан өзге құдай санап жалбарынатындарының бірі. Демек, аят бойынша ол да өлі. Егер Қасиетті Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Миғраж кезінде Өзінің физикалық тәнімен көтерілген болса, онда ол Құдайды өзінің физикалық көзімен көрген болар еді.
Бірақ, Қасиетті Құран мен хадистерде оның Құдайды жүрегі арқылы көргендігі айтылады (яғни, бас көзiмен емес, көкiрек көзiмен көрді). «Оның көзінің көргенін жүрегі жалғанға шығармады». Құран Кәрім. Нәжім. 53:12. «Ибн Аббас (Алла риза болсын) Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Алланы жүрегі арқылы екі рет көргенін айтады». (Муслим, Китаб-ул-Иман).
Бұхари еске салатын келесі хадис Миғраж саяхатының рухани түрде болғанын кесімді түрде дәлелдейді. Бұл хадистің басында Қасиетті Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Қағбада ұйықтағаны, және оянған кезде де Қағбада болғаны айтылады. Бұл жағдай Миғраж көрінісі кезінде оның көздері ұйықтап, бірақ жүрегінің ұйықтамағанын байқатады. «Ол Қағбада ұйықтады ... Оның жүрегі ұйықтамады, бірақ көздері ұйықтады ... оянған кезде ол әлі де Қағбада болды». (Бұхари, Китаб-ул-Tаухид). 25 сентябрь 14:50.
Ғалым Бақыткерейұлы Мен Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Миғражға тәнімен көтерілді деп айтып па едім? Оның тәні тірі кезінде рухы көкте болды. Сол сияқты Исаның да (Алланың сәлемі болсын) рухы тәнін тірі күйінде уақытша қалдырып көкке көтерілді. Сол себепті де Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Миғраж кезінде оны Пайғамбарлар (Алланың сәлемі болсын) арасынан тәнімен көре алмады.
Ал Исаның (Алланың сәлемі болсын) тәнінің қайда екені бір Аллаға аян. Егер жындардың кәдімгі матералдық денеде көрініп қайтадан ғайып болатынын ескерсек, Исаның да (Алланың сәлемі болсын) тәнін сол сияқты жасыру Алла үшін еш қиын емес. Көктен түсетін кезі келгенде Исаның (Алланың сәлемі болсын) рухы Миғраждан кейінгі Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) рухы тәрізді өзінің тәніне қайтып оралады да, тән өз ұйқысынан оянады.
Сіз Иса (Алланың сәлемі болсын) көкте жүргеніне 2000 жыл болды деп ойлайсыз ба? Сіз көктегі уақыт өлшемінің басқа екендігін ұмытпаңыз. Алланың жанындағы бір күн біздің мың жылымызға тең. Демек, Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкте жүргеніне бар болғаны екі-ақ күн болды. Егер оның тәні төменгі көкте, немесе көктің табылдырығында қалған болса, онда ол да физикалық қажеттіліктерін өтеуге соншалықты мұқтаж бола қоймайды. Бар болғаны екі-ақ күн! Ал сіздер болсаңыздар соншалықты мазасызданудасыздар. 26 сентябрь 13:09.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Мұсылмандардың ішіндегі біздің көптеген қарсыластарымыз Мұхаммед Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) көкке өзінің тәнімен көтерілді дей отырып, оның миғражын Исаның (Алланың сәлемі болсын) тәнмен көтерілуінің дәлелі ретінде келтіретінін біліп сіз таңғалар едіңіз.
Ал оларға Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) көкке тәнімен емес рухани түрде көтерілді, оған Құран мен Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) хадистерінде айқын дәлелдер бар десең, олар мұны кезекті дінбұзушылық ретінде қабылдайды. Аллаға мадақ, біз мұнда ортақ пікірге келген тәріздіміз!
Сіз «тауаффа» сөзіне тафсир (түсіндірме) ретінде былай деп жорамал жасайсыз: «...Исаның (Алланың сәлемі болсын) тәнінің қайда екені бір Аллаға аян. Егер жындардың кәдімгі матералдық денеде көрініп қайтадан ғайып болатынын ескерсек, Исаның да (Алланың сәлемі болсын) тәнін сол сияқты жасыру Алла үшін еш қиын емес...».
Егер мен қателеспесем Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын): «Мен сіздерге Құран мен Сүннетімді қалдырамын» деген. Бәрі де жорамал жасай береді, бірақ 3:55, 5:117 аяттардағы Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты қолданылған «тауаффа» сөзінде нақты сіз айтатын мағына меңзелгендігіне айқын дәлел келтіріңіз. Құран тілімен айтар болсақ: «Шын айтатын болсаңдар дәлелдеріңді келтіріңдер» Құран Кәрім. Бақара 2:111.
Рустам . Ғалым Бақыткерейұлына Салам Алейкум баурымым! МашаАллах, Сіз «ахмадилердің» адасушылықтарын сауатты түрде көрсеттіңіз. Біздің уақытымызда қаншама бүліктер (фитна) шығуда!
Ғалым Бақыткерейұлы Рустамға . Уағалайкум ассалам! Рахмет. Ия, ақырзаман таялған сайын түрлі бүлікшілерге қарсы күресу қиындай беретін болады. Олар көбірек тәжірибе жинақтай отырып өтірікті шындық ретінде ептілікпен ұсына біле тін болады. Алла Өзі бізге жәрдем етсін, әмин!!!
Ғалым Бақыткерейұлы Самат Ақылұлына Бір аятты бұрмалап түсіндіре отырып Йүз Асафтың Иса (Алланың сәлемі болсын) екендігін толық дәлелдедім деп ойласаңыз сіз өте қателесесіз. Бұл да жорамал. «Иса (Алланың сәлемі болсын) енді қайтып келмейді, ол біржола өліп Шринагар қаласындағы Розабал кесенесінде жерленген, енді Үндістанда туатын басқа мессияны күтіңдер, оның есімі Қадиандық Мирза Ғұлам» деп Құран мен хадистердің қай жерінде айтылған? Ондай бір аят та, бір хадис те жоқ. Бірақ, сіздер осы бір ойдан шығарылған ертегіге көзсіз сенудесіздер.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум уа Рахматуллахи уа Баракатух! Жұма мүбарак болсын! Тура қойылған сұрақтан қашпаңыз! Иса (Алланың сәлемі болсын) Йүз Асаф емес, ал оның екінші келуі Мирза Ғұлам Ахмади емес делік, бірақ, мәселенің төркіні онда емес. Сіз «тауаффа» сөзінің мағынасы сіз айтқандай екендігін, ал біздің түсіндіруіміздің «өзімізше бұрмалау» екендігін дәлелдеңізші. Жалаңсөзді емес орнықты болыңыз. «ШЫН АЙТАТЫН БОЛСАҢДАР ДӘЛЕЛДЕРІҢДІ КЕЛТІРІҢДЕР». Құран Кәрім. Бақара 2:111.
Және де, әрине, жауап беруге асықпаңыз, инша Аллах, біз күте тұрамыз. Өзіңіздің пікірлестеріңізбен, молдаларыңызбен, муфтилеріңізбен ақылдасыңыз. Олар сізге жәрдем етсін, білмейтініңізді айтып жіберсін. Сіз Алланың сөздеріне лайықты құрметпен қарау қажеттігімен, оларды өзіңнің еркін ойлылығыңмен қалай болса солай пайдалана беруге болмайтындығымен бізбен келісетін боларсыз! «Тауаффа» сөзін түсіндіруіңіз «ауызға келгенді айту» болып шықпас үшін айтқыңыз келгенін мұқият таразылаңыз, және ол пікіріңіздің Құран мен хадистерден қаншалықты қолдау табатынын да ескеріңіз.
Hayat Ismatulla Ғалым Бақыткерейұлына Сіз «...Сондықтан да ол мессия аталады. Мессия – патшалыққа таңдалған (помазанный) дегенді білдіреді...» дейсіз. Неге ол патшалыққа таңдалған болуы керек? Мүмкін, адамдарға хабар жеткізу үшін таңдалған шығар?
Құранда Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты «тауаффа» сөзі қолданылған: «...Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені өлтірген (тауаффайта) шақта, оларға өзін бақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің». Құран Кәрім. Маида 5:117.
Сіз бұл жерде өлім жайында емес, ұйқы жайында айтылған дейсіз. Бұхаридің Хадисі бойынша Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) бұл сөзді өлім ретінде түсінген. Қасиетті Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) айтты: «... кенеттен менің бірнеше сахабаларым пайда боладыда періштелер оларды тозаққа тастай бастайды. Мұның бәрін көріп мен: «Усайхаби, усайхаби», яғни, «Бұлар менің сахабаларым! Менің сахабаларым!» деймін.
Бірақ, мен мынадай жауап аламын: «Сен бұл кісілердің сенен кейін не істегендерін білесің бе?». Сонда мен игі құлдың (яғни, Мариам ұлы Исаның (Алланың сәлемі болсын)) СӨЗДЕРІМЕН БЫЛАЙ ДЕЙМІН: «...Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені өлтірген (тауаффайта)шақта, оларға өзін бақылаушысың...».
Бұл хадис, Маида сүресінің тафсирі Бұхариде, китабут-тафсирде келтірілген. Сонымен Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Өзінің кейбір сахабаларының тозаққа түскенін көрген кезде сол аятты сөзбе-сөз оқиды «...Сен мені өлтірген (тауаффайта)шақта, оларға өзін бақылаушысың...».
Егер Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) пікірі бойынша бұл аяттағы «тауаффайта» сөзі ұйқы мағынасын берсе, онда Мұхаммед Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) бұл аятты өзіне қатысты қолданбаған болар еді. Өйткені, Ол ұйқыға кеткен жоқ, Ол өлген болатын.
Енді сіз бұл аятта «тауаффайта» сөзі Исаға қатысты ұйқы дегенді білдіреді де, ал Мұхаммедке қатысты өлуді білдіреді деп айта аласыз ба? Яғни, бұл хадисті ол аяттың тафсирі емес деп айта аласыз ба? Бірақ, бұл Хадисті Бұхари өзінің Тафсир кітабының тап сол Маида сүресінің тафсирі бөліміне қойғанына назар аударыңыз.
Сонымен, бұл Хадисті Бұхари өзінің Тафсир кітабының тап сол Маида сүресінің тафсирі бөліміне қойғанына назар аударыңыз. Демек, Бұхаридің пікірі бойынша бұл Хадис сол аяттың түсіндірмесі болып табылады.
Ғалым Бақыткерейұлы Самат Ақылұлына Уағалайкумассалам. Сіз «...Иса (Алланың сәлемі болсын) Йүз Асаф емес, ал оның екінші келуі Мирза Ғұлам Ахмади емес делік, бірақ, мәселенің төркіні онда емес...» дейсіз. Шындығында, мәселенің төркіні тап сонда. Сіздер Мирза Ғұламды бізге мессия етіп таңуға тырысып отырған жоқсыздар емес пе?
«Тауаффа» сөзінің мағынасы «жанды алу» дегенді білдіретінін сізге қанша рет айтуға болады. Адамның жаны тек қана өлген кезде алынбайды. Ол ұйқтаған кезде уақытша да алынады. «Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің жанын ұйқыда алады. Құран Кәрім. Зумар 39:42
«...Иса пайғамбар (Алланың сәлемі болсын) мен басқа пайғамбарлардың өлімдері айтылатын аяттарда әртүрлі араб сөздері қолданылады. Иса (Алланың сәлемі болсын) жайында айтылғанда «жанды алуды» білдіретін «тауаффа» етістігі қолданылады. Ал басқа барлық пайғамбарлардың өлімдері суреттелгенде әдеттегі физикалық өлімді білдіретін «қатала», немесе «мәут» етістіктері қолданылады. Бұл дәйек басқа пайғамбарлармен (Алланың сәлемі болсын) салыстырғанда Иса пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) жағдайының өзгеше екендігін көрсетеді. («Как в Коране описывается смерть пророков?»)
Сіз неге Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты тек «жанда алу», яғни «тауаффа» сөзінің ғана қолданылатынын айта аласыз ба? Неге әдеттегі физикалық өлімді білдіретін «қатала», немесе «мәут» сөздері қолданылмайды? Тағы да қайталап айтамын, «тауаффа» сөзі нақты өлімді емес, тек «жанды алуды» ғана білдіреді. Ал жан болса ұйқы кезінде де алынады. Оған мына аят дәлел: «Өлер уақытта Алла жанды алады (тауаффа). Сондай-ақ өлмегендердің ұйқыда (жанын алады). Құран Кәрім. Зумар 39:42. Бұл аятта да «тауаффа» сөзі қолданылған. Демек, біздің пікіріміз жалаң сөз емес нақты Құран аятына негізделген пікір.
Алла Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) жанын ұйқыда алды да оның жаны Миғражға көтерілді. Сол тәрізді Алла Исаның да (Алланың сәлемі болсын) жанын ұйқыға кеткендей уақытша алды деп білеміз. Әрі бар болғаны екі-ақ күнге. Өйткені, Алланың жанындағы бір күн біздіңше мың жылға тең.
Ал көктен түскенде Исаның (Алланың сәлемі болсын) жаны тәніне қайтып оралады да оның тәні ұйқыдан оянады. Және ол физикалық дүниеде материалданады да Иса (Алланың сәлемі болсын) Иерусалимде жұма намазы кезінде көктен түседі. Бұл жайында көптеген сахих хадистерде айтылған. Мұның бәрі Аллаға қиын ба?
Ғалым Бақыткерейұлы Hayat Ismatullaға Сіз мына аятты келтірдіңіз: «...Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені өлтірген (тауаффайта)шақта, оларға өзін бақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің». Құран Кәрім. Маида 5:117.
Бұл аятта нақты өлім жайында айтылмаған. Егер өлім жайында айтылса, онда «қатала», немесе «мәут» сөздерінің бірі қолданылған болар еді. Сондықтан бұл жерде жанды уақытша алу жайында сөз болып отырғаны анық. Сіз бұл аятта жанды уақытша алу жайында айтылмағанын дәлелдеңіз!
Енді хадис жайында айталық. «...Сен бұл кісілердің сенен кейін не істегендерін білесің бе?». Сонда мен игі құлдың (яғни, Мариам ұлы Исаның (Алланың сәлемі болсын)) СӨЗДЕРІМЕН БЫЛАЙ ДЕЙМІН: «...Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені өлтірген (тауаффайта)шақта, оларға өзін бақылаушысың...».
Бұл жерде сіз «тауаффа» сөзін «өлтіру» деп аударып жұртты алжастырып отырсыз. «Тауаффа» сөзінің тура мағынада «жанды алу» деп аударылатыны белгілі. Тағы да қайталаймын, адамның жаны уақытша, және біржола алынады. Олай болса Мұхаммед Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қатысты бұл сөз «жанды біржола алу» мағынасында түсініледі. Яғни, ол ақирет күні ғана қайта тіріледі.
Ал Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты алған кезде ол сөз «жанды уақытша алу» мағынасында түсініледі. Жалпы алғанда «тауаффа» сөзі адам жанының алынуы арқылы оның бұл дүниеде болмауын білдіреді. Мұхаммед Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) өлгендіктен бұл дүниеде жоқ болса, Иса (Алланың сәлемі болсын) көкке көтеріліп кеткендіктен бұл дүниеде жоқ. Сондықтан бұл хадис Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке тірілей көтерілгені жайындағы ақиқатқа еш қайшы келмейді.
Сіз айтасыз: «...Неге ол патшалыққа таңдалған болуы керек? Мүмкін, адамдарға хабар жеткізу үшін таңдалған шығар?...». Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты алғанда Мессия патшалыққа таңдалуды дегенді білдіреді (помазанный на царство). Бұл жайында Таураттың (Библия) барлық сәуегейліктерінде айтылған. Сондай-ақ, ол патша тұқымынан, Дәуд пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан болады.
Сіз сонда бұл сәуегейліктердің бәрін де жоққа шығарасыз ба? Иса (Алланың сәлемі болсын) – Мессия! Бұл жайында Тауратта да, Құранда да айтылады. Сіздер болсаңыздар Исаны (Алланың сәлемі болсын) аяғына дейін Мессия (Масих) болуына мүмкіндік бермей өлтіріп тастадыңыздар да оның орнына Қадианилік Мирза Ғұлам Ахмадиді мессия етіп жарияладыңыздар. Шын мәнінде екі Мессияның болуы мүмкін бе?
Мирза Ғұламның Мессия болуға қандай да бір құқығы бар ма еді? Ол әуел бастан патшалыққа таңдалып па еді? Ол жайында көптеген Пайғамбарлар (Алланың сәлемі болсын) сәуегейлік жасап па еді? Ол Дәуд Пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан ба еді?
Қай жағынан алып қарасаң да оның Мессия емес екені анық. Сондықтан да оны өз өтіріктерімен жайына қалдырыңдар. Және Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Үмметін бекерден бекер бөлмеңдер! Сендерсіз де Үммет ішінде бүлікшілер (фитна жасаушылар) жетіп жатыр! Сондықтан Алладан қорқыңыздар! 09.03.14.
Жетінші бөлім.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Түрлі тілдерде түрлі контекстерде түрлі мағына беретін белгілі бір сөздер болады. Қарапайым мысал, «сондай адам дүниеден кетті» деген кезде бұл басқа емес оның өлгенін білдіреді. Ал «сондай адам жолдан кетті» десек, бұл оның жолдан бұрылғанын, бағытын өзгерткенін, тоқтағанын, немесе басқа да бір мағыналарды білдіруі мүмкін. Осылайша «кетті» деген сөз бір сөз сияқты болғанмен түрлі жағдайларға байланысты айтылуына орай ол адамның түрлі күйлерін көрсетеді.
