Казакская Орда Фашистердің жақында Киевте гейлерге жасаған шабуылы мен соған байланысты туған желідегі гомофобиялық комментарилер дауылына байланысты сауат ашу. Әрине, неше ғасырлық қараңғылық пен 15-жылдық путиннідік үздіксіз насихатпен күресу оңай емес, бірақ жарқын, прогрессивті болашақ «халықтарға еркіндік, адамға еркіндік» сөздеріне негізделген.
Ересек адамдардың жеке өмірінде болып жатқан нәрселер басқа ешкімнің де емес тек солардың өздеріне ғана қатысты нәрсе. Бұл олардың еркіндігі, олардың таңдауы. Өзгенің төсегіне тұмсықтарыңды сұқпаңдар. Гейлер сіздерді секспен айналысуға зорламайды, олар өздерін жайларына қалдырғандарыңды ғана қалайды.
Өз құқықтарын қорғау үшін бейбіт шерулер өткізу – бұл кез келген өркениетті елдің азаматтарының конституциялық құқығы. Сізге біржынысты неке ұнамай ма? Онда ондай некеге тұрмаңдар. Баланың жетімдер үйінде, немесе маскүнемдер мен нашақорлардың отбасында өмір сүргенінен көрі біржынысты болса да отбасында өмір сүргені жақсы.
Педофилия – бұл кез келген сексуалды бағыттың өкілдерінің бәрі де бірдей ұшырайтын жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыс. Орыс тілінде (гомосексуалисті де, педофилді де білдіретін) «педераст» сөзі гейлерге қатысты қате қолданылуда. Бұл қисын бойынша бүткіл гетеросексуалдарды «педофилдер» деп атауға болады.
ЛБГТ жайындағы білім адамдарды гейге айналдырмайды, өйткені бұл туғаннан болатын қасиет. Адамның биологиясын «насихатпен» өзгерту мүмкін емес. Анти-ЛБГТ долылық – фашизмнің алғашқы белгісі (Гитлер гейлерді концлагерлерде өртеді), және дүниежүзінің Зимбабве мен Сауд Арабиясынан бастап Уганда мен путиндік Ресейге дейінгі барлық артта қалған, керітартпа режимдердің сүйікті дағдысы. Осындай керемет компанияда біздің еліміздің де болғанын қалайсыз ба?
Өзге ересек азаматтармен жекебастық қатынаста болатын ересек азаматтарға қатысты заңдастырылған өшпенділік, кемсітушілік, және қудалау – бұл өркениетсіз, және экономикалық, ғылыми-техникалық тұрғыда артта қалған мемлекеттердің обективті белгісі.
Ресейде, Африка мен Таяу Шығыстың гомофобиялық елдерінде тұратын көптеген адамдардың өз отандарында емес, «іріп-шіріп» жатқан Гейропа мен Пиндосияда өмір сүріп, жұмыс істеп, оқуды армандайтыны сіз үшін таңғаларлық жай болып көрінбей ме?
Рустам Даханов Мен Ресейсіз, оған қоса гейлерсіз де еркін Қазақстанды қалаймын!
Казакская Орда Қазақстанда қалай диктатура орнатылады:
Егер мемлекетте диктатор пайда болса онда ол бос орында емес өзіне өте қолайлы топырақта пайда болғаны. Халықтың өз жігері мен қалауынсыз диктатуралар қалыптаспас еді. Қызғаныш, өшпенділік, сараңдық тәрізді жаман сезімдер – бұл бір адамның билігі жалғыз ғана нұсқа болатын қоғам үшін тыңайтқыш. ...
Бірінші кезекте мемлекет бір адамдардың еркіндігін шектеп, ал екіншілеріне еркіндікті көбірек беретін болады. Еврейлер мен цыгандарға қатысты солай болған. Бірақ бәрі де жеке өмірден басталады. Мемлекет жеке адамның төсегіне араласа бастаған сәттен бастап диктатура басталады. Совет адамы дәстүрлі түрде еркіндікті анархиямен шатастырады, ол қандай болмасын тәртіп үшін еркіндікті оңай құрбан етуге дайын.
Мұндай «тәртіпті» орнату үшін жалпы адамзаттық құндылықтар, ерік бостандығы, және өзге де өркениетті қоғамның ғажаптары жайында еш түсініктері жоқ маргиналдар іске тартылады. Дәстүрлі емес жыныстық бағыттың адамдарын нақты физикалық тұрғыдан жоюды жақтаған «болашақтықтар» күшейіп келе жатқан диктатура мен қазіргі мемлекеттік құрылысты қолдау үшін батыл шараларға көшудің айқын көрінісі. ...
Қазір қоғам өзінің бірінші құрбандығын таңдады (дәстүрлі емес жыныстық бағыттың адамдары), оны кеміріп бітіреді, онан кейін екіншілер, үшіншілер, осылайша көпшіліктің өзі құрбан болғанша жалғаса береді». Денис Кривошеев.


Казакская Орда Дүниежүзінің Африка мен таяу Шығыс тәрізді ең артта қалған елдері заңдастырылған гомофобиямен ауырады. Сіз осы компанияда болғыңыз келе ме?
Казакская Орда ТҮРЛІ-ТҮСТІ КОМПАНИЯ. Жуырда АҚШ-тың жоғарғы соты елдің бүткіл аумағында біржынысты некені заңды деп жариялады. Осы арқылы америкалықтар біржынысты жұптар некесін заңдастыра алатын 17 елдің қатарына қосылды. Енді «үлкен жетіліктің» төрт елі, «Үлкен жиырмалықтың» жетекші 7 елі, және БРИКС-тің екі елі сексуалды азшылықтың некесін қолдайды.

Ғалым Бақыткерейұлы Қазақтар - мұсылмандар. Бұл факт. Ал мұсылман мен гомосексуалист - сиыспайтын ұғымдар. Екеуінің бірін таңдау қажет. Сен не мұсылман боласың, не болмаса гомосексуалист боласың. Сен мұсылман бола тұра гомосексуалист бола алмайсың. Мұнан шығатын қортынды, сен не қазақсың, не гомосексуалистсің. Бұл мәселенің басын осылайша толық, әрі түпкілікті түрде ашып алу қажет.
Гомосексуалистің ешқандай болашағы жоқ. Өйткені, оның ұрпағы болмайды. Ол рудың, тұтастай алғанда адамзаттың жойылып кететін тармағы. Егер сен өз халқыңды сүйсең, егер сен өз тұқымыңның, өз ұлтыңның жойылып кеткенін қаламасаң, онда сен гомосексуализмге үзілді-кесілді қарсы шығуға тиіссің. Өз халқыңды сүйе тұра қалайша оның жойылып кетуіне жол ашасың. Мұндай әрекет адамның не ақымақ, не екіжүзді екендігін білдіреді.
Максим Кочкарев Ғалым, Сіздің қолыңызды қысамын. Нысанаға дөп тиген жауап.
Казакская Орда «Бұл төзуге болмайтын нәрсе! Бәрін де отқа лақтыру керек!». Гомофобтарға ЛБГТ-ға қатысты төзімсіздіктерінде дәйекті болып барлық «түрлі-түсті» компанияларға демеушілік көрсетулерін тоқтатулары керек. Әрине, компьютер, смартфон, және интернетті қолданушылар саны күрт азайып кетеді, бірақ, оның есесіне «түрлі-түсті» корпорациялар толықтай банкрот болады!

Ғалым Бақыткерейұлы «Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла тәсілшілердің жақсысы». Құран. Әли Имран 3:54.
«Олар түрлі айлакерліктер істеді. Негізінде олардың айлалары тіпті тауларды қозғалтатын болса да айлаларын Алла іске асырмайды. (Мұхаммед Ғ.С.) Алла пайғамбарларына берген уәдесінен таяды деп ойлама! Шәксіз Алла өте үстем, өш алу күшіне ие». Құран. Ибрахим 14:46,47.
Тіпті бұл компаниялар гейлердің қолдарында болса да одан ештеңе де өзгермейді. Өйткені гейлердің өздері Алланың қолында. Өзін-өзі жою программасы олардың өз іштеріне енгізілген. Сондықтан олар өздерін өздері жойып тынатын болады. Гейлер ұзақ өмір сүрмейді, және олар артында ұрпақ та қалдырмайды. Бұл дүниеде оларды Алланың жазасы тыным таптырмай өкшелеп қуып олар азап шегіп қиналып, өкінішпен өлетін болады.
Гейлер терең күйзелісте жүрген бақытсыз жандар. Олар оны сыртқа сездірмеуге тырысады. Олар іштегі жан төзгісіз жан азаптарын бір сәттік күнәлі оргазмдары арқылы тұншықтыруға тырысып бағады. Бірақ бәрібір ол оргазмдері оларды қасіреттен құтқармайды. Олар не істесе де өздері күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды. Олар бәрі жақсы болады деп үміттенеді, бірақ олардың үміттері сағым ғана. Оларды бұл дүниеде, ақиретте де ешқандай жақсылық күтіп тұрған жоқ. Олардың бар талпыныстары зая кетеді. Олар не істеп, қандай шара қолданса да бәрі де тек олардың зиянын ғана арттырады.
Олар адамдардың ақыл-есін жаулау үшін интернетті жаулап алуға тырысуды. Бірақ біз олардың интернеттерін де ақиқатты таратуға қолданатын боламыз. Сонда адамдардың ақыл-естерін ақиқат билейтін болады. Ең бастысы ақша емес, ең бастысы ақпарат пен білім. Ал олар болса өздері қаламаса да ақиқатты тарататын болады. Күнаһарлардың қанша амалдары олардың қалауларына қайшы келіп кері әсер берді. Қашанда солай бола береді. Ал түпкі нәтижеде олар Алланың алдына тұратын болады. Сол кезде олар көк тиындық та құны қалмаған байлықтарымен өздерін құтқарып көрсін.
8 июня-1 июля 2015 г.
Комментариев нет:
Отправить комментарий