Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Андрей Беляков Наглеют, однако. Вижу казахи против Россий, и всего русского. Собака лает, однако, русский караван рулит в Казахстане, пока Назарбаев жив! Скоро всем вам капец настанет, Путин не дремлет, Назарбаеву скажем и поставим на место наглецов, нациков ... . Против кого прете, эй!? Вы под русским шаныраком, и точка! Прошу здесь не базарит по казахски, если это увидет Путин, нагнет вас как Украину. О будущем подумай, казах и казашка. Рессея твой брат, который может и наказать, будет больно...
Азамат Хайсин Провакация! Арандату! Тіл мәселелерін байыппен шешу керек. Үндемей-ақ күнделікті өмірде қазақша сөйлеп, қазақ тілінің дамуына атсалысып, қазақ тілінде әлемдік деңгейдегі ән, кино тағы басқа туындылар жасау керек. Ютуб тағы да басқа ақпарат беретін желілерден қазақша қарағанда бәрі табылып тұру керек... Ол деген қыруар жұмыс.
Мұны М.Шаханов, Асылы Осман тағы басқа да жүздеген тіл жанашырлары 25 жыл бойы айтып жүр. Сөзден байсалды іске көшу керек. Қазақ тілінің жанашыры болу, Қазақстанда тұратын қазақ тілін білмейтіндермен бетжыртысу деген сөз емес.
Ғалым Бақыткерейұлы Үндемей-ақ іс тындыруға болады ғой, әр қазаққа, егер ол өзі қаласа... мәселе рухсыздықта болып тұр...
Азамат Хайсин Қазақ тілін қорғап қалған 80- ші жылдары алыс ауылдарда отырып 7-10 бала тәрбиелеп өсірген ата-аналар мен солардың балалары. Қалған «жанашырлардікі» бос айқай. 25 жыл айқайлап қазақ тілін мен қорғап қалдым демек пе? Ұят қайда?
Асылбек Байсейіт Азеке, өте орынды. Қазақ тілінде ақпараттар көбейіп келеді. Мәдениетті түрде тіліңді дамытуға орыстардың өздері «үйрен орысша» деп жекіріп кедергі жасайды. Сосын оларға қатты сөйлеуге тура келеді.
Азамат Хайсин Бір қызығы голливудтың барлық фильмдері орысша. Оларда жақсы әрі жылдам аударады. Бұл үлкен мәселе. Көп қыртпай сондай мәселені қолға алу керек. Балалар голливудтық киноны, шоуларды, мультфильмдері көп қарайды. Оның бәрі орысшаға аударылған.
Асылбек Байсейіт Азамат Хайсин, мен осы голливуд киноларын өзге ірі тілдерде іздеп көрдім. Мысалы, АҚШ кинолары испан, француз, түрік, иран, қытай, жапон, кәріс, неміс тілдеріне заматында аударылып отыратыны көрдім. Өйткені ол тілдер голливуд киносы үшін үлкен нарық. Қазақ, өзбек, түркімен тілдерінде аударылым жоқ. Азербайжандар түрікше нұсқадан көре береді. Қазақ тіліне аударылу үшін елдегі қазақтар орысша түсінбейтін болу керек. Сонда ғана орыс тілді кино өтпейді.
Азамат Хайсин Біржағынан орыстар арқылы қаншама қаржы үнемделуде. Ал жақсы киноны бәріміз көргіміз келеді. Орысша түсінбеу керек деген қалай?
Асылбек Байсейіт Орысша түсінбеу деген халықтың бір тілді болуы. Бір тілді болса сол тілде кино, интернет ақпараттар, әлемдік кітаптар мемлекеттік тілге аударылып отырады. Кез келген азамат өз тілінде ақпарат алады, өз тілінде кино да көреді. Мысалы Венгрия халқы әлемдік киноларды венгер тілінде көреді. Халқы бір тілді, саны 10 млн-ға жетпейді.
Халық бір тілді болса көп проблема шешіледі. Әлемдік тілдерді оқимын дегендер оқи береді. Орысша кино көргеннен елдің қаржысы үнемделіп жатқан жоқ. Әр қазақ Ресей сайтынан кино көрген кезде Қазақтелеком белгілі пайыздарын Ресей сайтына төлеп отыр.
Азамат Хайсин Аударып әуре болмайды дегенім ғой...
Асылбек Байсейіт Әуре болу керек. Қазақ тілінде әлемдік ақпараттарды аударып, әлемдік киноларды қазақша сөйлетіп әуре болмай өзге елдің тіліне бағынышты болу деген «әуре болмау» дегенді білдірмейді. Өзіңіз есептеп көріңіз. Көшедегі барлық жарнама, көше атаулары, мекеме атаулары қазақша, орысша кей жерде ағылшынша жазылады. Өзге елдің әріптері үшін қанша қаржы кетіп жатыр. Қазақ мектептеріндегі орыс тіл пәніне қанша миллиард ақша кетіп жатыр. Осы шығындарға қазақша дубляж жасалса болды ғой. Ағылшын тілін меңгерсек орыс тілінің не қажеті бар?
Азамат Хайсин Осы уақытқа дейін қаншама киноны, тағы басқаларды орысша көрдік. Қаншама баланың ой-өрісі орыс тілі аркылы ақпарат алды. Бұрын Атагелді Смайылов, Ф.Шарипова тағы басқалар дубляж жасайтын. Қазір бар ма, жоқ па?
Ғалым Бақыткерейұлы Азамат, «осы уақытқа дейін қаншама киноны, тағы басқаларды орысша көрдік. Қаншама баланың ой-өрісі орыс тілі аркылы ақпарат алды» дейсіз. Сол себепті осыншама деңгейде орыстанып кеттік. Не болса да өз тіліміздегі дүниелерді көбейтіп, өзге тілдегі дүниелерді жайлап шектей беру керек. Өзге тілдегі нәрселер өзге ұлттардың рухани экспансиясы ғой.
Көп мәселе қаржыға байланысты Егер мемлекет те қаражат бөліп, ұлтжанды азаматтар да спонсорлық етіп ұлттық нәрі қою өзіміздің дүниелерді шығаруға атсалысса деген үлкен арманым бар. Және дүние жүзіндегі бар жақсыны өз тілімізге жедел аударып отыру да өте маңызды. Әрине, бәрі де қаражатқа тіреледі.
Біз бай елміз, біз байлары көп елміз, бірақ ұлтқа жанашыр азаматтардан тапшылық көріп отырған сорлы ел болып отырмыз. Мұның бәрі де сол осы уақытқа дейін қаншама киноны, тағы басқаларды орысша көргеніміздің, қаншама баланың орыс тілі арқылы ақпарат алғанының кесірі ғой...
Азамат Хайсин Құр айқайдан пайда жоқ. 25 жылда бұл тақырып әбден жауыр болды. Патриотсымақтар қайта-қайта бықсиды. Сөзден іске көшпейді. Іс деген сол кино тағы басқаларды қазақшаға аудару, ғаламторды қазақшалау...
Ғалым Бақыткерейұлы Егер мүлде айтылмаса онда бұл мәселе көзден тасаланып елеусіз қалады да бірте-бірте өзектілігінен айрылып шетке қағылатын болады. Сондықтан да орыстар мен орыс тілді қазақстандықтар бұл мәселенің қайта-қайта көтеріліп «жауыр» болғанын қаламайды.
А бізге қалайда бұл мәселені қайта-қайта көтеріп, сол арқылы оны күн тәртібінен түсірмеу керек. Бұл біз үшін пайдалы. Сөз қайта-қайта айтыла берсе ол міндетті түрде қуаттанып, материалданатын болады. «Бәрі де сөзден басталды», «Әуелі сөз болды» деп Інжілде тегін айтылған ба? Сондықтан айтудан да жалықпайық, істеуден де тартынбайық.
19-21 қараша, 2016 жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий