воскресенье, 26 июня 2016 г.

Біздің телеарналар кімге қызмет жасап жүр?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Қазақ елі, Алматы қаласы, 2015 ж. Шілденің 21-і күні, таңғы сағат 10.20. Хабар - орыс сериалы - орысша, КТК - орыс сериалы - орысша, НТК - орыс сериалы - орысша, СТВ - орыс сериалы - орысша, Евразия 1 - қазақ бағдарламасы, бірақ орыс титрмен. Қалған телеарналар 70% таза Ресейдікі. Газет пен радио да сондай. Қазақстанда тұратындардың 75% қазақ ұлты, 20% - орыс диаспорасы. Тəуелсіздігімізге 24 жыл. Мұхтар Тайжан, facebook. «Қамшы» сілтейді.

Ғалым Бақыткерейұлы Түрік ықпалын таратады деп түрік сериалдарын тыйды. Оған кеткен қаржыны қазақ сериалдарын түсіруге жұмсаймыз деп кәріс сериалдарын тиюға да сылтау тапты. Жат дінді насихаттайды деп үнді сериалдарына да қарсы науқан басталды. Осылайша орыс фильмдері мен сериалдары өздерінің бар конкуренттерін ысырып тастап экранымызды толықтай иеленіп алды. Ал оларды тиюға еш шара қолданылып жатқан жоқ. Мұны қалай түсінуге болады?

Түрік, кәріс, үнді сериалдарының негізгі аудиториясы қазақ тілді аудитория еді. Орыстар мен орысқолды қазақтар оларға мұрындарын шүйіріп жақтырмайды. Олар  ресейдің патриоттары ретінде тек орыс фильдерін ғана қарауға тырысады. Негізінде,  көгілдір экраннан қазақша берілген түрік, кәріс, үнді сериалдарының тамашалау арқылы қазақ тілінің насихаты жақсы жүріп жатқан еді. Бір інішектен «осы сериалдарды қарау арқылы кішкентай қызым қазақша жақсы сөйлей бастады, тіпті мен білмейтін сөздерді де біледі» дегені бар.

Бұл халықтардың шығыстық менталитеті қазақтарға орыстардан көрі жақынырақ болып келеді. Сондықтан олар орыс фильмдеріне жақсы конкурент болып тұр еді. Осы сериалдар арқылы халықтың орыс ықпалынан шығып бара жатқанын байқаған орысшыл чиновниктер шара қолданып оларды экраннан алдырып тастады деп ойлаймын. Енді тек орыс фильмдерін қарауға мәжбүр болған қазақтар қайтадан орыс менталитетінің ықпалын түсіп орыстана бастайтын болды.

Қазіргі кезеңде, қазақ фильмдері аздық етіп тұрған уақытта экранды басқа елдердің, соның ішінде шығыс елдерінің қазақшаға аударылған қызықты фильмдерімен толтыру дұрыс болар еді. Оларды тиғанмен олардың орнын толықтай орыс фильмдері басатын болса онда бұл онсыз да орыс ықпалынан шыға алмай жатқан осынау кезең үшін зор қателік болар еді.

Amanzhan Kishkenbayeva «Бiздiң елдегi барлық телеарналарды ресей телевидениесi өз уысында ұстайды» деуші едi, сол рас боп шықты ғой. Биылғы келген МузТВ да концерт бағдарламасын толық ресейліктер өз тiзгiнiнде ұстап, наушниктерiнде «үйде, ендi бүйде, қазақша сөйлеуге рұқсат жоқ!»  деп аюдай ақырып отырғанын айтып жыламап па едi  эстраданың кейбiр жанашыр артiстерi...

Бакытгуль Тегиспаева Телеарналарымыз қазақша болмаса халық калай қазақша сөйлейді? Егерде  қазақша бағдарламалар көп берілсе  жоқ  дегенде бір қазақ сөзі әр адамның жадында қалар еді. Басымдылық  қазақ тілді бағдарламаларға берілуі  керек. Бағдарламаны орыс тілінде тусіріп  қазақ тіліне аудару деген сұмдықты тоқтату керек!

Тәуке Болатбаев Ақпарат әлеміміз таза орыстың сойылын соғып тұр ғой...


Мадина Масакова Ғалым, сіздің айтқыңыз келгені біреудің байына жармасқан, байлық үшін өз отбасын құрбан еткен шетелдік сериалдар ма? Ол біздің бүлдіршіндердің санасын улап жатыр. Қазаққа қазақ қана жаны ашиды

Ғалым Бақыткерейұлы Қандай сериалдарды таңдау оларды сатып алатын адамдарға байланысты. Егер дұрыстап таңдаса қазақы сананың талабына сай келетін, адамгершілік сезімдерді қозғайтын жақсы-жақсы сериалдар мен фильмдерді, мультфильмдерді таңдап алуға болады. Осы таңдау жағы кемшін түсіп жатыр екен деп олардың бәрінен бас тарту қателік.

Біздің кино индустрия шарықтап дамып кетіп экранды өз фильмдерімізбен толтырып тастасақ та біз бәрібір шетелдік фильмдерге деген қызығушылықтан құтыла алмаймыз. Кішкентайымыздан үнді фильмдерін аузымыздан суымыз ағып неше мәрте болса да қарай беретін едік, одан біз үнділік болып кеткен жоқпыз ғой. Қайта сезімге бай жақсылық, маххабат пен адалдық насихатталатын сол фильмдер арқылы жан дүниеміздің белгілі бір сұранысын қанағаттандырдық.

Киноның насихат құралы екенін ешкім де жоққа шығармайды, сондықтан оларды өз талабымызға сай келетіндей етіп іріктеп ұсынуды жолға қою қажет. Тіпті кеңестік идеологияға сай келмейтін жат ықпалды өткізбейтін кеңестік қатаң цензура кезінде де біз шетелдік фильмдерді тамашалауға мүмкіндігіміз болды. Мәселе шетелдік фильмдерде емес,  қандай фильмдерді таңдап ұсынуда.

Quanish Nurğazı Олар жай ғана орысша сөйлемейді, олар қазақтардың мүддесіне қарсы материалдар береді. Бұл сатқындық, негізі! Мысалы, қазақтардың басқа ұлттарға қосылуы түпкі ата-бабамыздың тәрбиесіне жат дүние болып табылады!

Абзал Губайдуллин Біздің телеарналар Ресей телеарналарындағы барлық бағдарламаларды толығымен көшіруде. Уланған санадан арылу Тәуелсіздік алудан да  қиын болып тұр. Таза ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын, не болмаса басқа да бағдарламалары Қазақ тілінде сөйлейтін бір арна жоқ.  Намыс керек пе, сатып ал деген сияқты.

Канат Есмгали 24 жылда Қазақстан каналын қазақша сөйлеттік, енді 24 жылда Хабарды қазақша сөйлетсек, сосын 24 жылдан соң КТК-ға да жетеміз. Тездетіп кеткен жоқпыз ба?

Муса Руслан Өз қадірін білетін ел өркениетке тезірек жетеді. Сол ширек ғасырда өз тілінің қадір қасиетіне көз жеткізе алмаған  басқарушы топты ұлтпен санасуға мәжбүрлей алмаған, ұрпақ болашағына немқұрайды қарайтын ұлттың ешкімге ренжитін жөні жоқ. Ары тарт, бері тартты қойып   бір жағадан бас шығара білсек әлі де бәрін қалпына келтіруге болады.

        8,9 октября 2015 г.                                     

Комментариев нет:

Отправить комментарий