четверг, 28 сентября 2017 г.

Қазақтың «ордасы» орыстың «городы»...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
                        
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық өркендеу мен дүниежүзілік мәдениеттің  жоғарғы талаптарына жауап беретін жан-жақты дамыған қай тіл болмасын мұндай дәрежеге өзге тілдердің сөздерін өздерінің сөздік қорларына қосып алу арқылы қол жеткізген. Кейбір сөздердің сондай сәтті сіңірілгендіктері соншалықты ол сөздердің түбірі қай тілден ауысқанын анықтау қазір мүмкін де емес.

Солай десек те егер орыс тіліндегі сөз түбірлеріне жіті талдау жасасақ ондағы көп сөздердің қазақ-түркі тілінен алынғандығын байқауға болады. Мысалға, орыстың «смех» сөзін алайық. «Смех» сөзі «смеяться» сөзінің қасқарған түрі, ал «смеяться» - «смияться» сөзінің «сми» түбірі мен қазақтың «жыми» - «жми» түбірінің ұқсастығы күмән тудырмайды.

Бұл әрине, орыстарды дүниенің кіндігі санап, бар жақсының бәрі тек орыстардан таралуға тиісті деп білетін біздің орысшыл қазақтардың санасына симайтын қисынсыз нәрсе. Сол себепті де олар «әлдебір кездейсоқ ұқсастықты әлдеқандай етіп айтып отырғанын-ай мынаның» деуі де мүмкін. Бірақ мұндай ұқсастық өте жиі кездесетіндігі соншалықты бұл адамды ойландырмай қоймайды.

Мысалға, орыстың «город» деген сөзінің түбірі қайдан шығуы мүмкін деп ойлана бастағанда маған орысша «город» пен қазақша «орда» сөздері бір түбірден шығатындай болып көрінді. Орысша «г – ород», «г –орд» сөзі мен «орд –а» сөздерінің түбір ұқсастығы кездейсоқтық болуы мүмкін бе?

Енді осы тақырып бойынша ілгерілеп «область» сөзін талдап көрелік. «Облас», «о -(б) – лас», «о – лас» сөзі орыстар «улус» деп жүрген сөздің таза орысша мәнерге түскен түрі. Ал «улус» қазақтың кәдімгі «ұлыс» деген сөзі. Ал енді «район» деген орыс сөзіне де назар аударалық. «Рай – он» орысша «к – рай» сөзінінен туындаған. Ал «край» сөзінің түбірі «кр» болса бұл қазақтың «қыр» деген сөзімен түбірлес болып келеді.

Егер неше ғасырлар бойына орыс халқына  сіңіп кеткен түркі тілдес тайпалар мен рулардың көп болғанын ескерсек олардың сөздерінің сәл өзгеріске ұшырай отырып орыс тіліне енгенін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, «долина», дол - (ин) –а» сөзі мен «дала» сөзі бір түбірден шықса, «степь», «с - теп – ь», сөзінің «теп» түбірінде қазақтың «төб – е» сөзі жатқаны анық. Егер кейбір түркі халықтарының «төбені» «тепе» деп айтатынын ескерсек ұқсастық көзге ұрып тұр.

Тақырыпты жалғастыра отырып орыстың «страна» деген сөзіне де тоқтала кетелік. «Страна» сөзі «сторона» сөзінен туындаған сөз. Ал «сторона» сөзін «с - торо – на» деп жіліктесек қазақ тіліндегі «тара –п» сөзі тек айтылуы жағынан ғана емес мағынасы жағынан да дәл келіп тұр. Бұл жерде жалпы орыс тілінде «а» әріпі «о» болып айтылатынын заңдылық бар екендігін ескерген жөн. Мен, әрине, тіл маманы емеспін сонда да тіл мамандары бұл заңдылықты жоққа шығармайды деп ойлаймын.

Көп адамдар «округ» сөзінің де орыс сөзі екендігіне еш күмәнданбайды. Бірақ «о - кр – уг» сөзі орыстың «окружить»  сөзінен шыққан, ал «о - кр - у – жить» сөзінің түбірі «кр» болатын болса бұл қазақтың «қор – шау» сөзіндегі «қор» түбірімен төркіндес. «Окружить» сөзі мен «қоршау» сөзінің мағыналық ұқсастығы да бұл пікірге дәлел бола алады.

Бұлар тек тақырып бойынша тарқатқанда ғана шығып жатқан сөздер. Ал басқа тақырыптар бойынша шолу жасасақ та көптеген дәлел табуға болады. Мысалға, орыстың орыс болғанынан бері пайдаланып келе жатқан төл сөзі сияқты болып көрінетін тамақ жеу мағынасындағы «есть» сөзі «еда» сөзінен туындаған. Ал «еда» сөзі болса кәдімге қазақтың «ет» сөзінің орысша айтылуы. Сонда «есть» сөзінің төркіні «ет жеу» болып шығады. 

Ал «кушать» сөзі болса «кушай» сөзі ретінде алынып «к - уша –й» деп жіктеледі де сөз түбір «уша» қазақтың «аса» сөзімен сәйкес келіп кәдімгі «тамақ ал», «тамақ аса» деген мағынамен қабысады. Тамақты «асап» жеу мен «ашап» жеу де қазақ тілінде қатар қолданыста бар. «Асау» сөзінің түбіріне үңілсек бұл сөз «ас» сөзінен бастау алып, «асау» сөзі «ас жеу» мағынасын береді. Сонда жалпы алғанда орыстар тамақ ішкенде де қазақша ішетін болғаны ма деген қызық сауал туады...

              24 тамыз 2016 жыл.                                                             

Комментариев нет:

Отправить комментарий