Демек, қашанда сөздердің айтылу жағдайына назар аудару қажет. Сөздерді контекстен тыс, айтылу жағдайына назар аудармай қарастырып, оларды барлық сөз орамдарында да тек бір мағынада ғана қолдану ақылы жоқ адамдардың ісі болып табылады.
Егер осында «ептілер» «дүниеден кеткен» адамның туыстарына көңіл айтудың орнына «бұл түкке тұрмайтын нәрсе, ол тек жолдан кетті емес пе, олай болса қайғырмаңдар» десе, онда көздерін жастан тия алмай отырса да жұрт оны күлкі қылған болар еді. Ең бастысы ол өзінің ақымақтығымен, әдепсіздігімен, және силамаушылығымен онсызда қайғыда отырған адамдарға реніш әкелген болар еді.
Ал егер сіз Алланың сөздерімен осындай тәжірибе жасайтын болсаңыз, бұл тек жай ақымақтықты ғана емес, сондай-ақ, сіздің «тақуалығыңыздың» жоқтығынан туындаған «батылдығыңызды» да байқатар еді. Өйткені, Алланың аяттары сізге барлық заңдылықтарға қайшы болып тұрса да сөзді контекстен жұлып ала беретін Маоның цитаталары емес.
Осы айтылғандай «тауаффа» (жанды алу) сөзінің адамның ұйқыдағы күйін білдіретін «Наум» (ұйқы) мен «Ләйл» (түн) деген сөздермен бірге айтылу жағдайына назар аудару қажет. Яғни, егер контексте «уақытша алуға» қатысты жағдай болса, онда бұл сөздер соны білдіреді. Ал «уақытша алуды» көрсетпейтін «Наум» (ұйқы) мен «Ләйл» (түн) деген сөздер жоқ басқа кез келген жағдайларда мұндай «жанды алу» тек қана өлімді білдіреді.
Бұған «тауаффа» сөзі «өлтіру» мағынасында түрлі контекстерде кездесетін жиырмадан астам аяттар дәлел бола алады. Біз бұл пікірсайысымызды бейтараптық сақтап әділдікпен бақылап отырған жандардың қай тараптың пікірлерінің (Құран мен сүнетке негізделген) орнықты екенін, ал қай тараптың жалаңсөзді болып, өз қарсыластарына қарсы өтірікке толы қара PR-мен айналысып отырғандарын өз көздерімен көріп сенулері үшін бұл аяттарды келтіргіміз келеді. Алла Тағала былай дейді:
1). «...немесе Біз саған (О, Мұхаммед) одан бұрын өлім жіберсек те (тауаффайнака), олардың жиналатын орны біз жақ...». Құран Кәрім. Йунус 10:46)
2). «...не саған (О, Мұхаммед) оны көрсетпей өлім жіберсек те (тауаффайнака), негізінде саған жалғастыру ғана міндет. Есебі - бізге тән». Құран Кәрім. Рағыд 13:40.
3). «...Ал енді, мейлі, оларға еткен уәдеміздің кейбірін саған (О, Мұхаммед) көрсетсек те, немесе саған өлім жіберсек те (тауаффайнака) олар Біз жаққа қайтарылады». Құран Кәрім. Мумин 40:77.
4). (Йусуф ғ.с.) «О, Раббым ... Маған Өзіңе бой ұсынған күйде өлуді (тауаффаний) нәсіп етіп игілерге қос!». Құран Кәрім. Йусуф 12:101.
Бұл жерде екінің бірі болуы тиіс: 1) Бұл Құран аяттары «...басқа барлық пайғамбарлардың өлімдері суреттелгенде әдеттегі физикалық өлімді білдіретін «қатала», немесе «мәут» етістіктері қолданылады. Бұл дәйек басқа пайғамбарлармен (Алланың сәлемі болсын) салыстырғанда Иса пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) жағдайының өзгеше екендігін көрсетеді...» деген сіздің мәлімдемелеріңіздің негізсіз, жалаңсөзді, әрі жалған екендігін дәлелдейді.
2) немесе, бұл Хазрат Йусуф (Алланың сәлемі болсын) пен Қасиетті Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) сіздер үшін Құдайдың пайғамбарлары (Алланың сәлемі болсын) болудан қалды дегенді білдіреді (Алла сақтасын)!
Алла айтатындай Құдайдың барлық елшілері мен пайғамбарларының қарапайым адамдар болғанын ескеру керек: «Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп еркектерді ғана жіберген едік. ... Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ, олар мәңгі қалушы да емес». Құран Кәрім. Әнбия 7,8.
«Тағы олар (мүшріктер): «Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған онымен бірге жүріп қорқытатын періште түсірмейді?» десті. Құран Кәрім. Фурқан 25: 7.
«(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін пайғамбарларды ғана жіберген едік. Негізінде, біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші». Құран Кәрім. Фурқан 25:20.
Демек, барлық пайғамбарлар да ет пен сүйектен жаралған адамдар болды. Оларға да қарапайым адамдарға тән баянсыз тәннің барлық қажеттіліктері тән болды. ОЛАР НҰР МЕН ОТТАН ЖАРАТЫЛҒАН ПЕРІШТЕЛЕР МЕН ЖЫНДАР ЕМЕС ЕДІ. Олай болса төмендегі барлық адамдарға қарата айтылатын аяттар Құдайдың барлық пайғамбарларына да қатысты болады.
5). «Әй адам баласы! ... Кейбіреулеріңе өлім жетіп (тауаффа), кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар...». Құран Кәрім. Хаж 22:5.
6). «Сондай Алла, сендерді топырақтан жаратты..., сонан соң қартайтады. Кейбіреулерің (ержетуден) бұрын өледі (тауаффа)». Құран Кәрім. Мумин 40:67.
7). «Алла (Т.) сендерді жаратты, сонан соң сендерге өлім жібереді (тауаффакум)». Құран Кәрім. Нахыл 16:70.
«Тауаффа» сөзі «өлтіру» мағынасында тағы да басқа контекстерде кездеседі:
8). «Сендерден қайтыс болып (тауаффауна) (артында) қалдырған әйелдердің өздері...». Құран Кәрім. Бақара 2:234.
9). «Сендерден қайтыс болып (тауаффауна) әйелдер қалдыратындар...». Құран Кәрім. Бақара 2:240.
10). «Раббымыз! ... Және өлімде (тауаффана) де бізді жақсыларға қос!». Құран Кәрім. Әли Имран 3:193.
11). «...оларды (зинақор әйелдеріңді) өлгенге дейін (тауаффаъунна), не Алла бір жол қойғанға дейін үйлерде қамаңдар...». Құран Кәрім. Ниса 4:15.
12). «...Шын мәнінде періштелер өлім әкелгендерге (тауаффаъуму)...». Құран Кәрім. Ниса 4:97.
13). «...Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз оның жанын алады (тауаффатъу), әрі еш кемістік етпейді...». Құран Кәрім. Әнғам 6:61.
14). «...Біздің періштелеріміз олардың жандарын алуға (тауаффаунаъум) келіп: «Алладан өзге сиынатындарың қайда?» дегенде...». Құран Кәрім. Ағраф 7:37.
15). «...Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізге Мұсылман болған күйде өлім бер! (тауаффана)...». Құран Кәрім. Ағраф 7:126.
16). «...Періштелер, сондай қарсы болғандардың беттеріне, арқаларына ұрып: «Күйдіретін азапты татыңдар!» деп жандарын алғанын (тауаффа) көрсең!...». Құран Кәрім. Әнфал 8:50.
17). «...сендерге өлім жіберетін (тауаффакум) Аллаға құлшылық қыламын...». Құран Кәрім. Йунус 10:104.
18). «...Сондай өздеріне зұлымдық еткендерге періштелер өлім әкелегенде (тауаффаъум)...». Құран Кәрім. Нахыл 16:28.
19). «... жақсы жағдайда періштелер өлім әкеліп (тауаффаъуму)...». Құран Кәрім. Нахыл 16:32.
20). «...Оларға айт: «Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі өлтіреді (тауаффакум)...». Құран Кәрім. Сәжде 32:11.
21). «...Періштелер, өлер кезде олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарын алғанда (тауаффатъум) қалай болар еді?...». Құран Кәрім. Мұхаммед 47:27.
22). «...Сол уақытта Алла: «Әй Ғиса! Сені Мен өлімге әкелушімін (тауаффикум)! Сондай-ақ, дәрежеңді көтерушімін ...» деді...». Құран Кәрім. Әли Имран 3:55.
23). «...Олардың арасында болғанымда оларға куә болдым. Сен маған өлім жібергеннен (тауаффайтани) кейін оларға өзін бақылаушысың. Негізінде, Сен бәріне Куәсің...». Құран Кәрім 5:117.
Хазрат Исаға да (Алланың сәлемі болсын) қатысты «тауаффа» сөзі «өлім жіберу» мағынасында қолданылған. Бұған өзінің «тауаффасына» (яғни, өліміне) қатысты Исаның (Алланың сәлемі болсын) айтқан сөздерін қолданған Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) хадистері мен түсіндірмелері қосымша дәлелдер бола алады.
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз айтасыз: «... «тауаффа» (жанды алу) сөзінің адамның ұйқыдағы күйін білдіретін «Наум» (ұйқы) мен «Ләйл» (түн) деген сөздермен бірге айтылу жағдайына назар аудару қажет...». Жанның ұйқы кезінде алынуы бұл жанның уақытша алынуының мысалы. Егер жанның уақытша алынуы мүмкін болса, онда оны Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты қолдануға әбден болады. Және бұл жерде «Наум» мен «Ләйл» сөздерінің болуы міндетті емес. Өйткені, Исаның (Алланың сәлемі болсын) жағдайы айрықша жағдай.
Сіз келтірген аяттардың бәрінде де «тауаффа» сөзі өзінің тіке мағынасында, яғни «жанды алу» деп аударылуы тиіс еді, бірақ сіздер оны «өлу», «өлім жіберу», «өлім әкелу» деген мағынадағы сөздерді қолданып аяттарды бұзып аударғансыздар да оны өз қате пікірлеріңе дәлел ретінде ұсынып жұртты алжастарғыларың келеді.
Мысалға, сіздер: «...Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізге Мұсылман болған күйде өлім бер (тауаффана)!...» деп аудырып ұсынған аят дұрысында «...Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі Мұсылман болған күйде жанымызды ал (тауаффана)!...» деп аударылуы тиіс еді.
Сіз «тауаффа» сөзіне қатысты ештеңе де дәлелдей алмадыңыз, оның үстіне сіз осы сөзбен әуестене отырып үнемі басты нәрсені назардан тыс қалдыра бересіз. Сіз Қадианилік Мирза Ғұлам Ахмадидің масих (мессия) екендігін дәлелдеу үшін ғана осы сөзге мықтап жабысудасыз. Сол үшін де сіз Исаны (Алланың сәлемі болсын) өлтіруге тырысудасыз. Бірақ, Мирза Ғұлам масих емес. Оған еш күмән жоқ!
Сондықтан Мариам ұлы Исаны (Алланың сәлемі болсын) өлтірудің ешбір мәні жоқ. Ол өлген жоқ. Дүние жүзінде Мирза Ғұламнан басқа ешкім де оны өлді демейді. Сонда сіз бәрі де қателесіп тек Мирза Ғұлам ғана дұрыс айтады деп ойлайсыз ба? Осыншама көзсіз болу жақсы емес.
Ахмадилер Мирза Ғұлам Қадианидің кезінде рамаданның 13-ші күні Ай тұтылып, ал айдың аяғында Күн тұтылды дейді. Мұны олар оның мессия екендігін білдіретін ұлы белгі санайды. Бірақ, мұндай тұтылулар соншалықты сирек құбылыс емес екен. Мысалға, 1981 жылы Рамадан Айының 15-ші күні ай тұтылса, 29-шы күні Күн тұтылған.
Екінші рет бұл құбылыс бір жылдан соң қайталанған. 1982 жылы Рамадан айының 14-ші күні Ай тұтылып, 28-ші күні Күн тұтылған. Бұдан басқа мұндай ғажайып тұтылу таң қаларлық ұқсастықпен 2002 жылы да орын алды. Және 2003 жылы да мұндай құбылыс күтілуде. (Лунное и солнечное затмение в месяц Рамазан).
1981 және 1982 жылдары екі жыл қатарынан мұндай құбылыстың болғандығына назар аударыңыз. Егер Мирза Ғұлам Ахмади өмір сүрген кезде ай мен күннің тұтылуы бір-ақ рет болса, бұл жерде екі жыл қатарынан ай мен күн тұтылған. Бұл жаңа масихтің келуі үшін ең қолайлы уақыт. Мирза Ғұламның қайтыс болғаны өкінішті. Бұл оның масихтығының өте салмақты дәлелі болып табылар еді. 30 сентябрь 22:37.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! Алла тарапынан «тауаффа» сөзі «өлім жіберу» ретінде барлық адамдарға (демек, пайғамбарларға да) қатысты қолданылған. Оған жоғарыдағы Құран аяттары дәлел, егер Құран сіз үшін дәлел бола алмаса ол сіздің сорыңыз. Алла «тауаффа» сөзін ұйқы кезінде «жанды алу» мағынасында қолданған аяттарда талапқа сай «ләйл», немесе «наум» сөздері бар.
«Тауаффа» сөзінің Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты қолданылуына айқын дәлелдер мен ұқсас мысалдар таба алмаған соң сіз енді барлық ережелер мен табиғат заңына, сау ой-санаға қайшы болғанына қарамастан, және Құран аяттарын да елең қылмастан «Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке көтерілуі» «айрықша жағдай» деп дәлелдемек болудасыз. Бұл енді баланың сөзі.
Сіздің бұл жауабыңызды Маудудидің (Әбу әл-Ағла Мәудуди) молдалары да айтқан. Құраннан айқын дәлелдер таба алмаған олар жауаптан қаша отырып аярлана былай деген: «жан мен тәннің көкке көтерілу оқиғасы адамзат тарихында тек бір-ақ рет болғандықтан «тауаффа» сөзінің бұл мағынада қолдануына дәлел талап етудің ешбір мәні жоқ».
Басқаша айтқанда Мәудудидің молдаларының дәлелдерінің мәні мынада, адамзат тарихында Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке көтерілу оқиғасына ұқсас оқиға болған жоқ, сол себепті де мұсылман ғұламаларына «тауаффа» сөзінің бір кездерде «физикалық (тәнмен) көтерілу» мағынасында қолданылғанын дәлелдеу қажет емес.
Мұндай жауап сау ой-санаға қайшы келеді, өйткені, кейбір оқиғаға ұқсас оқиға ешқашан болмаса, бұл жағдай ол оқиға жайында айтқанда СӨЗДЕРДІҢ ҚАБЫЛДАНҒАН МАҒЫНАСЫН ӨЗГЕРТУ ҚҰҚЫҒЫ БЕРІЛЕДІ ДЕГЕНДІ БІЛДІРМЕЙДІ. Қашан, және қандай тілде болмасын. Сондықтан мұнан амалсыздан қате сөздерді қолдану қажет деген пікір туындамайды.
Мысалға, табақта жатқан халваның ешқашан тауыққа айналмайтынын барлық ғұламалар да біледі.
Бірақ, соған қарамастан бұл оқиға жайында баяндау үшін әр тілде өзіне қолайлы сөздер болады. Егер әлдекім қашан болмасын ол солай болған десе, онда ол сол жолды жеңілдікпен ұстануына болады.
Олай болса, Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке көтерілу оқиғасы теңдесіз болса да араб тілінде осы оқиғаны анық беретін сөздермен суреттеуге болмас па еді? Неге Алла Тағала Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке «тірілей көтерілуін» суреттегенде уақытша емес, мәңгілік ұйқы мағынасын беретін сөзді қолданды?
Сірә, мұндай ойдың иелерінде қиындық білімнен емес тақуалықтан туындап жатқан болар. Егер барлық заңдылықтар мен ережелер бұзылатындықтан мәселені өзің түсіне алмасаң, ол пазлдарды дұрыс құрастыра алмасаң, онда оны Алладан сұраған дұрыс болмай ма? Егер сізге «тақуалық» деген ұғым жат болмаса, онда Аллаға тәуекел етіп Одан сұраңыз! Өйткені, толық білім біздің де, сіздің де, соның ішінде де тап молдалардың қолында емес. Ақиқат тек Аллада, тек Сол ғана қалағанын ақиқат жолымен алып жүреді!
Имам Махдидің келуінің ұлы, әрі бұлтартпас белгісі болып табылатын РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ КҮН МЕН АЙДЫҢ ТҰТЫЛУЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ХАДИСТЕ «мұндай тұтылулар соншалықты сирек құбылыстар емес екен» деген сіздің пікіріңізді түп-тамырымен жоққа шығаратын шағын, бірақ басты нұсқау бар.
Бұл нұсқау мынадай: хадисте айтылады: «Рамазанның БІРІНШІ ТҮНІНДЕ айдың тұтылуы, және ОРТАҢҒЫ КҮНІ күннің нышаны болады». Яғни, Қасиетті Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) нышанның орындалу айын ғана болжап қойған жоқ, қай түні айдың, ал қай түні күннің тұтылатынын да болжады.
Қасиетті Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) айтуынша Имам Махдидің келуінің бұл нышаны «Алла Көк пен Жерді жаратқаннан бері» біреудің ақиқаттығының куәсі ретінде ешқашан көрініс тапқан жоқ. Бұл жерде «Рамазанның БІРІНШІ ТҮНІНДЕ айдың тұтылуы» Рамазанның 1-ші күнін білдірмейді. Өйткені, табиғаттың заңы бойынша бірінші түні айдың толық тұтылуы түгел айдың өзін көру өте қиын. Демек, бұл «ай тұтылуға тиісті түндердің бірінші түні» дегенді білдіреді.
Ал табиғат заңы бойынша ай үш күннің ішінде, яғни 13-ші, 14-ші, 15-ші күндері тұтылуы мүмкін.
Бұл күннің тұтылуына да қатысты. Өйткені, күннің тұтылуы да сол табиғаттың заңы бойынша 27-ші, 28-ші, немесе 29-шы күндері тұтылуы мүмкін. Бұған көз жеткізгіңіз келсе хижра күнтізбесіне қараңыз.
Сонымен, Қасиетті Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Рамазан айының 13-ші күнінде айдың тұтылуын, және 28-ші күнінде күннің тұтылуын болжаған екен. Бұл тұтылулар хижра бойынша 1311 (1894) жылы күн мен айдың тұтылуы белгіленген күндері болды. 13 де (21 наурыз) ай тұтылса, күн 28 Рамазанда (6 сәуір) тұтылды. Және бұл тұтылулар тура Хазрат Мирза Ғұлам Ахмад (Алланың сәлемі болсын) Алланың нұсқауы бойынша өзінің мессиялыққа деген талабын жариялаған кезде, барлық молдалар оны Исламнан шыққан опасыз деп жариялап тұтас қауым болып оған қарсы шыққан кезде болды.
Бірақ, Алла Тағала бұл нышан орындалудан бұрын 1882 жылы-ақ оған мынадай аян берген болатын: «Оларға айт: «Менің Құдайдан куәм бар, шынымен де оған сенбейсіңдер ме?»». «Оларға тағы да айт: «Менің Құдайдан куәм бар, шынымен де оны қабылдамайсыңдар ма?»». («Барахин-и-Ахмадийя», 2 бөл.). («ПРОРОЧЕСТВО О ЛУННОМ И СОЛНЕЧНОМ ЗАТМЕНИИ В РАМАЗАНЕ»).
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз айтасыз «...Алла тарапынан «тауаффа» сөзі «өлім жіберу» ретінде барлық адамдарға (демек, пайғамбарларға да) қатысты қолданылған...». Ия, бірақ, Исадан (Алланың сәлемі болсын) басқаларға қатысты жағдайда бұл сөз «жанды біржола алу» мағынасында қолданылады. Жанның біржола, немесе уақытша алынатынын үнемі сіздің есіңізге салып отыру қажет.
«Ол - түнде (ұйқыда) сендердің жандарыңды Алушы...». Құран 6:60. «Өлер уақытта Алла жанды алады (тауаффа). Сондай-ақ, өлмегендердікін ұйқыда (жанын) алады. Құран Кәрім. Зумар 39:42.
Жанның уақытша алынуы бір түн ғана емес одан да узақ уақытқа созылуы мүмкін. Оған үңгірге тығылған қашқындардың ұйқысы мысал бола алады. Олар 309 жыл бойына ұйықтады. Бұл оқиға Құранда баяндалады. Өзіңіз айтатындай «...егер Құран сіз үшін дәлел бола алмаса ол сіздің сорыңыз...».
Ұйықтап жатқан уақытта қашқындардың жаны қайда болды. Әрине, көкте болды! Сондықтан жер бетілік өмірде де жанның ұзақ уақытқа алынатынын ешқандай жоққа шығаруға болмайды. Тіпті қарапайым адамдар да есін жия алмай комада жылдар бойына жатады. Бұл жанның уақытша алынуының мысалы емес пе? Бұл Исаның (Алланың сәлемі болсын) жанының уақытша алынуының дәлелі емес пе?
Сізді неге Исаның (Алланың сәлемі болсын) жағдайының айрықша жағдай екендігі таңғалдырады? Оның әкесіз күнәден пәк жаратылуының өзі айрықша жағдай емес пе? Басқа біреуге қатысты мұндай оқиға болған ба еді? Мысалға, «уәделі мессия» Мирза Ахмадқа қатысты мұндай оқиға болып па еді? Жоқ! Олай болса сізге Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке тірі кезінде көтерілуін қабылдауға тура келеді!
Сіз айтасыз «...кейбір оқиғаға ұқсас оқиға ешқашан болмаса, бұл жағдай ол оқиға жайында айтқанда СӨЗДЕРДІҢ ҚАБЫЛДАНҒАН МАҒЫНАСЫН ӨЗГЕРТУ ҚҰҚЫҒЫ БЕРІЛЕДІ ДЕГЕНДІ БІЛДІРМЕЙДІ...». Ал айқышқа «асу» сөзі шын мәнінде асу мағынасын білдірмейді деп дәлелдеу арқылы сіздердің өздеріңіз СӨЗДЕРДІҢ ҚАБЫЛДАНҒАН МАҒЫНАСЫН өзгертіп отырған жоқсыздар ма?
Құранда анық айтылады: «... Дегенмен, олар оны өлтірмеді де, аспады. Бірақ оларға ұқсатылды...». Құран Кәрім 4:157. Бірақ, сіздер осы аяттағы анық мағынадағы «аспады» сөзін қулықпен өңін айналдырып «асты» деп түсіндіресіңдер.
Ия, сіздердің сөздің мағынасымен ойнауды жақсы меңгергендеріңізді мойындау қажет. Сіздер өздеріңіз айтатындай «табақта жатқан халваны тауыққа айналдыра білесіздер». Енді қайтесіздер, өтірікті қалайда шындық ретінде ұсыну қажет қой! Басқаша Мирза Ғұламда «уәделі масих» ету мүмкін емес. Амал жоқ, қулыққа жүгінуге тура келеді.
Сіз айтасыз «...Неге Алла Тағала Исаның (Алланың сәлемі болсын) көкке «тірілей көтерілуін» суреттегенде уақытша емес, мәңгілік ұйқы мағынасын беретін сөзді қолданды?...». Сіз ақыры аяғында сөзден жаңыла бастадыңыз. «Тауаффа» сөзі «мәңгілік ұйқы» мағынасын беретін бе еді? Бір түнге ғана ұйықтаған адам «мәңгілік ұйқыға» кететін бе еді?
