Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Адема Толысбаева Өнердің даралыққа ғана емес даналыққа қызмет ететінін, яғни тәрбиелік жағын саралау міндетті нәрсе. Халық дәстүрлі мəдениетіміз бен өмірімізді, ұлттық болмысымызды сақтауды тәртіп мәселесіне қойып отыр. Бұл мемлекет болудың кепілі. Өнер адамдары осыны түсіну керек.
Gauhar Sadirbaeva Негізі, мықты тапсырма бар сияқты қазақ ұлтын азғындатып құртқысы келетін. Елге өнеге көрсетеді деген мәдениет қызметкелері гейлерді насихаттай бастады. Әншілерді дайындап жатыр, жастардың еліктейтінін біліп... Телеарналарға жұлдыз етіп азғындарды шығарып сұхбаттасып, елдің көзін соған әбден үйретіп, санасына сіңіріп, қалыпты жағдай сияқты етіп жатырған сияқты. Арам пиғылдылардың әдейі жасалынып жатырған әрекеттеріне үлкен топтар ақша салып отырған шығар...
Лашын Боқанқызы Адам өлтіріп, жарылғыш жарған жоқ, өз алдына ән айтып жүр...
Раушан Қалмомынұлы Негізі бұлардың қылықтары бәсеңдетілген жарылғыш. Адамдардың санасын улау, қазақылықтың тамырына балта шабу. Бұл әзірше білімсіздік болуы мүмкін, бірақ осыған еліктеген оншақты жас келе-келе қатарына әрқайсысы оншақтыдан ілестіреді. Сонымен он-жиырма жыл ішінде олар білімсіз түрде елге «қызтекелерді» алып келеді.
Жайнагуль Бичин Сол 91 тобына неге шүйлігіп қалдыңдар, қазақтар. Қазақ тілінде əн айтып жүрген топ. Ал енді бұл бəз біреулердің көре алмаушылығы. Қазақша бір əу демейтіндер бар. Неге сонша шүйлігесіздер? Ай, осы қазақтар-ай... Кезінде осындай ала көзқараспен, іштарлық, көре алмаушылықтан талай біртуар, зиялы керемет азаматтар құрбан болған жоқ па? Басқа проблеманың бəрі бітіп енді осы топ қалыпты.
Ғалым Бақыткерейұлы Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Егер бір жамандықты көрсең оны қолмен түзет, оған шамаң келмесе тілмен айт, оған да күшің жетпесе, жүрегіңмен қарсы бол» деген. Сонда сіздер әйелдерге еліктеп Алланың қаһарына ұшырап жүрген бауырларыңызды түзету дұрыс емес дейсіздер ме? Ең болмаса жүрекпен де қарсы болуға да жарамай мынадай халықты аздыру шараларын жақтап отырған қандай мұсылмансыңдар өздерің?... Бұл жай ғана түрге қатысты мәселе емес, осы арқылы гей мәдениеті насихатталып жатырғанын неге түсінбейсіз? Ертең балаларыңыз гей мәдениетінің ықпалына түсіп гей болып кетсе де сізге бірібір ме?
Дана Арипова Келіспеймын! Бұл шара 91 тобының басқа топтарға қарағанда тыңдаушылары көп, және ерекше болғандықтын көралмай қызғанышпен жасалып отырған шара! Шаштарын бояған жігіттер қызтекелерге жататындығын дәлелдеңіз! Жарайды, солай-ақ болсын, басқа насихаталып жатқан мәселерге неге назар аудармайсыңдар? Жас қыздар жөзекшілікпен айналысқанға, мысалы?
Ғалым Бақыткерейұлы Мен бұл жігіттерді қызтеке деп отырған жоқпын, бірақ бұл үрдістің қызтекелерді насихатау екеніне еш күмәнім жоқ. Біз барлық келеңсіздіктерге де назар аударуға тиіспіз, және назар аударып та жүрміз, бірақ сіз сияқты жақтаушылар табылып жатқаны өкінішті. Сіз сияқты жақтаушылары көп болса мұндай азғындық насихат өрши беретін болады.
Дана Арипова Надандық танытқандары өкінішті... Рокн-ролға да осылай қарсы шыққан, нəтижесінде не болғанын білесіңдер.
Ғалым Бақыткерейұлы Рокн-ролл азғындықты насихаттаған жоқ, соны ескеріңіз...
Бану Аблаева Сонда ұрпағымыз келешекте еркекке еркек үйленіп, əйелдерге ұқсап киініп жүрсе біз ОСТАЛЫЙ емес жетіскен современный боламыз ба? Кімге еліктейміз осы?
Лиза Кажыбай Ай, қазақтар-ай! «Қазақ десең өзіңе тиеді» демекші, ұят қой ересек ер-азаматтардың бірнеше жас балалар үшін шулап жүргені. Елімізде небір заңсыздықтар, жас бала зорлаушылар көбейіп кетті, сондай батыр болсаңдар солармен неге күреспейсіңдер. Қылмыс болып жатқан жерден көрсе де көрмегендей боп өтіп кететін болды ғой. Енді келіп қайдағы бір топ үшін көтеріліп, масқара. Бұларың нағыз еркектік емес.
Ғалым Бақыткерейұлы Мынадай әйелге ұқсауды насихаттап жүрген жігіттерді жақтап отырған қыздарға таңғаламын. Осындай жігіттер арқылы әйел затына қызықпай біржыныстылық қатынасты жақтайтын азғын үрдіс насихатталып жатыр. Олай болса өздеріңе қызықпайтын жігіттерді көбейтетін осындай группаны жақтап отырғандарыңызға жол болсын?
Saule Turkiya Біздің еркектерде басқа іс қалмаған ба? Кішкентай балалар, ақыл айтып жөн көрсетудің орнына... Сонша не бүлдірді? Әр кім өз баласына ие болсын, семья тәрбиесі дұрыс болса бала қайда кетеді? Неге оны осы жұдырықтай балалардан көруіміз керек? Балаңыз шашын бояп, сырға тақса жол қоймаңыздар. Қоятын болдық қой бұл әнгімені.
Ғалым Бақыткерейұлы «Баладан бәле шығады» деген. Азғындар осындай жас балаларды пайдаланып, оларды үлгі етіп ұсыну арқылы біздің балаларымызды бұзбақ болуда. Балалардың балаларға еліктейтінін ұмытпалық. Сондықтан бұлар «балалар» екен деп «ай қарап» жүре бермейік...
Болатбек Ай, еркектер-ай, сасық кеуде әйелдермен ұрысуға ұялмайсыңдар ма, сөз қайтарып, намыс жоқ ұзын тілді...
