Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Manas Naizabekov Петр Порошенко: «ПАСПОРТТЫ ОРЫС ТІЛІНЕН АРЫЛТҚАН ЖӨН». Біз қашан арыламыз осындайдан?
Гаини Бейсалиев Біздің билік сол Украин сценариін күтіп отырған сияқты!!!
Jandos O'Jorabek Олар орысшаны алып ағылшыншаны қоймақшы. Қызық емес бізге Украиндер. Олар Ресейден алыстап Американың қол астына кірмекші. Украинаны жек көре бастадым соңғы кезде. Демократияны өтірік дәріптеп жүр.
Марат Сол Петяның бір саяси билігі бар деп ойлаймысың? Қуыршақ емес пе ол деген. Олардың көкірегін жарып жүргені бар болғаны біз бен мына бауырымыз Өзбектің арасындағыдай жағдай. Өзбек қашанда бізден өзін жоғары санап, жоғары, үстем болғысы келіп әркез қыр көрсетіп жүрсе Украиндер өздерін Орыстан жоғары санағысы, көрсеткісі келіп әр саққа ұрынып жүр.
Түбінде украиндар өз бауырымен қайта қауышады, ол тек уақыт еншісінде ғана. Сол кезде араға от тастаушылар да, жата кеп қолдаушылар да, біреудің қолымен от көсеушілер де өзгеше сайрап шыға келеді. Тебісер, тістесер, бірақ бауырынан безіп алысқа кетпейді ешкім де ешқашан...
Ғалым Бақыткерейұлы Керісінше, орыстар өздерін украиндардан жоғары санап, тіпті украин деген ұлт жоқ деп жүрген жоқ па? Орыстардың бар ниеттері украиндарды мәңгілік орыс ықпалынан шықпайтын етіп мүлде орыстандырып жіберу. Жалпы, орыстардың ежелден келе жатқан саясаты да осы, өзге ұлттарды орыстандыру.
Қашан орыстар өз істері үшін кешірім сұрап, украиндарды өздерімен тең санап, оларды жайына қалдырмайынша украиндар орыстарды кешіруі мүмкін бе? Ал орыстардың әзірге өз былықтары үшін кешірім сұрап, украиндарды өздерімен тең санап, оларды жайына қалдыратын ойлары жоқ. Демек, жақын арада украиндардың орыс бауырымен қайта қауышуы неғайбіл. Тіпті украиндар орыстарды славян деп те санамайды, яғни орыстар олар үшін ешқандай да бауыр емес...
Марат Ғалым, егер орыстар украиндарды бауыр санамаса, оларды менсінбесе, онда оларды өзіне тарту жағын ойланбас та еді. Мыналар құсап кері қашар еді. Украиндар қайта өзін жоғары санап, қашаннан бері «москальдар» сықылды атаулармен атап менсінбей жүргендері... Украинның қолынан бәрібір де түк келмейді ғой. Бұл кім не десе де түбінде анықталатын өмір заңдылығы. Бұлардыкі сол іштегі қыжыл ғана. «Неге олар? Мен тұруым қажет бірінші орында» дегендік қана. Украиналықтардың амбициясы да аспанда жүр.
Славянның қаны екеуінде де бар. Олай болса, екеуі де таза славян емес қой. Ел айта береді, бауыр болмағанда кім дерсің. Бізді де тіпті мына ноғай бауырлардың өздері де «Біз сендерден жоғарымыз» деп менсінбей отырған жоқ па. Сол сықылды нәрселер ғой... Қырғыз да өзін бізден ілгері ел санағысы келеді. Өмір ғой бұл да.
Ғалым Бақыткерейұлы Марат, украиндарды менсінбей «хохол» деп кемсітетін кімдер еді? Орыстар украиндарды өзіне бауыр ретінде тарту жағын ойлап жүрген жоқ, колония ретінде өз уысынан шығармауды жоспарлап жүр. Бауыр санаса сол бауырына тиесілі жерлерді тартып алып қан қақсатар ма еді?
