пятница, 8 июля 2022 г.

Жұмақтан үй салу

                                                        الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

 

Almas Діншілдеу көршім бар. Бірде «әрбір сауапты ісің үшін Алла тағала жұмақтағы үйіңе бір кірпіштен қалап отырады екен» дейді. Оны көрген сайын «үйің бітейін деді ме?» деп сұрайтын болдым. 

 

Назира Осындағы үйді сала алмай жүргенде енді сол жақтағы үйді салайық.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Бітпей қалса Алла тағала бітіріп береді. Біреудің үйі емес жұмақтағы өз үйіңіз уайым болсын.

 

Bauka Жігіттер, ЮМОР деген бар ғой. Бəрін трагично қабылдай бермесеңдерші.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Алланың, Пайғамбардың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне әзіл жүрмейді... Әзілмен ақталып небір сұмдықтарды айтуға болады.

 

Almas Айып болмасын, просто бір сауапқа бір кірпіш болса, төбесін жабу мен чистовойға қанша екен деген ой туады да... 

 

Ғалым Бақыткерейұлы «Мешітке қарай басқан әр қадамыңа бір сауаптан жазылады» деген хадис бар. Бір километр жердегі мешітке жаяу барсаңыз сол сауапқа кемі екі мың кірпіш аласың, оның үстіне премия да жазылуым үмкін. Солай есептей беріңіз...

 

Сапабек Өте орынды айттыңыз, аға.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Негізі, мұндай әзілдерді кейде өзім де жіберіп қоямын... Бірақ өзіңдікін аңғармайсың да өзгенікі көрініп қалады екен. Сондықтан бір-бірімізге осылай ескертіп,тәубеге келтіріп қойған да жөн.

 

Назира Сонымен шамамен қанша болса үй бітеді?

 

Almas Сауап көп болса коттедж аласыз, болмаса, времянка тиетін шығар... Ол жақта да әлеуметтік теңсіздік пе деп қалдым. 

 

Ғалым Бақыткерейұлы Әлеуметтік теңсіздіктің бұл жерге не қатысы бар? Бәрі өзіңізге байланысты. Егер жақсы амалдарыңыз көп болып сауапты көбірек жинасаңыз коттедж емес патшаның сарайындай зәулім сарай да тиіп қалады.  Алла еңбегіңізді жемейді, керісінше, ықыласыңызға қарай сауапты артығымен жазады.  

 

Назира Бұл жақтағы үйден ол жақтағы үй оңайлау сияқты екен. Соны сала берейін.

 

Алмас Пікірлерді оқып қорқамын. Мракобесие.

 

Anar Діншілдердің мыйы роботқа айналып кеткен ғой. Неше түрлі сауатсыз уағыздың кесірінен түйсік, сезім, логикадан мақұрым қалдырып, өшіріп тастаған. Сондықтан олар ауыз ашса қорқынышты болатын себебі осы.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Бұл адамдарды жақсылыққа құлшындыру үшін айтылған астарлы  хадис болуы мүмкін. Алланың ризалығы үшін жақсы істер істеңіз де жүре беріңіз. Пайдасын соңара Алланың қасынан табасыз. Мұның несі жаман? Бұл тек жамандықты жақсы көретін, жаман істерді жасап жүрген, жамандыққа белшеден батқан, сондықтан да жұмақтан үміті жоқ  жандарға ғана ұнамауы мүмкін.

 

Serizhan Құдекең ренжіп қалар деп отырсыңдар ма, Мұқаң мұқалып қала ма әлде? Орынды әзілде тұрған ештеңе жоқ. Арамызда болса Мұқаң да жымиып қояр еді, жарықтық.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Аруақпен ойнауға қорқатын қазақтар Құдаймен құдасындай әзілдескісі келеді. Сонда олар үшін Алланың аруақ құрлы қадірі жоқ болғаны ма?

 

Марат Баспен берілушілердің тым көбейіп кетуі түбі жақсылықтың нышаны деуге бола ма? Қазақ қашанда барлық нәрсені тілге тиек етіп те, әзілдеп те келген. Одан өзгеріп, я құлап, я күйреп қалған ештеңе де болған емес.

 

Ғалым Бақыткерейұлы Қазақтың Қожа Ахмет Иассауи, Бекет ата, Есет ата сияқты пір аталарды әзілге қосып, күлкі еткенін естіп пе едіңіз? Егер одан өзгеріп, я құлап, я күйреп қалмаса соларды әзілге қосып күлкі етіп көріңіз...

Комментариев нет:

Отправить комментарий