четверг, 14 июля 2016 г.

Сіздер «мазхабты мойындаймыз» дейсіздер...

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Murat Suleimenov Ас салям уа алейкум уа рахматулЛахи уа баракятух! Қазір ҚМДБ-ның үстімен бір өтсем бе деймін, Алла оларға игі істерде жәрдем етіп, қажетсіз істерден аулақ етсін!

Құрметті Ғалым бауырым «салафиттер мазхабтарды теріске шығарады» деген жасанды формулаға (мұны 2009 жылы ҚМДБ қолданысқа енгізді) ілесіп отыр. Бұл салафиттерге таңылған аңыз. Салафиттер, керісінше барлық төрт мазхабты да МОЙЫНДАЙДЫ, бірақ ҚМДБ мұны әдеттегідей құлаққа ілмеуде (Ораздың әдісі).
  
Одан әрі, ҚМДБ шариғатқа мүлде тән емес «тек бір мазхаб» деген жасанды қолданысты енгізді (Жолдыбай әдісі).  Жалпыға аян, мазхабтарға жүйелеу мен жинақтаудың себебі Үмметті жіктеу емес, мұсылмандарды Алланың Елшісінің с.а.с. ақидасында біріктіру болды.

Сөзге орай айта кететін нәрсе, «бір мазхаб, тек қана ханафит мазхабы» формуласын Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы қолданады. Төрт мазхаб бір-біріне ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙДІ, олар бір-бірін ТОЛЫҚТЫРАДЫ. Қалған үш мазхабты теріске шығарып бір мазхабқа ғана ілесу - ағзаның әуел бастан төрт қол-аяқтың бәрін бірдей пайдалануға  тиісті екенін түсіне тұра үш қол-аяқтан бас тартып бір қолмен ғана жорғалаумен бірдей.

Тағы бір аңыз  – «салафиттер мен такфириттердің бәрі бірдей» деген аңыз  (бұл енді мүфти Ержан Маямеровтың өзінің сонау біздің жақта,  Семейде бастаған  доктринасы). Бұл ДУМК-ның 1990 жылдан бергі ең бір сәтті фалсификациясы. Оны құтбаларды белсенді түрде таратуда. Такфириттерге қарсы тұрып жүргендер  нақ  осы салафиттер бола тұра бұл фалсификацияға  сауатсыз көпшілік, «бірмазхабтық» стилдің кәміл  сенімді адепттері, тіпті құқық қорғау органдарының  кейбір теологтары  да сенуде.

ҚМДБ такфириттерді танып біле алмайды. Өйткені ақидадағы әдейі жасалған шектеулі көзқарас аясында  олардың белгілерін білмейді. Сондықтан оларға бәр бәлені  күнде бойұсынған түрде бір мешітке барып, өздерінің көз алдарында жүрген  салафиттерге аудара салу оңай. Соған сәйкес органдар да хаттары мен арыздарын мөрі бар фирмалық бланкіге басатын,  2011 жылғы дін жөніндегі  Заңға орай Қазақстан Республикасындағы жалғыз мұсылман ұйымы болып табылатын (сөйтсе де  статус бойынша ол жай ғана ұйым) ҚМДБ-ға сенеді. Олар халықтың қарапайым өкілдері, ресми «қаптауы» жоқ салафиттерге сенбейді...

Айтпақшы, бұл бауырлар хиджабқа байланысты соттарда жеңіліс табуда. Өйткені,  судьялардың өздері де «егер ҚМДБ-дан ең болмағанда бір имам келіп «орамал – иманның нышаны»  десе судьялар жеңісті оқушы қызға берген болар еді»  деп  ашық айтуда. Бірақ, судьялар имамның сотқа келмейтінін күнілгері біледі. Бірде Назарбаев Интеллектуалдық Мектебіндегі кемсітушілік ісіне байланысты сотта болдым. Біздің имамдар қыз баланы қолдаудан бас тартты...  ҚМДБ үнсіз қалады, немесе ТВ арқылы «хиджаб – сектаның белгісі» дейді (Шымкенттегі оқиға)...

Соңғы аңыз,  ол – «салафиттер – ваххабиттер – террористер, және с.с». Бұл енді бос ярлык пен өсектің аумағынан. Егер салафиттер сектантар болса, онда олар  дәйектілік танытып  Саляфтардың өздерін, яғни Мұхаммед пайғамбарды с.а.с., оның отбасы мен сахабаларын  бұл сектаның НЕГІЗІ деп атасын.

Сондай-ақ, сол баяғы Ораздың әдісі бойынша салафит ретінде атауға тиым салынған, бірақ өзі  нағыз салафит болған Әбу Ханифаны да сектант деп танысын))) Бұл жерде ақидалар соғысы емес, бұл жерде жай ғана шындық пен қисықтықтың   қарсы тұруы. Жетер осы ұрысқан. Әркімдікі өзіне. Бізге бір-бірімізге үйренісіп, тіл табысудың жолын іздеу керек.  Анти салафиттік насихат жүргізудің қажеті жоқ. Соның нәтижесі ретінде «халял жезөкшелік», басқа да ҚМДБ идеологтары  тудырған аңыздар  пайда болды. Олар өз тырмаларына өздері сүрінуде.

Алматының найб-имамына қатысты трагедия орын алған кезде  комментаторлар ОЛАРДЫҢ ӨЗ  насихатын  өз бастарына төкті: 
1. Күйеуі ИГИЛГЕ кетпек болғаны үшін әйелі солай істеді,
2. Оны қалауынша пайдаланып талақ етпек болғаны үшін әйелі солай істеді,
3. Ол жасөспірім қызын педофилге күйеуге бермек болғаны үшін әйелі солай істеді...
Тағы да сол сияқты...

Яғни, олардың өз қарсыластарына таңбақ болған өтіріктерін  халық олардың өздеріне таңды. Парадокс?  Бірақ біз кездейсоқ атаулының кездейсоқ болмайтынын білеміз. Бәрі де Алланың қалауымен болады! Және ол бәрімізге де өз орнымызды көрсетеді... Айналысуға тиісті нәрселерімен айналысып жүр ме олар, соны ойлап көрсін.

Олар үлкен ғұламалардың мұраларымен дауласуда, Сүннетпен дауласуда, тіпті тәпсірлерге қарсы шығуда...  Сөйте тұра  қарапайым ғана батылдық танытып халыққа 7,40 күндік, бір жылдық ас берулердің жоқ екендігін айта алмайды. Олар тіпті осы күнге дейін құлшылық  ету үшін қасиетті орындарға барудың үлкен күнә екендігін, Түркістанға зиярат етудің дінде  жоқ  екендігін ашық айта алмауда...

Олар  жабық кимешек киген өз әжелерін сөзсіз көрген бола тұра «қазақ әйелдері хиджаб кимеген, олар ер адамдардың төбетейін киіп алып атқа шауып жүрген»  деген көкейге  қонымсыз  аңызды  теріске шығаруға қорқады... Олар  суреттерде Абай мен Шәкәрімнің нағыз шектен шыққан қатігез, әрі жауыз қазіргі салафиттер тәрізді көрінетінін байқамаған кейіп көрсете отырып «қазақтар сақал қоймаған» деген аңызды мақұлдайды.

Тарих - өлкетану мұражайлары емес идеологиялық призма арқылы бабына келтірілген Айманов пен Брусиловскийдің 50-ші жылдар үлгісіндегі кеңестік фильмдер арқылы қарастырылады. Тап осы фильмдерде қазақтар кенеттен сақалсыз қалып, ал қазақ әйелдері шаштарын жіберіп бастарына еркектердің тақиясын киіп шыға келді... Олардың барлығы да   осы кезге  дейін бәрі тап осылай болғандай кейіп танытады...

Шәкен ата осындай жалған нәрселерді түсіруге мәжбүр болғаны үшін қатты қиналып, арақты қатты ішіп соның  нәтижесінде Москвада машинаның астына түсті... Мен  жас шағымда ол кісі қайтыс болған Чистый прудтағы ҚР елшілігінің алдындағы асфальтқа қалампыр гүлін  қойған едім...

Халықтың діни сауатын көтерудің орнына олар өзара қырқыспен айналысуда. Мен мінберден бір рет болса да таухид жайлы естімедім, оның есесіне «салафиттер, және басқа иттер» жайында естимін (статья 174 УК РК). Бұл фразаны мен тіпті қажылықта да естідім. Мұның бәрі Қазақстандағы Исламның абыройына нұқсан келтіріп бізді бір-бірімізден алшақтатады. Уфф, жеткіздім-ау)))

Ғалым Бақыткерейұлы   Уағалайкум ас салам  уа рахматулЛахи уа баракатух! Құрметті Мұрат, ҚМДБ-ның үстімен бір өттіңіз, бірақ олар  бұл жайында біле де қоймас. Мен өз тарапымнан бұл постпен бөлісермін. Егер ондағылар сіздің бұл тиісуіңізді  байқаса  оған назар аударар. Мүмкін, назар аудармас та, олардың түрлі  жамандық  ойлаушылардан  алып жатқан соққылары онсыз да аз емес. Ал мен өз тарапымнан Алланың қалауымен өз ойымды  айтып өтейін. Алла тағала бізге  игі істерде жәрдем етіп, қажетсіз істерден аулақ етсін!

Мен мұсылман ретінде өзімнің рухани басшым болып табылатын ҚМДБ-ға бойұсынуға тиіспін. Және мен «салафиттер мазхабтарды теріске шығарады»  деген «жасанды формулаға» оны маған ҚМДБ  2009 жылдан бері тықпалап келгендіктен   ілесіп жүрген жоқпын. Әрбір дұрыс ойлай білетін адам сіздердің «беттерің бүлк етпестен» өтірік айтып тұрғандарыңызды түсінеді. Сол себепті де сіз менің  «салафиттер мазхабтарды теріске шығарады» деген 2009 жылы ҚМДБ қолданысқа енгізген  жасанды формулаға  ілесіп отырғаным  жөнінде қателестіңіз.

Мен  «салафиттер мазхабтарды теріске шығарады» деген формулаға оны 2009 жылы ҚМДБ қолданысқа енгізген  соң ілесіп жүрген жоқпын. Мен бұл формулаға ілесу себебім,  мазхаб ретінде пайда болғаннан  бері  салафиттердің өздері  осы формулаға ілесіп жүр.

Сіз «салафиттер  төрт мазхабты да МОЙЫНДАЙДЫ»  өтірік айтудасыз. Егер салафиттер  төрт мазхабты  мойындаса, онда бұл олардың  бұл мазхабтардың  дұрыс мазхаб екендіктерін мойындайтынын білдіреді. Егер бұл мазхабтар  дұрыс болатын болса, онда мұсылмандарға бұл мазхабтарды еш күмәнсіз ұстана беруге  болады. 

Бірақ бұл жерде «егер салафиттер бұл мазхабтарды дұрыс деп санайтын болса, онда неге олар сол  мазхабтардан шығып  үммет арасына бүлік салуда?»  деген сұрақ туындайды. Сонда өзін-өзі еш  ақтамайтын бұл бүліктің қандай  мәні болғаны?  Фитна күнәсі ешқандай да  ойыншық емес. Олай болса салафиттерге фитна арқылы «салафиттер» мазхабы деп аталатын жаңа мазхаб құрудың не қажеттілігі болды? Сіздер, салафиттер  «мазхабтарды мойындаймыз» деу арқылы  өздеріңізді өздеріңіз  ақтауға келмейтін фитнада, үмметті босқа жіктеуде айыптап отырсыздар. Сіз бұл жайында ойландыңыз ба? 

Бұл спектаклдің өне бойынан өтірік пен екіжүзділік көрініс табады. Сіздер «мазхабтарды мойындаймыз» дейсіздер, сөйте тұра мұсылмандарға бір мазхабты  ұстануға тиым саласыздар. Бір мазхабты ұстануға тиым салу шын мәнінде мүлде мазхаб ұстануға болмайды дегенді білдіреді. Өйткені мазхаб дегеніміз Исламның қатаң белгіленген  жолы. Әһли сүннеттің мұсылмандарында мұндай төрт жол бар. Бұл мазхабтар арасында тек фиқһ мәселелері бойынша ғана айырмашылық бар. Ал ақида бойынша олар бір көзқарас ұстанады.

Енді ойланып көріңіз, мұсылманның алдында осындай төрт жол тұр, бірақ салафиттер оларға қулықпен бір мазхабты  емес бірден төрт мазхабты ұстануды  ұсынады. Олар «егер сен бір ғана жолмен жүретін болсаң онда міндетті түрде адасып кетесің» дейді. Осылайша олар білімсіз мұсылманды қорқыту арқылы өздерін тыңдауға мәжбүр етеді. 

Бірақ мұсылманға бір мезгілде төрт жолмен жүру мүмкін емес. Сонда салафиттер тағы да қулықпен «сен әр кезде әр мәселе бойынша дұрыс нұсқаны таңдап ал да сол мәселеде сол мазхабты ұстан» деп кеңес береді. Сонда  ол мұсылман муджтахид сияқты төрт нұсқаның ішінен өзінше дұрысын таңдай отырып  әр кез  сайын мазхабын өзгертіп отыруға тиісті болады. Осылайша ол қу салафиттердің кеңесімен   бір мазхабты   ұстанбас  үшін ғана осыншама  бейнетке қалады. 

Шын мәнінде ол әр кез  сайын болымшы  нәрсе үшін үнемі мазхабын өзгертіп отыруға мәжбүр болады. Салафиттер сіңіріп тастаған адасу қорқынышы оған маза бермегендіктен ол әр кез  сайын «бұл мәселеде қай мазхабтың үкімі дұрысырақ екен, қайсысын  таңдасам екен» деп ойланумен болады. Бұл адамды өте қажытатын іс  болғандықтан оның басы мүлде қатып кетеді.   

Осы кезде бәрін білгіш салафиттер оның қасынан табыла кетеді де  оған өздері ұстанып жүрген  дұрыс жолмен жүруді ұсынады. Олар «егер сен біздің жолымызды, бірден-бір дұрыс жол, «ізгі салафтардың жолын» ұстансаң, онда саған әр  мәселе сайын төрт мазхабтың  бірін таңдап отырудың қажеті болмайды» дейді. Сонда ана мұсылман «әр мәселе  сайын төрт  мазхабтың   бірін таңдап отырғаннан  көрі бір жолды ғана қатаң ұстанып, сол жолмен ғана жүру тамаша емес пе?» деп ойлайды.

Бірақ ол аңқаулықпен «неге бұл салафиттер «бір мазхабты ұстану - адасушылық» деп маған бір мазхабты ұстануға тиым салады да сөйте тұра   маған  өз мазхабтарын ұсынып, тек осы мазхабпен  ғана жүруді  ұсынады? Егер бір мазхабты  ұстану  – адасушылық болса, онда неге олардың өздері бір мазхабты қатаң ұстанады. Сонда оларға бір мазхабпен жүруге болады да өзгелерге болмай ма екен? Неге олардың өздері  әр мәселе бойынша бес мазхабтың үкімдерінің ішінен дұрысырағын таңдамайды? Сонда олардың мазхабтарында бәрі еш мүлтіксіз  дұрыс  болғаны ма?»  деп ойламайды.

Мазхаб ұстанушыларды өздерінің  мазхабтарына тарта отырып  салафиттер «төрт мазхаб та дұрыс, сондықтан біз оларды мойындаймыз» деп сендіруге тырысады. Егер ол мазхабтар  дұрыс болса, егер салафиттердің оларды мойындайтындары рас болса, онда неге олар төрт мазхабтың біреуін ұстануға  тиым салады?

Қисын бойынша  егер ол жолдардың бәрі де дұрыс болса, демек, олардың әрқайсысы да жеке алғанда бір мақсатқа жеткізеді. Егер ол жолдардың  бәрі де бір мақсатқа жеткізетін болса онда  неге салафиттер өзге  мұсылмандарға сол жолдардың (мазхабтардың) бірін ұстануға тиым салуда? Олар неге осылайша мұсылмандардың бастарын қатыруда?

Бұл сауалдың жауабы өте қарапайым. Олар  мазхабтарды жоюға тырысуда. Бірақ олар бұл жайында ашық айта алмайды. Өйткені мазхабтармен  ашықтан ашық тайталасу оларға мазхаб ұстанушылар арасында бейбіт, әрі тыныш жағдайда  үгіт жасауға кедергі болады. Сондықтан олар екіжүзділер сияқты түрлі астыртын тәсілдер мен қулықтарға жүгінуде.

Байқасаңыз бұл тәсілдер дінсіздерге емес әһли сүннет мұсылмандарына  қарсы қолданылуда. Салафит-ваххабиттер әуел бастан тек мұсылмандарға ғана қарсы әрекет етуге бағдарланған топ. Пайда болғаннан  бергі олардың үммет ішінде жасап жатқан барлық бүліктері біздің көзімізді соған жеткізеді.  

      12,13 қыркүйек 2015 ж.                       

Комментариев нет:

Отправить комментарий