Марат «Хохол» деп орыс емес айтатын. Бәріміз де айтамыз. Сосын сен сөздің түп төркінін алсаңшы. Бергі майда, ұсақ жағын қазбалай бермей. Сол бақталастықтан туып жатқан пиғыл-әрекеттер емес пе, бәрінікі де..
Ғалым Бақыткерейұлы Сол «хохол» деген кемсіту сөзді орыстар шығармаса айдалада жатқан қазақтар шығарды ма? Ол сөздің түпкі төркіні қандай жақсы болса да қазір украиндарды «хохол» дейтін адам оны мақтап тұрмағаны анық.
Егер украиндар өздерін орыстардан кем санамайтын болса оның несі айып? Қашанғы бәріміз «ұлы» орыс халқының көлеңкесін «саялап» інішек болып «қолға су құйып» жүруге тиіспіз? Ешбір ұлт та өзін өзгелерден кем санауға тиісті емес. Тек құлдық санада қалып қойған ұлттар ғана өзгелердің алдында төменшіктеп кім көрінгеннің ығына жығылумен болады. Тәуелсіз ел болғанымызға міне, 20 жылдан асты сонда да жүрген жоқ па арамызда орыстарды құдайдай көретін талай жандар өз жерінде жүрсе де өз тілінде өзі сөйлей алмай орыстарға жалтақтап.
Онымен қоймай олар орысты жамандағандардың бәрін жау көріп оларды орыстардың өздерінен бетер жеккөріп жағадан ала кетеді. Неге олар орыс тілінің табаны астында қалған өз тілін осылай қорғап, орыс мүддесінің табаны астында қалған қазақ мүддесі үшін неге осылай қызмет етпейді? Олар болса өз халқының бар қиындықтарын жинап қойып орыстардың қиындықтарымен бастарын ауыртып әуре.
Егер украиндар өз елдерінде өз тілі мен өз мәдениетін дамытып ұлттық мүдделерін қорғағысы келсе оның несі айып? Олар да біз сияқты орыс империясының тізесі батып аштықты да, репрессияны да бастан кешірген, талай жерінен айрылып, талай халқы орыстанып кеткен бізбен мұңдас халық. Бірақ олардың ұлттық рух бізден әлдеқайда жоғары. Сондықтан олар орыстармен иық теңестіре сөйлесіп, орыстардың империялық мүддесімен еш санаспайды.
Осы жай орыстардың ызасына тиіп олар украиндарды аяқтан шалуда. Егер орыстар украиндарды өздеріне бауыр тұтса онда сол бауырлас украин тілін үйренуден үзілді-кесілді бас тартып, «бізге украин тілін үйреніңдер деп қысым жасап жатыр» деп шу шығарып сол үшін соғысуға дейін барар ма еді?
«Бұлардікі дәп сол іштегі қыжыл ғана. «Неге олар, мен тұруым қажет бірінші орында» дегендік қана» дейсіз. Неге орыстар бірінші тұруы керек? Бұл да сіздің «орыстар қашанда бәрінен жоғары тұруы тиіс» дейтін отарлық құлдық санада қалғандығыңызды көрсетеді.
«Украиналықтардың амбициясы да аспанда жүр» дейсіз. Біздің еліміз де даму жағынан Ресейді басып озуға ұмтылуда. Сонда сіздіңше, біз мұндай амбициядан бас тартып Ресейдің артында жүре беруге тиіспіз бе? «Сол бақталастықтан туып жатқан пиғыл-әрекеттер емес пе, бәрініңкі де..» дейсіз. Сонда сіз Ресеймен терезесі тең ел болу ниетін бақталастық санайсыз ба? Жалпы, сіз неге айдаладағы Ресей үшін соншалықты күйіп-пісесіз?
26. 11. 2015
Келесі мақала У гомосексуалитста не будущего
Комментариев нет:
Отправить комментарий