среда, 13 сентября 2017 г.

Дін мемлекеттен бөліне ме?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Беркин Садыков Ғұламаларға бір сұрақ: дін соншама құдірет болатын болса неге адам баласымен бірге жаратылмаған? Шындығында дін атаулы мемлекет пайда болған соң жарыққа шыққан. Неге? Себебі мемлекет басындағыларға керек болған да. Бұл - менің жеке пікірім. Ал сіздер не дейсіздер?

Марат Борықбай Әрине. Дін - әу бастан адамның адамды бағынышты етіп ұстап отыруы үшін ойдан шығарылған саяси астары үлкен  бағдарлама ғой. Тіпті, осы бүгінгі белгілі конфессиялар шықпай тұрғанның өзінде де қараңғы елге көсемдердің жанында сөзін өткізуі үшін ұстаған тікелей Көкпен тілдесуші жандары - жрецтері болды емес пе?

Ғалым Бақыткерейұлы Адам адам болып жаратылғаннан бері тылсым күш болып табылатын Құдайға сеніп соған қатысты белгілі бір тиымдарды ұстанып келе жатыр. Мұны тіпті атеистер де жоққа шығара алмайды... Олар маймылдан адамға айналу барысында найзағайдың өзінен қатты қорыққан жабайы адамдар өздеріне қорғаушы іздеп не болса соған табынған дейді. Дін дегеніміз міне осы... Демек, дін адаммен бірге жаратылған.

Рашид Жаксылыков Келісем!

Беркин Садыков Л. Толстойда мынадай сөз бар екен: «Мен дін атаулыға сенбеймін, бірақ адам санасынан тыс бір тылсым күш бар екеніне шүбәм жоқ».

Ғалым Бақыткерейұлы  Адамның ішкі сеніміне негізделген  дін сенбейтін адамдар үшін құпиясын ішіне бүккен беймәлім әлем. Соның ішінде Ислам діні намаз оқымайтын, сондықтан  дінмен сырттай  ғана таныс болып келетін мұсылмандардың өздеріне де өз қырларымен  ашыла қоймайды. Бірақ сонда да бізде дінге қатысты мәселелерде пікір  айтып, кеңестер беретін жандар аз емес.

Шын мәнінде дін жайлы, сол діннің  ішкі-сыртқы мәселелері мен түрлі түйіткілдерін сол дініміздің тұтқасын ұстап, «отымен кіріп, күлімен шығып жүрген» дінбасыларымыздан артық білетін адамдар жоқ. Сондықтан діннен тыс адамдардың дін істеріне араласып, дінбасыларға түрлі ұсыныстар  жасап олардың құзырындағы істерге қол сұғулары жарамайды деп білемін.

Бізде «дін мемлекеттен бөлінген» деген уәжбен дінбасыларымыздың, жергілікті жердегі имамдарымыздың діннен басқа мәселелерге араласуына тиым салып тастаған. Олар тіпті өздерінен қолдау күтіп, жәрдем сұрап келген жамағаттың құқығын қорғап мемлекеттік мекемелерге, оқу орындарына барудан да жасқанады.

Конституциямыз  бойынша олардың мемлекеттік мекемелердің, оқу орындарының құзырларына қол сұғуға ешқандай да құқықтары жоқ. Өйткені,  бізде дін мемлекеттен бөлінген. Егер шынымен де солай болса онда діннен тыс адамдардың, тіпті билік өкілдерінің де дін мәселелеріне араласып дінбасылар мен мешіт имамдарының құзырларына қол сұғулары қаншалықты дұрыс болады?

Беркин Садыков Жалпы дін мемлекеттен бөлек дегенді қалай түсінеміз? Бізде шынымен де солай ма, әлде сөз жүзінде ғана ма?

Ғалым Бақыткерейұлы Бізде конституция бойынша дін мемлекеттен бөлінген. Бірақ шынымен де солай ма? Өзіңіз шамалай беріңіз, дінбасылар мемлекет істеріне араласа алмайды, ал мемлекеттік органдар  дін ісіне араласып жүр.

Беркин Садыков Ендеше дін мемлекеттен бөлінбеген. Жалпы дінді сөз жүзінде болмаса іс жүзінде еш мемлекет бөле алмайды. Өйткені,  о баста дінді адамдарды бағындыру үшін ойлап тапқан. Егерде оны жайына қойса онда мемлекет қол астындағы бұқараны бағындырудың бір тетігінен айырылады.

Ғалым Бақыткерейұлы Мемлекеттің де діни мемлекет түрі болатынын естен шығармаңыз...

Беркин Садыков Онымен не айтқыңыз келеді?

Ғалым Бақыткерейұлы Егер дін о баста адамдарды бағындыру үшін ойлап табылған болса, онда ол қандай жағдайда да бұқараны бағындыру қызметін атқаратын болады.  Яғни,  діни мемлекетте де дін өзінің халықты бағындыру қызметін атқарумен болады.

Айырмашылығы дүниауи мемлекетте «дін мемлекеттен бөлінген»  түрде мемлекетке қызмет етеді. Ал діни мемлекетте сол дін өзінің діни заңдары арқылы мемлекетке қызмет етеді. Қалай болғанда да мемлекет өзінің мемлекет атын сақтап қалады. Ал қандай мемлекетте өмір сүргісі келетінін халық өзі демократиялық жолмен шешуі тиіс деп ойлаймын. Егер халық қалауы деген ұғым жай ғана құрғақ ұғым болмаса...

                2016 жыл. 

5 комментариев:

  1. virtual dj pro crack Thanks for this post, I really found this very helpful. And blog about best time to post on cuber law is very useful.

    ОтветитьУдалить
  2. passware kit forensic crack Thanks for sharing such great information, I highly appreciate your hard-working skills which are quite beneficial for me.

    ОтветитьУдалить
  3. This article is so innovative and well constructed I got lot of information from this post. Keep writing related to the topics on your site. photopia-director-crack

    ОтветитьУдалить
  4. Alarm Clock Pro 14.0.1 Crack creates more unequivocal photographs and makes games, video web based, and media altering smoother. You can likewise appreciate more clear, more excellent sound through the refreshed sound driver.

    ОтветитьУдалить