Ғалым Бақыткерейұлы Әйел кейпіне енушілерді жақтап, «Ай, еркектер-ай, сасық кеуде әйелдермен...» деп әйелдерге жиркеніш білдіріп өзіңіз жөнінде күмәнді ой тудырмаңыз... Дені дұрыс адамдардың мұндай гей үрдісті қолдауы мүмкін емес...
Guljan Raimbek Осы 91 тобымен неге алысып қалды жұрт? Өнерге де стиль керек, онымен бұл балалар да, басқа ұрпақ та жаман болып елдігіміз шайқалып қалмас. Бас қатыратын басқада іс жоқ па?
Ғалым Бақыткерейұлы Стиль керек екен деп гей насихат жүргізудің қажеті жоқ. Жігіттеріміз осылай қыз сияқты кейіпке еніп қылымсып еркектердің құмарлығына сұранып жүрсе ұрпақ жаман болып елдігіміздің шайқалғаны емес пе? Өзіңе осындай гей стилдегі әнші жігіттер ұнайды екен деп жеке бастың талғамын ел мүддесінен жоғары қоюға болмайды. Онсыз да еркек аздығы өзекті мәселе болып бойдақ қыздар көбейіп отырған елімізде енді гей насихат жүргізіп жігіттерімізді де «қызға» айналдыру қалып еді.
Ардагул Тулеубаева Осы топқа неге сонша өшігіп алды. Мен өзім бұл топты жақтап жатқан жоқпын. Бірақ балаларды неге кінəлайді. Қызтеке екендерін көзбен көріп, қолмен ұстап алды ма екен. Соншама намыстарына тигені ұят. Жартылай жалаңаш суретке түскен əнші қыздарды, жыртық шалбар киіп қазаққа жат қылықтар көрсетіп жүргендерді сахнадан кетіру керек.
Ғалым Бақыткерейұлы «Жартылай жалаңаш суретке түскен əнші қыздарды, жыртық шалбар киіп қазаққа жат қылықтар көрсетіп жүргендерді сахнадан кетіре» алмай жүргенде енді басқаларына да жол беру керек пе? Егер бір жат қылықтыларға жол беріп алсақ, онда басқа да жат қылықтыларға да жол аша беру керек дейсіз бе? Сонда сіз осыларға қарап отырып өзіңіздің ұл-қыздарыңыздың болашағынан қорықпайсыз ба? Әлде сіз «атақтарын шығарып, көп ақша тауып жүрсе болды» дейсіз бе?
«Заманына қарай өнері болса» бұл жеке адамдардың бұзылуы мен бұзылғандарға кеңшілікпен қарап олардың бұзғыншылықтарына жол берген адамдардың кесірінен болады. Сіз «жақсыдан жаман, жаманнан жақсы» туады дейсіз. Демек, бұл сөзіңіз арқылы өзіңіз жақсы болсаңыз да балаларыңыздың жаман болуы мүмкін екендігін мойындап отырсыз.
Жалпы, жақсы адам ешқашанда жамандықты қостамайды. Егер ол жамандықты қостайтын болса онда оның өзі өзі ойлағандай жақсы болмағаны. Жамандыққа болысқан әрбір адам одан өз үлесін алатын болады. Бұл жайында Құранда былай деген:
«Кім жақсылықты қолдаса оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым». Ниса сүресі 85-аят.
Сол себепті де егер Алладан қорқатын болсаңыз гей насихаттың жаршылары болып жүргендерді ешқандай да жақтамаңыз. Сонда бұл бақытсыздық сіздің есігіңізді қақпайтын болады.
Ардагул Тулеубаева Ғалым мырза, сізді көзі ашық, көкірегі ояу адам деп отырсам барған сайын əйел адамша сөз таластырып болмайсыз ғой. Сөз астарын түсінбейтін адаммен сөз таластырғанша осы тақырыпты жабайық. Осыдан кейін кімнің жақсы, кімнің жаман екенін түсінуге болады. Қоя ма десем қоятын түріңіз жоқ қой...
Ғалым Бақыткерейұлы Қарап отырсақ бұл топты жақтап отырған қыз-келіншектер көп екен. Бұл қауіпті үрдіс. Әйел адамдар кімдерді жақсы көретін болса олардан туған балалар сол адамдарға ұқсап, солардың сипаттарын алатын болады. Сондықтан, құрметті әйел қауымы, әйел кейіпіне енетін еркектерге жүректеріңізді бермесеңіздер екен. Сіздердің сезімдеріңізге лайықты нағыз еркектер аз ба?
Еркебұлан Дәулеткелдіұлы 91 тобының шаш бауын көтерушілер! Салғыласа бермей, алдымен мынаны оқып, видеоны мұқият көріп алыңдар. Айтар сөздеріңді сосын айтасыңдар. ЕСКЕРТУ :
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨРІҢДЕР! https://www.youtube.com/watch?v=Nuynu6vEEI0
Nursagan SY Классикалық совет үкіметін аңсаушылары .... Жаңа қоғамды қабылдағылары келмейді. Жүріңдер сол кəрі-жастарыңмен ақылдысымақтанып. Көремін 10-20 жылдан кейін балаларың осы стилде киім кимей жүргенін... оған көздерің жетпейді..
Ғалым Бақыткерейұлы Сіздің айтып отырған жаңа қоғамыңыз сатанистердің, гомосексуалистер мен лесбианкілердің қоғамы емес пе? Мына стиль солардың стилі. Ин шаа Аллаһ! 10-20 жылдан кейін де қыздарымыз хиджаб киіп, ұлдарымыз нағыз еркек болып жүретін болады! Ақылы толыспаған мынадай жас балаларымызды азғындардың гей насихат құралы етіп пайдалануына жол беріп қойып үйімізде үнсіз жатсақ ақсақалдығымыз қайсы?
Раушан Қалмомынұлы Қайдағы жас? Олардың жасында мен екі балалы болғам. Ең үлкені 1992 болса 24-те екен.
Нуржамал Аубакирова Әркім əр түрлі пікірде, дегенмен айтқандары дұрыс, «сонша үлкен проблема емес» деп қалай қарап отырады. Ұрпақтың ұсақталып бара жатқаны ғой бұл. Нағыз үлкен мəселе осы ғой. Еліктеудің де еліктеуі бар. «Атың шықпаса жер өрте» деген. Қайдағы бала бұлар? «Он үште отау иесі» демей ме? Жат қылық. Кім не десе о десін, өз басым қарсымын осыған. Өзіміз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Алла сақтасын!
