Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
«Олжас Сулейменов: Большая мина заложена под Казахстаном, и часы тикают». Состоялся съезд русских, казачьих и славянских организаций Казахстана. Проблемы русского языка в Казахстане, пропорциональное представительство народов Казахстана на государственной службе, а также другие злободневные темы обсудили в Алматы на третьем отчетно-выборном съезде русских, казачьих и славянских организаций Казахстана. ...
Участник собрания из Уральска атаман Анатолий АВИЛОВ отметил, что Конституция не соблюдается – следовательно, не выполняются и наказы Елбасы. «В государственных органах, акимате, прокуратуре, больницах все написано на казахском языке. На обращения, написанные на русском, приходят ответы на казахском языке. Сам я в совершенстве владею государственным языком, отношения между казаками и казахами у нас прекрасные. Но закон есть закон, а он не выполняется» сказал он.
Заместитель председателя РОО «Совет генералов» Махмут ТЕЛЕГУСОВ подчеркнул: «...нарушения закона о языках, ущемление прав русскоговорящих граждан нашей республики, которых в Казахстане более 70 процентов, - это препятствие нашему единству, препятствие строительству нового Казахстана. И возникает ощущение, что это делается специально, что кому-то выгодно посеять между нами рознь, - сказал генерал.
Олжас Сулейменов пообещал, что доведет до главы государства вопросы, поднимаемые на съезде. Он также подчеркнул, что «те мелкие чиновники, независимо от рангов, мелкие политики, которые нарушают закон о языках, выступают против Казахстана, против нашей независимости, против нашего будущего. А это значит, что большая мина заложена под Казахстаном, и часы тикают». RATEL.KZ
Бердалы Оспан А разве знать государственный язык не право и обязанность любого гражданина Казахстана? Так почему многие представители русской и других национальностей в подавляющем большинстве не знают государственного языка, а ведь независимости республики четверть века?!
Кадырбаев Айдын Право, но не обязанность. Қымбатты қандастар! Тілімізді ешкім қыспақтап жатырған жоқ. Өз тіліңде сөйлеуіңе ешкім тиым салып жатқан жоқ қой, неге біреудің өз тілінде сөйлегеніне сонша қиналасыз? Сізге басқа тілде сөйле деп ешкім зорлап жатырған жоқ, тіліңнің тең құқылы екеніне тәуба деп, тіліңнің болашағы бар екеніне шүкіршілік етсеңіз?
«Басқа ұлт менің тілімде неге сөйлемейді» деп оларды табалау - ол өте төменгі деңгейдегі түсінік болып табылады. Тіліміз дами берсін, өркенін табарына сенім мол. Жоғарыда айтылғандай ұсақ шенеуніктер өздерінің білімдері таяздығының салдарынан жағдайды ушықтырып отыр. Әркім өз тілінде сөйлей берсін.
Білімің болса түсінерсіз, білімің болмаса сауаттыларға жол берерсіз? Егер сен өз тіліңде сөйлеп жауапты оның өз тілінде алсаңыз, онда екеуіңіз де сауатсызсыз. Орталарыңа тілмаш алыңыз. Ал енді «мен оған қазақша сөйлесем ол маған орысша жауап қатты» деп оған майдан жарияламаңыз! Өзге тілдің неғұрлым көп біліп өз тіліңді құрметте. Әдет-ғұрыпыңды, мәдениетіңді насихатта келер ұрпаққа.
Ғалым Бақыткерейұлы «Көрмес түйені де көрмес» деген. Осылар неге қазақша сұрасаң орысша жауап беретін күнделікті үйреншікті жағдайды көрмейді де орысша сұраққа қазақша жауап берген бір ғана жағдайды көре қалып шу шығарады екен. Сонда қазақша сұраған адамдарға орысша жауап беретіндер жағдайды еш ушықтырмай ма екен? Бұларды тыңдасаң қазақтардың бәрі орысша сұраққа қазақша жауап беріп өздері 70 пайыз деп көрсетіп отырған орыстілділердің бәрі қорлық көріп жылап жүргендей әсерде қаласың. Не деген әділетсіздік!
Басқаларды былай қойғанда ұлтқа тұлға болар Олжас ағамыз тәрізді зиялыларымыздың өздері осыншама әділдіктен аттап жатса олардың азаматтығы, қазақтығы қайда? «Атадан ер боп туатын, ел намысын қуатын» ардақтыларымыз неге қазақтың сөзін сөйлемейді? Қазақтың сөзі Қазақстанда өтпесе басқа қай жерде өтпек?
Егер біз Қазақстанда қазақшаға тиым салып жүрген шовинистердің ығына жығыла берсек олар қазақ тілінің түбіне жетпей тыншымайды. Қай заманда да қазақтың түбіне жетем деген талайлардың өздерінің түптері көрініп қалған. Аллаға шүкір! «Аққа құдай жақ» деп халқымыз тегін айтпаған!
Кадырбаев Айдын Тап-тамаша жазып отырсыз өз тіліңізде, қуаныңыз! «Басқа ұлт менің тілімде сөйлесін» деу эгоизм болып табылады.
Ғалым Бақыткерейұлы Тәуелсіз қазақ елінде, мемлекеттік тіл болып саналатын қазақ тілінде «тап-тамаша жазып» отырғанымызға қуанатын жағдайға жетсек шынымен де жетіскен екенбіз! Әрине, қазақша жазбақ түгел қазақша түртпейтін қазақтарды да да көріп жүрген кезде бұл біз үшін үлкен қуаныш. Осы бір қуанышымыз үшін кімге алғыс айтсақ екен?
«Басқа ұлт менің тілімде сөйлесін» деу менің жағдайымда эгоизм емес, бұл менің мемлекет құраушы қазақ ұлты ретіндегі заңды талабым. Өйткені, менің тілім Қазақстанда орыс, украин, өзбек, ұйғыр, басқа да өзге тілдер тәрізді диаспора тілі емес. Менің тілім Қазақстанда мемлекеттік тіл. Сондықтан Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеуге тиісті. Барлық жөні түзу өркениетті мемлекеттерде солай. Неге бізде басқаша болуы тиіс? Соны ойлап көрдіңіз бе?
Мен Ресейдегі орыстарға қазақша үйреніңдер деп жағадан алып жатқан жоқпын, егер түсіне білсеңіз. Мен өз елімде Қазақстан Конституциясының заңды талабын талап етіп отырмын. Мұның несі эгоизм? Қазақстан азаматтарының бәрі де мемлекеттік тілді білуі тиіс. Бұлай деп мен ешқандай жаңалық ашып отырған жоқпын. Бұл даусыз ақиқат. Осыны да әлі күнге түсінбей жүрген адамдарға таңым бар.
Кадырбаев Айдын Қай өркениетті елде болып соның тілін сөйлеп едіңіз? Әр елде өз тілі және ұлтаралық тіл бар. Ал бізде ұлтаралық қарым-қатынас тілі орыс тілі.
Ғалым Бақыткерейұлы Сіз маған Англия, Франция, Германия, Польша, Израиль, Италия, Греция тәрізді елдердегі ұлтаралық тіл мен мемлекеттік тілді анықтап беріңізші. Мүмкін, Ресейде мемлекеттің тіл орыс тілі де ұлтаралық тіл басқа тіл болар? Тіпті колонизаторлар құрған АҚШ пен Австралияда да мемлекеттік тіл де, ұлтаралық тіл де ағылшын тілі.
Швейцария тәрізді кейбір елдерде екі-үш тіл мемлекеттік тіл болса да ол елдердің азаматтары сол екі-үш тілде де еркін сөйлейді. Ал сіз біздегі орыстілді азаматтардың, соның ішінде де өз қазақтарымыздың мемлекеттік тіл қазақ тілін үйренбек түгел оған пысқырмайтынын көріп-біле тұра бізге бірдеңе дәлелдемек боласыз.
Әділдік талап ететін өз қандастарыңызды беттен ала бергенше бізді қазақ ретінде, ұлт ретінде силамайтын өзге ұлт өкілдеріне өтірік те болса аздап тісіңізді батырып қоймайсыз ба? Намысыңыз бар ма өзіңіздің?
Комментариев нет:
Отправить комментарий