الرَّحِيمِ الرَّحْمنِ اللّهِ بِسْمِ
Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Ғалым Бақыткерейұлы Менің байқауымша біраз қыздарымыз әйелдерге еліктейтін 91 тобының жігіттеріне естері кетіп жүр екен... Бұл несімен қауіпті? Ертең олардан туған балалар да солар сияқты әйел кейіптес болып туылуы мүмкін. Өйткені, осындай жігіттерді ұнату арқылы қыздар балаларым солар сияқты болса екен деген түйсік деңгейіндегі күшті тілекте болады. Ал бізде мұндай қыздар өте көп екен. Ертең осы қыздардан туған балалар еркек сияқты емес, қыз сияқты болып туылып, гей болуға бейім тұратын болса бұл сұмдық емес пе?
Дүниежүзілік үрдіс бойынша бұлардың ұстанатын бағыттары сатанизм, ЛБГТ, гей жарнамасының бағыты. Қазір Қазақстандағы мұндай бағытты ұстанушылар өз бет-бейнелерін ашықтан ашық көрсетуге қоғамдық пікірден қорқады. Бірақ шетелдегі осы бағыттағылардың іс-әрекеттеріне қарасаң бұлардың сатанизм, гей насихаты бағытындағы топ екендігіне көзің жетеді.
Жалпы, қыздар неге сырға тағып, шаштарын, тырнақтарын бояп, беттеріне макияж жасап, көздерін, еріндерін бояйды? Олар сол арқылы ер адамдардың көздеріне түсіп, соларға ұнауға тырысады. Ал егер осыларды жігіттер жасаса оның себебін бір-ақ жолмен түсіндіруге болады. Олар да сол еркектердің назарын өздеріне тартып, еркектерге ұнағылары келеді. Мұны басқаша қалай түсінуге болады?
Олар қыздарға ұнау үшін боянып, сырға тағып жүр деу қисынға симайды. Өйткені, кәдімгі қалыпты қыздар ондай еркектерді ұнатпайды. 91 тобының әндеріне қатысты дау қозғамай-ақ қояйық, ал осы әндерді айту үшін міндетті түрде қыз кейпіне ену керек пе? Әлде кәдімгі жігіттер сияқты еркекке тән кейіпте ән айтса оларға жараспай ма? Жалпы, мұсылмандар арасында ән мен биді, соның ішінде еркектердің әнмен, бимен әуестенуін қостамайтын көзқарас бар.
«Салафтар (алдыңғы үш алтын ғасыр ізгілері) ән айтатын еркекті әйелге ұқсатқан». Әл-Истиқама 1/277.
«Еркек өлең айтып, би билеген кезден бастап еркек болудан қалады». Омар ибн Хаттаб.
Nurlan Біз сәләфизмге қарсымыз.
Ғалым Бақыткерейұлы Ән мен биге қатысты мұндай көзқарасты тек салафиттер ғана ұстанбайды. Бұл кең таралған Ислами көзқарас. Ал егер сіз мұсылмандардан көрі мынадай Алладан қорықпайтын, дінмен істері жоқ, халықты аздырумен айналысып жүргендерді артық санайтын болсаңыз сіздің қандай мұсылман болғаныңыз? Алладан қорқыңыз!
Маржан Дүмшелермен алыспай-ақ қояйықшы. Нағыз діндарлар полемикадан аулақ болады.
Ғалым Бақыткерейұлы Исламда ән мен биге тиым салынуының мәнісін осы 91 тобының мысалынан-ақ түсінуге болады. Әнші жігіттердің көбеюі үрдісінің түпкі нәтижесі осындай әйел тектес жігіттердің пайда болуына әкеліп соқтыратын болған соң да Білуші Алла әншілікке, бишілікке тиым салған болуы мүмкін. Бұл үрдіс ән мен бидің сиқырымен адамды тура жолдан тайдыратын шайтанның арбауы демеске амалың қанша?...
Лашын Аға, әркімнің өз қалауы, өз таңдауы бар, қазіргі заманға сай... Бұлардың шаш бояп билегендерінде тұрған ештеңе жоқ. Ер адамдардың бәрі де тойда билейді, сондағы ерлердің бәрі еркек емес бола ма? Біз 91 қолдаймыз!
Ғалым Бақыткерейұлы «Әркімнің өз таңдауы» дейсіз, сіз осыларды жақтап шаң жуытпай отырсыз. Алла бар, және Алла жақсылықты да, жамандықты да адамның ниетіне қарай береді. Ертең балаңыз осылар сияқты боянып, сырға тағып жүрсе «балам қазіргі заманға сай» деп мақтанатын боласыз ба? Қызға ұқсаған сырт пішінімен жігіттерге ұнап, бұзық жігіттер оларды айналшықтап, қырындап жүрсе сіз соған қуанасыз ба? Балаңыз сол жігіттерге көз сүзіп қылымсып жүріп бір күні біреуін «күйеу балаңыз осы болады» деп үйге әкеліп таныстырып тұрса, сіз оларға ақ батаңызды бересіз бе? Қандай істің қайда алып баратынын байыптамайтын соншалықты соқыр болмасаңызшы...
Лашын Ия, түсінем ғой, бірақ мен 91 тобын қолдаймын. Кешіріңіз, болашақта не болатын белгісіз.
Ғалым Бақыткерейұлы «Адам өз тағдырын өзі жасайды» деген даналық бар ғой... Адам өзіне өзі жамандықты қатты қалап тұрса, оған не істеуге болады... Тек ертең «маған мұны ешкім ескертпеген еді» деп айтпассыз. Адамның алдында да, Алланың алдында да...
Лашын Жарайды, оны сол кезде көрерміз...
Ғалым Бақыткерейұлы Сонда сізді тіпті балаңыздың тағдыры да алаңдатпай ма? Сіз осы арқылы балаңызды құртып отырсаңыз да сізге бәрібір ме? Ана дегеніміз осындай бола ма? Мынау деген сұмдық қой... 91 тобына естері кеткендері соншалықты болашақ балаларын да солардың жолдарына құрбан етіп жіберуге дайын. Алла сақтасын мұндай сұмдықтан!!!
Гульзира Ғалым Бақыткерейұлы, егер сіз тек Алла жолында жүрген болсаңыз, адамды ғайбаттамаңыз. Сіз оларды танымайсыз, ішкі дүниесі түгілі тіпті өздерін де білмейсіз, және сыртынан «гейге» теңегеніңіз барып тұрған оңбағандық.
Ғалым Бақыткерейұлы Адамды жаман жолдан, жамандықтан сақтандыру үшін шындықты айтқан ғайбат болмайды. Бәріміз аузымызды буып отырайық, ал азғындар өз істерін емін-еркін істеп әлі санасы қатпаған елікпе, желікпе жастарымызды азғындық жолына топ-тобымен алып кете берсін. Сол да мұсылмандық болып па? Сол да Алла жолында жүрген адамның ісі болып па? Пайғамбарымыз салла Аллаһу ғалейһи уассалам былай деген:
«Әйелдің киімін киген еркекке, еркектің киімін киген әйелге лағнет болсын!». (Хаким).
«Еркекке ұқсауға тырысқан әйел, әйелге ұқсауға тырысқан еркек бізден емес». (Ахмад).
«Әйел қылықты еркекке, еркек қылықты әйелге лағнет болсын!». (Бұхари).
«Еркектерге ұқсаған әйелдерге, және әйелдерге ұқсаған еркектерге Аллаһ лағнет етсін!». (Табарани).
Лашын Аға, сіз 91 тобын тыңдамай жүре беріңізші, болды ғой, аға. Үлкен кісісіз, «сөзді қусаң сөз шығады» деген. Сіз Мейрамбек, тағы басқаларды тыңдап жүре беріңіз, біз 91 тыңдап жүре берейік, болады енді, аға. 91 жастарды топ-тобымен қайда апарып жатыр сонда?
Ғалым Бақыткерейұлы Пайғамбарымыз салла Аллаһу ғалейһи уассалам сырт пішіндерімен әйелге ұқсап жүрген жандар жайында осылай деген. Ендеше, бізге олардың «ішкі дүниесін білмейміз» деудің не жөні бар? Сырттарын түзесін де еркекке ұқсап әндерін айта берсін. Гей насихатын жасап жүрген жандар өздері гей болмаса да сол үшін айыпты болады.
Және осындай гей насихаттың жаршыларын жақтап шаң жуытпай отырған мұсылмандар да сол үшін жауапты болады. Мұсылманға мұндай іс лайықты емес. Ақиретте гейлер қайда болса оларды жақтап, қолдап, қорғаушылар да сонда болады. Гейлер өздері қайда барса өздерін қолдап, қорғаушыларды да, сондай-ақ аңғал жастарды да топ-тобымен сонда апарады.
Nurlan Ғалым, олардың гей екендіктеріне дәлел бар ма? Тозақта жанасың ғой ертең өртеніп. Біреудің жап-жақсы баласын гей дегенің үшін...
Ғалым Бақыткерейұлы Кім оларды гей деп отыр? Олардың өздері гей насихаттың құрбаны болып жүрген аңғал жастар. Олар тек өздерінің танымал болып, ақша тапқандарына мәз болып жүр.
Гульзира Сіз олардың біреуге жамандық жасағанын, біреуді азғырғанын көрдіңіз бе?! Қайта жастарды жаманнан жиренуге, өзіне сенуге, жақсылық жасауға шақырады. Өз басым жастар ортасында жұмыс жасап жүргендіктен, олардан көп жастардың тәлім-тәрбие алып, мәдениеттіліке үйреніп жүргенін көріп жүрмін. Бастысы жүрек тазалығы.
Ғалым Бақыткерейұлы Олардың өздері гей болмаса да гей мәдениетті насихаттап жүргендеріне еш күмән жоқ. Сонда сіз әйелдерден жерініп, еркектерге құмартып, лас жыныстық қатынасқа түсетін гейлердің жүректері таза демексіз бе? Гейлерден қандай тәлім-тәрбие алып, қандай мәдениеттілікке үйренуге болады? Гей мәдениеті жастарды қандай жамандықтан жиренуге, қандай жақсылық жасауға шақырады? Сіз өзіңіз қандай мұсылман, қандай тәрбиешісіз?
Лашын Сіз олардың ішінде кіріп көрген жоқсыз ғой, сіз өзіңіз қандай мұсылмансыз?
Ғалым Бақыткерейұлы Жалпы, гейлердің азғын екендіктерін білу үшін олардың іштеріне кірудің қажеті жоқ, олардың қандай екендіктеріне істері дәлел.
Гульзира Аллаға серік қоспаңыз. Біле-білсеңіз гей - ол ауру адам. Және оларды мұндай ауруға ұшыратқан да бір Алла.
Ғалым Бақыткерейұлы Ауру адамдар өздерінің ауру екендіктерін мойындап, өз дерттеріне Алладан шипа сұрайды. Ал өз дерттеріне Алладан шипа сұрамақ түгел оны басқа сау адамдарға жұқтырғысы келіп жүрген зұлым пиғылды адамдарды Алла жақсы көріп жарылқайды деп ойлайсыз ба? Білместікпен Аллаға жала жаппаңыз!
Гульзира Сіздікі дәл сол зұлым пиғыл! Мен қай қазақтың ұлы болсын, мейлі ұры болсын, мейлі зұлым болсын, жамандық тілемеймін. Өйткені, ол да біреудің баласы. Ананың баласы. Қаршадай балаларды үлкен басыңызбен даттап, ғайбаттап отырсыз! Тозаққа кімнің түсетінін тек Алла ғана біледі.
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз гейлерге «жамандық тілемеймін» деп оларды жақтап, сол арқылы адал жастарға жамандық тілеп отырсыз. Сіз екі жақты да бірдей жақтап екі ортадан жол табамын деп ойламаңыз. Олай болмайды. Сіз саналы түрде бір жақты таңдаңыз... Мен Алладан осындай қайырлы істерім үшін рақым күтіп, тозақтан сақтар деп үміт етемін. Алла өз құлдарына рақымды.
Гульзира Сіздікі қайырлы іс емес. Шатаспаңыз! Мен үшін қайырлы іс біреуді ғайбаттамау. Күнәнің бәрі тілден!
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз басқа емес Алла жек көрген, Пайғамбарымыз салла Аллаһу ғалейһи уассалам жек көрген нәрселерді жақсы көрсетпек болып Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), тіпті Аллаға да ғайбат айтып кеттіңіз. Нағыз ғайбат деген сол. Сонда гей мәдениеттің өкілдерін, олардың жаман істерін жақтап отырған сіз қайырлы іс істеп отырмын деп ойлайсыз ба? Алла осыншама алжастырса қайтерсің...
Гульзира Адамның бәрі Алланың сүйген құлы! Адамды сүю, мен үшін Алланы сүю. Арғы жағы тек Аллаға ғана аян!
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз надандықпен Аллаға жала жаппаңыз. Гейлер Алланың сүйген құлдары деген сұмдық сөздеріңіз қандай надандық... Мұсылман Алла сүйген нәрселер мен Алла сүйген адамдарды ғана сүюі керек. Дінді білмесеңіз білгендерден сұрап алыңыз. Әйтпесе күнәға мүлде кіріп барасыз. Алла сақтасын!
Гульзира Сау болыңыз. Алла біліп істеген, білмей істеген күнәларыңызды кешірсін!
Ғалым Бақыткерейұлы Әмин! Гүльзира, Сіздерге де соны тілеймін! Алла рақым етсін сіздерге!
Комментариев нет:
Отправить комментарий