пятница, 8 июля 2022 г.

Сонда орысқа не қалады?

                                                     الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді,  рақымды Алланың атымен бастаймын! 

                     

Сегізбай Ертедегі орыстардағы əскери сөздердің көбінің арғы жағы «Алтын Орда» кезеңінде қабылданған қазақ сөздері. Мысалы, сол кездерде қазақтар «ұр», «ұр рə» деп шабуылдаған. Сол «ұр», «ұр рə» сөзінен ура шыққан. «Субординация» - əскери шенге қарай бағыну да аты айтып тұрғандай «ордадан» қабылданған. Шыңғысхан кезінде ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, он мыңдыққа бөлген. Оң қол, орта, сол қол деп үш жүзге болген.

 

«Жоңғар» деген сөз де «зунғар», «ұзынғар», яғни қолдың қарына байланысты шыққан сөз. Қазақтың төл сөздерін қазақтікі емес деп оттайтындар да бар. Мысалы «черный беркут» деген түрік сөзі деп жазғандар болды. Бүркіт қазақтың «бүру» сөзінен шыққан екені көрініп тұр. Қазақтың «шежіре» сөзі арабтың «шаджарат» сөзінен шықты деп қуатындар да бар. Сол арабтарың 7 атасын да білмейді ғой.

 

Қазіргі Астрахань сөзінің түбін тарихшылар біресе Хажытархан, біресе Аштархан дейтіні бар. Ол Алтын Орданың ханы əз Жəнібектің ноғай Əжі тарханның құрметіне салдырған қаласы. 2-ші жаһан соғысы кезінде гвардия аталып аты шығатын Кантемировская дивизияның арғы төркіні хан Темірден шығып тұрғанын көпшіліктің бəрі біле бермейтінін де айтып кетейін.

 

Серік  Олжастың «АЗиЯ»-сында көптеген мысалдар келтірілген. Тіл мен сөздердің шығу, айтылуы туралы деректерге қызығушылық білдірген жандарға «АЗиЯ»-ны оқып шығуға кеңес берер едім. Осы жерде келтірілген мысалдардың барлығын Олжекең Кеңес заманында айтып орыс ғалымдарының жүйкесін жұқартқан.

 

Тыныштықбек  Онда біраз қателіктер бар. Бір мысалы «Кощей» - «Көшші».

 

Ғалым Бақыткерейұлы «Кощей» сөзінің түбірі «көш» сөзінен шыққаны қате емес. «Көшпенді», «көшпелі» деген сөздің орысша нұсқасы болып тұр.

 

Тыныштықбек  «КЕШШЕ» (ақымақ) сөзінің құбылғы бір түрі.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Ежелгі орыс қалаларының отырықшы тұрғындары үшін далалық аймақтарда көшіп жүрген жауынгер көшпенді тайпалар қорқыныш туғызып, олардың санасында «көшпелі» сөзі үрей тудыратын құбыжық мағынасында көрініс берген. Олжас аға солай десе, қисынды болғасын солай деп отыр. Мен де сол нұсқаны сенімдірек деп қабылдаймын. «Кеще» сөзінің бұл жерге еш қатысы жоқ. Меніңше, «кеще» сөзі «ешек» сөзінің түрленген нұсқасы. Ал ежелгі орыстар бұл сөзбен таныс болмаған деп ойлаймын.

 

Сегізбай Ералаш - аралас болар.

 

Janarbek  «Hungary» деген сөзде «хун» деген түсінікті. «Gary» деген сөз маған әрқашан қазақша «жері» деген сөзге ұқсайтын сияқты болып көрінетін. Яғни,  Ғұн, тек ағылшынша айтылғанда «germany» «джермани» деп айтылған сияқты өзгерген сияқты.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Меніңше, «хун-гар», «гер-ман» сөздерінің «гар», «гер», «хер» түбірі «ер» деген сөзден шыққан. Орыстардың «герой» сөзі де осы қатардан. Олардың бәрінің де түбірі «ер», яғни «батыр» сөзі.

 

«Веранда» - сөзі Викисловарда былай түсіндіріледі. «Происходит от англ. veranda, далее из порт. varanda, от хинд.  (baramda) «веранда», от перс. برمده ((baramadah) «портик, галерея», из перс. بر (bar) «на» + перс. امده (amadah) «идти, проходить»".

 

Егер түбірі «бар» сөзінен шыққаны рас болса, онда «бар» сөзі қазаққа да жат емес. Тіпті, «анда» сөзі де тура мағынасында қазақ сөзі болып тұр. Екеуін қосып айтқанда «бар анда» сөзі шығып тұр, яғни «бар ана жаққа» деген мағынада. Осы мағынасында «бір жерге өту» мағынасын да береді. «Төрге шық», «төрге өт» деген мағынада...

 

Ал «стайка» сөзі «стоят» сөзінен туындаған сөз. «Стойло» деген нұсқасы да бар. Жалпы, «тұрақ» мағынасына келеді. Егер «стоять» сөзі «стой» деген сөзден туындағанын ескерсек «стой» сөзі «с-той» болып жіктеліп түбірі «той» болады. Ал «той» сөзі орыс тілінің жалғауларының ыңғайымен өзгерген «тұр» сөзі болуы мүмкін. «Тур», «тор», «то-й», «с-той» болып өзгеріске түскен тәрізді. Мағыналарының да бірдей болуы соны аңғартады.

 

Сегізбай Егер «тіл» орыста «язык» болса, ол «жазық», «тегіс» деген қазақтың сөзіне келеді. «Языктың» «жазық» екенін бұрын біреу айтқан. Сонда орысқа не қалады?

 

Ғалым Бақыткерейұлы «Язык» деген сөз қазақтың «езу» деген сөзінің «езу-к», «езы-к», «язы-к» болып өзгеріске түскен нұсқасы болуы мүмкін. Жалпы, бір атаудың мағынасы басқа тілге өзгеріп басқа атауды білдіретін сөз болып ауысатыны белгілі. Мысалға, «рот» деген орыстың сөзі «ұрт» деген қазақтың сөзіне келеді.

 

Ал орыстың «щека» сөзінің қазақтың «шеке» сөзі екеніне еш күмән жоқ. Және «морда» сөзі түбірі «мор» «мур» болып келіп қазақтың «мұр-ын» сөзімен астасып жатқаны да анық. «Уста» сөзінің түбірі «ус» болса бұл «ауыз» сөзінің «уыз», яғни «уз» деген бөлігі болуы мүмкін. «Ус», «уз», «уыз» деп алғандағы ұқсастық көзге ұрып тұр.

 

Қазақтың «тіл» деген сөзінің орыс тілінде көрініс таппауы мүмкін емес. Бұл «тіл» деген сөз орысша «тол» болып алынып «толкуй» деген сөзге айналды деп білемін. «Тол-ковать» сөзі өзінің «по-тол-куем» деген бастапқы қолданысында қазақша «тілдесу», «сөйлесу» деген мағынаны беруі мүмкін.

 

Және «тіл» сөзі орыс тіліне «тіл-маш», яғни «аудармашы» мағынасындағы «тол-мач» сөзі болып енген деп те болжауға болады. Бұл негізі, орыс тіліне кейінірек кірген мағына болуы мүмкін. Соған орай «толковать» сөзі «түсіндіру» мағынасына ие болды. Қалай десек те осы «тіл» түбірі орыстың «толковать», және «толк» сөздерін тудырғаны анық. Ал осы «толковать» сөзі кейінірек қазақ тіліндегі «талқы», «талқылау» сөздерін тудырып қазақ тілін байытты деп білемін.

 

Сөз бет пішін атаулары жайында болған соң батыл болжамдар жасап тағы да басқа орыс сөздеріне «тиісіп» көрелік. Орыстың «нос» сөзі маған қазақтың «иіс» сөзінен пайда болған сияқты көрінеді. «Нос» сөзі қалай болғанда да иіс мүшесін білдіретін атау. Бірақ оның орыс тіліндегі нұсқасының иіске еш қатысы жоқ.

 

Ал бұл «н-ос» сөзінің түбірін «ос» деп алсақ, онда ол «иіс», яғни «ис» сөзіне жақындап нақты мағынаға ие болып иіскейтін мүше ретінде таныла бастайды. Орыс тілінде дауыссыз дыбыспен басталатын сөздің басына бір-екі әріпті қосып оны өз ыңғайына қарай икемдеп алатын заңдылық бар. Соны ескерсек «ис» сөзінің басына «н» әріпін қойып оны «н-ос» етіп өзгертіп алуы көкейге қонатын жай.

 

Тағы бір орыстың атауы «зуб» сөзіне келсек, мұның төркінінде «азу» деген қазақ сөзі жатқан тәрізді. Зубтағы «зу» мен азудағы «зу» кездейсоқ ұқсастық болуы мүмкін бе? Ал орыстың «ухо» сөзі мен қазақтың «ұқ» сөзінің ұқсастығы да тегін емес сияқты. «Ұқ» сөзінің қазіргі мағынасы «түсін» болса, бұл «тыңда», «есті» мағынасымен туыстас мағына. Бірдеңені ұғу үшін оны дұрыс тыңдау қажет екенінін ескерсек, орысшаға «ұқ» сөзі осы мағынада ауысқан болуы мүмкін. «Ухо» сөзінен «уши», «уши»-ден «сл-уш-ать» сөзі туындап осылай түрленіп кете берген.

 

Сегізбай Əй, Ғалым інім! Мендей емес, орысшаға төселген жорға сияқтысың. Осы бағытыңнан таймасаң түбінде сенен бірдеңе шығар. Дəл (Даль) мен Олжастың (Сүлейменов) ойына келмеген сөздерді айтып жатырсың. Осыны дамыта бер. Өз атың да Ғалым екен.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Рахмет, аға! Әрине, бұлар тек болжам түріндегі пікірлер ғой... Менің бұл іспен хобби ретінде айналысып соңына түскеніме біраз болды, және біраз сөздердің түп-төркіндерін «аршып» та қойдым. Әрине, бір сөздің басқа бір мағынада, басқа түбірде ашылып өз пікірімді өзгеткен кездерім де болды. Бірақ, сәйкестіктердің өте көптігіне қарап өзімнің дұрыс жолда екеніме сенімдімін. Егер бір «тағаланған» тіл маманымен бірлесіп жұмыс жасалса біраз шаруа тындыруға болар еді...


Комментариев нет:

Отправить комментарий