Ринат Адилбек Сахналық образ ғой. Былай өмірде сол жігіттермен бетпе-бет сөйлесіп көрдіңіздер ме? Кəдімгі қазақтың қара домалақ ұлдары. Шоу бизнестің өз заңы, өз өмірі бар ғой. Продюсерлерінің ұстанған бағыты бойынша жүр. Оларды бұлай қарғап-сілеп, істемеген істі істетіп, сырттарынан қиып, пішу жеңіл айтқанда дұрыс емес.
Балаларыңыз солардың сахналық стиліне, образына еліктеп кетеді деп қорықсаңыздар, онда балаңызға дұрыс тəрбие бере алмағаныңыз. Егер əкенің айтқанын орындамай бетімен кететін болса оған бола мына жас балаларды боқтап, сілеп, қарғысты қардай боратудың қажеті жоқ. Бұлар қазақ сахнасындағы жаңа буын. «Чип-чип», «ой, жеңге» жəне тағы басқа той музыкасынан басқаны сахнаға шығармайтындай билікті сіздерге кім берді?
Шал-шауқанға ұнамайды. Есесіне жастарға ұнайды. Мен ұзақ уақыт сырттан бақылап жүрдім. «Ел не дер екен» деп. Қояды екен десем күн өте асқындырып барасыңдар. Əлде бұл елдегі болып жатқан жəйттардан халықтың назарын аудару үшін жасалып отыр ма? Əдейі осы теманы ушықтырып отырсыздар ма? Не болса да бір гәп бар.
Saule Turkiya «Осы бес жігіт бар қазақтың баласын бұзады» деген ағаларыма таң қаламын, бала тәрбиесі үйден басталмай ма? Жұдырықтай жас балалармен алысты да қалды...
Раушан Қалмомынұлы Егер қазірден бастап алдын алмаса ертең секс азшылығының құқын қорғау, гейлерді қорғау, гейпарад дегендерге жол ашылады. Егер де бізді «түк түсінбейді» деп ойласаңыздар, ол бекер. Болмашы нәрсе күрделі нәрсеге жол ашады. Мен олардың әнімен шатағым жоқ. Тек сол сценалық образ келешекте гейлерге жол ашады.
Тереңнен түсінбейтін, мұрнының астынан басқаны көрмейтін, «өнер» деп өтірік езеурейтіндер, мәселенің арғы жағын көруге сендердің шамаларың жетпейді. Өйткені сендер бір күнмен өмір сүріп жатқан адамдарсыңдар. Онымен қоймай ақыл айтқан адамды тұқыртқыларың келеді. «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» дейді. Мына қолдап отырғандар келешек ұрпақтың жаулары.
Dastan Əлі жыр болып жатыр ма??? Рəке, сіздер қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да дүние дамуы тоқтап қалмайды. Əлемдік тренд қой, жарқ еткен мода бар болғаны. Ауғанстаннан шықпайтын шығар 91 сияқты феномендер? Әлемнің озық, дамыған елдерінен ғана шығады. Онда тұрған не бар? Қайта бұл қазақтар да əлемдік көштен қалып қоймай көппен бірге ілесіп келе жатқанының белгісі. Шет елдіктер соған қарап та еліміздің имиджіне баға береді.
Жастар бұзылайын десе сол 91 тобына қарап тұрған жоқ. Ұлттық иммунитеті бар, тəрбиесі бар жастар оларды тек музыкалық продукт деп қабылдайды. Мына ғаламтордың дамыған заманында 91 тобы таң болып па қазіргі жастарға? Есесіне олардың музыкасы күшті, американ стайл. Американ стайл қазір əлемдік шоу-бизнестің эталоны сияқты. Себебі ол жақта өте мықты мамандар осы салада əдейі жұмыстанады.
91-ге қақайып қарсы шығып жүргендер, көбіне сол қазіргі жастарды ұйыстыратын идеологиясынан айырғысы келіп жүргендер. Жастар жанын қоярға жер таба алмай сəлаф-малаф болып дəстүрімізге қауіп келтіріп жүргеннен гөрі 91-дің əндерін тыңдағаны одан да жақсы. Бəрі уақытша дүние ғой. 70-80 жылдардағы əкелеріміздің ЖАСТЫҚ шағындағы фотоларды көріп жүрміз. Кала шалбар, капелька очки, битлз стиліндегі шаш үлгісі... Одан олар бұзылып кеткен ештеңесі жоқ.
Раушан Қалмомынұлы Битлз стилі гейлерді жақтаушы стиль ме?
Dastan ГЕЙдің бұл жерге қатысы не? Шаш қойып, сырға тақса гей болды деген емес қой... Көзі ашық, көкірегі ояу адам ол стилді тек гейлерге тəн құбылыс деп қабылдамайды. Əр нəрсені өз орнымен көре алады.
Раушан Қалмомынұлы Бүгін білімсіз саған шашыңды боятуға көзіңді өлтіреді, ертең стрази кигізіп үйретеді, арғы күні гей парадқа жол беруіңді сұрайды. Біраздан соң қойныңдағы қатының мен үйіңдегі балаңның құқығын сенен қорғай бастайды. Бұл бастамасы ғана... Көзі ашық көкірегі ояу адам 91 тобынан ат тонын ала қашады. Тек «типа сәбременныйлар» ғана олардың келешекте секс азшылықтарға жол ашатынымен істері жоқ. Өйткені, олар тек бүгінмен ғана өмір сүреді. «Үш күндігін ойламаған қатыннан без, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деген.
Dastan «Мен не деймін, домбырам не дейдінің» кері болды-ау. Жұрт не десе о десін, 91 тобының əндері күшті. Драйв, экспрессия, хореография, қойлым, стиль бəрі бар. Хошың келеді əндеріне. Леди Гага да бет аузын əлем-жəлем қылып, еттен көйлек киіп, сахнаға трусимен шықса да жұрт шошынған жоқ.
Керісінше, музыка əлемін бір сілкіп алып, жаңа эпатаждық, глэм-рок стилін əкелді. Онымен қоймай бар болғаны 1-2 жылда əлемді аузына қаратып, тіпті ағылшын Королевасы да оны қабылдады. Бұндай мəртебе кім көрінгенге беріле бермейді. Тіпті 10 жыл əн айтсаң да... Сіз қаламады екен деп əлемдік даму, ағыс тоқтап қалмайды. Сіз тыңдамай отыра беріңіз. Таңдау өзіңізде.
Куралай Муратова Өз басым Леди Гаганы тыңдамаймын. Ағылшын королевасы да қызық екен соны шақырған. Әрине, таңдау өзімде сондықтан жазып отырмын. Қазақтың ер жігіттері ешкімге елікпей-ақ қойсыншы... Шоу бизнес олар шаштарын боямаса да тоқтап қалмас.
Dastan Мен Сізге Леди Гаганы тыңдасын деп отырған жоқпын. Салыстырып көріңіз деп мысал келтіріп отырмын. Қазақтың дəстүрлі əн өнерін сыйлаймын. Ол өз алдына бір төбе. Ұлттық бейнемізден хабар беретін, біздің болмысымызды айқындайтын ӨНЕР. Сонымен қатар шоу-бизнес те дамып отыруы керек. Америкада да бар өздерінің дəстүрлі кантри стилі. Соған қоса шоу-бизнес те бар. Сол арқылы да олар əлемдік нарықты жаулап алды. Себебі сапалы өнімдер ұсына алатын мүмкіндіктері бар.
91 тобы да сол сияқты бар болғаны массовый нарыққа бағытталған БИЗНЕС! Қайта қазақтың балалары əлемге өз өнімін ұсынып отырғаны қуантарлық жағдай емес пе?! Түркияның хит парадында бірінші орында тұр. Американың, Европаның жастары қазақша түсінбесе де солардың əнін айтып жүр. Мақтаныш емес пе қазақты танытып жүргендері? Шет елдік сол жастар 91-дің киіміне, шашына қадалып қалып отырған ештеңесі жоқ.
Ғалым Бақыткерейұлы Дастан, егер Леди Гаганыны жақсы деп отырсаңыз сіздің де шамаңыз белгілі болды. «Адамның қандай екенін білгің келсе оның досына қара» деп даналар тегін айтпаған ғой.
Dastan Ай-ай, сөзім жоқ... Гага крутая, она раскрепостила мировой шоу-бизнес. Самая топовая звезда. Хотите Вы признать это или нет, но Мир крутится не вокруг Вас. Правда такова.
Ғалым Бақыткерейұлы Сонда сіз қазақтардың бәрінің сол Леди Гагаға ұқсағанын қалайсыз ба? Қазақты қаншалықты жақсы көріп, оған қаншалықты жаныңыз ашитыны белгілі болды...
Dastan Тууу, мыжып кеттіңіз ғой. Қазақтың ұқсағаны деген не əңгіме? Қазаққа не қатысы бар американдық əншінің? Менің жаным неге ашитынын қайдан білесіз? Маған сапалы, драйв əн болса болды, ұлтына қарап бөлмеймін. Ұнаған кез келген əнді тыңдай беремін. Онда тұрған не бар? Басқа əнді тыңдасам қазақ болмай кетпейтінімді білемін. Маған ұнайды, Сізге ұнамаса тыңдамай-ақ қойыңыз. Бірақ соған бола біреуді үгіттеп басымды ауыртпаймын. Гага крутая певица и всё!
Ғалым Бақыткерейұлы Мәселе сол ұнауда тұр ғой, сізге ұнайды сондықтан оны жақтайтын боласыз. Сізге ұнайды сондықтан соны насихаттайтын боласыз. Сізге ұнайды, сондықтан соған еліктейтін боласыз. Сөйтіп жүргенде өзіңіздің кімге айналып кеткеніңізді өзіңіз де аңғармай қаласыз. Осыны да түсінбей қалауының соңынан көзсіз ере беретін сіз соншалықты ақылсыз ба едіңіз?
Dastan Ммм... Сіздікі дұрыс, иә... Бала емеспін, шаға емеспін. Дүниетанымым қалыптасқан адаммын, соған бола өзгеріп кетпеймін, біреуді үгіттеп, қарғап-сілемеймін де. Біреуге еріп те кетпеймін. Бірақ маған сапалы, крутой əндер тыңдаған ұнайды. Энергияңды шығарасың, рахат!
Ғалым Бақыткерейұлы Ер жігіт нәпсінің соңынан ермейді, керісінше, ол өз нәпсісін игереді.
Dastan Иә, иә...
Ғалым Бақыткерейұлы Жұрттың бәрі сіз сияқты емес, әсіресе жас балалар... Бұл группа сізден көрі солар үшін өте қауіпті. Соны ескеріңіз....
Akbayan Aydın Көздерін боясын, шаштары ұзын болсын - сіздерді осы ма ұйықтатпай жатқан??? Эй, пенсиялырыңнан айрылып жатырсыңдар, бір сүмелек жас дәрігерді зорлап өлтіріп кетті, қанша нәресте далалағы дәретханалардан табылып жатыр! Ал сіз болсаңыз мына ешқандай жамандық істемеген жігіттерге дулап, жазасын алайын деп отырсыңдар. Ақымақтар!
Ғалым Бақыткерейұлы Егер осындай гей насихаттың нәтижесінде елімізде гейлер мен лесбианкілер көбейсе сол кезде біздің елде тәртіп орнап, халық адамгершілік тұрғысынан жақсарып бір-біріне мейрімді болып кетеді демексіз бе? Адамдардың бірін-бірі зорлауы, қыздардың ойнастан бала көтеріп оларды дәретханаларға тастауы тиылады демексіз бе? Сіздің бұл ертегіңізге кім сенеді?
Керісінше, біздің қазіргі «бардак» жағдайымызда гейлер мен лесбианкілер көбейіп кетсе халық одан әрі бұзылып, шектен шығатын болады. Сол кезде біз қазіргі күнімізге де зар болатын боламыз. Гомосексуалистер еркектер түгел жас балаларды да тапа-тал түсте зорлап, лесбианкілер қыздарымызды тыныш жүргізбейтін болады.
Олардың қалыпты адамдарды қаншалықты жек көретін агрессивті болып келетіні белгілі. Өйткені олар сатанистер. Сатанистердің ортасында жүріп қалыпты адам болып тыныш өмір сүремін деп ойлайтын кісі болса ол қатты қателеседі. Сатанистер көбейіп күш алып кетсе онда біздің онсыз да кенеуі кеткен қоғамымызда олар қалыпты адамдарға күн көрсетпейтін болады.
Ғалым Бақыткерейұлы Дастан, «...Қазіргі əндері ТЕК тойға бағытталған өзіміздің əншілеріміздің репертуарынан шаршап кеттім. Бір сарын, елең еткізер ұсынар ештеңесі жоқ...». Сіздерге не болса да жаңашылдық керек екен ғой. «Нағыз жаңашылдық» дегеніміз осылай еркектердің қатын сияқты боянып, қыз сияқты қылымсып, еркектердің өздеріне деген құмарлығын ояту болса жетіскен екенбіз.
Егер мыналар «...драйв, экспрессия, хореография, қойлым, стиль...» арқылы мыңдаған тыңдарман жинап, мыңдаған адамдардың сүйіктілеріне айналса онда көп ұзамай елімізде біржыныстылардың некесі заңдастырылып, гей парадтар өткізіле бастағанына да куә боламыз, Алла сақтасын!
Бұл «қазақтардың да əлемдік көштен қалып қоймай көппен бірге ілесіп келе жатқанының белгісі» екен. «Шет елдіктер соған қарап та еліміздің имиджіне баға береді» екен. Біздің батысшылдар үшін батыс не істесе соның бәрі жақсы. Батыстағылардың назарына ілініп, олардан мақтау есту үшін олар гейлерге құрмет көрсетіп, оларды төрлеріне шығарып кумир етіп аяқтарын сүюге дайын. Өйткені олар табынатын стильный батыста солай.
Дастан «...91-ге қақайып қарсы шығып жүргендер көбіне сол қазіргі жастарды ұйыстыратын идеологиясынан айырғысы келіп жүргендер. Бəрі уақытша дүние ғой...» дейді. Сонда мұндай гей стильге, гей насихатқа «қақайып» қарсы шығып жүргендер «жастарды ұйыстыратын» гей идеологиядан айырғысы келіп жүрген жастардың қас дұшпандары болды ғой? Бұлай жақсылықты жамандық, ал жамандықты жақсылық етіп ұсынып халықтың санасын улау сатанистік идеологияның мықты бір әдісі.
«...Жастар жанын қоярға жер таба алмай сəлаф-малаф болып дəстүрімізге қауіп келтіріп жүргеннен гөрі 91-дің əндерін тыңдағаны одан да жақсы. Бəрі уақытша дүние ғой...». Бұл енді нағыз сатанизмнің насихаты. «Жанын қоярға жер таба алмай жүрген жастар» дінге бет бұрып, Аллаға құлшылық етіп жандарын тазартқаннан көрі 91-дің стилі арқылы гей насихатқа арбалып әбден азғындап сатанистерге айналғаны жақсы екен ғой? Сонда бұл сатанистік гей стиль дәстүрімізге еш қауіп төндірмейді екен ғой?
«...Бəрі уақытша дүние ғой...» деп бізді алдарқатудың қажеті жоқ. Бұл азғындықтар келіп жатқан батыста осы гей стилді ұстанушылар бұдан жалығып бұл стилді тастап қалыпты адам сияқты өмірге қайтып оралып жатқан жоқ. Керісінше, олар бір жыныстылардың некесіне рұқсат берілуін, сол біржыныстылардың бала асырап алуына рұқсат берілуін талап етіп өздеріне кең жол ашып жатыр.
Егер біз осы гей парадтардың «алғашқы қарлығашы» 91-ге қазір тойтарыс бермесек осы группа арқылы із салып алған соң сатанистер бұл ізді одан әрі кеңіте отырып өздеріне даңғыл жол сала бастайтын болады. Соның нәтижесінде келесі ұрпақ батыстығы сияқты гей парадтарға қатысып, жігіттер мен жігіттер, ал қыздар мен қыздар көшеде құшақтасып сүйісіп жүретін болады.
Бұл 91-ші группа бізге Алланың жіберген сынағы. Алланың қаһарына ұшырап ұл-қыздарыңыз ертең гей, лесбианкі болып кетпесін десеңіз бұл үрдісті қолдаушы болмаңыздар. Алла тез есеп көруші. Алладан қорқыңыздар!
Мурат Тлеуберген Ерболат, а құдай, қазаққа жасаған жақсылығын болсын тобыңды таратшы....Солай бір еркектік жасасаң ЕРЛІК болар еді!....
Алтынай Турмаганбетова Аластап жүрген топтары осылардың өзінен анағұрлым мәдениетті. Ринат Зайытов екеуі қатысатын бір хабарда Ерболат Беделхан өте сауатты сөйлейтін, ойы озық продюсер, әрі әнші болып көрінді. Жастарды бұзатын топ құрмаған болар еді, бір білгені болар. Бұл топ болсын, болмасын, заманның өзі жастардың осындай талғамын қалыптастырар еді.
Қазір өзгерістер қатты жылдамдықпен жетуде, қалыпты нәрседен тез жалығып өзгешелік іздеп тұрады. Мұндай құбылыс барлық нәрсеге қатысты болып жатыр. Жер шарының жылдамдығының артып, информациялық ағын мен энергетикалық потоктың да әсері болуы мүмкін. Жалпы, көп нәрсенің әсері бар, біз бұны құр айқаймен тоқтата алмасымыз анық.
Ғалым Бақыткерейұлы 91 тобына қарсы шығып оларды қалаға кіргізбеген жігіттерді не үшін айыптап отырсыздар? Сол әйел кейіпіне еніп қылмысып сылаңдаған әншілерді жақтырмағандары үшін бе? Оларды өз орталарына енгізбей елден аластағандары үшін бе? Алла тағала жақсы көрмейтін нәрселерді біз де жақсы көрмеуге тиіспіз. Алла тағала айыптаған нәрселерді біз де айыптауға тиіспіз. Алла тағала мұндай әйелдерге еліктейтін еркектерді жақсы көрмейді. Ендеше оларды біз неге жақсы көріп, оларды жақтап қолпаштауға тиіспіз?
Лұт қауымының алғашқы белгілері көрініс беріп, оның насихатшылары жастардың санасына азғындықтарды сыналатып енгізу әрекетін жасап жатыр. Ал сіздер болсаңыздар оларға жол бермеуге тырысып халықты Алланың қаһарынан сақтау үшін әрекет жасап жатқан ер-азаматтарды айыптап отырсыздар. Сонда сіздер үшін олардан көрі Лұт қауымының насихатшылары жақын болғаны ма? Алладан қорқыңыздар!
Анар Аскабылова 91 тобы керемет топ, маған ұнайды. Оны көріп қатын болып кеткен еркекті әлі көрген жоқпыз, дәл сондай киініп жүрген...
Ғалым Бақыткерейұлы Егер осындай гей насихат жалғаса берсе алдағы уақытта қатын болып кеткен еркекті де көретін боласыз. Бұл тек басы ғана емес пе? Сіз бұл 91 тобының өнегесінің қыздарға қызықпайтын еркектердің насихаты екенін қалай түсінбейсіз? Өздеріңе қызықпайтын, өздері қыз сияқты сыланып-сипанып майысып жүрген еркектер көбейсе сіз тәрізді қыздарға жақсы бола ма? Олардың керемет әндері сіздерге жар, ал балаларыңызға әке бола ма?
Анар Аскабылова 91 тобына еркектер қызығып жатыр ма? Олардың жанкүйерлері қыздар ғой... Шаш бояп сырға тағатын болса Кореяның әншілерін баяғыдан көріп жүр ғой бәрі. Тағы айтам, гей емес олар...
Ғалым Бақыткерейұлы Қыздар сияқты боянып, қылымсып, қылмыңдаған жігіттерге еркектер қызықпайтынына сенімдісіз бе? Кореяда боянып, әйелдердің сумкасын білектеріне іліп алып бөксесін бұраңдатып жүретін жігіттер көбейіп бара жатыр екен деп естіп едім, ол үрдіс осындай топтарға еліктеуден бастау алғанына еш күмәнім жоқ.
Анар Аскабылова Аға, олардың да сіз сияқты ата-аналары бар балаларын қарап, бақылап отырған. Бәрі де ауылда өскен балалар. Балаларын гей қылып көшеге жіберіп отырған ешкім жоқ. Бұл тек сахналық образ. Болды, кешіріңіз, бір-бірімізді түсіне алмайтын сияқтымыз. Неге Нұртас Адамбайды көрмейсіз, бетін бояп аяғына туфли киіп, қолына сумка ұстап сахнада жүрген. Былай қарасаң ол кісі бір жынысты насихаттап жүр деп айтуға болады. И так бар уже олар бізде... «Әйел бақытынан» көрдік. Күшті болсаңдар Нұртас Адамбайға да тоқтау салыңдар.
Ғалым Бақыткерейұлы Егер барлық ата-аналар ұл-қыздарын бақылай алса ауылда өскен ұл-қыздар қалаға келіп бұзылып, түнгі клубтар мен притондарды жағалап, азаматтық некемен бір үйде тұрып жатпас еді. Тіпті өздерінің де тәрбиелері нашар ата-аналар аз ба? Ешкім де балаларын жаман болсын демейді, бірақ ата-аналардың өздері де ненің жақсы, ненің жаман екендігін білмей қапыда қалып жатады.
«Бұл тек сахналық образ» дейсіз. Осындай сахналық образға кіріп сырға тағып, беттері мен шаштарын бояп, қыз кейпіне енген, сөйтіп қыз образына бойлары әбден үйренген жігіттер бірте-бірте «қыз» болып та көрмесіне кім кепіл?
Ернар Кейкин 91 тобы кəріс жігіттеріне еліктеп шыққан жастар. Кеудесінде намысы бар, ұлтын сүйетін, қазақтың құндылығын бағалайтын кез-келген жас бұл топтың жүріс тұрысына қарсы болады деп ойлаймын. Мен бұл топтың бірде-бір əнін тыңдаған емеспін, өйткені түрлеріне қарап тыңдағым келмейді. Бəлкім радиодан тыңдап жүрген шығармын.
Қалай десек те бұл топтың əні емес, қоғамдық пікір туғызған олардың үстеріне іліп алған киімдері мен боялған шаш пен сырғаларында. Ал бұларды тыңдап жүрген жастардың басым көпшілігі еліктегіш жастар. Мен ұстаз болғандықтан жастармен жиі сөйлесемін. Студенттердің айтуынша қоғамда осы топтың əндерін ашықтан-ашық тыңдауға намыстанатын тенденция қалыптасыпты.
Енді, менімше, 91 тобының продюссері қарсылықпен санасу керек сияқты. Жастардың болашағын құртпау жағын ойлап, басқа үлгіге ауысу керек. Уақыт емші. Бұл қателіктерін жөндеп, қоғамдық наразылықты ескерсе, керсінше, бұл топтың рейтингісі одан сайын өсетін сияқты. Ал бұлай наразылыққа қарсы жүре берсе жас талантты əншілердің болашағына балта шаппақ.
Қоғамдық наразылықты өз басым 100% қолдаймын. Себебі, бұл қазақ ұлтының бар екендігінен, өзіндік талғамы бар екендігінен хабар береді. Қаншама жастарға ой салды. Болашақта құрылмақ топтар 91 форматымен жүру қауіпті екендігін түсінді. Мəселені тар шеңбермен қарамай кеңірек қарасаңыздар барлығы түсінікті сияқты.
Сәуле Қанша тыраштансаңдар да, уақытты кері айналдыра алмайсыңдар. Көнсең де, көнбесең де, қабылдасаң да, қабылмасаң да уақыт тек алға жылжи береді...
Ғалым Бақыткерейұлы Сәуле, әрине, уақытты кері айналдыруға болмайды. Сіз жақтап отырған 91 тобы арқылы біреулер Алланың қаһарына ұшырап құрып кеткен Лұт қауымның уақытын кері айналдыруға тырысып жүр. Бірақ, «қанша тыраштансаңдар да, уақытты кері айналдыра алмайсыңдар». Өз уақытында «алдыға жылжи» отырып тозаққа түсіп кеткен Лұт қауымының насихаты бізге қажет емес. Бізге артқа (Лұт қауымына) емес, алдыға жылжу керек. «Көнсең де, көнбесең де, қабылдасаң да, қабылмасаң да - уақыт тек алға жылжи береді...».
Азамат Хайсин 91 тобына жәй бір өнер ұжымына қарағандай қарау керек. Сырт келбеті үшін соншама шаптыққан кісілерді түсінбеймін. Мысалы, қыз сияқты әншілер толып жатыр, неге дәл 91 тобы нысанаға алынады?
Адилхан Альжанов Қатын сияқты еркектерді қазақтарға насихаттау, мода етіп көрсету деп түсінемін ондайды.
Мырзабай Палуанов Мен түсінбеймін, адамдарға, не үшін осы топқа жат көз бенен қарап қалды? Олар да қазақтың балалары ғой. Шын мəнінде олар өте талантты балалар. Сонша жанкүйерлері бар. Өнерімді көрсетем деген адамға қарсы тұру бұл əділдік емес. Олар да Қазақстанның азаматтары ғой, не үшін өнерін көрсетулеріне ел басқарып отырған ел ағалары қарсылық танытады? Заңды түрде Минкультурадан рұқсат лицензиясы болса.
Бұл менің түсінігімде, «менің жегім келіп тұрған тамағымды жегізбей алдымнан алып қою» деп түсінемін. Сонда ол бес жігіттің қандай күнəсі бар? Қазақтың қара домалақ баласы қазақ тілінде сахнаға шығып «өз өнерімді көрсетем» деп тұрса несі айып? Айтыңдаршы, адамдар, мұсылмандар, қазақтар!!! Не болды сіздерге мұншама??? Бұл не, көре алмаушылық па, əлде азғыру ма?
Олар да ер-азаматтар ғой. Әке-шешелері бар. Олар да ұлдарынан үлкен үміт күтіп отыр. Не үшін біз олардың армандарының іске асуына қарсы тұруымыз керек!? Азамат бауырым! Осы тақырыпты кеңірек масштабта, немесе үлкенірек аудиторияда көтеруіңді өтінемін! Тақырып бүгінгі күннің актуаль мəселесіне айналып барады. Өнерге қарсы тұру - дұрыс емес деп ойлаймын!!!
Азамат Хайсин Олардың бар жазығы шаш бояп, сырға салғаны. Шаштарын тақырлап алып, сырғасын шешсе, яғни, халық талабын орындаса шу басылар еді...
Мырзабай Палуанов Олар Қазақстанға жаңа тыныс əкеліп, елден ерекше болып, қазіргі той өлеңдерін тыңдап жүрген жастарға тыңдауы үшін өлең айтып жүр. Шаш бояп,сырға таққанына келер болсақ, бұл, біріншіден, QPOP стилі. Екіншіден, Мұхаммед Пайғамбардың өзі ер жігіттерге «шаштарыңды қарадан басқа түске бояңдар» деген. Пайғамбар да құлағын тесіп, сырға салған.
Сонда осыншама халық Пайғамбарға қарсы шығасыздар ма? Бұл жақсы өнер! Ал сіздер көздеріңіз бұндай стильге үйренбегендіктен тез үйренісіп кете алмай отырсыздар деп ойлаймын. Сол үшін де, халайық, жас жеткіншектердің өнерін қолдайық деп ұсыныс білдіргім келеді.
Асылбек Байсейіт Егер сол рас болса дінді бізден жақсы ұстанатын өзбек, иран, араб ұлттары шаштарын бояп сырға тағып тыртыңдап кетер еді. Мұсылман елдердің біреуінде 91 тобы сияқты әншілер жоқ. Ондайлар Кәріс, Жапон, Еуропа, АҚШ елдерінде ғана бар.
Азамат Хайсин Біз зайырлы мемлекетпіз...
Ғалым Бақыткерейұлы Мырзабай Палуанов, сіз халықты жаңылыстырмаңыз. Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ер жігіттерге шаштарын қызыл, жасыл, сары түстерге бояп қағынсын демеген. Бұл тек шашына жастай ақ түсе бастаған жігіттерге шашын табиғи түске бояуға берілген рұқсат. Ал жасы келіп кәріліктен шашы ағарған қарияларға жасару ниетімен қара түске шашын бояуға тиым салынған.
Дінде бәрі де ниетке байланысты анықталады. Олай болса Алланың берген табиғи шашын сән үшін өзгертіп неше түрлі ашық түсті бояуларға бояп қағыну дінімізде рұқсат етілмеген. Ибн Аббастан жеткен хадисте былай делінген «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге ұқсаған еркектер мен еркектерге ұқсаған әйелдерді қарғады». (Бухари, Либас, 62).
Дінімізде шаштарын түрлі-түсті ашық бояуларға бояу тіпті әйелдердің өздеріне де рұқсат етілмеген. Олай болса 91 тобының стилін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат еткен стиль ретінде көрсету арқылы сіз ашықтан ашық оған жала жауып отырсыз. Ал жігіттерге сырға тағу мәселесінде сіз «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі сырға таққан» деп өтірік айтып мүлде шектен шығып кеттіңіз.
Сіз тіпті мұнымен қоймай «Сонда осыншама халық Пайғамбарға қарсы шығасыздар ма?» деп 91 тобына қарсы шыққандарды Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы шыққан адамдар ретінде айыптап отырсыз. Сіз өзіңіздің қаншалықты шектен шығып кеткеніңізді бағамдайсыз ба?
Азамат Хайсин Пайғамбар өсиетіне, хадистерге мойын бұрмай жүргендер көп-ақ. Мысалы, жалған куәлік беру.
Ғалым Бақыткерейұлы Сонда Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиетіне мойын бұрмай жүрген жандар бар екен деп барлық мұсылмандар оның өсиеттеріне қол сілтулері керек пе? Әркім өзі үшін жауап беретінін ұмытпаңыз. Біреу отқа түсті екен деп жұрттың бәрі де отқа секкіруге тиіс емес қой...
Азамат Хайсин Әрине. Шаш пен сырғаны қоя тұрып, ұрлық, жемқорлық, зина, өтірік айту туралы айтып имандылар неге шырылдамайды? Өйткені оларға тыныштық керек. Тыныштық үшін бейтарап қалып сырға мен шаш бояу тағы басқа қауіпсіз тақырыптарда атой салатын кісілер - қорқақтар.
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз бұл топтың нені насихаттап жүргенін, бұлардың жастарды қандай сұмдыққа бастап жүргенін әлі түсіне алмай жүрген сияқтысыз. Олардың сырға тағуларының мәнін түсіну қиын емес, ал шаштарын түрлі-түске бояуына келсек бұл сексуальды азшылықтың символы екенін біздегілер әлі біле қоймайтын сияқты.
ЛГБТ деп аталатын лесбиянкі, гей, бисексуал, трансгендер қауымдастығының туы осындай түрлі-түсті болып келеді. Және олардың өздері де солай боянып өздерін насихаттайды. Осы сексуалды азшылық насихатының алғашқы бастамалары ретінде елімізде осы 91 тобы сияқты топ пайда болып, соның қазақи ділі, қазақи тілі, қазақи әндері арқылы қазақ жастарын «түрлі-түсті» мәдениетке баулу мақсат етілуде.
Біржынысты некеге апарып соқтыратын біржыныстылар «махаббатын» насихаттайтын мұндай үрдіс халқымыздың басына Алланың қаһарын шақырып, қазақтың тұқымын тұздай құртатынын қасірет екенін қалайша түсінгілеріңіз келмейді? Мәселенің мән жайын түсінбеген жандарға бұл жай ғана шаш пен сырға мәселесі болып көрінеді. Бұл мәселе шындап келгенде «ұрлық, жемқорлық, зина, өтірік айтудан» да зор мәселе. Бұл Лұт қауымының түбіне жеткен мәселе екенін ұмытпаңыз.
Сіз «ұрлық, жемқорлық, зина, өтірік айту туралы айтып имандылар неге шырылдамайды?» дейсіз. Сіз бұл жерде кейбір имандылардың «ұрлық, жемқорлық, зина, өтірік айту» тәрізді келеңсіздіктерден ада шариғаттық мемлекет құрамыз деп ел тыныштығын бұзып жүргенін ескермей отырсыз. Сонда сіз барлық имандылардың «тыныштық үшін бейтарап қалмай» сондай экстремистерді қолдап шыққанын қалайсыз ба?
Азамат Хайсин Мен имандылардың әділ болғанын қалаймын.
Ғалым Бақыткерейұлы Әділ болуды мұндай дінімізге де, халқымызға да жат ықпалға «түсіністік» таныту деп ұқпаңыз...
Талгат Майтанов Олардың өнеріне таласымыз жоқ, тек еркек болып айтсын, ұрғашы болып емес... Одан артық қалай түсіндірсем екен?
Ғалым Бақыткерейұлы Осы қазақты Европа мәдениеті рухында тәрбиеленген, өздерін Европада сәнге айналған толеранттылық рухына сай ұстайтын адамдар құртады. Олар Европадан келіп жатқан небір жат үрдістерді тамсана қабылдап, оларды қызу жақтап, барынша насихаттауға дайын тұрады. Сол арқылы олар мәдениетті, зиялы адамдар ретінде көрінбек болады. Сонда олар Европалық мәдениеттің өкілі болу үшін гей болу керек десе ойланбастан гей болып кете ме екен?
Азамат Хайсин Жалғыз қазақ емес бүкіл әлем солай. Қайта қазақтар көптеген ұлттарға қарағанда ауылдың арқасында өзіндік ерекшелігін сақтап қалды.
Ғалым Бақыткерейұлы Сол ерекшеліктерді де көп көріп, оларды да жоюға тырысып жүргендер шығып жатыр ғой араларымыздан...
Азамат Олай бола қоймас. Аллах ұлық!
Мырзабай Палуанов Талантты бағалау керек. Киім менен сырға сыртқы бейне. Əр адамның жүрегіне берсін. Солай... балалар арам ойда жүр дегенге мен сенбеймін.
Ғалым Бақыткерейұлы Талантты иман арқылы бағалау қажет, әйтпесе азғындардың талантына бас иіп, оларды өздеріне кумир етіп алып өздері де азғындап кетіп жатқандар аз ба? Сыртына мән бермегеннің іші таза болатынына күмәнім бар. Азғындарға сыртымен еліктеген адамдардың жүрегі де солармен бірге болады. Бұл балалар арам ойда жүрген жоқ, бұл балаларды арам ойлылар өз мақсаттарына пайдаланып жүр...
Азамат «Қазақ қыздары корей жігіттеріне қарап қояды, соларға қарсы жоба» дейді мыс...
Ғалым Бақыткерейұлы «Анау анаған қарамасын» деп «қарсы жоба» жасап жүргенде қайдан шыққанымызды білмей қалып жүрмейік.
Азамат Хайсин Діндарлар баршылық, саспаңыз!
Ғалым Бақыткерейұлы Соны көңілге медет етудеміз, Аллаға шүкір!
Мырзабай Палуанов Арам ойлар ма, əлде арам ойлылар ма? Сонда кімге күмəн келтіргіңіз келіп тұр? Ерболат Беделханның фейсбуктегі журналистерге осы топ жəйлы берген сұқбатын оқыңыздар!
Ғалым Бақыткерейұлы Мырзабай, арам ойлылар жайына келсек мәселе 91 тобында, немесе оның жетекшісі Ерболатта емес. Олар тек осы стиль арқылы атақтарын шығарып танымал болуды, табыс тауып бақуатты өмір сүруді мақсат еткен жандар деп білемін. Түпкі мәселе бұл стилді ойлап тауып, оны насихаттауды жолға қойған, сол арқылы адамдарды тура жолдан тайдыруды мақсат еткен арам ойлыларда. «Олар кім?» деп атын атап, түсін түстеп жату міндет емес. Олар, жалпы, сатанистер деп аталса, соның өзі де жеткілікті.
Бұл стилде ЛГБТ насихат пен сатанизм үйлесім тауып, жастардың жаңашылдығына иек артып сананы улап жатыр. Бірақ Беделхан мұны ойлап бас қатырып жүрген жоқ деп ойлаймын. Оның өз алдына қойған «биік» мақсаты бар. Ол журналистерге берген сұқбатында былай деген екен:
«...Бойымыздағы қабілетті пайдаланып, елімізде поп-музыка жанрын әлемдік талаптарға сай дамытқымыз келеді. Өйткені, өнер мен мәдениетті шектеуге болмайды. Менің ойымша, әрбір маман өз саласын жетік біліп, жетілдіру керек. Сонда ғана біз дамыған мемлекет боламыз».
Сонда поп музыка жанрының әлемдік талабы QPOP стилі ме екен? Сонда біз өнеріміз бен мәдениетімізді тек осы QPOP стилі бағытында дамытқанда ғана «дамыған мемлекет боламыз» ба? Беделхан тіпті осындай топ құруды Алланың өзіне жүктеген миссиясы ретінде қабылдайтын сияқты.
«Құдайдың өзі маған ән айту, жазу қабілетін, сана-сезім берді ме, мен оны барынша қолданып, еңбектенуім керек. Топтағы балаларды да еңбекқорлыққа баулимын. Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр, және 21-ғасырда өмір сүреміз, сондықтан әркез ізденісте жүріп, әлемдегі өзгерістерден қалмай, алға ұмтылайық. Айтпағым осы...».
Мұндай «алға ұмтылудан» бізді Алла сақтасын! Бұл жерде «Ізгі ниетпен де тозаққа жол салынады» (благими намерениями вымощена дорога в ад) деген қанатты сөзді еске алған жөн болар...
Азамат Беделхан туралы әжептәуір білетін сияқтысыз...
Ғалым Бақыткерейұлы Адамның жеке басы мен үшін маңызды емес, мен үшін жалпы тенденция маңызды...
Азамат Хайсин 91 тобы өгізге көрсететін қызыл шүберек сияқты болды. ЛГБТ дегенді жек көреді, таптап тастайды, сол белгілі болды.
Ғалым Бақыткерейұлы Қандай болмасын жақсылы-жаманды үрдіс нақты бір адамдардан бастау алады. Елімізде осы топ біз үшін жат жаңа үрдістің бастауы болып отыр. Егер бұл қадам сәтсіздікке ұшыраса қалғандарға сабақ болар еді. Жалпы адамның санасы құбылмалы нәрсе ғой... Жақсы бір насихатпен өңделсе адам баласы бүгін жаман деген нәрсесін ертең жақсы көріп кетеді. Сондықтан ең бастысы насихаттан ұтылмау керек.
Қазан айы, 2016 жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий