Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
«Біз, орыстар сендерге түрегеліп тұрып зәр сындырды үйреткенбіз». Осы бір кең тараған сөзді орыс шовинистерінен жиі естуге болады. Сол арқылы олар орыстар мен орыс мәдениетінің арқасында ғана адам болғандықтарын қазақтардың естеріне салуға тырысады. Олар қаншалықты дұрыс айтады? Мен сіздерге пікірталастан үзінді ұсынамын.
Андрей Стрельников Әділ Садықовқа ...ТҮРЕГЕЛІП ТҰРЫП ЗӘР СЫНДЫРУДЫ ДА САҒАН КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ҮЙРЕТТІ)))))
Ғалым Бақыткерейұлы Андрей Стрельниковке Ия, орыстар, сіздер қазақтарға түрегеліп тұрып зәр сындыруды үйреттіңіздер, және жақсы бір нәрсеге үйреткендей оны мақтан етесіздер. Бірақ, егер ақылға салатын болсақ бұл сіздердің бізге жақсы нәрселерді үйретпегендеріңіздің айқын дәлелі болып табылады. Біз, қазақтар, мұсылман халық ретінде тазалықты сүйетін халық болған едік. Өйткені, Ислам тазалықты талап етеді, өйткені, таза болмаса мұсылманның бес уақыт намазы қабыл болмайды. Сондықтан мұсылмандар зәрінің бір тамшысын болса да киіміне тигізбеуге тырысады.
Күніне бес уақыт намаз оқитын әрбір мұсылманнан шариғат бойынша тазалық талап етіледі. Сондықтан олар намаз алдында дәрет алады. Дәреттің бір шарты бойынша мұсылман кіші және үлкен мұқтаждықтар өтеген соң астын жуады. Сондықтан олар бірден астарын жуу үшін жүресінен отырып зәр сындырады. Тіпті бес уақыт намаз оқымайтын қазақтар да зәрінің бір тамшысын да киіміне тигізбеуге тырысатын еді.
Сондықтан бұрынғы кездері қазақтар далалыққа ұзап шығып тізерлеп отырып зәр сындыратын болған. Егер олар түрегеліп тұрып зәр сындыратын болса, онда зәр тамшылары міндетті түрде оның киіміне тиген болар еді. Өйткені, даладағы үнемі есіп тұратын желді ескеретін болсақ, онда әрине, еркектер үшін тізерлеп отырудан дұрысы жоқ.
Ал қазақ даласына шәрке киген орыс қоныс аударушылары келген кезде олар үшін бұл сондай бір жабайылық болып көрінді. Бұл қалай, еркектер тізерлеп, немесе жүресінен отырып зәр сындырады. Ал бұлар болса «мәдениетті ұлт» ретінде мұндай жабайылықты жасамайды. Олар кіші қажеттіліктерін түрегеліп тұрып атқарады, және шәркелері мен киімдеріне зәр шашырай ма олар үшін ол тіпті де бәрібір. Егер далалықтағы желді, және олардың үнемі мас күйде болатындарын ескеретін болсақ, онда олар тура мағынасында өз зәрлерімен жуынатын болады.
Бірақ, олар мұны жоғары мәдениетіліктің көрінісі ретінде санайды, және өздерінің осы бір «мәдениеттерін» қазақтарға да үйретті. Тіпті осы кезге дейін көптеген орыстар надандықпен мұны қазақтар үшін үлкен жетістік болды деп санайды. Егер олар болмағанда қазақтар сол баяғы отырып зәр сындыратын жабайылар болып қала берген болар еді.
Бұл мысал орыстардың қазақтарға бар жақсылықты біз үйреттік деп білетін түсініктерінің қате түсінік екендігінің айқын мысалы болып табылады. Жоқ, керісінше, орыстар, сіздер бізді, яғни, мұсылман қазақтарды араққа, және басқа қазіргі орыс халқын ірітіп жатқан небір жаман нәрселерге үйреттіңіздер. Сөйте тұра бізден алғыс талап етесіздер.
24 тамыз 2014 ж.
Комментариев нет:
Отправить комментарий