Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Ғалым Бақыткерейұлы Негізі, «орыстар шовинист» деп тұтас халықты айыптағанымыз дұрыс емес те сияқты, Алланың өзі кешірсін!
Ruza Beisenbai Tegi Орыстардың 80-90 пайызы сондай! Өмір-бақи 2 пайыздан 15 пайызға ғана жететін қандастарымыз тұрған жерде тұрып, олар туралы түйіндеген ойым осы. (Өскемен, соның маңайындағы Алтай кенті). Соңғы 15 жылда ғана қазағы көбірек жерде, Керекуде тұрамын. Қалада 50 пайызға жетіп қалармыз. Арасында дұрыстары бар. Бірақ олар сол әрі кетсе 20 пайыз бола ма, жоқ па, күмәнім мол.
Ғалым Бақыткерейұлы «Аққа құдай жақ» деген ғой аталарымыз. Өзіміз ақ болсақ бізге кім не істей алар дейсің. Азсынып жүргенде сол 20 пайызды да қарсы қойып алмасақ екен.
Ruza Beisenbai Tegi Ғалым бауырым, онсыз да әбден қой болып кеттік. Енді тұяқ серіппе деп отырсыз ба? Бұларды тек күшпен ғана жеңе аласың. Немесе тәуелсіз оларға жалтақтамайтын саясат арқылы! Бізден кіші Түркменістан мен жері кіші Өзбекістан да отыр ғой тәуелсіздігін тәу етпей? Жаппай қорқақ болып жатқандығымыз мені қатты ашындырады!
Ғалым Бақыткерейұлы Егер Ресеймен шекаралас болмағанда, және 3 миллион орысымыз болмағанда, және де орыстарға елпектеген орысшыл қандастарымыз болмағанда бізге де Түрікменстан мен Өзбекстан сияқты шалқаюға болар ма еді? Және бізде күш дейтін күштің де жоқ екенін ұмытпаған жөн.
Қазір елімізге қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Біз болсақ өз шындығымызға өзгелер түгел өзімізді сендіре алмай жүрміз. Кімнің ойы мықты болса соның шындығы өтімді болады. Кім сөзден тосылса соның сеніміне қаяу түседі. Кімнің сеніміне қаяу түссе сол жеңіледі. Ешкімге сөзден дес бермеген қазақ едік сол қасиетімізді пайдаланып қарсыласты сөз арқылы тұқырта білейік. Сонда ғана біздің шындық үстем болады. Шындығымызды үстем етсек мерейіміз де үстем болады.
Ruza Beisenbai Tegi Жартысына келісемін. Өйткені бірнеше алпауытпен шекаралас кішкентай мемлекеттер де бар. Өмір-бақи дербестігін ұстап келе жатқан. Сарабдал саясатының арқасында...
Ғалым Бақыткерейұлы Өмір-бақи дербестікке қол жеткізе алмай келе жатқан халықтардың да бар екендігін ұмытпаған жөн. Олардың қасында асты-үсті қазынаға толы кең байтақ жерді иемденіп ел болып жатқан 10-ақ миллион қазақ біздің бағымыз бар. Бізді жұтып қойғысы келетін алпауыттар үшін біз мысықтардың арасында қылпылдап тұрған байғұс тышқан тәріздіміз. Осындай жағдайда Алла Тағаланың Өзі бізді сақтап тұр десем сарабдал саясатты жоққа шығарған тәрізді болмаспын. Сүйейтін де, сүріндіретін де бір Алла ғой!
Ruza Beisenbai Tegi Алла да «әрекет етсең берем» деген...
Ғалым Бақыткерейұлы Әрине, Алла Тағала әрекет етсең береді. Бірақ ол әрекеттің Аллаға жағымды болғаны дұрыс. Сонда ғана Алла тарапынан қолдау болады. Ал тіліміз үшін күресті Аллаға жағымды етудің бір жолы ғана бар деп білемін. Ол - тіл үшін күресті дін үшін күреспен ұштастыру. Біздің тіліміз мұсылман тілі. Тіліміз арқылы біздің рухымыз мұсылмандықпен етене астасып жатыр.
Егер біз орыс тілін қабылдайтын болсақ, онда біз сол тіл арқылы орыс рухының аясына кіреміз. Ал орыс рухы христиандықпен ұштасып жатқандықтан біз орыс тілі арқылы ең жақсы дегенде христиан дініне бет бұрамыз. Ал жаман дегенде біз орыс тілі арқылы дінсіздікпен астасып бара жатқан батыс мәдениетін бойымызға сіңіріп құрдымға кетуге бет бұрамыз. Өйткені, орыс тілі қазір кезеңде христиандықтың емес батыс мәдениетінің ықпалында.
Сондықтан қазақ тіліне мұсылмандығымызды сақтап қалудың құралы ретінде қарап, сол үшін де күресуге ниет қойғанда бұл әрекетіміз Алла тағалаға жағымды іске айналып ісіміз өрге басатын болады. Егер біле білсек, біздің бұлай мұсылман ұлт болып тіліміз үшін күресімізді Аллаға жағымды дініміз үшін күреспен ұштастыруға мұмкіндігіміздің болуының өзі Алла Тағаланың бізге деген зор нығыметі. Және бұл біздің тілімізді сақтап қана қоймай оны дамытудың да бірден бір кепілі.
17-20 ақпан 2015 жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий