среда, 23 августа 2017 г.

Орыс тіліне өзге тілдерден кірген сөздер

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! 

Русские слова по азербайджанский. Редко – редкы, запасные части – запчаст, резко – резкы, отвечать – атвичат, батарея – батарья, нормальный – нармалны, ботинка – патинка, пружина – пуржун, изолента – залент, остановка – астанофка, телефон – тельфон, велосипед – велсабед, балкон – палкон, пломба – пуломб, светофор – сифтафор, сиденье – сиденка.

Қай тілдегідей болмасын орыс тілінде де өзге тілден кірген сөздер өте көп. Ол сөздер бізге орыс тілі арқылы келіп жатқандықтан біз ол сөздердің бәрін де орыстардың төл сөздері ретінде қабылдап, соны орыс тілінің кереметтігі деп түсінеміз. Тіпті орыстардың өздері де солай деп ойлап ұлы орыс тілі өзге тілдерді байытып жатыр деп мақтанады.

Мұндай мысқыл аралас мақтаныш сезімін жоғарыда келтірілген мәтіннен де аңғаруға болады. Мұнда орыс сөздерінің баламасы жоқ болғандықтан оны азербайжандар өз мәнерлеріне салып сөздік қорларына енгізіп алған етіп көрсетілген. Шын мәнінде жоғарыдағы сөздердің бәрін де орыстардың төл сөздері деп санауға бола ма?

Мысалға, «запасные части» деген сөздегі «орысша»  «запас» сөзі жөнінде Викисловарда былай делінеді «Восходит к праиндоевропейский - «содержать; кормить; пасти»;  лат. раsсо, pāvi, pastum,  «пасти, кормить». Байқап тұрғанымыздай «запас» сөзінің төркіні тіпті латын тіліне кетіп қалады. Ал «часть» сөзі көне славян тілінен келген бүткіл славян халықтарына ортақ сөз.

Редько» сөзі де осындай көне славян тіліндегі сөз. Бұл сөзді поляктар да, чехтар да, болгарлар да, украиндар да, басқа да славян халықтары біздікі деп айта алады. Ал «батарея» дегеніміз француз тілінен еніп орыс мәнеріне түскен  француздардың  batterie деген сөзі.  «Нормальный» сөзіне келсек ол «норма» деген латын тілінен енген сөздің туындысы.

«Отвечать» сөзіне келер болсақ, бұл өте көне, түбі белгісіз «вещать» сөзінен шыққан. Ал «вещать» сөзіне Википедия мынадай анықтама береді: «ВЕЩАТЬ — что, сказывать, говорить, объявлять, поведать, проповедывать, поучаться, быть сказуему кем». Егер бұл сөз бір нәрсе жөнінде айту, жария ету, хабарлау мағынасын білдіретін сөз болса, онда бұл сөзді «в - ещ – ать» деп жіктегенде «ещ» түбірі шығады.

Егер «щ» әріпінің екі «ш» әріпінің қосарланып «шш» болып айтылуы екенін ескерсек, онда бұл «вещать» сөзі «в – еш – шать» болып жіктеледі. Міне осы «еш» түбірі маған орыс тілінің ыңғайымен сәл өзгеріске түскен қазақтың «аш» сөзі сияқты көрінеді. Бір нәрсені ашу мағынасын беретін «аш» түбірі өзінің ашып айту, құпияны ашу, ашық түрде жеткізу мағынасында «вещать» сөзінің мағынасымен біте қабысып тұр. Бұл жәй ғана кездейсоқ сәйкестік пе?

Ал «резко» сөзіне келсек, ол «резкий» сөзінің түрлене айтылуы. Ал «резкий» сөзі «рез – кий» болып жіктеліп түбірі «рез» болады. Меніңше, бұл «рез» түбірі қазақтың «тез» деген сөзінің орысша мәнерге түскен түрі. Шапшаңдықты білдіретін  мағыналарының ұқсастығы да осы пікірді қостайды. Сөздің ұқсастығы олардың мағыналарының да ұқсастығымен бекітілгенде бұл шындық тұрғысынан үлкен дәлел болып табылады.

Негізі орыс тіл мамандары бұл «резкий» сөзін «резать» деген сөзден туындатады. Яғни, «тез» деген мағынаны «кес» деген басқа  мағынаға телиді. Егер бұл пікірді  дұрыс деп қабылдасақ та бәрібір «резко» сөзін қазақ сөзінен алысқа алып кете алмайсың. Өйткені, «резать» деген сөздің өзі «рез» түбірі арқылы қазақтың «кес» сөзінен шығуы әбден мүмкін. Әуелі «кесать» болып кейін «ресать», «резать» өзгеріп кеткен болуы қисынды. Ал мағыналарының бір екендігі бұл пікірді растай түседі.

Енді «пружина» сөзіне де кеңінен  тоқталып өтелік. Орыстардың  тіл мамандары «пружина» сөзін  «упругий» сөзінен шығарса,  «упругий» сөзін  «прыгать» сөзінен шығарады. Ал «прыгать» сөзі жайында  орыс тілінің этимологиялық словарында былай делінеді:

«Древнерусских и старославянских памятниках литературы глагол «прыгать» обнаружен не был. Это слово является только русским, т.к. других славянских языках для обозначения стремительного отталкивания ногами от опоры используется глагол «скакать». (Этимологический словарь русского языка. Москва 2003).

Тіл мамандары «прыгать» сөзі тек орыс тілінде ғана бар сөз дейді, бірақ орыс тілінде бұл сөздің түбірі табылмайды. Оның түбірі тек қазақ тілінен ғана табылады. «Прыгать», «п – рыг – ать» сөзінің төркіні қазақтың кәдімгі «ырғу», «қарғу» сөзінде жатыр. Ал «ырғу», «қарғу» сөздері «орғу» сөздерінен туындаған болса, «орғу» сөзінің түбірі «ор» болып, «орғу» дегеніміз «ордан өту», «ордан секкіру» мағынасын береді. Демек, түптеп келгенде «пружина» сөзі қазақтың орғу (қарғу, ырғу) сөзінен шыққан болды.

«Ботинка» француздың bottine  «башмак» деген сөзі. «Изолента» сөзі «изо» және «лента» сөзінің біріккен түрі. «Изо» сөзі «изоляция» сөзінің қысқарған түрі, ол француздың isolation, isoler «уединять, отделять» деген сөзі. Ал «лента» сөзі нидерланд тілінде lint «лента, повязка», латын тілінде lintea, linteus «полотняный» деген мағына береді.

«Остановка» сөзі «остановить» сөзінен шықса, оның түбірі «стан», ал бұл сөз индоевропалық «stā» «стоять», парсы тілінде «место стоянки, стойбище». Ал «телефон» сөзі ежелгі грек тіліндегі «теле»  (далеко) сөзі мен «фон» (голос, звук) деген сөздердің бірігуінен пайда болған. «Велосипед» дегеніміз көне француз тілінде vélocipède, латын тілінде vēlōx «быстрый» и pēdis «нога». «Балкон» сөзі итальянша balcone, balko «балка». «Пломба» - французша plomb «свинец».

 «Светофор» - орыстың «свет», және гректің φορός сөздерінің бірігуі. Бұл жердегі орыс сөзі деп отырған «свет», сөзінің төркінінде «шуа-к», «шва-к», «све-т» болып өзгеріске түскен көшпенді аталарымызбен барған түркі «шуақ» сөзі жатқан  болуы мүмкін. Ал «сиденье» сөзінің түбірі «сидеть» көне славян тілінде sěděti, sědi̯ǫ, sěsti, sędǫ  «сесть» болып ́көне индоевропалық sed сөзінен бастау алады.

Орыс тілі осылай өзге тілдер арқылы өзінің сөздік қорын көбейтіп алып, бай тіл ретінде қазақ, өзбек, азербайжан сияқты түркі халықтарының  мысын баса береді. Біз оларды орыс  сөздері деп ойлап оларды өз тілдерімізге аударуға тырысып әуреге қалып жүрміз. Бізге де «жамбасымызға жайлы келетін» сөздерді еш қысылмастан өз мәнерімізге салып еркін қолдана беруге болады. Ол сөздерді орыстардың еншілеп алған түгі де жоқ. Тіпті заңға жүгінсек те олардың орыс сөздері емес екенін дәлелдеп шығамыз.

      21-қараша, 2017 жыл. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий