Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Жолымбет Мәкіш Кешкі кептелісте үйіне қайтып келе жатқан досым МАИ қызметкеріне ұсталып қалыпты. Шыдамы таусылып келесі көшеден бір-ақ шығайын деген оймен сары жолаққа шығып кеткен. Қырсық шалғанда алдынан ала таяқ ербең ете түсіпті.
Содан сақшыға «біратандап» жалынуды бастайды. Анау да бой бермей екеуі біразға дейін тұрса керек. Бір кезде амалы таусылған досым айлаға көшіп: «Жұма намазында атыңды дұғаға қосайын. Алла разылығы үшін жібере сал енді» деген ғой. Сөйтсе, әлгі МАИ қызметкері де құдайға қараған біреу екен: «Атым Талғат» депті ғой, құлағына ақырын ғана...
Нұржан Сапарғали Досыңызды Құдай сақтады...
Жолымбет Мәкіш Дұғасына анық қосады. Әйтпесе аманатқа қиянат болып кетуі мүмкін. Қайткенмен де тоғыз жарым мыңның штрафын жазбапты ғой..
Жулдызбек Сейткалиев Дұғасына қосқанмен жұмаққа жолдама ала алмас ала таяқпен...
Бағила Кеңесқызы Кімнің жұмаққа баратынын, бармайтынын сіз қайдан білесіз. Мүмкін Аллаға жағымды сіз білмейтін ісі боп қалар. Аллаху Алим.
Жандос Жунисбек Мүмкін, Алладан ол кісінің тура жолға түсуін тілеп, Аллах тағала дұғаны қабыл етіп, ертең тура жолға түсер, жақсы ойда болайық.
Жулдызбек Сейткалиев Сол ала таяқпен қаншама әке мен баланың көз жасын төккенін түсінсе тәубе.
Жанибек Мусаев Сол əке мен балалар ережені бұзбаса оларға де ешкім тиіспес еді.
Жандос Жунисбек Негізі ол кісілерге ақша тықпалайтын өзіміз кінәліміз... Егер жол ережесін бұзбасаң, құжаттарың дұрыс болса несі бар саған тиісіп. Біреуді кінәламай кінәні өзімізден іздеу керек.
Нұрлан Байғара Анекдот болыпты ғой...
Жандос Жунисбек Кешірерсіздер, бұл күлетін емес, жылайтын оқиға. Қиындықтан құтылу үшін не деген айлаға барамыз. Сол сары жолақты баспай сабыр еткенде мынадай әңгіме қозғалмас еді. Біз бәрін де күлкіге, ойынға айналдырамыз.
Жанарбек Мағзамұлы Досыңыз жол ережесін бұзған, онымен қоймай жол сақшысының жұмада дұға қылуын қалаған имандылығын келеке қылғандай басқа адамдарға айтқан... Бұл дұрыс емес!
Акылбек Елмаханов Бір жақсы іс естісек қуанып қаламыз, сараптаудың керегі не???
Ғалым Бақыткерейұлы Алланы ортаға салып саудаласқанша досың қолымен істегенін мойнымен көтеріп, жол сақшысы оған заң аясында тиісті жазасын беру керек еді.
Жолымбет Мәкіш Бұл жерде әңгіме Құдайдың аты аталғанда Оның рақымынан үміттенген әлгі қызметкердің күлкілі қылығында ғой...
Ғалым Бақыткерейұлы Қалай дегенде де екеуі де Алла риза болатын іс істеп тұрған жоқ...
Жолымбет Мәкіш Қайдан білесіз, мүмкін дауласып жатқан екі жақтың Алланың аты аталғанда сөзге тоқтай қалғаны Жаратушыға жаққан шығар... Аллаһу алим! Кесіп-пішіп ештеме айтуға болмайды. Бірі кешірді, енді бірі оған дұға арнамақ... Кешірім де бар, Құдайға қарау да бар. Ең бастысы, екі жақ Алла разылығы үшін дүние ісінде ортақ мәмілеге келді.
Qaji A. Ayubi Коррупцияның да түр-түрі бар десеңші...
Бериккан Тайжигитов МАИ қызметкері дұрыс жасады. Алланың атын айтып садақа сұраған жанға шыбынның басындай болса да бірдеңе бер дейтін хадис бар емес пе....
Ғалым Бақыткерейұлы Алла тағала жалпы, діннің аясында болсын, қоғамдық тәртіптің аясында болсын заңның сақталғанын жақсы көреді. Алла тағала қандай болмасын шектен шығушыларды жақсы көрмейді. Егер тәртіп бұзып жаны қысылған жандардың бәрі тиын-тебенін қалтасында қалдыру үшін Алланың ризалығын саудалап тиісті жазадан құтыла берсе не болмақ? Алла тағаланың тегін ризалығы арқылы өзінің тиын-тебенін үнемдеу ниеті қалай болғанда да жақсы емес.
Сонда ол жетісіне бір-ақ рет мешітке барып оқитын жұма намазының сауабын сол тәртіп бұзушылығын жасырған жол қызметкеріне бөліп бере ме? Сонда ол «Я, Алла, менің қылмысымды бүркеген МАИ қызметкерін жарылқай көр!» деп дұға етпек пе? Және өзінің сол дұғасын Алланың қабыл етіп сол жол полицейіне риза боларына сенімді ме? Бүйтіп өзі былыққа кіріп, жол полицейіне де сынақ болғанша тыныш қана штрафын төлеп кете бергені жөн емес пе еді?
Бұл жерде МАИ қызметкері де өз қызмет бабын пайдаланып пайда көріп қалғысы келетін ниеті ойнап кетіп тұр. Ол өзі қадағалап тиісті жазасын беруге тиісті тәртіп бұзушылықты өз құзырымен бүркеу арқылы ақшалай, болмаса да басқалай пайда көріп қалмақ болды. Бұл жерде оның иманы көрініс беріп тұрғанмен иман тек жақсылыққа ғана қызмет етуі керектігін ұмытпаған жөн. Бәріміз де пендеміз, сондықтан кейбір сәттерде пенделігіміз жеңіп кетеді, бірақ істің бағасы әділ қортындылануы тиіс деп ойлаймын.
Бауыржан Нұршаріп Алла «жер бетіндегілерге мейірімді болыңдар. Мен де сендерге Мейірімді боламын» дейді. Былай қарасаң ол заңды бұзды. МАИ қызметкері оның тиісті жазасын бермекші болды, бірақ Алла үшін кешірді. Керемет емес пе?! «Бауырының айыбын жасырған пенденің қиямет күні күнәсін жасырамын» дейді Алла. МАИ қызметкерін лағнеттеп пікір жазғандарды дым түсінбедім. Сол ала таяқтылар болмаса, жолда тәртіп болмас еді. Ал, пара беру міндетті емес. Одан да тәртіп бұзғаныңа сай айып пұл төлеген дұрыс. Өзіміз үйретіп тастадық пара беріп. Пара алушы ғана емес, ПАРА БЕРУШІ ДЕ КҮНӘҺАР!
Ғалым Бақыткерейұлы Егер ол адамның айыбы жол полицецінің өз басына қатысты болса, сол кезде ол оны кешірсе, онда әңгіме басқа. Ал жалпының мүддесі болып табылатын жол ережесін бұзған адамдарды өз құзырымен жазадан босата беруге жол қызметкерінің құқығы жоқ деп ойлаймын. Егер ол тәртіп бұзушылық білместікмен, немесе ұмытшақтықпен жасалса, онда түсіністік танытуға да болар ма еді, өйткені ондай жағдай кімнің басында болмайды? Бірақ бұл жерде тәртіп бұзушылық саналы түрде жасалынып отыр.
Оның үстіне МАИ қызметкері жай ғана имандылықпен, адамгершілікпен түсіністік танытып тұрған жоқ, ол бас пайдасын ойлап саудаласып тұр. Яғни, ақшалай параның орнына бір жұмалық дұға дәметіп тұр. Ол үкіметке, яғни ортақ қазынаға түсуге тиісті штрафты өз басына пайдалы дұғаға айналдырып алып тұр. Қалай десек те бұл жерде оның қызмет бабын пайдаланып пайда көріп қалсам деген ниеті ойнап кетіп тұр. Егер барлық тәртіп қорғаушылар «дұға етемін» деген тәртіп бұзушыларды жіберіп қоя беретін болса, бұл әрекет мұсылмандыққа қаншалықты сиымды болады?
Жолымбет Мәкіш Айтпа, халқым-ай, дейсiң осындайда...
20,21 қазан 2015 жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий