Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын?
Шейх Ибн Баз: «бидғатты ұстанушы ашариттер әһли сүннеттен емес».Сұрақ: «ашариттер» тобы әһли-Сүннет пен құтылатын топқа жата ма?». Шейх «Не дейсіз?». Сұраушы: «Ашариттер» тобы әһли-Сүннет пен құтылатын топқа жата ма?». Шейх: «Жоқ! Ашариттер сектасы бидғатшылар. Олардың бидғаттары өте көп, сондықтан олар Сүннетті ұстанушылардан емес. Олар тек кейбір нәрселерде ғана әһли-Сүннетпен келіседі. Ия, солай». https://www.youtube.com/watch?v=-0eWn0qnipg
Ғалым Бақыткерейұлы Қарап отырсақ салафиттердің пікірінше, ашариттер, сондай-ақ матуридиттер де әһли Сүннеттен емес екен. Осыдан бірнеше ғасыр ғана бұрын пайда болған, өздерін әһли Сүннетпіз дейтін бұл сектанттарға кейбір мұсылмандар ешқандай да бір күмән келтірместен сенуде. Маған сеніңіз, ақиретке дейін мұндай секталардың әлі талайы пайда болады, және олардың бәрі де «тек біз ғана әһли Сүннетпіз» дейтін болады.
Осылайша мұсылмандар ақирет күніне дейін, Даджал келгенге дейін сыналатын болады. Егер мұсылмандар осындай әдеттегі жай ғана сектанттардың фитнасына қарсы тұра алмаса ертең олар Даджалдың өз келгенде оның фитнасына қайтіп қарсы тұрмақ? Қазіргі салафиттер сектасына еріп кеткен мұсылмандар тәрізді табансыз мұсылмандар ертең Даджалдың да соңынан оңай еріп кететін болады. Олар жақында ғана пайда болып «модаға» айналған сектаны салафтар іргесін қалаған мазхабтардан артық көріп өз мазхабтарын еш қиналмастан тастап кетуде.
Мұндай мұсылмандар болашақта, Даджалдың фитнасы кезінде де осылай өз мазхабтарын еш қиналмастан оп-оңай тастап кететін болады. Өйткені олар фитнаны ұстанушылар. Олардың жүректеріне фитна күнәсі жұққан. Сондықтан олар тек сектанттарды ғана іздеп, «адам өзі қандай болса сондайларды табады» дегендей тек сектанттарды ғана іздеп табатын болады.
Булат Касымов Ғалым! Ассаламуалейкум! Шейіттер ғана емес йудейлердің өздері де қызығатындай сондай бір құлшыныспен әһли-Сүннетке іріткі салуды тоқтатыңыз.
Ғалым Бақыткерейұлы Болат, уалайкум ассалам! Салафиттер өздері пайда болған кезден бастап мұсылмандар арасына іріткі салып келе жатқан жоқ па? Сіз неге олардың сол фитнасын көрмейсіз? Сонда шейхтің мұндай сөздері мұсылмандар арасына іріткі салмай ма? Сіз олардың осынша бір құлшыныспен өз фитналарын таратып үммет арасына іріткі сала бергенін қалайсыз ба? Олардың «мазхаб ұстаушылар әһли Сүннеттен емес» деп жүргендері факт. Олай болса біз тек фактіні алға тосудамыз...
Нур Итжанов Ғалым Бақыткерейұлы, сіз барынша надан, әрі өз құштарлығына еруші адамсыз! Әһли-Сүннеттің ғұламаларына тіліңізді сумаңдатпастан бұрын Ислам негіздерін жақсылап зеріттеңіз, Сүннетті алдыңғы үш ұрпақ мұсылмандары түсінгендей түсінетін мойындалған ғұламалардан пайдалы білім алыңыз! Ия, бүлік пен іріткі тап сіз сияқтылардың кесірінен болуда! Алла сізді тура жолға салсын! Әмин!
Пайғамбарлар мен елшілердің мұрагерлері болып табылатын шариғат ғұламаларына тіл тигізу – зор күнә! Ғұламаларға тіл тигізетіндердің барлығының да тілдері жиркенішті, әрі лас! Алла оларды құртып жіберсін! Олар ғұламаларды, олардың абыройларын еш бағаламайды!
Ғалым Бақыткерейұлы Нур Итжанов, сонда мазхаб ғұламалары пайғамбарлар мен елшілердің мұрагерлері емес пе? Бірақ салафит шейхтер мен оларға ергендер барлық мазхаб ғұламаларын ширкте, сүннетті тастап қоюда, бидғаттарда, тағы басқа да жиркенішті істерде айыптады. Бұл сонда тіл тигізу емес пе, бұл күнә емес пе? Олай болса сіздің «ғұламаларға тіл тигізетіндердің барлығының да тілдері жиркенішті, әрі лас! Алла оларды құртып жіберсін! Олар ғұламаларды, олардың абыройын еш бағаламайды!» деген сөздеріңіз бірінші кезекте соларға қатысты.
Сіз Алла тура жолына салсын деп мен үшін дұға еттіңіз. Сіздің бұл «тура жолыңыз» - нағыз әһли сүннет болып табылатын төрт мазхабтың ақидасы мен фиқһына қайшы келетін ваххабизм-салафизм. Сондықтан біз сіздің жолыңыз - ваххабизм-салафизмді жаңадан пайда болған сектанттардың жолы деп санаймыз. Сондықтан бұл жол тура жол емес. Сіз болсаңыз мені осы сектанттардың жолына салғыңыз келіп сол үшін Аллаға дұға етесіз. Сіз өзіңіздің артық кетпегеніңізге сенімдісіз бе?
Сіз өзіңіздің барынша надан, әрі өз құштарлығына еруші адам емес екендігіңізге сенімдісіз бе? Адамның шектен тыс сенімділігі оның өзіңіздің сондай екендігін көрсетеді. Сіз қай әһли Сүннет жайында айтып тұрсыз? Менің әһли Сүннетім сіздің әһли Сүннетіңіз емес. Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінен бері Исламның барлық көрнекті ғұламалыр түгелімен аһли Сүннет ретінде мойындаған нағыз әһли-Сүннеттің ғұламаларына тіліңізді сумаңдатпастан бұрын Ислам негіздерін жақсылап зеріттеңіз, Сүннетті алдыңғы үш ұрпақ мұсылмандары түсінгендей түсінетін мойындалған ғұламалардан пайдалы білім алыңыз! Біздің мешіттерімізде салафит сектанттар пайда болғанға дейін бүлік пен іріткі болған емес. Сондықтан Алла сізді тура жолға салсын! Әмин!
Дмитрий Литвиненко «Сұрақ:
السؤال: ( ما حكم التعامل مع المخالف لعقيدة السلف الصالح كالأشاعرة والماتريدية ومن نحا نحوهم والتعاون معهم على البر والتقوى والأمور العامة وهل يحرم العمل معهم سواء كانت الإدارة لنا وهم يعملون تحتنا أو العمل تحت إشرافهم؟ وهل هم من الفرق الضالة الاثنتين والسبعين؟ وهل التعامل معهم يعد من باب تولي غير المؤمنين؟.)
Ашариттер мен матуридиттер тәрізді саляф солихтердің ақидасын ұстанатын қарсыластармен жұмыс жасаудың үкімі қандай? Олармен жақсылық пен дүниелік істерде бірігіп жұмыс жасауға бола ма? Олар адасқан 72 секталарға жата ма? Жауап:
الحمد لله، والصلاة والسلام على رسول الله وبعد: فجواباً على ذلك نقول: الأشاعرة والماتريدية قد خالفوا الصواب حين أولوا بعض صفات الله سبحانه. لكنهم من أهل السنة والجماعة، وليسوا من الفرق الضالة الاثنتين والسبعين إلا من غلا منهم في التعطيل، ووافق الجهمية فحكمه حكم الجهمية. أما سائر الأشاعرة والماتريدية فليسوا كذلك وهم معذورون في اجتهادهم وإن أخطأوا الحق. ويجوز التعامل والتعاون معهم على البر والإحسان والتقوى، وهذا شيخ الإسلام ابن تيمية رحمه الله قد تتلمذ على كثير من العلماء الأشاعرة، بل قد قاتل تحت راية أمراء المماليك حكام ذلك الزمان وعامتهم أشاعرة، بل كان القائد المجاهد البطل نور الدين زنكي الشهيد، وكذا صلاح الدين الأيوبي من الأشاعرة كما نص عليه الذهبي في سير أعلام النبلاء، وغيرهما كثير من العلماء والقواد والمصلحين، بل إن كثيراً من علماء المسلمين وأئمتهم أشاعرة وماتريدية، كأمثال البيهقي والنووي وابن الصلاح والمزي وابن حجر العسقلاني والعراقي والسخاوي والزيلعي والسيوطي، بل جميع شراح البخاري هم أشاعرة وغيرهم كثير...
د. عبد العزيز بن عبد الفتاح القارئ عميد كلية القرآن في الجامعة الإسلامية سابقًا
د. محمد بن ناصر السحيباني المدرس بالمسجد النبوي
د. عبد الله بن محمد الغنيمان رئيس قسم الدراسات العليا بالجامعة الإسلامية سابقا
Ашариттер мен матуридиттер сипаттарға тәуил жасаған кезде ақиқатқа қиғаш келді. Сонда да олар Аһли-Сүннет уәл-Жамағатқа жатады, және олар адасқан 72 секталардан емес, тек олардың (сипаттарды) жоққа шығаруда ұшқарылықтарға ұрынып джахмиттермен келіскендеріне ғана джахмиттерге қатысты үкім болады. Ал ашариттер мен матуридиттердің басқа бөлігіне келсек олар ондай емес, тіпті ақиқатта қателіктерге ұрынса да олар өз иджтихадтарымен ақталады. Олармен жақсылықта, тақуалықта, және басқа да істерде жұмыс жасауға рұқсат етіледі.
Кезінде көптеген ашарит ғұламалардан білім алған Ибн Таймияны мысалға келтіруге болады, ол тіпті көпшілігі ашариттер болған сол кездегі Мамлюк билеушілерінің туы астында соғысты да. Мұнан да зорын айтар болсақ, имам әз-Захаби өзінің «Сияр А‘лям ән-Нубаля» жазғанындай сол кездердегі ержүрек Нуруддин әз-Занки мен Салахуддин әл-Айюби тәрізді әскери әмірлер де ашариттер болды. Олардан өзге де ғұламалар, әскери көшбасшылар, және т.б. ашариттер болған.
Әл-Байхақи, ән-Науауи, Ибн ас-Салях, әл-Миззи, Ибн Хаджар әл-Асқаляни, әл-Ираки, әс-Сахауи, әз-Зайля‘и, әс-Суюти тәрізді мұсылман ғұламалары мен имамдарының көпшілігі ашариттер мен матуридиттер болды. Шын мәнінде Сахих әль-Бухариді тәпсірлеушілердің барлығы, және олардан өзгелердің де көпшілігі ашариттер болды».
Пәтуаның астына 3 салафит шейхі қол қойды: Абдул-Әзиз ибн Әл-Фаттах Әл-Қари, Джамиятул Исламия Құран факултетінің бұрынғы басшысы. Мұхаммад ибн Насир Әс-Сухайбани, Пайғамбардың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде сабақ беретін ғұлама. Абдуллах ибн Мухаммад Аль-Гъудаян. Мединенің Ислам университеті жанындағы жоғарғы оқу орнының «ақида» бөлімінің меңгерішісі болып тағайындалған. Кейін «жоғарғы білім» бөлімін басқарды. Сондай-ақ, Пайғамбардың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде сабақ береді.
Ғалым Бақыткерейұлы Қазір салафит шейхтері арасында жікшілдік мен бүлік болып жатыр. Олар бір-біріне қайшы келетін пәтуалар қабылдауда. Сондықтан егер кейбір салафит шейхтері мазхабтарға қатысты жұмсағырақ позиция ұстанатын болса, бұл Ибн Баз, Фаузан тәрізді көрнекті шейхтердің үкімдерін жоққа шығармайды.
17 - сентября 2015 г.
Келесі мақала Сіз неге Ресей үшін соншалықты күйіп-пісесіз?
Комментариев нет:
Отправить комментарий