الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ
Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
«Қазақстандық бойжеткендерге жылдық табысы 90 мың доллардан кем емес қытай ер-азаматтарына тұрмысқа шығу ұсынылды! ... Он бес қытай кеп кілең 18 жасар қазақ қыздарын іздейді екен. Сосын шертіп жүріп, ішінен ең сұлуын таңдайды екен. ...Агенттік өкілінің хабарлауынша, ақпан айында 15 қытай күйеу жігіті Астанаға төрт күнге келмек, олар болашақ қалыңдықтармен көзбе-көз кездесу үшін келе жатыр екен. «Іріктеуге» қатысудың құны – агенттік клиенттері үшін 15 000 теңге, ал клиенттері еместерге – 25 мың теңге». «Қазақ үні».
Galym Baqytkereiuly Дін, мешіт, намаз, хиджаб десе шошынатын қазақтар бір нәрсені түсінбей-ақ қойды. Намаз оқитын мұсылманның хиджаб киген бір де бір қызы қытайдың бай жігіттеріне ақша үшін қатын болмақ түгел өзге мұсылман ұлтының жігіттеріне қолын да ұстатпайды. Егер қазақтың бәрі Аллаға бой ұсынып мұсылмандықты ұстанғанда кім көрінген қыздарымызды тауар ретінде өзгелерге ұсынып сол арқылы ақша тауып баюды ойламас еді.
«Сақалдылар», «молдалар» деп дін ұстанып жүрген мұсылмандарды кем көріп, өздерінше оларды кекетіп, мысқылдап жүрген қазақтар, егер соншалықты керемет болсаңдар енді қыздарыңа ие болып көріңдер. Қытай күйеу жігіттерге таласып, оларға қалайда ұнауға тырысып барын салатын қыздар, бұл сендердің пиғылдарыңның жемісі. Қашан тәубеге келмейінше осы қор болғандарың қор болған!
Kanat Мұсылман сендей болса, онда мұсылмандығыңмен қоса құрып кет. Арабқұл болсаң бол, ал Қазаққа тіл тигізбе. Қазақтың ұлттық дәстүрінен мақұрым, Қазақылық отбасы тәрбиесін алмаған осындай қағынан жерінген тексіздер ғана осылай айтады. Мұндайлар түрі ұқсағанмен болмысы қазақ емес. Қазақтың қасиетті қанынан садаға кеткірлер!
Қазақтан аулақ жүріңдер! Надан, дүмше діни догматиктердің құтыруын қарашы. Бүкіл Қазақтың болмысына, діліне, дініне тіл тигізуін қара... Бірінші нағыз Қазақ бол, Қазақы тәрбие алған ұл болсын, қыз болсын өз ұлтының намысы үшін АРын жоғары қояды, «өлімнен Ұят күшті» деп санайды.
Galym Baqytkereiuly Сіз сияқты «бас десе құлақ деп түсінетін» адамдарға таңғаламын... Егер мен атам қазақ ұстанған мұсылмандықты мойындамай, Алланың парыз еткен нәрселерін орындамай, соның салдарынан балаларына дұрыс тәрбие бере алмай, ұл-қыздары казино мен түнгі клубтарды жағалап, арақ ішіп, жеңіл жүріске салынып кім көрінгеннің ермегі мен мазағы болып жүрген қазақтар жайында айтсам сіздің шамданатын не жөніңіз бар?
Әлде сіздің өзіңіз сондай адам ба едіңіз? Егер мен «дін, мешіт, намаз, хиджаб» десе шошынатын қазақтар жайында айтсам, қалайша сіз айтқандай «...Қазақтың ұлттық дәстүрінен мақұрым, Қазақылық отбасы тәрбиесін алмаған, қағынан жерінген тексіз, болмысы қазақ емес, надан, дүмше діни догматик...» боламын?
Сонда сіздің ойыңызша, қазақтың ұлттық дәстүрін ұстанатын, қазақылық отбасы тәрбиесін алған текті, болмысы қазақ адамдардың ұл-қыздары казино мен түнгі клубтарды жағалап арақ ішіп, жеңіл жүріске салынып жүрулері керек пе? Қай қазақ атаң мешітке барып намаз оқымай, оразасын ұстамай арақ ішіп, карта ойнап, етек аңдып жүрген еді? Қай әжең арақ ішіп, омырауы мен санын ашып, түнімен дала кезіп кім көрінгенмен төсектес болып еді?
«Қазақы тәрбие алған ұл болсын, қыз болсын өз ұлтының намысы үшін АРын жоғары қояды, өлімнен Ұят күшті деп санайды» деп бос лепіресіз. Егер қазақы тәрбие алған ұл мен қыздарыңның көбісі «мәмбет», «ауылбай», «бархан» болғысы келмей өзінің қазақы тәрбиесінен қысылып, тезірек «креативный» болғысы келіп жедел европаланып, орыстанып бара жатса бос лепіргеннен не пайда?
Ұрпақтарыңыз күннен күнге орыстанып бара жатса сіз өзгелерді арабтанумен қорқытасыз. Сонда неше ғасыр дін ұстанып, мешітке барып намаз оқыған аталарың мен хиджаб-кимешек киген әжелерің араб болып кетіп пе еді? Жалпы, сіз арабтанғаннан көрі орыстанғанды артық көретін орысқұл сияқты көрінесіз.
Galym Baqytkereiuly Ардақ, «иман хиджаб, сақалда емес жүректе» деп қазақты адастырмаңыз. Иманды адам үшін құлшылық парыз, егер құлшылығыңыз, яғни, намазыңыз, оразаңыз жоқ болса сіздің иманым бар деуіңіз бекер. Құлшылыққа тартпайтын иман иманның ең нашары. Ал құлшылықты жоққа шығарған адамның иманы да жоқ. Сол сияқты Алла парыз еткен хиджаб-кимешек кимеген әйелдің де иманы өлімші иман, ал хиджаб-кимешекті киюдің қажеті жоқ деген адамның иманы да жоқ.
Сақал ер адамға уәжіп, тіпті ол сүннет болғанда да сүннетке қарсы шыққан мұсылманның мұсылмандығы кем. Мәселе сіздің жүрегіңізде болып тұр. Жүрегіңіз мұсылмандық парыздарды жақтырмайды. Сол себепті де аузыңыздан «иман хиджаб, сақалда емес жүректе» деген қырсық сөз шығып тұр. Бұлай ете берсеңіз бір күндері бар иманыңыздан да айрылып қалуыңыз ғажап емес. Алла тағала өзіне қарсы шыққандарды ұнатпайды. Ол ондай «мұсылмандардың» амалы жоқ «қысыр» имандарына еш мұқтаж емес.
Kanat Нағыз ұлттық тәрбиемен сусындаған Қазаққа Арабтан үйренетін ешнәрсе жоқ. Бір Жаратушыны жекешелендіріп семиттердің діни догмаларынан көшірілген, көшпелі жабайы бәдәуилерге арналып лайықталған діни шығарманы ұлықтап, сондай құдыретті үйлесімділікпен жаратылған Құдайдың Жаратылысын ескі діни дүниетаныммен түсіндіру деген осы заманда барып тұрған надандық.
Атыңды Ғалым қойғанмен затың лайық емес екен. Бір Құдайдың барын, Оның құдыретін ешкім жоққа шығармайды. Ал дін атаулы, ол қандай дін болсын алғашқы миссиясынан ажырап тек жаулап алушы геосаясаткерлердің соғыс, ойын құралдарына айналғаны қашан. Сен сияқты фанатик әсіредіншілдер ИГИЛ-дің сарбазына айналуы оп-оңай. Дұрысы, Қазақы болмысыңмен ЕС САНАҢДЫ жоғалтпа. Өз Қазағыңның төл тарихына, ата-бабалардың өнеге-өсиеттеріне көбірек көңіл бөліп, зерттеуге ұмтыл.
Егер Қазақ болсаң әсіредіншіл болма. Дін болсын, басқа болсын тең ортасын ұста. Ал дін Исламды идеологиялық қару етіп пайдаланушылардың түп мақсаты Ұлттарды жою, тек «мұсылманмын» дейтін тобырдан құралған үлкен халифат құру. Шырақ, есіңді жи, бірінші нағыз ұлттық Қазақ Елін нығайтып ЕЛ болайық. Қазақтың о бастан жүрегі АҚ, АРЫ таза, иманы толық! Бұл қасиеттерін ғасырлар бойы атам Қазақ сан мәрте дәлелдеген, оған кәрі тарих куә.
Galym Baqytkereiuly Сізге европалық оқу өтіп кеткен екен... Сіз «...сондай құдыретті үйлесімділікпен жаратылған Құдайдың Жаратылысын...» қандай Құдай жаратты деп ойлайсыз? Алла ма, әлде басқа ма? Егер ол Құдай Алла болса, сол Құдайдың адамзатқа түсірген Құран кітабын «... көшпелі жабайы бәдәуилерге арналған, лайықтанған діни шығарма...» дегеніңіз жөн болсын?
Егер сіз шынымен де «... бір Құдайдың барын, оның құдыретін жоққа шығармайтын» болсаңыз, онда ол Құдайдың адамзатқа тура жол көрсетер бір нұсқау беруін, оны адамдарға жеткізетін бір Елшінің болуын қалай жоққа шығарасыз? Осындай қарапайым нәрсені ұғына алмасаңыз сіз логика жағынан өте нашар екенсіз?
Сіз егер ондай Кітап болса, ол қай Кітап деп ойлайсыз? Егер ондай Елші болса ол кім деп ойлайсыз? Егер дін өзінің «...алғашқы миссиясынан ажырап, тек жаулап алушы геосаясаткерлердің соғыс ойын құралдарына айналған...» болса, бұған сіз сияқты дінді қисық түсінетін шала діндарлар кінәлі деп білемін.
Сіздің «...Қазақы болмысыңмен ЕС-САНАҢДЫ жоғалтпа, өз Қазағыңның төл тарихына, ата бабалардың өнеге өсиеттеріне көбірек көңіл бөліп зерттеуге ұмтыл...» деген құрғақ уағызыңыз кімге дәрі? Оны сіздің ұл-қыздарыңыздың өздері де құлаққа ілмейтініне сенімдімін. «...Қазақ болсаң, әсіредіншіл болма, дін болсын басқа болсын тең ортасын ұста...» деп ақылгөйсисіз. Егер соншалықты данагөй болсаңыз халыққа, біз сияқты «фанатик әсіредіншілдерге» діннің сол «тең ортасын» неге көрсетпейсіз?
Kanat Сабыр..., Ғалымжан, кешелі бергі шыққан халыққа жағымсыз заңсымақтар жүйкемізге әсер етуде... Дін туралы артық айтсам кешірім өтінемін. Ия, әр адамның дүниетаным, көзқарас түйсігіне сыйластықпен қарау керек. Негізі «әрнәрсенің ортасын ұстаңдар, және әсіредіншіл болып осы дүниелік тірлікті ұмытып кетпеңдер» деп соңғы пайғамбар айтқан. Солай жазылған. Ақиқатын бір Жаратқан біледі.
Сосын, жер бетінде жаратылыс туралы басқа көзқарастағы әлемдік ғалымдардың да еңбегімен, зерттеулерімен танысқан дұрыс. Жаратушының аты көп, Алла, Құдай, Бог т.б. Ал қазақ аталарымыз «бір Тәңірім жарылқасын» дейтін болған. Ия, қазағымды Бір Тәңірім жарылқасын, аруақтар демесін...
Galym Baqytkereiuly Ия, бәріміз де пендеміз, бәріміз де жағымсыз сезімдер жетегінде кетіп тілімізге ие бола алмай жатамыз. Мен өзім де қатты кетіп қалып отырғанымды білемін. Сондықтан өзгенің де қаттылығына кешіріммен қарауға тырысамын.
Қандай мәселенің болмасын тең ортасын ұстанған дұрыс. Мен басқа мәселелердің тең ортасы жайында таласпай-ақ қояйын, бірақ дін мәселесінде өзімді тең ортаны ұстанатын жамағаттанмын деп білемін. Әбу Ханифаның мазхабы Құран мен сүннетті ақыл-ойға салып терең түсінуге негізделген мазхаб. Мұнда әр халықтың салт-дәстүріне кеңшілікпен қарап, шариғатқа қайшы келмейтін тұстарына тиым салмайды.
Мысалға, Құран бағыштау, тұсаукесер, беташар, келіннің сәлем салуы, сүйінші, көрімдік, құтты болсын айту, наурызды тойлау тәрізді көптеген қазақы салт-дәстүрлеріміз имамдар тарапынан мансұқ етілмеген. Жалпы, біздің «фанатик, әсіредіншіл, молдалар» халықтың көп талап-тілектерімен санасып, көп мәселеде босаңдық танытып халықпен келісе отырып жұмыс жасауда.
Егер мешіттерде нағыз әсіредіншіл фанатиктер отырса намаз оқымайтын қазақтар мұсылман болып саналмағандықтан ол мешіттерге барып Құран оқытпақ түгел, ол мешіттерге мүлде кіруден қалар еді. Және мешіттерде араб тіліне басымдық беріліп жамағат біртіндеп арабша үйреніп, арабшаға көше бастар еді. Сол кезде ғана «қазақты арабтандыру жүріп жатыр» деп дабыл қағуға болар еді.
Ал қазір мешіттерде тек қазақ тілі ғана қолданыста болып араб тілін білу тіпті имамдардың өздеріне де міндеттелмейді. Сондықтан Ислам діні арқылы қазақ арабтанып кетеді деп қауіптенудің жөні жоқ. Керісінше, Ислам діні халықтың орыстануына, жалпы қандай болмасын жат ықпалға қарсы тұратын ең тегеурінді күш болып тұр.
Қазақ намаз оқыса, ол біз үшін таңсық емес. Аталарымыз да бес уақыт намазын қаза етпеген мұсылмандар болған. Сақал қойса аталарымыз да сақал қойып, сақалы жоқ адамдарға жат көзбен қараған. Қыз-келіншектеріміз хиджаб кисе, ол да қазаққа жат дәстүр емес. Әжелеріміз де ұзын жеңді, ұзын етекті киім киіп, балиғатқа толған кезден бастап жат адамдарға шаштарын көрсетпеуге тырысқан. Қазір қыз-келіншектеріміз заманға сай хиджаб кисе, оны да келе-келе ұлттық киім үлгісіне сай етіп алуға болады.
Ең бастысы халықты имандылыққа баулып, дін ұстанып құлшылық ететін халық ету керек. Сол кезде халқымыздың «жүрегі АҚ, АРы таза, иманы толық» болып, қазіргі көптеген келеңсіздіктерден оңай арылар едік. Сол кезде қыздарымызға «қырық үйден тию» болып олар кім көрінгеннің қолындағы бақыр емес, құны жоғары асылға айналып қытайларға да, басқаларға да қол жетпес арман болар еді.
Мен өз басым «...нағыз ұлттық Қазақ Елін нығайтып ЕЛ болудың...» басқа мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын. Өзгелер де мұны көре білсе екен деймін. Осы бағытта күш біріктіре алсақ біз үшін алынбас асу, еңсерілмес қиындық болмас еді.
Диля Шынымды айтсам, осы ұзақ жазылған əңгімеден жалықтым. Сол хиджап киген қыздар неге Сирия мен Пакистанға, арабқа кетіп жатыр? Өз ұлтына тимей сонау жер түпкіріне неге кетеді?
Galym Baqytkereiuly Диля ханым, қазақтың қыздары алданып тек Сирия мен Пакистанға ғана кетіп жатқан жоқ, тіпті Африкаға дейін кетіп жатқан қыздар жайында да естіп жатырмыз. Олардың бәрі де бақыт іздеп кетіп жатыр... Егер әйел жаны бақытты болуды қаласа оларды хиджаб киген, хиджаб кимеген, намаз оқитын, намаз оқымайтын деп бөлудің қажеті не?
Диля Керек емес нəрсемен айналысудың қажеті жоқ. Санасы таяздарды намаз түгіл таяққа жықсаң да бəрібір. Намысы жоқтың ұстанымы да жоқ.
Galym Baqytkereiuly Керек, керек емес нәрсе дегендерді әркім өзінің өмірге деген көзқарасы, білімі арқылы анықтайды. Мысалға, мұсылман адамның керек деп айналысқан нәрсесін Аллаға сенбейтін адам керек етпейді. Бұл дүниеде әркім тек өзі қажет деп білген нәрсесімен ғана айналысады. Ал шын мәнінде кімнің керек, ал кімнің керек емес нәрсемен айналысып жүргені бір Аллаға ғана аян.
Комментариев нет:
Отправить комментарий