Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Cerjan Husain Қазақтың қыздары Азия бойынша ең сұлу дейді. Демек, жарнаманың ең ұшында қазақ қызы тұр екен. Жапон, кәріс, қытай сияқты елдердегі байлардың ең сұлу қазақ қызыдарынан тоқал алу ойлары бар екен. Әуелі бір мақаласында қазақ қызы өте ақкөңіл деп суреттеген. Үңіле қарасақ қазақ қызы тез сынады деп отыр. Адамның ашуы келеді...
Ғалым Бақыткерейұлы «Мен қазақпын» деп өз ұлтын жанындай сүйген талай қазақ қыздары өзге ұлт жігіттерінің етегінен ұстап кетіп жатыр. Осы жай мені таңғалдырады? Неге??????
«Міндетті түрде елге ораламын». Бибігүл (кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан қыз): Мен Кореяға мұғалім болып барған қазақтың бір қызымын. Ол жақта қазақ тілін үйрететін университетте жұмыс жасадым. ... Шетелдік студенттерге қазақ тілінен сабақ бердім. ... Мен тек сабақ қана беріп қоймай, қолымнан келгенше қазақтың салт-дәстүрлерін танытуға тырыстым. Әр сабақ сайын күй, музыка тыңдаттым. Сенбі, жексенбі күндері үйге қонаққа шақырған кездерім болды. Бауырсақ, самса пісірдім (Күліп алды). Қазақтың қонақжайлығын таныттым.
«Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді» деген сөз бар ғой қазақта. Қазақстаннан тұрмыс құрмай кеткен едім. Оған себеп: жарымды өмірлік талғаммен іздедім. Ішімдік ішпейтін, темекі тартпайтын, салауатты өмір заңдылығымен өмір сүретін адамды іздедім. Елімізде жетім қалған бала, ажырасқан әйел көп қой. Неге бала жетім қалады, неге ерлі-зайыптылар ажырасады деген сұрақтар мені қатты мазалады. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөз бар, отау құру ер кісіге де, әйел адамға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Мен тұрмысқа шығудан бұрын әйел, ана ретінде отбасы алдындағы жауапкершілікті көп ойладым.
Әрине, Кореяға кетпей тұрып танысқан азаматтар да болды. Талғамыма, талабыма сай келмеді. Мен кездестіре алмадым. Тағдыр ғой енді. Кореяда бір кәріс азаматымен таныстым. Жасы менен кіші. ... Ол да «ұрпағын аманат ете алатын» әйел іздеген екен. Жар таңдауда адамның түрлі есебі болады ғой. Бірі жарының әдемі болғанын, бірі бай болғанын қалайды. Жолдасым мәдениеті, білімі жоғары жан болса, ұрпағыма дұрыс тәрбие береді деп ойлапты. Әрине, сезімнің құшағында жүріп тұрмыс құрдық деп айта алмаймын. Ең алдымен адамгершілікті, сыйластықты, достықты өмірдің мәні етіп алдық.
Ол маған ең алғаш сөз салғанда қарсы болып, шетел азаматына тұрмысқа шықпайтынымды айттым. Ол шетел азаматы әрі жасы менен кішілеу. Бізді байланыстыратын ортақ мүддеміз, қызығушылығымыз болмауы мүмкін екенін айттым. Ол маған: «Мен мұсылманмын, сіз мұсылмансыз. Неге ортақ мүддеміз болмауы керек?» — деген сұрақты қойды. Бір бағытта өмір сүре алатынымызды айтты. ... Жолдасым ислам дінін қабылдағандықтан, ол да мұсылман қызбен үйленуді қалаған екен.
Ең алдымен ата-анамнан осындай кәріс азаматына тұрмысқа шықсам бола ма деп сұрағанымда, олар таңғалды. Алғаш оның дінін сұрады. ... Туған-туыстарым менің бұл шешіміме танырқап қалды. Қазақ жігіті табылмады ма деп айтты. Әрине, қазақтың бір жігітіне келін болып, ата-енеме жақсы қараймын деп ойлайтынмын. Ақырында туған-туысым жолдасыммен танысқаннан кейін оның мәдениетті, жауапкершілігі жоғары азамат екенін көріп, қазақтың жігітінен еш айырмашылығы жоқ екенін, бастысы мұсылман екенін айтты.
Менің екі қызым бар. Олар қазақша, ағылшынша, корей тілдерін меңгерген. Құдайға шүкір, үйде қазақ, кәріс тілдерінде сөйлейді, балабақшада ағылшынша сөйлейді. Демалыс уақытында Қазақстанға келіп, екі-үш айдай уақыт көлемінде боламыз. ... Жолдасымның мені сыйлағаны болар, бәлкім, кәрістердің ерекшелігі ме, маған үйленбей тұрып қазақ тілін меңгерген болатын. Тұрмысқа шығуыма ұсыныс жасағанда, оған тіл білмейсіз, мен сізді түсінбеймін, ертең қалай сөйлесеміз дегенде, ол өзінің жұмысынан сұранып, Қазақстанға келіп, үш айдай курс оқыды.
(Туған жерге деген) Сағынышты сөзбен жеткізу қиын. Абайды оқып өскен қызбын. Қазақ тілі, әдебиеті маманымын. Мұстафа Шоқайды, Мұстафа Өзтүркті білесіз. Тағдырларын да білесіз. Шетелде тұрған азаматтар. Кез келген қазақтың баласы шетелде жүргенде Отанға деген сүйіспеншілігі, махаббаты арта түседі. Қазақтың тау-тасын, жусанын, бауырсағын, ән-күйін — барлығын сағынасыз. Сол сағынышты орамалға түйіп, жүрегіңізге байлап қоясыз.
Мен жолдасымнан қиянат көрген емеспін, кәріс халқынан да жаманшылық көрмедім. Адамның жасы ұлғайған сайын, оның сағынышы да өсе береді. Туған-туысыңа жаның ашып, елге келгің келіп тұрады. «Жұпар иісі аңқыған» ауылыңды сағынасың. Ешбір «жер жәннаты» да туған жеріңе жетпейді. Ғаламтор арқылы елімнің жаңалықтарын қарап отырамын. Кореядағы қазақ балаларымен араласып тұрамын. Солармен араласу елге деген сағынышымды басады. ...
Мен мұғалім болып барғанда сол елде қаламын деп ойламадым. Алланың бұйырығымен тұрмысқа шығып калып қалдым . Міндетті түрде туған елге ораламын. Әр адамның туған елінің алдында парызы болады деп ойлаймын. Бір парызы- мемлекеттік тілде сөйлеу. Сол елдің өркениеттіне үлес қосу.қандай мамандық иесі болса сол салада қызмет ету. Мен өз ұлтымның ұрпағының тəрбиесіне еңбек еткім келеді. (Қысқартылып ұсынылды)
Ғалым Бақыткерейұлы «Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге сүйрейді» деген ғой аталарымыз, егер қазақ жігіттері соншалықты жаман болса ең болмаса осындай ұлтжанды саналы қыздар олардың бастарын төрге сүйреп олардан сапалы ұрпақ өрбітіп өздері идеал еткен нағыз қазақ жігіттерін тәрбиелеп шығармайды екен?
«Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруді жөн көріп өздерінің алтын құрсақтарын өзгелерге тарту еткен қыздардың өз ұлтын сүйгені бекер шығар... Олардың қазаққа деген махаббатын бойына сіңіріп өскен жиендер де айналып келіп қазақ қыздарын жар ете беретін болады. Сонда жаман қазақ жігіттерінің міндеттері өзгелер үшін сапалы «шикізат» дайындап беру ғана бола ма? Егер қазақ жігіттері жаман болса өзгелер қызығатын қазақ қыздары қайдан пайда болуда?
Куралай Тилеулинова Ойыңыз дұрыс аға. Қазақ қыздары тек қазақ жігітімен тұрмыс құрып, қазақ баласын тәрбиелеуі керек.
Ғалым Бақыткерейұлы Өзге ұлттың жігіттерін жар еткен қыздар бер жағы ғой, ал қанша қыздарымыз өзгелердің ермегі болып қазақтың арын өзгелердің астына төсеніш етіп төсеп жүр. Сондағы бар тапқан пайдалары тән ләззаты мен арам табыс. Әйелдік ары мен ұлтының ары тән ләззаты мен арам табыстан да арзан болғаны ма? Қыздарымыз бен ұлттымыздың ары неге осыншама арзандап кетті? Имансыз қызда иба болмайды, ал ибасыз қыз арды қайтсін?
15 шілде 2015 жыл. 04.03.16.

Комментариев нет:
Отправить комментарий