Сіз «тауаффа» сөзі бойынша Құран аяттарына сараптау жүргізіп біраз іс атқарыпсыз. Енді сізге бір өтініш, Құранда Исаға (Алланың сәлемі болсын) қатысты нағыз өлімді білдіретін «қатала» мен «мәут» сөздері қолданыла ма екен, соны іздеп көріңізші!
Сіз «...толық білім біздің де, сіздің де, соның ішінде де тап молдалардың қолында емес. Ақиқат тек Аллада, тек Сол ғана қалағанын ақиқат жолымен алып жүреді!...» дейсіз. Мен мұнымен толық келісемін, бірақ сіз бұл жерде бір кісіні ұмытып кеттіңіз. Мен ол қателігіңізді түзетейін: «...толық білім біздің де, сіздің де, молдалардың да, соның ішінде де тап Мирза Ахмадтың қолында емес. Ақиқат тек Аллада, тек Сол ғана қалағанын ақиқат жолымен алып жүреді!...».
Енді, тұтылу жайында айтсақ, сіз былай депсіз: «...Сонымен, Қасиетті Пайғамбар (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) Рамазан айының 13-ші күнінде айдың тұтылуын, және 28-ші күнінде күннің тұтылуын болжаған екен...». Қандай хадисте ай мен күн 13-ші, және 28-ші күндері тұтылады деп атап айтылған еді? Тұтылу уақыты мұндай дәлдікпен еш жерде де айтылмаған. Бұл да сіздердің секталарыңыздың кезекті өтірігі!
Сіздердің тұтылуларың сияқты тұтылулар 1981 мен 1982 жылдары екі жыл қатарынан болған. Егер Мирза Ғұламның кезінде бір-ақ рет болса, мұнда екі рет қатарынан ай мен күн тұтылған. Тек бір айырмашылығы, Мирза Ғұлам әлдеқашан қайтыс болған еді.
Сіз «...бұл тұтылулар тура Хазрат Мирза Ғұлам Ахмад (Алланың сәлемі болсын) Алланың нұсқауы бойынша өзінің мессиялыққа деген талабын жариялаған кезде ... болды...» дейсіз. Мирза Ғұламның ай мен күннің тұтылуының алдында өзінің мессия екендігін жариялауы ештеңені де аңғартпайды. Өйткені, бұл тарихтағы жалғыз ғана тұтылу емес. Мұндай тұтылулар табиғаттың заңы бойынша Мирза Ғұламға дейін де, онан кейін де болған. Оның дәлелін мен келтірдім.
Және бір айта кететін жай, ол кезде де ай мен күннің тұтылу уақытын күнібұрын есептеу мүмкін болды. Тіпті Мирза Ғұлам Ахмадтың өзі тұтылу жайында білмеді дегеннің өзінде де Ібілістің ол жайында күнібұрын білгені анық. Сондықтан да әдеттегі ай мен күн тұтылуының алдында өзінің мессия екендігін жариялауы оның мессия екендігінің бұлтартпас дәлелі бола алмайды. Олай болса, Мирза Ғұламның «уәделі мессия» екендігінің басты «дәлелдерінің» бірі біржола жоққа шығарылады! 3 октябрь 14:19.
Самат Ақылұлы Ас-Салам алейкум! «...оның мессиялығы біржола жоққа шығарылады!» - бұл тек сіз үшін ғана мүмкін. Кезінде йудейлер де солай істеген болатын. Олар кезінде адамдардың Қасиетті Пайғамбарды (Алланың сәлемі мен рахметі болсын) қабылдамағаны сияқты өздеріне келген Мессияны (Алланың сәлемі болсын) қабылдамаған болатын. Сіздің Хазрата Ахмадқа қатысты айтқан барлық айыптауларыңыз сол йудейлер мен мүшіріктердің (пұтқатабынушылардың) айыптауларын қайталайды... олардың сүннетіне ілескіңіз келе ме, мархабат!
Бұл — молданың өтірігіне сену деген,
Жетегіне соқырдың еру деген.
Алдамшының алдаған сөзіне еріп,
Қолда барын сыпырып беру деген.
Өлген адам тіріліп келу деген,
Қартаймай, өлмей тірі жүру деген,
Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ
Мәңгілік ұзақ өмір сүру деген;
Жұмаққа қазақ қана кіру деген,
Ол сырды қожа-молда білу деген —
Ежелгі надандықтың кесірі ғой,
Ғылымға бой ұсынбай іру деген.
Миға кірмес өтірік сөз емес пе,
Мұның бәрі — бос мылжың үру деген. (С. Торайғыров)
Muslim QAZAQ Самат Ақылұлына Ақиқат!!!
Ғалым Бақыткерейұлы Сонда сіз ахмадилер үшін аһли сүннет мұсылмандары йудейлер мен мүшіріктермен бірдей дегіңіз келе ме? Сонда біз Исаның (Алланың сәлемі болсын) орнына Мирза Ғұламды мессия ретінде қабылдамағаныз үшін «айыптымыз» ба? Біз Мирза Ахмадты не үшін мессия ретінде қабылдауға тиістіміз? Ол барлық белгілер бойынша күтілген Мессияға сәйкес келмейді.
Қарап отырсаң Мирза Ахмадтың барлық іс-әрекеттері мен өмірі Кітаптарды бұрмалай отырып өзінің «мессиялығын» дәлелдеуге ғана бағытталған. Нағыз Мессия бұлай өзін-өзі жарнамалаумен айналыспайды. Нағыз Мессия Зор Істерді атқаратын болады! Сол істері арқылы ғана біз Оны танитын боламыз!
Сұлтанмахмұт Торайғыров атеист, яғни діннің жауы болған адам. Оны алға тартатындай сіздер де дінсіз бе едіңіздер? Сонда сіздер үшін әһли сүннет мұсылмандарынан көрі дінсіз атеистер жақын болғаны ма? Ол дінсіздермен сіздерді не жақындастырады?
Бауырым! «Есің барда еліңді тап» дейді ғой қазақ, өзі алауыз халқыңды бөле бермей діннің бірлігі, халқыңның бірлігі үшін қызмет етсең сол дұрыс болар еді!
Сентябрь - Октябрь 2013 жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий