Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
«Украиндар мен белорустар өздерінің орыс емес екендіктеріне сенген кезде ғана біз Россияны жеңетін боламыз. Адольф Гитлер.
Ерғали Жансейітов К. Прутков: «ТҮБІРІНЕ КӨЗ САЛ,,,»
Irina Kasyanova АҚШ пен ЕС мұны қаперге алған сияқты!
Ерғали Жансейітов Irina Kasyanova Ұлт дегеніміз 1) ортақ тілде, 2) ортақ аймақта, 3) ортақ қоғамдық өзін-өзі басқару саласында, 4) ортақтықта көрініс табатын психикалық жүйеде, 5) мәдениетте тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты ортақтастығы. Осы белгілердің бәрі бірге алғанда ғана ұлтты береді.
Ерғали Жансейітов Дүние жүзінің славяндары, бірігіңдер!
Ерғали Жансейітов «Украиндар мен белорустар өздерінің орыс емес екендіктеріне сенген кезде ғана біз Россияны жеңетін боламыз» деген сөз Хью Тревор-Рупердің «Гитлердің 1941-1944 жж. дастархан басында айтқандары» кітабынан алынған.
Лариса Корнилова Россияны ешкім де жеңгісі келіп жатқан жоқ, Россиядағы жеке адамдардың өздерінің көзқарас, пікір еркіндігі мен өздерінің таңдау, және лайықты өмірге деген азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға деген мүмкіндіктері жайында сөз болуда.
Ерғали Жансейітов Келісемін, бірақ, бір ғана шартпен: егер АҚШ пен Батыс Европаның кейбір елдері Украинаның ішкі істеріне араласпаса ғана... Еске түсіріңіз: кім Украинаның Ресей алдындағы газ үшін бережағын өтеуге уәде берген еді? Бұл тек сылтау ғана, ал нағыз себептер Украинаға тудырылған қиындықтардың терең түп-тамырында жатыр...
Лариса Корнилова Украинаның ісіне Ресейден басқа ешкім де араласып жатқан жоқ... АҚШ пен Ұлыбританияның туын бір жерден көріп пе едіңіз?... Жер-жердің бәрінде де тек Ресейдің туы...
Ерғали Жансейітов Саясат – бұл оқ-дәрі бөшкесінің үстінде отырып трубка шеге білу. Немесе, сатирик Райкин айтқандай «Мамонттар неліктен қырылып қалды? Өйткені, олар көзге түсе берді!». АҚШ-тың қандай саясаткері өзін көзге тоса береді? Ол отты ӨЗГЕНІҢ ҚОЛЫМЕН көсейтін болады... Міне, АҚШ-тың саясаты осындай...
Тақырыпқа қатысты анекдот: «Американ дипломатиясының басты мақсаты – дүниежүзілік проблемаларды шешудің жолдарын ұсыну. Европа дипломатиясының басты мақсаты – американдықтардың ұсынған жолдарымен жүре отырып қиындықтан шығар жол іздеу. Ресей дипломатиясының басты мақсаты – американдықтар ұсынған жолдарға тырмаларды жайып тастау. «Егер бәрін болжау мүмкін болса неге аяқ астынан кризис тап болады?!». «Украинаның елтаңбасы тырма емес АЙЫР...
Лариса Корнилова Мәселе мынада, батыстың дипломатиясы ортақ, олардың элитасы бір, тек Ресейде ғана элита басқа, патшалық элита емес.
Ерғали Жансейітов Лариса, Сіздің дипломатия жайындағы түсінігіңіз біржақты: біріншіден, неліктен Сіз айтатын Батыстың «элиталық» «дипломатиясы» Қырымда «аузы аңқиып қалды»? Екіншіден, неліктен сол «элиталық дипломатия» Украинадағы оқиғаға жол берді? Ресей дипломаттарына респект...
Лариса Корнилова Ал неліктен Гитлер 1941-ші жылы бүткіл Европаны жаулап алды? Сіздіңше, Сталинның дипломатиясының «аузы аңқиып қалды» ма?)))
Ғалым Бақыткерейұлы Ерғали Жансейітовке Егер Ресей арсыздықпен Қазақстанның солтүстік облыстарын бөліп ала бастаса сіз сонда украиндықтардың қазіргі күйін түсінген болар едіңіз. Кімнен көмек күтуге болады?
Және неліктен украиндықтар мен белорустер орыс болулары тиіс? Бірақ, Ресей оларды тыныш, әрі бейбіт түрде орыстандырып өзіне сіңіріп алғысы келуде. Егер украиндықтар мен белорустар оны қаламаса бұл жерде АҚШ-тың қатысы не? «ТҮБІРІНЕ КӨЗ САЛ». Басқа басқа болсын орыстардың украиндарға жасап жатқан озбырлығын қазақтардың жақтайтын жөні жоқ. Өгізге туған күн бұзауға да туатынын ұмытпаған жөн.
Аркадий Бубин Ғалым Бақыткерейұлына Тағы бір кеще шықты! Бізге сіздердің Қазақстандарың қажет емес. Сіздер өз жолдарыңызды таңдадыңыздар, құдай сіздерге өркендеуді, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруді нәсіп етсін. Бірақ, сіздерге Ресейсіз өте қиын болады.
Ех, Ғалым, Ғалым, неге сіздер бәріңіз бірдей орыстарға қарсы шықтыңыздар. 90-шы жылдары сіздер, тек қана сіздер ғана емес бұрынғы басқа республикаларда да орыстарды қуды. Оларды жай әншейін өлтірді. Ал енді келіп бізге сұғынуда, оларға жұмыс беру керек, әйел беру керек, тегін пәтер беру керек. Бір өтініш, орыстарды жайына қалдырыңыздаршы. Өздеріңе басқа бір обектіні тауып алыңыздар. Мысалға, янкестерді.
Татьяна Чиканцева Аркадий Бубинге Шынында да солай! )))))))))
Ерғали Жансейітов Ғалым Бақыткерейұлына Ғалым, сіздің бұл жерде айтып отырғаныңыздың бәрі де сіздің жағдайды игермейтіндігіңізді көрсетеді. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық жөніндегі Келісім жайында оқыңыз. Түпкөзі: сайт «Президент России». 11 ноябрь 2013 жыл. Сізге Қазақстанның атынан сөйлейтіндей кім құқық берді?
1-ші бап. Келісуші Тараптар тең құқықты, егемен мемлекеттер ретінде бір-бірімен әрекеттестікті өзара түсіністік, стратегиялық әріптестік, және жан-жақты ынтымақтастық негізінде дамытады. Олар мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін өзара силауды, тең құқылық пен ішкі істерге араласпауды, күшті, немесе күшпен қорқытуды, соның ішінде қысым жасаудың экономикалық, және басқа да жолдарын пайдаланбауды, территориялық тұтастықты, шекараның бұзылмастығын, дау-дамайды бейбіт реттеуді, адам құқығы мен негізгі еркіндіктерін силауды, өздерінің халықаралық міндеттерін халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидалар мен өлшемдерін басшылыққа алып адал атқаруды міндеттеріне алады.
2-ші бап. Келісуші Тараптар Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы 18- қаңтар 2005 жылы Мәскеуде қол қойылған ресей-қазақстан мемлекеттік шекарасы жөніндегі Келісімнің ережелері бойынша белгіленген қазіргі шекараның тұтастығы мен бұзылмастығын растайды, және силайды.
3-ші бап. Келісуші Тараптар олардың қайсысына болмасын қарсы бағытталған ұйымдар мен одақтарға қатыспайды. Келісуші Тараптардың әрқайсысы басқа Келісуші Тарапқа қарсы бағытталған қандай болмасын әрекеттерге қатысудан, немесе қолдаудан тартынады, және өз территориясының басқа Келісуші Тарапқа қарсы агрессияны, немесе басқа да дұшпандық әрекеттерді дайындау, немесе жүзеге асыру мақсатында пайдаланылуына жол бермейді. Келісуші Тараптардың әрқайсысы үшінші мемлекет пен басқа Келісуші Тарап арасында қарулы қақтығыс туындаған жағдайда үшінші мемлекетке көмек көрсетпейді.
Ғалым! Қайдағы бір жөнсіз сөздерді айтпас бұрын баспен ойлау керек....
Юрий Федотов Оңбаған, сұмырай! Бірақ (Гитлер) дұрыс айтқан!!!
Ғалым Бақыткерейұлы Аркадий Бубинге «Бізге сіздердің Қазақстандарың қажет емес. Сіздер өз жолдарыңызды таңдадыңыздар, құдай сіздерге өркендеуді, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруді нәсіп етсін...». Мүмкін, сіздің өз басыңызға Қазақстан қажет емес те шығар, бірақ Ресейдегі көптеген адамдар олай деп ойламайды. Мысалға, сіз Ресейдің ықпалды саясаткерлері Жириновский мен Лимоновтен, немесе Ресейдің ұлы орыс жазушысы, әрі «пайғамбары» Солженицыннен бұл жөнінде сұрап көріңіз. Мұндай шовинистер сіздердің саясаткерлеріңіз бен мәдени қайраткерлеріңіздің арасында көп. Ресейдің саясатын анықтайтын да солар. Демек, Қазақстанның сіздерге қажет еместігі сіздің жеке басыңыздың ғана пікірі, және ол өте қате пікір.
«...Бірақ, сіздерге Ресейсіз өте қиын болады...». ТМД елдеріне Ресейсіз қаншалықты қиын болса Ресейге де ТМД елдерінсіз соншалықты қиын болады. Сондықтан Ресей өзінің ұлттық мүддесінің аумағы ретінде оларды жайына қалдырмайды.
«...Ех, Ғалым, Ғалым, неге сіздер бәріңіз бірдей орыстарға қарсы шықтыңыздар...». Біз бәріміз орыс халқына қарсы шыққан жоқпыз, Ресей империясының ұлыорыстық шовинизміне қарсы шықтық.
«...90-шы жылдары сіздер, тек қана сіздер ғана емес бұрынғы басқа республикаларда да орыстарды қуды. Оларды жай әншейін өлтірді...». Сіз өз шовинистеріңіздің Қазақстан жайында шығарған мұндай ертегілерін бізге айтпаңыз, бізге, жергілікті тұрғындарға бәрі әлдеқайда белгілірек. Бізде орыс маршы, скинхед, және басқа да солар тәрізді радикалдық ұйымдар жоқ. Осыдан-ақ бәрін түсінуге болады.
«...Ал енді келіп бізге сұғынуда, оларға жұмыс беру керек, әйел беру керек, тегін пәтер беру керек...». Мен өзгелер үшін жауап бермеймін, бірақ қазақтар Ресейге сұғынып жатқан жоқ. Олар ол жақта негізінен ежелгі қазақ жерлерінде тұрып жатыр.
«...Бір өтініш, орыстарды жайына қалдырыңыздаршы...». Біз, қазақтар сіздерді мазалап жатқан жоқпыз, керісінше, ұлы Ресей империясының ұлттық мүддесінің аумағы ретінде сіздер бізді мазалаудасыздар.
«...Өздеріңе басқа объектілерді тауып алыңыздар...». Сіздің түсінігіңіздегі объекті ретінде сіз бізге қажет емессіз. «Ежелгі орыс» жері ретінде біздің жерлерімізге таласпай бізді жайымызға қалдырыңыздар.
Ғалым Бақыткерейұлы Ерғали Жансейітовке «...Ғалым, сіздің бұл жерде айтып отырғаныңыздың бәрі де сіздің жағдайды игермейтіндігіңізді көрсетеді...». Менің байқауымша сіз жағдайды өте жетік меңгереді екенсіз. Сіз сонда дүниежүзілік деңгейдегі саясаткерсіз бе? Тіпті олардың өздері де жағдайды меңгере алмайды. Ал сіз меңгерудесіз. Жерге түссеңіз қайтеді.
«...Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық жөніндегі Келісім жайында оқыңыз. Түпкөзі: сайт «Президент России». 11 ноябрь 2013 жыл...». Ал сіз өз кезегіңізде Германия мен КСРО арасындағы келісімді оқыңыз. Немесе, Украина мен Ресей Федерациясының арасындағы Келісімді оқып көріңіз.
Күшті мен әлсіздің арасында қандай келісім болуы мүмкін? Ең алғашқы қолайлы сәтте-ақ ол келісіммен жай қағаз ретінде сүртініп тастайды. Саясат лас нәрсе, сол себепті де онда адалдық талап етілмейді, сондықтан ешқандай да мызғымас келісімдер болмайды. Қалаған кезде арадағы келісімді бұзуға қажетті көптеген «салмақты» себептер тауып алуға болады. Демек, орыстар айтатындай «құдайға да сен, өзің де қарап қалма».
«...Сізге Қазақстанның атынан сөйлейтіндей кім құқық берді?...». Ал сізге бұл құқықты кім беріп еді? Мен Қазақстан атынан сөйлеп отырған жоқпын, тек жеке өз пікірімді ғана білдіріп отырмын. Маған «кітаби шындықтарды» түсіндірудің қажеті жоқ. Бәріне де шынайы көзбен қарап, шынайы ой қортыңыз.
Әділ Садықов Ғалым Бақыткерейұлына Бізде әлі де БАҚ-тарға сенетін аңқау азаматтар көп. Өздерін үлкен державалар деп атайтын мемлекеттер келісімдерді, әсіресе, 1945 жылдан кейінгі территориялардың шекараларының бұзылмастығы жөніндегі келісімдерді сақтауды қойды.
Үлкен державалар арасында күрес орын алған, бірақ Америка территорияларды тартып алуды емес сыртай басқаруды қалайды. Ықпал ету аймақтары бөлініп алынған, және біздің РФ-ның геополитикалық мүддесінің құрамында екендігімізді мойындауын қашан қойғанша АҚШ президенті Қазақстанға келмейді.
«Қызылдар» келген кезде олардың басқыншылықтарын жақтайтын көптеген қазақтар «аулынай» қызметіне ие болу үшін өз қазақтарын атты. Сондай «шолақ белсенді» үшін атар алдында «саботаж» деп айта алу басты шарт болды. Сондықтан мен Сізбен келісемін.
Ерғали Жансейітов Ғалым Бақыткерейұлына Ғалым! Бұрмалаудың қажеті жоқ! Менің не айтқым келгенін Сіз жақсы білесіз. Ия, Россия мен Қазақстан арасында шешілмеген мәселелер мен проблемалар, мысалға, әскери-өнеркәсіптік өндіріс саласында, ғарыш индустриясы саласында, сондай-ақ, ресей-қазақстан қарым-қатынасында әлі де көп. Қазақстан өзінің саналы түрдегі таңдауы болып табылатын «көпвекторлылық» саясатын жүргізуде.
Қазақстанның көзқарасы бойынша қазіргі сәтте мұндай таңдау өзін ақтайды деп айтуға болады. Ол саясат басты сыртқы саясат ойыншыларының (АҚШ, Қытай, Ресейдің) күштерінің арақатынасын шынайы түрде ескеруге негізделген. Қазақстан бай табиғи ресурстарға ие бола тұра әлі күнге дейін өзінің ұлттық мүддесі неғұрлым ескерілетін тәуелсіз саясат жүргізе алмай отыр.
Қазақстанның өз территориясында аймақтан тыс ойыншылардың әскери қатысуының элементтерін орналастыру кеңесімен келіспегенін де атап өткен жөн. Қазақстанға мұнай, газ, және өнеркәсіптік маңыздағы табиғи уранның едәуір қоры тиесілі екендігін ескергенде ол мүмкін болатын. Оның үстіне Қазақстан мыстың, титанның, темір қортпаларының дүниежүзілік нарығында жетекші ойыншылардың бірі болып табылады. Және аймақтық нарықта ол хром бойынша монополист болса, темір, марганец, көмір және алюминий бойынша едәуір ықпалы бар.
Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің географиялық жақындығы, екі арадағы саяси және экономикалық байланыстар Қазақстанның Ресейдің мүддесін ескерместен ядролық салада АҚШ және Қытаймен экономикалық жақындасу бағытын таңдамайтындығына Ресей үшін кепілдік бермейді.
Ресей мен Қазақстанның арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық табысты түрде дамуда, және байыпты келісім-құқықтық базаға ие. «Таласты территорияларға» келер болсақ, ол мәселе жоғарыда мен айтып өткен келісімнің баптарында көрініс тапқан.
Ғалым Бақыткерейұлы Өкінішке орай, Қазақстан өз мүдесіне зиян бола тұра Ресейдің ұлттық мүддесімен санасуға мәжбүр. Өйткені, дүниежүзіндегі ең ұзын шекара арқылы шектесіп жатқан Ресей империясының бұрынғы отары ретінде, және үш миллиондық этникалық орыстары бар ел ретінде ол Ресейге тәуелді болып тұр. Ресей де өзінің ұлы империялық құлашымен оның аяқ-қолдарын барынша матай отырып бейбіт, әрі тыныш түрде «жұтып» қойғысы келеді.
Бұл үдеріс қазақтардың орыстану үрдісінен анық байқалады. Қазақстан қазақ тілін қорғау бағытында түбегейлі шешімдер қабылдай алмауда. Ондай жағдайда ол Қырымнан айрылып елдің оңтүстік-шығысында бүлікшілермен соғысуға мәжбүр болған Украинаның кебін киген болар ма еді.
Ерғали Жансейітов Видеоның бағасын бер...
(Виде о): В.В. Пякинге (концептуалдық-аналитикалық «Мѣра за меру» газетінің бас редакторы) сауал: «Пак Ги Мун Украина мен Ресей арасындағы шекараның демаркацияланбағанын хабарлады. Бұл ақпаратты Лавров, Чуркин, және Пушковтар ООН, ЕС, ОБСЕ, және басқа ұйымдардың отырыстарында неге пайдаланбауда. Жалпы, неге бұл ақпарат баспасөзде кеңінен жарияланбауда?
Пякин В.В: «Әр нәрсенің өз уақыты бар. Сіз түсінесіз бе, өзіңнің бар картаңды, өзіңнің бар көзірлеріңді столға бірден жайып салуға болмайды. Содан соң, әлі ақпараттық өріс те жасалған жоқ. Қазір бұл мәселе бойынша қоғамдық талқылау арқылы ақпараттық өріс жасалуы тиіс, сонан соң осы қоғамдық пікір негізінде Лавров, және Путин тәрізді мемлекеттік чиновниктер дүниені бөлісуге қатысты белгілі бір талаптарын ұсынулары тиіс. «Кешіріңіздер, балалар, Россия Кеңестер Одағының мирасқоры болып табылады, ал шекара болса әлі демаркацияланбаған, сондықтан заңнама бойынша Украина Ресей Федерациясының құрамдас бөлігі болып шығады. Міне, бітті, мәселе күн тәртібінен алынып тасталынады!».
Бірақ, бұл әлі жасалынатын келесі қадам, сіз түсінесіз бе, ақпаратты дәл уақытында, тиісті уақытында ұсынып отыру қажет. Міне, дәл уақытында білдік емес пе, ... идея қоғамда белгілі бір қозғалыс тудырды, оны қабылдаған, талқылаған, теріске шығарған адамдар көбейген үстіне көбеюде... Түсінесіз бе, ақпараттық өріс пайда болуда, ал барлық үдерістер ақпараттық тұрғыдан басқарылады, егер елде ақпарат болса, кейін осы ақпараттық өріс негізінде келесі қадамдар жасалады.
Олай болса, әр істің өз уақыты бар. Әзірге Украинада ешқандай да мемлекеттік шекара жоқ екендігін, тек КСРО-ның ғана мемлекеттік шекарасының бар екендігін адамдарға хабарлау қажет. Ал КСРО-ның мирасқоры Ресей Федерациясы болып табылады. Соған орай Польша, Венгрия, және Румыния Украинамен емес Россиямен шектесіп жатыр.
Олай болса, Украина территориясының бір бөлігін, оның батыс облыстарын бөліп алуды армандап жүргендер білетін болсын, қазіргі юриспруденцияның көзқарасы бойынша олар Ресейге қатысты басқыншылық актісін жасаған болады. Кешірерсіздер, балалар, Ресей қазіргі кезеңде өз территориясына ешқандай жазасыз баса-көктеп кіруге мүмкіндік беретін жағдайда емес.
Ресей әскерінің Украина территориясына кірмеуіне келсек, ол мүлде басқа аспектпен байланысты. Бұл Ресейдің Украинаның әлеуметтік катаклизмдерінің, қоғамдық сырқаттарының мейлінше аз шығынмен, мейлінше аз дағдарыс құбылыстарымен өткенін қалауына байланысты. Адамдардың дағдарысты жеңіл өткеріп, оны жеңе білулерін қалауымен ғана байланысты.
Бірақ, егер қажет болса, Виктор Сергеевич айтқандай, егер олар, мысалға, Осетиядағы грузиндер тәрізді әрекет жасайтын болса, онда бізге басқа таңдау қалмайды. Ия, біз адамдарды қорғауға тиіспіз! Және оған Путиннің Федерация Кеңесі тарапынан берілген мандаты да бар».
Ғалым Бақыткерейұлы КСРО-ның құрамында 15 республика болды. Және олардың бәрі де заңмен бекітілген өзара шекараларға ие болды. Және егер мен қателеспесем, КСРО-ның ата заңы бойына олардың әрқайсысы КСРО құрамынан шығуға құқылы болды. Оның үстіне КСРО-ның мирасқоры болып саналатын Ресейдің кезінде 14 республиканы өз құрамынан өз еркімен шығарып тастағанын да ұмытпаған жөн. Және ол қазіргі территориялары бойынша олардың тәуелсіздіктерін мойындады. Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттер ретінде олармен түрлі уағдаластықтар мен келісімдер жасады.
Сондай-ақ, барлық республикалар тәуелсіз мемлекеттер ретінде барлық халықаралық қауымдастықтар тарапынан да мойындалды. Енді шекара демаркацияланбаған екен деп мұның бәрінің күшін жойып олды Ресейдің заңды колониялары деп тану қажет пе? Қайдағы бос сөздерді айтатындары несі. Былай қарасаң дұрыс саясаткерлер тәрізді.
Республикалар арасында бәрі де мойындайтын заңды шекаралар бар. Мысалға, Украинаның Қырымы мен оңтүстік-шығысындағы үш облысын Ресей Украинаның заңды территориялары ретінде мойындаған. Әлі де мойындайды. Олай болса бұл жөнінде қандай проблема болуы мүмкін?
Украина мен Ресейдің арасында заңды шекара бар. Тек оны әлде де егістік пен бау-бақша үстерімен нақты айқындап, дүниежүзілік стандартқа сәйкес екіжақты келісімдер арқылы жаңарту қажет. Жалпы, өзіңнің шектен шығушылық әрекеттеріңді ақтап алу үшін мұндай іске аспайтын сылтауларды ойлап табудың қажеті жоқ.
4-10 май. 2014 ж. 13.09.14.
Комментариев нет:
Отправить комментарий